Орал Өңiрi №30

8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМдЫҚ-САяСИ гАзЕТ www.zhaikpress.kz Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл №30 (19949) + 3 0 С - 3 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі ӘлЕУМЕТ АРДАГЕР 6 5 "Марафоншы" ағай Салым мерзімі 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейін әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-нан бастап 7%-ға дейін Банктік сыйақы мөлшерлеме Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары: Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия 8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 8 8000 8000-59 (Орал қаласы үшін) (Қазақстан бойынша) Тұрғындар да ҚАмСыЗ оТыРмАуы ТиіС 4 Қамқорланушылар қараусыз қалмайды

Upload: -

Post on 06-Mar-2016

284 views

Category:

Documents


7 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: Орал Өңiрi №30

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМдЫҚ-САяСИ гАзЕТ

www.zhaikpress.kz

Сенбі,15 наурыз 2014 жыл№30 (19949)

+ 3 0С

- 3 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріӘлЕУМЕТ

АРДАГЕР

6

5

"Марафоншы" ағай

Салым мерзімі 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды

жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейінәр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-нан бастап 7%-ға дейін

Банктік сыйақы мөлшерлеме

Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы

Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары:

Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия

8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 8 8000 8000-59(Орал қаласы үшін) (Қазақстан бойынша)

Тұрғындар да ҚАмСыЗ оТыРмАуы ТиіС

4

Қамқорланушылар қараусыз қалмайды

Page 2: Орал Өңiрi №30

АҚПАРАТСенбі, 15 наурыз 2014 жыл

[email protected]

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

P «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар ауылға» жобасы ая-сында кеңес орталығында медицина күні өткізілді.

«Облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы» мен «Қамқор жастар денсаулық орталығының» эпидемиолог дәрігері Эль-вира Ақылбекқызы және мейірбикесі Зүлфия Елтайқызы «Мир-лан» базарының сатушылары мен сатып алушыларына тегін қызмет көрсетті.

Кеңес барысында 19 адамның денсаулығының жалпы жағдайын тексеріп, қан қысымын өлшеу, қан құрамын анық- тау сынды қызметтер көрсетілді.

– Бүгінгі басқосуымыздың басты тақырыбы – орта және шағын бизнесті қалай дамытамыз деген мәселені егжей-тегжейлі қарастыру. Елбасымыз, Ұлт көш- басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы

«Ауыл адамы кәсібін ашуы үшін

Кеше облыстық мәслихаттың үлкен залында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен және барлық деңгейдегі әкімдер қатысқан кеңейтілген мәжілісте облыстағы кәсіпкерлікті дамыту тақырыбы жан-жақты талқыланды.

ТүСіндіРу жұмыСын жүЙЕЛі жүРГіЗу КЕРЕК»

Жақында Жәңгір хан атындағы Ба-тыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің спорт залында қала-мыздағы ЖОО-лардың студент-қызда- ры арасында волейболдан ашық бі-ріншілік өтті.

Екі күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша ҚазИИТУ мен №19 орта мектеп командасы ІІІ жүлделі орынды иелен-ді. Финалдық ойын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен БҚГА команда- лары арасында өтті. Нәтижесінде БҚГА командасының шеберлігі ба-сым түсіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

Бас жүлде – БҚГА-да

P Чапаев Орман және жануар дүниесін қорғау жөніндегі мем-лекеттік мекемесінде көктемнің қам-қарекеті қызуда. Буда- рин тұқым бағынан көршілес аудандарға терек, үйеңкі, қара-қат, жиде, акация, қарағаш, шаған көшеттерін, яғни 20 мың түпті жөнелтуге дайындық басталды. Мекеменің өз жұмысшы-қызметкерлері осы көктемде Орал-Атырау және Чапаев-Жа-ңақала автожолдары жанына – 25 гектар жерге жиде, қара- ғаш, қарақат талдарын егудің жоспары пысықталды.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ,«Орал өңірі»

Ақжайық, Қазталов, Тасқала жә- не Жаңақала аудандарының көр-сеткіштері жаман емес, – деді М.Кәрімов.

– Марат Шайдоллаұлы, рес-публикада орташа деңгейдеміз дедіңіз. Жарайды, Павлодар, Қа- рағанды, Ақтөбе облыстары не-гізінен өндірісті өңірлер ғой. Ал Қостанай, Жамбыл, Ақмола об- лыстары біз сияқты ауыл шар-уашылығына баса мән беретін өңірлер емес пе? Сонда әрі қа-рай не істеуіміз керек? Сонда кәсіппен айналысуға халықтың ынтасы жоқ па, бизнесті қолдау тетіктері дұрыс емес пе, әлде халыққа түсіндіру жұмыстары жетіспей жатыр ма? Яғни олай болатын болса, БАҚ арқылы на-сихатты күшейту керек, даму институттарының өкілдерін ау-дандарға шығару керек, – деді өңір басшысы.

Бөрлі мен Зеленовтың жақсы көрсеткіштері негізінен бұл ау-дандардағы ірі өнеркәсіп орын-дарымен байланысты екендігі- не тоқталған облыс әкімі «Егер бұл жерлердегі ірі кәсіпорын- дар болмаса, соның айналасын-да жүріп табыс табатын шағын кәсіпкерлік нысандарынан түсе-тін түсім де анағұрлым төмен бо-лар еді» деген тұжырым айтты. «Кезінде мен Президентке өң- деу өнеркәсібі өскендігін баян- дап тұрған кезімде ол менен

«Ал жарайды, осының ішінде қаншасының мұнаймен байла-нысы жоқ?» деп сұрады емес пе. Ал қазір Бөрлі мен Зеленов- тың көрсеткішінен мұнай-газ-дан түсетін түсімді алып тастасақ не болады? Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесін-де барлық аудандарды бірдей қарап, жұмыс қарқынын талдау керек. Өз-өзімізді алдап, жұбату-дың қажеті жоқ. Бәріміз бірдей жасай алатын ортақ шаруаны қолға алуымыз қажет. Мал ба-сын көбейту, егін шаруашылы-ғын өркендету мәселесі күн тәр- тібінен түспеуі тиіс. Рас, ел бол-ғасын бес саусақ бірдей емес. Үй- де әлеуметтік көмек алып шал- қайып жататындар бар. Жақын-да менің қабылдауыма Жаңақа- ла ауданының Айдархан ауылы-нан бір азамат келді. Қаладан пәтер, жұмыс сұрайды. Ауылда қалай күн көріп жүргенін сұ- расам, «Жазда көлден балық аулап сатып, қыста үйде жата-мын» дейді. «Жұмыс сұрап, ауыл әкіміне бардыңыз ба?» деп едім: «Бардым, биржадан бір жұмыс берді, оны істемеймін, арлана-мын» деп қарап тұр. Бұл не сон- да? Ел арасында масылдық пси-хология әлі бар деген сөз ғой. Аудан, ауыл әкімдері сіздер ха-лықпен тығыз жұмыс істейтін аза-маттарсыздар. Сондықтан мұн- дай «көңіл күйден» кейбір адам- дарды арылту сіздердің күнде- лікті жұмыстарыңыз», – деді Нұр-лан Асқарұлы.

Жиында жекелеген ауылдық округтердің әкімдері өз ой-пі-кірлерін ортаға салып, негізінен жергілікті жерде кәсіпкерлікті дамытуға кепіл мүліктің бол- мауы кедергі келтіріп отырған-дығын қадап айтты. Сондай-ақ Шыңғырлау, Бөкей ордасы, Қаз-талов аудандарының әкімдері, «Даму» қорының, «Атамекен» ұлттық палатасы жергілікті фи-лиалының өкілдері сөз алып, ұсы-ныстарын білдірді. Өңір басшы- сы орынбасары М.Кәрімовке ау- дандарда шағын және орта биз-несті дамытуды кеңінен наси-хаттау жұмысын жолға қоюға тап-сырма берді.

Суреттерді түсірген Александр КУПРИЕНКО

Сөз алған Аманжан Жамалов жиналғандарға Елбасының «Қазақ-стан Республикасында кәсіпкер- лік қызметті жақсартуға жағдай жасау жөніндегі түбегейлі шара- лар туралы» №753 Жарлығы бо-йынша жан-жақты түсінік берді.

– Елбасы елімізде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Оған дәлел – Елбасының шағын және орта бизнес нысан-дарын тексеруге кезекті морато- рий жариялауы. Кәсіпкерлікті өріс-тетуге мұндай қолайлы жағдай көптеген елде жоқ. Сондықтан да бізге осы мүмкіндікті жете пай-даланып, бизнесті өрістетуіміз қа-жет. Оның үстіне девальвацияға байланысты ұлттық қордан бө-лінген қаржының басым бөлігі кә-сіпкерлердің жобаларын жүзеге асыруға бағытталмақ. Бүгінгі кез- десудің мақсаты мораторийге ті- келей қатысты. Президент Жар-

Кәсіпкерлер күні белгіленсе...Осы аптаның бейсенбісінде «Парк-отель» кешенінің

мәжіліс залында облыстың бір топ кәсіпкерлері ҚР Ұлт-тық кәсіпкерлер палатасының ҚР Парламенті Мәжілісін-дегі және ҚР Үкіметіндегі өкілі Аманжан Жамаловпен кездесу өткізді. Кездесуді облыстық кәсіпкерлер палата- сының директоры Кеңес Әбсатиров ашып, жиынды өткізудің мән-мақсатын түсіндірді.

Еламан ӘЙПІШЕВ,«Орал өңірі»

лығының мән-маңызын сіздерге түсіндіру және өздеріңізді тол- ғандырып жүрген мәселелер бо-йынша ашық пікір алмасу, – деді Аманжол Мәкәрімұлы.

Кездесуде сөз алған Жаңақала ауданынан келген кәсіпкер Дос- қали Мұратов, облыстық кәсіп-керлер қауымдастығының төр- ағасы Әнес Ізтілеуов, «Даму» кә-сіпкерлікті қолдау қоры» кеңесі-нің мүшесі Әліби Оразов, «Шағын бизнес орталығы» қауымдасты- ғының директоры Шолпан Мах- мудова, «Ақжол» демократиялық партиясы облыстық филиалы төр-ағасының орынбасары Қайыржан Идиятов және басқалар жергілік-ті жерлерде кәсіпкерлікті дамы-туда шешімін таппай келе жатқан түйткіл жақтарын ортаға салып, оны шешуге ұлттық палата тара- пынан қолдау қажеттігіне тоқтал-ды.

