Орал Өңiрi №137

8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМдЫҚ-САяСи ГАзЕТ WWW.zhaIKprEss.Kz Сенбі, 9 қараша 2013 жыл №137 (19898) + 8 0 С + 4 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] АҚПАРАТ ҚОҒАМ 3 Үнемдегеннің ұтары мол 2 Орал өңірі Мұнайдардың мәртебесі Қысқа-нұсқа . Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде ауылаймақтың қарияларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға қонақ асы берілді. Шараға аудан әкімі Мұрат Мұқаев пен мекемекәсіпорындар дың басшықосшылары қатысты. Жиын барысында қайырымдылық айлығы аясында өткен шаралар қорытынды ланды. Соғыс және еңбек ардагерле рінің Елбасы саясатының жүзеге асуы, тұрақтылық пен татулықтың берік болуы, бірліктің шарапаты жайында айтқан тағылымды пікірлері басқосу ға жиналған жастарға ой тастап, өз кезегінде олар да алдыңғы толқын ағалардың өнегелі өмір жолы өздері не қашанда үлгі болатынын жеткізді. . Кеше ШЖҚ «Облыстық кардио логиялық орталығы» МКК базасында, облыстың дәрігер кардиологтары, те рапевтері, ұйым басшыларының орын басарлары мен меңгерушілеріне ар налған облыстық семинар өтті. Семинарда тұрғындарға көрсетіле тін медициналық көмектің сапасын жақсарту, жүрекқан айналымы дерт терінен орын алатын өлімжітімді азайту сықылды өзекті мәселелер жанжақты талқыланды. . Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылымиәмбебап кітапха насында Қожаберген жыраудың ту ғанына 350 жыл толуына арналған «Қожаберген жырау және тарихи та ным» атты кеш өтті. Шараға профес сор Серікқали Шарабасов бастаған ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысты. Кеш барысында оқытушылар студенттерге Қожаберген жыраудың өмірі, шығармашылығы мен қайрат керлігі жайлы әңгімелеп берді. . Атаана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектепинтернат тың 50 жылдығына орай жүзуден эста феталық жарыс ұйымдастырылды. Бес команда қатысқан сайыста Асылбек Қадырбеков, Сағима Сағымбаева, Еле на Вохмина, Раушан Шағырова биік тұғырдан көрінді. Аталған жеңімпаз дар Круглоозерный психоневроло 4-5 Жас ойыншылар жарады Оралдың «Ақжайығы» Қазақстан кәсіби футбол лигасының кубогін ұтып алды. Қ осалқы құрамдар арасында ел бірін шілігінде Қарағандының «Шахтері» бірінші, батысқазақстандықтар екінші топта жеңімпаз атанып, финалға жолдама алған болатын. 7 қараша күні Алматыда өткен фи налдық бәсекеде «Ақжайық» 1:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Бірінші таймда Еркін Тапалов мергендік танытып, жеңіс до бын соқты. Жиырма жасар Е.Тапалов биыл жас ойыншы ретінде премьерлига ойын дарына да қатысқан болатын. Соның ішінде «Атыраумен» Оралда өткен соңғы ойында қонақтар қақпасын дәл көздеген еді. Сонымен қатар бұған дейін «Ақжайық96» командасы да 1996 жылғы өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионы атанған бо латын. Негізгі құрам бірінші лигаға түсіп қалса да, «Ақжайықтың» жас ойыншылары, міне, осындай табысқа қол жеткізіп отыр. Бұл Орал футболының болашағы бар екенін көрсетеді. Ғайса БӘЙМЕН 170 млн. долларлық инвеСТмемоРАндумдАРғА Қол Қойылды гиялық медициналықәлеуметтік ме кемесінің қызметкерлері. . 910 қараша күндері бадмин тоннан БҚО жеке ашық чемпионаты өткізіледі. Сайыс “Конденсат” АҚның фитнес орталығы “Энергия” спорт залында (Д.Нұрпейісова көш., 15/1) өтеді. . Ұлттық валюта теңгенің 20 жыл дығы мерекесіне орай Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалы қараша айының 1115і күндері аралығында филиал музейінің ашық есік күндерін өткізеді. Филиал басшылығы мектеп оқушы ларын, жоғары оқу орындарының студенттерін Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1 мекен жайындағы музейге келіп, мұражай экспонаттарын тамашалауға шақы рады. Келушілер өздерімен бірге же ке басын анықтайтын құжаттарын әкелгені жөн. Өз тілшілеріміз Суретті түсірген Александр КУПРиЕНКО

Upload: -

Post on 18-Mar-2016

292 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: Орал Өңiрi №137

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМдЫҚ-САяСи ГАзЕТ

WWW.zhaIKprEss.Kz

Сенбі,9 қараша 2013 жыл№137 (19898)

+ 8 0С

+ 4 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

АҚПАРАТ

ҚОҒАМ

3Үнемдегеннің ұтары мол

2

Орал өңірі

Мұнайдардың мәртебесі

Қысқа-нұсқа.­ Жәнібек аудандық ардагерлер ­

үйінде ауыл­аймақтың қарияларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға қонақ­­асы берілді. Шараға аудан әкімі Мұрат Мұқаев пен мекеме­кәсіпорындар­­дың басшы­қосшылары қатысты. Жиын ­барысында қайырымдылық айлығы ­аясында өткен шаралар қорытынды­­ланды. Соғыс және еңбек ардагерле­рінің Елбасы саясатының жүзеге асуы, тұрақтылық пен татулықтың берік болуы, бірліктің шарапаты жайында айтқан тағылымды пікірлері басқосу­ға жиналған жастарға ой тастап, өз кезегінде олар да алдыңғы толқын ағалардың өнегелі өмір жолы өздері­­не қашанда үлгі болатынын жеткізді.

.­ Кеше ШЖҚ «Облыстық кардио­­логиялық орталығы» МКК базасында, ­облыстың дәрігер кардиологтары, те­рапевтері, ұйым басшыларының орын­басарлары мен меңгерушілеріне ар­налған облыстық семинар өтті.

Семинарда тұрғындарға көрсетіле­тін медициналық көмектің сапасын жақсарту, жүрек­қан айналымы дерт­­

терінен орын алатын өлім­жітімді азайту сықылды өзекті мәселелер ­жан­жақты талқыланды.

.­ Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми­әмбебап кітапха­насында Қожаберген жыраудың ту­ғанына 350 жыл толуына арналған «Қожаберген жырау және тарихи та­ным» атты кеш өтті. Шараға профес­­сор Серікқали Шарабасов бастаған ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысты. Кеш барысында оқытушылар студенттерге Қожаберген жыраудың өмірі, шығармашылығы мен қайрат­керлігі жайлы әңгімелеп берді.­

. Ата­ана қамқорлығынсыз қалған ­және жетім балаларға арналған №15 ­облыстық көмекші мектеп­интернат­тың 50 жылдығына орай жүзуден эста­феталық жарыс ұйымдастырылды. Бес команда қатысқан сайыста Асылбек Қадырбеков, Сағима Сағымбаева, Еле­на Вохмина, Раушан Шағырова биік тұғырдан көрінді. Аталған жеңімпаз­­дар ­ Круглоозерный психоневроло­

4-5

Жас ойыншылар жарады

Оралдың «Ақжайығы» Қазақстан кәсіби футбол лигасының кубогін ұтып алды.

Қосалқы құрамдар арасында ел бірін­шілігінде Қарағандының «Шахтері»

бірінші, батысқазақстандықтар екінші топта жеңімпаз атанып, финалға жолдама алған болатын. 7 қараша күні Алматыда өткен фи­­налдық бәсекеде «Ақжайық» 1:0 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Бірінші таймда Еркін Тапалов мергендік танытып, жеңіс до­бын соқты. Жиырма жасар Е.Тапалов биыл жас ойыншы ретінде премьер­лига ойын­дарына да қатысқан болатын. Соның ішінде «Атыраумен» Оралда өткен соңғы ойында қонақтар қақпасын дәл көздеген еді.

Сонымен қатар бұған дейін «Ақжайық­96» командасы да 1996 жылғы өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионы атанған бо­латын. Негізгі құрам бірінші лигаға түсіп қалса да, «Ақжайықтың» жас ойыншылары, міне, осындай табысқа қол жеткізіп отыр. Бұл Орал футболының болашағы бар екенін көрсетеді.

Ғайса БӘЙМЕН

170 млн. долларлықинвеСТмемоРАндумдАРғА Қол Қойылды

гиялық медициналық­әлеуметтік ме­кемесінің қызметкерлері.

.­ 9­10 қараша күндері бадмин­тоннан БҚО жеке ашық чемпионаты өткізіледі. Сайыс “Конденсат” АҚ­ның фитнес орталығы “Энергия” спорт залында (Д.Нұрпейісова көш., 15/1) өтеді.

.­ Ұлттық валюта теңгенің 20 жыл­дығы мерекесіне орай Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалы қараша айының 11­15­і күндері аралығында филиал музейінің ашық есік күндерін өткізеді.

Филиал басшылығы мектеп оқушы­ларын, жоғары оқу орындарының студенттерін Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1 мекен­жайындағы музейге келіп, мұражай ­экспонаттарын тамашалауға шақы­рады. Келушілер өздерімен бірге же­­ке басын анықтайтын құжаттарын әкелгені жөн.

­Өз тілшілеріміз

Суретті түсірген Александр КУПРиЕНКО

Page 2: Орал Өңiрi №137

АҚПАРАТСенбі, 9 қараша 2013 жыл

[email protected]

11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемле-кет басшысы оңтүстік аймақтағы энергия қуатының тапшылығын төмендету жөнінде баса айтқан болатын. ҚР-ның Президенті жанындағы Орталық коммуника-циялар қызметінің баспасөз оты-рысында «KEGOC» компаниясы еліміздің оңтүстік аймағындағы энергия қуатының тапшылығын төмендетуге бағытталған жобалардың жүзеге асуы жа-йында әңгімеледі. Сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев жаңғыртылатын қуат көздерін дамыту жұмыстары жайында хабарлады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

● Елбасы тапсырмасы қалай орындалуда?

