Орал Өңiрi №134

12
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚСАяСи гАЗЕТ www.zhaikpress.kz Сенбі, 2 қараша 2013 жыл №134 (19895) + 7 0 С + 2 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] 20 ҚАДАМ АУЫЛ-АМАҚ 6 Тасқұдықтықтар тастүйін дайын 3 Орал өңірі Өндіріс өрге басты Қысқа-нұсқа . Қазанның 2431і күндері Куала Лумпур (Малайзия) қаласында өткен паралимпиялық Азия ойындарында ба тысқазақстандық спортшы Руслан Өте бәлиев жүзу спортынан қос бірдей алтын жүлдені жеңіп алды. . Кеше облыстық тарихиөлкетану музейінде ұлы күйшікомпозитор Құр манғазы Сағырбайұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Нарында күмбірлеген арынды күй» атты тарихи тағылымды кеш өтті. Оған өңірімізге белгілі күйшідомбырашылар, кол ледж, саз мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шара бары сында кешке шақырылған қонақтар ұлы күйшінің өмірі мен өнері жайлы тартымды деректерді ортаға салып, күйлерін орындады. . ҚМДБның облыстағы өкіл има мы Руслан Сұлтановтың бастамасы мен «Орал» медресесінің 15ке жуық шәкірті қан тапсырды. Алла разылығы үшін қолынан келген көмегін аямайтын шәкірттердің арамызда бары қуантады. «Кімдекім өмірінің ұзақ, ырыздығының «Полицей жазалаушы емес, халыққа қызмет көрсететін тұлға» молдығын қаласа, жақындарына қайы рымды болсын» дегендей, имамдар мен ұстаздарға, шәкірттерге көрсеткен жақсылығына сауап жазып, екі дүние нің бақытын нәсіп етсін! . Кеше Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде «Қазақ стан Республикасында 20122016 жыл дары онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру мақса тында мәжіліс өтті. Оған Қазақтың онкология және ра диологиялық ғылымизерттеу институ тының директоры К.Нұрғазиев баста ған мамандәрігерлер қатысты. Мәжілісте соңғы 9 ай бойынша ай мақтық онкологиялық қызметтің қоры тындысы, қатерлі ісікті ерте анықтау, маман дайындау, олардың кәсіби бі ліктілігін көтеру, оқутәжірибелік орта лықтар құру туралы мәселелер қарал ды. . Ақжайық ауданының Ақсуат ауы лында бірінші топ мүгедегі А.Шонае ваға кәсіпкерлердің көмегімен «DVD» қондырғысы алып берілді. Сондайақ маңайындағылардың жұмылуымен екі мүгедектің мал қоралары жөнделді, бес осындай жанға жарты қақына отындық ағаш түсірілді. Ақсуат ауылдық округінің әкімі Дәмелі Бекен мүмкіндігі шектеулі жандары бар алты отбасында болып, оларға түрлі сыйлықтар табыстады. . Мемлекеттік рәміздердің қолда ныс барысы тексерілген кезде еліміз дің айрықша белгілері саналатын мем лекеттік рәміздердің қолданысында олқылықтарға жол берілгені анық талған. Соның ішінде Елтаңбаның ор налыстырылуы мен көлемі, жарылып, түсі оңып кетуі сияқты жағдайлар орын алса, мемлекеттік Тудың да шеті сөгілген, ластанған жағдайлар тіркел ген. Бұл туралы Тасқала ауданы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасы ның мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның кеңейтілген отырысында облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Гүлдана Аргенова мәлім етті. Өз тілшілеріміз 4-5 Құттықтаймыз! Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерле- рі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен жеке құрамы Батыс Қазақстан облысының төл ба- сылымы «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұжымын осы басылымның 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! «Орал өңірі» қоғамдықсаяси газеті оқырманы ормандай облысымыздағы беделді басылымдардың бірі. Бүгінгі таңда еліміздің шежірелі тарихын, жа сампаз істерге толы бүгінгі тыныстіршілігін жазуда аталмыш газет қызметкерлері зор еңбек сіңіруде. Қай заманда да қалам ұстаған жандардың орны ерекше, олардың қоғамдағы көтерер жүгі салмақты екені белгілі. Осы жауапкершілікті «Орал өңірі» газетінің редакция ұжымы жете сезініп, жа зар дүниесінің мазмұндық жағын дұрыс зерде лей білді. Газет тілшілері қағілез қабілеті мен ерен еңбексүйгіштігі арқасында оқырмандардың ілтипа тына бөленіп келеді. Бір ғасырға жуық мерейтой қарсаңында редак ция ұжымына шығармашылық шабыт, еңбектеріне өрлеу тілейміз! Қайрат АҚТАНОВ, полковник, ҚР ІІМ ішкі әскерлер «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

Upload: -

Post on 28-Mar-2016

294 views

Category:

Documents


13 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: Орал Өңiрi №134

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ­САяСи гАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Сенбі,2 қараша 2013 жыл№134 (19895)

+ 7 0С

+ 2 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

20 ҚАДАМ

АУЫЛ-АЙ­МАҚ

6Тасқұдықтықтар тастүйін дайын

3

Орал өңірі

Өндіріс өрге басты

Қысқа-нұсқа. Қазанның 24­31­і күндері Куала­

Лумпур (Малайзия) қаласында өткен паралимпиялық Азия ойындарында ба­тысқазақстандық спортшы Руслан Өте­бәлиев жүзу спортынан қос бірдей алтын жүлдені жеңіп алды.

. Кеше облыстық тарихи­өлкетану музейінде ұлы күйші­композитор Құр­манғазы Сағырбайұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Нарында күмбірлеген арынды күй» атты тарихи тағылымды кеш өтті. Оған өңірімізге белгілі күйші­домбырашылар, кол­ледж, саз мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шара бары­сында кешке шақырылған қонақтар ұлы күйшінің өмірі мен өнері жайлы тартымды деректерді ортаға салып, күйлерін орындады.

. ҚМДБ­ның облыстағы өкіл има­мы Руслан Сұлтановтың бастамасы­мен «Орал» медресесінің 15­ке жуық шәкірті қан тапсырды. Алла разылығы үшін қолынан келген көмегін аямайтын шәкірттердің арамызда бары қуантады. «Кімде­кім өмірінің ұзақ, ырыздығының

«Полицей – жазалаушы емес, халыққа қызмет көрсететін тұлға»

молдығын қаласа, жақындарына қайы­рымды болсын» дегендей, имамдар мен ұстаздарға, шәкірттерге көрсеткен жақсылығына сауап жазып, екі дүние­нің бақытын нәсіп етсін!

. Кеше Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде «Қазақ­стан Республикасында 2012­2016 жыл­ дары онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру мақса­тында мәжіліс өтті.

Оған Қазақтың онкология және ра­диологиялық ғылыми­зерттеу институ­тының директоры К.Нұрғазиев баста­ған маман­дәрігерлер қатысты.

Мәжілісте соңғы 9 ай бойынша ай­мақтық онкологиялық қызметтің қоры­тындысы, қатерлі ісікті ерте анықтау, маман дайындау, олардың кәсіби бі­ліктілігін көтеру, оқу­тәжірибелік орта­лықтар құру туралы мәселелер қарал­ды.

. Ақжайық ауданының Ақсуат ауы­лында бірінші топ мүгедегі А.Шонае­ваға кәсіпкерлердің көмегімен «DVD» қондырғысы алып берілді. Сондай­ақ

маңайындағылардың жұмылуымен екі мүгедектің мал қоралары жөнделді, бес осындай жанға жарты қақына отындық ағаш түсірілді. Ақсуат ауылдық округінің әкімі Дәмелі Бекен мүмкіндігі шектеулі жандары бар алты отбасында болып, оларға түрлі сыйлықтар табыстады.

. Мемлекеттік рәміздердің қолда­ныс барысы тексерілген кезде еліміз­дің айрықша белгілері саналатын мем­лекеттік рәміздердің қолданысында олқылықтарға жол берілгені анық­талған. Соның ішінде Елтаңбаның ор­налыстырылуы мен көлемі, жарылып, түсі оңып кетуі сияқты жағдайлар орын алса, мемлекеттік Тудың да шеті сөгілген, ластанған жағдайлар тіркел­ген.

Бұл туралы Тасқала ауданы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасы­ның мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның кеңейтілген отырысында облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Гүлдана Аргенова мәлім етті.

Өз тілшілеріміз

4-5

Құттықтаймыз!Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерле-

рі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен жеке құрамы Батыс Қазақстан облысының төл ба-сылымы «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұжымын осы басылымның 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

«Орал өңірі» қоғамдық­саяси газеті ­ оқырманы ормандай облысымыздағы беделді басылымдардың бірі. Бүгінгі таңда еліміздің шежірелі тарихын, жа­сампаз істерге толы бүгінгі тыныс­тіршілігін жазуда аталмыш газет қызметкерлері зор еңбек сіңіруде.

Қай заманда да қалам ұстаған жандардың орны ерекше, олардың қоғамдағы көтерер жүгі салмақты екені белгілі. Осы жауапкершілікті «Орал өңірі» газетінің редакция ұжымы жете сезініп, жа­зар дүниесінің мазмұндық жағын дұрыс зерде­лей білді. Газет тілшілері қағілез қабілеті мен ерен еңбексүйгіштігі арқасында оқырмандардың ілтипа­тына бөленіп келеді.

Бір ғасырға жуық мерейтой қарсаңында редак­ция ұжымына шығармашылық шабыт, еңбектеріне өрлеу тілейміз!

Қайрат АҚТАНОВ, полковник, ҚР ІІМ ішкі әскерлер «Батыс»

өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

Page 2: Орал Өңiрi №134

АҚПАРАТСенбі, 2 қараша 2013 жыл

[email protected]

«Жұмыспен қамту – 2020» бағ­дарламасы аясында Переметный ауылындағы орталық балабақ­шаның күрделі жөнделуіне рес­публикалық бюджеттен 33 млн. 824 мың теңге жұмсалып, кәріз

Қос нысан –хАлыҚ игілігіне

Осы аптада ауданда күр­делі жөндеуден өткен қос нысан халық илігіне бер­ілді. Нысандар­ға жүр­гізілген жөндеу жұмысын сар­алап, ауданның әлеуметтік ба­ғытта қолға алынған іс­шар­алар­ бар­ысымен танысуға облыс әкімінің ор­ынбасар­ы Бақтияр­ Мәкен ар­найы келді.

күрделі жөнделуіне аталмыш бағ­ дарлама аясында республикалық бюджеттен 36, 9 млн. теңге бө­ лініп, игерілген. Талай бүлдіршін­ді өнер өлкесіне қанаттандырған шығармашылық ұжым осы уа­ қытқа дейін түрлі мекемелерді паналап келсе, енді өз алдына за­ манауи талапқа сай жабдықталған

● Елбасы тапсырмасы орындалуда

Биыл Алматының өнеркәсіп өндірісі көлемінің индексі артып, ол 104,45%­ды құрады. Жыл ба­сынан бері қаладағы өнеркәсіп ошақтары 500 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы ОКҚ ұйымдастырған кезекті баспасөз мәслихатында есеп берген Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

– Бүгінде әлемнің 40­қа жуық қаласында метрополитен қыз­меті пайдаланылады. Бұл өте тиімді жоба еместігімен және тым қымбатқа бағаланатындығы­ мен белгілі. Өйткені оны техни­

Метрополитен – қымбат жоба Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,«Орал өңірі»

калық қолдау, қаржыландыру, қа­ уіпсіздігін қамтамасыз ету деген секілді мәселелері шаш етектен.

Ал енді Алматы метросының жайына келер болсақ, қазіргі кез­ де бұл мекеме мемлекет тара­ пынан 2,5 млрд. теңгеге жуық субсидиялау негізінде қаржылан­дырылып келеді. Алдағы жыл­ дан бастап осы қаржыландыру көзін республикалық емес, қала­лық бюджетке алсақ па деген жоспарымыз бар. Оған қаланың экономикалық әлеуеті толық мүмкіндіктер береді. Тап осы күндері метромен тәулігіне 24 мың адам тасымалданатынын ес­ керсек, жұртшылықтың метро жолаушысы атануға бейімделіп, үйренісіп келе жатқандығы тү­ сінікті жайт, – деді Ахметжан Смағұлұлы.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жә­ не әлеуметтік бағдар­

ламалар басқармасының мәжіліс залында өткен шараға «Үздік сту­дент» аталымының жеңімпазы М.Өтемісов атындағы БҚМУ­дың студенті Мейрамгүл Ғалиева, «Ақылдылар» аталымында II орын алған нашар еститін балаларға арналған мектеп­интернат шәкір­ті Жібек Камалиева, «Жасампаз аталымында» II орын иеленген Сергей Ионов, «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында III орын алған сырымдық Ришад Жылқайдаров, «Алтын қауырсын» аталымынан III жүлдеге қол жеткізген Гүлбар­ шын Тілеуғалиева қатысып, бай­қаудан алған әсерлерімен, ой­ жоспарларымен бөлісті.

– Елбасымыздың тапсырма­сына сәйкес, мүмкіндігі шектеу­

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты байқауға Батыс Қазақстан облысынан барған 26 жерлесіміздің 5-еуі жүлдегер атанып қайтқанын жазған едік. Кеше олармен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен арнайы жайылған дастарқан басын-да кездесті.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ,«Орал өңірі»

Жеңімпаз-жүлдегерлерді ҚАбылдАды

лі жандарға мемлекет тарапы­ нан қамқорлық жасала береді. Солардың бірі – осы республи­ калық байқау. Күні бүгін еліміз­ді мекендейтін халықтың 3 па­ йызы мүмкіндігі шектеулі жан­ дар. Осындай байқаулар арқы­ лы сіздер бір­біріңізбен достаса­ сыздар. Байқауға барып, же­ ңіспен оралдыңыздар, бұл да – біздің облыс үшін үлкен мақта­ ныш. Баршаңызды жеңіспен құттықтап, әдейі осылай дастар­қан басында емен­жарқын пі­кірлессек деп жиналдық, – деді Бақтияр Мәкенұлы.

Бұдан кейін сөз алған байқау жүлдегерлері Астана сапары ту­ралы тартымды әңгімелеп берді. Кездесуде Сергей Ионов облыс әкімдігіне өзі салған картинаны тарту етсе, Бақтияр Мәкенұлы өз кезегінде оларға ескерткіш сый­лық тапсырды.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

ғимаратта жұмыстанбақ. «БСК Приоритет» ЖШС атқарған жөндеу жұмыстары нәтижесінде ғимарат адам танымастай кейіпке енген.