Кездесуде ел дәулетін еселеу- ге атсалысып жүрген кәсіпкерлер- дің кәсіби мерекесін белгілеу ту-ралы ұсыныс түсті.

Назарбаев кәсіпкерлікті дамы-туға үлкен көңіл бөліп, жыл сайынғы Жолдауларында баса мән беріп отыр. Президент тап-сырмасына сәйкес, орта және шағын бизнестен түсетін түсімді жалпы ішкі өнімнің 50 пайызы-на жеткізу бұл біздің негізгі мін- детіміз. Барлық жағдай бар, ке-дергілер азайып, мемлекет та-рапынан қолдау көлемі өсуде. Дегенмен Жайық өңіріндегі жағ- дай бізді қанағаттандырмайды. Мүмкіншілік бола тұра, ұйым- дастырушылық қабілеттің жетіс- пеуінен немесе басқа да субъек-тивтік кедергілердің кесірінен іс ақсап жатыр. Осы басқосуда қандай түйткілді тұстар бар, қан- дай объективті себептер аяғы-мызға тұсау болып отыр, солар-ды анықтап, жою жолын бір-лесіп іздестіреміз, – деді Нұрлан Асқарұлы.

Өңір басшысынан кейін сөз алған облыс әкімінің орынбаса-ры Марат Кәрімов 2013 жылы Жайық өңірінде шағын және ор-та кәсіпкерлік саласында жасал-ған жұмыстарға тоқталып, кем- шіліктерді, артта қалып тұрған тұстарды боямасыз, бүкпесіз баяндап берді.

– Жалпы, бұл салада Батыс Қа-зақстан облысының көрсеткіш- тері республика көлемінде орта-ша деңгейде. Облыс деңгейіне келетін болсақ, Орал қаласы,

Page 3: Орал Өңiрi №30

Cенбі, 15 наурыз 2014 жыл3

[email protected]

ҚоғАм

Салаға қатысты

Кеше облыс әкімінің орынбасары М.Кәрімовтың қа-тысуымен кеңес өтті. Басқосуда аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері өңіріміздегі кәсіпкерлік саласының басшы-қосшыларымен кездесіп, саланы дамыту жайын талқылады.

Жиында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму

басқармасы басшысының орын- басары Миржан Сатқанов, облыс- тық ауыл шаруашылығы басқар-масы басшысының орынбасары Наурызбай Қарағойшин, «ҚазАг-роҚаржы» АҚ БҚО филиалы ди-ректоры Төлебай Меңдіоразов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы ди- ректоры Қайреден Жәкиев, «Да-му» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ БҚО филиалының менеджері

Айнагүл Арыстанова өз салала-ры бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстардан хабарлама-лар жасады.

«Даму» қорының менеджері Айнагүл Арыстанова гранттар, жа- ңадан өз ісін бастаған кәсіпкер-лерге жедел несие беру, кепілдік-тер, демеуқаржылар жайлы мағ-лұматтар берді.

«Ауыл шаруашылығын қаржы-лай қолдау қоры» АҚ БҚО филиа-лы директоры Қайреден Жәкиев аталмыш қор арқылы атқарыл- ған істерге тоқталды.

Жиынға қатысқан ауылдық округ әкімдері мүмкіндігі шекте-улі жандарға несие беру, суар- малы егістікке субсидия беріл-

меуі сияқты кәсіпкерлердің кө- кейінде жүрген сауалдарды жет-кізді. Ауылдағы ағайынның үй-лері несиелер үшін кепілдікке алынбай жатқаны да сөз болды. Қайреден Жәкиев: «Ауылдарда жаңа үйлер жоқ, ең жаңасының салынғанына 30 жыл болған. Тә- уелсіз сарапшылардың да өз та-

лабы бар. Олар мүліктің сол жер-дегі бағасына қарайды. Біреу- лер үйіме 10 млн. теңгеге жөн-деу жасалған деп келгенмен, ол жерде ондай қаржыға үйді ешкім ала алмауы мүмкін. Яғни сол жер-гілікті жердің нарығына қарай бағалайды» деп жауап берді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ БҚО фи- лиалы директоры Төлебай Мең-діоразов баяндамасында өздері-нің облыста атқарып жатқан іс- теріне тоқталды. Аймақтағы 300-дей шаруаға несие бөлген «Қаз-АгроҚаржының» бөлімше басшы-сы «1 млрд.-тан астам теңгеге техника алуға көмек көрсеткіміз келеді» дейді. Бұлардың пайызы бұрын 8-12% болып келсе, былтыр-дан бастап 7 пайыз болды. Жиын-ға қатысушылар «Тракторларды сақтандырған дұрыс, ал олардың тіркемесінде жүретін техниканы сақтандырудың қажеті не?» деген қарапайым шаруалардың сұра- ғын да жеткізді. Бұл мәселе об-лыстан бекітілмейтінін, оның аса үлкен қаржы еместігін айтты баян-дамашы.

Басқосудан ауыл-аймақтың әкімдері халықтың жағдайын тү- зеуге бағытталған маңызды ақ-парларды, жаңа мүмкіндіктерді елге жеткізіп, ол істерді атқаруға құлшынып барарына сенім мол.

Суреттерді түсірген

Темірболат ТОҚМАМБЕТОвНұрлыбек РАХМАНОВ,«Орал өңірі»

Осы аптада облыстық ба-лалар мен жасөспірімдер ту- ризмі және экология орталы- ғында «Өлкетану – патриот-тық тәрбиенің қайнар көзі» атты семинар өтті.

Семинарға аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, му-зей қызметкерлері, қалалық меңгерушілері қатысты. Ұйым- дастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты – турис-тік-өлкетану және мектеп му-зейлері қызметін жанданды- ру, қызметкерлердің өлкета- ну бағытындағы білімін жетіл-діру, озық тәжірибелерді на-сихаттау, әдістемелік көмек көрсету. Семинар аясында ОБЖТжЭО музейіне саяхат жа-салып, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ музейінде шеберлік кла-сы ұйымдастырылып, секция-лық жұмыстар жүргізілді.

Өлкетануға арналған семинар

САуАЛдАР САРАПТАЛды

Жақында Сырым ауданын- да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Көк-тем – 2014» оқу жаттығуы өт-ті.

Аталмыш шара аясында ар- найы комиссияның отырысы ұйымдастырылып, бұған ау- дан әкімі Абат Шыныбеков төр-ағалық етті. Жиын барысында көктемгі су тасқынын апатсыз өткізуге бағытталған шаралар талқыланып, төтенше жағдай орын алған жағдайда оны жою-ға жұмсалатын күш пен қаржы мәселесі пысықталды.

Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басты- ғы Т.Жақыповтың айтуынша, су тасқынының алдын алу мақ-сатында ауданда 3000 дана қанар, 40 тонна қиыршық құм, 3 тонна дизель отыны, 3 тон-на «АИ-80» бензині, 5 сусорғы (насос) дайын тұр. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Орал қаласынан мұз жаруға арна- йы үш бригада шақыртылмақ.

Тасқынға әзірлік

Өз тілшілеріміз

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысыЖоба

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық

ауруларының тізбесін бекіту туралы«Қазақстан Республикасында-

ғы жергілікті мемлекеттік басқа-ру және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ве-теринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республи-касының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан об-лысының әкімдігі ҚАУлЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған про-филактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жү-

зеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбе-сі бекітілсін.

2. Осы қаулының орында-луын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.К.Утегуловке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күн- тізбелік он күн өткен соң қолда-нысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Н.НОҒАЕВ

1

2

2014 жылғы «__» _________ № _______Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық

ауруларының тізбесі

Жануарлардың түрі Аурулардың түрі

Жануардың бірнеше түріне ортақ аурулар

гиподерматоз

трихофития

псороптоз

Қой мен ешкі аурулары гельминтоз

Теректі ауданының Қызыл-жар негізгі мектебінде «Тәр-бие – талбесіктен» атты ша-ра өтті.

Қыз балаларды имандылық-қа тәрбиелеу мақсатындағы шараға 7-9-сынып қыздары және А.Досмұханова, Ф.Ерте- кешова, Б.Жанғалиева, А.Әбіл-ғазиева секілді үй шаруасында- ғы көп балалы аналар қатысты.

Кездесуде мектеп директо- рының орынбасары Ж.Бай-нешова «Қыз қылығымен сүй- кімді» тақырыбында баяндама жасаса, психолог Б.Сақыпке- реева аналармен тренинг өт-кізді. Содан соң мектеп мед-бикесі Н.Ізбасова қыз бала ги-гиенасы тақырыбында дәріс оқыды. Шара барасында ана-лар да өз ой-пікірлерін ортаға салды.

«Тәрбие –талбесіктен»

Табиғи монополияларды рет- теу агенттігінің БҚО бойынша департаментімен моторлы отын ретінде пайдаланылатын сұйы-тылған газ бағасы реттелетін на-рық субъектілеріне, соның ішін-де «Алау» ЖШС-ға 1 литр үшін (ҚҚС-сыз) 47,79 теңге (ҚҚС-мен 53,53 теңге), «Тәуекел» ЖШС-ға 1 литр үшін (ҚҚС-сыз) 47 теңге (ҚҚС-мен 52,64 теңге) шамасында белгіленген. Бұл бағалар 2012 жылдың мамыр айынан бері өз- герген жоқ және күні бүгінге қол-даныста.

– Реттелетін нарық субъекті-сінің бағалардың алдағы көте- рілетіні жөніндегі хабарламасы табиғи монополиялар салала-рындағы және реттелетін нарық-тардағы басшылықты жүзеге асы- ратын уәкілетті органға еліміз- дің заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылуы тиіс. Олай жасалмай, кәсіпкерлер мен заң-

Сұйытылған газ бағасы бАҚыЛАудА

ды тұлғалар сұйытылған газдың бағасын өз бетінше көтеріп, әкім- шілік құқықбұзушылыққа барса, онда алынған табыстың 10%-ы мөлшерінде айыппұл салынады, – деді ТМРА БҚО бойынша де- партаментінің басшысы Ербол Есіркепов.

