Орал Онiрi №17

8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚСАяСи гАзЕТ www.zhaikpress.kz Сейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл №17 (19936) 15 0 С 21 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі АҚПАРАТ ІССАПАР 2 Толғандырған мәселелер айтылды Үздік оқырман Ақпанның жетісі күні тұсауы кесіліп, томағасы сыпырылған Сочи олимпиадасы күн санап қыза түсуде. Әзірше ол жақтан қазақстандық жанкүйерлерден сүйінші сұрайтындай хабар ошар болмай тұр. Дегенмен дүниежүзілік додадан естіген құлақты елең еткізер мына мәліметтерді елжұрттың назарына ұсынғанды қош көрдік. 4-5 Сочидің саңлақтары М нерлеп сырғанаудан Ресейдің олимпиадалық құрамасының мүше- сі, 15 жасар Юлия Липницкая командалық сында міндетті жне еркін бағдарламалар бойынша керемет өнер көрсетіп, ріптес- терімен бірге олимпиада чемпионы атанды. Мамандар спорттық вундеркинд ретінде бағалап үлгерген өндірдей отандасының өнеріне «Айсберг» спорт кешенінде РФ пре- зиденті Владимир Путин орнынан тік тұрып, қол соқты. Өткен сенбіде 40 жастағы норвегиялық биатлоншы Уле-Эйнар Бьорндален 10 ша- қырымдық жарыста алдына жан салмай, осымен жетінші рет олимпиада чемпио- ны атанды. Күміс медальды қанағат тұтуға мжбүр болған австриялық Доминик Лан- дертингер мреге чемпионнан 1,3 секунд кеш жетті. Жеті дүркін олимпиада чемпиондығына қоса Уле-Эйнар Бьорндален – 19 мрте лем чемпионы атанған һм 6 рет лем кубогын иеленген саңлақ. Жексенбі күні шана спортынан ресей- лік Альберт Демченко 42 жасында олим- пиадалық ойындардың күміс медалына қол жеткізді. Бұл – оның жетінші қысқы олимпиа- дасы. Әлем чемпионатының екі мрте күміс жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы А.Демченко 2006 жылы өткен Турин (Ита- лия) олимпиадасында да күміс жүлдені ен- шілеген болатын. 3 «Өндіріс ошақтары бірікпесе, бәСекеге ТөТеП беРу Қиын»

Upload: -

Post on 08-Mar-2016

282 views

Category:

Documents


8 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: Орал Онiрi №17

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ­САяСи гАзЕТ

www.zhaikpress.kz

Сейсенбі,11 ақпан 2014 жыл№17 (19936)

­ 15 0С

­ 21 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріАҚПАРАТ

ІССАПАР

2

Толғандырған мәселелер айтылды

Үздік оқырман

Ақпанның жетісі күні тұсауы кесіліп, томағасы сыпырылған Сочи олимпиадасы күн санап қыза түсуде. Әзірше ол жақтан қазақстандық жанкүйерлерден сүйінші сұрайтындай хабар­ошар болмай тұр. Дегенмен дүниежүзілік додадан естіген құлақты елең еткізер мына мәліметтерді ел­жұрттың назарына ұсынғанды қош көрдік.

4-5

Сочидің саңлақтары

Мә­нерлеп сырғанаудан Ресейдің олимпиадалық құрамасының мүше-

сі, 15 жасар Юлия Липницкая командалық сында міндетті жә­не еркін бағдарламалар бойынша керемет өнер көрсетіп, ә­ріптес-терімен бірге олимпиада чемпионы атанды. Мамандар спорттық вундеркинд ретінде бағалап үлгерген өндірдей отандасының өнеріне «Айсберг» спорт кешенінде РФ пре-зиденті Владимир Путин орнынан тік тұрып, қол соқты.

Өткен сенбіде 40 жастағы норвегиялық биатлоншы Уле-Эйнар Бьорндален 10 ша-қырымдық жарыста алдына жан салмай, осымен жетінші рет олимпиада чемпио-ны атанды. Күміс медальды қанағат тұтуға

мә­жбүр болған австриялық Доминик Лан-дертингер мә­реге чемпионнан 1,3 секунд кеш жетті.

Жеті дүркін олимпиада чемпиондығына қоса Уле-Эйнар Бьорндален – 19 мә­рте ә­лем чемпионы атанған һә­м 6 рет ә­лем кубогын иеленген саңлақ.

Жексенбі күні шана спортынан ресей-лік Альберт Демченко 42 жасында олим-пиадалық ойындардың күміс медалына қол жеткізді. Бұл – оның жетінші қысқы олимпиа-дасы. Әлем чемпионатының екі мә­рте күміс жүлдегері, Еуропаның үш дүркін чемпионы А.Демченко 2006 жылы өткен Турин (Ита-лия) олимпиадасында да күміс жүлдені ен-шілеген болатын.

3

«Өндіріс ошақтары бірікпесе, бәСекеге ТөТеП беРу Қиын»

Page 2: Орал Онiрi №17

АҚПАРАТСейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл

[email protected]

Сондай-ақ көзі ауырған науқас-тарға ем-дом жасау мақсатында күндізгі стационар бөлімінен үш төсек орны бөлінді.

Микрохирург Ағила Шабарова- ның айтуынша, көз ауруларын емдеуге арналған күндізгі стацио- нар облысымыздың аудандары арасында алғаш ашылып отыр. Ақжайық ауруханасының көз дә­- рігері Кә­кімжан Ахметқалиевтың бастамасы бойынша ашылған аталмыш бөлімде көз айнала-

Көзді ауылда да емдейдіӨткен аптаның жұма күні облыстық клиникалық ауру­

хананың жоғары санатты микрохирургы Ағила Шабарова­ның қатысуымен Теректі ауданындағы Ақжайық ауруха­насы жанындағы емхана ішінен көз ауруларын қарауға арналған арнайы бөлме ашылды.

сына екпелер егу, физотерапия, массаж, қан тамырына сұйықтық құю секілді емдік шаралар жү-зеге асырылмақ. Сондай-ақ мұн- да көзі ауырған науқастарды ем- деудің мүмкіндігін кеңейту мақ-сатында биыл жалпы құны 5 мил- лион теңге тұратын арнайы құ-рылғылар ә­келінбек.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,Теректі ауданы

Суретті түсірген автор

Көз дәрігері Кәкімжан Ахметқалиев алғашқы қаралушыны қабылдауда

«Бүгінде жасөспірімдер кітап оқымайды, ә­дебиетке қызықпай-ды» деп жанымыз күйзеліп, ә­рі-сә­рі күй кешіп жүргенде, бұл кеш көңіліміздегі күпті бір сейілтіп тастады. Кеш Қазақстан Жазушы-лар одағы Батыс Қазақстан об-лыстық бөлімшесінің төрайымы, «Құрмет» ордені мен Халықара- лық «Алаш» ә­деби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыге- рееваның 70 жылдық мерей- тойына арналды. Қала мектепте- рінің 7-сыныпта оқитын жас да- рындары мә­нерлеп оқу сайы-сының көркін кіргізді. 70 жасқа 7-сынып оқушыларының таңда- луы кездейсоқ емес. Оның үсті- не жалпы қатысушылар саны 74 болды. Бұл – бұған дейін кітапха-нада ұйымдастырылған сайыстар- дан қатысушылар саны жағынан озық тұрған сайыс. Ақын да, кө-рермен де жайнап, «көздерінде от ойнап, сөздерінен жалын шаш- қан» балаларға риза болды.

Кезек-кезегімен ақын поэзия- сынан өлең-жыр оқыған өрендер бір-бірінен озып тұрды. Сайыста ақынның туған жерге, ата-анасы- на арнаған өлеңдері оқылып, ар- найы тағайындалған қазылар ал- қасымен бағаланды. Сайыс қоры-тындысы бойынша, Жұбан ақын-ның рухына арналған «Ерікті көз- бен көрген күн» өлеңін нақышы-

«Жаңа туған баласы дарын болса...»Жақында қаламызда­

ғы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жас­ өспірімдер кітапханасында ақын Ақұштап Бақтыге­рееваға арналған әсерлі кештің куәсі болып қайттық.

на келтіре оқып, баршаны бау- рап алған №20 мектептің 7-сы-нып оқушысы Нұржан Төлеуіш бас жүлдеге лайық деп танылды. Ал бірінші орынды Серебряков мектебінің оқушысы Жақсылық Зинешов иеленсе, 2-3-орындар- ды №38 мектеп-лицейінің оқушы- сы Әлия Сағынова мен №14 мек-тептің оқушысы Жанар Елемесова өзара бөлісті. Сонымен қатар оқу-шылар алғысхаттармен марапат- талды. Ақын өз кезегінде қалада қазақ тілді балалардың өсіп келе жатқанына, Мә­ңгілік ел болудың кепілі де осындай ұрпақты тә­р- биелеуден туатынына тоқталып, ризашылығын білдірді.

Ақын: «Мен: Жаңа туған баласы дарын болса,Қыздарының барлығы ару болса,Көргенсізге бұл қазақ зә­ру бол-

са... – деп айтқанмын, бүгін соған куә­ болып отырмын» деп ағынан жарылды. Жырлар легін одан ә­рі жалғады.

Көркі келіскен кеш туралы кі- тапхананың қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Хам-зина: «Біз өлкемізден шыққан ақын-жазушыларды насихаттап, олардың шығармаларын оқушы- лар жаттап-білуі үшін осындай шараларды ұйымдастыруды қол- ға алып келеміз. Бүгінде бала-лар кітап оқымайды деген жаң-сақ пікір, оған дә­лел осы ша- раға қала мектептерінен 100 па-йыз ұсыныс келді, тіпті орыс тілді оқушылар да қатысты» деп, осы- нау кездесуден ә­серленген көңі-лімізді одан сайын көтерді.

Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

P.S. Бірер күн бұрын Алматыда ә­дебиет пен өнер қай-раткерлеріне 2013 жылдың Президенттік стипендия-

сы мен мә­дениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс-тау рә­сімі өтті. Президенттік стипендияға ие болғандар қатарында ақын Ақұштап Бақтыгереева да бар.

Өткен сенбіде ҚР Парла-менті Мә­жілісінің депу-таты Елена Тарасенко

«Нұр Отан» партиясы Орал қала-лық филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қоғамдық қа-былдау өткізді.

Депутат өзіне үлкен сенім ар- тып келген сайлаушыларын жылы жүзбен қабылдап, олардың мұң- мұқтажын мұқият тыңдады. Қа- былдауға келген он шақты адамның үшеуі зейнетақы мөлшерінің тым аздығын айтып шағымданса, қал- ғандары депутаттан түрлі түйт-кілді мә­селелердің шешімін табу

Мұң-мұқтажын айтып...Елбасының биылғы

Жолдауын насихаттау мақсатында өңірімізге келген ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары сайлаушы­лардың мұң­мұқтажына да құлақ түруде.

