22 (3227) 2015-02-26

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 22 ÂÆÊÒÆμ 26 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -10°.. -8° -14°.. -12° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄëâáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì dzزǫǬǴǯǬǹ dzزǸDzǯǼǧǹ 6-7 12 ǀǁNjǏǎƼǎ ǀƼǏǗǍǗ kĭÁÈÁĭ ÖÁÎÅÜĩÜ īÌÜ ÅÁÌÁÎÜħ īÌÜ ÂÆÊÎÆÌÆѼv ƼǭǮǜǩǜ ʄǦȂǨǠȂǟȂǩǠǡ ɆǜǧǜǧǷɆ ɆɜǬǷǧǷǨǠǜǬ Ǩǡǩ mljǜǣǜǬǝǜǡǞ ǯǩǤǞǡǬǭǤǮǡǮȂǩȂɎ} ǦʄǭȂǫǦǡǬǧȂǦ ǤǩǩǪǞǜDzǤǻ ǝȂǧȂǨ ǝǡǬǯ ǠǡǩǭǜǯǧǷɆ ǭǜɆǮǜǯ ɆǪȾǜǨǠǷɆ ɆǜǯȂǫǭȂǣǠȂǦ ǭǜǧǜǧǜǬǷ ǝǪǥǷǩǴǜ ǷǩǮǷǨǜɆǮǜǭǮǷȾǷ Ǣʄǩǡ ʔǣǜǬǜ ɆǜǬǷǨɆǜǮǷǩǜǭǷ ǨʄǭǡǧǡǧǡǬȂ ǮǜǧɆǷǧǜǩǠǷ ƼǭǮǜǩǜ ɆǜǧǜǭǷǩǷɎ ʄǦȂǨȂ ʃǠȂǧǝǡǦ ǂǜɆǭǷǝǡǦǪǞǮȂɎ ǮʔǬǜȾǜǧǷȾǷǨǡǩ ʔǮǦǡǩ ǢǤǷǩȾǜ ǂNJNJ ǢǡǮǡǦǴȂǧǡǬȂ Ǩǡǩ ɆǜǧǜǧǷɆ ɆɜǬǷǧǷǨǠǜǬǠǷɎ ǝǜǭǴǷǧǜǬǷ ɆǜǮǷǭǮǷ 4 ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ Құрметті елорда тұрғындары! 3 наурыз, сейсенбі күні сағат 10:00-18:00 аралығында Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Дәмежан Төлеубайқызы СӘДУАҚАСОВА тұрғындар сауа- лына жауап береді. Тікелей желі телефоны: 21-94-35 3 наурыз, сейсенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Абайұлы РАХМАНБЕРДІ оқырман сұрақтарына жауап беру үшін тікелей тілдесуге шығады. Өздеріңізді толғандырған сауалдар болса, 55-75-20 телефоны бойынша байланысқа шығуға болады.

Upload: -

Post on 08-Apr-2016

247 views

Category:

Documents


6 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №22 (3227) 26 ақпан

TRANSCRIPT

Page 1: 22 (3227) 2015-02-26

22 26

-10°.. -8°-14°.. -12°

6-7

12

4

Құрметті елорда тұрғындары!3 наурыз, сейсенбі күні сағат 10:00-18:00 аралығында Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Дәмежан Төлеубайқызы СӘДУАҚАСОВА тұрғындар сауа-лына жауап береді. Тікелей желі телефоны: 21-94-35

3 наурыз, сейсенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Абайұлы РАХМАНБЕРДІ оқырман сұрақтарына жауап беру үшін тікелей тілдесуге шығады. Өздеріңізді толғандырған сауалдар болса, 55-75-20 телефоны бойынша байланысқа шығуға болады.

Page 2: 22 (3227) 2015-02-26

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Елордада өткен жылы 1800 адам қайта даярлаудан өтіп, біліктіліктерін арттырды.

Тәуелсіздік сарайында белгілі мемле-кет қайраткері Жұмабек Ташеневтің 100 жылдығына арналған көрме-кездесу өтті.

«Астана Опера» театрында Дж.Вердидің «Аида» операсы қойылады.Басталуы: 19.00.

«Конгресс-холл» сарайында Ресей әншісі Юрий Шатуновтың концерті өтеді.

« Б і з д і ң м а қс а т – А с т а н а қ а л а с ы н ы ң д а м у д и н а м и к а с ы н сақ тап, тұрғын дардың әлеу меттік жағдайын жақсарту» деп сөз бас-таған қала әкімі Әділбек Жақсыбеков елорданың өзін-өзі қамтамасыз етуін барынша нығайту алда тұрған басты тапсырма екенін атап өтті. Әкімнің айтуынша, былтыр мем-лекеттік кіріс көлемі 763 млрд теңге болса, оның ішінде жергілікті бюджет 163,4 млрд теңгені құрайды.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мүдделі тараптардың мақұлдауымен Мемлекеттік кіріс департаменті бюджеттің кіріс мөлшерін көбейтетін жоспар әзірледі. 2015-2016 жылдарға арналған аталмыш жоспарды Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды.

«Астанада шағын және орта бизнес қарқынды да-муда. Елорда экономикасының жетеккүшіне айналған ШОБ-тың үлесі жыл сайын 20 пайызға өсуде. Алайда, бұл саланың шеңберінде көлеңкелі экономика мол етек жайған» деген департамент басшысы бірнеше дәйектер келтірді. Оның айтуын ша, департамент бар болғаны 1 айдың ішінде тәуекелі жоғары санатқа жатқызылған 44 мей рам хана ны тексерген. Нәтижесінде 382 млн теңге қосым ша табыс анықталып, 270 жалдама-лы жұмыс шы декларация ланған, еңбекақы қоры

88,3 мл н теңгеге ұлға йып, қала бюд-же тіне 19,5 млн теңге салық түскен.

Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов мемлекеттік сатып алу-да жиі жеңіске жететін кәсіпорындардың са-лықтан жалтараты-нын айтты. Алдағы уақытта көлеңкелі экономикаға қатысы бар сауда үйлері мен базарларға тексеру жүргізіледі.

Ал, 2015 жылға ар налған көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету шараларының жоспары жөнінде Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нүрпейісов баяндама жасады.

Шаһар басшысы Әділбек Жақсыбеков көптеген компа-ниялар салықтан қашып, Астанадан тыс басқа өңірлерге тіркелетінін айта келіп: «Онымен қоса мемлекеттік сатып алуға да қатысатын мұндай компаниялар кәсібін біздің қаланың аумағында жүргізетіндіктен, бізге салық төлеуі тиіс» деді.

Сонымен қатар, қала әкімі жиында мемлекеттік сатып алу тәртібі, еңбек мигранттары, жылжымайтын мүлік пен тұрғын үйлерді бағалау және көлеңкелі өндірісті азайту мәселелеріне тоқталды. Аталған мәселелер бойынша тиісті басқармаларға тапсырмалар жүктеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Жиналысқа Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов, сондай-ақ мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму комиссиясының төрағасы Абай Байгенжин, қалалық және аудандық басқармалардың басшы-лары қатысты.

Елорда әкімінің орынбасары мәлім еткендей, қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 ж ыл д ығына арна л ған іс-шаралар жоспары жүзеге асы-рыла бастады. Осы жоспар ая-сында ҰОС мүгедектері, оларға теңестірілгендер, тыл ең бек-керлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі.

«Жоспар негізінде 33 ардагердің пәтері жөнделеді. Сонымен қатар, 51 ардагердің пәтеріне құрылыс компанияларының көмегімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар мамыр айына дейін аяқталады» деді Е.Аманшаев.

Ермек Әмірх анұлының ай-туынша, 2015 жылғы 20 мамырға дейін баспанаға зәру 7 ардагерге пәтер беріледі. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен бір реттік төлемдер жасалады. Коммуналдық төлемдерді өтеу, санаториялық-курорттық дема-лыс орындарына жіберу, тіс про-тездеу және ҰОС ардагерлерін қ а же т т і д ә р і -д ә р м е к т е р м е н

қамту секілді көмек түрлері де қарастырылған.

Бұдан басқа, Жеңістің 70 жыл-дығына арналған іс-шаралар жос-пары негізінде елордада бірқатар шығармашылық концерттер, ме-рекелік акциялар, спорттық сайыс-тар өтеді. Аталмыш мерекеге орай Жеңіс даңғылындағы гүлбақ аббат-тандырылады, арнайы баннерлер орнатылады.

Қалалық мәслихат депутаттары тұрғын үйлердің кіреберісінде ардагерлердің есімдері жазылған тақтайшаларды ілу туралы өз ойла-рымен бөлісті. Депутаттар өскелең ұрпақтың, жастар арасында насихат жұмыстарын өткізуге көп көңіл бөлу керек екендігін атап өтті.

Page 3: 22 (3227) 2015-02-26

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

Аталмыш сервис www.service.pravstat.kz мекенжайы бойынша онлайн режимде жұмыс істейді.

Жүйе бойынша, орын алған құқықбұзушылық алдымен қылмысты қудалау органдарында тіркеліп, статистикалық картасы беріледі. Статистикалық карта автоматтандырылған мәліметтер базасына түскеннен кейін аталмыш қылмысқа қатысты барлық мағлұмат көпке көрінеу қойылады. Айталық, қылмыстың ашылған-ашылмағаны жасылдан қызыл түске дейін құбылатын арнаулы шартты белгімен айқындалады. Сондай-ақ, ол жерде қылмыстың қай уақытта, қай жерде жасалғаны, сипаты туралы мәліметтер беріледі.

Осылайша кез келген азамат өзі тұратын ауданның кримоногендік ахуалынан хабардар бола алады. Әкімдік қызметкерлері қылмыстың алдын алу шараларының жоспарын бекіткенде осы мәліметтерге сүйенуіне бо-лады. Ал, құқық қорғау органдары осы арқылы ашылмай қалған қылмыстарды азайтуға мүмкіндік алады.

