Орал Өңiрi №31

8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАяСи гАзЕТ www.zhaikpress.kz Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл №31 (19950) + 2 0 С 2 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі АҚПАРАТ ДАЛА-ҚАЛА 2 Мегажоба Қаратөбеде Құлбековтің көрмесі 5 2 Комиссия өңірдің әлеуеті зоР деП бАғАлАды Наурыздың 15інде облыс әкімдігінде БҚОда ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының жүзеге асырылу нәтижелерін тексере келген жұмыс тобының қатысуымен кеңес өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов төрағалық етті. Басқосуға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандардың, ауылдық округтердің және шаруашылықтар құрылымдарының басшылары қатысты. 2013 жылы 97,3 мың бас мүйізді ірі қара малы аналығына табынның тұқымдық құрамын жақсарту жұмыстары жүргізілді. 2014 жылға 120,3 мың бас мүйізді ірі қара мал аналығына табынның тұқымдық құрамын жақсарту жоспарлануда. Тауарлы табынның тұқымдық құрамын жақсарту Қолдан ұрықтандыру жолымен 36,7 мың бас, 37,7% Асыл тұқымды өндіргіш бұқамен 60,6 мың бас, 62,3% Асыл тұқымды өндіргіш бұқамен 79,0 мың бас, 65,6% Қолдан ұрықтандыру жолымен 41,3 мың бас, 34,4% 2013 жыл 2014 жылға жоспар 97,3 мың бас 120,3 мың бас Б иылғы ақпан айының 18-інде Үкімет басшы- сы Серік Ахметовтің тө- рағалығымен еліміздің ет экспор- ты әлеуетін арттыруға байланысты кеңейтілген кеңес өткені мәлім. Онда облыс басшыларына, басқа да уәкілетті органдарға кешенді жоспардың тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырмалар бе- рілді. Өңірлердегі жағдайлармен танысу үшін арнайы комиссия- лар құрылған болатын. Соған орай ҚР Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Бақытбек Има- налиев бастаған тексеру жұмыс тобы БҚО-да болып, етті мал өсі- ру жұмыстарымен танысты. Сол жұмыстардың нәтижесі бойын- ша оздырылған бұл кеңесте өңірдегі мал экспорты әлеуетін көтеру мәселелері жан-жақты тал- қыланды. Елбасының еліміздің экспорт- қа қабілетті болуына, ауыл ша- руашылығы өнімдерін сыртқа шығаруға үлкен мән беріп отыр- ғаны белгілі. Соған сәйкес еліміз- де қажетті бағдарламалар қа- былданып, әр бағдарламаға тиіс- ті қаржы-қаражат қарастырыл- ған. 2016 жылға дейін Қазақстан 60 мың тонна ірі қара етін экс- порттауы керек болса, мұндағы батысқазақстандықтардың үлесі 5 мың тоннаны құрамақ. (Жалғасы 2-бетте) Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, "Орал өңірі" Банкирлерді АуылғА шАҚыРды

Upload: -

Post on 27-Mar-2016

273 views

Category:

Documents


10 download

DESCRIPTION

zhaikpress.kz

TRANSCRIPT

Page 1: Орал Өңiрi №31

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ­САяСи гАзЕТ

www.zhaikpress.kz

Сейсенбі,18 наурыз 2014 жыл№31 (19950)

+ 2 0С

­ 2 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріАҚПАРАТ

ДАЛА-ҚАЛА

2

Мегажоба Қаратөбеде

Құлбековтің көрмесі

52

Комиссия өңірдің әлеуеті зоР деП бАғАлАды

Наурыздың 15­інде облыс әкімдігінде БҚО­да ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының жүзеге асырылу нәтижелерін тексере келген жұмыс тобының қатысуымен кеңес өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов төрағалық етті. Басқосуға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандардың, ауылдық округтердің және шаруашылықтар құрылымдарының басшылары қатысты.

2013 жылы 97,3 мың бас мүйізді ірі қара малы аналығына табынның тұқымдық құрамын жақсарту жұмыстары жүргізілді. 2014 жылға 120,3 мың бас мүйізді

ірі қара мал аналығына табынның тұқымдық құрамын жақсарту жоспарлануда.

Тауарлы табынның тұқымдық құрамын жақсарту

Қолдан ұрықтандыру жолымен 36,7 мың бас, 37,7%

Асыл тұқымды өндіргіш бұқамен 60,6 мың бас, 62,3%

Асыл тұқымды өндіргіш бұқамен 79,0 мың бас, 65,6%

Қолдан ұрықтандыру жолымен 41,3 мың бас,34,4%

2013 жыл

2014 жылға жоспар

97,3 мың бас

120,3 мың бас

Биылғы ақпан айының 18-інде Үкімет басшы-сы Серік Ахметовтің тө-

рағалығымен еліміздің ет экспор-ты әлеуетін арттыруға байланысты кеңейтілген кеңес өткені мәлім. Онда облыс басшыларына, басқа да уәкілетті органдарға кешенді жоспардың тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырмалар бе-

рілді. Өңірлердегі жағдайлармен танысу үшін арнайы комиссия-лар құрылған болатын. Соған орай ҚР Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Бақытбек Има-налиев бастаған тексеру жұмыс тобы БҚО-да болып, етті мал өсі-ру жұмыстарымен танысты. Сол жұмыстардың нәтижесі бойын-ша оздырылған бұл кеңесте өңірдегі мал экспорты әлеуетін көтеру мәселелері жан-жақты тал-қыланды.

Елбасының еліміздің экспорт-

қа қабілетті болуына, ауыл ша-руашылығы өнімдерін сыртқа шығаруға үлкен мән беріп отыр- ғаны белгілі. Соған сәйкес еліміз-де қажетті бағдарламалар қа-былданып, әр бағдарламаға тиіс- ті қаржы-қаражат қарастырыл-ған. 2016 жылға дейін Қазақстан 60 мың тонна ірі қара етін экс-порттауы керек болса, мұндағы батысқазақстандықтардың үлесі 5 мың тоннаны құрамақ.

(Жалғасы 2-бетте)

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,"Орал өңірі"

Банкирлерді АуылғА шАҚыРды

Page 2: Орал Өңiрi №31

АҚПАРАТCейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

[email protected]

P «Казармапром» ЖШС-ның цехында тұрғындар ерікті түрде тапсырған 328 дана қару жойылды.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының мін-детін атқарушы Мүсілім Жәрдемовтің айтуынша, атыс қаруын, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру шара-сы өткен жылғы 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін жүргізіліп, азаматтарға 12 миллионнан астам теңге төленді.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Облыстық ауыл шаруа- шылығы басқармасы-ның басшысы Марат

Оңғарбековтің айтуынша, биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облысымызда 415 мың ірі қара мал бар және бұл бағыттағы жұ-мыстарды жандандыру межеден шығуға мүмкіндік береді. Соған орай 12,5 мың басқа арналған мал

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

Архитектура қымбат тас-тардың әуені болса, ал сурет өнері түрлі-түсті бояудың әуе- ні екені мәлім. Майлы бояу-мен шебер бейнеленген кар- тиналарды тамашалауға көрер-мен көп келді. Көрмеге су- ретшінің 18-ден астам туын-дысы қойылды. Шараның бас- ты мақсаты – Ақ Жайық өңірі-

не танымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі С.Құл-бековтің шығармашылығымен жастарды таныстыру. Шара барысын-да күй шертіліп, суретші туралы бейнеролик көрсетілді. Кеш соңын- да қатысушылар алдында қылқалам иесі «шеберлік класын» өткізді.

Құлбековтің көрмесі

P Зеленов ауданында мемлекеттік мекемелердің қызметкер-лері арасында волейболдан жарыс өтті.

Аудандық ішкі істер бөлімі мен «Нұр Отан» партиясының ау-дандық филиалы ұйымдастырған шараның мақсаты – полиция қызметкерлеріне деген халықтың оң көзқарасын қалыптасты-рып, сенімін арттыру және ел ішінде салауатты өмір салтын нығайта түсу. Жарысқа аудандық әкімдік, аудандық ІІБ, Зеле- нов колледжі, БЖСМ, Қ.Аманжолов атындағы орта мектеп командалары қатысты.

лыс шаруашылықтарына жоғары өнімді етті бағыттағы 700 мал са- тып алынған. Олардың басым бө-лігі қазақтың ақ бас тұқымынан.

«Кроун Батыс» ЖШС бордақы-лау кешенін толық қуаттылығына шығару мақсатында үкімет тара-пынан мал шаруашылығындағы демеуқаржы бөлудің (субсидия-лаудың) жаңа бағытын, яғни та- уар өндірушілердің 6-18 айлық бұқашықтарды бірінші деңгейін-дегі бордақылау алаңдарына өт- кізгені үшін 15 мың теңгеден суб- сидиялау бағдарламасы арқылы кешенді малмен толықтыру жұ-мыстары жүргізілуде. «Кроун Ба-

тыс» ЖШС бордақылау алаңы бұ-қашықтарды 1 келі тірілей салмақ- та 370 теңгеден қабылдауда. Бү- гінде онда 1465 мал бордақы- лануда. Жыл басынан бері кәсіп-орын 90 тонна сиыр етін өндіріп, соның 74,0 тоннасын немесе 82,0%-ын Ресей Федерациясына экспортқа шығарды.

Өткен жылы Жәнібек ауданы-ның «Әлем» ШҚ 146 тонна ет өн-діріп, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен өзіміздің ішкі на- рыққа шығарды. Биылдың өзін- де мұнда 200 ірі қара бордақыла-нып, етке өткізілді. Бүгіндері 150 сиыр малы және бордақылануда.