Айша ӨТЕБӘЛІ,«Орал өңірі»

жөнінде көмек сұрады. Мысалы, Дариян ауылынан келген жеке кә­сіпкер Фарид Самарханов өзі-не 270 мың теңге мөлшерінде айыппұл салған сот шешіміне на- разылық білдіріп, оны қайта қа- рауға көмектесуін өтінсе, Орал қа- ласының тұрғыны Татьяна Кулик сот шешімін орындаушылардың мардымсыз жұмысына реніш біл- дірді. Сондай-ақ Бибігүл Семізо-

ва мен Әлфия жә­не Ботагөз Қай-даровалар депутатқа баспана мә­- селесімен жолықса, мүгедек Ни-колай Гришин жағдайының қиын екенін айтып, шағынды.

Елена Ивановна қабылдауын-да болған азаматтарға ретіне қа- рай жауабын беріп, олардың бір-қатарының мә­селесін жоғарғы жақтағы тиісті мекемелердің на-зарына ұсынатынын жеткізді.

P«Қамқорлық» акциясына Зеленов ауданының Мичурин

ауылындағы жомарт жандар да атсалысты. Олар әлеумет­тік жағдайы төмен, ата­анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетті. Шара барысында жалпыға бір­ дей білім беру қорынан 117463 теңге қаржы бөлініп, әлеу­меттік санаттағы 47 балаға тегін оқу­құралдары мен киім­кешек берілді. Мауыт Идирова, Нина Труфанова, Галина Подмарева секілді ауыл кәсіпкерлері әлеуметтік санатта­ ғы мұқтаж оқушыларға қысқы күрте мен аяқ­киім, спорт киімі және оқу құралдарын сыйлады.

Сырым ауданы Жетікөл ауылында түз тағысын аулауға маманданған аңшылар бар.

Журналист Махмет Қажиахметовтің хабарлауынша, Дар­хан Зинуллин, Ақболат Рысов, Баянғали Күсесов бұдан бір ай бұрын қос бөріні атып алса, жуықта тағы бір көкшулан­ның ізін кесіп, қанжығасын майлады.

Өткен жылы күзде осы Жетікөл ауылдық округіне қа­расты Қарақұдық елді мекенінде қасқырлар алпыс қойды ауладан айдап алып кетіп, жайратып салған еді. Солардың ізіне түскен аңшылардың еңбегі ақталды.

P

Шарада оның формулярі бойынша кітап көр-месі ұйымдастырылды. Ол О.Бөкеевтің «Ұйқым

келмейді», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», К.Әзірбаевтің «Аңыз-дар сыры», Т.Әбдірайымның «Әуелеп ұшқан тырналар», Эдгар Аллон Поның «Алтын қоңыз» т.б. ә­дебиеттерді аса қызығушылық- пен оқыған.

Ақжайық аудандық орталық балалар кітапханасында «Оқырман бенефисі» өтті.

Аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Фариза Нұрланқызы «Жылдың үздік оқырманы» атағын иеленді.

Page 3: Орал Онiрi №17

Сейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

Өз тілшілеріміз

Алматыда өткен респуб- ликалық «ХХІ ғасыр көшбас- шысы» интеллектуалдық ойы-нына Қазталов аудандық Ғұмар Қараш атындағы Қа- раоба мектеп-гимназиясы-ның 7-сынып оқушысы Шұ- ғыла Ермұханбетова қаты-сып қайтты.

Облыстық байқаудан оза ша- уып, білім бә­йгесінде бақ сы-наған Шұғыла ІІ орын иеленіп, мектебіміздің мерейін асыр-ды. Әр облыстан қатысқан 54 шә­кірттің арасынан топ жар-ған шә­кіртінің болашағынан ұс-таздары зор үміт күтеді.

Жарайсың, Шұғыла!

Облыста 4-6 ақпан күндері «Автобус» жедел алдын алу шарасы кезінде жүргізуші-лер тарапынан 114 жол ере-жесін бұзушылық тіркелді.

БҚО ІІД ә­кімшілік полиция-сы басқармасының аға инспек- торы Нұртай Лезовтың хабар-лағанындай, соның ішінде 34-і техникалық байқаудан өтпеге-ні, 14-і көлік құралын пайда-лану ережесін бұзғаны, 10-ы жылдамдықты арттырғаны, төр- теуі рульге мас күйінде отыр-ғаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 7 ақпан күні «Жаяу жүргіншілердің қауіп- сіздік күні» шарасы барысын-да 246 жол ережесін бұзушы- лық анықталып, соның ішінде өтуге болмайтын жерден жол-ды кесіп өткен жүргіншілерге 40 ә­кімшілік хаттама толты-рылды.

Төрт жүргізушімас екен...

Мешіттің мүмкіндігі артты

Сырым аудандық орталық мешіті Мәуліт мерекесі қар-саңында талай сый-сияпатқа ие болды.

Жуырда ғана «Әлім» ЖШС директоры Е.Бахтияров аудан-дық мешітке барлық керек-жарағымен, компьютер алып берді. «Тоқсаба» ЖШС директо-ры, аудандық мә­слихаттың де-путаты М.Рақымжанов мешіттің байланыс аппаратурасын жа- ңартуға жә­рдемдесті. Күні ке-ше «Баймұрат» шаруа қожалы-ғының жетекшісі Ғ.Жампозов мұсылмандар үйі жамағатының игілігіне үлкен теледидарды сыйға тартты. Мешітке жиһаз жағынан көмектескен Атымтай жомарттар да бар.

«Өндіріс ошақтары бірікпесе,

Өткен жұма күні «Қазақстан» телерадиокорпорация­сы» АҚ­ның облыстық филиалында жергілікті БАҚ бас­шыларының кезекті кеңесі өтті.

Жиынды ашқан об-лыстық ішкі саясат басқармасының бас-

шысы Айгүл Есекенова редак-торлар кеңесінің жұмысына тың серпін беру үшін бұл жолғы ша-ра көшпелі сипатта ұйымдасты-рылғанын айтты. Ал шара моде-раторы «Мой город» газетінің бас редакторы Жаннат Нұғманова осы басқосу іскерлік журналис-тика тақырыбына арналатынын мә­лімдеді. Соған орай жиынға қаржы-экономика саласы мен кә­сіпкерлік өкілдері шақырылған екен.

«Даму» қоры облыстық фила-лының директоры Әлия Сә­лиева шағын жә­не орта кә­сіпкерлікті

дамыту, өз кә­сібін бастауға ын-талы жандар үшін мемлекет та-рапынан жасалатын қолдаулар турасында жергілікті БАҚ-тар ба-рынша мағлұмат беріп тұратын-дығын айта келіп, - Дегенмен са- раптамалық бағыттағы материал-дар жиілей түссе, жақсы болар еді, – деген пікірін ортаға салды. Ал облыстық кә­сіпкерлер қауым-дастығының төрағасы Әнес Ізті-леуов.

– Қазіргі таңда кә­сіпкерлік са-ласында сауатты менеджер, есеп-ші, заңгер жетіспейді. Ауыл шар- уашылығының кә­десіне жарай-

біздің зауыт-фабрикаларға ә­лі бытыраңқылық тә­н. Мұндай бас- басына би болумен отандық өн-діріс ошақтары бә­секеге төтеп бере алмайды-ау, – деді.

– Бір өндіріс орны ашылатын болса, БАҚ біткен «шулап» қоя береді. Ал оның экономикалық тиімділігі қаншалықты, меніңше, бұған жете мә­н берілмейді. Мә­-селен, өткен жылдың соңында бір басылымнан «СВ плюс» ЖШС Теректі ауданының аумағында керамзит қиыршығын өндіретін зауыт салып жатыр деген хабар-ды оқыдым. Мен басшылық ететін

тық кә­сіпкерлік жә­не индуст-риалды-инновациялық даму бас- қармасы басшысының орынба-сары Мержан Сатқанов өнім өндіру, оларды экспорттау мен импорт мә­селесіне немесе қа- зір үдемелі индустриалды-инно- вациялық даму бағдарламасы- ның екінші бағытын жүзеге асы- руға қатысты мә­лімет беруге ә­р кез пейілді екендігін аңғарт-ты. Ал Орал қалалық салық басқармасының өкілі Ерлан Исаев ел-жұрттың салық төлеу мә­де-ниетін қалыптастыруда салық қызметкерлері журналистермен

Облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Әнес ІЗТІЛЕУОВ:

бәСекеге ТөТеП беРу Қиын»

тын, бірақ игерілмей жатқан жер телімдері ә­лі баршылық. Бұл бағыттағы жұмыстардың жанда- нуына мемлекеттік құрылымдар да, бизнес өкілдері де мүдделі-лік танытқаны жөн деп есептей- мін. Тағы бір айтпағым, өнеркә­- сіп саласына қатысты халықара-лық көрмелерге барып жүріп байқағаным, шетелдік өндіріс ошақтары ортақ мүдде үшін күш біріктіруге бейім. Мысалы, көрші Ресейдің өндіріс секто- рында ә­лгіндей үрдіс, яғни кә­сіп-орындардың өз ыңғайларына қарай трест, корпорация, хол-динг секілді бір шаңырақтың ая- сында ресурс-резервтерді то- ғыстыруы айқын аңғарылады. Ал

кә­сіпорын осы бағытта жұмыс істейтін болған соң, бұл саладағы жағдайдан хабардармын. Біздің облыста керамзит қиыршығын көп мөлшерде өткізу қиын. Сол себепті біздің кә­сіпорындағы үш желінің қазір екеуі тоқтап тұр. Мен мұны өзіме бә­секелес бо-лады деп айтып отырғаным жоқ. Егер оны жеке кә­сіпкер өз қар-жысына салып жатса, ештеңе емес, ал жаңағы нысан құрылы-сын мемлекет қолдап отыр ғой. Неге ол қаржыны сұранысқа ие құрылыс материалын өндіретін, экономикалық тұрғыдан тиімді басқа салаға жұмсамасқа? Жур- налистер осындай өзекті мә­се-лелерді сараптап жазуы тиіс. Он- дай мақалаларды оқығаннан ке-йін кә­сіпкер де, қаржы бөлетін мемлекеттік құрылым өкілдері де ойланар еді, – дейді «Строй-комбинат» ЖШС-ның директоры Бақытжан Нұрбаев.