– Балалардың қызыққа толы, алаңсыз болашағына азаматтық үлесімді қосамын, – деген мерді­ гер Жанна Кенжина, нысанды тапсырып тұрып, өз қаражатына мектепке қажетті жиһаздар жиын­ тығын сыйға тартатындығын ай­тып, балаларды бір қуантып тас­тады.

Нысандарды асықпай аралап, жіті қадағалаған өңір басшысы­ ның орынбасары мердігер ұжым­дарға ризашылығын білдірді.

– Сеніп тапсырылған нысанды сапалы жөндеп, өз ісіне жауап­ кершілікпен қарайтын, ел алдын­дағы азаматтық парызын адал атқаратын азаматтарға әрдайым қолдау танытуға мүдделіміз, – де­ген Бақтияр Мәкенұлы нысан­

дардың халық игілігіне, балалар қуанышына ұзақ жыл қызмет ет­сін деген тілегін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары сондай­ақ аудан орталығында таяуда ғана ашылған «Нұр Отан» партиясы ғимаратына, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығына, аудандық ішкі саясат бөліміне, балалар туриз­мі мен экологиялық орталығына бас сұғып, жұмыс барысымен та­ нысты. Әр мекеме басшысымен саладағы жұмыс жайын талқы­ лап, ұсыныс­пікірлеріне қанықты. Аудан жастарының белсенді жұ­ мыстануына ұйытқа болып отыр­ған «Жас Отан» жастар қанаты­ның атқарушы хатшысы Аслан Нұрымовпен болған сұхбат ба­рысында жастармен жұмыстану­ дың жаңа әдіс­тәсілдерін ортаға салған Бақтияр Мәкенұлы өз та­рапынан жастарға ерекше қол­ дау білдірмек ойлары барын айт­ты.

– Шешімін күткен қандай өзек­ті мәселелеріңіз бар? – деген мейман 350­ден астам оқушы тәлім­тәрбие алып отырған Пе­ реметный орта мектебіне арна­йы барып, жағдайымен таныс­ты. Төбе жабыны әбден тозып, есік­терезесі ескірген ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қа­ жеттігін ескерген ол алдағы жыл­дың қаржылық жоспарына енгі­ зу үшін құжаттарын жинауды қол­ға алуды тапсырды.

Нұржан ДҮЗБАТЫР,Зеленов ауданы

Суреттерді түсірген Р.ХАЛЕЛОВ

жүйесі, есік­терезесі, едені мен электр жүйесі толықтай ауысты­рылып, жаңа күйге енді. Бөлінген қаражатты орынды жұмсап, тап­ сырманы тиянақтаған ПМК «Орал­строй» ЖШС болатын. Өңірге бел­гілі, жауапты мердігерлік ұжым­ ның жетекшісі Анас Галиев бала­ лар игілігі үшін жасалған істі ба­

рынша сапалы атқарғандығын айтады. 140 орынға арналған ба­ лабақшада балдырғандар 6 топ­ та тәрбиеленуде.

Сондай­ақ №1 балалар саз мектебі ғимаратының толықтай

ПолицейлергежАңА АвТокөлік

Кеше облыс әкімдігі тарапынан әмбебап поли-цейлерге ішіне «Автоура-ган» атты заманауи автоке-шен орнатылған «Тойота» шағын автобус тарту етілді.

Көліктің кілтін табыс еткен облыс әкімінің орын­басары Бақтияр Мәкен

Елбасы тапсырмасына сәйкес, полицияның материалдық­техни­ калық базасын жетілдіру ісі қашанда жергілікті атқарушы биліктің бас­ты назарында екенін айтты. Оның

және жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды жедел анықтауға мүмкіндік беретінін айтты. Ал бұл жағдай өз кезегінде полиция қызметінің сапасын арттырмақ.

Шара барысында облыстық ІІД­дағы әмбебап полицейлерге «Шкода» маркалы 20 жаңа авто­көлік берілді.

Өз тілшіміз

сөзінше, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі тарапынан алдағы жылы да қаржы бөлінбек.

Жергілікті билік тарапынан көр­сетілген қолдау­көмекке риза­шылығын білдірген облыстық ІІД басшысы Махамбет Абисатов бұл кешенді көлік қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіпсіздікті

Page 3: Орал Өңiрi №134

Сенбі, 2 қараша 2013 жыл3

[email protected]

20 ҚАдАМ

Алдағы жылы Сырым және Қа­ратөбе аудандары орталықтарын­да 160 көрермен орындығы бар дене шынықтыру­сауықтыру ке­шенін салу көзделіп отыр.

Облыс әкімдігінен түскен мәлі­метке қарағанда, ҚР Үкіметінің биылғы 28 тамыздағы мәжілісінің хаттамасымен мақұлданған 2014­2016 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджет жобасына сәйкес құрылыс қаржысының 70 пайы­зын республикалық, қалғанын об­лыстық бюджеттен бөлу жоспар­ лануда. Жоба­сметалық құжаттама­сын әзірлеу және құрылыс жүргізу үшін барлығы 266 млн. теңге қа­ жет. Қазіргі кезде жергілікті қазы­надан қаржы бөліне қойған жоқ. Бұл мәселе облыстық мәслихат­ тың таяудағы сессиясында қарал­мақ.

Қос кешенсалынбақ

Өз тілшіміз

Жаңғырған бағдарламалар жАлғАСын ТАбудА

Сәр­сенбіде Батыс Қа­зақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қор­ғау депар­таментінің ұйымдастыр­уымен «Жұ­мыспен қамту – 2020» бағ­дар­ламасы мен ҚР зейнет­ақы жүйесін жаңғыр­ту тақыр­ыбы бойынша ашық есік күнін өткізді.

Айша ӨТЕБӘЛІ,«Орал өңірі»

Бұған облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­

дарламалар басқармасы, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі­мі, қалалық жұмыспен қамту ор­талығы мекемелерінің өкілдері қатысты.

Жиынды жүргізген облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Берік­болат Нұржанов жиналғандар­ды ең алдымен әлеуметтік сала қызметкерлерінің күнімен құт­ тықтап, оздырылғалы жатқан ша­

раның маңызын түсіндірді. Об­лыстық жұмыспен қамтуды үй­ лестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасы халықты жұ­ мыспен қамту бөлімінің басшысы Мұнара Қапышева Елбасының тапсырмасына сәйкес халықты жұмыспен қамтуды мақсат еткен бұрынғы бағдарламаларға өзге­ рістер мен толықтырулар енгі­зілгенін айтты. Бүгінде бұл бағдарлама біздің өңірімізде тиісті деңгейде жүзеге асыры­луда. Аталмыш бағдарламаға 2011 жылдың 1 шілдесі мен 2013 жылдың 1 қазаны аралығында 16326 адам қатысқан. Қазіргі таңда бұл бағдарлама «Инфра­ құрылымды және тұрғын үй­ коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қам­туды қамтамасыз ету», «Ауыл­да кәсіпкерлікті дамыту арқы­ лы жұмыс орындарын құру жә­ не тірек ауылдарды дамыту» жә­ не «Жұмыс берушінің қажет­тілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үш бағытта жүзеге асырылуда. Бірінші бағыт бойынша облыста

әлеуметтік салада жүргізілген 42 нысан құрылысы мен жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 834 жаңа жұмыс орны ашылып, 429 адам жұмыспен қамту орталықта­ры арқылы жұмысқа жолданды. ІІ бағыт бойынша биыл жыл ба­сынан бері 602 адам 1075,0 млн. теңге көлемінде несие алды. Алынған несие қаржының 83%­ы мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды. Ал ІІІ бағыт бойын­ша биыл 2593 адамды оқыту жоспарланып, 2526 жас оқуға жолданды, солардың 1593­і бү­ гінде оқуларын бітіріп, алған мамандықтары бойынша жұмыс­қа орналасты. Сонымен қатар биыл 1 қазанға дейін әлеуметтік жұмыс орындарына 2223 адам жұмысқа тартылып, жастар прак­ тикасына 1936 жас түлек бастап­қы тәжірибе жинақтауға жібе­рілді.

Осы жиында сөйлеген облыс­тық жұмыспен қамтуды үйлесті­ру және әлеуметтік бағдарлама­ лар басқармасының бас маманы Ерболат Сағынов аталмыш бағ­ дарламаның оралмандар үшін өте тиімді екенін жеткізсе, атал­

мыш басқарманың бөлім басшы­сы, мемлекеттік еңбек инспек­ торы Бейімбет Мұқашев міндет­ті кәсіптік зейнетақы жарнасын түсіндіру мәселесі бойынша 37 кәсіпорында кездесу өткізілгенін айтты. Оның сөзінше, «Омега» прибор құрастыру зауыты», «Ба­ тыс Қазақстан машина жасау компаниясы» және «Зенит» за­уыты» АҚ секілді өңіріміздің ірі кәсіпорындарының қызметкер­лері мен жұмысшылары зейнет­ ақы жүйесіндегі жаңа өзгеріс­ терді толық қолдап, зиянды кәсіптер тізімін толықтыруға нақ­ты ұсыныстар жасаған.

Қалалық жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бө­ лімінің сектор меңгерушісі Бей­ біт Сүлейменов жыл басынан бергі жұмыс барысына талдау жа­ сай келіп, соңғы кездері Ақтау, Атырау қалаларындағы компа­нияларда жұмыс істейтіндердің қысқаруына байланысты жұмыс­сыздар санының өскенін айтты.

Шара барысында ашық есік күніне қатысушылар түрлі сұрақ­тар қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптарын алды.

Өзен, көлдерге мұз қататын уа­ қыт келді. Сондықтан тұрғындар­ дың сақтығы аса қажет. Осыған байланысты Ақжайық ауданын­ дағы Тайпақ балық инспекция­сы бөлімінің басшысы Ғайсаға­ ли Тұралиев, мамандар Берікқали Иманғалиев, Нұрлан Сұпығалиев, іс­жүргізуші Ақмарал Амангелді­ қызы ауылдарда сақтық дәріс­терін өткізуде. Тұрғындармен, ең­ бек ұжымдарымен жүздесулерде су қоймаларында сенімсіз мұздан жаяу да, көлікпен де өтпеу, өт­кен жылдарда қауіпсіздік ереже­лерін білмеуден болған қайғылы оқиғалар туралы айтылып, сұрақ­тарға жауап берілуде. Сақтық дә­рістері жүйелі түрде жалғасады.

Сақтансаң, сақтайды

27­30 қазан күндері Орал қа­ ласында үстел теннисінен «Орал ракеткасы – 2013» атты халықара­лық жасөспірімдер турнирі өтті.

Жарысқа Ресей Федерация­сы, Өзбекстан, Қазақстан Респуб­ликасының құрама командасы, Ақ­төбе қаласы мен Батыс Қазақстан облысының командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша ко­мандалық есепте жасөспірім ұлдар арасында І орын – Қазақстан, ІІ орын – Өзбекстан, ІІІ орын Ақтөбе қаласы спортшыларына бұйыр­ ды. Ал қыздар командасы бойын­ ша жүлделі орындар І орын – Өзбекстан, ІІ орын – Батыс Қазақ­стан облысы, ІІІ орын Ақтөбе қа­ласы болып бөлінді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Батыс Қазақстан об­лысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының дип­ ломдарымен, Қазақстан Республи­ касы үстел теннисі федерациясы­ ның медальдарымен және ақша­ лай сыйлықтарымен марапаттал­ды.

Халықаралық жарыс

Өндіріс өрге басты

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдар-ламасы шеңберінде мемлекеттен қолдау, көмек алып, өнім өндіруді жолға қойған өңірдегі компаниялардың бірі – «Стек-ло-сервис» ЖШС. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен кәсібі өркендеген осы кәсіпорынның өндірістік базасында болып, өндірістің тыныс-тірлігі-мен танысып қайттық.

Ағайынды Рубцовтар бизнес жолына бірден түскен жоқ. Алғашында

әкесінің басшылығымен шағын шеберханада тұрғындарға әйнек кесу қызметін көрсетіп жүрді. 1997 жылдан бергі уақыт ішін­де шағын шеберханадан ірі әй­ нек өңдеуші орталыққа айнал­ды. Компания әйнек пакеттерін, шыңдалған қауіпсіз әйнек өнім­дерін шығарады. Дамымайтын, алға ұмтылмайтын бизнестің болашағы бұлыңғыр болады де­седі. Ал «Стекло­Сервис» ­ үнемі ізденісте жүретін, модерниза­цияны сүйетін, алға ұмтылатын компаниялардың бірі. Компания әйнек нарығындағы жылт еткен жаңалықты өздеріне өндіріске

енгізуге тырысады. Жылу қуатын үнемдейтін әйнекті өндіріске енгізіп еді, одан кейін аптап ыс­тықта бөлмедегі қоңырсалқын ауаны сақтау қажеттігі туындады. Рубцовтар ондай әйнек пакетін де өндіріске енгізді.

Компания үдемелі индус­триалды­инновациялық бағдар­ лама шеңберінде «Термомық­тылығы күшейтілген әйнек өн­ дірісі» жобасын іске асырды. Бүгінде компания финдік «Tam­ Glass» фирмасының құрал­жаб­ дығын әкеп, орнатты. Жаңа жо­ ба бойынша қауіпсіз әйнек өн­дірісі жолға қойылды. 700 градус шамасындағы оттың қызуына шыңдалған әйнек әдеттегі қалып­ты жағдайынан 5­7 есеге мық­

ты болады. Әрі құрылысқа пай­даланылатын мұндай әйнек сын­ ған кезде де қауіпсіз, яғни өт­кір болмайды, түйіршік түрінде ыдырайды. Компания басшысы Аркадий Рубцовтың айтуынша, әйнекті шыңдайтын арнайы пеш қондырғысы ТМД елдерінің іші­нен бірінші болып алынған.

– Елімізде «Бизнестің жол кар­ тасы ­ 2020» бағдарламасы кәсіп­керліктің дамуына серпін берді. Бағдарламадан кәсіпкерлердің үркетін реті жоқ. Өйткені компа­ ния бүгінгі жетістікке осы бағ­дарламаның арқасында жетті. Жалпы шамасы 923,4 миллион теңгеге несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және 167,8 миллион теңге ша­

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

масында жетіспейтін инфрақұ­рылымды жүргізу бойынша қол­дауға ие болдық. Сондай­ақ бізге 371 миллион теңге шамасында кепілдендіру бойынша қолдау көрсетілді. Әйнек өнімдерін да­йындаудың салмақты кезеңіне аяқ бастық, – деді Аркадий Руб­цов.

Оралдағы әйнек өндіруші ком­ панияның өнімдерінің 50 пайы­зы Ресейге экспортқа шығады. Өнімнің қалғаны өз елімізде тапсырыстар бойынша тараты­лады. Компания жылына 1 млн. шаршы метр өнім шығарады. Жұмысшылардың жағдайы да басты назарда, олардың орта­ша айлық жалақысы 100 мың теңге шамасында және одан басқа да әлеуметтік пакеттер қа­растырылған. Компанияның ал­ ға қойған жаңа жұмыс жоспар­лары көп. Олардың орындалары сөзсіз.