Нұрғали АЯЗОВ, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі басқарма бөлімінің прокуроры

Қазақстанның, Қырғызстан-ның, Тәжікстан мен Өзбек стан-ның 600-ге тарта спортшы-сы тартысты жекпе-жекте ең мықтыны анықтады. Каратэден спорт шебері Әділет Үсенбаев бастаған Астана қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп оқушылары тыңғылықты дайындықпен барып, қалың жұрттың назарына ілікті. 4-сы-нып оқушысы Мақсат Шаншаров пен 5-сынып оқушысы Бэлла Са-

машева өз салмақ дәрежелерінде алдарына жан салмай, алтыннан алқа тақса, 3-сынып оқушысы Алмас Мубараков күміс, 8-сынып оқушысы Медет Мырзағұлов қола жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте I орынды татами иелері Кейхацу клубы иеленсе, II және III орындарды Тараз командасы мен Астана каратэшілері олжалады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

«Нұр Отан» партиясы қолдау білдіріп отырған іс-шараның бас ты мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, автомобильдердегі балалар орын дығының қажеттілігі мен пайдалылығын насихаттау. Маман дардың пікірінше, мұндай бай қаулардың көлік жүргізетін нәзік жандылардың басқару шеберлігі мен жолда жүру мәдениетін арттыруға ықпалы тиеді.

Осыған орай аталған байқауға он екі жасқа дейінгі балалары бар аналарды өз көліктерімен қатысуға шақырады.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Қазақстан Респуб ликасы жол қозғалысы ережесіне сәйкес қатысушы жол белгісіне анықтама беруі тиіс. Екінші кезеңде жаңа ережеге сай автомобильдерге орнатылуға тиісті балалар орындығы құрылғысының қажеттігі мен маңызы жөнінде баяндап береді. Үшінші кезеңде арнайы жабдықталған алаңда автокөлікті жүргізу дағдысы мен шеберлігін көрсетеді.

Шараны 7 наурызда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы маңындағы Талдыкөл алаңында 12.00 сағатта өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар аясында техникалық бақылау пункттерінің мамандарына нұсқаулықтар беріліп, жүргізушілерге өрт сөндіру құралдарын қолданудың егжей-тегжейі түсіндірілді. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі бойынша арнаулы жа-дынамалар таратылып, көліктерді пай-далану барысында қажетті қауіпсіздік шараларын қалай қолдану керектігі туралы айтылды.

Астана қаласы ТЖД айтуынша, жолға шықпас бұрын автокөліктің өрт сөндіру құралымен жабықталуын тексеріп және оның құрылымы мен қолдануын білу – әр жүргізушінің міндеті.

Іс-шара барысында қозғалыстағы көліктен өрт шыққан кезде оны тез арада тоқтатып, қозғалтқышын өшіру керектігі де ескертілді. Ондай жағ-дай да жолаушыларды қауіпсіз жерге

көшіру үшін қолдан келген бар лық әрекеттерді қолданып, дереу өртті сөн діруге кірісу керек. Авто кө лік-тер дегі өрттерді сөндіру бары сында өз қауіпсіздігіңізді де ұмытпау керек екені айдан анық. Өрт сөн діру құрал-дарымен қатар, қолғап тар пайда ланған уақытта киімнің өрте нуі мен дененің күйік шалуына жол берілмейді.

Нұр ИСЛАМ

Осыған орай, астаналық жанкүйерлердің кездесуді тамашалап, өз командасына қолдау білдіруі үшін арнайы тегін автобустар жолға шығатын болды. «Қазақстан» спорт кешені мен «Жастар» сарайы алдынан жүретін жо-лаушылар автобусы «Астана» жанкүйерлеріне түскі 13.00-14.30 аралығында қызмет етеді.

Орыс драматургі Вален-тин Ежовтың «Бұлбұлдар түні» шығармасы желісі бойынша сахналанатын туындыны қазақ тіліне белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай аудар ған еді. Режиссерлық нұс-қасын Қазақстанның Ха-лық артисі, театр және кино режиссері Талғат Теменов жасап шығарды.

«Тыраулап ұшқан тыр-налар» лирикалық дра-масы жеңістен кейінгі кеңес солдаттарының өмі-рінен сыр шертеді. Бас кейіпкер Пернебек Бо-ранбаев пен неміс қызы

Ин ган ы ң а рас ы н д а ғ ы кездейсоқ махаббат пен жолындағыны жайпаған қандықол жауыздықтың шарпысуы, адамгершілік пен өшпенділік, сағыныш пен мейірім сияқты адам-зат баласының кереғар сезімдері спектакльдің өне бойында көрініс табады.

Басты кейіпкер қазақ солдатын отандық кино өнерінде бірнеше рөлдерді ойнап үлгерген жас актер Әбілмансұр Серіков сахна-ласа, неміс қызы Инганың рөлінде театрдың жас ак-трисасы – Ақмарал Тана-баева.

Page 4: 22 (3227) 2015-02-26

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)Жиынды аша отырып, әкім Президенттің

бастамасымен құрылған «Назарбаев универ-ситетінің» қызметі Астана үшін де, жалпы еліміз үшін де маңызды екенін атап өтті.

«Университет еліміздің, елордамыз Ас-тананың инновациялық дамуын қам та ма-сыз ететін жоғары кәсіби деңгейдегі жас мамандардың басты ұстаханасы бола алады және болуға тиіс» деді Әділбек Жақсыбеков.

Қала әкімі «Назарбаев университетінің» қызметіне бизнес-құрылымдар мен эко-номика саласындағы сарапшылардың да

зор қызығушылық танытатынын жеткізді. Сондай-ақ, университет пен қалалық құры-лымдар арасында ақпаратпен, бірлескен жобаларды жүзеге асырып, жан-жақты тәжірибе алмасу, түрлі байқаулар өткізудің бірнеше бағытын белгілеп берді. Сонымен қатар, Ә.Жақсыбеков Астана үшін басым бағыттардың бірі ақпараттық технологиялар саласы екенін айтты.

«Назарбаев Университетінің» қызмет-керлері мен студенттері Астанада «ақылды қызмет көрсетуді» енгізу бойынша жаңа техникалық шешімдер әзірлеуге зор үлес

қосатынына сенімдімін. Қызығушылық танытқан студенттерге жалпы қала бо-йынша осындай жобалардың үйлестірушісі болып табылатын «Астана Innovations» акционерлік қоғамында тәжірибеден өтуді ұсынамыз» деді әкім.

Қазақстандағы жоғары білім саласының ұлттық брендіне айналып отырған атал-мыш оқу орны алғашқы іргетасы қаланған күннен бастап Астана қаласының әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Алай-да, осы күнгі басқосуда «Назарбаев уни-верситетінің» президенті Шигео Катсу қала әкімдігінің қолдауын қажет ететін тың шаруа-лар ауқымын талқыға салды. Мәселен, Тұран даңғылы арқылы «Назарбаев университеті» аумағын жалғайтын жаяулар көпірі. Астана қаласының Бас жоспарында белгіленген бұл көпір 2017 жылғы «ЭКСПО» көрмесіне дейін салынып бітуге тиіс. Қала әкімі бұл мәселені қайта қарап, жіті назарға алатынын мәлімдеді.

Университет президенті көтерген екінші мәселе – «Astana Business Campus» ғылыми паркін дамыту мақсатында жер телімін бөлу жайы. Осыған орай Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтініш дайындалған екен. Ол алдағы уақытта қалалық мәслихаттың мәжілісінде қаралуға тиіс. Астана қалалық бюджетінен 18 миллион теңге көлемінде қаржы бөлуді қажет ететін осы бастаманың оң шешім табуына қолдау сұраған Шигео

Катсу, егер тиісті жер телімі бөлінетін болса, университеттің келесі нысандарының құрылысы осы жылы басталып, 2016 жыл-дың алғашқы жартысында аяқталуға тиіс екенін мәлімдеді.

«Назарбаев университетінің» президенті басқосуда талқыға салған үшінші мәселе – университеттің екінші кезекті құрылыс нысандарын «Олимп» шағын стансасы арқылы электр қуатымен қамтамасыз ету. Университет жоғары технологиялық нысан болғандықтан, келешекте орын алуы мүмкін электр қуаты тапшылығын жою үшін оқу ордасының басшысы қала әкімдігінен көмек сұрады. Осыған орай, әкім Астана қа ласының Энергетика басқармасының басшысына мән-жайды толық анықтап, мәселені шешуді жүктеді.

Сонымен, Астана ЖОО инновациялық жобаларын іске асырудың басты алаңына айналуы керек. Астана әкімі Ә.Жақсыбеков осы мақсатта бар жағдай жасалу керектігін атап өтті.

Жастар саясаты саласындағы ынтымақ-тастыққа тоқтала келе, қала басшысы сту-денттерді «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің волонтерлік корпусының құрылуы аясында «Волонтерлік мектеп» жобасына қатысуға тарту қажет-тігіне тоқталды. Астана әкімі елорда жастары мен мектеп оқушыларының «Назарбаев университетіне» деген қызығушылығын ескере отырып, аталған ЖОО-да экскурсия-лар мен ашық есік күндерін ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде, «Назарбаев универси-те тінің» президенті Шигео Катсу уни-вер ситеттің алға қойған мақсаттарының бірі Астананың халықаралық инновация-лар, бизнес және білім орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу екенін айтты.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Қалада бес жылдың ішінде жал-дамалы жұмысшылар саны 18,6%-ға өскен. 2014 жылдың соңына қарай жұмыс істейтін астаналықтардың саны 402 мыңнан асқан. Елорда тұрғындарының 47,2%-ы – жал-дамалы жұмысшылар. Бұл – эко-номикалық белсенді халықтың 88,9%-ы, әрі еліміздегі жұмыспен қамтудың ең жоғары көрсеткіші.