Өз кезегінде сөз алған облыс-

тізе қосып жұмыс істеуге ә­зір екенін айтса, Ұлттық кә­сіпкерлер палатасы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Зә­уре Қаме-нова кә­сіпкерлер ұйымы да бұл істен тысқары қалмайтынын мә­-лімдеді.

«Информбиржа» газетінің бас редакторы Сергей Кульпин қазір-гі таңда экономика тақырыбына жазатын тілші ғана емес, облыс бойынша жалпы журналистика мамандары тым тапшы екендігін тілге тиек етті. «Орал өңірінің» бас редакторы Б.Ғұбайдуллин «Орал өңірі», «Приуралье» газет-терінде экономика тақырыбы- на жіті мә­н берілетінін, бұл са-ладағы түрлі мә­селелер оқыр- ман назарына жиі ұсынылатын-дығын нақты мысалдармен алға тартты.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОв,«Орал өңірі»

Жуырда кә­сіптік білім са-ласында еңбегі сіңген азамат Ә.Алдамжаровты еске алуға ар- налып, Тасқала ауданында өт-кен колледж қызметкерлері арасындағы облыстық волей-бол турнирінде 20 команда ара- сынан Шыңғырлау колледжі жүлделі ІІ орынға ие болған еді. Енді Бөрлі ауданында өт-кен техникалық жә­не кә­сіптік білім беру ұйымдарының қыз-меткерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнирде колледж командасы ІІІ орын- нан көрінді.

Шыңғырлау колледжі жарап тұр!

«Қазақстан Республикасындағы жергілік-ті мемлекеттік басқару жә­не өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сә­йкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Облыстық мә­слихаттың кезектен тыс 15-сессиясы 2014 жылғы 14 ақпанда облыстық мә­слихаттың үлкен залында сағат 12.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тә­ртібіне ұсынылатын мә­-селелер:

– Батыс Қазақстан облыстық мә­слихаты- ның 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1 «2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақ-стан облысының аймақтық даму бағдарла- масы туралы» шешімінің орындалуы бары- сы туралы;

– Батыс Қазақстан облыстық мә­слихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29-1 «2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан об-лысының аймақтық даму бағдарламасы тура-лы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде;

– Басқа да мә­селелер.

Сессия төрағасы Р.ХАйРУЛЛИН

Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі

Орал қаласы №15 10 ақпан 2014 жыл

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 15-сессиясын

шақыру туралы

Сенаторлар ауыл тұрғын-дарына Елбасы Жолдауының маңызы, бүгінгі қоғамдағы өзгерістер жә­не оған бейім-делу жолдары туралы ә­ңгі-меледі. Жиын барысында се- натор Ерболат Мұқаевтың мә­лімдеуінен белгілі болға-нындай, алдағы үш жылда облысымызда бюджет тап-шылығы орын алмауы тиіс.

– Облысымызда 2011-2013 жылдары бюджет қаржысы- ның аз бөлінуіне қарамай,

Бюджет тапшылығы болмайдыҚазақстан Респуб­

ликасы Парламенті Сенатының депутатта­ры Рашит Ахметов және Ерболат Мұқаев өткен аптаның жұма күні Теректі ауданындағы Ақжайық ауылының тұрғындарымен кез­ десті. Кездесуге әлеу­меттік сала қызмет­керлері, кәсіпкерлер қатысты.

біраз істер тындырылды. Өт- кен жылдың аяғында алда- ғы үш жылға бөлінетін бюд- жет туралы заң қабылдан-ды. Нә­тижесінде өңірімізге бөлінген қаражатқа көңіл то- ларлықтай. Мә­селен, жол құрылысы жұмыстарына 20 миллиард теңге қарасты-рылды. Жол мә­селесі – Батыс Қазақстан облысын- да еліміздің басқа аймақта-рымен салыстырғанда бір-неше жылдан бері кенже-леп келе жатқан саланың бірі екені белгілі. Биыл бұл

бағытта республикалық бюд-жеттен 6 миллиард теңге бө-лінсе, облыстық бюджеттен 1,5 миллиард жә­не «ҚПО б.в.» компаниясынан 1,5 миллиард, яғни барлығы 9 миллиард теңге облыс аумағындағы жол құрылысына жұмсалмақ, – деді Ерболат Рахметұлы.

Кездесу кезінде сенатор-лар ауыл тұрғындарының түрлі сауалдарына жауап берді.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,Теректі ауданы

Page 4: Орал Онiрi №17

Cейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл4 [email protected]

іССАПАР

Ақпан айының жетінші жұлдызында Шыңғырлау ауданында аудан әкімінің халық алдындағы есебі тыңдалып, дәстүрлі жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

- Есептік кездесулер маған ау-дан ә­кімі ретінде өте маңызды. Өйткені олар алдағы жұмыстар-дың бірінші кезектегі міндеттерін анықтап, тұрғындардың қажетті-лігімен біздің жоспарларымыз-дың сә­йкестігін салыстыруға мүмкіндік береді жә­не де біздің барлық жұмысымыз Елбасының Жолдауын іске асыруға негізделе жүргізіледі, - деп бастады өз сө-зін аудан ә­кімі Алдияр Халелов. Жиынға қатысушылар ә­кім сөзі-нің дә­леліндей жыл бойы атқа-рылған жұмыстардың барлығын рет-ретімен бейнефильмнен кө- ріп отырды.

Аудан ә­кімінің баяндамасынан кейін сөз алған зейнеткер Гали-на Ремизова атқарылған істердің барлығы да ауданымыз жә­не тұрғындар үшін жасалынғанын, ә­леуметтік-экономикалық тұрғы-да ауданымыздың жылдан-жылға дамып келе жатқанын айтып, аудан ә­кіміне, оның жұмысына ризашылығын білдірді.

Белогор ауылдық округіне қарасты «Қарлығаш» балабақ-шасының меңгерушісі Гауһар Ес-лямова жөнделіп, жаңартылған балабақша үшін, оған қаржы бөлуге ықпал еткен облыс пен аудан басшылығына ата-аналар мен бүлдіршіндер атынан алғысын білдірді.

Елбасы Жолдауынан бағыт алып, Үкімет тарапынан көрсетіл-ген көмектердің арқасында биз-

несін дөңгелетіп отырған «Жеңіс» шаруа қожалығының жетекшісі М.Байжанов, кә­сіпкер С.Намиева, Алмаз орта мектебінің ұстазы А.Мауытбаев өз ой-пікірлерін ор-таға салып, ауданда атқарылған жұмыстардың барлығы да халық игілігі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

Есеп беру жиынында тұрғын-дардың өтініш-тілектері де тың-далмай қалған жоқ. Сөз сұраған тұрғын Надежда Свешникова үйінің тым ескі екендігін жә­не кө-леміне байланысты оны жөндей де, сата да алмайтынын айтып көмек сұраса, «Березка» орыс мә­дени орталығы қоғамдық бір-лестігінің төрайымы Татьяна Киш-кина шыңғырлаулықтар үшін қа-зіргі заманға сай үлкен мә­дениет үйінің қажеттілігін айтып, қаржы бөлуді сұрады. Ал аудандық жұ-мыспен қамту жә­не ә­леуметтік бағдарламалар бөлімінің басшы-сы Айбек Сұлтанов кә­сіпкерлік-пен айналысушылар үшін тағы да несие-көмек берілсе деп өтініш білдірсе, аудандық мә­слихаттың депутаты, кә­сіпкер Юрий Абуба-киров Ақсай-Шыңғырлау тас жолының мә­селесін көтерді. Со- нымен қатар «Ақбұлақ жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғарышкер Сайын ауылда мә­де-ниет үйінің жоқтығын, осы шаруа-ға қаржы қашан бөлінетіндігін сұраса, Лубен ауылдық округі-не ФАП қажеттілігін аудандық мә­слихаттың депутаты Жауынбай Байқатов айтып өтті.

Аудан ә­кімі Алдияр Халелов бұл есептік кездесуінде 16 мыңға жуық халқы, 25 елді мекені бар ауданның тә­уелсіздік алғалы бері алғашқы рет халық санының өсуі тіркелгенін назарға салды. Әкім-нің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 4 млрд. 456 млн. өнім өндірілген. Шағын жә­не орта бизнестен түскен салық көлемі – 65,7 млн. теңге. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда, 15,7 млн.

теңгеге артқан. Айта кету жөн, өткен жылы ауданда мал басы едә­уір артқан, ә­сіресе, ірі қара жә­не асыл тұқымды мал мен жыл-қы саны біршама көбейген. Ау-данда шағын жә­не орта кә­сіпкер- лік жылдан-жылға қарқын алуда, мемлекет тарапынан берілген де-меуқаржылар мен несиелер тұр-ғындардың өз істерін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуына мүмкіндік беруде.

Есептік жиында аудан басшы- сы алдағы атқарылар жұмыстарды да саралап берді.

- Алда шағын жә­не орта кә­-сіпкерлікті одан ә­рі дамыту, асыл тұқымды жылқы, ірі қара малы жә­не қой басын көбейту, ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикі-зат қабылдайтын пункттер ашу, сүт өнімдерін шығаратын, қымыз құтылайтын цех, шыны ыдыстар-

ға құйылған су шығаруды қолға алу, ет өнімдерін өндіретін цех, балық өсіру, кірпіш, пеноблок жасауды қолға алу, жылыжай ашу, бақша өнімдерін сақтайтын қоймалар ашу, аудан орталығына ә­мбебап дүкен, балаларға ар-налған ойын-сауық орталығын ашу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрмыстық техникалар-ды жөндейтін цехтар ашуды жос-парлаудамыз, - деді ол өз сөзінде.

Өз кезегінде облыс ә­кімі Нұр-лан Ноғаев жиынға қатысушылар алдында облыс көлемінде атқа-рылған оң істерге шолу жасап өтті. Қандай елде де, қандай ау-дан болмасын бірлігі бар болса, істері де оң болмақ. Әкімі бас болып, тұрғындары қолдап отыр-са, алынбайтын қамал, атқарыл-майтын іс болмайтынын ескертті. Облыс басшысы шыңғырлаулық-

тардың береке-бірліктеріне, ын-тымақтастықпен жұмыс істеп, қашан да ынта-жігерлерімен көзге түсіп отырғандықтарын айта келіп, аудан ә­кімінің өз ісін үлкен жауапкершілікпен атқа-рып отырғандығын да атап өтті. Жол мә­селесіне, техникалық су, жаңа мә­дениет үйін салу үшін қажетті қаражатқа байланысты ақыл-кеңесін берді. Соңғы жыл-дары барлық аудандарда да ә­леуметтік, экономикалық салада даму ә­жептә­уір байқалатынды-ғын, бірақ барға масаттанбай, алға ұмтылу өздеріңіз үшін, болашақ үшін қажет деді.

