2018ЫВЫФВФЫВЫФ

6
Сабақ №1 Мерзімі: Сынып: 9 Пән: информатика Тақырып: Алгоритмдеу және программалау. Компьютерде есептер шығару кезеңдері. Мақсаты: Алгоритм ұғымымен таныстыру Программалау дегеніміз не түсіндіру. Алгоритм ұғымымен байланысты көзқарастарын кеңейтіп дамыту; Оқушыларда мәдениетті, зейінділіктілікті, тәртіптілікті тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация Сабақ құрылысы: I. Ұйымдастыру II. Жаңа материалды түсіндіру III. Жаңа материалды бекіту IV. Қорытынды V. Үй жұмысы Кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті Ескерту I.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Мұғаліммен амандасып. Кезекшілер сыныпта кім бар кім жоқ екенін айтып өтеді. II. Жаңа материалды түсіндіру. . Дәріс: «Алгоритм» – сөзі IX ғасырлардағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми есімінің латынша (algorithmi) жазылуынан шыққан. Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Ал алгоритмдік нұсқауларды алдын ала құру процесі алгоритмдеу деп аталады Алгоритмді орындаушы құрастырылған алгоритммен басқарылатын объект немесе субъект. Алгоритмнің нұсқаулары команда деп те аталады. Алгоритм қасиеттері. 1.Алгоритмнің жеке қадамдардан тұру қасиеті дискреттілігі деп аталады. 2.алгоритмнің әр нұсқауы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуы тиіс, бұл қасиетті алгоритмнің анықтығы деп атайды. 3. Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді шешу мүмкіндіктері Оқушылар жұмыс дәптерлеріне конспекті жазып қояды. Netoop бағдарламасы арқы оқушыларға көрсетіп отыру

Upload: nurlan93kz

Post on 20-Jul-2015

230 views

Category:

Education


4 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2018ЫВЫФВФЫВЫФ

Сабақ №1Мерзімі:Сынып: 9Пән: информатикаТақырып: Алгоритмдеу және программалау. Компьютерде есептер шығару кезеңдері.

Мақсаты:• Алгоритм ұғымымен таныстыру Программалау дегеніміз не түсіндіру.• Алгоритм ұғымымен байланысты көзқарастарын кеңейтіп дамыту;• Оқушыларда мәдениетті, зейінділіктілікті, тәртіптілікті тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентацияСабақ құрылысы:

I. ҰйымдастыруII. Жаңа материалды түсіндіру

III. Жаңа материалды бекітуIV. ҚорытындыV. Үй жұмысы

Кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті Ескерту

I.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мұғаліммен амандасып. Кезекшілер сыныпта кім бар кім жоқ екенін айтып өтеді.

II. Жаңа материалды түсіндіру.

. Дәріс: «Алгоритм» – сөзі IX ғасырлардағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми есімінің латынша (algorithmi) жазылуынан шыққан.Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.Ал алгоритмдік нұсқауларды алдын ала құру процесі алгоритмдеу деп аталадыАлгоритмді орындаушы – құрастырылған алгоритммен басқарылатын объект немесе субъект.Алгоритмнің нұсқаулары команда деп те аталады.

Алгоритм қасиеттері.1.Алгоритмнің жеке қадамдардан тұру қасиеті дискреттілігі деп аталады.2.алгоритмнің әр нұсқауы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуы тиіс, бұл қасиетті алгоритмнің анықтығы деп атайды.3. Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді шешу мүмкіндіктері

Оқушылар жұмыс дәптерлеріне конспекті жазып қояды.

Netoop бағдарламасы арқы оқушыларға көрсетіп отыру

Page 2: 2018ЫВЫФВФЫВЫФ

бар. Алгоритмнің бұл қасиеті жалпылығы деп аталады.4. Алгоритмнің нәтижелілігі.Бұл қасиеттердің орындалуына мысалдар қарастырайық.1-мысал. Сүт қайнату алгоритмі.Ыдысқа сүт құю.Ыдысты плитаға қою.Сіріңкені жағу.Сіріңкені от жанатын жерге апару.Газ кранын ашу.Сүт қайнағанша күту.Газды өшіру.Енді алгоритм әрекеттерінің ретін өзгертіп, келесі командалар жүйесін сүт қайнату алгоритмі ретінде берейік:Ыдысқа сүт құю.Ыдысты плитаға қою.Сүт қайнағанша күту.Газ кранын ашу.Сіріңкені от жанатын жерге апаруСіріңкені жағу.Газды өшіру.Бұл ұйғарым алгоритм бола алмайды, өйткені ол күткен нәтижеге жеткізбейді. Неліктен?Алгоритмдерді жасау құрылымының негізгі үш түрін ерекшелеуге болады: сызықты, тармақталған және циклді.Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін олардың берілу ретімен орындаса, алгоритм сызықты деп аталады.Егер орындаушының әрекеттері қайсыбір шарттарды тексеру нәтижелерімен анықталса, алгоритм тармақталған деп аталады.Егер алгоритмдегі жеке командалар немесе командалар топтары қайталанып орындалса, алгоритм циклді деп аталады

III.Жаңа материалды бекіту.

Балаларға мысалдар келтіріндер деп тапсырма беру.

Оқушылар мысалдар келтіріп, өз ойларын айтады.