Елордада шағын кәсіпорындарды санамағанда, көпшілік адамдар білім саласына жұмысқа орналасады. Қазір бұл салада 36 мың адам жұмыс істейді. Және жылына жұмысқа 3,5 мың қызметкер қабылдайтын ең өсімтал еңбек нарығы болып саналады.

Астана қа л асы Жұ мыспен қамту орталығының мәліметі бо-йынша, «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы қалада төрт мың адам жұмысқа орналастырылған. Бағдарламаның инфрақұрылым мен тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталған басым жоба-лары негізінен, осы білім саласында жүзеге асырылды. Нәтижесінде, қала бойынша 260800 қызметкердің 13,8%-ы білім саласынан нанын тауып жүргендер.

2014 жылы жаңа жұмысшылар саны бойынша екінші орында құрылыс секторы тұр. Сала жұмыс-шыларының саны 15,1%-ға өскен-

діктен, құрылыс саласындағы ең-бекақы қоры 52% болып, 3,4 мил-лиард теңгеге дейін көтерілген.

Енді бір ең қарқынды өсіп келе жатқан салалардың бірі – қонақ үй қызмет көрсету және тамақтандыру саласы. Сектордағы еңбекақы қоры жұмыспен қамтылғандар санының өсіміне қарай екі есе – 776,8 милли-он теңгеге дейін өскен.

Жақсы СӘТҰЛЫ

Бұл – өз ісін бастауға қадам басқан жас іскерлерге арналған жан-жақты білім, байланыс және ашық ақпарат ұсынылатын ауқымды ақпараттық жоба. Мұнда тек іскерлік байланыстар қамтылып қана қоймай, бизнесті дамытудың нақты шешімін үйлестіретін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара қарым-қатынасының жаңа моделі көрініс табады. Биыл наурыздың ортасына жоспар-ланып отырған форумға Аста-на қаласымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан аса кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп отыр. Соңғы жылдарда өткен шараға 5000 адам қатысып, өзара тәжірибе а лмасып,

ауқымды ортақ жобалардың пайда болуына ықпалы мол екі жақты «Business to Business» кездесулерін өткізді.

Ал, биылғы форум жаңаша серпінімен, өткен жылдардың сәтті тәжірибесін ортаға салу, жас кәсіпкерлердің тырнақалды бағдарламалары мен жобала-рын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ бизнес кеңістігінде биік белестерді бағындырған көрнекті спи-керлердің қатысуымен ерек-шеленбек дейді «КАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлер қауым-дастығының басқарма төрағасы Жұмабек Жанықұлов.

Айгүл УАЙСОВА

Page 5: 22 (3227) 2015-02-26

5www.astana-akshamy.kz

«Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев қазақстандықтар үшін ішкі саяси жағдайдың тұрақты болғаны өте маңызды дейді. «Астана Опера» балеттік труп-пасында жүзге жуық адам еңбек етеді және солардың барлығы ҚХА-ның ҚР Президентінің ке-зектен тыс сайлауын өткізу жө-ніндегі ұсынысын қолдайды. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәдениеттің дамуына шексіз қамқорлық жасап жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Балет өнері дамып, бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміз айтарлықтай зор. Соның арқасында бізді әлем мойындады. Президентіміздің жас әртістерге көрсеткен қам-қорлығының нәтижесінде, көз алдымызда Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаева, Тайыр Га-тауов сияқты Қазақстанды шет елде танытып жүрген әрі әлем балетінде бәсекеге қабілетті өнер паздарымыз өсіп шықты. Балет өнерінің ұжымы, Нұрсұлтан Назарбаев кепіл болатын мем-лекетіміздің бүгінгі даму ба ғыты әрі қарай жалғаса бергенін қа-лайды», - дейді ол.

«Астана Опера» балетінің жетекші солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева бол-са: «Мен ана ретінде, кез кел-ген әйел сияқты өз баламның

болашағына сенімді болғым келеді. Президентіміздің сын-дарлы саясатының арқасында біздің көп ұлтты мемлекетімізде бейбітшілік пен тыныштық ұя салған. Айталық, «Астана Опера» балеттік труппасында қазақтармен қатар орыстар, татарлар, жапондар және басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілі жұмыс жасайды. Біз тек біріккенде ғана жетістікке жете аламыз» дейді.

Опералық труппа солистері де әріптестерінің ойымен келіседі. «Мен Елбасының әртістерге жыл сайын мемлекеттік стипен-дия беруді назарда ұстайтынына ризашылығымды білдіремін. Бұл бізге қуат береді әрі жұмысты одан әрі ойдағыдай жалғастыруға ынталандырады. Президент Орталық Азияда акустикасы ке-ремет ең әдемі театр салғызды. Мемлекет басшысының арқасында отандық мәдениетімізді дамытуға барлық жағдай жасалып отыр. Тек театр емес, бүкіл Қазақстан бойынша тамаша концерт залда-ры ашылып жатыр. Елбасымыз ұзақ жылға дейін өз лауазымын атқарып, мемлекетіміздің барлық азаматтарын бейбітшілікпен, тыныштықпен және амандықпен қамтамасыз еткенін қалаймын», - дейді «Астана Опера» театрының жетек ші сол ис і , Қазақс тан Ре с п у бл и к ас ы н ы ң Тұ ң ғ ы ш Президенті – Ұлт Көшбасшысы

Қорының грант иегері Жұпар Ғабдуллина.

«Қазақстанның бүгінгі жемісі – ҚР Президентінің кемеңгер басшылығының нәтижесі деп есептеймін. Классикалық өнердің қарыштап басқан қадамына қарап, тұтас мемлекеттің дамуы жайлы сөз қозғауға болады. Ал бүгінде Қазақстан дүние жүзі мәдениетінде лайықты орынға ие», - деп «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова пікірін білдірді. «Астана Опера» теа-тры симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, ҚР еңбек қайраткері Бағдат Әбілхановтың ойынша басқа елдерде президент тарапынан әртістерге мұндай қолдау көрсетілмейді. «Мен шет елдерде көп болдым. Ол жақта біздің Ұлт Көшбасшымыз тура-лы жақсы пікірлер естисің. Мен Президентімізді барлық жағынан қолдаймын» дейді.

«Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі, театрдың барлық ұжымымен бірге еліміз үшін маңызды болып табылатын саяси компанияны қолдайды. «Біз – тұрақтылық, бейбітшілік пен татулық басты басымдық болып табылатын еліміз Қазақ-станда өмір сүрген бақытты жан-дармыз» дейді олар.

Еркежан СӘТІМБЕК

– Еңбек адамының еңсесін көтеруге бағытталған ұйым жетекшілерінің бірі ретінде республика аумағын

аралап, халықпен жиі кездесіп тұрамыз. Жалпы, бар-ша жұрттың, барлық қазақстандықтардың тілегі

бір екеніне көзім жетті. Ол – деннің саулығы, отбасының бірлігі, ағайынның ауызбіршілігі, елдің тыныштығы. Тым қарабайыр көрінер, бәлкім. Бірақ, дәл осы аталған тілектен артық ешнәрсе жоқ. Бүкіл мұраттарымыз осы тілектен бастау алып, ол орындалғанда өзімізді күшті сезінеміз. Мемлекеттің қуаттылығы – осы қарапайым еңбек адамының тілегі жүзеге асып, орнықты жұмысы болып, өмірін мазмұнды өткізуімен де бағаланады. Әлемді дендеп бара жатқан соғыстар мен конфессияаралық қақтығыстар тұрмыстың түйткілді мәселелерінен ұшқындап жатқаны – соның белгісі. Ал әлеуметтік әділдік – осы мәселелердің нақты шешімі. Бұл ретте елімізде әлеуметтік салаға қатысты көптеген шаралардың жүзеге асырылып жатқанының куәсіміз. Әлі де бірлесе атқаратын биіктерімізді межелеп қойдық.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы Елбасына жаңа сенім мандатын беруді қарапайым халық бірауыздан қолдайды деп ойлаймын. Өйткені, Елбасы өз мүддесін халық мүддесінен биік қойған емес. Елбасы қолындағы бақытын бағалай алатын халқымен де мақтана алады. Қарапайым халықтың ой-арманы Елбасының ұстанып келген бағытымен бір арнада тоғысуы, тағы да бір-біріне деген сенімін нығайтып, жауапкершілік жүгін арттырмақ.

– Президент сайлауын межеленген мерзімінен бұрын өткізу – халықаралық тәжірибеде бар

құбылыс. Бұл – біздің халыққа да жаппай танылған шара. Президент сайлауы 2016 жылы өтуге тиістігін

білеміз. Ал, оның мерзімінен бұрын өткізілуі, ең алдымен, мемлекеттің ішкі және сыртқы тұрақтылығы мен орнықты бағдары үшін жасалып жатқан қадам. Сондықтан қоғам Қазақстан халқы ассамблеясының осы бастамасын құптап отыр.

Елбасы өзі негізін қалаған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы да Президентті мерзімінен бұрын сайлауды қолдайтыны туралы талай айтып та, жазып та келеді. Мұның басты себебі – елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың баяндылығына, Мемлекет басшысының халықаралық беделіне сенгендігі деп білемін. Қазақстанның бейбітшілікті қолдап, ұлтаралық келісім мен татулықты сақтай отырып дамып келе жатқаны елдің көкейінен шығып отыр. Сондықтан, бұл сайлау әділ әрі халық қалаған мерзімде өтетініне сенеміз.

– Елімізде Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі Қазақстан халқы ассам-

блеясы кеңесінің ұсынысы көкейге әбден қонымды әрі өте орынды.

Қазақстан Республикасы Конституцияның «Пре-зидент» деп аталатын III бөлімінің 40-бабында былай деп жазылған: «1. Қазақстан Республикасының Президентi – мемлекеттiң басшысы, мемлекет-тiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға». Осындай лауазымды тұлғаға байланысты сайлау болғаннан соң оның мәні мен мазмұны да ең жоғары деңгейде болатыны белгілі.