– Проблемалық 13 жобаның әрқайсысы бойынша біз аймақ­тарға көмектесіп жатырмыз. 43 ірі жоба бойынша Үкімет ше­­шім қабылдауда. Балқаш стан­циясы, мұнайхимиялық кешені, тыңайтқыш өндіру сынды Үкі­меттің шешімін талап ететін ірі жобалар мен ірі өндірістердің жүзеге асырылуы мен бақылауын Үкімет өз мойнына алды. Қалған жобалар аймақтық картаға ен­гізілді, оған жергілікті билік жа­уап береді, – деді брифингте Әсет Өрентайұлы. Сондай­ақ «Қазгеология» метан газы бар

Индустрияландыру картасына өзгеРіСТеР

Кеше Премьер-министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевтің қатысуымен Орта-лық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.

Ләззат ШАҒАТАЙ,«Орал өңірі»

кеніштерді табудағы геология­­лық іздеу жұмыстарының жал­ғасып жатқанын жеткізді.

Министр өз баяндамасында мемлекеттік бағдарламаны жүзе­ге асыру аясында 50 заңнама­­лық акт, 23 салалық бағдарлама, 16 аймақтық бағдарлама әзір­­ленгендігі туралы атап өтті. ­ Бү­­гінгі таңда Елбасы тарапынан ай­тылған сынды ескере отырып, индустрияландыру картасын қайта қарап, жобаларды іріктеу тәртібін өзгерттік, – деді министр Әсет Исекешев.

Алдағы желтоқсан айында Мемлекет басшысына аталмыш жобаларға қатысты 2013 жылғы жоспардың орындалғаны туралы мәлімдейтінін хабарлады.

Сөз алған Сергей Плотни­ков мемлекеттің бюджет сала­­сындағы саясаты жөнінде айт­ты. Оның пайымдауынша, Үкімет макроэкономикалық тұрақты­лықты қалыптастырып, мемле­кеттік бюджеттің кемшін (дефи­цит) тұсын барынша азайтуы тиіс. Ал 2018 жылдан бастап, мұнай­газдан басқа саладан түсетін қаржы мемлекеттің ағымдағы шы­ ғындарын жауып отыруы қа­жет. Тиімді емес шығындарды үнемі қысқартып отыру да керек. Салық жүйесінің экономикалық қайтарымын қамтамасыз ету бас­ты міндеттердің бірінен санала­ды.

Ал Владимир Бобровтың

Сенаторлар сұхбат бердіАстана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» журналис-

терге арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда жиналғандар алдында Владимир Бобров пен Сергей Плотников Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылдың 11 қазанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тап-сырмаларын жүзеге асыру барысы жайында әңгімеледі. Басқо- суды Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Абдуллаев жүргізіп отырды.

Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»

баяндауы негізінен заңдылық және еліміздің құқық қорғау органдарын қамтыды. Биыл Үкі­меттен Парламентке 49 жоба­түсуі керек болса, соның 29­ы қаралуда. Елімізде қолданыста жүрген 312 заң болса, соның 200­ден астамына өзгерістер ен­­гізілген. Өкініштісі сол, кейде Үкіметтен дұрыс сарапталмаған, бір қайнауы ішінде шала заң жо­­балары түсіп жатады. Сондықтан кейбір заң жобалары кері қай­­тарылған. Олай болса, кез келген заң жобасының сапалы, сауат­ты және жан­жақты дайында­­луы міндетті.

– Біз Елбасының барлық тап­сырмаларын уақытында және тиянақты орындауға әзірміз, ­ де­ді сөзін түйіндеген сенаторлар. Соңынан олар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«KEGOC» АҚ басқарма басшы­сы Бақытжан Қажиевтің айтуын­ша, 2009 жылға дейін еліміздің солтүстігінен оңтүстік аймаққа ба­ғытталған бір ғана тасымал болды және жыл сайын қуат пайдала­нушылар қатары 3­4 пайызға өсіп отыр. 2009 жылы солтүстіктен оң­­ түстікке бағытталған тасымалдау­жолының салынуы арқасында оң­­түстік аймақта 1350 мвт­пен қам­­тамасыз етуге жол ашылған жә­­не өзге жетіспейтін қуат Жам­былдағы ЖЭС есебінен жабы­

луда. Бүгінде 500 кВт қуатты шы­­ғыстан тасымалдау үшін инфра­құрылымдық жоба жасалуда. Жоба бойынша тасымал көзі 1500 ша­­қырымды құрайды. 3 қосалқы стан­­саны салу жоспарланған. Оған қоса 3 қосалқы станса көлемі ұл­­ғайтылмақ. «Жобаның жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайды. Атал­­мыш жобаны іске асыруға қаржы республикалық бюджеттен емес, «KEGOC» компаниясынан алына­­ды», – деді компания басшыcы Б.Қажиев.

«Самұрық­Энерго» АҚ­ның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевтің айтуынша, «Қап­­шағай» электр стансасының күн­жобасын биыл аяқтау жоспар­ланған. «Ерейментау» ЖЭС құ­­рылысының бастапқы кезеңі жү­зеге асуда. Оның су қуаттылы­­ ғы 300 мВт­ты құрайды. Бұл электр станса «ЭКСПО­2017» ны­сандарын қуатпен қамтамасыз етпек. Ал Оңтүстік Қазақстанда ­«Шелек» атты желсаябақтары бар.

Қуат тапшылығын ТөмендеТуге бАғыТТАлғАн

Форумның ашылуы «Достық көпірі» деп аталатын республика­­лық, халықаралық балалар ұйым­дары жұмыстарының көрмесі­­мен басталды. Одан әрі балалар­­ дың қатысуымен «Шексіз балалық шақ» сазды концерттік бағдар­ламасы қойылып, түрлі ойындар­мен, шаһарымыздағы экология және биология орталығына сая­хатпен жалғасын тапты.

Жас көшбасшылар «Жастар – ел болашағы» деп аталатын баспа­сөз конференциясында облыстың белсенді жастарымен кездесті.

«Мәңгілік ел ұландары»Облыстық білім басқармасы және жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының «Мәңгілік ел ұландары» облыстық форумы өтті.

Кездесуден кейін облысымыздың әр өңірінен жиналған оқушылар «Өркен» қосымша білім беру орта­лығында «Жас ұлан ­ 2050», «Мек­теп – 2050», «Қазақстан ­ 2050» деп аталатын топтық жобаларын қор­ғап, «Шырқа, Жас ұлан» жаңа ән­дер топтамасының тұсауын кесті.

Облыстық форум «Жас ұлан ­алауы» акциясына ұласып, қала­­ мыздағы абаттандырылған Жайық жағалауын аралаумен қорытын­­дыланды.

Өз тілшіміз– Еліміз бойынша бұл атаққа

биыл жүздің үстінде адам ұсы­

МұнайдардыңмәРТебеСі

«Қазақстан-Орал» телеарнасының ре-дакторы, әріптесіміз Мұнайдар Балмолда 7 қараша күні Аста-на қаласында «Тіл жанашыры» медалі-мен марапатталды.

нылған екен. Соның ішінен 27 адам іріктеліп алыныпты. Батыс Қазақстан облысынан таңдау ма­­ған түсіпті, – дейді кеше Мұнайдар ­бізге телефон арқылы.

Қазақстанның түкпір­түкпірінен

Астанаға жиналған тіл жана­шырларын Қазақстан Республи­касы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл­Мұхамед қабылдаған. Осы шаралар бары­сында ҚР Президенті кеңсесінің бастығы, «Тіл жанашыры» қоғам­­дық бірлестігінің құрметті төр­ағасы, «Назарбаев орталығы» ди­ректорының міндетін атқарушы Махмуд Қасымбековпен кезде­­су ұйымдастырылыпты. Ал «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Пре­­зиденті музейінде өткен. Кеш­­ке оқымысты ғалымдар, Прези­дент Әкімшілігі мамандары қа­тысты. Салтанатты кеш соңында ҚР Президент оркестрі концерт берді. Марапат иелеріне ҚР Пре­зиденті Н.Назарбаевтың «Ойлар мен жылдар» кітабы автордың ­автографымен сыйға тартылды.

Әріптесіміздің сый­кітабында: «Құрметті Мұнайдар Мұхамбет­жанұлы, Ана тіліміздің мәртебе­­сін арттыруға үлкен жанашыр­лықпен атсалысып жүрген қай­­раткерлік қызметіңіз үшін шы­найы алғысымды білдіре оты­­рып, Сізге зор денсаулық, өмі­ріңізге бақыт пен игіліктер тілей­мін. Нұрсұлтан Назарбаев» деген қолтаңба бар екен.

Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге зор үлес қо­сып жүрген отандастарымызды «Тіл жанашыры» атағымен мара­паттау дәстүрі осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Орал өңірі»

Page 3: Орал Өңiрi №137

Cенбі, 9 қараша 2013 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

Облыс бойынша тұмауға қарсы екпе жұмыстары 15 қарашаға де­­йін жалғасады.

Қазан айының соңындағы есеп бойынша 1671 адам екпемен егіліп үлгерген. Оның жартысы 14 жасқа дейінгі балалар. Жергілікті бюд­­жет есебінен қатерлі топтың өкіл­­дері екпемен қамтылған. Жергілік­­ті бюджет есебінен екпе жұмыс­­тары Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Шың­ғырлау аудандарында аяқтала кел­ді.

Екпе жұмыстары ақылы түрде де жүргізілуде. Бағасы 2 мың теңге тұратын ақылы екпені мың адам алса, жұмыс берушілер есебінен 4288 адам егілді.

Тұмауға қарсы егілуде

Өз тілшіміз

Батысқазақстандық полицейлер 7 қараша күні Шыңғырлау ауда­нында кезекті «Жолдағы қабыл­­дау» шарасын өткізді.

БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасы­ның аға инспекторы, полиция под­полковнигі Нұртай Лезовтың ха­­барлағанындай, аудандық мәде­ниет үйінде 200­дей адамның қа­тысуымен өткен жиында жол қа­­уіпсіздігін сақтау мәселелері тал­қыланды. Онда тұрғындар қойған түрлі сауалдарға жауап берілді.

Шара барысында Алтай Валиев­«Үздік жүргізуші», Шыңғырлау ау­­дандық колледжінің оқытушысы Амангелді Кеңесов «Үздік автомек­теп оқытушысы» атанып, оларға дипломдар табыс етілді.

Жалпы, ауданда алдын алу шара­лары нәтижесінде жол­көлік оқи­­ғалары азайып келеді. Өткен жы­­лы 12 жол оқиғасы болып, үш адам қаза тапса, биыл сондай 5 жағ­дайдың салдарынан бір адам көз жұмды.

«Жолдағы қабылдау» Шыңғырлауда

Табиғи монополия-ларды реттеу департа-менті қызметкерлерінің мәлімдеуінше, біздің өңі-рімізде үнемдеу үдерісінің қолға алынғанына 4 жыл-дың жүзі болды.