Күні бүгін облыста екін- ші деңгейлі 18 банк филиалы болса, олар-

дың түгелге жуығы облыс орта-лығында шоғырланған. Ал аудан- дарда бір ғана «Қазпошта» АҚ-ның филиалдары жұмыс істеп, ауыл тұрғындарына қаржылық қызмет көрсетуде. Банкирлер аудан орталықтарында филиал ашу тиімсіз дегенді алға тарта-ды. «Егер ашсақ, 3-4 айдан кейін банкрот болып, жабылады» деп безек қағады. Ал «ҚР Ұлттық бан-кі» АҚ БҚО филиалы директо- рының орынбасары Ғалия Саты-балдинаның келтірген дәйегі тіпті қызық. Ол облыстағы жол сапасының нашарлығына сын тақты. «Банк филиалы толық- қанды жұмыс істеуі үшін қаржы

Алдағы уақытта «Әлем» ШҚ мал бордақылау алаңының жанынан ауысымына 15 тонна тоңазытыл-ған ет өндіретін типтік жобадағы мал сою цехының құрылысы жос-парлануда. Ол Қазталов, Жәні- бек, Бөкей ордасы аудандарының малын аталған кешенде сойып, еттің 50% экспортқа бағыттауға мүмкіндік беретін болады (жоба-ны «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландыру жоспарлануда).

«ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төр- ағасының бірінші орынбасары Анас Баққожаевтың айтуынша, өңірдің ет экспортын дамытуға

Өткен аптада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыста­ғы екінші деңгейлі банк басшыларының және аудан әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Басқосуда өңір басшысы қаржы институттарының өкілдерін ауылға ат басын бұруға шақырды.

үздіксіз жеткізілуі тиіс. Аудан-дарға жол нашар. Әрі ақша сақ-тайтын арнайы орындар жоқ» деді Ғ.Сатыбалдина.

Осы жерде өңір басшысы бан- кирлерге «Сіздер соңғы рет қа-шан ауданға шықтыңыздар?» деп сұрақ қойды. Бір қызығы, соңғы уақытта ешбір банк өкілі ауылға ат ізін салмапты.

– Сіздердің клиенттеріңіздің басым бөлігі ауылда тұрады. Сондықтан жол жаман, ауыл-дықтар несиені төлей алмайды, кепіл мүлкі жоқ деген жай ғана сылтау, енжарлықтың белгісі. Жол салу үшін жыл сайын мол қар- жы бөлінуде. Мысалы, Қаратөбе-ге жол жақсы. Бірақ солай бола тұра, онда бірде-бір банк филиа-лын ашпаған. Осының кесірінен

ауылдықтар әлденеше шақырым жол жүріп Оралға келіп, ақша айырбастауға, несие ресімдеуге мәжбүр, – деді Нұрлан Асқарұлы.

Жәнібек ауданының әкімі Мұ-рат Мұқаев банкирлерден тым болмаса ақша айырбастау пунк-тін ашуды сұраса, Бөкей орда-сы ауданының әкімі Нұрлан Ра- хымжанов «Аудан орталығында банк филиалын ашуға ғимарат әзір» деп мәлімдеді.

Өкінішке қарай, банкирлер та- рапынан сындарлы әңгіме бол-мады. Көбі үндемей құтылуды жөн көрсе, тек «Халық банкі» АҚ өкілі ғана кейбір аудан орталық-тарынан филиал ашу туралы ұсынысқа ойлануға сөз берді.

Өңір басшысы банкирлердің жұмысына көңілі толмайтынды-ғын, нәтижесінде жергілікті жер-лердегі мемлекеттік бағдарлама- ларды жүргізуге кедергі көбейе-тіндігін ашып айтты.

Жанна БАЛЫҚОВА

Суретті түсірген Виктор ПРЕДЫБАЙЛО

өңіРдің әлеуеТі зоР деП бАғАлАдыбордақылау алаңдарын іске қо- сып, 200 фермерлік, 5 асыл тұқым- ды жасақтаушы шаруашылық құ- рып, 5,3 мың бас шетелдік селек-циялық мал әкелінбек. Соңғы жыл- дары Зеленов, Жәнібек ауданда-рында 2 мал бордақылау алаңы салынды. Қазіргі уақытта құрылы-сы 2015 жылы жалғасатын 5 мал бордақылау алаңының құрылы-сы қолға алынды. Биыл аналық тұқымдық малды «ҚазАгро» хол- дингтің еншілес компаниясы ар-қылы сатып алу мәселесі шеші- луде. Бұдан өзге 5 ауданға қосым- ша тұқымдық мал алу жайы қа-растырылып отыр. Бүгінде об-

тып алу бағасын өсіруді сұрады. Олардың пікірінше, «Кроун Ба-тыс» мал бордақылау алаңына өткізілген малға есеп айырысу-да жайбасарлық басым. Жиын-да көтерілген кейбір мәселелер «ҚазАгроӨнім» тарапынан қара-лып, нақты шешілетін болады. «Кроун Батыс» мал бордақылау алаңына жас мал қабылданатыны, одан өзге кәрі малды қабылдап, ішкі нарыққа шығаруға болаты-ны да сөз болды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығының айтуынша, «Кроун Батыстың» бордақылау алаңы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында барлық мүлкі лизингтік несиеге кепілге салын- ған. Енді жекелер мен шаруашы-лықтардан өзге малды сатып алып, бордақылауға қаржы тапшы әрі банктерден несие алуға кепілза-ты жоқ. «ҚазАгроӨнім» компания- сы бұл мәселені де көп ұзатпай шешіп бермек.

Жиынды облыс әкімінің орын- басары Арман Өтеғұлов қорытын-дылап, аудандардың басшылары-на ет экспортын дамыту бойынша жұмыстануды тапсырды. Мемле-кет өз тарапынан қаржылай қол-дау көмегін ұсынып отыр. Биыл об- лысымыз Ресейге шамамен 1800 тонна етті экспорттауы керек. Об- лыстық ауыл шаруашылығы сала- сының мамандары мұндай ме-жені іс жүзінде артығымен орын- дауға болатынын жоққа шығар-майды.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Банкирлерді ауылға шақырды

Комиссия әлеуеті жеткілікті. Комиссия ау-дандардағы 12 шаруашылықты аралап, етті мал өсіру бағытында-ғы және мал бордақылау алаң- дарының жұмыстарымен таныс-қан. Бағдарламалардың операто-ры «ҚазАгроӨнім» компаниясы болып табылатындықтан, облыс- тағы бірінші санатты мал борда-қылау алаңдарын етті малмен толтыру, асыл мал сатып алу жұ-мыстарын осы еншілес компа-ния атқарады. Мал бордақылау алаңдарын малмен толтыру тетік- тері жайында әңгімеленді. Бас-қосуда шаруашылық өкілдері бор- дақылау алаңына етті мал са-

Облыстық тарихи-өлкетану му-зейінде белгілі қылқалам шебері Саты- балды Құлбековтің 65 жас мерейто-йына арналған «Жайықтың самал лебі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Page 3: Орал Өңiрi №31

Cейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл3

[email protected]

ҚоғАМ

Таяуда ҚМДБ-ның БҚО бо-йынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов облыстық телера-диокомпаниясында болып, әр жұма сайын өткізілетін «Руханият» бағдарламасының тұсауын кесті.

Бағдарлама ақпараттық үгіт-насихат жұмысының жоспары -

на сәйкес, облыс жұртшылы-ғына дәстүрлі Ханафи мазха-бының құндылықтарын ашып, дін мен дәстүрдің байланысын түсіндіру мақсатында ашылып отыр. Биылғы жылдың «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияла-нуына байланысты облыс има- мы Руслан тыныштықұлы: «Біз- дің міндетіміз – халық арасын-дағы діни сауаттылықты арт-тыру. Әр жұма сайын Отан жа- йында, отбасы хақында, ата-ананы құрметтеу турасында уағыз-насихат айтылады» - деп сүйінші хабарын жеткізді. Ол «Дін мен дәстүр» тақырыбын- да уағыз айтты.

Эфирде «Руханият»

Орал қалалық сотының қаулысымен ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлімі «б» тармағы бойынша айыпталып отырған «AKELLA» ЖшС директоры Алина Хака-лоны екі айға қамауға алу тура-лы санкция берілді.

БҚО сотының баспасөз қыз- метінен түскен мәліметке қа-рағанда, «USAID CEED Bulgaria in Kazakhstan» халықаралық компаниясының шағын және орта бизнеске қаржылай тегін қолдау жөніндегі Қазақстанда-ғы бағдарламасының операто-ры ретінде өзін таныстырған А.Хакало алаяқтық жасау мақ-сатында 2009 жылы аталмыш ЖШС-ны құрып, содан бері ел аумағында ауыр қылмыс жа-саған.

Мәселен, А.Хакало «Сауда-Инвест» ЖШС директорымен грант қорын құру жөнінде ке-лісімшартқа отырған. Кейін «Сауда-Инвест» «AKELLA» ЖШС есебіне 150 млн. теңге аударған. Осындай жолмен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аг-рарлық-техникалық универси-тетіне – 235,9 млн., «Конден-сат Холдинг лтД» ЖШС-ға 408 млн. теңге және басқаларға барлығы 1 млрд. астам теңге залал келтірілген. Бұл қаржы Хакало құрған жалған кәсіп-орындардың есепшотына ауда-рылып, екінші деңгейдегі банк-тер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Хакало «қақалды»

Өз тілшілеріміз

«Облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі саясат басқармасымен көрсетеді.

Оны ақпараттық саясат және БАҚ-на мониторинг жүргізу бөлі- мі халыққа қызмет көрсету орта-лығы (ХҚКО) және үкіметтің элек-трондық порталы (egov.kz) арқылы атқарады.

ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы №2315 қаулы- сымен бекітілген «Астана, респуб-ликалық маңызы бар қалалар және облыстар аумағындағы шет- ел дік мерзімді басылымдарды есепке алу» стандартына сәйкес осы қызмет түрі тегін көрсетіле-ді. Аталған стандарт ішкі саясат басқармасының сайтына орналас-тырылған. Сондай-ақ мемлекет-тік қызмет көрсету тәртібі тура- лы хабарландыру ішкі саясат бас- қармасының сайтында және бас-қарманың стендінде де тұр.

Газеттер де есепте тұрады

Қызмет көрсету барысының ашықтығын қамтамасыз ету мақ-сатында БАҚ арқылы және се-минарлар арқылы түсіндіру жұ-мыстары жүргізілді. 2013 жылы 16 ақпанда «Облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызме- тін көрсету туралы» тақырыбында ХҚКО директорының орынбаса-ры Ж.Батырғалиеваның, кәсіп- керлік және өнеркәсіп басқар-масының бөлім басшысы Г.Вар-фоломееваның, «Паршин» ЖК ди- ректоры М.Паршинның, «Пост-мэн» ЖШС-ның өкілі Е.Боранбаева, «Қазпошта» АҚ филиалының өкі- лі Д.Есқалиеваның, «Еуразия Пресс Батыс» ЖШС директоры С.Муси-наның және облыстық ішкі саясат басқармасы мен қалалық ішкі сая-сат бөлімі өкілдерінің қатысуы- мен дөңгелек үстел ұйымдасты-рылды. Өткен шара туралы «Ше-телдік баспасөзге қолжетімділік жеңілдеді», «Орал өңірі», №46, 20.04.2013 ж., «Газеты на учет»,

Қамкөңіл жандар ТАСАдА ҚАлМАйды

Жиналысты аудан әкімі, «Нұр Отан» партия-сы Сырым аудандық

филиалының төрағасы Абат Шы-ныбеков кіріспе сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.

– Елбасы, «Нұр Отан» партия-сының төрағасы Нұрсұлтан Әбіш- ұлы Назарбаевтың кезекті «Қазақ-стан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын- да мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету бары-сы баса айтылды. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келе-шек» мүмкіндігі шектеулі жандар-ды қолдауға арналған жобасы іске асуда. Елдің даму жолында әлеуметтік саясатты жүзеге асы-ру бағытында ауқымды шара-лар атқарылып келеді. Аудан халқының 3,5 пайызы немесе 740 адам мүмкіндігі шектеулі жан-

Сырым ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне арналған кеңес өтті. Басқосуға аудандағы бөлім басшылары, ҮЕҰ­лардың жетекшілері, денсаулық саласының басшылары мен аудандық мәслихаттың депу­таттары қатысты.

дар. Партияның бағыттаған тап-сырмалары жергілікті атқарушы органдармен жүйелі орындалуы қажет. Қоғамдық қабылдауға кел-ген әрбір азаматтың өтініш-тіле-гі, мұң-мұқтажына дереу жауап беруіміз керек. Қазірдің өзінде аудандық партия филиалының қабылдау бөлмесінде әр аптаның сәрсенбі күнінде мүмкіндігі шек-теулі жандарға арнайы қабылдау жүргізіледі, – деді аудан әкімі А.Шыныбеков өз сөзінде.

Кеңесте «Аудан бойынша мүм- кіндігі шектеулі жандарды қор- ғау әлеуметтік саясатты жүзеге асыру туралы» аудандық жұмыс-пен қамту және әлеуметтік бағ-дарламалар бөлімінің басшысы Қ.төлепов және «Мүмкіндігі шек-теулі балаларды қоғамдық орта-ға бейімдеу туралы» аудандық педагогикалық-психологиялық

түзеу кабинетінің меңгерушісі Аида Ниязғалиева өз хабарлама-ларында мүгедектерді әлеуметтік оңалту, оларды жұмысқа орна-ластыру, қамқорлық көрсету жә-йін кеңінен қамтыды.

Сырым аудандық орталық ау- руханасының директоры А.Дүй- сенғалиев ауруханаға 5 мүгедек жанды жұмысқа орналастырып, таяуда тағы үшеуін орналастыр- ғалы отырғандығын, мүгедектер- ді арнайы қабылдау бөлмесі ашылғандығын айтса, аудандық сәулет, қала құрылысы және құ- рылыс бөлімінің басшысы Қ.Жа- киев, аудандық тұрғын үй-ком- муналдық шаруашылығы, жолау-шылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің басшысы Ө.Бек- тенов мүгедектерді қоғамдық орынға кеңінен тартып, олар- дың еркін жүруіне жағдай жа-сау, мүгедек жандардың қол ең- бектерін бағалап, олар жасаған зергерлік бұйымдар мен тұр- мыстық заттарды көрмеге шы-ғарып отырсақ, тұрғындар белгілі бағаға сатып алар еді деген орын-ды ұсыныстарын айтты.

Жиынды аудан әкімі Абат Абай-ұлы қорытындылап, аудандық партия филиалына, бөлім бас-шыларына нақты тапсырмалар берді.

Мүсірбек АЙтАШЕВ,Сырым ауданы

Ақжайық ауданының Мер-ген ауылындағы кітапханада белгілі ақын Ақұштап Бақты- герееваның 70 жас мерейто-йына орай бастауыш сынып-тар оқушылары арасында мә-нерлеп оқу байқауы өтті.

Бұл шара ұл-қыздардың Ақ Жайықтың «ақ шағаласы» атан- ған Ақұштап ақынның шығар- маларын сүйіп оқитынын әй-гіледі. Байқау қорытынды- сында І орынды 4-сынып оқу-шысы Сымбат Байғұтты, ІІ орын-ды 3-сынып оқушысы Ақбота Қуанышқалиева, ІІІ орынды 2-сынып оқушысы Аяулым Сан-сызбай иеленді.

Жырымен әлдилеген Ақжайығын

2013 жылы «Облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ішкі саясат басқармасымен

атқарылған жұмыстарының есебі

«Қазақстан Республикасында-ғы жергілікті мемлекеттік басқа-ру және өзін-өзі басқару тура-лы» Заңының 10-бабына сәйкес шЕшІМ ЕТТІМ:

Облыстық мәслихаттың кезек- ті XVI сессиясы 2014 жылғы 28 наурызда облыстық мәслихат-

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі

Орал қаласы № 16 17 наурыз 2014 жыл

Облыстық мәслихаттың кезекті XVI сессиясын шақыру туралытың үлкен залында сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне ұсы-нылатын мәселелер:

– 5-ші шақырылымдағы Батыс Қазақстан облыстық мәслиха-тының үлгі Регламентін бекіту ту-ралы;

– Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 нау- рыздағы №30-3 «Батыс Қазақ- стан облысындағы құқықбұзу-шылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған өңір- лік бағдарламасы туралы» ше-шімінің орындалуы жөнінде;

– Батыс Қазақстан облысы ау-мағында құрылыс салудың Ере-жесін бекіту туралы;

– Басқа да мәселелер.

Сессия төрағасы

Р.ХАЙРУЛЛИН

«Приуралье», №44-45, 20.04.2013 ж., газеттерінде және «Қазақстан Орал», «тДК - 42» 21.04.2013 ж. телеарналарындағы сюжеттерде жарияланып, көрсетілді.

2013 жылы 24 сәуірде халыққа қызмет көрсету орталығының «Жем қорлықсыз орталық» тақы- рыбында ұйымдастырған семи- нарына басқарма қызметкерлері қатысты.

Жалпы, өткен жыл бойы қыз-метті электрондық түрде алуды тұрғындарға түсіндіру, соның ішін- де «Облыс аумағындағы шетел- дік мерзімді басылымдарды есеп-ке алу» мемлекеттік қызметі ту-ралы және мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен са- пасын арттыру мәселелеріне ар- налған бұқаралық ақпарат құ-ралдарында 35 мақала жариялан-ды.

Жыл бойы 6 анықтама берілді, соның ішінде 2-еуі электрондық түрде, 4-еуі қағаз түрінде, об-лыс бойынша шетелдік мерзімді

басылымдардың 700-ден астам тү- рі таратылды. Облыста шетелдік БАҚ-ты таратумен «Паршин» ЖК (437 БАҚ), «Постмэн» ЖШС (430 БАҚ), «Еуразия Пресс Батыс» ЖШС (303 БАҚ), «Еламед - KZ» (1 БАҚ), «Гильманова» (1 БАҚ) сияқты меке-мелер айналысады.

2013 жылы қызмет алушылар- дың тарапынан мемлекеттік қыз-метті көрсету мәселелері бойын-ша арыз-шағымдар кездескен жоқ. Көрсетілген қызметтер туралы есеп ай сайын облыс әкімдігіне жолда-нып отырады. 2014 жылдың ақпан айында көрсетілетін қызметтер-дің сапасын бақылау мақсатында облыстық мемлекеттік қызмет іс-тері департаментімен жүргізілген тексеру нәтижесінде ескертулер болған жоқ.

2014 жылы 18 сәуірде ішкі сая-сат басқармасында (Молдағалиев көш. 19, 304 каб.) мемлекеттік ор-гандар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тың, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен «Облыс аумағындағы шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету саласында басқарманың қызметі туралы дөңгелек үстел өткізу жос-парлануда.

БҚО ішкі саясат басқармасы

Page 4: Орал Өңiрi №31

Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл4 [email protected]

денСАулыҚ

Жәнібек ауданы бойын-ша денсаулық сақтау саласында барлығы

18 медициналық мекеме жұмыс жасайды. Оларды жіктеп айтар болсақ, 1 аудандық орталық ау-рухана, 1 туберкулез ауруханасы, 6 ауылдық дәрігерлік амбулато-рия, 2 фельдшерлік-акушерлік және 7 медициналық пункт тұр-ғындарға медициналық көмек көрсетуде. Ауданық орталық ау- рухананың қарамағында 18 дәрі- гер мен 121 орта буындағы ме- дициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік пункттер автокөлік-пен, компьютермен және телефон байланысымен толықтай қамта- масыз етілді. Шалғай елді мекен-дердегі медициналық пункттерге де телефон жүйесі қосылып, тәу-ліктің қай мезгілінде де үздіксіз жұмыс істеуде.