Сондықтан мен мерзімінен бұрын өткізілейін деп отырған Президент сай-лауын бүгінгі еліміздің ішкі және сыртқы жағдайынан бөлек қарай алмаймын және түсіне де алмаймын. Біріншіден, алда тұрған стратегиялық міндет-мақсаттар халқымызды белсенді ете түсуді аса қажеттілікке айналдырып отыр. Саяси науқандар қашаннан халықты сергітетіні, маңызды істерді жүзеге асыра түсуге жұмылдыратыны белгілі. Ал, бүгінгі еліміздің алдындағы асулар бұрын-соңды қойылып көрген жоқ. Бұл біздің саяси, экономикалық және әлеуметтік иммунитетімізді күшейте, арттыра түсуге игі ықпал етеді. Екіншіден, қазіргі әлемдегі сан салалы күрделі өзгерістер, шапшаң жүріп жатқан қоғамдық құбылыстар бізді жинақы болуға, топтаса түсуімізді қажет етіп отырғаны даусыз. Бұл бағытта да алдымыздағы саяси науқан көп көмектеседі. Осындай себептерден Президент сайлауында белсенділікті барынша көтере түсуді тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы өзінің төл ісі, азаматтық абзал борышы деп түсінуі қажет.

Page 6: 22 (3227) 2015-02-26

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

/

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

О с ы н д а й с ы н д а р л ы с ә т т е б а р л ы ғ ы м ы з д ы ң а у ы з б і р л і г і м і з , болашаққа деген сеніміміз қажет.

Баршаға мәлім, кезекті президенттік сайлау 2016 жылы өтуі керек. Парламент депутаттарының сайлау науқаны да сол жылға жоспарланған. Сайлау науқаны бір күннің шаруасы емес екені белгілі. Оған үлкен дайындық жүргізіліп, қаржылық жоспар бекітіледі. Жаңарған мемлекеттің жаңа Парламентін сайлауға жағдай жасау үшін алдымен ел Президенті сайлануы керек. Сондықтан, Қазақстан халқы ас-самблеясы кеңесінің президенттік сайлау-ды мерзімінен ертерек өткізу жөніндегі ұсынысы өте орынды деп есептеймін.

Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу уақыт талабынан ту-ындап отыр. Қазақстан өзі таңдаған бағытқа ден қойып, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына енуі үшін біз, барлық қазақстандықтар, Президент Н.Назарбаевтың айқындаған саяси бағдарына топтасуға, барлық күш-жігерді алдағы елдік мақсаттарға жұмсауға тиіспіз. Себебі, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры биіктеп, абырой-беделі өсіп, халқымыздың бірлігі жарасып, тұрмысы жылдан-жылға жақсаруына Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі зор.Президенттік сайлау өткізу – еліміз

бен халқымыздың мүддесі үшін өте маңызды, жауапты сәт. Бұл ретте Қазақстанның жарқын болашағы мен гүлденуі жолында қазақстандықтардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстырып, елдегі бірлік, келісім және тұрақтылықты бұрынғыдан да нығайтумен бірге мемлекеттің іргесін бекіте түсуге тиіспіз. Осыған орай, Елбасының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясын және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыра отырып, бұрынғыдан да қуатты, айбынды, бірлігі бекем ел болуға бетбұрыс жасауы-мыз керек.

«Бақ бағалағанның басына қонады» дейді дана халқымыз. Қолда барымыз-ды қадірлеп, бақты бағалай білсек, ел тарихының жауапты кезеңінде тізгінімізді мемлекетімізді талай сын-дардан сүріндірмей өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсырсақ, болашағымыздың баянды, келешегіміздің кемел боларына сенімдімін.

Есенжол БЕКІШЕВ, Астана қаласы мәслихатының

депутаты

Орталықтың жұмысқа ор-наластыру және кәсіби бағдар беру бөлімінің меңгерушісі А.Санат он төрт жастан он тоғыз жасқа дейінгі жастардың жұмысқа орналасуына қатысты әртүрлі кеңестер беріп қана қоймай, оларға бос жұмыс орындарын іздейтіндерін жеткізді. Орталық басшысы Елдос Мертеновтің айтуынша, өткен жылы 119 адам жұмысқа тұрғызылып, 530 адам тәжірибе алмасуға жіберілсе, 630 компа-ниямен ынтымақтастық туралы

келісімшартқа қол қойылған. О д а н с о ң д е п у т а т -

т а р о с ы о р т а л ы қ т а ғ ы «ЭКСПО» халықаралық м а м а н д а н д ы р ы л ғ а н к ө р м е с і н е д а й ы н д а л ы п жатқан еріктілермен кездесті. Жоғары сыныптарда оқитын жеткіншектер тіл үйренумен бірге, еліміздің, соның ішінде Астананың тарихын тереңірек оқып жүргендерін айтты. Әсіресе, олар команда бо-лып топтасып жұмыс істеуге дағдылануға айрықша мән береді. Қалалық мәслихаттың

ә л е у м е т т і к - м ә д е н и д а м у мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Абай Байгенжин еріктілердің дайындық барысына жоғары баға беріп, олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Б ұ д а н к е й і н х а л ы қ қалаулылары Абылай хан д а ң ғ ы л ы н ы ң б о й ы н д а орналасқан «Жас қанат» аула клубында болып, осы маңдағы балалар бос уақыттарын қалай өткізетініне куә бол-ды. Аула клубының жетекшісі

Архан Иманғалиев депутат-тарды мұндағы үйірмелердің жұмысымен таныстырды. Бүгінгі таңда Астанада жиыр-ма аула клубы жұмыс істейді. Оған 500-ден астам бала барады екен. Депутат Зәуре Жүсіпова елорда үшін бұл тым аз көрсеткіш екенін еске-ре келе, «қазiргi уақытта балалардың бос уақытын тиiмдi ұйымдастыруда аула клубтары – бiрден-бiр тәрбие ортасы. Сондықтан, елор-дада аула клубтарының са-нын көбейту керек» деген

ұсынысын алға тартты. Осы үйде тұратын төрт

баланың әкесі Сәкен атты азаматтың айтуынша, екі бірдей баласы осында келіп жүр, қызы биге, ұлы қол күресіне қатысады. Балалардың қалаған үйірмелерде тегін а й н а л ы с у ы н а м ү м к і н д і к тудырғандары үшін игілікті істі ұйымдастырушыларға, ең алдымен, аула клубының жетекшісіне алғысын жеткізді.

С о н а н с о ң қ а л а л ы қ мәслихаттың депутаттары

Интернациональный тұрғын алабында орналасқан «Ар-мандастар» аула клубына ат басын бұрды. Депутат Төкен Егінбаевтың қолдауымен ашылған бұл клубта бүгінгі таңда дойбы, шахмат, үстел теннисi, бокс, күрес, гимнасти-ка, домбыра ойнау, би, футбол және т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Клуб жетекшісі Аза-мат Каримов депутаттарды орталықта атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырса, балалар өз өнерлерін ортаға салды.

Page 7: 22 (3227) 2015-02-26

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

/

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////

////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Жоба аясында партияның қалалық филиалы Ұлы жеңістің 7 0 ж ы л д ы ғ ы н л а й ы қ т ы атап өтуге белсенді дайын-далуда. Осы бағытта Ұлы О т а н с о ғ ы с ы н а қ а т ы с қ а н 253 ардагердің тұрмыстық жағдайы тексеріліп, оларға ба-стауыш партия ұйымдарынан еріктілер бекітілді. Қажет болған кезде олар ардагерлерді м е д и ц и н а л ы қ т е к с е р у д е н өткізіп, дәрі-дәрмектерін сатып әкелумен бірге, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіп отырады. «Жасотандықтар» жекеменшік үйлерде тұратын ардагерлердің аулаларын та-зартып, үй шаруашылығындағы жұмыстарға да көмектесуде. Сонымен бірге біздің фили-ал Ақмоладан шыққан Кеңес Одағының Батырлары және Даңқ орденінің иегерлері туралы материалдарды жи-настыруда көп жұмыс істеді. Осыған орай, елорда жастары соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесулер ұйымдастырып, патриоттық әндер байқауына, экскурсия-лар мен көрмелерге белсене қатысып жүр. Ең бастысы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы қ а р с а ң ы н д а қ а л а м ы з д а ғ ы бірде-бір ардагер назардан тыс қалмауға тиіс. Біз осыған барынша көңіл бөлудеміз.

Елордадағы жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында «Мәңгілік ел: Отансүйгіштік пен ұрпақтар сабақтастығы» т а қ ы р ы б ы н д а л е к ц и я л а р оқылып, тарихи маңызы зор елеулі оқиғалар ескерусіз қалып жатқан жоқ. Мәселен, қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастар арасында белгілі қоғам қайраткерлерімен, жа-зушылар және ғалымдармен кездесулер өткізіліп, «Қазақ хандығының 550 жылдығы: мемлекеттілік тарихы» атты ш а р а ұ й ы м д а с т ы р ы л д ы . « Н ұ р О т а н н ы ң » ж а с мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын да лайықты қарсы алмақшы. Бұл ретте біз «Тыныштық. Бейбітшілік. Достық» акциясын ұйымдастырып, шара аясын-да аллея отырғызуды жоспар-лап отырмыз. Бұл шараларға округіміздің тұрғындары да белсене қатысатын болады.

Өткен жылы атқарылған ш а р а л а р ғ а т о қ т а л с а м , елордадағы Құмкент, Жанкент, Баянтау, Түлкібас және т.б. көшелердің тұрғындарынан к е л і п т ү с к е н ө т і н і ш т е р д і қанағаттандыру бағытында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе оты-рып, бірқатар шаралар жүзеге

асырылды. Алдағы уақытта он төрт көшедегі жол жөнделіп, аулалар абаттандырылып, осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

11 ақпан күнгі Үкіметтің к е ң е й т і л г е н о т ы р ы с ы н д а сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатындағы нақты шараларды анықтап берді. Оның басты мақсаты – мемлекеттің жаңа заманға сай инфрақұрылымын жа-сау. Сондықтан, бүгінгі таңда қалалық мәслихаттың барлық де-путаттары Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруға жұмыла кірісті. Біздің қоғамымызда өзара түсінушілік, бірлік, достық пен барлық қазақстандықтардың тең құқығын нығайта түсуде. Бейбітшілік пен келісім, халық бірлігі – Қазақстанның жетістігі мен тұрақтылығының басты өлшемі. Ендеше, қарапайым халықтың қамын жеп, оларды тыңдап, көмек көрсету – біздің міндетіміз.