● Елбасы тапсырмасы орындалуда

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБеТОВ

Page 4: Орал Өңiрi №134

СұхбАТСенбі, 2 қараша 2013 жыл

[email protected]

- Махамбет Хайыржанұлы, ағымдағы жылдың тоғыз айын-дағы жағдай бойынша облы-сымызда қылмыстық ахуал қай деңгейде?

­ Соңғы екі жылда әлемнің көптеген елінде қылмыстың ста­тистикалық саны екі және одан да көп есеге артқаны байқалады. Ол біздің республикамызға да, соның ішінде облысымызға да тән. Өңірімізде осы кезең аралығында қылмыс атаулысы 5 мыңнан 10 мыңға дейін немесе екі есеге артып отыр. Ағымдағы жылдың тоғыз айында қылмыс 20 пайызға артқан. Бұл ретте сөз қылмыстың статистикалық өсуінде болып тұр. Ал аса ауыр қылмыс, кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл, автомаши­на мен түсті металл ұрлау, тонау, соның ішінде ұялы телефонды то­нау сынды қылмыс түрлері едәуір азайып отыр. Яғни қабылдаған тиісті шаралардың нәтижесінде қылмыстың негізгі түрлері бойын­ша ахуал тұрақтанды. Қылмыстың өсу қарқыны азайғаны байқалады. Атап айтқанда, өткен жылдың тоғыз айында қылмыстың өсуі 88,0%, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 52,2%­ды құраса, бүгінгі таңда 20,0% деңгейінде. Сонымен қатар ауыр қылмыс (4,8%), аса ауыр қылмыс (7,4%), кісі өлтіру (13,6%), денсаулыққа ауыр зақым келтіру (22,7%), қарақшылық (13,0%), тонау (2,9%), ұялы теле­фондарды тонау (12,1%), алаяқтық (24,1%), автокөлікті ұрлап айдап әкету (50,0%), пәтер ұрлығы (2,5%), қалта ұрлығы (1,4%), мал ұрлығы (8,3%), түсті металл ұрлау (11,5%), автокөлік салондарынан ұрлау (19,0%) сияқты қылмыстардың ашылу көрсеткіші артуда. Біз пайызды арттыру үшін емес, кінәліні тауып, оны заң бойынша жазалау үшін бар күшімізді салу­дамыз.

- Жалпы, қылмыстың өсуіне не себеп, оны ауыздықтау бағытында қандай шаралар қолға алынып жатыр?

­ Қылмыс – бұл әлеуметтік көрініс. Оған объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Субъективті фактор – бұл есепке алу­тіркеу тәртібі, яғни кез келген оқиға туралы барлық арыз бен хабарламаны толығымен есепке алу. Бір жағынан, біз әрбір адам­ның конституциялық құқығын қам­тамасыз ете отырып, қылмысты есептен жасырмау үшін жаппай күресудеміз. Екінші жағынан, кез келген хабарламалар, тіпті ұялы телефондардың, еркін жайылыс­тан малдың жоғалуы (шекаралас Ресей аумағына өтіп кетуіне және түз тағыларына жем болуына бай­ланысты) бойынша да қылмыстық іс қозғайтын болдық. Өйткені поли­ция қызметкерлерінің ешқайсысы қылмысты есепке алмағаны үшін кінәлі болғысы келмейді. Ар­найы ұйымдастырған бригада­мыз өңіріміздің барлық елді ме­кенін аралап, кімнің, қай уақытта, қандай малы жоғалғанын біліп келді. Нәтижесінде өткен жыл­дары, тіпті 2005 жылы жоғалған, бірақ полицияға арызданбаған оқиғалар бойынша ағымдағы жы­лы 671 қылмыстық іс қозғалды. Ал бұрынғы жылдардағы оқиғалар бойынша қозғалған бұл қылмыс­тық істерді ағымдағы жылғы жал­пы қылмыстың өсу көрсеткішінің жартысы деуге болады (48,8%). Бұл жоғарыда айтып өткенімдей, облыстағы криминогендік жағ­дайдың нашарлауына және же­дел ахуалдың күрделенуіне емес, қылмыстың статистикалық өсуіне әкеп соқты.

Объективті факторға жұмыс­сыздық, аз табыс, маскүнемдік, нашақорлық, рецидив, балалар­дың қараусыз және қадағалаусыз

қалуы сияқты әлеуметтік себеп­тер жатады. Біздің облысымызда жұмыссыздар саны – 17144 адам, кедей отбасы – 1142 (шамамен 4800 адам), аз қамтылған отбасы – 15400 (шамамен 60000 адам), тұрмысы нашар отбасы – 392 (1568 адам), ішімдікке әуестер саны – 2108, нашақорлар – 613, бұрын сотталғандар – 1010, ішкі істер органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандар – 712. Сонда барлығы 88000 адам болады. Түрлі жағдайлар олардың заңбұзушылық әрекетін жасауға итермелеуі мүмкін, бұл санаттағы адамдар 10­12 мыңдай қылмыс жасауы ықтимал. Сондай­ақ объек­тивті факторға атыс қаруы және автокөлік сияқты қауіптілігі жоғары заттарға иелік ету де жатады. «Әрбір қару жылына бір рет өздігінен атады» деген сөз бар, яғни кез келген адам қарудан зардап ше­гуі немесе жол­көлік оқиғасының құрбаны болуы мүмкін. Қазір 16766 атыс қаруының иесі тіркеуде тұр, автокөлік иелерінің саны – 180000. Адамдардың өз мүлкі­не деген қарым­қатынасын да объективті факторға жатқызамыз. Мал ұрлығының 90%­ы олардың жайылыстан жоғалуымен бай­ланысты, турасын айтқанда, мал қараусыз жүреді. Кейбір адамдар бірнеше айлап малын көрмейді. Тергеу кезінде түрлі жағдайлар анықталады ғой. Мәселен, арызда­нушы өзінің малын көктемде да­лада жайылып жүргенін көреді, ал жоғалғанын күзде біледі, ең соңғы рет бір ай бұрын көрген болып шығады. Статистика бойынша об­лысымызда 1898 бақташы, 43 ерік­тілер жасағы, 148 қоғамдық кеңес бар. Сөздің шыны керек, олардың барлығы қағаз жүзінде ғана жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде құқық тәртібі мәселесімен полициядан басқа ешкім айналыспайды. Біз ақпан­наурыз айларында GPS­

Жүктеме 2­2,5 есеге артқаннан кейін, әрине, полицейлердің штат­тық саны жетіспейтіні сезіледі. Қазіргі таңда 118 патрульдік по­лицей (оның 76­сы Орал, 42­сі Ақсай қалаларына), 46 кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторы, 28 учаскелік поли­ция инспекторына қосымша штат енгізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Тергеушілер мен анықтаушы­лар екі есе жетіспейді. 86 учас­келік инспектордың тұрғын үйі жоқ, сол себепті олар қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерін­де тұрмайды, 195­і қызметтік автокөлікпен қамтылмаған. Бұл мәселелер таяуда, яғни 2 қазанда облыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Мәкеннің төрағалық етуі­мен аудан әкімдерінің, құзырлы орган басшыларының және жұрт­шылықтың қатысуымен өткен ке­ңейтілген кеңесте қаралды. Атал­ған мәселелер бойынша бірқатар шешімдер дайындалды, жуық ара­да олар бойынша жұмыстанатын боламыз.

- Бүгінде облысымызда 100 мың тұрғынға шаққанда неше полицейден келеді? Ал-дағы уақытта полиция қыз-меткерлерінің санын көбейту жоспарда бар ма?

­ Облыс тұрғындарының саны 621,3 мың адам болса, өңірдегі полиция қызметкерінің штаттық саны 2301 бірлік, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 370 полицей­ден келеді. Штат санын көбейту, оларды ұстау үшін қаражат бөлу мәселесін Үкімет шешуі тиіс. Мұның барлығы еліміздің экономикалық жағдайына және алдағы жылдарға арналған бюджетке байланысты.

- Жоғарыда полиция қызмет-керлерінің әлеуметтік жағдайы-нан аз да болса мәлімет бердіңіз.

полицияға емес, бірінші кезек­те құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, отандастарымыздың ты­ныштығы мен қауіпсіздігін сақ­тауға жұмсалуда. Бөрлі, Теректі және Шыңғырлау аудандары әкімдерінің қолдауымен біз жа­ңадан учаскелік полиция пункт­терін және Подстепный ауылын­да полиция бөлімшесін ашуды жоспарлап отырмыз. Өйткені Теректі ауданында жасалған қыл­мыстың жартысы осы аумаққа келеді. Учаскелік полиция инс­пекторлары адамдарға ең жақын жүретін және бірінші болып көмек көрсететіндіктен, оларды материалдық­техникалық жағы­нан қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасаудамыз.

- Қылмыстық және өзге де көрсеткіштер бойынша БҚО ІІД республикалық рейтингте қай орында?

­ Былтырғы жылдың қоры­тындысы бойынша 16 өңірлік ІІД арасында біз рейтингтік кестенің соңында, яғни төменнен санағанда екінші орында тұрдық. Ал бүгін біз барлық көрсеткіш бойынша төртінші орындамыз. Негізгі көр­сеткіштер, яғни ауыр және аса ауыр қылмысты ашу бойынша – бесінші; ұрлық, пәтер ұрлығы секілді орта ауырлықтағы қыл­мыстарды ашу бойынша – төртін­ші; қарақшылық шабуылын, мал ұрлығын, автомашинадан ұрлау қылмысын ашу бойынша – үшінші; кісі өліміне әкеп соққан жол­көлік оқиғаларын ашу бойынша – екін­ші; денсаулыққа ауыр зақым кел­тіру, бопсалау, бас бостандығынан заңсыз айыру, автомашиналарды ұрлап айдап әкету, есірткімен байланысты қылмыстарды және түсті металл ұрлау қылмыстарын ашу бойынша – бірінші орында­мыз. Яғни барлық негізгі позиция

Махамбет АБИСАТОВ:

Соңғы кезде елімізде, соның ішінде өңір­імізде қылмыс атаулының өскені байқалуда. Бұл құқық қор­ғау, атап айтқанда, ішкі істер­ ор­гандар­ының жұмысын одан әр­і жетілдір­уді, олар­дың тар­апынан қылмысты ашуда нәтижелі және тиімді тәсілдер­ді жан­жақты пайдаланылуын талап ететіні сөзсіз. Бұл бағытта батысқазақстандық полиция қызметкер­лер­і қандай шар­алар­ алып жатқандығы хақында облыстық ішкі істер­ депар­таментінің басшысы Махамбет Абисатовпен сұхбаттасқан едік.

трекерлердің көмегімен мал­ды бақылауды ұйымдастыруды ұсынған болатынбыз. Бірақ бұл қондырғы 1,8 млн. мал басының 9­ына ғана орнатылған. Пәтер ұрлығының төрттен үш бөлігі – бұл еркін кіру арқылы жасалған «кездейсоқ» ұрлық. Бүгінде 393 пәтер мен үй күзет дабылдарымен жабдықталған, бұл жалпы тұрғын үйлердің 0,2%­ын құрайды. Көп қабатты үйлердің подъездерінің жартысы (48%) домофонмен немесе қарапайым кодталған кілтпен жабдықталмаған. Гараж кооперативтерінің жартысынан астамы (56%) күзетілмейді, ал жартысында (49%) түнде жарық жоқ. Облысымыздағы 159 сая­жай қоғамында 17 мың саяжай үйі бар, бірақ олардың көбі (87%) күзетілмейді. Ақылы автотұрақ­тар жетіспегендіктен, бес көліктің төртеуі (79%) немесе 142 мың ав­томашина түнгі уақытта қараусыз көшелерге немесе аулаларға қо­йылады. Қылмыстың үштен екісі (65%) жарығы жоқ көшелерде, қараңғы жерлерде жасалады.

Ал олардың еңбекақылары үй-ішін асырауларына жете ме? Полиция бекеттерінің, әсіресе, ауылдық жерлерде учаскелік пункттердің материалдық-тех-никалық базасы қандай?

­ Елбасының, Үкіметтің қол­дауының арқасында полиция қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға көбейді. Бұл жалақымен лайықты деңгейде өмір сүріп, еліміздің игілігі үшін адал еңбек­тенуге болады. Тоқ адам – ол жан­жағына қол созбайды. Отыз жыл­ғы қызметімде мен полицияның қазіргі жарақтандырылуын бұ­рынғы Кеңес одағы кезімен са­лыстырғанда жер мен көктей дер едім. Бүгінгі сақшылар сол кезде біздің тіпті ойымызға кел­меген құрал­жабдықтармен қам­ тылған. Жоспарға сай материал­дық­техникалық базамыз нығаю­да. Осы ретте бізге қолдау көр­ сеткендері үшін облыс, аудан бас­ шыларына, мәслихат депутатта­рына, тұрғындарға алғысымды білдіргім келеді. Бөлінген қаражат

«Полицей – жазалаушы емес, халыққа

Page 5: Орал Өңiрi №134

Сенбі, 2 қараша 2013 жыл5

[email protected]

СұхбАТ

Сөйтіп, біз құқықтық, демократия­лық және әлеуметтік мемлекет қалыптастыруға өз үлесімізді қо­самыз.

- Сіз өмірлік және еңбек тәжірибесі бар, жоғары білік-ті маман ретінде осы саланың арнайы оқу орындарын бітіріп келіп жатқан жас мамандардың білімі мен біліктілік деңгейін қалай бағалайсыз? Жалпы БҚО ІІД мен полиция қызметкерле-рін дайындайтын оқу орында-ры арасында қаншалықты бай-ланыс бар?