Департамент мамандарының айтуынша, «Алау» және «Тәуекел» ЖШС-ларында сұйытылған газға белгіленген бағаны көтеру фак-тілері орын алған жағдайда, ба-ғаны тұрақтандыру жөніндегі жұ-мыс комиссиясының облыстық штабына 50-42-04 телефоны ар- қылы хабарлауға немесе ҚР Та-биғи монополияларды реттеу агенттігінің БҚО бойынша депар-таментіне, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 4-қабат (қалалық әкімдік ғимараты) мекенжайы бойынша жазбаша жүгінуге бола-ды.

Өз тілшіміз

Page 4: Орал Өңiрi №30

Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл4 [email protected]

ЕЛ-жұРТ

Орал қаласы әкімдігі мен қалалық коммуналдық шаруашылық басшылары БАҚ өкілдеріне өзендердегі көктемгі судың көтерілу кезеңіне дайындықтары жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Облыс әкімдігінде ұйымдасты-рылған бұл жиында қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев жалпы ахуал, дайындық шарала-ры жөнінде мағлұмат берді.

Дәл қазір өзендердің бетіндегі мұз сөгіліп, сең қозғала қойған жоқ. Мұз жару әлі басталмады. Соңғы күндері жылымықтың әсерінен Оралдың кейбір көшелерінде қар суы жиналуда. Қалалық жол пай-далану кәсіпорны көшелердегі қарды біраздан бері шетке шы-ғарып жатса, енді шалшық су-ларды сору жұмыстарын да бас-тады. Төтеншеліктер Жайықтың бастауында отырған көрші елдегі әріптестерімен ұдайы байланыс-та екендіктерін айтады. Өзен суы көрші елден көбейіп келмесе, өзімізде биыл қар аса қалың емес. Сондықтан шаһар аумағындағы

өзен жайылмаларында салынған саяжайларды мекен еткен халыққа қауіп бар.

Қала әкімінің орынбасары Ға-лым Орынғалиев су тасқыны орын алған жағдайдағы іс-шаралар жоспары арнайы комиссиямен талқылана отырып бекітілгенін, құзыретті орындар сол жоспар-ларға сай қимылдауға әзір екен-дігін мәлімдеді. «Су басу қаупі жоғары аумақтар анықталып, ол жерлердегі барлық арықтар мен құбырлар тазартылды. Су бөгетте-рі нығайтылып, сол жерде шұғыл әрекеттерге әзір жұмыс топтары әзірледі. Әзірлік жұмыстарына 27 млн. теңге қаржы бөлінді. Төтенше қорда 106 млн. теңгедей қаржы бар» деді Ғалым Орынғалиев.

Саяжайларда 7583 адам мекен етуде. Әкім орынбасарының ай-туынша, ол адамдар қауіп-қатерден хабардар, түсіндіру жұмыстары

әлі де жүргізілуде. 3 наурыз күні саяжай қауымдастықтарының төр-ағаларымен жиналыс өткізіліп, қажет жағдайда қауіпсіз жерге көшуге әзір болулары ескертіл-ген.

Жер үйлердің тұрғындары да қамсыз отырмай, аулаларындағы қарды көшеге шығарулары қажет. Коммуналдық қызметтердің бар-лық күші бүгіндері қар шығаруға бағытталған, көшеден қала сыр-тына тасу соларға міндеттел-ген. Оралдың көшелерінде күн сайын 360-қа жуық жұмысшы, 100 шақты техника еңбек етуде. «2011 жылғыдай үй берілмейді, сондықтан жеке үйлердің суға кет-пеуіне қожайындары да ынталы болып, әрекет етулері керек» деп ескерте кетті баяндамашы.

БАҚ өкілдерінің түрлі сауалда-рына жауап беру барысында бас-шылар Орал қаласының Зашаған

кентіндегі Кең дала, Сарытау шағынаудандарындағы, Асан ауы-лы жағындағы жыл сайын суға ке-туге шақ қалатын аймақтарға да тоқталды. Зашағандағы ұзындығы 3 шақырым шамасындай бөлігіне құбыр салынбаған Брусиловский көшесінің, дәл осындай күй кеш-кен Сарытау трассасының ин-женерлік құрылысы болашақта өзгеретінін, құжаттары әзір екен-дігін айтты. Қырдан келген қар суына тұтас екі шағынауданнан шыққан су қосылып, Брусилов-ский көшесінің Орал-Тасқала тасжолымен қиылысқан тұсына, тек бір жерге қатар салынған үш жол асты құбырына сыймай, жыл сайын сол маңдағы үйлер қиын жағдайда қалады. Жыл сайын тасыған су сыймағасын асфальт жолды қопарумен, төтеншеліктер түнімен сол маңда көліктерінде

Тұрғындар да қамсыз отырмауы тиісқонып таңды атырумен келеді. Бұл жағдай бірнеше жыл қайталануда, ал қала әкімшілігі жағдайдан ха-бардар екен.

Қыстан қаланың жылу және электр жүйелері апатсыз шықты. Көктемгі кезеңге де сақадай сай-мыз дейді жиынға қатысқан атал-ған саланың басшылары. Жол пай-далану кәсіпорнында (ДЭП) халық үшін күндіз-түні диспетчерлік қызмет жұмыс істемек. Үйлеріне су кіру қаупі төнсе тұрғындардың өтінішіне сай, қажетті техника жібе-руге әзірміз деді мекеме басшысы өз сөзінде. Айтуын айтады-ау, бірақ жылдағыдай нағыз керек кезін-де техникалары мен жұмыс күші таныс-тамыр мен дәулеттілердің коттедждерінің ауласын тазалау-дан босамай қалмаса болғаны...

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Нұрлыбек РАХМАНОВ,«Орал өңірі»

Форумға облыс әкімінің орын-басары Алмаз Бадашев, ҚР Ұлт-тық инженерлік академиясының академигі Талғат Жүнісов, Қазақ-станның және Ресейдің жоғары және орта техникалық оқу орын-дарының басшылары мен ғалым-дары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев конгреске қаты-

сушыларды форумның ашылуы-мен құттықтады. Елбасының Қа- зақстан халқына арнаған Жолда- уында ғылымға негізделген эко-номикаға қол жеткізу, жаңа инно-вациялық ізденістерге ден қою, әлемдік озық технологияларды экономиканы дамытуда ұтымды пайдалану керектігін тапсырға-нын еске салды. «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің прези-денті Ақсерік Әйтімов те шараға қатысушыларға қош келдіңіздер

дей келе, көрші Ресейден ат ары-тып келген ғалымдардың бір шоғырын көпшілікке таныстыр-ды. Олардың арасында Самара мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясының ректо-ры В.Семенычев, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры С.Ки-бальников, Саратов мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық уни-верситетінің профессоры Р.Бай-ниязов және өзгелері бар.

«ҚазИИТУ» ғылым-білім кешені заман тынысын әріден сезініп, іргедегі Ресеймен екі арада ғы-лым, инновация салаларындағы интеграциялық үдерістерге баса мән беріп келеді. «Еуразиялық өзен аралығы» атты халықаралық қоғамдық қозғалыстың шеңберін-де аталмыш кешенде ғарыштық технологиялар, автоматтандыру және радиоэлектроника, соны-мен қатар салааралық техноло-гиялар бойынша ғылыми конфе-ренция-конгрестер ұйымдастыру дәстүрге айналды.

- «ҚазИИТУ» ғылым-білім ке-шені 2010 жылдан бері Пенза мемлекеттік университеті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университеті-

мен бірлесіп, интеллектуалдық және инновациялық идеялардың трансфертін жүзеге асырып ке-леді. Былтырдан бері Ресейдің «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті-мен «Бірқалыпты инновациялық даму» атты консорциумдық жоба жұмыс істеуде. Осындай жұмыс- тардың нәтижесінде біздің уни-верситет ғалымдары Кедендік одақ мемлекеттері және Еуропа-ның ғылыми орталықтарымен тұ- рақты байланыс орнатып, инно-вациялық көрмелерге қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ соңғы жылдары Ресей мен Еуропада өткен ғылыми инновациялық көрмелерде қайтадан жандан-дырылатын энергия, автоматтан-дыру және телемеханика, радио-электроника салаларын қамтитын жобалар жоғары бағаланды, - деді форумда ҚР Ұлттық инже- нерлік академиясы БҚФ-ның төр-ағасы, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің президенті Ақсерік Әйтімов өз баяндамасында. Оның айтуынша, Мәскеудің, Дубнаның, Самараның, Тольяттидің, Орын-бор мен Саратовтың жетекші ғалымдарын университеттегі оқу үрдісіне тартып, зияткерлік ин-

вестициялардың құйылуына мүм- кіндік жасалған. Соның бір дә-леліндей мысал, С.Королев атын-дағы Самара мемлекеттік аэро-ғарыш университетімен арадағы жасалған келісімшарт негізінде ҚазИИТУ ғалымдары ғарыштық аппараттар тікұшақтары иондық қозғалтқыштарының жаңа үлгі- лері мен жобаларын жасаған. Жобалар Самарадағы аэроғарыш университеті ғылыми ұжымының жоғары бағасына ие болды. Осындай ілкімді жұмыстардың нәтижесінде оралдық универси-тет кешені Еділ өңірінің ІТ технологиясы саласындағы же-текші жоғары оқу орнындағы қауымдастығының құрамына кір-ді.

Көрші мемлекеттердің ғылым жолындағы ізденістерін бір ар-нада тоғыстыратын кезекті ин-теграциялық конгреске қатысу шылар алдағы уақытта да бірле-сіп жұмыстануға дайын екен- діктерін жасырмады. Дубналық халықаралық университеттің жә- не М.Ломоносов атындағы Мәс- кеу мемлекеттік университеттің ғалымы Сергей Кибальниковтың айтуынша, өткен жылдан бас-тап «Дубна» университетінде ҚазИИТУ-дың жас мамандары қатарынан магистранттар даяр-лаудың арнайы бағдарламасы қолға алынған. Ал самаралық бір-қатар мемлекеттік университет-терде осы үрдіс жалғасуда. Осы- ның бәрі – ғылымдағы интегра-цияның нақты мысалдары. Сон- дықтан инновация, жаңа техно-логияны трансферттеу бағытын- дағы жұмыстар жалғаса бермек.