Сапар АХМЕТОВ, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиа-

лы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық

мәслихаттың депутаты

Күн тәртібінде он төрт мәселе қаралды. Алдымен Астана қаласы әкімдігінің дер-бес құрамын бекіткен депутаттар одан әрі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережесін талқылады. Содан соң халық қалаулылары қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшы-сы Е.Тілешовтің баяндамасын тыңдады. Басқарма басшысы Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелер мен орамдарды қайта атау туралы әңгімелей келе, елордадағы бірнеше көшеге Шыңғыс Айтматовтың, Өзбекәлі Жәнібековтің, Ұзақ батырдың, Жәрмеңке абыздың, Шәймерден Қосшығұлұлының, Ілияс Омаровтың, Жантай батырдың, Зейін Шашкиннің, Әмина Өмірзақованың, Рақымжан Дүйсенбаевтың, ал Л.Мирзоян көшесіне Қаныш Сәтбаевтың есімін беру тура-лы ұсынысын жеткізді. Депуттар бұл ұсыныстарды бірауыздан қолдады. Осылайша, бас қаладағы Левон Мир-зоян атындағы көше Қаныш Сәтбаев көшесі болып өзгертілді. Сондай-

ақ, Дарабоз көшесі мен А.Тоқпанов көшелері біріктіріліп, Асқар Тоқпанов көшесі деп қайта аталатын болды. Мәселені талқылау барысында қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов Астана қаласы көшелерін атау және қайта атау кезінде нақты ережелерге сүйену керектігі жөнінде аталмыш басқармаға бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар жасалғанын айта келе, алдағы уақытта олардың орындалатынына сенім білдірді.

Сессия барысында елорда әкімдігі жанындағы кейбір ведомствоаралық к о м и с с и я л а р д ы ң қ ұ р а м д а р ы н а өзгерістер енгізіліп, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байла-нысты жер учаскелерін немесе жыл-жымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобалары, Аста-на қаласының аумағында құрылыс жүргізу ережесі туралы жобалар бекітілді. Сонымен бірге мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Рыскүл Қауғабаева алдымен депутаттарды елордадағы кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға бағытталған жұмыстармен таныс-тырды.

Бағдарлама шеңберінде 409 жоба мақұлданып, төрт мың жұмыс орны ашылғанын айта келе, басқарма басшысының орынбасары осы бағытта жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға, соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелеріне тоқталды.

– Азық-түлік өндірісі өсіп келеді. Осылайша, біз сүт өндірісі және сүт өнімдері, шұжық, макарон

мен ұн, алкогольсіз сусын, жар-тылай фабрикат, нан-тоқаш пен кондитер өнімдері саласында 24 инвестициялық жобаны қолдадық. Осының барлығы елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасап отыр, - деді Р.Қауғабаева.

С о н ы м е н б і р г е қ а л а л ы қ К ә с і п к е р л і к ж ә н е ө н е р к ә с і п басқармасы биыл 4 жаңа өндіріс ашуды жоспарлауда. Бұл ретте тігін құрал-тоқыма жабдықтары өндірісінің «Астана Ютария ltd» инновациялық өндірістік компа-ниясы» ЖШС; «GLB» Астана қаласындағы үй құрылысы комбина-ты» ЖШС және тағы басқа жобалар жүзеге асырылмақшы.

Page 8: 22 (3227) 2015-02-26

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Менің атам полковник Нұраш Байтенұлы 1924 жылы 23 қазанда қазіргі Ақмола облысындағы Қорғалжын ауданында дүниеге келді. 1941-42 жылдары орта мектепте мұғалім болған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, мергендер тобында соғысқан. Ерекше байсалдылығымен, табандылығымен әрі жанқиярлығымен көзге түсіп, ерлігі үшін бірнеше рет марапатталған. Соғыстан оралған соң Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде ұзақ жыл жұмыс істеп, зейнетке шықты. Өмір жолында жастарға өнеге болды.

Атам 8 бала өсіріп, тәрбиелеген. Өзінің жұмысбастылығына қарамастан, ол балалары-на, тіпті немерелеріне әрдайым көңіл бөліп, сабақтарына көмектесіп отыратын. Атамнан соғыс туралы айтып беруін өтінген кезде «Соғыс – адамзат жүрегінде, тарихта қалған

мыңжылдық жара. Біз барлық қиындыққа қарамастан жеңіске жеттік. Себебі, От-анымыз бен халқымызды сүйдік» деп жауап қататын.

Атамның әңгімелерінен ұққаным адамгершілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттер адамды биік мақсаттарға жетелейді. Өзі де бізді осы жолда өмірінің соңына дейін тәрбиеледі. Бүгінгі ұрпақ бақытты, қайғы-мұңсыз өмір сүріп жатыр. Осының барлығы менің атам сияқты жауынгерлердің арқасы. Қазақстан – ынтымағы жарасқан бейбіт ел. Біз, жастар, тыныштықтың қадірін біліп, жақсы білім алуымыз керек.

Аида УВАЛИЕВА,№61 орта мектептің

8-сынып оқушысы

Ұлы Отан соғысында мыңдаған қазақ баласы кеңес әскерінің қатарында фашистік басқыншыларға қарсы ұрыс жүргізді. Солардың бірі – менің атам Қайболла Ра-мазанов. Атам қайратты, өжет кісі болыпты. Майданда бірнеше жерінен жарақат алған ол Жапон соғысына да қатысып, «Жапония-ны жеңгені үшін» деген медальмен марапатталған. Соғыс аяқталған соң аман-есен еліне оралып, ауылында орманшы болып абыройлы еңбек етіпті.

Атам 1916 жылы Целиноград облысы Бөрлі ауылында дүниеге келген. Ол 2003 жылы 87 жасында өмірден озды.

Ер азаматтардың жаппай соғысқа кетуі әйел адамдардың мойнына көп жүк артты. Сонау қиын кезеңде бар ауыртпалықты көтере білген әжем Мәлиза Рамазанова бала кезінен тауқымет көріп өсіпті. Он сегіз жа-сында тұрмысқа шыққан әжем отау құрғандарына ай толмастан атам Қайболла Рамазановты майданға шығарып салады. Соғыс уақытында теміржол салып тылда еңбек еткен әжемнің «Тыл еңбеккері» деген медалі бар. «Радиодан күн сайын қанша солдат қаза болғанын естіп,

көзімізге жас алатынбыз. Соғыстың аяқталуын тағатсыздана күттік. Бір Алладан азаматтарымыздың аман-есен келуін тіледік, қарағым» деп әжем өткен күндерді күрсініспен есіне алады.

Қазіргі уақытта әжем үлкен ұлы Сағат Рамазановтың қолында тұрады. Жасы тоқсанға келсе де, қимылы ширақ, кез келген адаммен әңгімесі жараса кетеді. Әлі күнге дейін бізге сол кезде басынан өткен ауыр күндерді баяндап отырады. Бата берген сайын айтатыны – «Соғыс болмасын, тыныштық болсын» деген тілек. Әжемізге әр мерекеде мектептерден оқушылар үнемі келіп сый-сыяпаттарын жа-сап, құрмет көрсетіп тұрады.

Сұм соғыс мыңдаған қандасы-мыздың өмірін қиды, қанша әйелді жесір, қанша баланы жетім етті?! Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр. Жеңістің оңайлықпен кел-мегенін, онда әр майдангердің тағ-дыры жатқанын есімізден шығар-майық...

Перизат НҰРҒАЛИЕВА,Әлкей Марғұлан атындағы

№40 орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Менің атам, Ұлы Отан соғы-сының ардагері, екінші топтағы мүгедек Кәкман Әлменбетұлы 1923 жылы Қарағанды облы-сының сол кездегі Қарсақпай ауданындағы Сарысу колхо-зында дүниеге келген. Ел басы-на қатер төнген қиын кезеңде ол кісі де Отан қорғау үшін майданға аттанады.

Ұлы Отан соғысында атам бірінші Украина майданыны-н ы ң 3 3 6 - д и в и з и я с ы н ы ң 1130-атқыштар полкінде со-ғысты. Жеңіске жету жолындағы жауға қарсы шайқаста Берлин қаласына 250 шақырым қалғанда ауыр жарақат алып, госпиталға түседі.

«1945 жылы 29 наурыз күні шабуыл кезінде оң жағымнан бір солдаттың қиналып жан-ұ ш ы р а а й қ а й л а ғ а н д а у с ы естілді. Соған басымды бұрып қарағаным сол еді, маған да оқ тиіп жарақаттаныппын. Есімді жиып, көзімді ашсам Николай атты майдандас жолдасым мені сүйретіп бір шұңқырға әкеліпті. Ол маған «жарақатың ауыр,

Суретте – Мәлиза әже, Қайболла ата, баласы Амантай, немересі Нұрлан.

бірақ өлмейсің, еліңе ораласың» деп, менімен қоштасып әрі қарай шабуылға қойып кетті. Одан кейін мен оны көрген жоқпын. Оқ сол жақ жағымнан тиіп, тістерімді қағып, оң жақ сүйегімді сынды-рып, иығымнан тесіп өтіпті» дейді атам.

Содан, Кисловодск қаласында госпиталде 7 ай жатып емделіп 1945 жылдың қазан айында көптеген майдандастары секілді соғыстан елге мүгедек болып оралады. Ауылға келгеннен соң еңбекке араласып, еліміздің өркендеуіне үлес қосты. Атамның соғыстан кейінгі барлық еңбек жолы Қарағанды облысының сол кездердегі Қарсақпай және Жезді ауданындарында, яғни, қазіргі Ұлытау ауданында өтті.