Жиын соңы аудан өнерпазда-рының ә­н-жырымен өрнектелді.

Айсұлу АРЫСТАНОвА, шыңғырлау ауданы

«Қол жеткенге масаттанбай,АлғА ұмТылу ҚАжеТ»

- Ауданымызда шағын кә­сіп-керлік субъектілері мен осы сала-да жұмыс істейтін адамдар саны жыл сайын артып келеді, - деп бас-тады аудан басшысы өз есебін.

Шағын кә­сіпкерлік субъектіле-рінің 2013 жылы өндіріс, қызмет көрсету көлемі 2012 жылмен са-лыстырғанда, 14,7 пайызға көбе-йіп отыр. Ауданда 2013 жылы ә­р түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен несиелердің арқасында 77 жаңа жеке кә­сіпкерлер тіркелген.

Шағын кә­сіпкерлік субъек-тілерімен 2012-13 жылдары аудан-да 4 мейрамхана, 2 сауда орны, 4 шағын цех, 1 шаштараз сияқты 11 ғимарат пайдалануға берілді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы Самара – Шымкент халықаралық маңызы

бар жол бойынан «Жолаушыларға қызмет көрсету кешенін» салу жоспарлануда.

Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, оның ішінде мал шаруашылығын өркендетуге толық мүмкіндіктер бола тұра, ә­лі де дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Асыл тұқымды мал шар-уашылығымен ауданда тек бір ғана «Талап» шаруа қожалығы ай-налысуда.

Үстіміздегі жылы «Жібек жолы» шаруа қожалығына 310 бас асыл тұқымды малды шетелден ә­келу жоспарланса, 400 басқа арнал-ған мал бордақылау кешені іске қосылмақ. Оның сыртында Ресей елінен 61 бас асыл тұқымды ірі қа-ра малдары «Мансұр-Жаһан» ша-руа қожалығы арқылы ә­келінбек.

Биыл жұмыссыздар есебінде тіркелген азаматтарды қамыс буу жә­не тас соғу сияқты өзіне де, халыққа да пайдалы жұмыстарға кеңінен тартуды көздеп отырмыз.

Ауданымызда жыл басын-да 740 мүгедек есепте тұрса, біз оларға қамқорлық көрсетіп қана қоймай, шаруашылықтар мен кә­-сіпорындарға жұмысқа тартып, оларды қоғамның толыққанды мүшесі, пайдалы еңбеккер ре-тінде сезінуін қамтамасыз етуге тиіспіз жә­не ауданның барлық кә­сіпкерлерін осыған шақыра- мын, - деді аудан ә­кімі баяндама-сында.

Баяндама бойынша жарыссөз-де жосалылық зейнеткер ұстаз Асан Жүсіпов, Бұлдырты орта мектебінің директоры, аудандық

мә­слихаттың депутаты Алмагүл Бисалиева, аудандық аурухана дә­рігері Темір Есентаев сөйлеп, аудандағы жетістіктерді тілге тиек етті.

Жарыссөзге жазылғандар сөй-леп болған соң өздерін толған-дырып жүрген ойларын ортаға салмақ болып бірнеше азаматтар да мінбеге көтерілді.

Өлеңті ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сә­бит Бақ-тығалиев ауылға мә­дениет ошағы салынса деген ұсынысын білдірді.

Ал өлеңтілік Тауфик Елеубаев ауылдардағы жұмыс істемейтін кейбір клубтарға штат ашылып, қаржы көзінің босқа рә­суа бо-лып жатқандығын, сол шашылған қаржыны кері қайтару жолын қолға алу қажеттігін айтты.

Талдыбұлақтық зейнеткер Са-бырғали Оразов ә­бден тозығы жеткен электр желілері мен баған-дарына жөндеу көрсетуді сұрады.

Зейнеткердің ендігі бір тілегі Самара – Шымкент тас жолынан ауылға кіретін 12 шақырымдық жолды жөндеуден өткізуді жос-парға енгізудің жә­йі болды.

Зейнеткер ұстаз Абат Хам-зин жымпитылықтар 50 жылдай пайдаланылып келе жатқан ау-дан орталығындағы ауыз су қо-рының азайғандығын, ендігісін «Кеңащыдан» құбыр тартудың жә­йі шешілсе деген ойын білдір-се, зейнеткер Сапура Көптілеуова «Газ, электр жарығы қымбаттайтын көрінеді, сол рас па, отырған үйім салқын, немерелерім жас, жиі ауы-ра береді. Орталық ауруханада

ТолғандырғанӨткен сенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Сырым аудандық мәдениет үйінде өткен аудан әкімі Абат Шыны­бековтің халық алдындағы есеп беру жиналысына қатысты.

Page 5: Орал Онiрi №17

Cейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл[email protected] 5іССАПАР

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткен аптаның сенбісінде Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың қорытынды есебіне қатысты. Өңір басшысы бастаған құрамда облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыс әкімі аппаратының басшысы Марат Тоқжанов және облыстың бірқатар басқарма басшылары алдымен Жусандыой ауылдық округінің Ханкөл бөлімшесінде орналасқан «Думан» шаруа қожалығында болды.

«Думан» шаруа қожалығы «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы ая-сында Ұмтыл қыстағына 1,2 км электр тарату желілерін тартуға бизнес жобасын ұсынған болатын. Жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өткізіліп, өңірлік үйлестіру комиссиясында мақұл-данды. Жоба құны 7,5 млн. теңге қаражатты құрайды.

Қожалық жетекшісі Серік Құ-башев Нұрлан Асқарұлына игілікті тірлігін егжей-тегжейлі баяндап берді. Нә­тижелі істің шарықтап өркендеуіне ниеттес екендігін білдірген аймақ басшысы атакә­- сіптің маңызы зор екендігін, мал басы тұқымын асылдандыру бағы-тында жұмыстану қажеттігін айт-ты.

Аудандық мә­дениет үйінде өткен есепті кездесуде алдымен ел назарына өңірдің баянды тір-шілігін паш етер бейнекөрсетілім ұсынылды.

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш-ұлы Назарбаевтың биылғы «Қа-зақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы баршамызға маңызды міндеттер мен тапсырмалар жүк-тейді. Бұл Жолдаудың ерекше болғандығы соншалық, өз ба-сым тарихи басты құжатта атап көрсетілген үш мә­селе төңірегін-де рухани сипатқа ендім. Елдің

кемел келбетін айқындайтын ең басты тарихи серпіліс – «Мә­ңгі лік Ел» Ұлттық идеясы жариялан-ғаны – ол біріншісі. Екіншісі, ең дамыған 30 елдің қатарына ену үшін 2050 жылға дейінгі Қазақ-станның даму кезеңінің үтір-нүк-тесіне дейін айқындалуы. Үшін шісі, Қазақстанның экономика-сының нығаюы мен ә­рі қарай дамуы, - деп сөз бастаған аудан ә­кімі Асхат Шахаров 2013 жылы атқарылған ауданның ә­леумет-тік-экономикалық дамуының қо- рытындыларын баяндап, үстіміз-дегі жылы жүзеге асырылмақ жұ-мыс жоспарларын ел талқысына салды.

- Аудан экономикасының не-гізгі көзі – мал шаруашылығы. Бұл салада 262 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Қазақстан Рес-публикасының агроөнеркә­сіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа сала-лық бағдарламасын жүзеге асы- ру барысында аудан көлемінде 45 761 центнер ет, 90 615 цент-

нер сүт, 1 168 мың дана жұ- мыртқа, 1 012 центнер жүн өнді-рілді.

Мал шаруашылығының тұрақ- ты дамуына Үкіметтен берілетін дотациялар мен субсидия алула-рына жағдай жасалуда. Мемле- кеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 2 шаруа қожалығына 24,7 млн. теңге несие берілді. Аудан бойынша 4 шаруа қожалығы қой малын асылдандыру мақсатында 56 бас асыл тұқымды қошқар, «Қосан-малы» шаруа қожалығы 185 бас асыл тұқымды қой малын, «Са-тыбалды» шаруа қожалығы Ре-сей Федерациясының Орынбор облысынан 140 бас асыл тұқым-ды қазақтың ақбас қашарларын сатып алды. Ауыл шаруашылығы техникаларының базасын жаңар-ту мақсатында лизинг ә­дісімен «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қо- ғамы арқылы жаңадан 8 «Бела- русь» маркалы тракторлар алын- ды, - деді аудан басшысы.

Аудан басшысы өңірдің сан тараулы саласына тоқталып, атқа-рылған істерді баян етті.

Бұл жолы аудан ә­кімінің өткен жыл ішінде жасаған жұмысына баға беріп, сөз алғандардың қа-тары аз болды.

- Бүгінде біздің Сулыкөл ауылдық округіне көгілдір отын жеткізілді. Округ орталығы Қал-дығайты ауылында екі қабатты мә­дениет үйінің құрылысы қар-қынды жүруде. Оның үстіне Үш-ана елді мекеніне үстіміздегі жылы табиғи газ құбыры мен са-палы ауыз су құбыры тартылады деген қуанышты хабар да бар. Қасиет қонған өлкеде жасалынып жатырған істерге ризашылығым шексіз, – деді алғашқы сөз ке-зегін алған ардагер ұстаз Аман Жүсіпқалиев.

Ал аудан жастары атынан сөз алған «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақымжан Оразов:

- Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ауданы-мызда көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Оның бір куә­-сі өткен жылы өңірде өткен «Ел болашағы – жастар қолында» атты аймақтық жастар форумы бола-тын. Бүгінгі таңда аудан орталы-ғында теннис корты салынып, пайдаланылуға берілді. Сонымен қатар Қаратөбе аудандық спорт клубы ашылып, жұмысын бастады.

Ең маңыздысы тарихта аты қалған «Қаратөбе сиезі» өткен орынға ескерткіш тақтаның ашылуы ауыл жастарына рухани, патриоттық тә­рбие беруде жетекші рөлге ие. Келешекте де Қаратөбе өңірінде жастардың бос уақытын тиімді өткізетін мә­дени-спорттық дема-лыс орындары ашылып, ел игілігі-не берілетіндігіне бек сенеміз, – деп жастарды білім мен өнер жо-лында бірлікте, ынтамақтастықта болуға шақырды.

Мінберден сөз алған облыс ә­кімі Нұрлан Ноғаев Елбасы сая-сатын жүзеге асыру бағытында өңірде атқарылып жатырған жұ-мыстарды баяндап, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы ірі жо-баларға тоқталды.