Өткен жылы аудандық ауру-ханада 1136 науқас сырқатына байланысты емделіп шықса, ау-руханадағы күндізгі стационарда 2703 науқас, ал үйдегі стационар бойынша 54 сырқат ем-дом алды. Аудандық орталық аурухана қыз- меткерлерінің басты міндеті тұр-ғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетумен бірге олардың медициналық скринингтен өтуін бақылау болып табылады. Былтыр скрининг әдісімен қан айналымы, сүт бездері, жатыр мойны, тік ішек дерттері бойынша сәйкесінше 1509, 476, 426, 766 адам тексеру-ден өтсе, 0-17 жас аралығындағы 4620 балалар мен жасөспірім- дерге аталған әдіске сәйкес тек-серулер жүргізілді. Сондай-ақ

скрининг әдісімен 1488 адам глаукома ауруы бойынша тексе-руден өткізілді. Бұл үдеріс жыл сайын жалғасын табуда. Ауруы анықталған жандарға тиісті ша-ралар алынып, одан әрмен қа-рай толығырақ емделуі үшін жағ-дайлар жасау қолға алынды.

Аудандық орталық аурухана-ның материалдық-техникалық ба- засы жылдан-жылға дамып, ны-ғая түсуде. 2010 жылы аудандық орталық аурухана ғимаратының заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілуі тұрғындарға үлкен қуа-ныш сыйлады. Қазір ауруханада жатып емделушілерге қолайлы жағдайлардың барлығы да ту-ғызылған. Аудандық орталық ау-руханаға 2008 жылы алынған те-лемедицина қондырғысы облыс орталығындағы аурухана, емхана-лармен байланысқа шығып, кеңес алуға мүмкіндік жасады. Сонымен бірге аурухана рентген сандық аппаратурасымен, маммография- лық құрал-жабдықтармен қамтыл-ды. Аудандық орталық ауруханада лабораториялық қызмет те дами түсуде. Соңғы жылдары ауруха- наға жұмсақ жиһаздар мен те-ледидар көптеп алына бастады. Ауылдық округтердегі тұрғындар-ға медициналық қызмет көрсете-тін орындардың бәрі де түгелдей көгілдір экранмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ ауылдардағы ме- дициналық мекемелердің басым көпшілігі табиғи газ құбырына қо-сылды. Газ құбыры жеткізілмеген елді мекендердегі медициналық пункттер қысқы отынмен толық қамтылды. Өткен жылдың соңын-да Күйгенкөл ауылдық округіне

мандар қызметке алынды. Сол сияқты тұрғындар арасында са-лауатты өмір салтын насихаттау-да ауруханада науқастар мен дә-рігерлерге емделуге келгендерге бейнероликтер көрсету жолға қойылды. Мұның өзі тұрғындар-дың түрлі аурулардың алдын алу- да сауаттылығын арттырып, ауыр- майтын жол іздеудің жолдарын қарастыруға ықпалын тигізуде.

Аудан көлеміндегі медицина- лық мекемелерді дәрігерлер-мен, орта буын медицина қыз-меткерлерімен қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын кемінде жоғары ме-дициналық оқу орындарын бітір-ген 2-3 дәрігер аудандық орталық ауруханаға қызметке орналасып жатады. Мәселен, өткен жылы 5 жоғары білімді маман-дәрігерлер-ді қызметке қабылдадық. Олар- дың екеуін өндірістік қажеттілікке сай Алматы, Ақтөбе қалаларында- ғы дәрігерлердің білімін жетілді-ру институтына жіберіп, оқытып алдық. Жаңадан жұмысқа кіріс- кен дәрігерлерге тиесілі көрсеті-

луда. Мәселен, 2010-2013 жылдар аралығында ауданға ат ізін салған 7 орта буын маман несие есебі- мен баспанамен қамтамасыз еті-ліп, барлығы да көтермеақы алды. Дейтұрғанмен ауданға жоғары бі- лімді дәрігерлердің келуі әлі де болса көңілді көншітпейді. Қай- сыбір жас мамандар аудандық ау-руханада бір-екі жыл жұмыс істе-геннен кейін тұрақтамай, қалаға не болмаса қала маңындағы ауыл- дық жерлерге кетіп қалады. Мұ-ның өзі жұмысымызға белгілі бір дәрежеде кедергісін тигізбей қоймайды. Мысалы, күні бүгін ау- дан бойынша окулист, рентгено-лог және жалпы тәжірибелік екі жоғары білімді дәрігер жетіспей отыр.

Ауданда нәресте өлімі жылдан-жылға азайып келе жатыр. Мәсе- лен, соңғы үш жылдың көрсет-кішімен салыстыратын болсақ, 2011 жылы – 4, 2012 жылы – 2, ал былтыр 1 нәресте шетінеді. Өт-кен жылы туберкулез ауруына шалдығып, өлім-жітімге ұшыра-ғандар да тіркелген жоқ Өкпе ау-

арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру ая-сында «Орта медицина қызмет-керлерінің жоғары сапалы өмірді сақтаудағы рөлі мен жауапкер-шілігі» тақырыбында орта буын-ды медицина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру мақ-сатында аудандық орталық ауру-хана мен ауылдық дәрігерлік амбу-латориялар арасында байқаулар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Аудан медицина қызметкерлері облыстың, ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене атсалыса-ды. Даталы күндерге байланысты оздырылатын мерекелік шара-лардан да ауданның медицина саласында қызмет істейтіндер тыс қалған емес. Мысалы, өткен жылы маусым айында облыс орталығында халықаралық меди-цина қызметкерлері мерекесіне орай өткізілген спорттық шара-ларда аудандық орталық аурухана ұжымы жүлделі үшінші орынды жеңіп алса, былтыр жазда аудан орталығындағы мекемелер ара-сында оздырылған «Би ырғағы» атты өнер сайысында топ жарып, жүлдегер атанды.

Алдағы уақытта біздің аудандық денсаулық сақтау орындарының алдында медицина мекемелері-нің материалдық-техникалық ба-засын одан әрі нығайтып, оларды қажетті құрал-жабдықтармен, бай-ланыс қондырғыларымен қамту, тұрғындарды флюорографиядан өткізу, профилактикалық алдын ала егу жұмыстарын жүргізу, ана мен бала денсаулығын қорғауда медициналық көмек көрсетудің сапасын көтеру, ауданға қажетті дәрігер мамандарын тарту, тубер-кулез ауруы, АҚЖҚ; нашақорлық, маскүнемдік, жүрек-қан тамыр-лары, сусақ, астма, тағы да басқа түрлі аурулардың алдын алуға жіті назар аудару, тұрғындар ара-сында салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны насихат-тау міндеттері тұр. Біз бұл меже-лерден өту мақсатында аянбай жұмыс істейтін боламыз.

тимур МҰСАҒАЛИЕВ,«Жәнібек аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚМкк директоры

Дәрігерлердің біліктілігінАРттыРАтыН БОлАМыЗ

қарасты Құрсай, Көлтабан елді ме-кендеріне газ құбыры тартылып, осындағы медициналық пункт-тер көгілдір отынға қосылып, тұрғындарға да, медбикелерге де қолайлылық тудырды. Қазіргі кез-де аудандық орталық ауруханада уақыт тынысына сәйкес заңдық тұрғыда рұқсат етілген ақылы қызмет көрсету орындарын ашу қолға алынуда. Мәселен, былтыр осында қонақүйі ашылса, жуырда кір жуатын дезкамера да ақылы қызмет көрсете бастады. Аудан- дық орталық аурухананың жаны-нан, сондай-ақ автокөлік жуатын орын да іске қосылды. Аурухана-ның іші-сыртына қауіпсіздікті қам-тамасыз ету мақсатында бейне ба- қылау орнатылып, мекемені ба-қылап, қадағалайтын күзетші-ма-

летін жеңілдіктер беріліп отыр. Осы орайда аудандық атқару- шы органдарға, аудан әкіміне ал- ғысымды білдіргім келеді. Өйтке-ні біз жылма-жыл ауданымызға жоғары медициналық оқу орын- дарын бітіріп, басқа жерден кел- ген мамандарды немесе өз ауы-лымыздың осы оқу орнын бітір-ген түлектерін тұрғын үймен қам- тамасыз етіп отырмыз. Бұл ау- дан басшыларының медицина са-ласына оң көзбен қарағандығы деп түсінеміз. Өткен жылы ау-данның медициналық мекемеле-ріне облыс орталығындағы ме-дициналық колледжді бітірген 7 орта буын мамандар келді. Ауданға ат басын бұрған барлық орта буын медицина қызмет-керлеріне тиісті жағдайлар жаса-

руларының алдын алу үшін был-тыр 8937 адам флюорографиялық тексеруден өтсе, соның ішінде жы-лжымалы флюорографияға 2712 адам тексерілді. Аудандық орта-лық ауруханада онкологиялық ау-рулардан болатын өлім көрсеткі-шін төмендету мәселесі басты назарға алынды. Скрининг өткізу кезінде анықталған онкология- лық аурумен сырқаттанатындар- ды уақытында есепке алып, емдеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аталған аурумен аудандық орта-лық аурухананың есебінде тұра-тын адамдар тегін дәрі-дәрмек- термен қамтамасыз етілуде. Жал- пы, өлім-жітім, табиғи өсім бар-лығы да қазіргі күнгі облыстың деңгейінде келе жатыр.