Атам 1946-48 жылдарын колхоз құрылысында еңбек етті. 1948-55 жылдары ауылдық кеңестің хат-шысы, 1955-63 жылдары ферма меңгерушісі болып қызметтер атқарды. Ал, 1963 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша колхоз-совхозда ауыл шаруашылығының әртүрлі саласында жұмыстар

істеді. Еңбек еткен жылдарында ауылдық кеңестің алты рет депу-таты болды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері және бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегі үшін атам бір орден, он бір медалмен, сонымен қатар, бірнеше мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды.

Соғыстан оралған соң отау құ рып, әжеміз екеуі үш ұл, екі қыз тәрбиелеп, ешкімнен кем қыл май өсірді. Бүгінде біздер, неме ре лері, есейіп жоғарғы оқу орындарын бітіріп, еңбек етіп жүрміз.

Балаларының үлкені Сәбек Әлменбетов көкем бүгінде зейнеткерлікке шығып, Аста-на қаласында тұрып жатыр. Екінші ұлы Болат көп жылдар бойы Жезқазған облысының Жезді ауданы және Жезқазған қаласында дәрігер болып жемісті қызмет атқарды. Ол – «Қазақтан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағының ие гері. Ал, кішісі менің әкем Ғарифолла Қазақстан Респуб-ликасы Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істейді. Әкем – «Қазақстан Рес-публикасының құрметті байла-нысшысы» атағының иегері. Қыздары Мағауия мен Ағияның біреуі зейнетте болса, бірі қаржы саласында жұмыс істейді.

Біз, ұрпақтары, атамның сол сұрапыл соғыстың қатал жыл-дарында Отан қорғаушылардың қатарында болғанын, ел қорға-ғанын мақтан тұтамыз.

Жанар КАКМАНОВА«KazTransCom» АҚ

Астана қаласы филиалының қызметкері

Page 9: 22 (3227) 2015-02-26

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Өлеңдер оқылып, оқырман сау-алдарына жауап берілгеннен кейін университет ұжымы қонақтарды ақ дастарқан басында күтті. Ақжарма тілектерін айтып, лебізін білдіріп жат-ты. Дәл осы басқосуда университет қызметкерлерінің бірі Қайырбек ағаға: «Күләш апамызға тәтті-тәтті сөздер айтып жүрсін деп, сізге мынадай тәтті шоколад бергіміз келіп отыр» деген. Елең ете қалдым. Жырлары лирикаға толы, аса сезімтал, жаны нәзік Күләш ақынның жарына бұлай дегені несі деп ойладым. Несін жасырайын, сол сәт ақын әйелді қаншалықты аялап ұстап жүр дегендей, Қайырбек ағаға сырттай сынай, барлай қарадым. Бірақ, күдігім, қуанышыма орай, орынсыз болып шықты. Алдында бір өлең оқығаны болмаса, онша ақтарылып сөйлей қоймаған Қайырбек ағам сол отырыста ашық-жарқын әңгіме айтып, жұртты елітіп отырды. Сөйлеген сайын аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдаған адал жан екені аңғарылып жатты...

* * *«...Қайырбектің Асқар Кіребаев,

Серік Әлімбетов, Келдібай Уәйісов деген ақын достары ықылас-пейілін

аямай қонақ қылған соң, қалаға дейін шығарып салды.

Күн боранды екен. Тереңөзектен Қызылордаға дейін олар мәшинемен келген. Қызылорданың әуежайына жеткендері сол, әлдекімнің гүрілдеген дауыспен өлең оқып тұрғанын естіді. Қарап еді, поэзия әлемінің ақтаңгері Мұқағали ақын екен.

Сыбызғыдай сызылтып азалы үнін, Өкпек желі соққанда Қазалының,Тосырқама, ен де кет бір үйінеҚазалының кез келген қазағының... Жан баласын жатырқамайтын

ақынның өлеңдерін бір топ кісі ауыз-дарын ашып тыңдап тұр. Күләш пен Қайырбекті жас ақындар ретінде біраздан бері танитын Мұқағали қуанып кеп кең құшағына алды. Өзі Қазалыдан қайтып келе жатыр екен.

Ұшаққа отырған соң өлең оқу тоқ-та лып, әңгіме басталды. Күләш пен Қайырбектің отау тіккенін естіген ақын айрықша тебіреніп, тілегін білдірді. Сөйтіп, біраз үнсіз отырды да:

– Қайырбек! – деді ақын. Күләш қарап еді, ақынның жүзін мұң көлегейлеп, әлденеге жаны ауырып тұрғандай екен. Сонда да ол сөзін жалғап отыр. Қабағы

түйіңкі: – Сен, қарағым, көп қыздың бірін алып отырған жоқсың. Күләш – ақын. Жанып тұрған ақын. Ендеше жыр тағдыры, өлең тағдыры саған аманат!..

Мына сөзді естігенде Күләш жылап жіберуге шақ қалды...

Алматыға жеткен соң Мұқағали ақын Қайырбекті өзімен бірге үйіне ертіп кеткен. Күләш жатақханаға түнемекке Ізімкүл мен Несіпкүлге еріп, студенттер қалашығын бетке алды...»

Бұл – «Күләш Ахметова» кітабынан үзінді.

Мұқағали ақыннан осындай сөз естігелі, Қайырбек Асанов қос бірдей қастерлі аманат арқаланып келеді.

Иә, ақын Қайырбектің мойнында қашаннан екі аманат бар. Екеуі де әдебиетке қатысты. Оның бірі – әлгінде еске салып өткеніміздей, ақын қызға үйленгеннен кейін Мұқағали жақсылап көкейіне құйған Күләш жырының тағдыры болса, екіншісі – өз өлеңдері, өз ақындығы.

Расында, Алла адамға ананы, баланы, жарды аманат етіп беретіні секілді, жан-жүрекке өнерді де үлкен жауапкершілік етіп жүктейді екен.

Б а с қ а ш а а й т с а қ , к е з к е л г е н

Әдебиеттегі алар орнына қарай әр түрлі марапаттарға ие болды.

Айтпақшы, біздің ойымызша, жігіттің жігіті, ердің ері болмаса, ақын әйелді аялап ұстау – екінің бірінің қолынан келе бермейтін жақсылық. Ал Қайырбек Аса-нов қай кезде де ақын жарына барынша сүйеу болып келеді.

Нәзіксің ғой жаңа өскен гүлден де,Нұр төгілер езу тартып күлгенде.Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,Сен Ас үй жақта ыдыс жуып жүргенде.

Үй тірлігі – барлығы да назарда,Сенсіз үйде қайнамайды қазан да.Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,СенКеткеніңде жылдам басып базарға.

Жүрмейсің де мендей жиі думанда,Қолың сенің шықпай қойды судан да.Әдемі өлең жазылмады-ау деймін,СенКөпіршітіп кір көйлекті жуғанда.

Таразылап көз тастасаң өткенге,Жоқ емес-ау маған сенің өкпең де.Өлең жазған жарасады ақынға,

ол кейде өзінің сүйген жарына, сүйікті ұлына, қылықты қызына, сол секілді асыл анасына, туған елі мен жеріне деген махаббаттын айтып, қалам тер-бесе, ендігі бір жырла рында табиғатты жырға қосады. «Дүниеге қараймын ғашық көзбен» деп, Алла жаратқан бүкіл әлемді, өмірді бала көңілмен сүйеді. «Көктем келді» деген өлеңіндегі:

Қайран көктем, сен-дағы өтесің-ау,Жүректерде қалмайды от осынау.Қызыл-жасыл әлемнің ғажаптығынБәріне де дәлелдеп кетесің-ау... –

деген жолдар секілді, көгілдір көктемі бар өмірді қоңырқай күзімен қоса, қуа-нышты, бақытты сәттері бар ғұмырды көңілсіздігі мен мұңымен қоса жақсы көріп, бағалай біледі.

Бұл – ақынның «имандымын» демесе де – имандылығын, «тазамын, пәкпін» демесе де – тазалығын, кіршіксіз пәктігін аңғартып тұрғандай.

Биыл жетпіс жасқа толып, қариягер-шілік сөзін айта бастаған, кейінгі жас-тарға үнемі тілеулес болып отыратын ақжарқын ағамызды біз сол үшін де жақсы көреміз.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Жас ұлғая бере ми қызметінің белсенділігі азая береді. Егер біз бұрын еш қиындықсыз назарымызды бір орынға тоғыстырып, оны жарты сағат бойы ұстап тұра алсақ, алайда қазірде жинақты күйде он минутта тұрудың өзі қиын болды.

Есте сақтау қабілетімізд ің бұрынғыдай еместігін жиі байқап жүрміз және бірдеңені есімізге түсіру үшін, миға күш салуымыз керек. бұдан өзге, көпшілігімізде «бастағы тұман» деп аталатын ақпаратты ойлап және қабылдауға кедергі келтіретін құлақтың шуылы байқалады. Бұлардың барлығы уақыт өте келе тек қана ұлғая түсетін қауіпті

белгілер. Егер жақсы дәрі-дәрмек таңдап алсаңыз, жасыңыз ұлғайғанға дейін ақыл-ой айқындығын, жақсы жады мен қимыл-қозғалыс тездігін сақтауға болады. Дәрігерлер миға арналған табиғи НООТРОП дәрі-дәрмегін қабылдауды ұсынады.

НООТРОП – әр күнде миды белсенді қолдау.

Оның құрамы өсімдік заттек-терінен, дәрумендерден және микроэлементтерден жасалған. Б а р ш а м ы з ғ а б е л г і л і г л и -

цин, «жады шөбі» готу кола, б ү к і л ә л е м г е т а н ы м а л г и н г о билоба, миға пайдалы В3, В6, В5, В12 дәру мендері менсирек кездесетін К1 дәрумені.