Жаңа технологиялардыЕнГіЗу жАЛғАСА бЕРмЕК

Кеше Орал қаласында «Еуразиялық өзен аралығы» экономика білімінің «Ғылым-Білім беру-Тәжірибе» кластерлік триадасы» тақырыбында Менделеев жобасының VІІ халықаралық интеграциялық конгресі өтті. Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, БҚО әкімдігі, «Еуразиялық іскерлік кеңес» еуразиялық экономикалық қауымдастығы, Ресей тауар өндірушілер одағы, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы, Ресейдің инженерлік академиясы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының БҚ филиалы, «Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» (ҚазИИТУ) ғылым-білім кешені ұйымдастырды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

Page 5: Орал Өңiрi №30

Сенбі, 15 наурыз 2014 жыл[email protected] 5

Бақыт – қарапайым отбасы- нан шыққан адам. Жәні- бек ауданының орталы-

ғында Жұмабай және Нәбира Ахетовтардың отбасында өсіп-өн- ді. 1989 жылы №1 орта мектепті бітіріп, технолог немесе бухгалтер мамандығын алуды мақсат етті. Асыл арман жолында Ленинград, Қарағанды сынды үлкен қалалар-дағы жоғары оқу орындарын «ша-буылдап» көрген, жолы болма- ды. Алайда тумысынан сабырлы бойжеткен оған абыржыған жоқ. Алматы қаласындағы арнаулы ор-та оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп, елге оралды. Аспаз, кейін технолог болып істеді. Сонымен бірге Орал қаласындағы қайта оқы-ту бағдарламасы бойынша алты айлық курсты аяқтап, бухгалтер-оператор мамандығын меңгер- ді. Қай жерде жүрсе де, байыпты мінезі және тындырымдылығы-мен көзге түскен жас маманды 1998 жылдың сәуірінде аудандық зейнетақы төлеу орталығына қызметке шақырды. Сөйтіп, бүгінгі мансабына барар жол сол кезден бастау алған-ды.

2001 жыл. Бұл – Бақыттың өмі- ріндегі айрықша кезең. Ол өзі-нің теңі әрі жерлесі Арман Есен-ғалиевпен көңілі жарасып, тұрмыс құрды. Заманның ауыртпалығына байланысты жас жұбайлар ата-аналарының батасын алып, об-лыс орталығына қоныс аударуды ұйғарды. – Риза болатыным сол, – дейді бүгінде Бақыт Жұмабайқы-зы, – облыстық зейнетақы төлеу орталығы басшысының алдына келіп: «Сізге қызметке ауысайын» деп едім, Асқар Қожымов сөзге келместен, рұқсатын берді. Ұжым да жатырқай қойған жоқ. Әсір- есе, сол кезде бастықтың орын- басары болған Қарабалин Аян ағама алғысым шексіз. Мені ерінбей-жалықпай үйретті, сәл сәтсіздігіме өкініп, жетістігіме қуанды. Нәтижесінде жұмысыма біртіндеп төселіп кеттім.

Оның ата-анасы да – өнегелі жандар. Өздерінің бір ұл, екі қы-зын өсіріп, ұясынан ұшырып қана қоймай, бауыры Жақсыбайдың бес қызын қосып асырады. Сонау жылдары інісі мен келіні бірінен соң бірі мезгілсіз өмірден өтіп, бес қызы жетім қалған-ды. Амал не, белді бекем буып, ерлі-зайыпты

Сондай-ақ облыс бойын-ша 1235 қамқорланушы- ға арналған 9 медици-

налық-әлеуметтік мекеме жұмыс жасайды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ- дарламалар басқармасы әлеумет-тік қорғауға жататын халықтың әлжуаз топтарына, соның ішінде мүгедектерге арнаулы әлеумет-тік және әлеуметтік қызметтер көрсетілуінің баламалы түрлерін дамыту бағытында бірқатар қо-ғамдық бірлестіктермен тығыз жұмыс жасауда. Олардың ішін-де Батыс Қазақстан облысы мү- гедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ са- ңыраулар қоғамының облыстық филиалдары, «Арба», «Бәйтерек», «Диабет» қоғамдық бірлестігі және т.б. ірі қоғамдық бірлестік-тер бар.

Басқарма басшысы Кемел Сәдбековтің айтуынша, мемле- кеттік әлеуметтік тапсырыс шең-

ТәлімгерБақыт Есенғалиева

облыстық зейнетақы төлеу орталығында еңбек етеді. Үдеріс бөліміндегі ма-ман. Өз міндетін атқарып қана қоймай, жанындағы үш әріптесінің жұмысын бақылап, қадағалап отыра-ды. Өйткені орталықтағы жұмыс өте күрделі де жа-уапты. Оның осы ұжымда еңбек еткеніне биыл 13 жыл толмақ.

екеуі ата-аналық міндетті мойны-на алды. Қазір бес қыз өмірден орындарын тапты. Бәрі де бір-бір шаңырақтың түтінін түтетіп отыр. Осындай нәтижеге көңілі жайланған абзал ата-ана Оралда-ғы шаңырағында қарттықтың қы- зығына кенелуде. Бақыттың өзі де қазір үш қыздың анасы. Ол жұ-мыстан қол үзбеуінде енесі Зәу-рештің көп көмегі барын баса көрсетті.

Тәжірибелі маман уақыт соз- бай, осында жоғары білім алды. Жоғары санатты маман талай рет мақтау қағазы және ақшалай-заттай марапатқа ие болды. Мә-селен, былтыр әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай тұр-мыстық техникаға ие болды. Тіпті оған мансаптық өсу жөнінен де ұсыныс болған екен. Мысалы, Бөр-лі, сонан кейін Жаңақала аудан-дық зейнетақы төлеу орталығына басшылыққа бару жөнінде ұсы- ныс болса да, бас тартыпты. – Біріншіден, осында үйреніп қал- дым. Екіншіден, өзіммен қоян-қол-тық еңбек ететін Б.Ортанбаева, А.Атаев, Р.Ибраева сынды әріп-тестерімді қиып кеткім келмейді. Үшіншіден, басшы болуға ынтам жоқ , - дейді ол ағынан жарылып.

Осындағы 13 жыл ішінде ол бір-де-бір рет сөгіс не ескерту алып көрмепті. Таңғаларлық түгі жоқ, байыпты да сабырлы маман ха-лықтың тілін таба біледі. Ал оған келушілер – зейнеткерлер, мүмкін-дігі шектеулі жандар және әйтеуір әлеуметтік демеуді қажетсінетін жерлестеріміз. Кәнігі маман олар-ға сағаттап отырып, түсіндіруден немесе кеңес беруден жалық-пайды. Телефон шалса да, асық-пай түсіндіріп жатқаны. Әйтеуір, келушінің бәрі оған алғыс айтып, кетіп жатады.

– Біздің жұмыс есеп-қисаппен тығыз байланысты. Бір әріп не-месе бір сан қате салынса, бүкіл ұжымның жұмысы зая кетеді. Өзім кезінде технологпен қатар, бух-галтер болғым да келді. Біздің жұмыс – тап-таза бухгалтерлік іс. Сондықтан жұмысыма ризамын. Келешекте де кәсіптік шебер-лігімді жетілдіре бермекпін.

Жыл сайын ұжым жас маман-дармен толығуда. Оларды үйрету, баулу өзгелермен қатар Б.Есен-ғалиеваға да жүктелген. Ал ол тәлімгерлік міндетін күнделікті жұмысымен қатар ойдағыдай атқаруда.

Облысымызда 708 әлеуметтік қызметкер 613 мүгедек балаға, 373 он сегіз жас-тан асқан пси-хоневрологиялық ауруы бар мүгедек-терге және 2441 жалғызбасты қариялар мен бірінші, екінші топ мүгедектеріне ар-наулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

ҚамқорланушыларҚАРАуСыЗ ҚАЛмАЙды

ӘЛЕумЕТ

Нұрлыбек РАХМАНОВ,«Орал өңірі»

берінде халықты әлеуметтік қор- ғау желісінде 50 психоневроло-гиялық патологиясы бар бала- ға 3 үкіметтік емес ұйым арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсет- кен. Бұл «Бәйтерек», «Диабет» жә-не «Қазталовка» үкіметтік емес ұйымдары.

Мемлекеттік әлеуметтік тап- сырыс шеңберінде «Қазақ зағип-тар қоғамы» қоғамдық бірлес-тігі 275 зағип жанға (көзі көр- мейтін 1 топ мүгедектеріне) «Ар- ба» қоғамдық бірлестігі 85 ті-рек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге (кресло-арбамен жүретін мүгедектерге) жеке кө-мекші қызмет көрсеткен.

Облыс бойынша Капустин Яр және Азғыр әскери сынақ по- лигондары әсерінен зардап шек- кен, полигондармен шектесетін аумақтарда (6 аудан) тұратын мүгедектерге жергілікті бюд-

жет есебінен ай сайын әлеумет- тік төлемдер беріліп келеді. Осы бағытта 2013 жылы 4028 мүге-декке 126,3 млн. теңге әлеу- меттік төлемдер төленген. Ал 2014 жылға осы әлеуметтік тө-лемдерді өтеу үшін 141,1 млн. теңге қарастырылды.

Халықтың әлеуметтік қорға-латын тобына жататын азамат-тарға қамқорлық көрсету, олар-дың жағдайларына көңіл бөлу мақсатында жыл сайын 1 қазан мен 1 қараша аралығында дәс- түрлі «Мейірбандық күндері» об- лыстық қайырымдылық айлы- ғы өткізіліп келеді. Былтыр «Ме-йірбандық күндері» айлығында демеушілік қаражат арқылы жә- не жергілікті бюджет есебінен ақшалай және заттай түрінде барлығы 23669 адамға 80419,6 мың теңге көлемінде қайырым-дылық көмек көрсетілді.