Ауданда 2011-2015 жылдарға

Басы ауырып, балтыры сыздаған, бір сөзбен айтқанда бойындағы дертіне шипа іздегендер дәрігердің алдына жүгінері сөзсіз. Бұл тұрғыда, ауданымыздағы ақ халатты абзал жандар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуден аянып қалған емес. Аудандық орталық ауруханада және ауылдық округтердегі денсаулық сақтау орындарында тұрғындардың медициналық көмек алуына барлық жағдай жасалған.

Ж

Page 5: Орал Өңiрi №31

Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл[email protected] 5

Батыс Қазақстан облысында көктемнің алғашқы күндерінен бастау алған мегажоба эстафетасы өнер өлкесі Қаратөбеге келіп жетті.

Наурыз айының 13-і күні атау-лы мегажоба аясында аудан орталығы Қаратөбе ауылында «Бейбітшілік пен келісім - тату-лықтың айнасы» атты дөңгелек үстел оздырылды.

Аудан әкімі Асхат Шахаров достық сапармен келген шара қонақтары мен дөңгелек үстел-ге қатысушыларды игі шараның ашылу салтанатымен құттықта- ды.

Шыңғырлау ауданының әкі-мі Алдияр Халелов Қаратөбеде ұйымдастырылған мегажоба жұ- мысына 22 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан аудан халқының атынан алғысын ай-тып, шекаралас екі аудан тұрғын-дарының мызғымас достығының одан сайын нығая түсетіндігіне үлкен сенім білдірді.

«Көп ұлтты еліміздің бір-лігі мен татулығын сақтау, оны нығайту – басты мақсат» деп сөзін бастаған Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов ас-самблея жұмысына тоқталып өтті. Қазақстанның экономи-касы мықты дамыған әлемнің 30 елінің қатарына енуі үшін жұмыла еңбек етудің қажетті-гін, өскелең ұрпақтың аға буын өкілдерінің ақылына құлақ асып, ел игілігі үшін ізгілікті іс жасауы, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында атқарылған жұмыстар төңірегінде әңгіме- леп, аудандар бірлігін нығайта түсетін игі шараға ризашылығын білдірді.

Көршілес екі аудан Қаратөбе мен Шыңғырлау өлкесіне тән ортақ ерекшеліктер жетерлік. Бастысы, ауылы аралас, қойы қоралас қос өлкенің табиғаты мен тарихы да біте қайнасқан.

«Бейбітшілік пен келісімнің

жол картасы» мегажобасы ая-сында достық туын көтерген өнер мерекесі аудандық мәдени-демалыс орталығында Шыңғыр-лау ауданы көркемөнерпаздары-ның сазды бағдарламасымен өрнектелді. Жергілікті ақындар-дың жыр шашуымен ашылған ме-рекелік шарада «Шыңғырлауым – сәнді өлкем», «Ауылым – ал-тын бесігім» әндерін орындаған «Аққұм» квартетінің өнеріне қаратөбеліктер риза болысты. Әсіресе, Шыңғырлау өңірінде құрылған түрлі ұлт өкілдері мә-дени орталықтары өкілдерінің дайындаған мерекелік ән шашу-лары ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың мәңгі салтанат құра беретіндігінен кө-рініс берді.

Екі аудан арасындағы өнер достығының беріктігін көрсет-кен шара халықаралық, респуб-ликалық ән байқауларының жүлдегері таңат Жексенбаевтың орындауындағы «Қазақстаным» әнімен сахна шымылдығын жап-ты.

Сахна төріне көтерілген Шың-ғырлау ауданының әкімі Алдияр Халелов аудан басшылығына сый-сыяпат ұсынып, достық эс-тафетасын табыстады.

– Елімізде Мемлекет басшы-сы Н.Назарбаевтың қолдауымен «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы жүзеге асып келеді. Игілікті шара аясында бізді көтеріңкі көңіл күймен көм-керген Қаратөбе өңірі халқына алғысымды айтамын. Шыңғыр-лау ауданы жұртшылығы атынан қаратөбелік бауырларымыздың әр ісіне сәттілік тілеймін, – деді Алдияр Сансызбайұлы.

Одан соң сөз алған Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров шыңғырлаулықтарға қонақжай-лық танытып, алғысхат пен ес-керткіш сыйлық тарту етті.

Шара шеңберінде қос аудан командалары арасында волей-болдан жолдастық кездесу өтті.

Ерболат РАЙСОВ,Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Мегажоба ҚАРАТөбеде

Құрметті әріптестер!Наурыз - көп ұлтты Қазақстан халықтарының достық пен туысқандықтың, еңбек пен бірліктің, молшылықтың баста-

уы болатын көктем және жаңа жыл мейрамы. Күні мен түні, ұлылығы мен жылылығы теңесетін осы айды шығыс

елі халықтары ежелден жыл басы санап, өткенге ой жүгіртіп, болашаққа көз тігіп, бір-бірінің кінәсін кешіріп, келер жылдың ырысы мол болсын деп дастарқан жайған. Наурыз күні дастарқанға ағайын-туысты шақырып, қауышып, өткенге салауат айтып, болашаққа әділ көңілмен, жақсы үмітпен қарайтын

кез. Бұл күн еңбек пен іскерліктің, ырыс пен ынтымақтың, бауырмалдық пен достықтың алтын арқауын одан әрі бекіте түседі.

Әр отбасыға құт-береке, қуаныш пен бақыт тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол бол-сын!

Құрметпен,«Урал-Кров-Авто» ЖшС

бас директоры Валерий БЕЛАш

дАлА-ҚАлА

Наурыздың 14­і күні қазақ драма театрында Жайық жұртына жақсы таныс ақын Дариға Мұштанованың 60 жасқа толуына орай «Жүрек үні» атты әдеби­шығармашылық кеш өтті.

Менің ауылым, анау тұрған дөңгелеп,

Онда маған орын бөлек,төр бөлек,

Көру үшін көркемдігінол жердің,

Саған достым, мына мендік көз керек, - деп өзі жырға қосқан Жалпақтал, «Көктерек» кеңшары, Киров ауылы – ақынның кішкен-тай кезінен топырағында аунап өскен жері. 17 жасынан қолына домбыра ұстап, айтысқа шығып, ел мерейін асырған ақынның кешіне жырсүйер қауым көп жиналды.

Кешке арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Арман Өте-ғұлов ақынға облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың құттықтау ха-тын тапсырды.

- Бүгінгі той – айтыс өнерінің тойы. Апамыз айтыстың ауырт-палығын көтеріп, талай мәрте об-лысымыздың намысын қорғады. Қазіргі күнде жас ұрпағымызға білім беріп, құнарлы ана тіліміз-бен сусындатып тәрбиелеуде көп еңбек сіңіріп жүр. «Үміт» лингвис- тикалық гимназиясы - облысы-мыздағы маңдайалды мектептер-дің бірі. Ақын-ұстаздың шәкірт- тері еліміздің әр түкпірінде білім алып жүр. Сізге ұзақ ғұмыр тілей-міз! – деді Арман Кәрімұлы.

Ақын сіңлісін мерейтойымен құттықтап келген Ақұштап Бақ-тыгереева қазақы дәстүрмен ме-рейтой иесіне құндыз жағалы, оқалы шапан кигізді.

«Әйел затына қалам жүгін кө-теру – қанар жүгін көтеруден ауыр. Даланың мұңын, солған гүлін, тартылған өзенін, бәрін түнімен ұйықтамай өлеңге қосу,

әйелге ақын болу оңай емес. Сол ауыр жолдан өтіп келе жатқаныңа, сол жүкті көтергеніңе қуанамын. Сол үшін қол соғамын. «Денемде-гі дірілді емес, дәрігер, емдей ал-саң жүрегімді емдеші» дейсің бір өлеңіңде. Көп адам байқай бер-мейтін, өмірдің қалтарыстарын сезіне білген жаралы жүрегіңнен айналайын! Енді тек сенің жү-регіңнен жеңіл жырлардың жел-пініп шығуына тілекшімін» деді Ақұштап ақын.

Астанадан арнайы келген ай-тыскер Жібек Болтанова ақын апасына жырдан шашу шашса, әдемі кешті ақынның өлеңдері одан әрі өрнектеді. Д.Мұштано-ваның сөзіне жазылған әуезді әндер де көрерменге қуат сый-лады. Әсіресе, әнші Сәуле тау-даеваның орындауындағы «Қыз-дар-ай» мен Еркін Өтегенов орындаған «Ақ Шолпан» әндері көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды. Жырға сусап келген халық көктем лебін сезініп, поэ- зия кешінен рухани нәр алып шықты.

Бар екен жұртым, бар екен, Нар екен жұртым, нар екен,Ойлағандары ар екен, Мен бақытты жан екем, - деп

жұртына ризашылығын білдірген мерейтой иесін сөзге тарттық.

- Бұрындары өзіме ылғи көңі-лім толмай жүретін. Бүгінгі ке-штен кейін өзімді аздап жақсы көре бастағандаймын. Кеш әде-мі өтті. Халық менің жырымды тыңдаса, мен олардың ілтипаты-на сусындадым. Осы кешті өткі- зуіме қолдау көрсеткен облыс-тық тілдер басқармасы, облыстық мәдениет, мұрағат және құжатта- ма басқармасы, халық шығарма- шылығы орталығы, облыстық бұ-қаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, маған тілекші жан-дардың бәріне ризашылығымды білдіремін, – деді Дариға ақын.

«Мен бақытты жан екем»

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,«Орал өңірі»

Page 6: Орал Өңiрi №31

Сейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл6

[email protected]

хАТ-хАбАР

«Зеленов ауданы әкімі аппараты» ММ: 090600, Зеле-нов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139, 2-қабат, 19-бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(71130) 22-2-25, электрондық мекенжайы [email protected] бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға кон-курс жариялайды.

1. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы. Санаты Е-R-1 (02-05-01). Қызмет еткен жылдарына байланысты лауа-зымдық жалақысы 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері: Ауданның білім беру меке- мелерінің міндетті сапалы орта білімді, жергілікті деңгейде жалпы білім беру бағдарламаларын орындауын қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық ету. Білім беру ұйымда-рының педагог кадрларына аттестаттау және лицензиялау өткізуді, ауданның білім беру мекемелерінде мемлекеттік міндетті стандарттарды қамтамасыз етуді бақылау.

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талап-тар: Білім, әлеуметтік ғылымдар және бизнес мамандықта- ры бойынша жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес бо-луы тиіс:

- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі бі-

лім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орында-рында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

- ғылыми дәрежесінің болуы;- мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауа-

зымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық ба-

ғыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

2. Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамта-масыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің құқық мәселелері жөніндегі бас маманы. Санаты E-4. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақы-сы 59578 теңгеден 80719 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының заңдылық қыз-

метінің сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық әрекеттермен олардың мүддесін қорғау. Құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкес келуін тексеру. Даулы мәселелер бо-йынша сотта өкілдікті қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: құқық мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім.

3. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі- нің бас маманы. Санаты E-R-4. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 56375 теңгеден 74953 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық шаруашылық мәселелері, сумен жабдық-

тау, газбен жабдықтау, кәріздік. Ауданның әлеуметтік ны-сандарын күзгі-қысқы маусымына дайындық. Ауданның ел- ді мекендерін абаттандыру. Ауданның елді мекендерінің са-нитарлық-экологиялық жағдайы.

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технология, құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика) мамандық-

тары бойынша жоғары кәсіби білім.4. Ауылдық округтері әкімдері аппараттарының бас

маман-есепшілері (Белес, Раздольный) -2 бірлік. Санаты E-G-3. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 53813 теңгеден 73750 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратына бухгалтерлік қызмет

көрсету және қаржылық есепті жүргізу, статистикалық жә- не оперативтік есептемені құрастыру. Шығын сметаларын орындау жөніндегі операциялар есебі. Өз жұмысын бол- жамдау, жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті.

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша кәсіби жоғары білім.

2,3,4 тармақтары үшінЖұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес

болуы тиіс: Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес бо-

луы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа құжат тапсыру барысында шетелдік оқу орындарын бітірген азаматтар білімі бойынша құжат­тарын нострификациялау рәсімінен өткізу қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген ны-

сандағы толтырылған сауалнама;3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәланды-

рылған көшiрмелерi;4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куә-

ландырылған көшiрмесi;5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр-

лігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекі- тілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен бел-гіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мекенжай бойынша сәйкесті мемлекеттік ор-ганға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әке- ліп берген, поштамен немесе электрондық адресіне жібе-рілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комис-сиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешік-тірілмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттар- ды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бас- тап бес күн ішінде конкурс жариялаған Зеленов ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ребрендинг бастайды және ұйымның үздік атауы мен логотипіне

байқау жариялайдыҚоғамның атауы қазақ және орыс тілдерінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:а) Қоғам қызметінің мәнін білдіруі;б) Қоғамның «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар құрамына

кіретінін білдіру мақсатында ұсынылған атаудың бастапқы сөздері «ҚазАгро» деген сөздермен басталуы тиіс;

в) қысқа әрі мәнді болуы, сондай-ақ 4 сөзден көп емес, мүмкіндігінше 4 сөзден аз болғаны дұрыс (мысалы, «ҚазАгроШағынНесие»);

г) қысқартып айтылғанда аббревиатура жеңіл айтылатын және жағымды естілетін болуы тиіс.

Ұсынылған атауға фирмалық белгі (логотип) үшін идея ұсынылуы тиіс. Басты және жалғыз жүлде – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

Автордың аты-жөні, әкесінің аты көрсетілген барлық ұсыныстарды 2014 жыл- дың 27 наурызына дейінгі мерзімде жеке электронды мекенжайдан [email protected] электронды мекенжайға жолдау қажет.

Анықтама телефондары: 8/7172/ 678-250 (Әлия Еңсебаева)

2014 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде жалпы пайдаланым-

дағы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын сақтау мақсатында ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасында автокөліктердің қозғалысы тура-лы кейбір мәселелер» туралы 19.01.2002 жылдағы 62 қаулысы - на сүйене отырып, Көлік және коммуникация министрінің №162, 11.03.2013 жылғы бұйрығын іске асыру мақсатында оське түсе- тін жүктемені 8 тоннадан жоғары, ауыр салмақтағы автокөлік-терге 2014 жылдың наурыз айының 23-інен мамыр айының 1-іне дейін халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пай-даланымдағы жолдарында жүруге тыйым салынады.

Ауыр салмақты автокөліктер қатынасын реттеу және т.б. қо-сымша ақпараттарды БҚО бойынша транспортты бақылау инс-пекциясынан 50-95-35 телефоны арқылы хабарласып білуге бо-лады.

“ҚазАвтоЖол” АҚ МК Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК бос қызмет орындарына орналасуға конкурс өткізу туралы

хабарлайды: 1. Заңгер – 1 бірлік (жоғары білімі, жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл), Қазақстан

Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бойынша (Веб-портал) жұмыс жасай алуы қажет;

2. Электрик – 1 бірлік.Конкурсқа қатысқысы келетін үміткерлер мына құжаттарды алып келуі тиіс:

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы қажет.

Орал қаласы, Жеңіс шағынауданы, №5 ғимарат. Анықтама үшін телефон: 26-26-80.

- Мемлекеттік тілде түйіндеме- Мемлекеттік тілді білу- Конкурсқа қатысуға өтініш- Қазақстан Республикасы азаматының

жеке куәлігінің көшірмесі- Кадр есебі бойынша жеке іс-парағы

(нақты мекенжай мен телефон нөмірі көрсетілген)

- Өмірбаян, 2 дана 3х4 фото- Белгіленген тәртіппен қуәландырыл-

ған білімін анықтайтын құжаттардың кө-шірмесі

- Медициналық кітапша (жұмыс жасауға рұқсаты бар)

- Еңбек кітапшасы- Әскери есеп құжаты (әскери міндетті-

лер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін)

- Сотталмағаны туралы анықтама

Қаржы басқармасы тарапынан коммуналдық меншік нысандарын теңгерім ұстаушылар тиімді әрі мақсатқа сай пайдалануды қада-ғалаумен қатар, коммуналдық мен- шік нысандарын иесіз қалған мү-ліктерді мемлекеттік меншікке алу арқылы толықтыру бағытында бір қатар жұмыстар жүргізілуде. Соған байланысты иесіз мүлік орналас- қан ауданда жергілікті атқарушы билік мүлікті иесіз ретінде әділет органдарында тіркетіп, бір жыл мерзімнен кейін сотқа жүгіну арқы-лы мемелекет есебіне қабылдайды. Сәйкесінше қаржы басқармасы мемлекеттік мүлік тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізеді. Бұл жұмыс-тар басқарма тарапынан үнемі ба-қылауда.

Қазіргі таңда Елбасымыздың Үкі-

Бәсекелестік ортаны дамыту жолындаӨткен жылы облыстық қаржы басқармасы өңіріміздегі коммуналдық меншік нысандарына түгендеу жүргізді. Соның корытындысына сәйкес нысан саны 7062 бірлікті, ал олардың құны 133,8 млрд. теңгені құрады.

меттің алдына қойған тапсырмала-рының бірі – бәсекелестік ортаны дамыту үшін мемлекеттің қатысу үлесі бар мекеме-кәсіпорындарды мейлінше азайту бағытында жұ- мыстар жүргізу. Соған орай мем-лекеттік мүлікті, оның ішінде мем-лекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлға- лардың басқару тиімділігін мони- торингі жүзеге асырылды. Мони- торингтің негізгі мақсаты өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы- лық-экономикалық, құқықтық, эко- логиялық және басқа да пара-метрлер бойынша мемлекеттік кә- сіпорындарды, акционерлік қоғам-дарды, жауапкершілігі шектеулі се-ріктестіктерді басқару тиімділігін кешенді талдау және мемлекеттік мүлік жағдайын біртұтас бағалау бо-лып табылады. Өткен жылы облыс- тық қаржы басқармасы 24 монито-ринг нысанының тізбесін белгіле-ді. Оның қорытындысы бойынша ұсынымдар мен кәсіпорын қызметін одан әрі жетілдіру туралы ұсыныстар мемлекеттік органдарға жолданды.

Былтыр басқармамен коммунал-

дық нысандарды сату, жалға беру, мемлекеттік заңды тұлғалардың таза табыстарының бір бөлігін ау-даруы есебінен бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру мақсатында қа-зынаға 38,4 млн. теңге түсім түсуі қамтамасыз етілді. Жекешелендіру бойынша 69 автокөлік және бір жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігіндегі мемлекеттік қатысу үлесін сату бойынша жұмыстар жүргізіл-ді. Оның қорытындысы бойынша 41 автокөлік 6,9 млн. теңгеге сатыл- ды. Жалға беру ісінде 2013 жыл-дың 31 желтоқсандағы жағдай бо-йынша 70 мүліктік жалдау шарты әрекет етті. Өткен жылы облыстық коммуналдық мүлікті жалдаудан түскен түсімдер 20,9 млн.теңгені құрады. Сөйтіп, жылдық жоспар 101,9 пайызға орындалды. Мем-лекеттік заңды тұлғалардан таза табыстың бір бөлігін аудару бо-йынша былтыр 121 ұйым қаржы-шаруашылық қызметін атқарды. 2012 жылдың қорытындысы бойын-ша 2 жауапкершілігі шектеулі се- ріктестік, 9 мемлекеттік коммунал- дық кәсіпорын жылды таза табыс-

пен аяқтады. Барлығы 10,6 млн.теңге таза табыстың бір бөлігі то-лықтай облыстық бюджетке ауда-рылды.