НООТРОП дәрі-дәрмегінің құрамындағы белсенді табиғи

компоненттердің одағы – бұл Сіздің миыңыздың жаңа мүмкіндігі. Курс-пен НООТРОП-ты қабылдай отырып, Сіз өзіңіздің есте сақтау қабілетіңізді, ойлауыңызды қолдай-сыз, қимыл-қозға лысыңызды

жыл дам датасыз, ақыл-ой төзім-ділігіңізді және назарыңызды шоғырландыруды арттырасыз.

НООТРОП-тың ешқандай хи-миядан тұр майтындығы маңызды. Оның құрамында нағыз табиғи және көп ғасырлар бойғы тәжі-рибемен тексерілген өсімдіктер мен табиғи компоненттер ғана бар. НООТРОП-тың осындай емдік құрамының арқасында оны қартайған шақта да қабылдауға болады.

НООТРОП дәрі-дәрмегімен кез келген жаста миыңыздың мүмкіндігін жақсарта алаты-ныңыз ды есіңізге сақтаңыз. www.nootrop.kz

өнер, қабілет адам бойындағы от сықылды. Оны өз жөнімен пайдала-нып, сыртқа шығарып отырмаса, өзі өртеніп өтеді. Иә, өнер – кие. Бойға біткен ғазиз өнерді игеріп, игілікке жарата алмаған адам бақытсыздыққа ұшырайды. Шығармашылық бақыты тұншықтырған сайын теріс күшке, азапқа айналады. Әйтеуір, көптеген өнер иелері тағдырының түйіндері осылай дейді...

Сол себепті де, бойына сөз қонған Қайырбек Асанов жары – ақын Күләшқа, оның шығармашылығына қолдау көрсетіп отырды. Өзі де ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Заман – Қазақстан», тағы басқа басылымдарда журналистік қызмет атқара жүріп, өлеңін де өгейсітпеді. Әр жылдарда «Тұңғыш», «Сүйемін сені», «Ғашық ғұмыр», «Сен жанымда жүрсең», «Ағайынға ақ тілек», «Күннің нұры – қуатым», «Ма-хаббат», «Адалдық – асыл мұратым» атты жыр жинақтары жарық көрді.

Гүл өскені жарасқандай көктемде!

Шабыт беріп туған жерің, мекенің,Шыққан емес ешқашан да жеке үнің.Елдің қызы, ердің жары болудыңТүсінемін тым жауапты екенін.Ақынның бір ғана осы «Әдемі өлеңді

аңсау» атты өлеңінің өзі оның аманатқа қаншалықты адал, қандай пәк адам екенін көрсеткендей.

* * *Ақынның бірқатар шығармалары

ақын жарға, туған-туыс, ана-анаға, балаға арналғаны рас. Бәрінде де ол өзінің риясыз көңілін, адал жүрегін, пәк сезімін айтып, ақтарылады. Иә, әдемі сезімдерді жыр қылып жазып, мойын-дау да – төрелік, ірілік. Бұл тұрғыда, Қайырбек ақынның бойындағы әсіресе кеңдікті, дарқандықты танымау, бағаламау мүмкін емес.

Қалың оқырманының бірі ретінде байқағаным, Қайырбек Асановтың шығармашылығы кілең іңкәрліктен тұрады екен. Жаңа айтып өткеніміздей,

Қайы

рбек

Аса

нов ж

ұбай

ы Кү

ләш

Ахме

това

мен б

ірге

Page 10: 22 (3227) 2015-02-26

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

сақтандыру қорын жасау жөнінде іс-шаралар өткізу;19) қазіргі заманғы технологияларды, соның ішінде автоматтан-

дырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері мен дерекқорды енгізу, сондай-ақ Мемлекеттік мұрағаттағы Қор құжаттары бойынша ақпараты іздестіруді қамтамасыз ету үшін мұрағаттық анықтамалықтардың қолданыстағы жүйелерін жетілдіру;

20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1583 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;

21) Астана қаласының мекемелері мен ведомстволарының, ұйымдары мен кәсіпорындарының ведомстволық мұрағаттарының және құжаттаманы басқару қызметтерінің жұмысын үйлестіру, өз құзыреті шегінде мемлекеттік ұйымдарға, мемлекеттік емес құрылымдарға және азаматтарға әдістемелік көмек көрсету;

22) Мемлекеттік мұрағатқа Қордың мұрағаттық құжаттарын тұрақты сақтауға беру үшін іріктеу мен беру үдерісін реттеу;

23) Мемлекеттік мұрағатта сақталудағы құжаттарды жариялау мен пайдалану, білім беру, ғылыми және әлеуметттік-мәдени мақсатта пай-далану үшін өзекті тақырыптар бойынша Мемлекеттік мұрағаттағы құжаттар туралы ақпарат беру;

24) деректі ескерткіштер мен өзге де ерекше бағалы құжаттарды жариялауды ұйымдастыру;

25) электрондық құжатайналым мен электрондық мұрағаттар жүйелерін енгізу мен олардың жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;

26) «Әкімдіктің электрондық мұрағаты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің екінші кезеңін әзірлеуге, келісу мен іске асыруға қатысу;

27) Қор құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы ақпаратқа және деректер жиынтығына (каталогқа) жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;

28) мұрағат қорларын, мұрағаттық топтамаларды Қазақстан Респу-бликасы тарихи-мәдени мұрасының объектілеріне жатқызу жөнінде іс-шаралар өткізу, оларды тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне қосу туралы ұсыныстар дайындау;

29) халықаралық іс-тәжірибені зерделеу және мұрағат қызметінің мәселелері бойынша шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара жұмыс істеу;

30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:1) Астана қаласының аумағында Қазақстан Республикасының

мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

2) басқару органдарынан, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан ведомстволық мұрағаттар мен құжаттаманы басқару қызметтерінің жұмысы, мемлекеттік есепке алынған және олардың сақталуындағы Қор құжаттары мен тарих және мәдениеттің деректі ескерткіштерінің жай-күйі туралы қажетті материалдарды алу;

3) осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық ведомстволық бағынысты мұрағат мекемелері үшін орындауға міндетті, ал Қор жұмыс істеуі және мұрағат ісі мен құжат жасауды реттеу мәселелері бойынша - меншік нысанына қарамастан қаладағы барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығару, нұсқаулар беру және олардың орын-далуын тексеру;

4) өз құзыреті шегінде ведомстволық нормативтік және әдістемелік құжаттарды, сондай-ақ ведомстволық мұрағаттар мен құжаттаманы басқару қызметтері жұмысшыларының біліктілігін көтерудің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және бекіту (келісу);

5) ведомстволық мұрағаттар мен құжаттаманы басқару кызметтерінің жұмысы мәселелері бойынша Астана қаласы ұйымдарының өкілдерін тыңдау;

6) өз құзыреті шегінде Астана қаласындағы Қор құжаттарын және тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштерін қорғау мен пайдалану туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар мен азаматтарды жауапкершілікке тарту туралы материалдарды сот сатыларына беруге дайындауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды қолдану;

7) Қалалық сараптау-тексеру комиссиясы және Қалалық құпия

сараптау-тексеру комиссиясы жұмыс органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыру;

8) Мемлекеттік мұрағаттың қызметін бақылауды жүзеге асыру;9) белгіленген тәртіппен мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару,

Қор құжаттарын, тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша конференциялар, мәжілістер, семинарлар өткізуді ұйымдастыру;

10) консультациялар беру, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мәселелерді зерделеу мен шешу үшін, сон дай-ақ құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жүр гізетін қызметтердің жұмысына қатысу үшін келісім-шарт не гізінде, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық негізінде ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;

11) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан мұрағаттар жұмысы және іс жүргізу жай-күйі туралы қажетті мәліметті сұрау мен алу;

12) сот қарауында талапкер немесе жауапкер ретінде әрекет ету.

3. Басқарманың кызметін ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатады.

20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшылары болады.

21. Басқарма басшысының өкілеттігі:1) Басқарма жұмысын басқаруды ұйымдастырады және жүзеге

асырады, Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма мүддесін білдіреді;

3) Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттерін белгілейді және жауапкершілік дәрежесін айқындайды;

4) өз құзыреті шегінде Басқарма кызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

5) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

7) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуына жауап береді.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Басқарма басшысы бөлім басшыларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

23. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ше

көзделмесе, Басқарманың оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және қысқарту

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманы қайта ұйымдастыру немесе қысқарту жағдайында мүлікті қайта бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Басқарма қарамағында «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі бар.

20.01.2015

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-ба-бына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны

ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында кейінгі жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Қ. Мамытбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің2015 жылғы «20 » 01

№ 193-84 қаулысынақосымша

1. Жалпы ережелер

1. «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Аста-на қаласының аумағында мұрағат ісі және ісжүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволары жоқ.3. Қазақстан Республикасының Конституциясына және

заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына

сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Баскарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен

жүзеге асырылады.13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың

функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға Қазақстан Республикасы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының аумағындағы тарих және мәдениеттің деректі ескерткіштерін сақтау, пайдалану және қорғау, Астана қаласының аумағында мұрағат ісі мен кұжаттама саласында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік билік ор-гандарында, ұйымдық-құқықтық меншігінің түрлеріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда мұрағат ісінің жай-күйі мен дамуына жауапты, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының (бұдан әрі - Қор) Астана қаласының аумағында қалыптасатын және сақталатын кұжаттарын басқарады.