Бұл туралы апта басын-да «Нұр Отан» партия- сы аудандық филиалын-

да мүмкіндігі шектеулі жандар-ды еңбекке орналастыру тақы- рыбында болған басқосуда жан- жақты талқыланып, баяндалды. Бірсыпыра кәсіпорын, мекеме- лер жетекшілері, мамандар шақы- рылып, аудан әкімінің орынбаса-ры Асқар Әбуғалиев жүргізген бұл кеңесте өз кәсіптерін дөңге- летіп отырған мүгедек жандар жайында көптеген мысал келті- рілді. Демек, мүмкіндігі шектеу- лілер өздерінің өмірге құштар-

лықтарын, еңбекке мүмкіндікте-рін дәлелдеп келеді.

Қазір ауданда 1504 мүгедек бар, бұл – барша тұрғынның 3,5 пайызы. Олардың еңбек жасын- дағылары – 928. Мемлекеттік мекемелерде, шаруа қожалықта-рында, жеке ұйымдарда бүгінде мүмкіндігі шектеулі 160 адам еңбек етуде. Мүгедектер арасы-нан әлі де 341 адамды еңбекке орналастыруға қазір ауылдарда бар мүмкіндік қарастырылуда.

– Жуырда ғана, - дейді аудан-дық жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімінің басшысы Талғат Қайрекеев,

– Мысалы, Ақсуат ауылында «С.Қадыралиева» жеке кәсіпорны ІІІ топ мүгедегі С.Төлегенованы, «Медет» шаруа қожалығы осын- дай топтағы А.Абиловты, Қабыр-шақты ауылында «Дамир» ЖШС ІІІ топ мүгедектері Б.Құрманов пен Т.Досқалиевты, Тайпақта «Хи- син» жеке кәсіпорны сол топта- ғы А.Құсановты тұрақты жұмыс-қа қабылдады. Құрайлысай ауыл-дық округінен ІІІ топтағы екі мүгедек жылыту қазандығының операторы оқуына жолданды. Кеңесте кәсіпорын, мекемелер жетекшілері өздерінде жұмыс жасайтын мүгедектерді мысалға келтіре отырып, осындай басқа да жандарға кәсіп табуда ізде-нетіндерін әңгімеледі. Осы ай-дың аяғында жұмыс орындары- на жәрмеңке өткізу ұйғарылды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ,Ақжайық ауданы

«Жылу жинап бермесең де...»Ақжайық ауданында да мүмкіндікгі шектеулілерді

жұмысқа орналастырудың, кәсіпке оқытуды жалғас-тырудың жолдары қарастырылуда. Әрине, біреуді біреу-дің соншама жарылқап тастауы мүмкін емес. «Жылу жи-нап бермесең де, жүрек жылуын аяма» деген бар емес пе? Істің қайнар көзі осыдан арна тартуы керек-ау.

Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»

Page 6: Орал Өңiрi №30

АРдАГЕРСенбі, 15 наурыз 2014 жыл

[email protected]

Сегізінші сыныпқа баратын жылы біздің Қарауылтөбеде (ол кезде Тайпақ ауданына қарайды) бір жас жігіт пайда болды.

«Марафоншы» ағай

Оның ауыл үшін алғаш-қыда тосындау, қара-пайым ауыл адамдары-

ның түсінігінде ерсілеу қылығын ең әуелі ертемен жайылысқа мал айдайтын әйелдер байқайды. Бір күні... Сонымен бір күні қырға қа-рай мал айдай шыққан бір жеңге-міз ауылға қарай құйын-перен жүгіріп келе жатқан біреуді көріп, шошып кетеді. Өзі алысқа шаба-тын тазылардай аяқ-қолы сымдай тырбиып қалған арық көрінеді. Оның үстіне тылтитып жұқа трико киіп алған. Елең-алаңда аяқ асты-нан сап ете қалған жын ба, пері ме деп жеңгеміз қорыққанынан иманы зіркілдеп шөкесінен оты-ра кетеді. Аяқтарын еріне басқан сиырлар да сәйгел тигендей ос-қырына үркіп жөнеледі. Құйын-перен шауып келе жатқан әлгі жас жігіт екен, әйелге қабағының астымен сүзе қарап, сәлемдеседі де, жүгіріп кете барады. Кейін біздің ауыл сан-саққа жүгірткен «марафоншы» (42 шақырым 195 метрді алқынбай жүгіріп өтетін спортшылар) әскерде жүріп-ақ, жүгіру мен шаңғы тебуден алдына жан салмаған спортшы, өзіміздің А.Пушкин атындағы пединсти-тутта оқып жүргенде спорттың осынау қос түрінен облыстың чем-пионы әрі құрама команданың мүшесі Сүйіндік Елекешұлы Ер-кашевпен Қарауылтөбенің тұрғын- дары осылай танысып еді. Ал сол жылы қыркүйекте сегізін-ші сыныпқа (Тайпақ орта мек-тебі) келген біз сияқты малшы-механизаторлардың балаларының алдында денесі сымдай тартылған, жағына пышақ жанысаң, от шы-ғарардай 25-тердегі жігіт тұрды.

(қаз-қалпында)

Институтты тәмамдап келген беті екен. Екі қолын артына ұстап, әрқайсысымызға шүйіле қараған түріне біз алғашқыда күлкімізді жа-сыра алмай, біріміздің арқамызға біріміз тығылғанымыз есімде. Ағай одан сайын түсін суыққа салып, әрқайсысымызға сүзе қарап, тіпті қызық болғаны. Сосын арасында арқасына ері батқан сәйгүліктей екі иығын көтеріп қалады екен (бала деген пәленің байқамайты-ны жоқ қой, кластасымыз Мұрат тентек санап отырса керек, кейін «Ағай 45 минутта иығын 357 рет қиқаңдатты» деді бізге). Ағай орыс тілі мен әдебиетінен сабақ бер-ді. Оқулығымыздағы көрсетілген шеңберден шығып кетіп, сабағын еліктіріп, қызықтырып беретін. Орыстың осы қалай деген ақын-жазушыларының бізге беймәлім тұстарын әңгімесіне тамызық етіп қоятын, бізді қызықтыратын өзіндік әдісі болатын. Бәріміз де ауыл баласымыз, орысшаға мүлдем шорқақпыз, түсінбейміз. Түсінбегесін тыңдамаймыз, шулап, тентектіктің неше шұрайлысын шығарамыз. Сондықтан бізге орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі шақ келмейтін. Ал Сүйіндік ағайдың келуімен жағдай 180 градусқа өзгерді. Әдеби кітабы көп екен, бір атан түйеге жүк болардай. Арасында құмартқандарымызға оқуға беріп, кейін қалай түсін-генімізді тәптіштеп сұрап, талқы-лайтын. Жазда елең-алаңда тұ-рып жүгіретін ағамыз қыс келсе, шаңғыға тұрып, тоғайға қарай ызғытып бара жатады. Біз бұған кереметтей қызықтық та, ағайға қалай ілескенімізді байқамай қал-дық. Ол кезде дене тәрбиесінен

бізге басқа ағай беретін. Бірақ біз Сүйіндік ағайға үйірсек едік. Тіпті мектеп директорына «Дене шынықтырудан бізге Сүйіндік ағай берсін» деп барып, ұрыс естіге-німіз бар. Оның сойылдай себебі болатын. Өйткені дене тәрбиесінің мұғалімі сәл тентектік танытсақ, мектептің спорт залы деп атала-тын жатаған ескі үйдің ішіне тек ер балаларды алып қалып, қыздарды «Далаға барып ойнаңдар» деп шы- ғарып жібереді де, бізді кезек-теп жұдырықтың астына алатын. Таңба түспесін деп іштен, бүйірден ұратын. Ал Сүйіндік ағай сырты суық болғанымен, саған шүйіле қарағанымен, жан дүниесі, жүрегі толып тұрған мейірім десе дұрыс болар. Қанша еркелік танытсақ та, қол жұмсамақ түгілі, дауыс көтеріп ұрыспайды. Бір қызығы, Сүйіндік ағайға «Балаларды жүгіруге тарт, шаңғы тептір» деп жатқан еш-кім болмаса да, сабағынан тыс уақытта өз бетімен бізді үйрете берді. Соның да әсері шығар, ке-йін осы жолдардың авторы об-лыстық спартакиадаға қатысты. Ал саналы өмірін әскерге арнаған, бүгінде доғарыстағы майор Мыр-зашев Темір: «Сүйіндік ағайдың қысы-жазы бізді шыңдағанының пайдасын әскерде көп көрдім. Ағамыздың сол бала кезімізде бойымызға сіңірген спортқа деген құмарлық әлі басылған жоқ. Әлі күнге шаңғы тебемін» деп ылғи айтып отырады қазірде.

Сөйткен Сүйіндік ағамыздың өмір жолына бір мезет қысқаша шолу жасап көрелікші. Оның со-йылдай себебі бар екенін кейін айтамыз. Орал педагогикалық ин-ститутын орыс тілі мен әдебиеті

мамандығы бойынша тәмамдап, 1969 жылы Тайпақ орта мектебі-нен ұстаздық жолын бастай-ды (жоғарыда айтқанымыздай, ағайдың алғашқы шәкірттерінің біріміз. Е.Қ.). Ұстазымыздың ау-зынан институтта өзін оқытқан М.Тілеужанов, Н.Жигалин, Н.Фо-кин, Е.Салихов сынды ұстаздар-дың есімдерін жиі еститінбіз. Оларды құрмет тұта сөйлейді. «Ертең институтқа түссеңдер, ол ағаларыңды өздерің де көре-сіңдер» деп әр шәкіртінің кө-кірегіне үміт отын қондырып оты- рады. Ал ұлы педагогтар А.Ма-каренко, Ы.Алтынсариндерді әу- лиедей көреді. Оларды темір-қазық тұтатын өзіне, соларға ұқ- сауға тырысатын. Алғашқы ұстаз- дық жылдарында жас мұғалім- ге шын ақылшы, жанашыр бол-ған аудандық оқу бөлімінің мең- герушісі Қ.Кенжеалиевті, инс-пектор Ф.Иманқұловты Сүйекең бүгінде ылғи сағына есіне алады. Жақсы ұстаз, адамгершілігі биік аза- матты алдыңғы толқын ағалары да бір жерде көп аялдатпай, жауап-ты қызметкерге жұмсап отырды. Интернат меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, мектеп директоры болды. «Жақсы кадр партияға да керек» дегендей, Тай-пақ аудандық партия комитеті аттай қалап, зор жауапкершілік жүктеп, өз қатарына шақырды. Ол жұмыстарды да ұршықша үйірді. Қысқасы, Сүйекең қай жұмысты да шашасына шаң жұқтырмай адал, жеріне жеткізе атқарды. Алқаусыз еңбегі мемлекеттік марапаттар-мен әлденеше әспеттелді.