­ Біле білсеңіз, аға буын өз кезе­гінде жастарға бұл кәсіпті ұрсып үйреткен, бізге де ұрысқан. Бұл барлық кезеңдегі ұрпаққа тән қасиет десе де болады. Мен бұлай істей алмаймын. Алла Тағаланың өзі «Уақытты кінәламаңыз, уақыт – бұл мен» деген екен. Әр заманның өзіне тән адамы бар. Олардың жұмысқа, өмірге деген өзіндік көз­қарасы болады. Барлық кезеңде жалқаулар да, ауыр жүкті жалғыз өзі көтеріп жүре беретін іскер­лер де, солардың екі ортасында жүретін адамдар да болған. Мұн­дай адамдар ведомстволық және жоғары оқу орындары түлектері­нің арасында да бар. Барлық адам бірдей емес. Басшының міндеті – қарамағындағы қызметкердің жақсы қасиеттерін тану және оларды жетілдіру. Егер ол бір істе ақсайтын болса, екінші істе жақсы немесе үздік болуы мүмкін. Бүгінгі таңдағы жас полицейлер көп мүмкіндікке ие. Қазір ғылым да, техника да кеңінен дамып, жаңа технология, жаңа білім пай­да болды. 1920 жылы милицияда мынадай ереже болған екен: «Бас­ты қару – бұл ми, бұл қару өзіне сай болуы үшін ол білімге толы болуы тиіс». Ол әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Сондықтан өз

ісінің қас шебері атану үшін әрбір полицей ҚР ІІМ академияда білім нәрімен сусындап, ынталылық пен ұқыптылыққа үйренуі қажет. Жас маманның білім деңгейі ЖОО­дағы оқыту сапасымен байланысты. Ал оның кәсіби маман атануы, яғни ол кабинетте отырып, теоретик болып қалады ма, әлде «бірінші нөмірде» жұмыс жасаудан тайсал­май, жауапкершілікті өзіне алып, кәсібінің нағыз шебері атана ма, ол тек өзіне байланысты.

Басқа оқу орындарымен салыс­тырғанда ІІМ­ның ведомстволық оқу орындары кәсіби тыңшылар­ды, тергеушілер мен криминалис­терді дайындап, оларға басқа оқу орындарында үйретпейтін жабық пәндер бойынша білім береді. Сондықтан өз өмірін адамдардың тыныштығын сақтау сияқты игі іспен байланыстырғысы келетін жастарды біздің ведомстволық оқу орындарына түсуге шақырамын. Диплом алғаннан кейін оларға қайта оқудың қажеттілігі болмай­ды. Департамент академиямен және басқа да оқу орындарымен тығыз байланыста. Жаңаша ой­лайтын, заманауи білімі мен білігі бар әрі адал тәртіп сақшыларын күтеміз.

- Енді жеке өзіңізге қатысты сұрақ қойғым келеді. Сіз бала кезден тәртіп сақшысы бо-луды армандадыңыз ба, енді балаларыңыздың немесе неме-ре-жиендеріңіздің де полицей болғанын қалайсыз ба?

­ Шынымды айтсам, бала ке­зімде мұндай арман болған жоқ. Шамамен 9­сыныптан бастап ми­лицияға деген қызығушылығым пайда болды. Біз Гурьевте, сол кезде аңыз адам болған генерал Наурыз Өтегеновпен бір подъез­де тұрдық. Наурыз Әлжанұлы қатал, бірақ әділ адам еді. Менің туыс ағам қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы болып істеді.

Тағы да екі ағам, олардың достары және көршілерім де осы салада қызмет етті. Олардың түн демей, күн демей шақырту бойынша үн­түнсіз кеткендерін, тәуліктеп үйде болмайтындарын, келгеннен кейін жұмған ауыздарын ашпай жүргендерін жиі көрдім. Арты­нан қалада кісі өлтіру оқиғасы орын алғанын, қылмыскерлердің ұсталғанын, ерлік танытқан адам­дар туралы еститінмін. Ерлік танытқандардың арасында аға­ларымның, көршілерімнің болға­нына мақтанатынмын. Соларға еліктейтінмін. Бір сөзбен айтқан­да, барлық бала сияқты мені де қылмысты іздестіру саласына ро­мантика алып келді. КСРО ІІМ­ға қарасты Қарағанды жоғары ми­лиция мектебін тәмамдап, жұмыс­қа кіріскеннен бастап романтика бітті. Қылмыстық іздестіру, яғни милицияның жұмысы өте күрделі, уақыт, демалыс дегенмен реттел­меген, рақымы аз, бірбеткейлік пен құлшыныстан тұратын ауыр еңбек екенін түсіндім. Ал бұл ма­мандықты басқаша түсінген адам­дар қылмысты іздестіру саласында ұзақ тұрақтамайды.

Бүгінгі таңда қоғамымызда қаншама жаңа әрі қызықты ма­мандықтар бар. Сондықтан шы­нымды айтайын, мен балаларым мен немере­жиендерімнің тағ­дыры полиция қызметімен бай­ланысты болғанын қаламаймын. Бірақ олардың пешенесіне не жазылғанын кім білсін? Егер маң­дайына осы саланың қызметкері болу жазылған болса, мен қалай қарсы тұра аламын? Әкем де менің медицина саласының маманы бо­луымды қалаған еді.

- Қолыңыз бос кезде немен айналысасыз, хоббиіңіз не?

­ Бос уақытым жоқ. Егер болған жағдайда, спортпен, аквариумдағы

қызмет көрсететін тұлға»балықтарды күтіп­баптаумен, та­рихи кітаптарды оқумен айналы­самын.

- Қарапайым халықтың ара-сында жиі боласыз ба?

­ Мен күн сайын адамдардың арасында жүремін. Әр аптаның жұмасында азаматтарды қабыл­даймын. Мәселен, биыл қабыл­дауымда 147 азамат болды. Өзімнің міндетім мен өкілеттігім шеңберінде оларға көмектесуге тырыстым. Ағымдағы жылы об­лыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге барлық ауданды аралап шықтым. Халықпен кездесу, сөйлесу кезін­дегі көтерілген мәселелерді шешу бағытында жұмыстанудамыз.

- Ел азаматы ретінде сізді қоғамымыздағы қандай мәселе толғандырады?

­ Бәрі де, атап айтқанда, та­риф, баға, жылу, жол, медицина, құқық тәртібі, жастар, мәдениет және басқа да мәселелер бейжай қалдырмайды. Бірінші кезекте мен елімнің қарапайым ұлымын, содан кейін ғана құқық қорғау органының қызметкерімін.

- Адам бойындағы қандай қа-сиеттерді бағалайсыз, қандай-ды жек көресіз?

­ Адамның бойындағы жаман қасиеттерді кім жақсы көрсін?! Мен де адамгершілікті бағалай­мын. Жұмыс бойынша айтар бол­сам, ашықтық, еңбексүйгіштік, кәсібилік, құзыреттілікке мән беремін. Ал екіжүзді, жағымпаз, қолының сұғанағы бар және арам ниетті адамдардан аулақ жүруге тиіспін.

Сұхбаттасқан Сәкен МҰРАТҰЛЫ

Қырық тәулікке қамалды

Бөрлі ауданы мамандан-дырылған әкімшілік соты-ның қаулысымен Ақсай қа-ласының тұрғыны өз қызын ұрғаны үшін айыпты деп та-нылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 38 жасар ер адам діни салт­ғұрыпты ұстануды өз отбасынан талап еткен. Алай­да оны қызы тыңдамай, мек­тепте сабақ кезінде орамалын шешіп алған. Осынысы үшін әкесі қызын тәртіпке шақырмақ болған. Әңгіме үйлеспей, әкесі қызын белбеумен ұрған.

Сот ер адамды ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 79­3­бабы 2­бөліміне сәйкес қызына қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салған деп танып, оны 40 тәулікке қамау туралы қаулы шығарды. Оның үстіне қыз қазір кәмелетке толмағандардың уақытша бе­йімделу орталығында тұрып жатыр. Соған байланысты әке­шешесінің ата­аналық құқығы шектелді.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Заңсыз есiрткi сақтау

Ақтау ауылының А. есімді тұрғыны өз үйінің ауласында «Жабайы қара сора» өсімді-гін егіп, қыркүйек айының басында оның жартысын жи-нап, үш қапқа салып, шаруа-шылық қорасында сақтаған. Тасқала АІІБ-ның қызмет-керлері қораға жасырған улы шөпті тауып, тәркіледі.

Тасқала аудандық сотының қаулысы бойынша А. ҚР ӘҚБтК­ның 320­бабы 1­1­бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 тәулік­ке әкімшілік қамауға алынды. Тасқала АІІБ­ның заттай дә­лелдемелерді сақтау қойма­сындағы барлығы 3 683,7 грамм болатын «кептірілмеген мари­хуана» қаулы заңды күшіне ен­геннен соң жойылады.

М.ЖАҚЫПОВ,

Тасқала аудандықсотының бас маманы

бойынша алға жылжу бар. Біз батысқазақстандықтардың өмірі қауіпсіз әрі тыныш болуы үшін одан әрі жұмыстанатын боламыз.

- Бүгінгі таңда ішкі істер органы саласындағы өзекті мәселе қандай, оларды шешу бағытында қандай шаралар алынуда?

­ Басты мәселе – бұл халықтың сенімі. Көпшіліктің сенімін ақтау үшін шынайы қызмет ету керек. Біз Кеңес одағы заманындағы­дай жазалаушы емеспіз, халыққа қызмет көрсететін қоғамның бір бөлшегіміз. Яғни полиция қыз­меткері ­ құқық қорғау саласы бойынша қызмет көрсету үшін халық жалдаған тұлға. Сол себеп­ті әрбір полицей жауапкершілікті сезініп, өз міндетін сапалы орын­дауы керек. Нақтылап айтсам, ішкі істер органы қызметкері күн са­йын адамдарға көмек қолын созуға, олардың қайғы­қасіретін бөлісу­ге, кінәліні тауып, қатігездікті заң бойынша жазалауға, сөйтіп, әділ­дік орнатуға дайын болуы тиіс.

Page 6: Орал Өңiрi №134

Ауыл-АЙМАҚСенбі, 2 қараша 2013 жыл6 [email protected]

Округ аймағында «Тінә­ лі», «Алатау» Агро» ЖШС­ лары жұмысын жалғас­

тыруда. Қали Әжіғалиев жетек­шілік ететін «Тінәлі» ЖШС 4500 гектар алқапқа бидай егіп, өнімін

Елтай ауылдық ок­р­угі ­ етек­жеңі кең ел қоныстанған ежелгі мекен. Заман жаңар­ып, ел ер­кін­дікті сезінгеннен бер­і «тәуір­ тұр­мыс» іздеп, халықтың қалаға көшуі «модаға» айналды. Туған топыр­ақтан тамыр­ын үзгісі келмеген 103 шаңыр­ақ ауылдық окр­угте тұр­ақтап қалды. Осы 103 үйдің 90­ы окр­уг ор­талығы Тасқұдыққа тие­сілі болса, 10­ы ­ Алатау елді мекенінде. Алатауда бастауыш мектеп және бала тәр­биеленетін шағын ор­талық жасап тұр­.

ғанын, 28 нүктеден су берілеті­ нін де жеткізді. Ауласында бау­бақша өсіріп, қысқа көкөніс да­ йындап алуда Ләззат Ақмол­даева, Болат Сахипов, Асылбек Сақтағалиев, Іңкәр Мұхамбетжан сияқты тұрғындардың ісі өнеге екен. Гүлайым Саркееваның ша­ ғын азық­түлік дүкені ауыл тұр­ ғындарының керек­жарағын қам­туға жарап тұр. 49 отбасы көгіл­ дір отынның қызығын көріп отыр­са, тағы 19 үй қосылуын күтіп отыр екен.

Ауылда жекелеген жүргізуші­лерден басқа «Ақсай­Сырым» ав­ тобусы ауданға қатынайды. Мә­дениет үйі, орта мектептің жылы­ ту жүйелері жылыту маусымына жіті әзірленген. Яғни тасқұдық­ тықтар қыр астындағы қыстан қы­сыла қоймайтын сияқты.

Махмет ҚАЖИАХМЕТОВ,Сырым ауданы

дандырумен айналысып отыр. Жалпы, округ тұрғындарының ба­ғымында 927 ірі қара, 428 жылқы, 1642 қой­ешкі бар. Алдағы қысқа жоспардағы 25920 тоннаның ор­нына 28000 тонна шөп дайын­

жинап алды. Округ бойынша 12 шаруа қожалығы бар.

Соның ішінде «Берік­2» шаруа қожалығы 650 гектарға бидай, 50 гектарға арпа ексе, «Мақарша» шаруа қожалығы 110 гектар жер­ ге бидай, 40 гектарға арпа егіп, орташа өнім алған. «Қара бура», «Дәурен» шаруа қожалықтары ірі қара малдарын өсірумен, асыл­

далып алынған. Жем, егін еккен шаруалардан ауысады деп кү­ тілуде. Жеке малдардың жазғы бағымы ұйымдастырылып, жайы­лым тиімді пайдаланылғанын, осы кезге дейін 7 адам жұмысқа орналастырылғанын айтқан округ әкімі Сәлімжан Қыдыралин. Тас­ құдық ауылында ауыз су қондыр­ ғысы қалыпты жұмыс жасап тұр­

Айталық, биылғы қазан айы ішінде Сайқын ауылының ардагерле­

рімен екі мәрте басқосу ұйым­ дастырылды. Бірінші басқосу айдың бас кезінде аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлының баста­ масымен қонақасы беру ретін­де өткізілсе, екіншісі айдың аяқ кезінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі мен

КөңілдердіМАРҚАЙТҚАн кеш

Шыны кер­ек, қар­иялар­ үшін басқа айлар­ға қар­ағанда қазан айының ор­ны бөлек, мер­ейі үстем. Өйткені осы ай ішінде дәстүр­лі қайыр­ымдылық акциясы аясында олар­­мен түр­лі басқосу, кездесу шар­алар­ы оздыр­ылып, құр­­ мет көр­сетілді.

кигізіп, басына орамал тартты. Мерейтой иелері айтулы бас­қосуды ұйымдастырып отырған аудан әкімі мен ұжым басшыла­рының атына алғыс айтып, риза­шылықтарын жеткізді.

Шараның ең қызықты тұсы – теннис, шахмат, дойбы, асық ой­ нау, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындарымен ұштастыра жүргізу болды. Сондай­ақ қариялар шең­ берді айналдыру, секіргішпен

ТасқұдықтықтарТАСТүЙін дАЙын

Соның арқасында бұдан үш жыл бұрын жеңіл ав­токөлік, ал өткен жылы

жер алып, көлемі 120 шаршы метр болатын «Ақбота» шағын сауда үйін

Тайпақ ауылдық окр­угінде шағын бизнесті дамыту жүйелі түр­де жүзеге асып келеді. Осында ер­лі­зайыпты Махует, Алмагүл Ізбасар­овтар­ көп жылдан бер­і сауда­сат­тықпен айналысып, тәжір­ибе де, қар­ажат та жинаған еді.

Шағын кәсіпті

кешектің басым бөлігін Алматы, Бішкектен әкелеміз. Негізінен, тү­ріктік киімдер мол сұранысқа ие. Екі адамды жұмысқа алып отыр­мын», ­ дейді Алмагүл.