ұТАРы мол

Үнемдеу үдерісі тұрғын үйлерге су, жарық жә­­не жылу есептегіш құ­­

ралдарын орнату арқылы жүзе­ге асырылуда. Департамент қыз­­меткерлерінің мәліметіне сүйен­сек, бүгінгі таңда облыс көлемін­де су есептегіш құралдар толық орнатылған. Жарық есептегіштің де заманауи жабдығын облыс тұрғындарының 100%­ға жуығы үйлеріне орнатып үлгерген. Ал жылу есептегіш құралды орна­ту жұмысы өте баяу жүруде. Бұл жөнінде ел Үкіметі тарапынан облысымыздың сынға іліккені белгілі. Осыған орай, жылу есеп­тегіш құралдарын орнату бары­сы жөнінде білмек болып, біз жақында облыстық энергетика және коммуналдық шаруашы­лық басқармасы басшысының орынбасары Мерген Магутовпен хабарластық.

– Облыс орталығында барлы­ғы 894 жылу есептегіш құрал ор­­нату керек болса, бүгінгі таңда соның 223­і қойылған. Яғни атал­мыш құралмен қала тұрғында­­рының 25 пайызы қамтылған. Бұл, әрине, төмен көрсеткіш, бірақ былтырғымен салыстырғанда бұл бағытта биыл біраз шаруа атқа­­рылды деуге болады. Мысалы, ағымдағы жылдың басында 113 үйге 123 есептегіш құрал қойыл­са, соның 20­сын «Жайықжылу­­қуат» АҚ өз қаражатына қондыр­ды. Бірақ тұрғындар үйлеріне қондырылған есеп құралдары үшін әлі күнге дейін аталған кәсіпорынмен есеп айырыспай отыр. Бұл жәйт онсыз да қаржы­лық жағдайы төмен жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорынның жағдайын тіпті қиындатып жібер­ді. Кәсіпорын жағдайының ауыр­лауына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арқылы жеткізілетін табиғи газ бағасының өсуі де кері әсерін

Үнемдегеннің

тигізуде. Осыған байланысты «Жайықжылуқуат» АҚ күні бү­гінге дейін қаладағы барлық тұрғын үйді жылу есептегіш құралдармен толық қамтамасыз ете алмай отыр.

Дегенмен бүгінгі таңда бұл мәселені оңтайлы шешуге ба­­ғытталған шаралар қолға алы­нуда. «Жайықжылуқуат» АҚ қыз­­меткерлерінің осы бағыттағы ­белсенді жұмысының нәтиже­­сінде инвестициялық бағдарла­маға өзгерістер енгізіліп, кәсіп­орын тағы 100 жылу есептегіш құралын сатып алу мүмкіндігі­не ие болды. Нәтижесінде жыл басындағы 123 үйге қосымша тағы 100 пәтерге жылу есепте­гіш құрал қондырылды. Сөйтіп, қазіргі уақытта қала бойынша барлығы 223 үйге жылу есепте­гіш құрал қоюға қол жеткіздік. Алдағы жылы бұл мәселенің түйіні толықтай шешілетін бо­лар деп үміттенеміз. Себебі 2014 жылы инвестициялық бағ­­дарлама шеңберінде қарасты­рылған 109,8 млн. теңгеге тағы 189 есептегіш құралдарды ор­нату көзделуде. Егер бұл жос­пар жүзеге асса, қала үйлерінің жартысына жуығы жылу есеп­тегіш құралмен жабдықталмақ.

Жалпы, кәсіпорын алдағы жы­­ лы бұл мәселені түпкілікті ше­­шуді жоспарлап отыр. Яғни «Жайықжылуқуат» АҚ инвестор қаражаты есебінен көп қабатты тұрғын үйлерді жылу есептегіш құралдармен толық қамтамасыз етпек, ­ деді Мерген Ильясұлы. Мамандардың айтуынша, жылу есептегіш құралдарды пайдалану қарапайым тұрғындар үшін де, заңды тұлғалар үшін де өте тиімді. Мұндай құралдарды қондыр­­ған адамдар тек нақты пайда­ланған жылуына ғана төлем тө­лейді. Мысалы, жарыққа немесе суға есептегіш құралдар арқы­­лы есептесетін адам кісі басы­­на төлегеннен гөрі әлдеқайда аз төлейді. Бұған бүгінде халықтың көзі әбден жеткен. Енді жылу есептегіш құралдардың да тиім­­ділігін көрсе, жұрт оны үйлері­не қондырып алуға өздері­ақ­асығатын болады. Осындай есеп­­тегіш құралдар қою арқылы көптеген тұрғындар коммунал­­дық қызмет ақысына төлейтін төлемақы мөлшерін азайтып, қаржыларын үнемдеуде. Бұл,­бір жағынан, тұрғындардың өз­дері үшін пайдалы болса, екін­шіден, жылу ысырабын жою­дың ең тиімді тәсілі. Мұндай

есептегіш құралдар қуат үнемін арттыруға мүмкіндік бермек.

Осылай деген Мерген Ильяс­ұлы облыс тұрғындарын жылу есептегіш құралмен қамтамасыз ету мәселесі заңға сәйкес шеші­­ліп отырғанын айтты. Оның сө­зінше, ҚР «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар тура­лы» заңының 7­бабы 9­тармағына сәйкес табиғи монополия субъ­ектісі тұтынушылармен жасалған келісімшартқа сәйкес есептегіш құралдарды өздері сатып алып, оны тұтынушылар үйіне орна­туға міндетті. Ал тұтынушылар өз кезегінде 11­баптың 2­тарма­ғы бойынша келісімшарт талап­тарына сәйкес кәсіпорын қар­жысына қондырылған есептегіш құралдың төлемін уақтылы және толық көлемде өтеуі тиіс.

Тиімді екенін білгенімен, ба­ғасы удай қымбат жылу есептегіш құралды сатып алуға қала тұрғын­дарының асыға қоймағаны рас.­Бірақ қуат (энергия) үнемдеу үшін бұл мәселені жедел шешпесе болмайтын болды. Сөйтіп, облыс басшылығымен бірлесіп, жедел шара алынуы нәтижесінде бұл мәселе де шешімін табуда.

Айша ӨТЕБӘЛІ,«Орал өңірі»

Қазіргі уақытта Қазақстанның 76 түзеу мекемесінде 43 мың сот­талушы ұсталып отыр. Бұл тура­лы Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық­атқару кодексінің таныстырылымы ба­рысында Ішкі істер вице­министрі Амантай Күреңбеков мәлім етті.

Вице­министрдің айтуынша, 4300 сотталушы түрмелерде каме­ралар бойынша ұсталады. «Ағым­дағы жылы Орал мен Қызылорда қалаларында екі түзеу мекемесінің құрылысы аяқталады деп күтілу­­де. Оларда камералық ұстау бо­­йынша 1800 адам орналасатын бо­лады», ­ дейді А. Күреңбеков.

Оның айтуынша, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі құқықтық сая­саты тұжырымдамасына сәйкес, сотталушыларды отрядтық­барақ­­тық түрден камералар бойынша ұстауға ауыстыру көзделген.

Оралда биылтүзеу мекемесі

салынады

Әкімнің сөзіне қарағанда, 2015 жылға қарай Ақтөбе облысы елді мекендерінің 90 пайызы газбен қамтамасыз етіледі. Өңірдегі 12 ауданның сегізіне газ тартылған. Үш ауданда осы бағыттағы тиісті жұмыс жүргізілуде және алдағы екі жылда аяқталады деп жос­парлануда.

Үдемелі индустриялық­инно­­вациялық даму мемлекеттік бағ­­ дарламасы аясында Ақтөбе об­

АлғА бАСудААқтөбе Кеше ҚР Президенті жа-

нындағы Орталық коммуни-кациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов (сурет-те) өңірде атқарылып жатқан шаралардың барысы тура- лы мәлім етті.

сәл астам тапсырылады», – дейді А.Мұхамбетов.

Әкімнің сөзіне қарағанда, ­2012 жылы «Тұрғынүйқұрылыс­жинақ» жүйесі бойынша барша республикаға берілген 4,9 млрд. теңге займның 47 пайызы Ақтө­­бе облысының үлесінде.

Өз тілшімізден

лысында 67 жоба жүзеге асы­рылған. Индустрияландыру кар­­тасына Ақтөбе облысынан 517,2 млрд. теңгенің 74 жобасы ен­гізілді. 10 мың жұмыс орнын құ­ру ескерілген. 3 жылдың ішінде жалпы 67 жоба іске қосылды, бұл өңірлердегі ең жоғары көр­сеткіштердің бірі болып табы­лады. Әкімнің айтуынша, ағым­­дағы жылы 10 жобаны іске қосу жоспарланған болса, 7­еуі пай­далануға берілді. Ал қалғанда­­ры жыл соңына дейін тапсыры­лады деп күтілуде. Олардың ­ішінде Қазақстанның индустрия­

ландыру картасындағы биыл іс­­ке қосылатын ірі жобаның бі­реуі бар. Бұл Ақтөбедегі ферро­қорытпа зауытының 4­ші цехы. Оның құны 840 млн. АҚШ долла­рына бағаланып отыр.

Ақтөбе облысы «Тұрғынүйқұ­­ рылысжинақ» жүйесі аясында баспана тапсыру бойынша елі­­мізде екінші орында тұр.

– Біз биыл 68 мың шаршы метр­ді тапсырамыз. Осы бағытта өңір Астанадан кейін екінші орында тұр. Біз 1759 пәтерді пайдалануға береміз, ал Астанада 2 мыңнан

Page 4: Орал Өңiрi №137

фоРумСенбі, 9 қараша 2013 жыл4 [email protected]

Бейсенбі күні қаламызда «WestKazInvest-2013» халықаралық бизнес форумы өтті. Оған Ресей, Беларусь елдерінің және республикамыздың көршілес облыс-тарынан іскер топ, мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар қатысты. Форум аясында инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

170 млн. долларлық инвестмеморандумдарға

Инновациялық жобаларкөрмесі

Мұз айдыны спорт сарайын­да өткен көрмеде 80 кәсіпорын өз өнімдері мен көрсететін қыз­мет түрлерін таныстырды. Бұл шараның басты мақсаты ­ Ақ Жайық өңірінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, жер­гілікті бизнес құрылымдарының байланыс аясын кеңейтуге жағ­­дай жасау, интеграцияны дамы­ту. Соның арқасында облысы­мыздағы кәсіпкерліктің дамуы ­үшін жаңа мүмкіндіктер қарас­тыру болғандықтан, көрмеге шығарылған тауарлар мен қыз­­мет түрлерінің негізін батысқа­зақстандық мекеме­кәсіпорындар ұсынды.