Бағана сөзіміздің басында қа-

лам тербеуіміздің сойылдай се-бебі бар деп едік қой. Енді соған келейік. Кешегі спортшы, ұлағатты ұстаз, білікті маман, бекзат аза-мат осы наурызда 70-ке толғалы отыр. Ағайдың осыдан он жыл бұрын, 60-қа толғанына байла-нысты құрдастары қалжыңдайтын көрінеді. «Жайыққа жолама!» деп. Әзілдің астарында шындық жа- тыр. Алпысқа толатын күні мек-тептің ІІІ тоқсанның есебімен ауданға шұғыл кетіп бара жа-тып, Жайықтағы бетіне қызыл су жүгірген мұздан жаяу өтуге тура келді. Жас баланың еңбегіндей былқылдап жатқан мұз күрт ойы-лып, күмп ете түсті. «Отчет суға кетеді-ау!» деген ой санасын тіліп өтіп (өзін ойламай тұр ғой), шым ба-тып бара жатқан сәтінде құжаттар толы жуан папканы аулаққа қарай, құлаштай лақтырды. Мұз астына тартқан қатты ағыс, суға бөккен қалың киім құрдымға сүйреп, ақиреттің аузы арандай ашылды. Спортқа піскен шымыр дене аяқ астынан киліккен қауіппен қаса-рыса айқасты. Бүкіл бұлшық еті бо-лат серіппедей түйіліп, денесін мұз бетіне қайта-қайта лақтырумен болды. Ақыры шықты-ау, мұз беті-не! «Отчет жайына қалған болар сол күні, ағай?» дейміз бүгінде бала күнгі еркелігіміз ұстап. «Жоқ.Тоғай ішіндегі құрғақ ағаштарды жағып, малмандай киімдерімді кептіріп алдым да, сол күні ауданға жетіп, отчетті үлгерттім» дейді Сүйіндік ағай бізге қабағының астынан баяғыдай сүзіп жіберердей қарап. Жетпістің желкесіне шығып жат-са да, ағамыз әлі де сол күйі, ащы терін алып, таң асырып қойған жүйріктей сол баяғы самдағай қалпы. Бүгінде Базартөбе ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Бірақ біздің оған сенгіміз жоқ. Дұрысы – бір кездегі «марафон-шы» ағамызды қариялардың «ко-мандирлігіне» қимаймыз.

Ендеше, 42 шақырым 195 метр- ді алқынбай өтетін жігіт шақ- тың сарқыты 100-ге жеткізгей дей-міз Сүйіндік ағамызға шәкірттері атынан!

Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,«Орал өңірі»

Жылыту маусымы әлі аяқталған жоқ жә-не өрт немесе улы газбен улану қаупі өте жоғары. Жылыту маусымының басынан бастап Қазақстан Республикасы бойынша 25 жазатайым оқиға орын алып, 68 адам жарақат алды, оның ішінде 36 адам көз жұмды (күю және улы газбен улану салда-рынан).

Ал 2014 жыл басталғалы Батыс Қазақстан облысы бойынша қаңтар айында 5 оқыс оқиға тіркелді. 12 адамның денсаулығына нұқсан келіп, 6 адам газбен уланған.

Талдауларға сүйенсек, оқыс жағдайлар тұтынушылардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан туындап жатады. Газдың қауіпті екенін бәрі біледі, алайда ұзақ уақыт бойына пайдалана келе, халық оған үйреніп кетіп, мұқияттылық тура-лы ұмытып жатады. Жабық орын-жайда газ жылыстауы кезінде газ-ауа қоспасы түзіледі, бұл кезде жарылыс болу үшін кішкене ғана ұшқынның өзі жеткілікті. Күзгі-қысқы мер-зімдерде сыртқы ауа температурасының шұғыл төмендеуі-көтерілуі болып тұрады,

осының нәтижесінде түтінтартқыш тұрба-лардың бастарының қатуы, түтінтартқыш-тарға бөтен заттар түсуі мүмкін және түтінтартқыштардың тартуы нашарлауы немесе керісінше қатты тартуы мүмкін. Бұл жағдайда табиғи газдың толық жан-бау өнімдері (улы газ) газдандырылған пештердің тесіктерінен, кірпіш қалауының саңылауларынан орын-жайға шығып, та-ралуы мүмкін. Улы газбен улану себеп-терін талдау көптеген тұрғын үйлерде түтінтартқышта жеткіліксіз тартылыс бол- ғанын немесе мүлдем болмағанын, олар- ға жүйелі түрде алдын ала тазалау жұ-мыстары жүргізілмегенін көрсетті. ҚР-ның 09.01.2012 ж. №532-ІV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес «Ғимараттардың, үй-жай- лардың түтіндік және желдеткіш арна-ларының, инженерлік коммуникациялар-ды қосу нығыздамаларының иелері олар-дың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті». Аталмыш Заңға сәйкес тұрғын үй иелері, яғни тұтынушылар

газ жабдығының қалыпты жұмысын, жы-лыту пештері мен газ суысытқыштарының түтінтартқыштарындағы тартылыстың бо-луын тексеруге, ал пайдаланып болғаннан кейін газ аспабындағы және оған түсетін жердегі шүмектерді жабуға міндетті.

Улы газбен улану және жарылыс оқи-ғаларының көбі жылыту аспаптарын пай-далануға немқұрайлы қатынас, оларды өз еркімен қосу немесе арын ауыстыру, күмән туғызатын сападағы немесе қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалану сал-дарынан болатыны белгіленді.

ҚР-ның «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы талаптарына сәйкес газ тұ-тыну жабдықтарын қауіпсіз пайдалану мақсатында тұтынушыларға маманданды-рылған ұйымдармен техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау қажет.

Газ жабдығына техникалық қызмет көр-сету жиілігі: - жеке тұрғын үйлердегі жылы-ту жабдығы мен газ плиталары – жылына 1 рет, көпқабатты тұрғын үйлердің газ пли-талары – екі жылда 1 рет. Мысалы, 4-ком-

порлы газ плитасына қызмет көрсету құны 706 теңгені құрайды, қызмет көрсету мер-зімі екі жылда 1 рет, яғни айына 30 теңге- нің айналасында. Бұл – қауіпсіздік үшін шағын ғана ақы.

Өз тарапынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларды қауіпсіз және үздіксіз газ-бен қамту үшін өз жауапкершілігін түсіне-ді. Компанияда газбен қамту жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстар орын-дауға жоғары жауапкершілікпен қарай-тын білікті мамандар қызмет етеді. Тұрғын үйлерге табиғи газды бастапқы қосу ал-дында тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ-да газ аспаптарын қауіпсіз пай-далану және жылыту пештері мен газ суысытқыштарының түтінтартқыштарын пайдалану бойынша нұсқау алуы тиіс.

Табиғи газ тек оны дұрыс пайдалана білген жағдайда ғана тұрмыста сенімді көмекші бола алады. Тұтынушыларды газ аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ

Қауіпсіздік кепілі - табиғи газды пайдалану кезінде ережелерді сақтау!

Page 7: Орал Өңiрi №30

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16475, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: Ұ.САрИеВА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙТАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,Сырымбек ТҰяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

хАбАР-ошАРCенбі, 15 наурыз 2014 жыл

[email protected]

Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының тұрғыны болған аяулы анамыз Бақытжан Тағыберліқызы егер де ортамызда болса, 15 наурызда 70 жасқа толар еді.

Асыл ана, сөнбейді шырағыңыз,Өмірде биік тұрар Құраныңыз.Алдың жарық, ал артың пейіш болып,Жәннатта болсын орын, тұрағыңыз.

Сағына еске алушылар: бала-келіндері Жалғас, Оралбек-Гүлназ, қыз-күйеу

балалары, немере-жиендері

Жәнібек ауданының тұрғыны болған сүйікті әкеміз Садыр Құрманғалиұлы Джуматовтың бақилық болғанына 19 нау-рызда 5 жыл болады.

Желеп-жебеп жата бер ұрпағыңды,Есіркеп жан-жарыңды гүл бағыңды.Жоқтаушы ұл-қыз, жиен-немерелер,Ардақтап өтер әр кез тұлғаңызды.

Сағына еске алушылар: бала-келіндері, қызы және немере-жиендері

Теректі ауданы Дуана ауылының тұр-ғыны болған әкеміз Сырым Құмарұлы Макашев егер тірі болса, 17 наурызда 63 жасқа толар еді. Әкеміздің жарқын бей- несі әрқашан көз алдымызда, әр сөзі жү-регімізде сақталады.

Енді бізге атпайды таң арайлы,Жүрміз ғой сенсіз өткен санап айды.Артында анам қалды жасын төгіп,Сұм ажал көңіліңе қарамайды.

Өзіңмен өткен күндер жатқан аңыз,Еске алып сағынышты ақтарамыз.Немере, жиендерге өнегеңді,Бейнеңді естелік қып ап барамыз.

Сіз жоқта күлкі де жоқ, тыйылды әнім,Тағдырдың қабылдадық құйындарын.Жан әке, торқа болсын, топырағың,Тілейміз жұмақтан төр бұйырғанын.

Сағына еске алушылар: зайыбы Жұмағаным, қызы Ботакөз, бала-келіндері, қыз-күйеу балалары,

немере-жиендері

Қазталов ауданы Сатыбалды ауылының тұрғыны болған әулетіміздің аяулы келі-ні, шәкірттерінің сүйікті ұстазы, ұлының асыл анасы, адал жар Рима Өтешқызы Қуандықованы сағына еске аламыз. Ара-мызда болса, 18 наурызда 50 жасқа толар еді. Рима өз ортасында сыйлы, адамгер-шілік қасиеті биік, шырқата ән айтатын ерекше дауысы бар еді.