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ба-тыс Қазақстан облысы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы негізінде Бөкей ордасы, Жаңақала, Қазталов, Жә­- нібек жә­не Қаратөбе ауданда-рында бірде-бір жобаның іске аспағандығы жөнінде сын-ескерт-пелер айтып кеткен болатын. Қа-зіргі таңда кә­сіпкерлікті дамыту турасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Елді мекен-дердегі инфрақұрылымды дамы-ту, кә­сіпкерлікке қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Биылғы жылы Қаратөбе ауданының ор-талығында 160 орындық спорт кешені салынады. Құрылыс орны белгіленіп, анықталынды. Жыл ая-ғына дейін аяқталып, халық игілі-гіне тапсырылады, - деді өз сөзінде өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Кездесуден соң облыс басшы-лары ауданның ә­леуметтік-эко-номикалық дамуы жөнінде жа-сақталған көрме жұмысымен танысты.

Ертай БИМҰХАНОв,Қаратөбе ауданы

Суреттерді түсіргенСерікбай ХАСАНОв

Спорт кешені салынбақ

тиісті құрал-жабдықтар жетіспе-гендіктен, немерелерімді облыс орталығындағы ауруханаға апа-рып емдетіп жүрмін» деген назын облыс ә­кіміне жеткізді.

Аудан тұрғындарының сөзде-рін, өзіне қойылған сауалдарын мұқият тыңдаған облыс басшы-сы Нұрлан Асқарұлы ә­ңгімесін төмендегіше сабақтады:

- Алдымен Өлеңтіден мә­дени орталық ашу жөнінде. Қазақ ай-тады «көрпеңе қарай көсіл» деп. Қолымыздағы бар қаражатты тұр-ғындардан түскен ұсыныстарды, ә­р деңгейдегі депутаттардың, сайлаушылардың сайлауалды тұ- ғырнамасында берген уә­деле-рін орындау бағытында халық іс-шараларға қатысты ә­р елді мекенге, ауданға қаражат бөліп

отырамыз. Көптеген аудандар-да, ірі мекендерде мә­дениет ор-талықтары жоқ. Біз жайлап ше-шіп келе жатырмыз. Өлеңтідегі мә­дениет ошағының биыл жо-балық-сметалық құжаттамасы да- йын тұр. Сараптамадан өткен. Спорт кешенін салу жоспарланып отыр, мектептің жанында. Мә­де-ниет үйі 2014 жылы салынады деп уә­де бермеймін. Қаражат жоқ ә­зірге. Бұл – болашақтың еншісін-дегі іс. Елеубаев Тауфиктің айтқаны «Ауыл шаруашылығы шамаланып қалды» дейді. Бұл рас. Жаңа түске дейін көршіліс Қаратөбе ауданын-да болып қайтқанбыз. Ауданда 16 мың халық бар. Ал ірі қара мал басы 65 мың. Сырым ауданында 20 мың адам бар. Ірі қара мал басы 30 мың. Осыдан айырмашылықты

байқап отырсыздар ғой. Сырым ауданында мал шаруашылығын көбейтуге не кедергі? Осы кез-десудің алдында мен «Жібек жо-лы» ЖШС-ның басшысы Ғанимат Нұрмұхановтың шаруашылығы- мен таныстым. Асыл тұқымды мал бағу, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жә­не ауыл шаруашылы-ғы саласына Елбасының тапсыр-масына сә­йкес беріп жатырған қаражаттың тиімді пайдаланып жатырғанының үлгісі бар. Ондай шаруашылықтар көп. Жә­не осы жылдың басында кезіндегі менің орынбасарым Серік Сүлейменов, қазіргі орынбасарым Арман Өте-ғұлов ауыл шаруашылығы маман-дарымен үлкен жиналыс өткізген болатын. Барлық мүмкіндік бар. Бірақ іс алға жүрмейді. Не себеп-

тен екенін білмеймін. Осы жерде отырған алдыңғы буын ағалар ай-тады барлық жағдайлар бар деп. Сондықтан бұл – ойланатын жағдай. Енді Елубаевтың клуб туралы са-уалына келейік. «Өлеңтінің жанып кеткен клубына заңсыз штат ұстап отыр немесе басқа да мекеме-лерде заңсыз штат ұстап, біреу-дің «бармақ басты, көз қысты» деген принципімен мемлекеттің қаржысын талан-таражға салып отыр» деген арыздар бойынша тексеріс жүрді. Ондай фактілер анықталған жоқ.

Одан ә­рі облыс басшысы электр қуатымен қамту оның то-зығы жеткен желілерін ауысты-ру жә­йі, Бұлдыртыға бұрылатын 12 шақырымдық жолды жөндеу, аудандағы, ә­сіресе, Жымпиты

ауылына ауыз су жеткізу мә­се- лесі, көгілдір отынның бағасы, балабақша салу жә­не басқа да тұрғындар көтерген мә­селелерге байланысты егжей-тегжейлі нақ- ты жауап қайтарды. Нұрлан Асқарұлы қандай сұрақтар қо- йылмасын, оны облыс жағдайы-мен басқа аудандағы хал-ахуал-мен салыстыра жауап берді. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев сөзін аяқтай келе, ауданда жеті айдан аса мерзім ішінде аудан ә­кімі қызметін абыройлы атқара біл-ген Абат Абайұлының жұмысына ризашылығын білдіріп, халық-пен тіл табысуындағы қабілетті- лігіне оң бағасын берді. Об-лыс ә­кімі жиын соңында бір топ тұрғындарды жеке мә­селелері- мен қабылдады.

Мүсірбек АйТАшЕв,Мәншүк ЕРНИяЗОвА,

Сырым ауданы

мәселелер айтылды

Page 6: Орал Онiрi №17

еСТелікСейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл

[email protected]

Ғалым. Азамат. ҚайраткерАлдағы аптада техника ғылымдарының кандидаты, профессор, КСРО халық

ағарту саласының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Сергей Жұбаев 75 жасқа толар еді. 1989­2000 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ректоры ретінде бүгінгі БҚАТУ­дың өркендеп­кемелденуіне зор еңбек сіңірген Сергей Шұғайұлы Жұбаевтай өз ұлтына жан­тәнімен берілген, атқарған кәсібіне жанын сала кіріскен, күрмеуі қиын ғылым саласына адалдығынан танбаған нағыз азаматтар қазір де бар болар, бірақ көп деп айта алмаймын.

Сергей Шұғайұлының ба-лалық шағы ел басына зұлмат күн туған соғыс

жылдарымен тұспа-тұс келді. Тым ерте есейген «Соғыс балалары» өздері ашқұрсақ жүрсе де, шар-шап-шалдықса да, мойымады, ерік-жігері мұқалмады. Таң алаке-уімде оянып, ересектермен бірге бірде шөп шапса, енді бірде егін орды. Саршұнақ аязда да, шіліңгір ыстықта да «Бә­рі де майдан үшін» деп ұрандата еңбек ете жүріп, Ұлы Жеңісті жақындатуға сүбелі үлес қосты.

Секеңнің ә­кесі Шұғай ақсақал – қан майданға бастан-аяқ қатысып, соғыс аяқталған соң да біраз кідіріңкіреп, есесіне елге үлкен абыроймен, кеудесін орден-ме-дальға толтырып оралған кә­нігі жауынгер. Қазақтың «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» дегені осы шығар.

Сергей Шұғайұлы 1945 жылы өзінің туған ауылы Козлов-Разбу-горьедегі қазақ мектебінің 1-кла-сына қабылданады. Астрахан об-лысына қарасты аталмыш ауылды кілең қазақтар мекен еткен екен. Тек бір ғана орыс отбасы болып-ты. Сондықтан бастауыш сыныпты үздік тә­мамдаған оқушы Сергей көрші Володаровка ауылындағы орыс мектебіне ауысқан кезде оқуын біраз ақсатыңқырап алады. Себебі өңкей қазақтың ортасында туып-өскендіктен, бір ауыз орыс-ша білмейді. Дейтұрғанмен, жас-тайынан ауыр еңбектен қашпаған, қиындықтан жасқанбаған та-лапты өрен аз уақыттың ішін-де орыс тілін жетік меңгеріп, өзгелермен тең дә­режеде білім бұлағынан нә­р ала бастайды. «Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы» деп бекер айтылмаса ке-рек. Мектеп қабырғасындағы ұс-таздары Г.Ягудин, Я.Демьяненко, Г.Григорьевтер Сергей Шұғайұлы-ның математика, физика, химия пә­ндеріне қызығушылығын оятып қана қоймай, болашақ мамандық таңдауына да оң ықпал етеді.

Орта мектепті тә­мамдаған соң Саратов ауыл шаруашылығын ме-ханикаландыру институтына оқуға түсіп, оны да үздік аяқтаған талап-шыл жас туған ауылында бірер жыл еңбек етіп, аспирантураға құжат тапсырады. Білімдінің мыңды жы-ғарын анық ұғынған ол ақыры тех-ника ғылымдарының кандидаты ғылыми дә­режесін алып шығады. Ұстаз ретіндегі алғашқы еңбек жо-лын ата-бабасының қаны сіңген қазақ жерінде, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру кафедрасының

ассистенті қызметінен бастайды. Сөйтіп, бойында болашаққа деген нық сенімі мен ерік-жігері бар жас маман еңбек майданына қызу ара-ласып кетеді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруа-шылығы институтында қырық екі жылға созылған еңбек жолында ол жаратылысы келіскен сә­йгүліктей аяңдауды, шабысынан жаңылуды білмей үнемі өрлеу, өсу үстінде болды. Кафедрада ассистент, үздік кафедраның меңгерушісі, доцент, институттағы ең ірі факультеттің деканы, проректор, ректор, про-фессор – осы сатылардың, лауа-зымдардың бә­рін дер кезінде абыроймен жүріп өткен ол қай істі қолға алса да, адамдық пен адалдықты бә­рінен биік қоя біл-ген дарыны мен қарымының ар-қасында атақ-құрметке де, абы-рой-беделге де қол жеткізді.

С.Жұбаев қазақ үшін байлық – малда екенін анық ұғынған асыл азамат еді. Ол Ақтамберді жырау-ша айтсақ, «алғайдың құба жоны-на сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе, көз жетпес» көк алалы көп жылқы, боздаған даусы күй бо-лып төгілетін сансыз түйе жайлы армандады. Елдің төрт құбылысы тең, үлкен байлыққа кенелгенін қалады. Қазіргі таңда қызу тал-қыланып жүрген ғылымды өнді- ріске жеткізу, индустрияға апа-ру мә­селесінің өзектілігін сол кездің өзінде-ақ бағамдай білді. Оқытушылар мен аспиранттар-дың, студенттердің ғылыми-зерт-теу жұмыстарының нә­тижелерін өндіріске кеңінен енгізу мақсатын-да құрылтайшысы институт бо- лып табылатын төрт шағын ғылы-ми-өндірістік кә­сіпорынның құ- рылуына мұрындық болды. «Зер- де», «Земледелец», «Зерек», «Ас-пан» ғылыми өндіріс орталықтары колхоз, совхоздармен жә­не кә­сіп-орындармен шаруа шылық шартқа отырып, ғылыми зерттеу жұмыс-тарын ұйымдастырды.