­ Бүгінде Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің Пре­­зиденттері Кедендік одақты да­мыту арқылы кәсіпкерлердің өза­ра байланыстарын жетілдіруіне барынша жағдай жасауда. Соған орай бұл іс республикамыздың өңірлерінде, соның ішінде біздің облысымызда да өз жалғасын табуда. Кәсіпкерліктің қанат жаюына мемлекет тарапынан қа­­жет шаралар алынуда. Сондықтан бизнес құрылымдарының өкіл­дері осы мүмкіндікті пайдалануы керек. Мүмкіншілік тауып, осы көрмеге, форумға келген барлық қонаққа өз ризашылығымды біл­діремін. Бұл шара үш елдің және республикамыздың өңірлері ара­сындағы байланысты одан әрі дамытарына сенімім мол. Сондай­ақ кәсіпкерлерге өз тауарларын көрсетіп, әріптестерінің әлеуетімен танысуға да мүмкіндік туғызатыны сөзсіз, ­ деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көрменің ашылу салтана­тында.

Содан соң сөз алған Атырау облысы әкімінің бірінші орын­басары Ғұмар Дүйсембаев бұл ­шара жаңа идеяларға, тың бас­тамаларға мүмкіндік беретінін айтты. «Батыс Қазақстан облы­сы – қарқынды дамып келе жат­қан өңірлердің бірі, ­ деді ол. ­ Мұны таяудағы сапары кезінде Елбасының өзі айтқан еді. Сол себепті біз осы форумға, форум аясындағы көрмеге шақыруды ризашылықпен қабыл алып, үл­кен делегациямызбен келдік. Көршілеріміздің аталмыш сала­дағы бүгінгі ахуалын көрейік, ке­рек нәрсесін үйренейік, бірігіп қызмет қылайық деген мақсат­пен қатар, өз өнімдерімізді де көрсетейік, қолға алған жобала­рымызбен таныстырайық, қызы­­ғушылық танытқандарды бірігіп жұмыс істеуге шақырайық деген ойымыз да бар».

Иә, атыраулықтар көрмеге үл­кен дайындықпен келіпті. Олар машина жасау, мұнай­химия, құ­рылыс, азық­түлік өнімдерінің түр­түрін әкелген. Мәселен, «Каспий балық» пен «Жемчужина» серіктес­тіктері балықтан жасалған 30­дан астам тамақ түрлерін таныстыр­ды. Көпшілік «Қазхим» ЖШС­ның өнімдеріне де қызыға қарады. Бұл кәсіпорын 5 келіден 2 тоннаға дейін салмақты көтеретін поли­стиролды қаптарды, жұмсақ кон­тейнерлерді, шөп бууға арналған жіптерді шығаруда. Мұндай өнімдер елімізде өндірілмейді. Және олар жоғары сапалылығымен ерек­шеленеді. Сол себепті сұраныс көп. Мысалы үшін осы көрме ба­рысында 7­8 оралдық компания серіктес болуға ниет білдірген. Жалпы алғанда, көрмеге келген он

атыраулық компанияның бәрі ин­дустрияландыру картасы аясында табысты жұмыс істеуде.

Ақтөбеден келген «Свето­ком» серіктестігі он жылдан бері бағдаршам шығарумен ай­налысып келеді. Қазіргі таңда бағдаршамның жиырма түрін жа­сайды. Еліміздің барлық өңірімен байланыс орнатқан. Оралда да ақтөбелік бағдаршамдар бар. Компанияның менеджері Надеж­да Чернышованың айтуынша, Ресейде жасалған бағдаршамдар­мен салыстырғанда отандық өнім электр қуатын аз пайдаланады әрі адам өміріне қауіпсіз. Жарық диоты мықты және бағасы да ар­зандау. Сол себептен болар, ком­пания өнімдеріне қызығушылар көп.

Ал Ресейден келген компания­лардың тауарлары мен қызметтері де түрлі саланы қамтиды. Мәселен, Орынбор губерниясының іскер топ өкілдері адам денсаулығын нығайтуға қатысты үш жоба әке­ліпті. Біріншісі, негізінен батыс­қазақстандықтар мен ақтөбелік­тер жиі барып демалып, емделетін "Соль­Илецк" шипажайының қыз­метін кеңірек насихаттау. Екінші жобасы азық­түлік, тамақтық қос­паларды шығаруымен айналыса­тын өндіріс орындарының жаңа өнім түрлерін қамтиды. Ал соңғысы –­биотері деп аталатын дәрілік зат. Ол жоғары дәрежелі күйіктен, үсік­тен зақымданған адам терісінің тез қалпына келуіне жәрдемде­седі. Астрахан облысынан келген «Кондор» сауда­көлік компаниясы Ресей мен Қазақстан арасында 5 тоннаға дейінгі жүк тасымалымен шұғылдануды жаңа қолға алып жатыр. Әзірге атыраулықтармен

тұрақты байланыс орнатқан. Ен­ді Оралға, Ақтөбеге, одан әрі еліміздің басқа да облыстарына шығуды мақсат тұтып отыр. Компа­ния жетекшілері сол мақсаттары­­ның орындалуына Оралдағы көр­менің жол ашатынына сенімді.

Көрме соңында облыстық кәсіп­керлік және индустриалды­инно­вациялық даму басқармасы ша­раға қатысқан барлық кәсіпорынға алғысхаттар табыстады.

Инвестициялық ахуалоңалып келеді

Түс қайта Жәңгір хан атындағы БҚАТУ­да бизнес­форум өз жұ­мысын бастады. Жиынды ашқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұл форум өңіріміз үшін ғана емес, республикамыз үшін маңызды оқиға екенін баса айтты. Орталық және жергілікті атқарушы орган­дардың ұйытқы болуымен ұйым­дастырылған шара бүгін болмаса, ертең өз жемісін береріне сенім білдірді.

ҚР Индустрия және жаңа тех­нологиялар министрлігі Инвес­тициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров ҚР Пре­мьер­министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа техноло­гиялар министрі Әсет Исекешев­тің форумға байланысты жолда­ған құттықтау хатын оқыды. Онда Батыс Қазақстан облысының географиялық жағынан ыңғайлы орналасуы, Ресейдің бірнеше гу­берниясымен шектесуі, экономи­калық қуаты өңірдің инвестиция тарту мүмкіндігін арттыратыны, ол өз кезегінде облыстың экспорт­тық әлеуетінің жоғарылауына

мүмкіндік туғызатыны айтылған. «Тәуелсіздік жылдары ішінде елі­мізге 200 млрд. теңге шетелдік инвестиция тартылды, ­ деді өз баяндамасында Ерлан Қайыров. ­ Оның көбі өндіріс саласына бағытталды. Үкіметтің үдемелі ин­дустриалды­инновациялық даму бағдарламасын қабылдауының негізінде соңғы төрт жылда өң­деу саласына тартылған инвес­тиция көлемі артты. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жарты­жылдығында ол 7 пайызға өсті. Соның арқасында танымал ком­паниялар елімізге келіп қаржы құюда. Мәселен, «Дженерал элек­трик», «Тойота», «Пежо», «Арис­тон» секілді компаниялар респуб­ликамызда өз өнімдерін шығаруда. Осыдан­ақ елімізде инвесторлар үшін қажет жағдайлардың жасал­ғанын көруге болады».

Ресейдің Орал қаласындағы бас консулы Сайд Забитов екі елдің арасындағы байланыс жыл өткен сайын дамып келе жатқанын, бү­гінгі таңда ресейлік 76 кәсіпкерлік субъектісі Қазақстанда табысты еңбек етіп жатқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, РФ мен ҚР­ның шекаралас облыстары өзара сау­да­экономикалық, мәдени­гума­нитарлық бағытта 250 келісім жа­сасқан. Екі ел арасындағы тауар айналымының 40 пайызы осы шекаралас аймақтардың енші­сінде. Батыс Қазақстан облысы басшыларының тікелей қолдауы­ның арқасында өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптас­қан.

Жиын барысында сондай­ақ «Қазнексинвест» АҚ­ның атқару­шы директоры Дирк Вестфаль мен «Самұрық­Қазына инвест» АҚ­ның атқарушы директоры Сыздық Баймұқанов елімізге инвестиция тарту, олардың игерілуі, біріккен кәсіпорын құру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде айтып өтті.

«Батыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері» та­­қырыбында баяндама жасаған об­лыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов өткен жылы облысымызда аймақтық ішкі өнім көлемі 1,7 трил­лион теңгені құрағанын айтты. Бұл еліміздің 5,5 пайыз деңгейіндегі ішкі өніміне тең. Ақ Жайық өңірі қазба байлықтарына да бай. Соған орай облыста 119 кеніш ашылған. «Ауыл шаруашылығы саласының өңір экономикасында алар орны зор, ­ деді Марат Кәрімов. ­ Ба­тысқазақстандықтар мал және өсімдік шаруашылығымен шұғыл­данады. Облыстың солтүстік бөлігі бидай, майлы және мал азықтық дақылдарды, бақша өнімдерін өсіруге қолайлы. Жайылымның кеңдігі мал басын көбейтіп, олар­дан экологиялық таза өнім өндіру­ге мүмкіндік береді. Облыс эко­номикасына «қан жүгіртіп» тұрған саланың бірі – өнеркәсіп. Мұнда негізінен тау­кен өндірісінің үлесі зор. Сондай­ақ жыл өткен сайын өңдеу саласының көлемі артып келеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бағытында тиісті шара­лар алынуда. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда облысымызда 44,5

Сәкен МҰРАТҰЛЫ,Айша ҚАБЫЛОВА,"Орал өңірі"

Page 5: Орал Өңiрi №137

фоРумСенбі, 9 қараша 2013 жыл[email protected] 5

170 млн. долларлық инвестмеморандумдарғаАнатолий ПАВЛОВИЧ, Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрлігінің басқарма бастығы:

­ Көрмеде «Минск автокөлік зауыты», «Минсктрактор зауыты», «Бобруйскагро­маш», «Бобруйсксельмаш», «Гомсель­маш» сынды біздің компанияларымыздың Қазақстандағы дилерлері келді. Айта ке­тейін, Оралда «Минск автокөлік зауыты­ның» өкілдігі бар. «Оралагрореммаш» АҚ

«Минск автокөлік зауытынан» жеткізілетін бөлшектер негізін­де Төтенше жағдайлар министрлігі үшін арнайы техникалар құрастыруда. Жалпы алғанда, мұндай көрменің пайдасы зор. Әріптестеріңді көресің, өнімдеріміздің жұмыс істеу барысы ту­ралы пікір алмасасың, әрі қарай не істеу керек деген бағытта жоспар құрасың. Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды­инновациялық даму басқармасына өз ризашылығымды білдіремін.