Жалған өмір десеңші, жатқан жері жа- рық, иманы жолдас болсын. Ұлыңды қор-ғап, рухыңмен демей гөр, Рима.

Еске алушылар: Қабдоловтар әулеті

«Намыс» спорт клубы мемлекет-тік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны бос лауазым орындарына

орналасуға конкурс жариялайды:

1. Бас есепші – 1 бірлік.Конкурсқа қатысушыларға

қойылатын талаптар:Жоғары білімді (экономика-

лық, бухгалтерлік, аудиторлық), 3 жылдан жоғары еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесінің болуы, ком-пьютер бағдарламасын, 1С бух-галтер бағдарламасы 8.2 нұсқа- сын және мемлекеттік тілді білуі керек.

Қажетті құжаттардың тізбесі:Түйіндеме, кадрларды тіркеу

парағы, жеке куәлік (көшірме), СТН (көшірме), ЭЖК (көшірме), медициналық кітапша немесе (№086), еңбек кітапшасы, зейнет-ақы қоры шарты (көшірме), дип- лом (көшірме), 3х4 фото 2 дана.

Құжаттар газетке жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Айтиев көшесі, 68, тел.факс: 54-29-39.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының эколо-гия бойынша департаменті- не келесі жобаларды қарап тексеруге және ұйғаруға жол-дайды.

1. «Газконденсатты Рож-ков кен орнын тәжірибелік- өнеркәсіптік пайдалану жо-басына қосымша» жобасы.

2. «Газконденсатты Рож-ков кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жо- басына қосымшасына» қор- шаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жобасы.

2014 жылдың 4 сәуір күні сағат 14.00 Батыс Қазақстан облысы-ның Бөрлі ауданында орналасқан Жарсуат ауылының мәдениет са-райында «БОЛЗ» ЖШС компания-сы төмендегі жоспарлар бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді:

1. ЖШС Секва Петролеум (Қа- зақстан) 2014 жылға табиғатты қорғау шаралар жоспары - ұңғы-маны сынау.

2. Exalo Drilling АҚ Қазастан Рес-публикасындағы филиалының 2014 жылға табиғатты қорғау шаралар жоспары – ұңғыманы бұрғылау.

Сұрақтар туындаған жағдайда, қосымша мәлімет алу үшін төмен- дегі байланыс телефондарына жә-не электрондық мекенжайға ха- барласыңыз:

Телефон: +7 272 227 90 30.e-mail: daniyar.slanbayev@

sequa-petroleum.com

Батыс Қазақстан облысының жұрт-шылығы орны толмас ауыр қазаға ду-шар болды. Тамаша азамат, абзал аға Бижан Тілешұлы Иманғалиевтің жүрегі соғуын мәңгіге тоқтатты.

Б.Иманғалиев 1927 жылы 12 қара-шада Шыңғырлау ауданы, Шоқтыбай ауылында туған. 1944 жылы Шыңғыр-лау орта мектебін бітірген.

Б.Иманғалиев Алматы заң инсти- тутын бітіргеннен кейін 1948 жылдан бастап, облысымыздың Тайпақ, Тас- қала, Шыңғырлау аудандарында сот болып жұмыс жасайды. Бұдан кейін оны облыстық партия комитеті хатшы- сының орынбасарлығына ұсынады.

1954 жылы ол Жымпиты ауданының «Правда» газеті атындағы, «Бұл-дырты» совхоздарының бастауыш партия ұйымы хатшылығына сайла-нады.

Бижан Тілешұлының одан арғы қызметі құқық қорғау органдарымен тікелей байланысты, әуелі БҚО ІІД тергеуші болып бастап, бұдан әрі об-лыстық соттың төрағасы қызметін жиырма жыл үзіліссіз атқарды.

Одан кейін облыстық адвокатура коллегиясын басқарып, сол жерде он жыл тұрақты қызмет жасаған.

Оның бастамасы бойынша Бөрлі, Зеленов, Қаратөбе, Жымпиты аудан- дарында аудандық соттардың ғимараты салынды. Сол жылдары облыс бойынша бар болғаны 11 ғана адвокат бар еді, олардың өзі тек облыс ор- талығында ғана қызмет атқарды. Осымен байланысты аудан орталық-тарында заң кеңесі кеңселерін ашты, соңынан алқа шешімі бойынша қорғаушылар аудандарға қызмет жасауға шығатын болды.

Өзінің өмір бойы жиған бай іс-тәжірибесі мен мол білімін өзінен ке- йінгі жас әріптестеріне аямай берумен болған ақылшы, ұстаз аға еді. Кү- ні бүгін шәкірттері кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде табысты қызмет жасап жүр.

Зейнетке шықса да, қоғамдық қызметтен қол үзген емес. 2011 жылға дейін облыстық ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі болды.

Өзіне сеніп тапсырылған қай қызметте де ол жоғары кәсіби білігі мен ұйымдастырушылық талантын туған еліміздің гүлденіп, дамуы жолына жұмсады.

Сот саласындағы ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін «Құрмет» ордені- мен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жұмыстағы қол жеткен табысы үшін» белгісімен, «Үш би» медалімен марапатталды.

Бижан Тілешұлын қызмет бабымен білетіндер оны кәсіби ісіне шын берілген маман, мемлекетіміз бен халқына адал жұмыс жасаған талапшыл адам ретінде жақсы танитын еді. Оның қазасы облысымыздың дарын- ды да жарқын тұлғаларының бірін арамыздан алып кетті.

Жарқын бейнесі батысқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады.

Н.НОҒАЕВ, С.ШӘПКЕНОВ, А.ӨТЕҒҰЛОВ, Б.МӘКЕН, М.КӘРІМОВ, А.БАДАШЕВ, М.ТОҚЖАНОВ, М.ҚҰЛШАР,

А.КӨЛГІНОВ, Б.ЖҰМАҒАЛИЕВ, М.МҰҚАМБЕТОВ, Қ.НҰРЫШЕВ, С.ҚАРАМАНОВ, Н.ЖІГІТЕКОВ,

А.БАЛТАҒҰЛОВ, Ә.МҰХИТОВА, М.АБИСАТОВ

Бижан Тілешұлы ИМАНғАлИЕв

«Ақжайық» футбол клубының спорттық директоры Ерболат Те-мірғалиевтің айтуынша, қазіргі кез-де команда бас бапкер Бауыржан Баймұхамедовтің басшылығымен Түркияда жаттығу жиынын өткізуде. Одан клуб 25 наурызда оралады. «Ақжайық» әзірге бір ғана легионер, болгариялық қорғаушы Иван Михов-пен келісімшартқа қол қойды. Бірін-ші лига командаларында барлығы үш легионердің болуына рұқсат еті-леді. Күні бүгін тағы екі легионер алу ойластырылуда.

«Ақжайықтан» жергілікті ойын-шылардан Бауыржан Омаров пен Владимир Плотников «Тобылға», Сергей Шевцов Қызылорданың «Қай-сарына» ауысты. Басқалары қатар-да, соның ішінде өзге командалар- да бақ сынап көрмекші болған Алек-сей Мальцев, Николай Забродин, Руслан Қайыров қайта оралды.

Оралдықтар жаңа маусымның ал- ғашқы кездесуін 6 сәуір күні өз ала-ңында Талдықорғанның «Жетісу-Сұңқар» командасымен өткізеді.

Арман БОЛАТҰЛЫ

«Ақжайық» жаңа маусымдаФутболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін

Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етіп отыр.

Page 8: Орал Өңiрi №30

КЕРуЕн САРАЙCенбі, 15 наурыз 2014 жыл8 [email protected]

Құттықтаймыз!Орал қаласы Круглоозерный ауылының тұрғыны,

зайыбым Рысты Хафизқызы ғҰМАРОвАНЫ ме- рейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты ана, құтты болсын жетпісің,Ұл-қызына ерекшесің, жалқысың.Әкемізбен ғасыр тойға жетіңіз,Көңілдерің қуаныштан шалқысын.

Құттықтаушылар: жұбайыңыз Жолды, бала-келіндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз,

немерелеріңіз, шөбереңіз Арсен

Орал қаласының тұрғыны, асқар таудай ардақты әкеміз Самиғолла СҰлТАНИЯРҰлЫН 63 жасқа то-луымен шын жүректен құттықтаймыз!

Өмір-өзен ағып жатқан арналы,Сара жолға ғұмырыңды арнадың.Анамызбен мына өмір көшінде,Бірге жүріп, еңбектендің, талмадың.

63-ке келдің, әке, еңселі,Құрмет тұтып, қадірлесін ел сені.Асыл әкем, қаймықпадың, талмадың,Ұрпағыңды жетілдірдің, жалғадың.

Қарыздармыз еңбегіңіз еленсін,Біздер үшін асқар асу кемелсің.Ортамызда аман-есен мәңгілік,Жүре берші өз ортаңды сән қылып.

Игі тілекпен: зайыбыңыз Нұрғаным Халекқызы, ұл-келіндеріңіз Мұрадым-Нұрғаным, Шахмардан-Лида, Абдрахман-Айгүл,

қыз-күйеу балаларыңыз Зинаида-Асылбек, Гүлжайна, Дамира-Ануарбек, Нұргүл, немере-жиендеріңіз

Қаратөбе ауданының тұрғыны, ардақты да сүйік- ті анамыз Бақтыгүл Құмарқызын 40 жасқа толу ту- ған күнімен құттықтаймыз! Анамызға мықты денсау- лық, ұзақ өмір тілей отырып, төмендегі өлең шумақ-тарын арнаймыз.

Мен қалай қуанышты жасыра алам,Жүре бер тек күлімдеп қасымда аман.Әрдайым ұл-қызыңмен бірге болып,Қырыққа қадам бастың, асыл анам.

Сүймейді қуанышты, думанды кім,Мереке біздер үшін думан бүгін.Деніңе саулық берсін, Жаратқаным,Анашым, құтты болсын туған күнің.