ҚР Президенті Н.Назарбаев биыл- ғы Жолдауында Үкіметке «Самұ- рық-Қазына» қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысуымен барлық компанияға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар-дың тізімін анықтауды міндетте-ді. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған ке-шенді жоспарын қабылдауды да тапсырды. Осыған орай Үкімет аталмыш жоспарды дайындауда. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен биылғы жылы облысымыз бойынша барлық квазимемлекеттік сектор субъек-тісін оңтайландыру бойынша мем-лекеттік органдардың ұсыныстары қаралып, талдау жасалуда. талдау нәтижесі бойынша мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдарды же-кешелендіру, тарату жолымен, мемлекеттің өзіне тән емес функ-цияларын бәсекелестік ортаға бе-

ру жұмыстары жалғасады.Еліміздегі меншікті жекешелен-

дірудің негізгі мақсаты бәсекелес-тік ортаны құру, шағын және орта бизнесті дамыту және жеке кәсіп- керліктің үстемділігімен ұйымдас-тыру-шаруашылық құрылымдарын құру болып табылады. Осы ретте 2012-2013 жылдары облыс көлемін- де жүргізілген жұмыстың қорытын- дысы бойынша 18 ұйым бәсеке-лестік ортаға берілді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы са- ласындағы екі ұйымның 51 пайыз-дық үлесі жекешелендірілді. Білім беру, байланыс және коммуника-ция, туризм, сәулет және қала құ- рылысы, табиғат пайдалану сала-ларындағы 16 ұйымның қызмет түрлері қайта құру немесе тарату жолымен бәсекелестік ортаға та-бысталды.

тілепберген кАЮПОВ,облыстық қаржы

басқармасыбасшысының орынбасары

Page 7: Орал Өңiрi №31

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16475, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: А.қАбыЛОВА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенбас редактор 51-25-80,

бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІктІ тІЛШІЛЕР: тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙтАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСтАУБАЕВ,Сырымбек тҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

телефондар:

хАбАР-ошАРCейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл

[email protected]

Мейірімсіз ажал елге танымал, абзал азамат, біреуге өмірлік қимас асыл жар, біреуге сүйікті әке, біреуге тума-туыс, ба-уыр, жолдас Мұрат Ғайсаұлын арамыздан алып кетті.

Мұрат Ғайсаұлы Ғұбашев 1937 жылы 23 наурыз айында Орда ауданында дү-ниеге келді. Орда ауданының М.Горький атындағы орта мектепті бітіріп, 1963 жы- лы Алматы қаласындағы СМУ-10 құрылыс мекемесінде жұмысшы болып еңбек жо-лын бастайды.

1963 жылы Жамбыл қаласындағы гид- ромелиоративтік институтына түсіп, 1968 жылы құрылысшы-инженер мамандығын алып шығады.

Оқу бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысының Фурманов, Жәнібек ауданда-рында аудандық ауыл шаруашылығы бас- қармасында аға инженер болып еңбек етті.

Жәнібек ауданында жол салу бөлімінде, ПМК-804, аудандық суландыру мекеме- сінде және аудандық мал бақылау меке-месінде аға құрылыс прорабы болып абы-ройлы жұмыстар атқарды.

1989 жылы өз алдына жеке «Заря» ат-ты құрылыс салатын кооператив ашып, Жәнібек ауданының орталығында, аудан совхоздарында көптеген мәдени орын-дары мен жеке тұрғын үй құрылыстарын салды.

Мұрат – үлкен жанұя басшысы, бір ұл, бір қыз, екі немере тәрбиелеп өсіріп, ба- лаларына жоғары мамандық алып шығу-ларына қамқоршы бола білді.

Комсомол, кәсіподақ партия қатарын-да болған кезінде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. 1981 жылы марксизм- ленинизм университетіне оқуға түсіп, эко- номикалық факультетін бітірді. Отан ал-

Мұрат Ғайсаұлы ҒҰБАшЕВ

дындағы борышын адал атқарған сол кездегі кеңес әскерінің сарбаздарының қатарында болды.

Мұрат үлкендерге де, кішіге де сыйлы, аяулы азамат бола білді. Жәнібек ауданы- ның «Еңбек ардагері» атанды. Ұзақ жыл-дардағы жемісті қызметі үшін бірнеше медаль мен құрмет грамоталарымен ма- рапатталды.

Мұраттың өмірін, өнегесін елге істеген барлық жақсылығын жан жолдасы Сара, баласы Абзал, қызы Маргарита жалғас- тырады деп есептейміз.

Ғұбашевтар жанұясы үшін осынау ауыр сәттерде барлық тума-туыстарына, құда- лары мен жолдастарына берік болыңдар, қайғыңызға ортақпыз, ендігі жерде шаңы-рақтарыңызға жақсылық болсын деп тілек білдіреміз.

Жаны жайсаң, көпшілікке қамқор, өне-гелі шаңырақ иесі, адал дос, асыл азамат- тың бейнесі жадымызда әрдайым сақта-лады.

Жаны жәннатта болсын, иманы серік, алды жарық болсын деп тілек білдіреміз.

тума-туысқандары мен

жолдастары

Биылғы 2014 жылдың 21 наурызында облысқа танымал тұлға, еңбек және соғыс ар-дагері, Сырым елінің құрметті азаматы, аса қадірлі де аяулы әкеміз Молдаш Қаналиевтің дүниеден өткеніне 20 жыл жә-не ол кісінің үлкен немересі, қимас бауырымыз Талғатты

сұм ажал бізден айырғанына 1 жыл болады.Әкеміз бен бауырымызды қабырғамыз қайысып, қимас-

тықпен еске ала отырып, топырақтары торқа, жандары жәннатта болсын дейміз.

Еске алушылар: Қаналиевтер әулеті және ұрпақтары

Жаңақала ауданы Пятимар ауылының тұрғыны болған сүйікті жар, аяулы да ардақты ана, қымбатты да қамқоршы әже Надежда Қоштайқызы Муханова ортамызда бол-са, осы жылы 77 жасқа толар еді. Амал не, сұм ажал орта-мыздан алып кетті...

Ендігі тілеріміз – Алла алдынан жарылқап, жаны жән-натта болсын.

Әжемізді ортамыздан алып кетті,Әжеміз бірақ қаншама із қалдырып кетті.Сіздей ана ешқашан қайталанбас,Жүрегімізге қайғы-мұңын салып кетті.

Жатқан жері жарық, иманы жолдас, топырағы торқа болсын!

Сағына еске алушылар: жұбайы темірхан, бала-келіндері Ерболат-Гүлсім, Қадем-Гүлнар және немерелері

Батыс Қазақстан облыстық соты сот жүйесінің ардагері

Бижан Тілешұлы Иманғалиевтіңдүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Облыстық денсаулық сақтау бас-қармасы және облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ фи-лиалы «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ММ директоры Мақсот Бижанұлы Иманғалиевке әкесі

Бижан Тілешұлы Иманғалиевтіңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Батыс Қазақстан облыстық денсау- лық сақтау басқармасының облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің ұжымы осы мекеменің бас дәрігері Мақсот Бижанұлы Иманғалиевке әкесі

Бижан Тілешұлы Иманғалиевтіңқайтыс болуына байланысты орны тол-мас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Орал-жер» ЖШС ұжымы ди-ректор Д.Б. Иманғалиевке әкесі

Бижан Тілешұлыныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 электрондық мекенжайы: [email protected] 2014 жылға республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын босап шыққан қаржы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – қызмет) көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабар- лайды:

медициналық көмектің түрлері бойынша: білікті, мамандандырылған және жоғары маманданды-рылған;

медициналық көмектің нысандары бойынша: стационарлық және стационаралмастырушы. Қыз- меттер Батыс Қазақстан облысы аумағында көрсетілуі тиіс.

Рәсімге қатысуға арналған өтінімдер және нысандары komu.mz.gov.kz интернет-ресурсында ор-наласқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Қазақстан Республика-сы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша депар- таменті» ММ Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4 мекенжайы бойынша, №6 кабинетке ұсынады.

Рәсімге қатысу үшін өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2014 жыл 26 наурыз сағат 12.00-ге дейін.Рәсімге қатысу үшін өтінімдер сағат 15.00-де 26 наурыз 2014 жылы, мына мекенжай бойынша:

Орал қаласы, Достық даңғылы, 191/4, №3 кабинетте қаралатын болады.Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 50-33-78.

Сырым ауданы Бұлан ауылының тұрғыны болған аяу-лы анамыз Зәрует Батырғалиқызы шакированың ара-мыздан кеткеніне 21 наурызда 5 жыл болады.

Сағынамыз, жан ана, сағынамыз,Басыңа барып, рухыңа табынамыз.Сағынғаннан, анашым, амал қанша,Алланың жазғанына бағынамыз.

Еске алушылар: жұбайы Берік, балалары Манас-Ақмарал, Асқар-Алмагүл,

Алмас-Әйгерім, немерелері Азалия, Ерасыл, Мерхат, Зерде, Фатима

Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны болған асыл жар, аяулы ана Балия Закаринаның бақилық бол-ғанына 23 наурызда 40 күн болады.

Асыл ана, сөнбейді шырағыңыз,Өмірде биік тұрар Құраныңыз.Алдың жарық, ал артың пейіш болып,Жәннатта болсын орын-тұрағыңыз.

Еске алушылар: жұбайы Ермек, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары және немере-жиендері,

Лұқпановтар әулеті

Облыстық, қалалық ардагерлер ұйымының кеңесі Орал қаласының тұрғыны, еңбек ардагері

Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Page 8: Орал Өңiрi №31

кеРуен САРАйCейсенбі, 18 наурыз 2014 жыл8 [email protected]

Құттықтаймыз!

Атырау қаласының тұрғыны сүйікті қызымыз Гүлдәурен НАУРЫЗБАЙҚЫЗЫН мерейлі 35 жасымен шын жүректен құттық-таймыз.