– Ет сату – ежелгі кәсібім. Шар­уа қожалықтарын аралап, өзімнің жеке жүк көлігіммен мал саудалай­мын. Әрине, қоңды болғаны жақ­ сы. Сонымен қатар сойылар мал­дың барлық құжаттарын қадаға­лап аламын. Біреудің малы бо­ лып, ыңғайсыз күйге түсер жайым жоқ. Союға, тасуға көмектесе­ тін жігіттерім бар. Төрт қыз тәр­ биелеп өсірдік, оқыттық, алдын ұзаттық. Бәріне де еңбек керек, қаржы керек. Адал еңбегіміздің жемісін көрсек деген ойда жүре­міз, ­ дейді Махует.

Ет сататын орын шағын болға­нымен, керек жабдықтың бәрі бар. Ет ілетін ілгіш, тоңазытқыш, үлкенді­кішілі таразы, қол жуа­ тын орын талапқа сай келіп тұр.

Ауылда ет сатумен айналыса­тын Рая Даумоваға да жолықтық. 38 жыл сатушы болған ол қазір же­ке кәсіпке иек артып отыр. Мұнда да ет сату тәртібі жан­жақты сақ­талады. Жалпы, өзіңе де, өзгеге де пайдасы мол жеке кәсіптің бұл түрі тайпақтықтарға таныс әрі пай­далы.

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ,Ақжайық ауданы

салып алды. Оған жылыту жүйесін жүргізді, газ жеткізді. Бір жағы киім­кешек, бір жағы ет сататын дүкенге лайықтап жабдықтаған оған келушілер қарасы көп. «Киім­

дөңгелеТкендеР

аудандық демалыс орталығы, «Нарын жастары» жастар қо­ ғамдық бірлестігі, әділет басқар­ масының бірлесе ұйымдасты­ руымен аудандық мәдениет үйі­нің фойесінде спорттық ойын­ дар түрінде өткізілді. Ардагер­лерге «Қош келдіңіздер!» ай­ тып, құттықтау сөзді бөлім бас­шысы Әлібек Айтқалиев алды. Қазан айының соңғы онкүнді­ гі елімізде салауатты өмір сал­тын қалыптастыруға бағыштал­ған екен. Соған байланысты ау­ дандық аурухананың дәрігер­эн­докринологы Н.Нүркенова «Дұ­ рыс тамақтану негіздері» тақы­ рыбында дәріс оқыды. Қария­лардың арасында жастары сек­ сеннен асқан ерлі­зайыпты Мақ­ сотов Мүбарак ағай мен Мақсо­ това Жамиға апай ерекше на­зарда болып, бөлек марапатқа ие болды. Тура сол күні олар­дың отау құрғанына 60 жыл тол­ ған екен. Аудандық әділет бас­қармасының бас маманы Октя­брина Молдағалиева оларды гауһар тойларымен құттықтап, отау иесіне көйлек, тақия сый­ласа, жұбайының үстіне қамзол

(скакалка) секіру ойындарына қатысып, арқан тартудан өзара сынға түсті. Әр ойын түрінің же­ңімпаздары сыйлықтармен және мадақтама қағазымен марапат­талды. Бір кезде түрлі ойындар­ ға атсалысып, гимнастикалық жат­тығулардан денелері бусанған қариялар саусақтары сыртылдап, буындары былқылдап, «Қара жорға» биінің иін қандыра би­леді. Шара үлкендердің құрме­тіне жайылған дастарқан басын­да жалғасты. Мұнда да олар тағылымды әңгімелерін айтып, жарасымды әзіл­қалжыңмен ой­нап­күліп, көңілді отырды, сы­зылтып ән де салды. Аудандық демалыс орталығының өнерпаз­ дары қариялардың құрметіне ән салып, күй шертіп, шараның өн бойын өнерлерімен өрнектеп отырды. Осынау құрметтен ай­ тарлықтай әсер алған қариялар бой сергітіп, сый­жоралғыларын қоса алып, көңілдері марқайып, риза болып тарасты.

А.ХАМЗИН,Бөкей ордасы ауданы

Page 7: Орал Өңiрi №134

дәулеТСенбі, 2 қараша 2013 жыл[email protected] 7

Өткен тамыз айында Елбасымыз бар­лық деңгейдегі әкімдер­дің халыққа есеп бер­у кездесулер­ін өткізу тур­алы Жар­лыққа қол қойғаны белгілі. Бұл үр­діс ауыл әкімдер­інің сайлауы өткеннен кейін жер­гілікті өзін­өзі басқар­уды жетілдір­у жұмыстар­ының қисынды жалғасы болып табылады.

Мақсаты айқын МАхАМбеТ

Ауылдарға дем береді Пер­еметный ауылындағы Юр­ий Кар­кула басшылық жасайтын

«Кәсіпкер­­Бір­лік» шағын несие ұйымы өз жұмысын Зеленов, Тасқала аудандар­ы мен Ор­ал қаласы маңындағы ауыл тұр­ғындар­ына, ауыл шар­уашылығы тауар­ өндір­ушілер­іне 100 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейінгі көлемде шағын несие бер­уден бастады. Бұл ұйым «ҚазАгр­о» ұлттық басқар­ушы холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын «Ауыл шар­уашылығын қар­жылай қолдау қор­ы» АҚ ар­қылы мемлекеттік несиелер­ді ауылдықтар­ға жеткізуші болып табылады. Құр­ылғаннан бер­гі 6 жыл ішінде ұйым бір­ мыңдай адамға 386 миллион теңге шамасында шағын несие бер­ді. Бүгінде оның несиелік пор­тфелі 82 миллион теңгені құр­айды.

«Кәсіпкер­Бірлік» ШНҰ мал және өсімдік шаруашылықтарын дамытуға, ауылдағы өзге де кәсіпкерлікті өркендетуге бағыт­талған мемлекеттік несиені шаруа адамдарына 14,5 пайыз­бен береді. Несие алуға тапсы­рылатын құжаттар қарапайым әрі ұйымның кепілдік саясаты икемді. Несие қаржысы мем­лекеттік болғандықтан, несие алушы несие алғаннан кейін үш ай ішінде ШНҰ алдында несие­ні пайдаланғаны жөнінде есеп береді. Несиелеу ұйымының қызметкерлері де үш айдан соң кепілдік мүліктің сақталуын және несиенің мақсатты қолданылуын тексереді. Ұйым мен несие алу­шылар арасында өзара түсіністік қалыптасқан. ШНҰ­ның дирек­торы Юрий Виталийұлының өзі осы өңірдің тұрғыны, сондықтан ауыл­аймақтағы тұрғындарды жақсы таниды. Сондай­ақ жер­гілікті әкімдіктермен байланыс орнатып, кімнің қандай шаруаға,

қанша көлемде несие алғысы ке­летінін алдын ала құлақтанып отыратынын жасырмайды. Содан да шығар, клиенттер тарапынан қарызды өтеуде түйткілдер болған емес. Қайта көбінің несие алуға қайыра келетіні үйреншікті дағдыға айналған. Ұйымнан үш немесе төрт мәрте несие алғандар жеткілік­ті. Мысалға, Калинин ауылының тұрғыны Айтуар Ғабдушев шағын несиені ең бірінші болып алды. Ол шағын несиені ірі қара мал сатып алуға жұмсады. Қарызын мерзімін­де жапты. Қазір мал өсіріп отырған Айтуар Қалетұлы бесінші мәрте шағын несиеге қол жеткізді. Оның пікірінше, кепілзатқа екі шұқып, бір қарайтын кірпияз банктердің қымбат несиесінен қасындағы ша­ғын несие ұйымының арзан несиесі әлдеқайда тиімді.

Зеленов ауданындағы Калинин, Зеленый, Железнов ауылдарының тұрғындары – ШНҰ­ның белсенді клиенттері. Бірқатар тұрғын мал шаруашылығын дамытуға, сүтті

сиыр, жас мал, талпақ танау және мал азығын сатып алуға несие рәсімдеді. Зеленый ауылының тұр­ғындары жеке аулаларында сүтті сиыр ұстап, оның өнімдерін Орал қаласына апарып, базарларға шы­ғарады. Солардың бірі ­ Владимир Якобнюктің отбасы. Отбасылық бизнестің өркендеуіне несие ұйымының шарапаты тиді. Олар төрт мәрте шағын несие алды. Жолаушы тасымалымен айналыса­тын калининдік Құрманғали Көші­баев лизингке шағын автобус са­тып алуға несие рәсімдеді. Соңғы бірер жыл ішінде несие ұйымының көмегімен 10 шақты жаңа жұмыс орны ашылды. Айтар болсақ, жаңа кәсіпкерлік нысанының жұмысын жолға қою үшін переметныйлық Наталья Филимонова ұйымнан екі мәрте несие алды. Ол несие­лік қаражатына қажетті құрал­жабдық сатып алып, шаштараз са­лонын ашты. Ал көршілес Тасқала ауданының тұрғыны Валерий Пя­тин шағын несиеге фото шеберха­

на ашты. Переметныйлық Виктор Чернышев көлік жөндейтін шебер­ханасына «Кәсіпкер­Бірлік» ШНҰ­ның несиелік қолдауымен көлік жөндейтін арнайы жабдық сатып алды. Мұндай мысалды ұзарта бе­руге болады.

ШНҰ­ға ауылдардағы дүкендер­дің қожайындары да шағын не­сиемен қамтылуда. Олар несие қаражаты есебінен айналым қа­ражатын толықтыруды, қажетті жабдықтар сатып алуды мақсат етеді. Өңірдегі шаруашылықтар да несие ұйымынан қолдау табу­да. Оларға үш жылға 3 миллион теңгеге дейін несие беріледі. «Тас­мұхамбетов», «Милешкин», «Алан» шаруа қожалықтары несиені көк­темгі­далалық жұмыстарды атқа­руға алды.

ШНҰ 2009 жылдан бастап тұ­тынушылық несиені де бере бас­тады. Шағын несиенің бұл түрі ауылдықтар арасында үлкен сұ­ранысқа ие. Тұрғындар үйге газ

кіргізуге, баспанасын жөндеуге, той­томалақ өткізуге және өзге де мақсаттарға несие алуда.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамы­туға және тұрғындардың табысын молайтуға бағыт ұстанған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ­ның БҚО­дағы жұмысын өңір басшысы Нұрлан Ноғаев оң бағалады. Қордың сенімді әріп­тесі «Кәсіпкер­Бірлік» ШНҰ­ның жұмысы да көңілге қонымды. Өткен жылы еліміз бойынша ШНҰ­лар бойынша несиелеуден үздіктер тобынан табылды. Биыл ұйым аталмыш қордан 40 миллион теңге қаражат алуды жоспарла­ды. Осы күнге дейін несие ұйымы «Ауыл шаруашылығын қаржы­лай қолдау қоры» АҚ арқылы 185 миллион теңге шамасында несие қаржысын тартып, ауыл мен мем­лекет арасында алтын көпір бола білуде.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,Зеленов ауданы

ж

Зеленов ауданындағы барлық 22 ауылдық ок­ругтің әкімдері халық

алдында тоқсандық жұмыстарын қорытқан есептерін ұсынуда. Олардың қатарында кешегі сай­лауда мәслихат депутаттарының сенімін арқалап, Махамбет ауыл­дық округі әкімдігінің тізгінін ұс­таған жас әкім Болатбек Ахмет­жанов та бар.

Бүгінде 2700­ге жуық тұрғыны бар бұл округтің құрамына Гор­бунов, Павлов, Кожевников елді мекендері кіреді. Он жеті ұлт пен ұлыстың өкілдері ауылы аралас, қойы қоралас тату­тәтті тірлік кешіп отырған ауылдың түтіні түзу. Жыл басындағы ауыл

әкімінің дәстүрлі есептік жиынын­да ауыл тұрғындарын тәулік бойы ауыз сумен үздіксіз қамту мен көше жарығы шамдарын көбейту сынды екі мәселе көтерілген бол­са, олар да ретімен шешімін тап­ты. Экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығына негізделген ок­ругте 37 шаруа қожалық, екі ірі жауапкершілігі шектеулі серік­тестік тіркелген. Олар егін, мал шаруашылығымен қатар бау­бақша өнімдерін өсіру, мал азығын дайын­дау, жылыжай ісімен айналысу­да. Округте ағымдағы жылы 6713 гектар алқапқа жаздық бидай, 3288 гектар алқапқа күздік би­дай, 1880 гектар алқапқа майлы дақылдар егіліп, орылған. Сондай­

ақ округ орталығында 6 дүкен, 2 дүңгіршек, бір кафе, нан, сүт өнімдерін өндіретін цех, тігін цехы мен шаштараз тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетеді. 2012 жылы «Жұмыспен қамту ­ 2020» бағдарламасы аясында құрылған «Мақсат», «Батыс болашақ» несие серіктестіктері 36 млн. теңге не­сие алып, түрлі цех жұмыстары ауқымын кеңейтуге, бақша өнімін өсіру мен жылыжай жұмысына бағыттады. Биыл жеті тұрғын 17,7 млн. несиеге қол жеткізіп, мал шаруашылығын өрістетуде.

Округтің 2013­2015 жылдарға арналған инвестициялық жоба­ларды дамыту жоспарында қонақ­үй, техникалық қызмет ұсынатын

бекет, құрылыс материалдарын өндіретін, жүн өңдейтін цехтар, интернет клуб құрылысын жүргізу көзделген. Тұрғын үйлерінің 85 пайызы көгілдір отынмен қамтыл­ған ауылда соңғы екі жылда тұр­ғындардың өз қаржысына 36 бас­пана бой түзеген. Ауыл балалары өткен жылы ғана жөндеуден өткен іші кірсе шыққысыз мектепте бі­лім алуда. Мектеп жанындағы шағын орталықта 45 бүлдіршін, «Ақбота» балабақшасында 25 жет­ кіншек тәрбиеленуде. Даму әлеуе­ ті қарқынды ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы кел­ген жастар қатары да жыл санап арта түскен. Басшылыққа келгені­

не көп бола қоймаса да, әлеуметтік ахуалды жіпке тізіп, алдағы атқа­рар міндеттерімен бөліскен жас әкімнің жұмысына Махамбет жұрт­шылығы ризашылығын білдірді. Жиында сөз алған ауыл тұрғын­дары күн санап көркейе түскен ауылдың әлі де ажарлануына әр­қайсысымыз атсалысатын бола­мыз десе, Махамбет мектебіндегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Сұлтанов жас өрендердің, ауыл жастарының спортқа ерекше қызығатындығын, ал спортзалдың таршылық етіп отырғандығын жет­кізді.

Нұржан ДҮЗБАТЫР,Зеленов ауданы

Page 8: Орал Өңiрi №134

ел-жұРТСенбі, 2 қараша 2013 жыл

[email protected]

Қайыр­ымдылық

айының соңғы күні

спор­тшы балалар­

Ор­ал қалалық қар­ттар­

мен мүгедектер­ге

ар­налған жалпы

үлгідегі медициналық

әлеуметтік мекемесіне

бар­ып, «Дар­ия

кеуде, тау мүсін,

қар­ттар­ым, аман­

саумысың?!» атты

әдеби­сазды мер­екелік

бағдар­ламасы аясында

концер­т қойып қайтты.