Олег ВИНОгРАдОВ, Самара облыстық картопөсірушілер одағыныңатқарушы директоры:

­ Өткен жылы біз Зеленов ауданымен меморандумға отырып, мол өнім беретін кар­топ түрлерінің тұқымын жеткізгенбіз. Аудан аумағында 400 гектарға егілген ол тұқым жақсы нәтиже көрсетті. Соның арқасында аудандағы көптеген шаруашылық біздің

тұқымымызды пайдаланып, жақсы өнім алуда. Бүгін Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшы­сы екеуміз меморандумға қол қойдық. Бұйыртса, енді Батыс Қазақстан облысының көптеген ауданына асханалық және техникалық мақсаттағы картоптарымызды ұсынатын боламыз.

Құдайберген АСҚАРОВ, «QHSE-Akbarys» ЖШС-ның менеджері (Бөрлі ауданы):

­ Облыс әкімдігінің және «Даму» қорының көмегімен біз биылдан бастап жаңа жобаны қолға алып жатырмыз. Соған орай «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы ая­сында 300 млн. теңге қаржы алдық. Соған техникалық бағыттағы 1­сортты сұйытылған азотты шығару үшін қажет шикізат, құрал­

жабдықтарды алудамыз. Мұндай азотты Қарашығанақ кенішін игеруші компаниялар негізінен Ресейден тасымал­дайды. Осы сұранысты өзіміз, яғни отандық компания болып өтеуге мақсат қойып отырмыз. Биыл бірінші желіні іске қосып, ­60 тонна азот өндіру жоспарда бар. Оны «Беккер Хьюз» компа­ниясы алуға ниет танытуда. Егер бәрі ойдағыдай болса, көрші облыстардың да нарығына шыққымыз келеді. Мына көрмеге де өзімізді таныстырайық, өзгелерді көрейік деген ниетпен келдік.

Әйгерім МОЛдАБЕКОВА, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ-ның өкілі (Маңғыстау облысы):

­ Біздің аймақ 2002 жылы Президент Жарлығы негізінде құрылған. 2 мың гектар жерді алып жатыр. Мұнда инженерлік­ком­муникациялық желілер, автокөлік және темір жолдар мемлекет есебінен тартылған, салықтық және кедендік режим орнатылған.

Яғни біздің аумаққа келіп, өндіріс орнын ашқан кәсіпкерлер он жылға дейін түрлі салықтардан, кедендік төлемдерден босаты­лады. Қазіргі уақытта аймағымызда 23 компания тіркелген. Оның бесеуі жұмыс жасап, өнім шығаруда. Ал қалғандары өндіріс ­орындарын салуда, жобаларын жасауда. Көбі – маңғыстау­лықтар. Арасында шетелдіктер де бар. Осы көрме арқылы өзімізді кеңінен таныстырып, еліміздің өзге өңірлерінен, Ресей, Белеларусьтан компанияларды шақырғымыз келеді.

мың кәсіпкерлік субъектісі тір­келген. Оның жартысынан аста­мы белсенді жұмыс істеуде. Олар аймақтық ішкі өнімнің 25 пайы­зын өндіруде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша облысымызда 30 млрд. теңге сомасын құрайтын 261 жо­ба мақұлданды. Индустрияланды­ру картасына 257 млрд. теңгенің 35 жобасы енгізілді. Сыртқы эко­номикалық байланыста облысы­мыз әлемнің 105 елімен серіктес атанып отыр. Облыстың сыртқы тауар айналымы өткен жылы 1855 млн. долларды құрады. Бүгінде облыста шетел капиталының не­гізінде 500 кәсіпорын жұмыс істеу­де. Оның жартысынан астамы ресейлік инвестиция бойынша. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде негізгі капиталға салынған инвес­тиция 127 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп».

Меморандумдар құны –170 млн. доллар

Бұдан әрі инновациялық грант, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, көлік логистикасы және туризм салалары бойынша секциялық отырыстар өтті. Мәселен, «Маши­на жасау мен металл өңдеу сала­сының дамуы» тақырыбындағы секция жұмысында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды­инновациялық даму басқарма­сының басшысы Аслан Жақыпов өңіріміздегі өнеркәсіп саласының дамуы жөнінде әңгімеледі. Бұ­дан соң сөйлеген секция қатысу­шылары өз мекемелерінің жетіс­тігі жөнінде айтып, әріптестерін тәжірибе бөлісуге шақырды. Олар сондай­ақ жұмыс барысында түйт­кілді мәселелердің де кездесіп

қалатынын жасырмай, оны шешу жолдары жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Мысалы, «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Валиев пен «Оралагро­реммаш» АҚ өкілі кәсіпорын жұ­мысына кедергі келтіріп жүрген жағдаяттар жөнінде айтып, қазіргі таңда қолданыста жүрген заңға өзгеріс енгізу қажет десе, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ­дың профес­соры Анатолий Тюрин машина жасау технологиясын дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Оған Беларусь елінен келген өкілдер де қызығушылық танытып, атал­

ты. Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік ұйымдастырған «Инновациялық гранттар: қазіргі жағдайы және болашақтағы жос­пары» тақырыбында өткен сек­циялық жұмыс барысында инно­вациялық гранттардың берілу жайы сөз болды. Онда агенттік өкілдері үдемелі индустриалды­инновациялық даму бағдарлама­сын жүзеге асыруға байланысты инновациялық гранттарға рес­публикалық бюджеттен 8,8 млрд. теңге бөлінгенін мәлімдеді. Соған орай 200 өтінімге оң шешім беріл­ген. Ал биылғы жылы 120 өтінім

ған мәселені бірігіп шешу жөнін­де ұсыныс білдірді. Ал «Ақсай индустриалды паркі» ЖШС­ның бас директоры Марко Кастанини­дің мәлімдемесі оралдықтар үшін шынымен де тың жаңалық бол­ды. Ол қазақстандық мазмұнды арттыру және сапалы басқару жүйесін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндап, алдағы уақытта қазақстандық кадрларды еуропа­лық стандартқа сәйкестеп оқыту жұмысы қолға алынатынын айт­

түсіп, соның 30­ы қолдау тапқаны айтылды.

Форум соңында облыс әкім­дігі құрылыс, машина жасау, агро­өнеркәсіп кешені, туризм, инно­вация салаларына байланысты тиісті мекеме­кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен жалпы құны 170 млн. доллар болатын инвестициялық меморандумдарға қол қойды.

Суреттерді түсіргенТемірболат ТОҚМӘМБЕТОВ,

Александр кУПРИЕНкО

Қол Қойылды

Page 6: Орал Өңiрi №137

әлеумеТСенбі, 9 қараша 2013 жыл

[email protected]

Есмадияр ЖҰМАБАЕВ,облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы:

­ Қазір нарықтағы еттің бағасы онша жоғары емес. Бұрыннан да солай. Кеден одағының құ­рылуына байланысты Ресей мен Беларусьтан ет өнімдері кедергісіз келуде. Мұның өзі жергілікті мал, көбіне соғымға сойылатын жылқы мен сиыр етінің бағасын түсірді. Сондықтан биыл соғымның құны жылдағыдай болатын сыңайлы.

Жәнібек ҚАЖЫҒАЛИЕВ,облыс орталығындағы «Ел ырысы» базарының дирек-торы:

­ Меніңше, соғымның бағасы биыл қалыпты болуы керек. Тіпті бәріміз соғымды ауылдан іздегеннің өзінде. Өйткені сырт­тан келген ет өнімдері жылқы мен сиыр етінің құнын өсірмей, жергілікті тауармен қатаң бәсеке үстінде.

Ерлан АБАТОВ,«Мирлан» орталық базарын-дағы ветеринарлық-санитар-лық сараптау зертханасының директоры:

­ Қазір ет нарығында бәсеке

күшті. Ақшасы барлар даламызда өскен жылқы мен сиырды соғымға сояды. Ондағы ет сәл қымбаттау болуы мүмкін. Ал қалтасы жұқалар сапасы төмен, дәмсіз болса да, арзандау орыс пен беларусь етін алатыны анық. Сондықтан биыл соғым былтырғыдан арзан болуы ықтимал.

г. ҚАНАТБАЕВА,базардағы ет сатушы:

­ Егер Ресейден келетін ет ағы­­ны тоқталмаса, соғым жылдағы­­дан арзандау болмақ.

Сәрсенғали АБдОЛОВ,Орал қаласының тұрғыны:

Қалтамыз жұқалау, тұтас соғым сатып алу қиын. Сондықтан ба­зардан 20­30 келілеп ет алып жүрміз. Биыл соғым арзандау бо­­лады­ау. Себебі апа­жездем Жа­­ңақала ауданына барып, бір ауыл­дан төрт жылдық тумаған қашар­­ды 180 мыңға алатын болып, келісіп қайтты. Өзім бұрынғы мал­шымын ғой. Шынында тумаған, төрт жылдық қашар болса, одан кемінде 180­200 келі ет түседі. Есебін өзіңіз шығарып көріңіз...

Дайындаған Серік ИХСАНҒАЛИ

Биыл соғымАРзАн болА мА?

Міне, күздің соңғы айы – қараша да бел ортаға таянды. Алдағы желтоқсан айында қазақ ғасырлар бойғы қалыптасқан дағды бойынша соғым союға кіріседі. Сөйтіп, қысқы азығын дайындап алады. Осыған орай газет оқырмандары арасында «Биылғы соғымның құны қандай болмақ?» деген бағытта сауалнама жүргізген едік.