Құтты болсын 35 деген жасыңыз,Аман болсын әрқашанда басыңыз.Бейнет көрмей, қызығы мол өмірде,Әлі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: ата-анаң Наурызбай-клара, бауырларыңыз Ернар, Дамир, Райымбек

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!РУ-170/1 мекеме қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттық-

таймын!Ежелден келе жатқан бұл ерекше мереке біз үшін көктемгі

жаңарудың, тіршіліктің жандануының, табиғаттың гүлденуінің, береке-бірліктің белгісі болып табылады. Барлығыңыздың от-басыңызға бақ-береке және зор денсаулық, бақыт тілеймін.

РУ-170/1 мекеме қызметкері А.Жұмағалиева

Құрметті Сатыбалды ҚАДЖЫМҰРАТҰЛЫ!

Сізді 65 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіз-ге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Бала, немере қызығын көріп, бақытты өмір сүріңіз.

Игі тілекпен: сыныптас достарыңыз Рабиға, төлеген,

Жаннат, Алия, Сатыбалды, клара, Ағырыс, Үміт

Жанды дауыста басталған ән кешін т.Жүргенов атындағы өнер академиясының деканы, жерлесі-міз Асхат Маемиров жүргізді. Ба-тыс Қазақстан облыстық мәдениет және құжаттама басқармасының бөлім меңгерушісі Р.Қазиханова әншіні басқарма атынан құттық- тап, алғысхат табыс етті.

Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын бітір-ген Мараттың өнердегі жолы жар-қын сәттерге толы. 1995 жылы жиырмаға да толмаған жас талант республикалық «Жас қанат» бай-қауының лауреаты болды. Содан бастап оның бағына додалы жа-рыстарда тек қана бас жүлдегер болу бұйырған сияқты. «Шабыт»,

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ,"Орал өңірі"

Гүл жауған кешТаяуда «Нұр Отан» партиясы ғимаратының концерт

залында тамаша ән кеші өтті. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, республикалық, халықаралық ән байқауларының бас жүлдегері Марат Сарбөпеевтің шығармашылық кеші оралдықтарға көктемнің алғашқы жылуын ала келгендей болды.

«Азия дауысы», «Алтын домбыра», Ақтау қаласында өткен «Жаһан дала», Белоруссияда өткен халық-аралық «Золотой шлягер», Мальта еліндегі, Севастополь қаласында-ғы және Македонияда өткен «Ев-рофест» халықаралық ән фести-вальдерінде бас жүлделерге ие болды.

Жүргізуші Асхат айтпақшы, ән- ді жанын жеп, жүрегімен айта-тын әнші өз елімізде ғана емес, Мальта мен Македонияға қоса Қытайдың Құлжа, Үрімші, Бейжің, Американың лас-Вегас, Ресейдің Орынбор, Астрахан қалаларында, латвия мен Украинада да кон-цертін беріп, шетелдіктерге қол соқтырған. Кеште Шанхайда өткен халықаралық ән фестивалінің лауреаты Дәуренбек Мерғалиев сияқты Мараттың жолын қуған шә- кірттері өнер көрсетті. Сахнаға ақ жаулықты анасы мен достары кө-

теріліп, ақжарма тілектерін айтты. Кештің бір ерекшелігі - Марат-

тың қазақ, орыс, шетел компози-торларының шығармаларына қо-са жергілікті авторлардың әнде- рін орындап, оларға құрмет көр- сетуі болды. Әнші ақындар Ұ.Са-риева, М.Балмолда, С.Бисенғалиев, Е.Ахметов, композитор Ж.Ғайсаға- лиев, әуесқой сазгерлер Г.Қасие-това, Ғ.Хибашевтың әндерін орын- дады. Өзі жазған әндерді халық-қа таныстырды. Белгілі әнші Жа-ңылсын Хасанова екеуі марқұм Ботакөз Баймұқанқызының көп-шілікке белгілі «Кетсем де шалғай» әнін шырқады. Айнара Айтқалие- ва сияқты талантты жастар да өнер көрсетті.

Бұл кеш өзін емес, өзгені ма-дақтау, бір құдықтың суын ішіп, бір топырақты басып жүрген өнер иелеріне құрмет көрсету, жарасымды сыйластық пен биік адамдықтың үлгісіндей өтті. Қы- рықтың қырқасына үлкен же-тістіктермен көтерілген Марат Сарбөпеевті Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларынан шәкірттері мен достары келіп құттықтады. Зал толы көрермен әншінің құша- ғын гүлге толтырды.

www.zhaikpress.kz

Ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ аудандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыз-дар. Сонымен қатар күн сайынғы жаңа-лықтармен танысуға да мүмкіндік бар.

Құрметті оқырман!

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес (57-бап) «Жаикму- най» ЖШС Батыс Қазақстан облысы бойынша экологиялық департа- ментіне Қоршаған ортаны қорғау бөлімімен қоса «Жаикмунай» ЖШС нысандарын техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жоғары перм сутұтқыш беткейінен салынатын су көзінің пайдалану жобасына» мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу үшін жолдайды.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғалар мен қоғамдық бірлес- тіктерге мемлекеттік экологиялық сараптама өткізілу кезеңінде тө-мендегі мекенжайға өз пікірлерін білдіру мүмкіндігі беріледі: Орал қ., л.толстой көш., 59, «Батыс Қазақстан облысы бойынша экология де- партаменті», тел.: 50-04-81, факс: 51-29-81.

Өңірімізде азаматтық борышын РҰ-ның әскери бөлімдерінде өте- ген сарбаздар баршылық. Солар-дың бірі – Әділет Мұхитов. Ол 2010 жылдың қазанында Бөрлі ауданы- нан әскери қызметін өтеуге ша-қырылады. Өзі қатарлас 19 бала- мен әскерге аттанған оның қуа-нышында шек болмады. Себебі

Наурыздың 16 жұлдызы – республикалық Ұланның құрылған күні.

Ұланда қызмет еткенін мақтан тұтады

кез келгенге бұйыра бермейтін РҰ-ның әскери бөліміне түседі. Алғаш Алматы қаласына аттанған оны сол жақтан Астана қаласына

ауыстырған. Сөйтіп, Астана қаласындағы РҰ-ның 0112-әс-кери бөлімінде бір жылдан аса уақыт әскери міндетін өтейді. «Республикалық

Ұланға өту үшін денсау-лығыңда ешбір кінәрат болмауы керек, бойың 180 см, салмағың 70 кг шамасында болуы шарт. Бет-әлпетіндегі тыртық-

тарға да қарайды» деді Әділет біз одан Ұланға қалай өткенін сұ- рағанымызда. Аз-кем әңгіме ба-рысында ол өзінің РҰ-да боры- шын өтегенін мақтаныш тұтаты- нын байқадық.

- Республикалық Ұлан мемле- кеттік маңызы бар объектілерді қорғайды. ҚР Ақордасы мен Пре-

зидентінің қауіпсіздігін қамтама-сыз ету ұландық сарбаздардың қалтқысыз қызметі саналады. Әс- кери борышыңды өтеу еліңнің қауіпсіздігі үшін қызмет етудің ал- ғашқы баспалдағы деп түсінемін. Республикалық Ұланда жүргенде біз күн сайын Ақорданы және Ас- тана әуежайындағы Президенттің ұшағын күзеттік. Біздің бұл қызме- тіміз – міндетіміз болса, екінші жа- ғынан, аз уақыт болса да, ел қа- уіпсіздігі үшін жасаған ісіміздің басы. Өйткені біз сол кезде Ақор- да мен Елбасының қауіпсіздігі үшін жауаптылардың қатарында болдық, - дейді ұландық сарбаз.

Бойынан жастық жігер жа-лындап тұрған қайсар ұланның болашағынан үлкен үміт күттік. Бүгінде ол ҚазИИтУ-да заңгер ма- мандығы бойынша білім алуда.

Ақмоншақ ЖҰМАЕВА

Орал қаласындағы РУ-170/3 ме- кемесіне қарасты қоныс-колония-сында жазасын өтеушілерді мо-ральдық-психологиялық қолдау мақсатында әр түрлі мәдени шара-лар барынша жиі өткізіліп тұрады.

Жақында 8 наурыз мерекесіне орай тәрбиелік жұмыстар отряды басшыларының ұйымдастыруы-мен «Көктемгі марафон» көңілді тапқыштар клубы (КтК) ойыны

және мерекелік концерт өткізілді.«Бостандық» және «Қонақтар»

атты екі команда қатысқан КтК ойыншылары шараға шақырылған нәзік жандарды мерекемен құт-тықтап, сыйлықтарын табыс етті. Бұдан соң олар конкурстың шар- ты бойынша сәлемдесу, сергіту ойындары, үй тапсырмасы, қабыр- ға газетін шығару және мәрелік аккордтан сынға түсті.

БҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орын-басары, әділет полковнигі Дмитрий Кобцев бастаған қазылар алқасы «Бостандық» командасын жеңімпаз деп тауып, кубок табыс етті.

Лия ӨтЕШЕВА,БҚО ҚАЖ департаменті

РУ-170/3 мекемесінің отряд жетекшісі,

Орал қаласы

Колониядағы «Көктемгі марафон»

Редакциямыздың фототілшісі Темірболат ТОҚМАМБЕТОВТЫ ор- да бұзар 30 жасқа толуымен құт-тықтаймыз! Ұжымда беделді, сый-лы әріптесімізге шығармашылық табысының арта беруін тілейміз. Осындай ашық-жарқын мінезіңмен отбасың мен бауырларыңның, дос-тарыңның арасында аман-есен жү- ре бер. Қос қызың қуанышың боп өсе берсін. Әрқашан тілектес, ниет- тес адамдар өзіңді қаумалап жүр-сін!

Игі тілекпен: «Орал өңірі» газетінің ұжымы