Болашақты дөп басып болжау, бүгіннің емес, ертеңнің қажетін айнытпай тани білу тек көрегенді адамға ғана тә­н қасиет. Секеңнің болжампаздық қабілеті аса жауап-ты лауазым ректорлық қызметті атқарған тұста ерекше көрінді. Жаһандану жағадан алып, елдің тыныс-тіршілігіне нарық кіріп, тағдыры Ресейге байланған эко-номиканың жібі бырт-бырт үзіле бастаған күрделі кезеңде Ауыл шаруашылығы министрлігіне ті-келей бағынышты болып келген жоғары оқу орны бір мезетте қаржыландырусыз қалды. Соған қарамастан тығырықтан шығудың түрлі жолдарын қарастырды. Таба

да білді. Сергей Шұғайұлының бастамасымен 1989 жылы ЖОО тарихында тұңғыш рет инженер-механиктерге қазақ тілінде білім беретін қазақ топтары ашылды. Орал қаласындағы жалпы білім беретін №30 орта мектептің ашы-луына да өзі мұрындық болды. Алғашында институт мектеп үшін агрономия факультетінің екінші қабатын бөліп берсе, кейін қазақ мектебіне қазіргі орналасқан жаңа заманауи ғимараттың салынуы-на мүдделілік танытып, ұйытқы болды. Қазақ тілінің болашағына миығынан күліп қарайтындар ә­лі де үстемдік алып тұрған күрделі кезеңде Секең нағыз ерлікке тати-тын қызмет жасады.

1995-2002 жылдары ел эконо-микасында, барлық салаларда дағдарыс орын алды. Бір мезетте қаржыландырусыз қалған инсти- тут құрып кетпеудің амалын ой-лады. Оқуға түсетін, оқығысы ке- летін талапкерлердің саны күрт қысқарды. Көптеген отбасылар- дың баласын ақы төлеп оқыта- тын мүмкіндіктері болмады. Сер-гей Шұғайұлы осындай қиын-қыстау кезеңде өзін шебер ұйым- дастырушы, қарамағындағы адам- дарға қамқор басшы ретінде көрсете білді. Институттағы тә­жі-рибелі, ғалым-педагог кадрларды сақтап қалудың амалдарын жа-сады. Заман талабына сай жаңа мамандықтар ашылып, иннова-циялық даму бағдарламасы жа- сақталды. Ол жазық далада бой көтерген ең алғашқы оқу ғима-раттарының, студенттер қала-шығы мен ғылыми-зерттеу орта-лықтарының уақыт өте келе, тұтас студенттер кампусына ай-налуын, студенттердің заманауи дә­рісханаларда білім алуын, жай-лы да ыңғайлы жатақханаларда тұруын армандады. Жоғары оқу орындарының өркениетті ел-дердегідей дербес болуын, ал ректорлардың жұмысын бақы-лайтын тә­уелсіз өкілетті органның құрылуын аңсады. Бір кездері уто-пиядай болып көрінген басқарудың бұл үлгісі қазіргі таңда дә­уір тала-бына, өмір шындығына айналып отыр. Ұлтжанды, отансүйгіш азамат Ауыл шаруашылығы институтының тек білім-ғылым ордасына ғана емес, қоғамдық-саяси жә­не мә­-дени орталыққа айналуына көп күш жұмсады. Он екі мамандық бойынша диссертациялық кеңес, ғалымдар мен аспиранттардың еңбегін басып шығаратын бас-пахана да Секеңнің тікелей ара-ласуымен құрылды. Жоғары оқу орнының жетекшісі ретінде ол Александр Гумбольдтың «зерттей

жүріп, білім бер» қағидасын жүзеге асырғандықтан, ғұмырын ғылымға арнаған ғалымдардың үлкен буы-ны қалыптасты.

Ғалымдар ауылы көшесінде профессорлар мен доценттерге арналған коттедждер салуға қол жеткізіп, тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлді. Оқытушылар мен қызметкерлер үшін көп қа-батты 60 пә­терлік тұрғын үй бой көтерді.

С.Жұбаевтың сан-салалы ең-бегі мемлекет тарапынан лайықты бағасын алды: «Құрмет Белгісі» ор-денімен, «Еңбек ардагері» медалі-мен марапатталса, КСРО халық ағарту саласының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республи-касы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі ғылыми атағы, Орал қаласының құрметті азаматы атақтары берілді. 2008 жылы «Жә­ңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ардагері» кеуде белгісі табысталды. Ғылыми кеңес шешімімен С.Жұбаев атындағы стипендия тағайындалды.

Өмірдің сан сынағымен бет-пе-бет келгенде жол таба білу үшін жанашыр тә­лімгерге жолығу - кім-кімге бұйыра бермейтін бақыт. Өз тарапымнан айтарым, Сергей Шұғайұлы өзіміздің білім ордасында істеген жылдар ішінде тұтас ұжымның, оқытушылар мен студенттердің сүйікті ұстазына, ақылгөй ағасына айналды. Тұла- бойы тұнып тұрған үлгі, өнеге, ізеттік пен ізгілік деп осы кісі тура-лы айтуға болады. Секең жөнінде сөз болғанда, «нағыз» деген сөзді қосқың келеді де тұрады: нағыз ғалым, нағыз маман, нағыз педа-гог, нағыз тә­рбиеші, нағыз дос. Мә­дениеттіліктің, зиялылықтың, адамдарға деген кеңпейілділіктің, жанашырлықтың көріністерін бұл кісінің сөзінен, ісінен, жүріс-тұры- сынан, үлкенге де, кішіге де, қарым-қатынасынан анық байқауға бола-ды. Сан мыңдаған түлектер Сергей Шұғайұлының алдын көрді, сөзін естіді, дә­рістерін тыңдады, одан ғұмыр бойы ұмытылмайтын сабақ алды.

Еліміздің ұлттық қасиеттерін,

қонақжайлылығын, ә­сіресе, отба-сының сыйлылығын, берекесін бә­рінен биік қойған азамат еді. Құдай қосқан қосағы Светлана жеңгей екеуі ұлдары Асқар мен қыздары Маринадан тараған үрім-бұтағының ортасында тамырын кеңге жайған мә­уелі бә­йтеректей ұлағатты ғұмыр кешті.

Жә­ңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 50 жылдық мерейтойымен ар-найы құттықтаған Батыс Қазақстан облысының ә­кімі Нұрлан Асқар-ұлы Ноғаев: «Жартығасырлық та- рихында институттан универси-тетке дейінгі бірнеше белесті арт-қа тастаған білім ордасы отандық ғылымның жаңаруына сапалы үлес қосып, елу мың маманға үл-кен өмірге жолдама сыйлап, тек өңірдің ғана емес, барша Қазақ елінің дамуына сүбелі үлес қосты» - деді. Біздің ғалымдарымыздың инновациялық жобалары, соның ішінде «Парасат» ғылыми-техно-логиялық ұлттық холдинг» АҚ-мен біріге отырып, «Бекіре тұқымдас балықтарды өсірудің аквамә­дени технологиясын дайындау жә­не құрал-жабдықтарды жасау» жоба-сы өткен жылы университетімізге үшінші мә­рте келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да оң бағасын алды.

«Сыйласарлық тектінің,Кім танымас нұсқасын», - деп

Абай атамыз айтқандай, Сергей Шұғайұлының бүкіл өмір жолына көз жіберсек, артында сайрап із жатыр. Елге жасаған еңбегі ерек-ше ескеріледі. Дүниеден кім өтпей-ді? Қазақтың ақиық ақыны Мұқа-ғалидың «Жетпіс жасап, жеті сөз қалдырмаған, ә­лдекімнің тағдыры бұйырмасын» деп жырлауы да қысқа ғұмырдағы адам баласының өмірлік мұратының өзі – артын-да жақсы атың мен өшпестей із қалдыру екенін меңзеп тұрғандай. Осы тұрғыдан қарағанда, Сергей Шұғайұлының ғұмыр жолы мә­нді де мағыналы болғаны анық.

Қазыбай БОЗЫМОВ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ректоры,

профессор

Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің бірінші хатшысы М.Ықсановтың С.Жұбаевты "Құрмет Белгісі" орденімен марапаттау сәті.

1981 жыл

Page 7: Орал Онiрi №17

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16597, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: Е.ӘйпІшЕв

Меншік иесі: «Жайық пресс» ЖшС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАйДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНшІкТІ ТІЛшІЛЕР: Тілес ЖАЗЫҚБАй (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАпАҚОв (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОв (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕв (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АйТАшЕв (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАУБАЕв,Сырымбек ТҰяҚОв (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСпОЛАЕвА (жауапты хатшы),Тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕв (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОв (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОв (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОв (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

хАбАР-ошАРCейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл

[email protected]

Деннің саулығы тіске де байланысты. Себебі тіс адам денсаулығына, бүкіл бет­әлпетіне, көңіл күйіне және мінез­құлқына әсер етеді.

Тіс күтімі – денсаулық кепілі

Балаларда сүт тістері 6 айдан бастап шыға бастайды. Бүлдіршін 2,5-3 жасқа келгенге дейін тістері түгел шығып бо-лады. Сол себепті 2-2,5 жастағы баланы тіс тазалауға үйрету қажет. Оны ата-ана-сының үнемі қадағалап отырғаны жөн. Тісті күніне 2 рет (таңертең, кешке) таза-лау керек. Тіс тазалаудың да өз ә­дістері бар. Сол бойынша тіс қатарын шартты түрде бірнеше бөліктерге бөлуге бола-ды. Тіс тазалауды жоғары жақтың оң жақ үлкен азу тістерінен бастайды. Жоғары жақ тістерін тазалап болғаннан кейін төменгі жақ тістеріне ауысады.

Жоғары жә­не төменгі жақтың үлкен жә­не кіші азу тістерінің ұрт беттерін тазалағанда, тіс щеткасының қылтанақ-тары тіс бетіне бұрыш жасап тұруы қажет. Яғни жоғары орналасқан тістер төмен қарай, төменгі тістер жоғары қарай сыпыру қозғалысымен тазалана-

ды. Одан кейін көлденең қозғалыстар жасалып, тіс тазалауды щетканы айнал-дыра отырып аяқтайды.