Алғаш халыққа сәлем ретінде айтылған арнаудың мәтіні жақ­сы болғанымен, орындаушының тамағы ауырып жүрді ме, әлде даусы төмен алынды ма, баста­лу деңгейі сылбырлау көрінді. Кейін Р.Ығылманов атындағы халық аспаптар оркестрі, «Қар­лығаш» би ансамблі, әншілер: С.Құсайынова, Б.Оразов және ­белгілі әнші, термеші, сазгер, ұстаз Б.Хабиеваның шәкірттерінен ті­­зілген дәстүрлі әншілер шеруі концерттің көркін келтіріп, өресін өсірді. Артымыздан ерген жастар­ды көріп, көңіліміз өсіп, шатта­нып отырсақ, қоқанайы артында екен. Кештің соңын ала, бір бей­таныс ән орындалды. Сазы құлақ салуға тұрарлық. Әрлеушінің де тәжірибелі екені көрініп­ақ тұр. Ал мәтіні?..

Сонымен, Ербол Дүйсенға­лиевтің «өлеңі»...

Ата­баба қорғап қалғанқырлы өлкем,

Пана болған қасиетті құдыретіңнен.

Ыстық сезім ұялатқантуған жерім,

Өзге емес,өзім АйТАм өз мінімді

Қайырымды қазан айының жиырмаларынан кейін қолыма бір шақыру билеті тиді. Ішін ашып оқытсам, Қазталов ауданы көркемөнерпаздарының концертіне шақырған екен. Туған жер дегенде, елең етпейтін жан бар ма, зор қуанышпен қабыл алып, жиырма бесі күні жастар мәдениет үйіне асыға-үсіге жеттік-ау. Шымылдық сырылып, концерт те басталды.

Ән­ұраным арналадыбір сен үшін.

Қайырмасы:Қазақ талым туған жерім,Қазталовым жан серігім.Жалпақталым арман далам,Сүйіктісің ақ босағам.

Жақын жандар ордасы болып қалыптасқан,

Сән сыйлаған ай нұрындай қызғалдақтар.

Осы ортадан бастау алған туған жерім,

Гүлдей берші, жайнай берші мәңгі бақтар.

ҚайырмасыКіндік қаным тамған жерім

бауыр басқан,Қанат қаққан ғалымдары

біздің жақтан.Үміт жолда сапар шексек

сағынамыз,

Жалпақтал мен Қазталовым мәңгі жаса.

Сөз болғаныңа!.. Алтыншы сы­­ныптың ақылы бар баласы мұн­дай өлең жазбас, сірә. Бір қызы­­ғы, ауданның бұрынғы әкімі

Р.Өтешев мырза осы өлеңді ау­данның әнұраны етіп айтқызып­ты. Үлкені бар, жасы бар, мен сөз танимын деген ақындар оқып таныссын деп жазып отырмын. Әйтпесе, қағаз бетін қиятын ши­май ма осы? Осындай өлеңді облыс орталығына әкеліп, тың­датып жүрген ауданның қазіргі әкімінің де өнерге деген ой­өрі­­сі үстірттеу болмаса жарар еді. Концерттің алдында телефонмен ­бір сөйлескенімде, мәдениет са­­ласына қатысты бір бастық құр­дасым:

­ Өзіміз туып­өскен ауыл­ай­мақтың концертінің әзірлігіне барғалы отырмын. Көріп, кемші­лігі болса, түзетейін, ертең әзіл­деп болса да, біреу­міреу күліп жүрер, ­ деп қомпылдап отырған. ­Ол қай жерін қарап, не тапты ­екен? Сөйте тұра жаңағы құрда­сымның жоғарыдағы сөзіне арқа ­сүйеп, өз ауданымның өнерінің олқылау жерін өзім айтып отыр­­мын. Кейінгі концерт әкелуші­лерге де, ол концертті алдын ала сүзгіден өткізушілерге де сабақ болғай. Әйтпесе, ешкімнің де же­ке басына тиісейін деген пиғы­лым жоқ. Ұлы Абай, Мұқағали, Қадырлар өздері өрнектеп, ке­йінгіге өнеге қылып кеткен поэ­зия өнерін ит ішпес быламықтай былғаламайық, ағайын.

Хатимолла БЕРДІҒАЛИЕВ,Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері

090700, БҚО, Қазталов ауданы, Қазталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, №1-үй, аудан әкімі аппа-ратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі), анықтама телефондары: 8 (71144) 31169; 31167, электрондық мекенжайы: [email protected], :

Барлық конкурсқа қатысушы-ларға қойылатын жалпы білікті- лік талаптары:

Е-2 санаты үшін: жоғары кәсіп­­тік білім; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік ­органдарда басшылық немесе өзге ­лауазымдарда жұмыс өтілі бір жыл­дан кем емес; 3) осы санаттағы нақ­ты лауазымның функционалдық ба­­ғыттарына сәйкес облыстарда жұ­­мыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі ­білім бағдарламалары бойынша Қа­­зақстан Республикасының Прези­­денті жанындағы білім беру ұйым­дарында мемлекеттік тапсырыс не­гізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар да­ярлау жөніндегі республикалық ко­миссия бекітетін басым мамандық­­тар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғы­лыми дәрежесінің болуы;

E-R-1 санаты үшін: жоғары кә­сіптік білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс. 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары неме­

се жоғары оқу орындарынан кейінгі ­білім бағдарламалары бойынша Қа­­зақстан Республикасының Президен­­ті жанындағы білім беру ұйымдарын­да мемлекеттік тапсырыс негізінде а немесе шетелдің жоғары оқу орын­дарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойын­ша оқуды аяқтаған жағдайда мемле­кеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) ғылыми дәрежесінің болуы; 4) мемлекеттік органдарда басшы­­лық немесе өзге лауазымдарда жұ­мыс өтілі бір жылдан кем емес; 5) осы ­санаттағы нақты лауазымның функ­ционалдық бағыттарына сәйкес об­лыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауа­­зымдарда бір жылдан кем емес.

Е-2, E-R-1 санаттары үшін: Осы санаттағы нақты лауазымның маман­дануына сәйкес облыстардағы қаты­­настарды реттейтін Қазақстан Респуб­ликасының нормативтік­құқықтық ак­­тілерін, тестілеу бағдарламасына сәй­кес нормативтік­құқықтық актілерді білу, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: ­қалыптасқан мемлекеттің жаңа са­яси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функ­ционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарының үлгі­лік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бі­рінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02­01­02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылғы ­10 қаңтардағы №5084 тіркелген).

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min maxЕ­2 103 782 140 298

E­R­1 115 954 156 314

1. Қазталов ауданы әкімі аппа-ратының басшысы, Е-2 санаты.

Функционалдық міндеттері:­­Аудан әкімі аппаратының бөлім­

дері мен басқа да құрылымдық бө­лімшелерін жалпы басқаруды және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, ауылдық округтердің әкімдерімен өзара іс­қимыл жасауын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімді­гі қаулыларының, облыс әкімінің ше­шімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі­нің шешімдері мен өкімдерінің және Адан әкімінің және аудан әкімі орын­басарларының тапсырмаларын орын­далуын бақылау жөніндегі жұмыстар­ды ұйымдастырады. Аудан әкімдігі мен әкімі актілері жобаларының са­палы дайындалуына, аудан әкімдігі мен әкімнің нормативтік­құқықтық актілерінің Әділет органдарында мем­лекеттік тіркелуіне бақылау жасайды.

Мемлекеттік наградалармен наг­радтау, мемлекеттік құпияларды қор­­ғау мәселелерімен айналысады. Ау­дан әкімдігі мәжілістерін, әкім және оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды өткізуін қадағалау. Ау­­дан әкімі аппаратының қызметін мате­­риалдық­техникалық жағынан қамта­масыз етеді. Қаржы­шаруашылық жұ­мыстарына жетекшілік етеді.

2. Қазталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Е-R-1 санаты.

Функционалдық міндеттері: ауданда ­мәдениет және өнер саласының жұмы­сын жоспарлайды, іс­шаралардың перс­пективалық жоспарларын, мәдениет пен өнердің кешенді­мақсат бағдарламаларын жасақтайды. Бөлімнің ведомстволық қа­рамағындағы мәдениет мекемелерінің ха­лыққа сапалы және уақтылы жаппай түрлі нысандағы қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді. Ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. ­Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлеу. Ұйымдас­тырушылық, жұмысты жоспарлау және орындауын бақылау, ақпараттық талдау әдістері мен түрлерін білу. Азаматтарды ­қабылдау жұмысындағы тәжірибесі. Қыз­меткерлермен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құ-жаттар:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауал­нама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотари­­алдық куәландырылған көшiрмелерi/мем­­лекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi/мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құ­жаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қараша­­дағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан ­Республикасының нормативтік­құқықтық ак­­тілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсан­­да №6697 болып тіркелген) нысандағы ден­­

саулығы туралы анықтама;6) Қазақстан Республикасы аза­

матының жеке куәлігінің көшірмесі;7) Құжаттарды тапсыру сәтінде

уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тесті­леуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі кон­­курс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемле­­кеттік органға тапсырылуы тиіс. Кон­­курс комиссиясының қарауына құжат­­тарды қабылдау мерзімінде азамат­тардың өздері әкеліп берген, пошта­мен немесе электрондық адресіне жі­берілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжатта­­ры қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының олар­ды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешік­тірілмей беріледі. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидат­тар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазталов ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орнала­сатын үміткерлер конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге ­келу және қайту, тұратын жер жал­дау, байланыс қызметiнiң барлық түр­­лерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қа­ражаттары есебiнен жүргiзедi.

Қазталов ауданы әкімінің аппараты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайдыӘкімшілік мемлекеттік

қызметшілердің лауазымдық жалақылары

• Бүгінгі күннің сауалы

Page 7: Орал Өңiрi №137

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 15872, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: Қ.ҚАБЖАНОВ

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІкТІ ТІЛШІЛЕР: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙТАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

жАРнАмАCенбі, 9 қараша 2013 жыл

[email protected]

Жастар мен студенттер арасында ұйымдастырылатын «Замандасқа айтарым бар» атты облыстық шығармашылық байқауы туралы

Батыс Қазақстан облысының дін істері, жастар саясаты мәселелері басқармалары

Ұйымдастырылу уақыты: 01.11 ­ 07.12.2013 жыл Өтетін орны: БҚО аумағы Ұйымдастырушылар коми-теті: БҚО дін істері басқармасы, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, БҚО «Жайық» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі.