«Дария кеуде, тау мүсін,ҚАРТТАРыМ, АМАн-САуМыСың?!»

Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған об­ лыстық мектеп­интернаттың оқу­шылары аталмыш мекеме тәрбие­ленушілерін тамаша өнерлері­мен тәнті етті. Қамкөңіл қарттар, әсіресе, бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлде­гері, 10 «б» сынып оқушысы Н.Ища­нованың орындауындағы «Ерке сылқым» күйін, облыстық «Жас дарын» байқауының лауреаты, 9­сынып оқушысы Д.Жолдыбаевтың «Қазақ жігіттері», дзюдодан об­лыс чемпионы, 8­сынып оқушысы Ш.Шайдрахманның «Аналар» және еркін күрес бөлімінің спортшы­ лары облыс, республика чемпион­

дары Мағжан Мұратов пен Шың­ғысхан Жантасұлының орында­уындағы «Мерекем» әні мен балғын спортшылардың мәнерлеп оқыған көркем сөздерін көздеріне жас ала отырып тыңдады. Олар сон­дай­ақ волейболшы қыздардың орыс, қазақ билерін де қызыға та­машалады. Бағдарлама барысын­да осы мекеменің тәрбиеленушісі Юляның туған күніне орай, музы­кант Б.Жұмағалиев көрермендер сұрауымен бірнеше ән орындап, туған күн иесін қуанышқа бөледі.

Спортшы балалардың өнеріне қатты риза болған қамкөңіл жан­дар олардан жаңа жыл қарсаңында да осындай бағдарламамен келуді сұрады.

Райхан ЖҰМАҒАЗИЕВА, мектеп-интернат

директорының орынбасары,Орал қаласы

Облыс ор­талығының

көлік жиі қатынайтын

аялдамасының бір­іне

даңқты жер­лесіміз,

Кеңес Одағының Батыр­ы

Ахмедияр­ Құсайыновтың

есімі бер­ілген. Жолсер­іктің

«Ахмедияр­ Құсайынов

(немесе Ахмедияр­ батыр­)

атындағы аялдама»

деген саңқ ете түскен

даусына елең еткенімен,

көп жолаушы осы тар­ихи

тұлғаның кім екенін біле де

бер­мейді.

Ахмедияр Құсайынов – Орда өңірінің түлегі. 1924 жылы жарық дүние есігін ашқан ол 1942 жылы орта мектепті бітіріп, ауылдың ешқашан қарбаласы бітпейтін жұмысында жүрген. Сол жылдың шыжыған шілдесінде жас жігіт­ке әскерге шақыру қағаз келеді. Сталинград шайқасының қиямет шағы. Бақытына қарай, телегей­теңіз қантөгістен талай жараланса да, А.Құсайынов елге аман орал­ды.

«Еңку­еңку жер шалмай, ерлер­дің ісі бітер ме?!» деп Махамбет батыр жырлағанындай, майдан жол­дары оны қайда апармады?! Ста­линградты қорғау мен Дондағы Рос­тов қаласын азат етуге қатысты. Ендігі кезек Мелитополь қаласына келді. Қырым түбегіне баратын жолды жауып тұрған қаланы немістер

Осы жұртАхМедияРды біле Ме екен?!

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі» Әскери борыш –

азаматтық парызөршелене қорғады. Сондай қиян­кескі шайқастың бірінде қаһарман жерлесіміз дұшпанның 30 адамын автоматпен жер жастандырған. Кейінгі бір ұрыста ауыр жарала­ныпты. 1943 жылы 1 қарашада Мелитополь қаласын азат етудегі ерлігі үшін ол Кеңес Одағының Ба­тыры атағын алды.

Жаралануына байланысты ту­ған жерге соғыстың аяқталуынан сәл бұрын оралған А.Құсайынов әрі қарай бейбіт еңбекте де ел алдында жүрді. Абай атындағы ҚазПИ­ді бітіріп, аз ғана уақыт Алматы қаласында тұрды. Кейін Жайық өңіріне кері оралып, та­лай жылды ұстаздық ісіне арнады. Содан соң бұрынғы Фурманов ауданында аудандық оқу бөлімі­нің меңгерушісі және ауаткомда жоғары лауазымды жұмыстар атқарды. Қай істе де абырой­сыз болған жоқ. Оның өңірінде Батырдың Жұлдызы мен «Отан соғысы» орденінен басқа, бейбіт өмірде Ленин ордені және өзге де марапат белгілері жарқырады. «Қазақ КСР­і халық ағарту ісінің үздігі» атанды. Бүкіл республикаға кеңінен танылды.

Естеліктерде жазылғанындай және оны білетіндердің айтуын­ша, Ахмедияр Құсайынов адал да әділ, қайсар да қажырлы адам болыпты. Өзінің көңілі бұрып тұр­ған адамға жақсылық жасағанда, түбін түсіреді екен. Жалғандықты жаны сүймеген. Дос­жолдасқа сый­лы болғандығынан шығар, өмірінің соңына дейін майдандастарымен жиі хабарласып, кездесіп тұрған. Сонымен қатар отбасында да абзал әке, аяулы жар, ардақты ата болып, ұрпақ тәрбиесінде жаза баспаған. Тума­туыстарға қамқорлығы да көбінің есінде қалғанға ұқсайды.

Өмірінің соңғы жылдарында ба­тыр ағамыз Орал қаласында өмір сүрді. Мұнда да қоғамдық өмірден

тыс қалмай, ел алдында көрініп жүрді. Сөйтіп, 1986 жылы 5 ма­мыр күні кезекті Жеңіс күні, өзінің төл мерекесі қарсаңында қайтыс болған.

Міне, облыс орталығында бір көше және еңселі аялдаманың атауын иеленген, біз қысқаша сыр шерткен батыр ағамыз­ дың өнегелі өмірі осылай өтіпті. Айтпақшы, оның құрметіне көше атауы 2006 жылы 27 ақпанда Орал қалалық әкімдігі және қалалық мәслихатының шешімі бойынша берілген екен.

Қазір­гі таңда Ақжайық аудандық қор­ғаныс істер­і жөніндегі бөлімі күзгі әскер­ге шақыр­у жұмысын, соның ішінде жастар­ды медициналық комиссиядан өткізу шар­алар­ын жүзеге асыр­уда.

ҚР Қарулы Күштерін жасақтау кешенді іс­шара болып табыла­ды. Оның барысында медицина­лық, психологиялық іріктеу және басқа да мәселелер бойынша жұмыстар атқарылады. Сөйтіп, жастардың денсаулығын, білімін, отбасы және басқа да әлеуметтік жағдайларының бәрін сұрыптап барып, әскерге алады.

18 бен 27 жас аралығында­ғы азаматтар мерзімді әскери қызметке баруға міндетті. Әскер­ге шақырылу мерзімін кейінге қалдыру құқығы отбасы, білім алу, денсаулық жағдайларына және басқа да себептер бойын­ша беріледі. Оны әскерге шақы­ру комиссиясы жүзеге асырады. Егер азаматтар шақырылған уа­қытта қорғаныс істер жөніндегі бөлімге себепсіз келмесе, ҚР Әкімшілік және құқықбұзушы­лық кодексіне сәйкес, оларға айыппұл салынады. Сондай­ақ ҚР ҚК 326­бабына сай 200 айлық есептік көрсеткіштен 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл са­лынып немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шек­теуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру бойын­ша жазаланады. Осы әрекеттер

өзінің денсаулығына зиян келті­ру, ауруды сылтаурату жолымен, құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау шаралары арқылы жасалса, бес жылға дейінгі мер­зімге бас бостандығынан айыры­лады. Ал әскерге шақырылушы тергеу органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру пунктіне өз еркімен келсе, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Әскери борыш – жігіттерді жан­жақты жетілдіріп, шыңдай­тын мектеп. Отанды қорғау – ер жігіт үшін азаматтық парыз. Қазір жастардың арасында әс­керге барудан қашқақтайтындар да кездесіп қалады. Бұл олар­дың моральдық­психологиялық жағдайының дайын еместігін көр­сетеді, яғни Отанды қорғаудың парыз екендігін түсінбеу. Керісін­ше, әскерге баруға да құлшынып тұрған жастар да бар.

Биыл келісімшарт бойын­ша Қарулы Күштер қатарына Ақжайық ауданынан 12 азамат аттануы тиіс. Кезінде белгілі бір себептермен әскерге алынуы кейінге қалдырылған азаматтар бір айлық әскери жиынға ба­рып келді. Жалпы алғанда, бұл жұмыстар жігіттердің бойында отансүйгіштік рухты дамытып, олардың салауатты өмір салтын серік етіп, сегіз қырлы, бір сырлы азамат болып қалыптасуына өз үлестерін қосары сөзсіз.

М.ШуТАНОВ,Ақжайық ауданының

қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы,

майор

Page 9: Орал Өңiрi №134

өМіР-өзенСенбі, 2 қараша 2013 жыл

[email protected]

Ерте үзілген ән-ғұмырӘуезді әндер­імен ел­жұр­тының құр­метіне бөленген

Хабиболла Әлесовтің кіндік қаны Нар­ын құмында тамған. Туған жер­ді шексіз сүйіспеншілікпен жыр­лап өткен оның әндер­іне елтімеу мүмкін емес.

Бұйратты құмында ізі барМахамбет батырдың. Қаншама ерлікке куә боп,Тып­тыныш жатыр құм… – деп жыр­

лаған өнерпаз алпыс жасқа алты қадам қалғанда, оқыстан тағдыр аты мер­тігіп, мәңгілік мекенге аттанып кете барды. Ақын, әнші­сазгер Хабиболла Әлесовтің «Орда – туған мекенім» әні – бөкейліктердің әнұранына айналған шоқтығы биік туындысы.

Нарынымның аспанындаЖарқырай берсін жұлдызың.Исатай мен МахамбеттейБатыр боп өссін ұл­қызың, – деп әде­

мі қоңыр үнімен жерлестеріне рух беріп тұрғандай. Жүрегін ән тербеген ғазиз жанның жүзін топырақ жасырғалы да екі жылдан аса уақыт өтті...

2009 жылы Х.Әлесовтің өнер әлемін­де жүргеніне 40 жыл толды. Бұл шара аудандық Мәдениет үйінде зал толы көрерменмен аталып өтілді. Сырлы ән­дерімен көпті ұйытқан әнші, ақын, сазгер, бір сөзбен айтқанда, «сегіз қырлы, бір сыр­лы» ағамыз 2010 жылдың қараша ­ күзінде жүрек талмасынан қайтыс болды. Ал оның ғажайып әуендері Нарын аспанында қалықтап жүр...

Бетховеннің фортепиано, скрипка, вио­лончельге жазылған үш триосын алғаш рет тыңдағанда ағылшынның атақты пианисі Крамер: «Этот человек вознаградит нас за потерью, понесенную со смертью Моцар­та», – деген екен. Бірақ «бұл тәңір дүниеге жалғыз­ақ Моцартты бергенін білмеді» – деп жазған екен кезінде белгілі компози­тор Илья Жақанов. Сол айтпақшы, тәңірден бармақтай бақ бұйырған Хабиболла Әлесов те бөкейліктердің маңдайына біт­кен тамаша өнер иесі­тұғын. Оның әндері сахнада жиі шырқалып келеді.

Бисен Жәнекешев атындағы орта мектеп қабырғасында жүрген қағілез қара бала кезінен елге танылып, әнші атанды. Ол кезде оның балаң жүрегінде құдіретті өнердің қарлығаштары ұя са­лып жатқанын еш пенде сезбеген де бо­лар. Қырымдағы Симферополь мәдени­ағарту училищесінде оқып жүргенде кіндік қаны тамған жеріне деген перзент­тік сағынышпен «Ауылым» әнін жазады. Бұл сазгердің алғашқы туындысы (1970 ж.) еді. Хабиболла Мақсотұлы әскери бо­рышын өтеп жүрген кезінде әншілік өнерімен көзге түсіп, авиациялық полктің ән­аспаптар ансамблінің белді мүшесі бо­лады. Ауылына оралғаннан кейін де өнер

жолында жүріп, біршама тамаша әндерді өмірге әкелді. Сол әндердің ішінде жер­лес ақын Ғ.Сейтақтың сөзіне жазылған «Қоштасу», «Ақжайықтың қыздары» сы­қылды әндері бар. Ресей ақыны В.Еро­феевтің сөзіне жазылған «Кучерганоч­ка» да – тыңдармандардың көңіліне берік орныққан ән. Сол сияқты «Сұлу қыз», «Оралым», Ауған соғысында қаза болған жерлесіміз Зүлзала Жиеналиевке арнап шығарған «200­ші жүк», «Орда – туған мекенім», «Майдангерлер», «Жаңа жыл» әндері облыс қана емес, респуб­ликалық, халықаралық деңгейде орын­далып, кезінде көпшіліктің бағасын алып үлгерген. Хабиболла аға елін, жерін мейлінше сүйіп өткен жан. Ақындықтан да қара жаяу емес ағамыз көптеген әндерінің сөзін өзі жазған. Оның ішінде «Орда – туған мекенім», «Орда», «Ауы­лым», «Сарыой – Сырым мекені», «Сұлу қыз», «Жәңгір мектебі», «Анашым», «Ай­налайын, ауылым», «Балдәурен», «Жа­ңа жыл», «Құрбы­құрдас», «Майдангер­лер», «Мектебім», «Сырым бар» және ең соңғы жазылған «Ақ Бөрлі», «Пошташы­лар гимні» әндері. Аудан шеңберінде қа­лып қоймай, облыстық, республикалық, Одақтық байқау­фестивальдардың лау­реаты атанды. Одақ тұсында ВЦСПС­тің «За достижения в художественной са­модеятельности» белгісін өңіріне тақ­са, Тәуелсіз қазақ елі оны «Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы» меда­лімен марапаттады. 2002 жылы «Орда – туған мекенім» атты әндер жинағын жарыққа шығарып, әлденеше рет шы­ғармашылық кештерін өткізіп, әнсүйер қауымның қошеметіне бөленді.