Тістерді тазалап болғаннан кейін тіс щеткасын сумен жақсылап шайып, тамақ қалдықтарынан, тіс пастасынан арылтып, сабындап қою керек. Келесі тіс тазаланар алдында сабын жуылып тасталынады. Щетканы жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қойған жөн. Ешқашан да оны жабық қапшық- қа салуға болмайды. Бір тіс щеткасын 3-4 айдан артық пайдаланбау шарт. Сонымен қатар жеке бастың тазалы- ғын сақтау, құрамында дә­румендер, кальций, фтор, фосфор жә­не басқа да микроэлементтері мол сапалы тамақ ішу, жеміс-жидектер жеу тістің берік болуына ықпал етеді.

Әр адам жылына екі рет тіс дә­ріге-ріне барып қаралып, ақыл-кеңес алып тұрғаны жөн. Себебі ауыз қуысының сау болуы адам денсаулығына қатты ә­сер етеді. Айталық, тіс жегісі – адамдар ара- сында көп таралған ауру. Бұл тістің қатты тіндерінің жұмсаруынан пайда

болады. Ол дұрыс тамақтанбау, сілекей-дің құрамы мен қызметінің бұзылуы, ауыз суында фтор мен кальцийдің же-тіспеушілігі, басқа да себептерге бай-ланысты болады.

Тіс жегісінің алдын алу үшін фтор-лаудың жүйелі ә­дістерін (құрамында фторы бар дә­рілерді қолдану), ошақ- тық тә­сілдерін (құрамында фторы бар тіс сықпаларын пайдалану, фтор ерітін- ділерімен ауыз қуысын шаю), фиссура- лар мен соқыр тесіктерді герметизация- лау, ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтау, тамақтану кезінде кариесоген- ді тағамдарды қолданбау сияқты қара- пайым ережелерді білген жөн.

Жалпы, үлкенге де, кішіге де тіс кү- тіміне немқұрайлы қарауға болмайды.

Роза ДАвЛЕТкАЛИЕвА,облыстық балалар

стоматологиялық емханасының 1-санатты

медбикесі

Ж

«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» бос орындарға конкурс жариялайды

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагоги- калық қолдау кафедрасы

• Профессор, ғылым докторы - 0,5 жүктеме; лауазымдық жалақы 70-75 мың теңге;

• Доцент, ғылым кандидаты - 1 бірлік; лауазымдық жала-

қы 130-140 мың теңге;• ғылым кандидаты аға оқытушы - 1 бірлік; лауазымдық

жалақы 120-130 мың теңгеИнновациялық-технологиялар және ғылыми жараты-

лыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі ка-федрасы

• Профессор, ғылым докторы - 1 бірлік; лауазымдық жа- лақы 140-150 мың теңге;

• Ғылым кандидаты, аға оқытушы; лауазымдық жалақы 120-130 мың теңге

• немесе ғылыми дә­режесі жоқ аға оқытушы (география, биология, химия пә­ндері бойынша уақытша) - 1 бірлік; лауазымдық жалақы 105-115 мың теңге

Тәрбиелеу мен жеке тұлғаны әлеуметтендіру кафед-расы

• Профессор, ғылым докторы - 1 бірлік; лауазымдық жа- лақы 140-150 мың теңге;

• Доцент, ғылым кандидаты - 1 бірлік; лауазымдық жала- қы 130-140 мың теңге;

Қойылатын біліктілік талаптары:- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кә­сіби білімі;- сала бойынша ғылыми дә­режесі бар тұлға;- еңбек өтілі - 5 жылдан жоғары; - қазақ жә­не орыс, т.б тілдерін білу;- конкурсқа қатысу туралы директордың атына жазыл-

ған өтініш;- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;- жеке куә­лік көшірмесі;- нотариалды куә­ландырылған дипломдарының көшірмесі; - куә­ландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; - сотталмағаны туралы анықтама- өмірбаян;- түйіндеме;- 3х4 фото - 2 дана; - медициналық анықтамасы;

Мекенжайы: Орал қаласы, Еуразия даң., 238, тел.: 54-37-01

БҚО бойынша МАЭС 13.12.2013 ж. шешімімен «Дарын-Нур» ЖШС БИН 096140001790 жә­не 24.12.2013 ж. сот шешімімен «Орти строй» ЖШС БИН 090140000366 банкрот деп танылды. Талаптар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мер-зім ішінде Орал қаласы, Молдағұлова көшесі, 9-үй, 18-пә­терде қабылданады. Телефон: 87026385016.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС «НИПИнефтегаз» АҚ-мен бірлесіп «газконденсатты Рожков кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобасына қосымша» жобасы бойынша қоғамдық

тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.Тыңдау БҚО, Зеленов ауданы, Чеботарев ауылдық клубында 2014 жыл-

дың 3 наурызында сағат 11.00-де өтеді.Барлық сұрақтар бойынша «НИПИнефтегаз» АҚ-ға Ақтау қаласы, теле-

фон: 8 (7292) 600208 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Жарамсыз деп танылсын

Сармуханова Клара Даутовнаның атына 10.01.2010 жылы берілген «Мерей» жеке кә­сіпкер, сериясы 07915 №0001689 мемлекеттік тіркеу туралы куә­лігінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

«КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымыМарат Оразғалиұлы Ерғалиевтің

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірі-мізге асыл ана Фарида Хайдуллинаның бақилық болғанына 13 ақпанда 1 жыл бо-луына орай сағынышпен еске аламыз.

Айырылдық ойда жоқта өзіңнен,Амал қанша, көндігеміз төзіммен.Бір жыл өтті, жан ана, сен кеткелі,Сенің бейнең мә­ңгі естен кетпейді.

Еске алушылар: жұбайы Сахтар, бала-келіні Самал-Гүлжайнар, қыз-күйеу баласы Әсел-Қайрат, Әсем-

Бейімбет, қызы Назерке, немересі Аружан, Ақниет, жиендері Олжас, Мөлдір, Ықылас

Орал қаласының тұрғыны болған елдің абыройлы азаматтары- ның бірі Қуандық Мұхтарұлы Әжіғұлов тірі болса, ақпан айында зейнеткерлік жасқа толып, тойлап жатқан болар едік. Аяулы ата, ардақты ә­ке, сүйікті жар, адал дос болған Қуандық Мұхтарұлын сағынышпен еске аламыз.

Өмір - өзен ағып жатқан өтпелі,Неткен қиын бұл тағдырдың өткелі.Көп жыл бойы бірге жүрген дос едің,Ойсырап тұр сенің орның өйткені.

Еске алушылар: достары Өтеш-Әлия, Рахметолла-Ұлмекен, Мұқанбет-Үміт,

Аманғали-Қарлығаш, Мұхтар-Роза

Жақында қаламызда сауда орын-дарына қатысты екі бірдей нысан өртке оранғаны белгілі. Осы жайт-қа тоқталған БҚО ТЖД-ның бөлім бастығы Роман Штукатуровтың ай- туынша, екі нысанда да адам шы-ғыны болған жоқ. «Каменный» ке- шенінде екі адам жарақаттанып, бір адам уланды. Қазір бұл екі өрттің себебін Ақтөбеден арнайы келген сарапшы анықтауда. Келген шығын

Бір айда – 67 өртЖыл басынан бері облысымызда жалпы саны 67 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жау көбінесе тұрғын үйлерде орын алуда. Сон­дай­ақ ауа райына байла­нысты жылу құралдарын, табиғи газды пайдалану арқылы улану оқиғалары да жиілеп отыр. Өрт салдарынан 3 адам қаза болған. Бұл туралы таяуда облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте сөз болды.

туралы ақпаратты сауда иелерінің өздері бермек. «Екі жағдайда да өрт сөндіру қызметіне кеш хабарлас-қан, - деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Омар Бержанов. - Мә­- селен, «Каменный» кешенінен ха- бар түскеннен кейін біздің бірін-ші құтқару бөлімшесі 6 минутта оқиға орнына жеткенде, өрт ке-шен шатырынан лаулап шығып кеткен. Көбінесе нысан иелері өрт сөндіруге өздері кіріседі. Мұндай жағдайда олар, ең алдымен, 101-ге хабарлап, сосын қолдарынан кел-генше апаттың бетін қайтаруға кі- рісулері керек».

Мамандардың мә­лімдеуінше, қауіптілік деңгейіне байланысты ә­р нысанның тексерілу уақыты бар. Мысалы, өрт қаупі жоғары деңгейлі нысандар жылына бір, орта деңгейлілер 3 жылда бір, тө- мен деңгейлі нысандар 5 жылда бір тексерілуі тиіс. Төтеншеліктер

осы нұсқауды басшылыққа ала-ды. Кездейсоқ, жоспарсыз тексеру жүргізе алмайды. Тексеру жоспары алдын ала бекітіліп қойылады. Екі оқиға орын алған нысандар орта деңгейге жатады. «Каменный» ке- шені соңғы рет 2011 жылы тексе- ріліпті. Жалпы, бұл да өрт оқиға-ларының жиі орын алуына себеп- ші фактор болуы мүмкін. Негізінен нысанның қауіпсіздігі үшін қожа-йын өзі мүдделілік таныту қажет, жауапкершілікті сезінуі керек.

Брифинг қорытындысында тө- тенше жағдай қызметкерлері тұр-ғындарға өрт қауіпсіздігіне жете мә­н беруді, ең алдымен, 101 теле-фонына қоңырау шалуды, соны- мен қатар өрт сөндіру құрылғы-ларын алғанда, оның пайдалану нұсқаулығына (сертификатына, тү-ріне) қарау керектігін айтты.

Ақмоншақ МАҚСОТҚЫЗЫ

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 04.02.2014 ж. шешімімен «Жаиктранс» ЖШС-ны (БИН 980440000373, СТН 270700001570) банкрот деп тану туралы іс қоз-ғалды.

Page 8: Орал Онiрi №17

кеРуен САРАйCейсенбі, 11 ақпан 2014 жыл8 [email protected]

Шетелдік қамауға алынды

Жасөспірімдерді азғындыққа итермелеген деген күдікпен ұлыбританиялық азамат Питер Барух Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мә­ліметке қарағанда, 14 қаң-тар күні азаматша В.Брызгина оның 2001 жылы туылған, кә­-мелеттік жасқа толмаған қызы Тинаны «Шағала» қонақ үйінің бөлмесінде жалаңаш күйінде белгісіз ер адамның суретке түсіргені туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кез-де күдікті тұлғаның кейіннен Ұлыбритания азаматы Барух екені анықталды. Аталған фак- ті оқиға орны болған бөлмені заң талаптарына сә­йкес кейін- ге қалдыруға болмайтын жағ- дайда, уақтылы, мә­жбүрлі түрде қарау арқылы анықтал-ған болатын. Сонымен қатар азамат Барухтың орыс тілін білетіндігі белгілі болды.