және «Жайық» деструктивті діни ағым­дардан жапа шеккендерге көмек орталығы, ҚР Тәуелсіздігі күні мейрамы қарсаңында облыс жастары және студент қауымы ара­сында «Замандасқа айтарым бар» атты қоғамдағы діни мәселелерге қатысты туындап отырған жағдайларды сипаттай­тын, халықтық салт­сана және еліміз үшін дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптей отырып, түрлі теріс діни ағымдардың әрекетін сынға алатын тақырыпта өз ойын мақала түрінде жазуға ниет білдір­ген, ќаламының ебі бар жастар (17­30 жас аралығы) арасында шығармашылық байқау жариялайды.

Байқау мақсаты – қоғамдық мәселе­­лерді оңтайлы шешуде жастардың пікірін

ескеру, соның ішінде қалам тартып, жа­зуға қабілеті бар жастардың көмегімен, дәстүрлі емес діни ағым жолына түсіп кет­кен замандастарына, олардың жанұяла­­ры мен ата­аналарына, барша қауымға ­ой тастау.

Байқауға ұсынылған материалдар- ға қойылар талаптар:

1) мазмұны бойынша Қазақстан Рес­­публикасы Конституциясына, заңнамала­рына, дін мәселелері бойынша мемлекет саясатына қайшы келмеуі тиісті;

2) мақалалар ел мен өлке тарихымен, ұлы тұлғалардың көзқарастарымен сабақ­тастырылуы, жас ұрпақты отаншылдыққа, елдік рухта тәрбиелеуде әсері қомақты, жүректі қозғайтын күші болуы шарт;

3) материалдың көлемі 14 шрифт не­гізінде, TimesNewRoman әрпімен терілген, A4 форматындағы 2 беттен кем болма­уы тиіс және қатысушы бұрын еш жерде жарық көрмеген туындыларын ғана ұсына алады;

4) байқауға қатысушылардың аты­жөні, қызмет немесе оқу орны, байланыс теле­фондары, электрондық поштасы жөнінде­­гі мәліметтер қоса жіберілуі міндетті;

5) байқауға қатысушылар өз жұмыс­тарын электронды және баспа түрінде БҚО дін істері басқармасына ағымдағы жылдың 1 қарашасы мен 7 желтоқсаны аралығында жолдауы тиіс. Мекенжайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 201. Элек­тронды пошта: [email protected]. Байланыс

тел.: 8/7112/ 51­63­95, 24­10­46.Байқау қорытындысы мен өткізілетін

күні қосымша хабарланады. Жеңімпаздар ­студенттер қауымы және облыс жастары ­арасында бөлек анықталып, бағалы сый­лықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады. Сондай­ақ материалдар­дың сапасы мен мазмұнына қарай қазы­лар алқасының шешімімен басқа да жүл­делер, ынталандыру сыйлықтары табыс етіледі. Үздік деп танылған материалдар республикалық және өңірлік басылымдар­­да жариялануға ұсынылады.

Байқау ережесі «Орал өңірі», «Жайық үні», «Жастар жанары», аудандық газет бет­терінде, сонымен бірге www.antisektazko.kz­сайтында жарияланады.

«Орал қаласының тұрғын үй-ком-муналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ: 090000, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127а-үй, 2-қабат, 15-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 506272, факс: 8-(7112) 512899, электрондық адресі: ujkdx_uralsk @mail.ru бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

Жолаушы көлігі секторының бас маманы, Е-R-4 санаты/№1-9 0-13-2/, лауазымдық жалақысы қызмет өт-керген жылдарына байланысты 56 375,56 теңгеден 76 235,14 теңге- ге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қалалық маршруттарда жолаушы­

лар тасымалдау бойынша ұсынылатын қызмет сапасын бақылау;

Жолаушы көлігі жұмысын бақылау;Жолаушылардың және багаждың

тұрақты қалалық және қала маңындағы маршруттарына қызмет көрсету құқы­ғына конкурстық комиссия отырысын өткізу үшін құжаттарды дайындау;

Келісімді міндеттердің орындалу­­ын бақылау;

Автобустар мен шағын автобустар салондарының санитарлық жағдайын, сыртқы және ішкі экипировкасының толық жиынтығының болуын, көшенің өту бөліктерінің жағдайын бақылау;

Орал қаласы әкімдігі жанындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;

Заңды және жеке тұлғалардың өті­ніштерімен жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойы- латын талаптар: «Техникалық ғылым­дар және технологиялар» (машина жа­сау, көліктік құрылыс, технологиялық машиналар мен құрал­жабдықтар (са­лалар бойынша), көлік, көліктік техника және технология), «Қызмет көрсетулер» (тасымалдауды, жол қозғалысын жә­­не көлікті пайдалануды ұйымдастыру), «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы), «Құқық» (құқықтану) немесе инженер­лік техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік немесе ортадан кейін­­гі білім.

Мемлекеттік-құқықтық сектор-дың бас маманы, Е-R-4 санаты /№1-9 0-15-3/, лауазымдық жалақысы қыз-мет өткерген жылдарына байланыс-ты 56 375,56 теңгеден 76 235,14 теңгеге дейін. ­­

Функционалдық міндеттері: Құқықтық мәселелерді қарау кезін­

де сотта және өзге органдарда мемле­кеттік мекеменің мүддесін белгіленген тәртіпте білдіру, мемлекеттік мекеме ­қызметінде заңдылықты сақтауды қам­тамасыз ету, бөлімнің құқықтары мен мүдделерін қорғау (заңды тұлға ретін­де).

Басшылыққа қол қоюға ұсыныла­­тын құжаттарды (бұйрық, нұсқаулық, келісімшарт және т.б құжаттардың жо­басы) дайындау және заңнама талапта­рына сәйкестігін қамтамасыз ету;

Өкімдік, ұйымдастырушылық­құқық­­ тық құжаттардың жобаларын дайын­дауға қатысу, құжаттардың, соның ішінде, мемлекеттік сатып алу бойын­ша құжаттардың заңды түрде сауатты ресімделуіне бақылау жасау.

Бөлімге түсетін нормативтік актілер­­дің жүйелі есепке алынуын және сақ­талуын ұйымдастыру;

Қолданыстағы заңнамаларды на­сихаттау бойынша шаралар дайындау және құқықтық оқытуды жүзеге асыру;

Құқықтық мәселелер бойынша қыз­­меткерлерге кеңес беру, түсіндіру, анықтамалар беру;

Келісімді міндеттердің тиісті мер­­зімде орындалуын бақылау;

Мемлекеттік мекеме атынан сотқа талап­арыздар беру;

Заңды және жеке тұлғалардың өті­ніштерімен жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойы-латын талаптар: «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі) мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік немесе ор­­тадан кейінгі білім.

Коммуналдық шаруашылық жә- не тұрғын үй қорын ұстау секторы- ның бас маманы, Е-R-4 санаты /№1-9 0-12-3/, Е-R-4 санаты /№1-9 0-12-4/ 2 бірлік лауазымдық жалақысы қыз- мет өткерген жылдарына байла-нысты 56 375,56 теңгеден 76 235,14 теңгеге дейін.­­­

Функционалдық міндеттері: Орал қаласының тұрғын үй­комму­­

налдық шаруашылық, жолаушы кө­лігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының, қала әкімінің, қала әкімі орынбасарларының отын­энергетика кешені, ПИК мәселелері бойынша оты­рыстарын дайындау;

Тұрғын үй қорын ұстау, жылумен ­қамту, сумен қамту, канализация желі­лерінің құрылысы, қала тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсетуді жақ­сарту және пәтер иелері кооперативі ­жұмысы бойынша алдағы және ағым­

дағы жоспарларды дайындауға қатысу;Келісімшарттық міндеттемелердің

орындалуын бақылау, жұмыстар сапа­сын тексеру;

Жылу маусымы жұмысына қалалық нысандардың дайындығын тексеру;

Қала тұрғындарын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мәсе­лелерін қарау;

Заңды және жеке тұлғалардың өті­ніштерімен жұмыс;

Қаланың үй тұрғындарының жина­лысын ұйымдастыру және қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойы-латын талаптар: «Техникалық ғылым­дар және технологиялар» (машина жа­сау, құрылыс, жылу энергетика), «Қызмет көрсетулер» (тасымалдауды, жол қоз­ғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) немесе инженерлік тех­­ никалық мамандықтар бойынша жоға­­ры кәсіптік немесе ортадан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талап-тардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жоғары білім;Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан

кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конс­­титуциясын, Қазақстан Республикасы­­ның «Қазақстан Республикасының Пре­­зиденті туралы», «Қазақстан Республи­касының Парламентi және оның депу­­таттарының мәртебесi туралы», «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі тура­­лы» Конституциялық заңдарын, Қазақ­­стан Республикасының «Мемлекеттік ­қызмет туралы», «Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртi­­бi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік­құқықтық актілерін, «Қа­­зақстан – 2050» Стратегиясы: қалып­­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағы­­ты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойын­­ша функционалдық міндеттерді орын­дау үшін қажетті басқа да міндетті бі­­лімдер;

Бөлімнің жетекші маманы, Е-R-5 санаты /№1-9 0-6/ лауазымдық жа-

лақысы қызмет өткерген жылда- рына байланысты 49469,25 теңге- ден 67 906,93 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Құжаттар қабылдау және тіркеу.

Құжаттарды құрылымдық бөлімшелер­ге жолдау, есепке алу, сілтеме жасау; Кіріс құжаттарды басшының уақтылы қарауын ұйымдастыру, қол қоюға ұсы­нылатын құжаттардың дұрыс ресімде­­луіне бақылау жүргізу. Мұрағат ісін жүргізу. Құжаттардың дер кезінде орындалуын бақылау, құжаттардың орындалу нәтижесі туралы басшыға тұрақты түрде ақпарат ұсыну, іс жүргі­­зу бойынша нұсқаулықты, іс номен­­клатурасын жасау, құжаттардың сақ­талуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойы- латын талаптар: «Білім» (қазақ тілі және әдебиеті), «Құқық» (құқықтану), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша жоғары кә­сіптік немесе ортадан кейінгі білім.