Жоғары оқу орнының дипломын ие­ленбей тұрып­ақ, сазды әуен, сырлы жырларымен тыңдармандарының көңі­лін баулып алған тума талант Украина­ның Қырым облысы, Черномор ауданы, «Киров» совхозында клуб меңгерушісі бола жүріп, Симферополь қаласындағы мәдени­ағарту училищесінде білім алды. Еліне оралған өнерпаз Бисен Жәнекешев атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі, клуб меңгерушісі болып қызмет ете жүріп, өнер ортасын қалыптастырды. 2008­2010 жылдары аудандық демалыс орталығында басшылық қызметтің тізгінін ұстады. Өнерімен әз халқын сусындат­қан Хабиболла Мақсотұлының ерекше қасиеті – ол әндеріне сөз жазуымен қатар, тыңдармандарды ұйытатын қоңыр үні­мен әуендерін өзі орындайтындығында. Ақын М.Қалдыбековтің сөзіне жазылған «Мүмкін емес» әні таңғы шықтай таза­лықпен үндесетін сыршыл әуен, тәтті мұң автордың орындауында оның өнеріне табынған жандарды үлкен әсерге бөлей­тін. Иә, бұл әннің де жарыққа шығуының өзіндік тарихы бары анық. Соның сырын сұрағанымызда:

– 1991 жылы 40 жасымда жүректен ин­фаркт алып, аурухана төсегіне таңылдым. «Ой­мақсатымды орындауға үлгере ал­май қаламын ба?» деген ой еңсені басып, көкірекке қамалған мұң ән болып жүректі тербеген еді, – деп жауап беріп еді қайран аға.

Жымпиты ауданында өткен Сырым бабаның 250 жылдық мерейтойына

арналған облыстық ән байқауында «Са­рыой – Сырым мекені» және «Оралым» әндері бас жүлдені жеңіп алса, «Орда», «Әкеме», «Бөкейлік болсаң», «Саралжыным – жерұйығым», «Ұстаздар вальсі», «Сұлу қыз», т.б. әндері өнер сүйер қауымның жиі шырқайтын сүйікті әндеріне айналды.

Иә, сахнаға жайраңдай шығатын ағаның орны бүгінде үңірейіп тұр. Жыл сайын өзі туып­өскен Бисен ауылында еске алу кеші өтіп тұрады. Тік мінезді, қарапайым, жан дүниесі ән­жырға толы ағамен сөйлесудің өзі бір ғанибет еді­ау. Айналасын әнге бөлеген ол бәз біреулерге «ұнайын» де­ген мысықтілеуден ада, жағымпаздануды білмейтін тарлан талант көзі тірі кезінде өнердегі өз бағасын ала алмай кеткендей көрінеді.

Халқын, туған жерін сүйіп, соларды жырлап өткен ән­аға өмірдегі қайшылық­тарға әнімен ғана тосқауыл болған екен. Хабиболла ағаның кенже інісі Замир Әлесов оның бала кезінен өнерге ынты­зар болғанын, музыкалық аспаптардың барлығында ойнағанын тілге тиек етіп, «Ән жазу өте қиын» дегенін есіне алады. Ол сол қиындықтармен жағаласып жүріп, тәңір сыйлаған талантымен елінің мерейін өсірді. Ақ пен қара алмасқан тағдырдың теңбіл жолында жан дүниесі сұлулыққа, жақсылыққа ғашық жан еліне еркеледі.

Донеділ ҚАЖЫМОВ, Қазақстан Композиторлародағының мүшесі:­ Орда – өнерлілер өлкесі. Сол қа­

сиетті өлкеден шыққан марқұм Хаби­болла Әлесовті де өнердің сара жолын тапқан жандардың бірегейі десек, артық емес. Өмірде онымен жақын таныс болмасам да, бөкейліктердің әнұраны­на айналған «Орда – туған мекенім» әні арқылы оның сазгерлік қырына қанықтым деуге болады. Хабиболла да осынау қиындығы мол өнер жолында өзін қабілетіне қарай сынап көрген әрі халықтың бағасын алған талантты жан болатын.

Тұрарбек ЕСПОСЫНОВ:– Хабақаң сонау 1972 жылы әскер­

ден келгенде 4 жасар бала едім. Әлі есімде, дос­жарандарының ортасында жарқылдай күліп, гитарамен ән салып жүретін. Содан бері қаншама су ақты?! Соңынан ерген өнерлі інісі ретінде қолдап отыратын.

Бірде: – Хабақа, осы өзіміздің Бисен ауылы туралы неге ән жазбайсың? – де­генімде, ол қулана күліп:

– Сені жұрт ақын деп жүр ғой, сөзін жазсаң, ай қарап жүрсің бе? – деді жұлып алғандай. Солай деуі мұң екен, жүрек тұсымды жандырып төс қалтамда сарғайып жатқан бір парақ қағазды суырып алдым. Ол да жалма­жан ашып оқи бастады. Түюлі қабағы жазылып, көзі жайнап, мұрты жыбыр ете қалғанда, маңдай терім бұрқ ете түсіп, арқам кеңіп сала берді. Осылай, «Ән­күмбез Бисенім» атты ән дүниеге келіп, Хабақаңның өнердегі шәкірті Е.Жәрдемовтің саз әрлеуінен кейін Нарын көгінде қалықтады. Ол кісінің бір қасиеті – ішіндегісі әбден пісіп жетілмей ешкімге тіс жармайтын. Тік мінезін білгесін мазасын ала беруге қаймығатынмын. Амал не, қайран аға көп жұмбақты өзімен бірге ала кетті.

Гүлнар ҚАДЫРОВА,Бөкей ордасы ауданы

Суретте: Хабиболла Әлесов

Жақсыбайды жайлаған жұт

Облыстық әділет департаментіндегі сақталу мерзімі өткен құжаттар аудандық мемлекеттік мұрағатқа қайтарылады. Сондағы құжаттарға көз жүгірткенімізде, 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың Жақсыбай ауылын да айналып өтпегенін білдік.

Аталмыш ауылдық кеңестің 1924 жылғы қаза туралы жазбаны

тіркейтін кітабында (бұл құжат кітабы 1924 жылғы 17 қаңтарда басталып, сол жылғы 16 қарашада аяқталған) елді ме­кен тұрғындарының ашаршылықтан жә­не сүзек, қышыма, бөртпе, туберкулез, тырысқақ ауруларынан өлгені жайын­да нақты деректер бар. Құжаттардың көпшілігі араб қарпімен жазылғандықтан, оны оқу едәуір қиындық тудырды. Де­генмен орыс тілінде жазылған қайсыбір құжаттарды қарап, Жақсыбай ауылдық кеңесіне қарасты №3, №4 және №6 ауылдарда 1921 жылы аштықтан 17, ал 1922 жылы 13 адамның қаза тапқанын оқыдық. Аталған ауылдарда ашаршылық­тан өлген жандардың барлығы да малшы деп жазылыпты. Олардың жас мөлшеріне көз жүгірткенімізде, бәрінің де 70 жасқа толмағанына қанық бол­дық. Құжатта аштан өлгендердің ба­сым көпшілігінің фамилиясы (тегі) қа­ рындашпен жазылғасын, онша анық емес, түсініксіз. Дейтұрғанмен, кейбір нобайға келетін адам аты мен тегін қайта­қайта қарап анықтауға тырыстық. Мәселен, 1921 жылы ашаршылықтан қаза тапқандардың жасы үлкені №4 ауылдың тұрғыны Нұрғазы Көпиев екен. Ол 1863 жылы туылып, 58 жасында аштықтан өлсе, №6 ауылдың тұрғыны Молдабай Қожахметов 10 жасында жоқшылықтан көз жұмған.

1921 жылы ашаршылық нәубетінен қаза тапқандардың қатарында 26 жас­ тағы Рамазан Оразов, 22 жасар Молда­ғали Тапалов сынды азаматтар бар. Сол сияқты бұдан бір жылдан соң, яғни 1922 жылы аштық апатынан шейіт кет­кендердің жас мөлшері де алдыңғы­лармен шамалас. Мысалы, осы жылы бұл зұлматтан өлгендердің ішінде ең үлкені Айғанша Аралова 65 жаста бол­са, одан Мәртөк Мақашев 5 жас, Ғалам Илиясов 15 жас, Мұқаш Айқұлов 22 жас, Әлмұқан Сүлейменов 38 жас шамасын­да кіші болған. Мұны мұрағат құжаттары айғақтап отыр.

Нұрымбек ЖАПАҚОВ,Жәнібек ауданы

Page 10: Орал Өңiрi №134

хАТ-хАбАРСенбі, 2 қараша 2013 жыл

[email protected]

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

«Федоров селолық округі әкімінің аппараты» ММ: 091100, Теректі ауданы, Федоров ауылы, Ле­нин көшесі, анықтама үшін телефондар: 8 (71132) 23299, 21609, электронды пошта: [email protected], бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Федоров селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. Санаты (Е­ G ­4), (№1­1­9). Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік төлұқұжат бойынша есеп беру. Аудан ауылшаруашылық, тұрғын­үй коммуналдық шаруашылық округтегі шаруа қожалықтарымен жұмыс. Округ бойынша санитариялық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру. Азық­түлік тауарлар базасына монитогинг жүргізу. Осы мәселелерден туындайтын басқа да шаралар қабылдау және ақпарат беру. Кеңсе жұмыстары. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Іс қағаздарын жүргізу. Кіріс және шығыс құжаттармен айна­лысу. Қажеттілік шегінде жалпы алғанда ұқсас басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Ауыл шаруашылығы ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, құқық, білім, өнер, техникалық ғылымдар және технология.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамасын тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік­құқықтық актілерін, «Қазақстан­2050» стратегиясын білу. Мемлекеттік тілді білу құпталады. Компьютерде жұмыс жасай білу міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1. Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; 2. 3х4 үлгідегі фотосуретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; 3. Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 4. Еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Норматив­тік­құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7. Құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы бер­ген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешік­тірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жі­берілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Федоров селолық округі әкімінің аппаратында өтеді.

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

«Федоров селолық округі әкімінің аппараты» ММ: 091100, Теректі ауданы, Федоров ауылы, Ле­нин көшесі, анықтама үшін телефондар: 8 (71132) 23299, 21609, электронды пошта: [email protected], бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Федоров селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. Санаты (Е­ G ­4), (№1­1­8). Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қоғамдық ұйымдармен, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалармен, ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімдерімен жұмыс. Кәмелетке толмағандармен жұмыстану, ауыл жастарының демалысын ұйымдастыру. Әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, аз қамтылған жанұялар, жұмыссыздар мәселесімен айналысу. Жазылым жұмысымен жұмыстану. Қажеттілік шегінде жалпы алғанда ұқсас басқа да мін­деттерді орындау.

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Ауыл шаруашылығы ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, құқық, білім, өнер, техникалық ғылымдар және технология.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамасын тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік­құқықтық актілерін, «Қазақстан ­ 2050» стратегиясын білу. Мемлекеттік тілді білу құпталады. Компьютерде жұмыс жасай білу міндетті.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1. Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; 2. 3х4 үлгідегі фотосуретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама; 3. Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 4. Еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Норматив­тік­құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7. Құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тес­тілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктіріл­мей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберіл­мейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Федоров селолық округі әкімінің аппаратында өтеді.

«Д-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:Облыс әкімінің облыстың әлеуметтік­экономикалық да­

муы және қоғамдық­саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру және насихаттау жұмысына қатысу. Облыс әкімінің және оның аппаратының қызметін жариялап отыру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс­қимыл жасау. Баспасөз релиз­дерін, баспасөз конференцияларын, брифингтер және облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен кез­десулерін әзірлеу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Білім беру» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе

«Құқық» немесе «Өнер» немесе «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» немесе «Жаратылыс ғылымдары» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» немесе «Ветеринария» немесе «Қызметтер» мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық

бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары

бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде не­месе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан

Республикасының «Қазақстан Республикасының Прези­денті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет тура­лы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімші­лік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нор­мативтік­құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегия­ сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндет­терді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06­7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға

орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:1) осы қағидаларға 2­қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;2) 3х4 үлгідегі суретпен осы қағидаларға 3­қосымшаға сәйкес

нысанда толтырылған сауалнама;3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған

көшiрмелерi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсы­натын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік орган­ның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәланды­ ра алады);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр­лігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітіл­ген (Қазақстан Республикасының Нормативтік­құқықтық ак­ тілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тір­келген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгілен­ген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені ту­ралы қолданыстағы сертификат.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнез­демелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы

жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма­қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген элек­трондық пошта мекенжайына электронды түрде бере ала­ды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әң­гімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктір­ мей береді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды

әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді.

Осы лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтерме­ леу шығындары төленбейді, үй және жеңілдіктер берілмейді.

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-39-04, 51-27-23, е-mail: [email protected],

бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымы - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі бас маманы лауазымына орналасуға

конкурс жариялайды («Д-4» санаты, 1 бірлік).

Социалистік Еңбек Ері, Құр­метті теміржолшы Латиф Ша­хатовты еске алуға арналған сайыста 20 команданың палуан­дары қатысып, боз кілемде бел­ десті. Осы жарыста БҚО намы­ сын қорғап, 42 кг салмақ дәре­жесінде белдескен ақжайықтық Шыңғыс Шайдрахман барлық қарсыластарынан мерейі үстем түсіп, жеңімпаз атанды.

Бейбіт НЫҒМЕТОВ,бапкер,

Теректі ауданы

Атыр­ау облысының Мақат ауданында 2000­2001 жылы туған жасөспір­імдер­ ар­асында дзюдодан р­еспубликалық тур­нир­ мәр­есіне жетті.

Мақаттан жеңіспен қайтты

Page 11: Орал Өңiрi №134

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 15872, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАЙЛАУОВАКезекшi редактор: Н.САфуЛЛИН

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САфуЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДуЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙТАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАуБАЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған

хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

хАбАР-ошАРCенбі, 2 қараша 2013 жыл

[email protected]

Жаңақала ауданы Жа­ ңақазан ауылының тұр­ғыны болған аяулы ана­ мыз Қиуаш Зейнетқа-лиеваның дүниеден оз­ғанына 6 қарашада 10 жыл болады.

Анамыз әзілқой, қай­ратты, көпшіл адам бо­ латын. Анамыздың жүріс­тұрысын, айтқан сөздерін сағынышпен еске аламыз.

Анамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.

Еске алушылар: қыз-күйеу балалары, жиендері атынан қызы Күләш,

Жаңылсын

Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылдық ок­ ругінің №1 бөлімше­сінде тұрған, ата­ана­ сына бала, аға, апалары­на іні, қарындастарына аға бол ған Нұрболат Оңалбайұлы Ахмедия- ров егер де ортамызда болса, 40 жасқа толар еді.

Сенің бейнең кетпеді­ау есімізден,Зымырап өткен күндер, өткен жылдар.Қайтейік, бұл тағдырға не жаздың,Арамыздан алып кетті сұм тағдыр.

Өмірдің қызығы мен қуанышынКөре алмай, жастайыңнанКетіп қалдың бұл өмірден.Бүгінгі күнде келіп қалдың 40 жасқа.