IV.Қорытынды Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

V.Үй жұмысы

§1.1 Оқып, сұрақтарға жауап беру Күнделіктеріне жазып алады

Page 3: 2018ЫВЫФВФЫВЫФ

Сабақ №3Мерзімі:Сынып: 9Пән: информатикаТақырып: Алгоритм жазу жолдары және негізгі алгоритмдік құрылымдар.

Мақсаты:• Оқушыларды алгоритмдерді ұсыну түрлерімен таныстыру.• Оқушылардың алгоритм, оларды ұсыну түрлері жайында білімдерін

толықтыру, дамыту;• Оқушыларда мәдениетті, зейінділіктілікті, тәртіптілікті тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентацияСабақ құрылысы:

I. ҰйымдастыруII. Қайталау

III. Жаңа материалды түсіндіру IV. Жаңа материалды бекітуV. Қорытынды

VI. Үй жұмысы

Кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті Ескерту

I.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мұғаліммен амандасып. Кезекшілер сыныпта кім бар кім жоқ екенін айтып өтеді.

II.Қайталау Сұрақ-жауап арқылы қайталау жүргізу.1.Алгоритм дегеніміз не?2.Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?3.Алгоритм командасы дегеніміз не?4.Алгоритмдердің жасалу құрылымы бойынша белгілі түрлерін атап шығыңдар.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

. Дәріс: Алгоритмдерді берілу жолдары Алгоритмдерді сипаттау, кескіндеу тәсілдері көп, біз олардың төртеуіне – табиғи тілге, графикалық тілге, алгоритмдік тілге және программалау тіліне тоқталамыз.Табиғи тіл(орындаушы - адам) – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің сөздері;Графикалық тіл (орындаушы - адам) – әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар)Алгоритмдік тіл (орындаушы - адам) – әрекеттің немесе

Оқушылар жұмыс дәптерлеріне конспекті жазып қояды.

Page 4: 2018ЫВЫФВФЫВЫФ

орындаушыға арналған команданың мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;Программалау тілі (орындаушы - компьютер) – программалау тілінің командалары.

Алгоритмдерді блок-схемалар түрінде ұсыну

Алгоритмдерді кескіндеудің ең көрнекі тәсілі – оны блок-схемалар түрінде графикалық кескіндеу болып табылады.Енді негізгі блоктар мен олардың кескіндерін қарастырайық:

-алгоритмнің басы, алгоритмнің соңы

-есептеуіш әрекеті

-деректерді енгізу, деректерді шығару

-шартты тексеру

-көмекші алгоритмді шақыру

блоктардағы сызықтар блоктардың арасындағы байланыс қызметін атқарады. Сызықтық құрылымды алгоритмнің блок-схемасы мына түрде болады:

Төбелері Х1, У1, Х2, У2, Х3,У3 координаталарымен берілген үшбұрыштың Н биіктігін, М медианасын,S ауданын табу

Балалармен бірге құрамыз.

басы

Деректер енгізу

Есептеуіш әрекеттер

Нәтиже шығару

соңы

Page 5: 2018ЫВЫФВФЫВЫФ

алгоритмін құрайық.Алгоритмдерді алгоритмдік

тілге көшіру.Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолдану әдісі өзгермейтін сөздер пайдаланылады. Олар қызметші сөздер деп аталады.Алгоритмнің жалпы түрі мынадай болады:алг алгоритмнің атыбасы Алгоритмдердің командаларысоңыАлгоритмдік тілде шамаларға қатысты әрекеттерді белгілеу үшін «:=» командасы пайдаланылады. Енді қарастырылған мысалдың нұсқауын С:=А+В командасымен жазуға болады. «:=» белгісінің көмегімен жазылған алгоритмнің командасы меншіктеу командасы деп, ал «:=» белгісі меншіктеу деп аталады.Мысал келтіру.

III.Жаңа материалды бекіту.

Тапсырма1. 9 бет, 3 тапсырма

Тапсырма2. 12 бет 5,6 тапсырма.

Оқушылар орындарында отырып тапсырмаларды орындайды, мұғалімге тексерткізеді

IV.Қорытынды Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау. Бағалау

Балалар сұрақтарға жауап береді.

V.Үй жұмысы

§1.2-1.3 Оқып, сұрақтарға жауап беру, 12 бет 6 тапсырма.

Күнделіктеріне жазып алады

Page 6: 2018ЫВЫФВФЫВЫФ

алгоритмін құрайық.Алгоритмдерді алгоритмдік

тілге көшіру.Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолдану әдісі өзгермейтін сөздер пайдаланылады. Олар қызметші сөздер деп аталады.Алгоритмнің жалпы түрі мынадай болады:алг алгоритмнің атыбасы Алгоритмдердің командаларысоңыАлгоритмдік тілде шамаларға қатысты әрекеттерді белгілеу үшін «:=» командасы пайдаланылады. Енді қарастырылған мысалдың нұсқауын С:=А+В командасымен жазуға болады. «:=» белгісінің көмегімен жазылған алгоритмнің командасы меншіктеу командасы деп, ал «:=» белгісі меншіктеу деп аталады.Мысал келтіру.

III.Жаңа материалды бекіту.

Тапсырма1. 9 бет, 3 тапсырма

Тапсырма2. 12 бет 5,6 тапсырма.

Оқушылар орындарында отырып тапсырмаларды орындайды, мұғалімге тексерткізеді

IV.Қорытынды Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау. Бағалау

Балалар сұрақтарға жауап береді.

V.Үй жұмысы

§1.2-1.3 Оқып, сұрақтарға жауап беру, 12 бет 6 тапсырма.

Күнделіктеріне жазып алады