Қонақ үйдің бөлмесін қарау барысында Барух ноутбукты жә­не компьютер флешкаларын микротолқынды пеште өртеу арқылы жоюға тырысқан.

Осы факті бойынша қазіргі уақытта Орал қалалық ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 124-бабының 3-бөлімімен жә­не 273-1 бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Оның

барысында басқа да кә­мелет- ке толмаған жә­бірленушілер-дің бар екендігі анықталды.

Жә­бірленушілердің табыл- ған суреттері жүргізілген са-раптаманың қорытындысына сай порнографиялық жә­не эротикалық сипаттағы сурет-тер болып табылды.

Прокуратураның наразы- лығы бойынша БҚО соты қыл- мыстық істер жөніндегі апел-ляциялық сот алқасы күдікті Барохтың шағымы бойынша оқиға орнын қарау хаттамасын заңсыз деп тану туралы қала-лық соттың шешімін бұзды. Сонымен қатар облыс проку-роры күдіктіні қамауға алу ту-ралы нұсқау берді, осылайша 7 ақпан күні Барух ҚР ҚК-ның 132-бабымен Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кеше Орал қалалық сотының қаулысымен ол екі айға тұтқындалып, тергеу изо-ляторына тоғытылды.

Қылмыс Қазақстан аумағын-да жасалғандықтан, шетелдік азамат ҚР қылмыстық заңна- масы бойынша жауапқа тар-тылатын болады.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Оның айтуынша, кә­сіпкерді өл- тірген топтың бір мүшесі оны жақ- сы таныған, кезінде кә­сіпкер В.Кар-куланың қоластында жұмыс жасаған. Көрші ауылда тұрған. Ол қасындағы екі серігіне Каркуланың қай кезде үйінде болатындығы, көршілерінің ауласының орналасу тә­ртібі, аула- да иттің бар-жоғы, қылмыс жасаған-нан кейін қашатын жол туралы ақ-паратты жеткізіп отырған.

«2014 жылдың 13 қаңтарына қа- раған түні қылмыскерлер кә­сіпкер- дің үйіне терезе арқылы кіріп, Ви-талий Каркуланы басынан үш рет атып өлтірген. Зайыбы Валентина Каркуланы ұрып-соғып, 1 млн. тең- ге ақшаны, құны 3 млн. теңге құрай- тын ә­шекей бұйымдарын жә­не ә­зір- ге анықталмаған көлемдегі Ресей рублін тартып алған. Қылмыскер-лердің бар мақсаты – қарақшылық шабуыл жасау арқылы ақша мен ә­шекей бұйымдарына иелік ету болған жә­не Валентина Каркуланы өлтіре алмаған себебі - кә­сіпкердің зайыбы сытылып шығып, шеткі бөл-

Аса қауіпті қылмыскер іздестірілуде

Кеше Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде өткен брифингте жергілікті кәсіпкер В.Каркуланы өлтірген екі адамның қамауға алынғаны ресми түрде айтылды. «Қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызған қылмыс толық ашылды. Қос күдікті ұсталып, абақтыға тоғытылды, үшіншісіне іздеу жарияланды» деді БҚО ІІД басшысы Махамбет Әбисатов.

Тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕв,"Орал өңірі"

Құттықтаймыз!Ақжайық ауданы

Алғабас ауылының тұрғыны, «Алтын ал- қа» иегері, 11 бала тә­рбиелеп өсіріп, ұл- дарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, жа- пырағын кең жайған

мә­уелі бә­йтеректей болған отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақ- ты ана, асыл ә­же Ұлзия Мұқашқызы БИСЕ-НОВАНЫ 14 ақпан күні 80 жасқа толу мерейто- йымен құттықтаймыз. Оған денсаулық, ұзақ ғұ-мыр, жанұя бақытын тілейміз.

Жадыраған жүзінен тарап ізгі үн,Қамын ойлап жүрумен бала-қыздың.Жеткенін 80-нің де аңғармаптыТойлайық мерейтойын анамыздың.

Қайырлы құтты болсын 80 жасыңЖүзіңді енді ешқандай мұң шалмасын.Жан жарың – ә­кемізбен қол ұстасып,Зымырап 90-нан да жасың ассын.

Анашым, 80 жасың құтты болсын,Әр басқан қадамдарың мықты болсын.Қызығын ұрпағыңның ұзақ көріп,Немере-шөберелер үйге толсын.

Өмірде қуаныштар бола берсін,Шаңырақ той-думанға тола берсін.Тә­ңірден ақ ниетпен біз тілейміз80 жас жақсылықтар ала келсін!

Игі тілекпен, жұбайыңыз Ерен, бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз,

немере-жиендеріңіз, шөберелеріңіз

Шыңғырлау ауданы Лубен ауылының тұрғыны сүйікті ә­кеміз Сағынғали САРБАЗҰЛЫН 75 жасымен құттықтаймыз!

Асыл ә­ке – ардағы ұл-қызының,Бә­рін болжап жүретін алдағының.Қамқорымыз, сіз келіп 75-кеОртамыздың сә­ні болып жүріңіз.Сізге арналды тілек пенен гүліміз,Жүз жасаңыз, денсаулық та зор болсын!

Тілек білдірушілер: зайыбыңыз Бөбек, қыз-күйеу балаларыңыз, бала-келініңіз,

немере-жиендеріңіз, жиеншарыңыз

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұрғыны құда-мыз САҒИДОЛЛАНЫ 60 жасқа, құдағиымыз ӘЛИЯ-НЫ 58 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр кешіңіздер деген ақ тілегімізді жолдаймыз.

Игі тілекпен: құда-құдағиыңыз Ғинолла-Нағима, қыз-күйеу балаңыз Эльмира-Тимур, жиендеріңіз

Нұрдәулет, Дәурен, Қайрат, Майра

Орал шаһарының тұрғыны Рысбай Зарипұлы БАЙБО-ЛОВТЫ 55 жас мерейтойы-мен құттықтаймыз!

Көңілде көл-көсір ғой тілегіміз,Қашанда кең пейілді жүрегіңіз.Қызығын ұрпағыңның көру жазсын,Ешқашан жасымасын

жүрегіңіз.

Тілек білдіруші достарыңыз: Сансызбай-Ділдә, Ибрайым-Маржан, Сабырғали-

Ғалияш, Әлім-Звайда, Мұсабек-Самиға

Сырым ауданы Ақырап ауылының кішкентай тұрғыны Манас Айдосұлы ҒАЛЫМЖАНДЫ 11 ақпан 4 жасқа толу туған күнімен құттықтаймыз!

Саған өмірде бар жақсылықты тілей-міз, денің сау болсын! Аңсаған арманы-ңа жет!

Құттықтаушылар: атаң Ғалымжан, әжең Құттығыз,

ата-анаң Айдос-Эльвира, тәтең Мирас, қарындасың

Гүлназым

Облысымыздың қадірлі азаматы, жолдасымыз Ғари- фолла КӨШЕНОВТІ 75 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Облыс журналистикасы саласында өзіндік қолтаң-басын қалдырған белгілі ақын, қарымды журналист, парасаттылығы, адамгершілігі мол азамат Ғарекеңді біз, жолдастары, ерекше сыйлап, қадір тұтамыз.

Ақжарқын мінезімен ортасына шуағын сеуіп, ә­р кез қуаныш сыйлап жүретін қадірі мол, кісілігі биік жол-дасымызға ә­лі де мықты денсаулық, тауқыметсіз ата- лық ғұмыр, абыздық қадір, шығармашылық шабыт ті- лейміз.

Сексеннің сеңгіріне қосағымен бірге жетуді Алла нә­сіп еткей.

Құрметпен: бөкейордалық жолдастарыңыз Ерболат-Жаңылсын, кіндік ұлыңыз Ержан

меге кіріп, «Құтқарыңдар!» деп ай- ғай салады. Шу шығып кетеді деп қорыққан қарақшылар дереу үйден қашып шығып, көлікке отырып бой тасалайды. Күні бүгін екі адам ұстал- ды, олардан мылтық пен көлік, бетперде, қылмыс қа қатысты бас-қа да айғақ заттар тә­ркіленді. Қыл- мыскерлерді қалай құрықтау мүм- кін болды деген сауалға тоқталар болсам, ІІД мен банк жә­не жеке ұйымдардың бейнекамераларын-дағы бірнеше мыңдаған жазбалар електен өткізілді. Табылған тұлға-ларды «Портрет» ақпараттық-іздеу жүйесіне енгізген кезде В.Каркула-ны өлтірген қылмыскерлерге ұқсас 32 адамның бейнесін берді. Қылмыс жасаған 3 адам солардың арасын-да болды. Үшеуі де бұрын соттал- ған», – деді М.Әбисатов.

Екі адам ұсталғанымен, үшіншісі ә­лі қашып жүр. Оның есімі белгілі. Ол аса қауіпті қылмыскер, бұған дейін кісі өлтіріп жә­не қарақшылық жасап үш рет сотталған, Орынбор облысында 1980 жылы туған Тоғаев Азамат Жұмағалиұлы. 2012 жылдың наурыз айында түрмеден босаған А.Тоғаев кә­сіпкерге қастандықты ұйымдастырушы болып есептеледі.

Белгілері: азиат нә­сілді, бойы шамамен 185 см, дене бітімі арық- ша, беті тартылған, ұрты түсіңкі-рек, қыр мұрынды, мұрнының ас-тында үстіңгі ернінің сол жағында кішкентай меңі бар, құлағы үлкен, қалқандау, қасы қалың қара, көзі сығыр, шашы қара орташа ұзын-дықта, көзінің үсті аздап түсіңкі, кішкене сақал қоюы, грим жасауы да мүмкін.

Назар аударыңыз: қылмыскер өте қатігез, қызуқанды, атыс қаруы-мен қаруланған болуы мүмкін.

Осы іздеудегі қылмыскердің жүрген жері белгілі болса, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер де- партаментіне мына телефондар бойынша хабарласу сұралады: 8 701-767-30-90, 701-918-5186, 701-534-2229 (криминалдық поли-ция басқармасының басшылығы), (87112) 98-45-30, 92-10-26 (ІІД-ның кезекші бөлімі) немесе 102 теле- фоны арқылы жақын жердегі по-лиция бөліміне хабарласуға бола-ды.

Қауіпті қылмыскерді құрықтауға көмек көрсеткендерге қомақты ақшалай сыйақы белгіленді, құпия-лылығы үшін кепілдік беріледі.