Топырағы торқа, жатқан жері жарық болсын деп еске аламыз.

Еске алушылар: анасы Жанапия, Орал қаласында тұратын апа-жездесі

Оралбай-Нұргүл, балалары, күйеу бала-қарындасы Ыдыр-Айнұр, балалары,

ауылда тұратын аға-жеңгелері Ершат-Аққу, балалары, Нұршат-Айгүл,

балалары, іні-келіндері Мерболат-Гүлмира, балалары, Нұржауған-

Жұмажан, балалары, фархат-Саржан, балалары, Нұрхат-Өміргүл, баласы

Нұрхан, күйеу бала-қарындасы Мұратбек-Гүлсайран, балалары

Қазталов ауданы Көк­терек ауылының тума­ сы, Орал қаласының тұр­ ғыны болған аяулы жар, ардақты әке, адал дос, қамқор аға бола білген, сатирик ақын, ҚР мәде­ниет қайраткері Рашид

Шақуды сағынышпен ес­ке алып, мына жыр жолдарын арнаймын.

Бір туар азаматсың ел мақтаған,Қадірлеп, жұрт сыйлаған ардақтаған.Жан едің ешкімді жат санамаған,Өзіңдей қайда енді ардақты ағам?

Алматыға жолды сіз салып беріп,Жоқ билетті бір жерден тауып беріп.Аңқылдап жүретінсің, ағажаным,Шығарып сап, қарсылап шауып келіп.

Ойламадым өмірден ерте осылай өтеді деп,Артымнан суық хабар жетеді деп.Қалайша бізді тастап кеттің, аға,Табылмай бойыңдағы дертіңе ем.

Өмірден кеткеніңе сенер ме екем,Жоқтығыңа қалай мен көнер екем,Сағынып, сарғаямын шалғай жүріп, Қайғымды қалайша мен жеңер екем?!

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жол­дас болсын.

Сағына еске алушы: Алматы қаласынан қарындасы Әлия Шақуова

Қазталов ауданы Қа­ раөзен ауылының тұр­ғыны болған бірімізге адал дос, бірімізге ба­ уыр Мейрамбек Аймұ- қанұлы Нагитов егер ортамызда болса, 3 қа­рашада 23 жасқа толар еді.

Аждаһа ажал жетті бүйір тіреп,Айтылмай қалды­ау талай пейіл­тілек.Бауырым, Жаратқанға жалынамынПейіштен саған орын бұйырсын деп.

Сағына еске алушылар:құрдас-достары

Ақжайық ауданы Бударин ауылының тұрғыны болған ардақты ана, асыл әже Бағила Өтебалиеваны сағына еске аламыз.

Өміріңді балаларың мен немереге сыйладың,Асыл әжем мен өзіңді сұм ажалға қимадым.Тірегіміз өзің едің қайсар әжем қайратты,Сағындық қой әже сені, жолдас болсын иманың!

Еске алушылар: келіні Анар, немерелері Назерке,

Арман, Назгерім

«Жайықмұнай» ЖШС «ҒЗЖИмұнайгаз» АҚ бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің «Батыс Қазақстан облысы бойынша эко­логия департаменті» ММ ЖОБА ҰСЫНАДЫ:

«ЧМГККО. ГКДҚ­1/2. ГКДҚ­1/2 компрессордың қосымша блогының қондырғысы».

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайларға хабарласа ала­сыздар:

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мекен­ жайы бойынша: Орал қ., Л.Толстой к., 59, тел.: 8 (7112) 50­04­81, 51­53­52.

Атқарушы: «ҒЗЖИмұнайгаз» АҚ – жобаны дайындаушы,Ақтау қ., тел.: 8 (7292) 60­02­08 (қос.: 211, 113), факс: 8 (7292) 60­02­08 (қос.:

380)

Тапсырыс беруші: «Жайықмұнай» ЖШСОрал қ., тел.: 8 (7112) 98-66-00, факс: 8 (7112) 98-66-01.

«Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы» МКҚК бос орынға конкурс жариялайды.

1. Автокөлік жүргізушісі – 1 бірлік (санаты ВСД, кемінде 3 жыл ең­ бек өтілі болуы қажет).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жариялан­ған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде төмендегі мекенжайға тапсырылуы қажет:

БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 117. Тел.: 8 (7112) 53­51­03.

«Диана-плюс» ЖШС серіктестік қатысушыларына 2013 жылдың 16 қарашасында сағ. 14.00-де Орал қ., Еуразия даңғ.,

59/1 мекенжайы бойынша кезектен тыс жалпы жиналыс өтетіндігін хабарлайды

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

1. «Сбербанк» АҚ ЕБ­ға инвестициялық мақсаттағы несиелік желіні 60 ай мерзімге 100 000 000 теңге сомаға ұлғайту жөнінде өтініш бе­руге шешім қабылдау.

2. Жеке иелік құқығындағы серіктестікке тиесілі жылжымайтын мүліктерді (Орал қ., Еуразия даңғ., 59/1 мекенжайында орналасқан, ауданы 1,0705 га, кадастрлық нөмірі 08­130­020­1278 жер телімі бар өндірістік ғимараттар) серіктестіктің банк алдындағы келісімшарттағы және басқа да міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін және серіктестіктің банк алдындағы міндеттемелерін орындамаған не­месе дұрыс орындамаған жағдайда банктің кепіл нысанын соттың қатысынсыз­ақ іске асыруына құқық беру мақсатында банкке кепілге беру туралы шешім қабылдау.

3. Коммерциялық директор А.К. Мергалиевке, бас бухгалтер Т.И. Птушкинаға келісімге, соның аясында бекітілетін барлық/кез келген келісімшарттар және/немесе келісімдерге, сонымен қатар келісімнің ажырамас бөлігі саналатын оларға қосымша келісімдерге, кепілдік шарттарына, оған қосымша келісімдер мен басқа да құжаттарға, сонымен қатар кепілзат шарттарына, аталмыш келісімді орындауға қажетті қосымша келісімдер мен басқа да құжаттарға қол қою үшін өкілеттілік беру туралы шешім қабылдау.

4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сай неси­елік бюроның мәліметтер базасында бекітілген мәмілеге сәйкес тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты банктің ақпаратпен қамтуына келісім беру туралы шешім қабылдау.

5. Асет Маратович Сармасаев мырзаға серіктестіктің банк алдындағы міндетін дұрыс орындауын қамтамасыз ету мақсатында жеке кепіл болу туралы өтініш білдіру.

6. Асет Маратович Сармасаев мырзаға жылжымайтын мүлік түріндегі өз мүлкін (Орал қ., Еуразия даңғ., 59/4 мекенжайында орналасқан, ауданы 0,0851 га, кадастрлық нөмірі 08­130­120­878 жер телімі бар тұрғылықты емес ғимарат) серіктестіктің банк алдындағы міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін және серіктестіктің банк алдындағы міндеттемелерін орындамаған және/немесе дұрыс орындамаған жағдайда банктің кепіл нысанын соттың қатысынсыз­ақ іске асыруына құқық беру мақсатында банкке кепілге беру тура­лы өтініш білдіру жөнінде шешім қабылдау.

Серіктестік қатысушыларын тіркеу сағат 13.00­де басталады.

Басқарма

Page 12: Орал Өңiрi №134

Құттықтаймыз!

кеРуен САРАЙСенбі, 2 қараша 2013 жыл12 [email protected]

Қазталов ауданы Қошан­көл ауылының тұрғындары ардақты ана Фатиха Гиният- қызы АРЫСТАНОВА мен сүйікті әкеміз Меңдәлі АЙ­ДА- БУЛОВТЫҢ отау құрған­дарына 25 жыл толу – күміс тойларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке күн нұрға толсын жүздеріңіз,Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіздер.Бала­шаға қызығына кенеліп,Ортамызда аман­есен жүріңіздер!

Құттықтаушылар: бала-келіндеріңіз Арман-Бота, балаңыз Асылан, сүйікті немереңіз Данияр және

тума-туысқандарыңыз

Қазіргі кезде Жаңақала ауданы Бірлік ауы­лында тұратын кішкентай немереміз Аңсар Ринатұлы АЖЫХАНДЫ 3 жасқа толуымен құттықтаймыз!

Аңсарым, туған күнің құтты болсын,Денсаулығың әрқашан мықты болсын.Сағынып өзіңді, ботам, аңсап жүрміз,Әкеңнің артындағы тұяғысың.

«Құтты болсын» айтамыз туған күнге,Құлазыған көңілім сенімен бірге.Ұмытпа, ботам, еліңді, ата­әжеңді,Келіп кетсең, қайтер еді туған жерге?!

Денің сау болып, сенің балалық бал қылығыңа кенеле берейік.

Құттықтаушылар: Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылынан ата-әжең Ажыхан-фатима, кіндік атаң

Талғат, кіндік мамаң Қабира

Біздің газетіміздегі жарнамаңыз – сіздің табысыңыз.

Тел: 51-51-09

“Газ исі” деп үріккен қызмет­керлер іштегілерді түгелдей сыртқа шығарудың қамын же­дел алып, тиісті қызметтерге хабарлады. Газанализатормен зерттеу адам тамағын ашытып, мұрнына тиген бұл иістің таби­ғи газ емес екенін анықтады. Ауадағы зиянды заттар қалып­ ты мөлшерде болып шықты. Мектеп ғимаратында, әрине, еш­қандай газ желісі жоқ. Оқушы­ лар үйлеріне таратылды. Барлық бөлме желдетілді. Жағдай күні бойы бақылауда ұсталды.

Сағат 11­ден кете бір оқушы әлдебір баллондағы затты шашты деген күдікпен тергеу бастал­ды. Күдік расқа айналды. 11­сы­ ныптың оқушысы С. (“қиын” от­ басынан) адамның өзін­өзі қор­ғауына арналған “Перцовый шок” деген баллондағы затты шашқан болып шықты.

Бекем БЕКҰЛЫ,Ақжайық ауданы

Ақжайық ауданының ор­талығы Чапаевтағы №1 ор­та мектепте 31 қазанда алғашқы сабақ біте бер­ген кезде, бөгде иіс сезіледі.

“Газ исі” деп қорқып еді...

Соған орай М.Ықсанов атын­дағы қоғамдық қор облыс ор­талығындағы білім ұяларында «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген тақырыпта шара өткізді. Мәселен, Ә.Молдағұлова атын­дағы №38 мектепте өткен кеш­ ке Мижан Әбдірахманов, Төреш Мұрадымов, Халам Сүйіншә­ лиев, Хамза Сафин, Жұмабай Байболатов сынды соғыс және еңбек ардагерлері келді. Ша­раны ашқан мектеп директоры Шынар Сағынғалиева бүгінгі қоғамдағы аға буын өкілдерінің рөлі, олардың соғыс және со­дан кейінгі жылдардағы ерлігі, тәуелсіз Қазақстанның іргета­ сын қалаудағы еңбектері жө­

Елбасымыз Жолдауында аға буынның көр­егендігі мен өмір­лік тәжір­ибесі кейінгі толқынның ақиқат жолдан адаспай, алға басуына септігін тигізетінін айтқан еді.

Аға буынға құрмет пен ізет

нінде баяндады. Өз кезегінде сөз алған қонақтар өздерінің өмірлік және еңбек тәжірибе­лерімен бөлісіп, қазақстандық патриотизмнің мәні мен маңызына тоқталды. Шара соңы оқушылар дайындаған концертке ұласты.

Дәл осындай кездесулер М.Ықсанов атындағы №36 орта мектепте, Жәнібек ауданы ар­

дагерлерінің қоғамдастығында, қарттар үйінде де өтті. Бұл ша­ ралардың соңында қор атынан алғысхаттар мен бағалы сый­лықтар табысталды.

Асқар АТАЕВ,М.Ықсанов атындағы

қоғамдық қордың төрағасы

“Dana.kaz” тарихи-танымдық журналы шыға бастағанына 1 жыл толу қарсаңында ғаламат

жыр кешіне шақырады! Жырсүйер қауымды 11 қараша күні сағат 19.00-де Батыс Қазақстан об-

лыстық қазақ драма театрында күтеміз! Респуб-ликалық ақындар айтысы мен жыршы-термеші-

лер байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы, семей- лік жыршы Дүйсенғазы Нығметжанов Ақ Жайық өңірі-

не арнайы шақырылып отыр! Кеш барысында Дүйсен- ғазы жыршы өз орындауындағы жырларды көрермен қауымның таңдауы бойынша жырлап бермек.

Жыршы репертуарында төмендегідейжырлар бар:

1. “Қобыланды батыр” (толық нұсқа);2. Шәкір Әбенов жырлаған “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” (өте сирек орындалатын 19-нұсқа);3. “Алпамыс батыр”;4. “Қыз Жібек”;5. “Қамбар батыр”;6. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр” дастаны;7. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Еңлік-Кебек” жыры;8. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің әйгілі “Шахнама” дастаны;9. Абай Құнанбайұлының “Ескендір” поэмасы;10. “Арқалық батыр” дастаны.

Дүйсенғазы ағамыз осы айтылған жырларды кез келген жері-нен көрермен сұрауы бойынша табан астында жырлап беруге әзір. Тыңдаушы көпшілікпен сыр-сұхбат ретінде өтетін ерекше жыр кеші-не келем деушілерге есік ашық.

Жыр кешінешақырамыз!

Облыстыққазақ драма театры

2013 жыл, 11 қарашасағ: 19.00

Жаңақала ауданы Көпжасар ауылы­ ның тұрғыны, қарындасым Жанар Зака-рияқызы СИСЕНҒАЛИЕВАНЫ 30 жас­ қа толған мерейлі күнімен құттықтаймыз!

Отбасыңның ортасында ене сыйлайтын келін, ардақты ана, адал жар болып, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуіңе тілектеспіз.

Бұл өмірде қиындықсыз өткейсің,Мерейтойда әсем әуен қалқысын,Жастан­жасқа аман­есен жеткейсің,Шаңырақта шаттық оты шалқысын.

Құттықтаушылар: аға-жеңгеңіз Нұрлыбек-Гауһар, күйеу бала-сіңлілеріңіз Нұрболат-Шынар,

Абзал-Жаннұр

Орал қаласының тұрғыны асыл жар, сүйікті әке Ерболат Нұрмұқанбетұлы САРСЕНҒАЛИЕВТІ мерейлі 50 жасқа то­ луымен шын жүректен құттықтаймыз.

Құтты болсын 50 деген жасыңыз,Аман болсын әрқашан да басыңыз.Бейнет көрмей, қызығы мол өмірдеӘрі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: зайыбыңыз Нұргүл және балаларыңыз Венера,

Мөлдір, Абылай, Сәндігүл, Айымнұр, Ерқанат