Қазақстан Республикасының Конс­­титуциясын, Қазақстан Республикасы­­ның «Қазақстан Республикасының Пре­зиденті туралы», «Қазақстан Республи­­касының Парламентi және оның депу­­таттарының мәртебесi туралы», «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қыз­мет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рә­сімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақ­ты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының норма­тивтік­құқықтық актілерін, «Қазақстан –­2050» Стратегиясы: қалыптасқан мем­­лекеттің жаңа саяси бағыты страте­гиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойын­­ша функционалдық міндеттерді орын­дау үшін қажетті басқа да міндетті бі­­лімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

­ өкілетті орган белгілеген нысан­дағы өтініш;

­ 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған са­уалнама;

бiлiмi туралы құжаттардың нота­­риалдық куәландырылған көшiрме­лерi, немесе өзге де заңдарда белгі­ленген тәртіппен куәландырылған кө­­

шірмелері /мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/;

­ еңбек қызметін растайтын құжат­тың нотариалдық куәландырылған кө­­шiрмесi, немесе өзге де заңдарда бел­гіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері /мемлекеттік қызметші­­лер тапсыратын құжаттарды олар жұ­­мыс істейтін мемлекеттік органдар­­дың кадр қызметі куәландыра алады/;

­ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітіл­ген (Қазақстан Республикасының нор­мативтік­құқықтық актілердің тізілімін­­де 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 ­болып тіркелген) нысандағы денсау­­лығы туралы анықтама;

­ Қазақстан Республикасы азама­тының жеке куәлігінің көшірмесі;

­ құжаттарды тапсыру сәтінде уәкі­летті органмен белгіленген шекті мән­­нен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертифи­кат қабылдау мерзімі конкурс өткізу ­туралы хабарландыру соңғы жариялан­ған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсы­рылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мер­зімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық адресіне жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының олар­ды қараудан бас тартуы үшін негіз бо­­лып табылады. Конкурсқа қатысу үшін ­құжаттарды электрондық пошта арқы­лы берген азаматтар құжаттардың түп­­нұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей бе­­реді. Осы құжаттардың түпнұсқасы бе­­рілмеген жағдайда, тұлға әңгімелесу­­ден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидат­тар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде конкурс жария­лаған Орал қаласының тұрғын үй­ком­муналдық шаруашылық, жолаушы көлі­­гі және автомобиль жолдары бөлімін­­де өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналаса­тын үміткерлер үшін көтерме ақы шы­ғындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Page 8: Орал Өңiрi №137

кеРуен САРАйСенбі, 9 қараша 2013 жыл8 [email protected]

Құттықтаймыз!Жол тәртібін жадыңда ұста Гагарин

атындағы балалар кинотеатрында жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) сақтау мақсатында қыркүйек айынан бастап қала мектептері бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен арнайы айлық өткізілген болатын.

Ұлағатты ұстаз, асыл жар, ардақты әке, мейірімді ата осы сөздердің бәрі бір ­ғана жанға тән. Ол – Жаңақала ауданы ­Қызылоба ауылының тұрғыны Нұрман-ғали Нұрғалиұлы ШӘРІПҚАЛИЕВ. Ас­­қар таудай әкемізді 60 жасқа толу мерей­тойымен құттықтағымыз келеді.

Өзгеге шын пейілін ұсынатын кеңдігі­­ңіз, ешкімнің ала жібін аттамайтын адал­дығыңыз, он саусағыңыздан тамған өне­ріңіз, мейірімділігіңіз, сабырлығыңыз, ең­­бекқорлығыңыз біз үшін тәрбие мекте­­бі бола білді. Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлық істеріңіз көп­­ақ. Сол істеріңізді әрқашанда үлгі тұтып жүреміз. Жүрегімізден ­жарып шыққан бар ізгі тілектеріміз өмірдегі ең қымбатты жан ­ әке өзіңе арналады.

Игі тілекпен: жарыңыз Ираида, балаларыңыз, немере-жиендеріңіз

Қазталов ауданының тұрғыны, сіңліміз, балдызымыз, нағашы апамыз Анаргүл ҒАББАСОВАНЫ 11 қарашада толатын мерейлі 40 жасымен шын жүректен құт­тықтаймыз!

Құтты болсын, туған күн, мерекеңіз, Ұзақ жасап, молайсын берекеңіз.Балаларыңыздың қызығына кенеліп,Әлі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: апаңыз Ұлғаным, жездеңіз Бақтығали және жиендеріңіз

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС «2014 ж. табиғатты қорғауға жасалған іс­шаралар жоспарына» қоғамдық тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды. Тыңдау: БҚО, Зеленов ауданы, Чеботарев ауылдық клубында 2014 жылдың 28 қарашасында сағат 11.00­де өтеді.

Қатысушыларды тіркеу тыңдау басталғанға 30 минут қалғанда жүргізіледі.Сіздің пікіріңізді [email protected] электрондық поштасына жіберуіңізді

сұраймыз.

“Қазақтелеком” АҚ филиалы - Батыс Қазақстан ОТд телекоммуникация желілерін дамыту бойынша жоспарланатын жұмыстар туралы хабарлайды

ҚР Экологиялық кодексінің (57­бап) талаптарына сәйкес, Батыс Қазақстан ОТД, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалану­­ды реттеу басқармасына мемлекеттік экологиялық сараптама ­жүргізу үшін келесі жоба бойынша жобалық құжаттаманы ұсынады:

“Бөрлі ауданы, Ақсай қ. 3­АТС­тен “Ақсай индустриалды пар­кіне” дейін ҚЖ құрылысы”. Барлық мүдделі азаматтар мен қо­ғамдық бірлестіктерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүру кезеңінде келесі мекенжай бойынша өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі:

Орал қ. Дамбовый тупик к­сі, 5/1, БҚО табиғи ресурстар жә­­не табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, тел. 8­7112­50­92­70, 50­32­99, факс: 50­35­75, 51­28­42.­

Баспасөз – 2014

2014 жылдың бірінші жарты-жылдығына облыстық газет-терге жазылу жалғасуда

“Орал өңірі” – 65428 “Приуралье” – 65429Байланыс телефондары: ­ «Қазпошта» АҚ БҚ ОФ­ның жазылу бөлімі 51­54­56­ «Курьер» ЖК­ның жазылу бөлімі 50­86­75, 51­36­03

«Федоровка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі №134, №132 2013 жылдың 2 қарашасында «Орал өңірі» қоғамдық­саяси газетіне са­наты E­G­4 (№ 1­1­9) «Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазым­­ға орналасуға байқау жарияланған хабарлама жарамсыз деп танылсын.

Айбек 1995 жылы Жалпақтал өңірінде дүниеге келіп, Ғ.Мол­дашев атындағы орта мектеп­­те білім алып, кішкентайынан ­спортқа жақын өскен. Ол 2004­2008 жылдары аудандық спорт мектебіндегі дзюдо күрес бөлі­­мінің жаттықтырушысы Ға­ділбек ­

Мақсаты ­ оқушылардың жол­­дан өту ережесін сақтап, бағдар­­шамнан, жолдан дұрыс өту тәсіл­дері және жолда көлік апатта­­рын болдырмаудың алдын алу.

Биылғы айлықтың ерекшелігі, «Ғажайып алаң» ойын шоуымен ­ерекшеленді. Бағдарламада кино­­театр әдіскерлерінің дайындауы­мен жол қауіпсіздік ережесі та­­қырыбында түрлі сұрақтар қойы­лып, ойындар ұйымдастырыл­­ды. Әсіресе, «Бағдаршам» ойыны балаларға үлкен әсер қалдыр­­ды, ойын барысында оқушылар жол белгілерімен таныс бол­ды. Шараға белсенді қатысқан оқушылар БҚО ІІД ӘПБ инспек­

торлары Нұртай Лезов пен Ди­нара Абдукаликованың қолынан арнайы мақтау қағаздарымен ма­­рапатталды. Шара соңында «Жол­­дос көмекке асығады» атты оқу­лық фильм көрсетілді.

Айлыққа қатысқан барлық оқу­­шылар жол қауіпсіздік ережесін ­

қатаң сақтаймыз деп ант қабыл­дап, «Жас жүргіншілер» атағына ие болды.

Айгүл ИМАНОВА, Гагарин атындағы балалар

кинотеатрының әдіскері,Орал қаласы

Жерлесіміздің жеңісіЖуырда Грекияның

Салоники қаласында өткен самбо күресінен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінде жерлесіміз Айбек Аймағанбетов 62 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Сатыбалдиевтің қарамағында жаттықты. Осы аралықта спорт­тың самбо, дзюдо, қазақша кү­рес түрлерінен аудандық, об­

лыстық жарыстардың жеңімпазы атанды. 2008 жылы Орал қала­сындағы спортқа дарынды ба­­лаларға арналған мектеп­интер­натына қабылданып, білімін әр­мен қарай жетілдірді.

Биыл Талдықорған қаласында өткен Қазақстан біріншілігінде ­самбо күресінен республика же­ңімпазы атанып, әлем біріншілі­­гіне жолдама алған болатын.

Айбектің алда әлі талай спорт­­тық додаларда еліміздің көк бай­рағын желбіретіп, Әнұранымызды асқақтататынына кәміл сенеміз.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,Жалпақтал ауылы,

Қазталов ауданы

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл оқиға биылғы 5 маусым кү­­ні орын алды. Қаланың қақ ортасында прокурор кө­мекшісін біреу ұрып кеткен. Тергеу жорамалы бойын­ша прокурор бейтаныс адамға машинасының жары­­ғы жанып тұрғаны жөнінде ескерту айтқан. Сотта­лушы сол үшін прокурордың көмекшісін автокөлігі­­нен шығарып алып, темірмен басынан екі рет ұрған ­да, бой тасалаған. Соның салдарынан жәбірленуші ­басынан және мойыномыртқа тұсынан жарақат алған.

Сотталушы қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін ҚР ҚК 103­бабы 2­бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жазасын жалпы режимдегі коло­нияда өтейтін болады.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Прокурорды ұрып, сотталдыОрал қалалық соты БҚО прокуроры

көмекшісінің соққыға жығылу ісі бойынша үкім шығарды.

Жол полициясынан түскен мәліметке қарағанда, апат салдарынан «Опельде» болған 2007 жылғы балдырған аса ауыр жарақатпен ауруханаға жет­кізілгенмен, есін жия алмай, көз жұмды. 2005 жыл­­ғы тағы бір өспірім мен 1984 жылғы А. есімді жолау­шы, аталған жүргізушінің өзі басынан және басқа жерінен алған жарақатпен Бөрлі аудандық ауруха­насына жатқызылды.

Елжан ЕРАЛЫ

Баланың обалына қалдыТаяуда Ақсай қаласындағы

Тихоненко мен Юбилейный көшелерінің реттелмейтін қиылысында бұдан бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылса да, соған қарамай рульге отырған «Опель-Фронтера» автокөлігінің 1984 жылғы жүргізушісі А. жол ережесін бұзып, «Мицубиси» автокөлігіне жол бермей, түйіскен.