Тілек білдірушілер: балаларыңыз Айгерім, Айкөркем, Айбек

Қазталов ауданы Қараөзен ауылының сүйікті кіш-кентай тұрғыны Мәди Мейрғалиұлы ӨТЕГЕНДІ өмі-рінің бірінші парағы 1 жасқа толуымен құттықтаймыз!

Сен арқылы айналады өмір жұмаққа,Былдырлаған кіп-кішкене балақан.Жүрегімнен саған шуақ таратам,Саған деген махаббатты біздегі Сезіне алмас бұл дүниеде жан адам.

Құттықтаушылар: ата-әжең Өтеген-Шолпан, нағашы атаң Ғабдулкәрім, ата-анаң

Мейрғали-Мәншүк, апа-жездең Баян-Гүлжайнар, Гүлдария, жиендерің Әділжан, Інжу

www.zhaikpress.kz

Ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Орал өңірі» мен «При-уралье» газеттерінің, сондай-ақ аудандық газеттердің электрондық нұсқасын www.zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайынғы жаңалықтармен танысуға да мүм-кіндік бар.

Құрметті оқырман!

ҚР Салық кодексінің 17-бөлі-мінің 60-шы тарауы толықтай тір- келген салық тақырыбына ар-налған.

Салық кодексінің 420-бабы-на сәйкес тіркелген салықты тө-леушілер:

1) ұтыссыз ойын автоматта-рын;

2) ойын өткізуге пайдаланы-латын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);5) бильярд үстелдерін (бильярд)

пайдалана отырып, қызмет көр-сетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады, ал жоғарыда аталған ұтыссыз ойын автомат-тары, ойын өткізуге пайдаланы-латын дербес компьютерлер, ойын жолдары (боулинг (кегель-бан); картты (картинг); бильярд үстелдері тіркелген салық салу обьектілері болып табылады.

Салық кодексінің 422-бабына сәйкес тіркелген салық ставка-ларының әр салық салу обьекті-сіне салық салу ставкасының ең төменгі мөлшерінен ең жоғарғы мөлшеріне дейінгі базалық став-касы АЕК мөлшерінде белгілен- се, қызметін бір әкімшілік-аумақ- тық бірліктің аумағында жүзеге

асыратын барлық салық төлеуші-лер үшін жергілікті өкілді орган-дар (мәслихаттар) бекітілген ба- залық ставкалар шегінде бірың-ғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.

Осыған орай 2013 жылдың 1 қаңтарына тіркелген салық став- калары келесідей: бір және бір- неше ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автомат-тарының біреуіне 5 АЕК;

ойын өткізуге пайдаланылатын 1 дербес компьютер үшін 4 АЕК;

бір ойын жолына (боулинг (ке-гельбан) 20 АЕК;

карт (картинг) 8 АЕК;1 бильярд үстелі үшін 12 АЕК

мөлшерінде.Салық төлеуші әрбір салық

салу объектісіне тиісті салық став-касын қолдану арқылы тіркелген салық сомасын есептейді.

Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдала- нуға берілген кезде тіркелген са-лық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставка-ның 1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кез-де тіркелген салық белгіленген ставкасының 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

Тіркелген салық бойынша де-кларация 710.00 нысанда есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекеле-ген қызмет түрлерiн жүзеге асы-ратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі және тіркелген салық есепті са- лық кезеңінен кейінгі екінші ай- дың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төле-нуге жатады, және де тіркеу са- лығын төлеуші болып табыла- тын жеке кәсіпкерлердің Салық кодексінің 358-бабының 2-тарма-ғын және 359-баптың 3-тармағын басшылыққа ала отырып, 200.00 нысанда жеке табыс салығы жә- не әлеуметтік салық бойынша де-кларацияны белгіленген мерзім- де салық органына табыстауы қа-жет.

Жоғарыда көрсетілген салық есептіліктерін мерзімінде табыс-тамаған салық төлеушілерге ҚР ӘҚбК-ның 206-бабына сәйкес ша-ралар қолданылады.

А.ДУЙСЕНОВ,Орал қаласы бойынша салық басқармасының

бас маманы

Тіркелген салық бойынша

Ж

Облыстық қазақ драма театрының наурыз айындағы репертуары

16 наурыз Т.Ахтанов

“Күшік күйеу”

(драма)

Басталу уақыты: 17.00

22 наурыз А.Максимов

Премьера!

“Жасыл жапырақты күз”

(мистика)

Басталу уақыты: 15.00

22 наурыз А.Максимов

Премьера!

“Жасыл жапырақты күз”

(мистика)

Басталу уақыты: 17.00

«АлЬБИОН» Мамандардың пікірінше, әлемдегі №1 сұрып болып табы-лады. Жидектері жерге тимей пісіп-жетіледі. Жемістері 70 грамға дейін өте ірі, күңгірт-қызыл, тығыз, тәтті. Бір маусымда 3-4 рет өнім береді. Көктемнен бастап қара суыққа дейін жеміс береді. «БЕлАЯ МЕЧТА». Ана-нас және бүлдіргеннің хош иісі мен дәмінің қосындысы. Гипоаллергенді, сондықтан жемістерді тек қана аллергиктер ғана емес, сонымен қатар жас балалар да тамаққа пайдалана алады. Еті тығыз, шырын және тәтті ананастың хош иісі бар. Сұрыптың пісіп-жетілу мерзімі орташа, жеміс беруге бейімді. Үлкен сиректік қазір тағы да Сіздер үшін! «вЬЮЩАЯСЯ». Бұл бүлдірген кепілді түрде экстраұзын және күшті қылқандарын жаяды.

Ол қылықандарды Сіз 1,5 метр ұзындықтағы қатарларға, шарбақтарға, қоршауларға асып байлап қоя аласыз. Бүлдіргеннің алғашқы ірі ашық қызыл жемістерін Сіз отырғызған жылдың өзінде-ақ жинай аласыз. Дәмді бүлдірген жаздан бастап соңғы аяздарға дейін біркелкі үлкен және тәтті болып қала береді және азаймайды. Бүкіл маусым барысында өнім береді! «ГИГАНТЕллА». Аталмыш сұрыптың жемістері бүлдірген- нің барлық сұрыптарының ішіндегі ең ірісі. Ол өзінің ірі жемістері- мен ғана тартымды емес, бір жемістің салмағы 125 грамға жетеді, со-нымен қатар тығыз шырын жұмсағымен, ғажайып қанық дәмімен де баурап алады. Ауруға төзімді, қысқа шыдамды.

Тапсырысты кез келген өзіңізге қолайлы тәсілмен жасаңыз; купонды толтырып оны мекенжай бойынша жіберіңіз, біздің интернет-дүкен арқылы тапсырыс беріңіз немесе бізге қоңырау шалыңыз

Тауар Бағасы Саны «Белая мечта» бүлдіргені«вьющаяся» бүлдіргені«Гигантелла» бүлдіргені«Альбион» бүлдіргеніжиынтық – 15 көшетжиынтық – 30 көшет

«БЕККЕР company» ЖШС, Қазақстан Республикасы 090000, Орал қ,. Жуков көшесі 23-үй, а/я 23

(727) 319-49-50Сіз көшеті бар сәлемдемені арнайы

орамада өзіңіздің пошта бөліміңізде шарт бойынша төлем арқылы аласыз. Төлем

поштада сәлемдемені алу кезінде төленеді. Тауарды тікелей отырғызу мерзісінің

алдында (наурыз-мамыр) жібереміз. Сіздің тапсырысыңызды жібергеніміз туралы Сізді

СМС арқылы хабарландыру үшін міндетті түрде ұялы телефоныңыздың нөмірін

көрсетіңіз. Кеңсе телефоны: (7112) 51-84-83

Т.А.Ә.ИндексАуданКөшеТуған жылы

Облыс ҚалаТел. Ұялы тел.

Үй ПәтерE-MAIL Қолы

Менің тапсырымды жүзеге асыру үшін, Мен өзімнің жеке мәліметтерімді “БЕККЕР company» ЖШС-ға өз еркіммен беремін және “БЕККЕР company» ЖШС және оның коммерциялық серіктестері-нен жарнамалық ұсыныстарды алып тұру үшін менің берген жеке мәліметтерімнің толық тізімін өмір бойы сақтауға және пайдалануға келісімімді беремін. Жеке мәліметтерге өзгертулер енгізу немесе оларды кері қайтарып алу (жарнамаларды алудан бас тарту) жазбаша түрде немесе “БЕККЕР company» ЖШС-на қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.

ОрО 1

АКцИЯлАРДЫ, СЫйлЫҚТАРДЫ, ҰТЫСТАРДЫ СОНДАй-АҚ БІзДІң БүКІл АССОРТИМЕНТТІ БІзДІң САйТТАН ТАБА АлАСЫзДАР www.aвekker.kz

бүлдірген (Алып)«гигАнтеллА» *

бүлдірген«Альбион» *

бүлдірген (Ақ арман)«белАя МеЧтА» *

бүлдірген (иір)«вьющАяся» *

5 көшет – 3500 т.10 көшет – 6000 т.

5 көшет – 3500 т.10 көшет – 6000 т.

3 көшет – 3500 т.6 көшет – 6000 т.

5 көшет – 3500 т.10 көшет – 6000 т.

* СҰРЫПТЫң АТАУЫ БОлЫП ТАБЫлМАйДЫ

ананас және бүлдіргендәмдерінің қосындысы

«БЕК

КЕР

com

pany

» ЖШ

С, Қ

азақ

стан

Рес

публ

икас

ы 0

9000

0, О

рал

қ,. Ж

уков

көш

есі 2

3-үй

, а/я

23

РН

Н 2

7180

0052

582.

«А+» топтағы бүлдірген көшеттері

Жидек 125 грамға

дейін

Маусым ішінде 3-4қайтара

өнім береді!

Суперұсыныс!үш бүлдірген жиынтығы

жиынтық - 15 көшет

жиынтық - 30 көшет

Гигантелла 5 көшет +Вьющаяся 5 көшет +Альбион 5 көшет = 9000 т.

Гигантелла 10 көшет +Вьющаяся 10 көшет +Альбион 10 көшет = 15000 т.

Супербаға!

Үнемдеу1500 теңге

Үнемдеу3000 теңге

біздің интернет дүкен:

www.abekker.kz

60 мм дейінӨнімі 50 % көп!