15. Міндеттері:1) Астана қаласының аумағында мұрағат ісі мен құжат жасауда

бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) Астана қаласының аумағындағы Қор құжаттарын сақтау,

жинақтау мен пайдалануды ұйымдастыру; 3) Астана қаласының аумағындағы Қор құжаттарынының

мемлекеттік есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;4) Астана қаласының аумағындағы тарих және мәдениеттің

деректі ескерткіштерін қорғау, сақтау мен пайдалану;5) Астана қаласының аумағында пайда болатын құжаттардың

ғылыми және іс-тәжірибелік құндылығын сараптауды ұйымдастыру;6) Астана қаласының аумағындағы Қор құжаттары бойынша

дерекқор құру;7) ұйымдық-әдістемелік басшылық ету және іс жүргізу жай-

күйін, Аста на қаласының аумағындағы құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;

8) «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекеме сінің (бұдан әрі - Мемлекеттік мұрағат) қызметін бақылау мен үйлестіру;

9) Қалалық сараптау – тексеру комиссиясы және Қалалық құпия сараптау-тексеру комиссиясы жұмыс органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыру;

10) жеке және заңды тұлғалардың сауалдары мен өтініштерінің орындалуын бақылау;

11) «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің көрсетілуін қамтамасыз етуді бақылау мен ұйымдастыру;

12) Мемлекеттік мұрағат қорларын құру;13) Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды сақтауға тапсыратын

Қорды құру мен толықтыру көздерінің құрамын белгілеу;14) өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен келісім бойынша Қор

құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталудағы құжаттардың сақталуына, сондай-ақ Астана қаласының аумағында мұрағат ісі мен құжаттама бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

15) мұрағат ісі мен құжаттама жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен топтамалар иелерін әдістемелік, ақпараттық және консультациялық қамтамасыз ету;

16) мұрағаттану, құжаттану және археография саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;

17) өз құзыреті шегінде мұрағаттану, құжаттану және археография мәселелері бойынша ұсынымдар мен әдістемелік құралдар әзірлеу;

18) Астана қаласы мұрағат мекемелерінің, ведомстволық мұрағаттар мен құжаттама басқару қызметтерінің озық тәжірибесін зерделеу мен тарату;

19) мұрағат ісі мен құжаттама жүргізу бойынша ғылыми - іс-тәжіри белік конференциялар, мәжілістер, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру мен өткізу;

20) мұрағат ісі мен құжаттама жүргізу саласында алыс және таяу шетелдермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

21) Мемлекеттік мұрағаттың материалдық-техникалық базасын дамытуды қамтамасыз ету;

22) Мемлекеттік мұрағаттағы азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйін бақылау;

23) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын сақтау;

24) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаты іске асыру;25) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және олардың қызметі өсуі

кезінде гендерлік теңдік нормаларын сақтау;26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де

міндеттер.16. Функциялары:1) Астана қаласының аумағындағы Қор құжаттарын жинақтау

мен сақтау жөнінде ұйымдық шараларды жүзеге асыру, Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды тапсырудың белгіленген тәртібін сақтауды қамтамасыз ету және оны мемлекеттік емес құрылымдардың ұйымдары мен азаматтардың меншігіндегі тарих және мәдениеттің деректі ескерткіштерімен толықтыру;

2) Мемлекеттік мұрағат пен ведомстволық мұрағаттардағы Қор құжаттарының мемлекеттік орталықтандырылған есебін жүргізу, Қордың таратылған заңды тұлғалардың жеке құрамы бойынша құжаттарының сақталуы мен пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3) мұрағаттық құжаттардың одан әрі мұрағаттарда сақталуы не-месе ықтимал жойылуы мәселесін шешу үшін олардың құндылығын мемлекеттік сараптау жөнінде шара қабылдауды бастамашылық ету;

4) Қалалық сараптау-тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

5) Қалалық құпия сараптау-тексеру комиссисының қызметін ұйымдастыру;

6) өз құзыреті шегінде мұрағат ісі, құжаттама жасау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша нормативтік құжаттар мен әдістемелік құралдарды әзірлеу мен бекіту;

7) Мемлекеттік мекемелердің және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару ережесін, Сараптау комиссиясы және ведомстволық мұрағат туралы ережелерді, сондай-ақ істер номенклатурасы мен құжаттардың сақталу мерзімдерін көрсетумен олардың ведомстволық тізбелерін келісу;

8) Мемлекеттік мұрағаттың қызметі мен құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

9) Мемлекеттік мұрағатқа мүлікті бекітеді;10) Мемлекеттік мұрағатты қаржыландырудың жеке жоспарын

бекіту;11) Мемлекеттік мұрағат мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге

асыру;12) Мемлекеттік мұрағаттың Жарғысын бекіту, оған өзгерістер

мен толықтырулар енгізу;13) Мемлекеттік мұрағат басшысының құқықтарын, міндеттері

мен жауапкершілігін, оны атқарып отырған лауазымынан босату негіздерін белгілеу;

14) Мемлекеттік мұрағаттың құрылымын және штатының шекті санын бекіту;

15) Мемлекеттік мұрағат басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындау және қызметтен босату;

16) Мемлекеттік мұрағаттың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;17) Мемлекеттік мұрағат жұмысының іс-тәжірибесіне құжаттар

мен деректі құжаттарды сақтау, қалпына келтіру, консервациялау, пайдалану, қорғаудың ең оңтайлы жүйелері мен әдістерін енгізу;

18) Мемлекеттік мұрағатта Қор құжаттары көшірмелерінің

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 197-1934 қаулысына мынадай

өзгерістер енгізілсін:жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «2015

жылғы 20 ақпаннан 2016 жылғы 20 ақпанға дейін» деген сандар мен сөздер «2015 жылғы 10 мамырдан 2016 жылғы 10 мамырға дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы

21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Page 11: 22 (3227) 2015-02-26

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

24.02.2015

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 197-80 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:«Меншік иелері мен жер пайдаланушылар» деген бағанда:9-тармақтағы «Бердиеров Талгат Нишанбаевич» де-

ген сөздер «Пәтер бюросы» АҚ» деген сөздермен және

әріптермен ауыстырылсын;15-тармақтағы «Жусупова Кульжан» деген сөздер

«Пәтер бюросы» АҚ» деген сөздермен және әріптермен ауыстырылсын;

21-тармақтағы «Лисицкий Александр Степанович» деген сөздер «Гамеза Екатерина Кирилловна» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Жер учаскесінің орналасқан жері» деген бағанда 5-тармақтағы «1089» деген сандар «1048» деген сандармен ауыстырылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 197-81 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:«Меншік иелері мен жер пайдаланушылар» деген бағанда:3-тармақтағы «Киселова Светлана Ивановна» деген

сөздер «Пәтер бюросы» АҚ» деген сөздермен және әріптермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «Исмагамбетова Назира Карауловна»

деген сөздер «Пәтер бюросы» АҚ» деген сөздермен және әріптермен ауыстырылсын;

6-тармақтағы «Рысбаев Рашат Емелжанович» деген сөздер «Пәтер бюросы» АҚ» деген сөздермен және әріптермен ауыстырылсын;

13-тармақтағы «Касаткина (Середа) Надежда Геннадьев-на» деген сөздер «Пәтер бюросы» АҚ» деген сөздермен және әріптермен ауыстырылсын;

17-тармақтағы «Райымбеков Серик Хасенович» деген сөздер «Бек-Жолы НС» ЖШС» деген сөздермен және әріптермен ауыстырылсын;

«Жер учаскесінің орналасқан жері» деген бағанда 16-тармақтағы «113» деген сандар алып тасталсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

24.02.2015

«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 1804-1901-ММ мемлекеттік тіркеу куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері Имят Сунтаевтың

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы «№ 3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК директорының орынбасары

Оспанов Ерлан Қабдрашитұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасының, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 197-76 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:«Меншік иелері мен жер пайдаланушылар» деген бағанда:36-тармақтағы «Данилов Слава Евгеньевич» деген сөздер

«Тлешова Лязат Токсановна» деген сөздермен ауыстырылсын;37-тармақтағы «Болатұлы Жігер» деген сөздер «Онгар-

бекова Рысжан Ержановна» деген сөздермен ауыстырылсын;59-тармақтағы «Павленко Светлана Александровна»

деген сөздер «Әбди Анар Әбдіқалыққызы» деген сөздермен

ауыстырылсын;63-тармақтың «Жер учаскесінің орналасқан жері» деген

бағанындағы «599» деген сандар «57б» деген сандармен және әріппен ауыстырылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм Ә. Жақсыбеков

Қазпочтаның жаңа клиенттері аталған жеңілдікті пайдалану үшін бар болғаны жеке басын куәлендіретін құжатты ұсыну негізінде ағымдық немесе карточкалық шот ашып, төмендегі көрсетілген басылымдардың бірін таңдауы қажет:

1. екі аптада бір рет шығатын «Дом, сад, ого-род» басылымы;

2. екі аптада бір рет шығатын «Моя прекрасная дача» басылымы;

3. аптасына жинақталып бір рет басылып

шығатын «Айқын» газеті;4. аптасына жинақталып бір рет басылып

шығатын «Литер», номер газеті.Акция – 2015 жылдың 2 наурызы мен 3

сәуірі аралығында жүргізіледі. Өз таңдау-ларыңызды жасаңыздар, туған-туыс тарыңыз бен жақындарыңызға, таныстарыңыз бен көршілеріңізге хабарлауға асығыңыз!

Өздеріңізге деген қамқорлықпен, «Қазпочта» АҚ!

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының ұжымы Сергунова Валентина Дмитриевнаға жұбайы

Носов Владислав Николаевичтің өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Page 12: 22 (3227) 2015-02-26

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«АЛАУ» АЙДЫНЫНДА –АЛАМАН

І с - ш а р а д а л е к т о р Н а з г ү л К а д р и м б е т о в а қатысушыларға бейне-леу өнерінің күретамыры саналатын, бабалардың өмір салтынан, наным-сенімдерінен, мифоло-гиясы мен эстетикалық к ө з қ а р а с т а р ы н а н с ы р ақтаратын петроглиф-тер туралы мәлімет берді. Оған қоса, келушілер ашық аспан астындағы табиғи м ұ р а ж а й л а р , о л а р д ы ң құрылу тарихы, тас мүсінді ескерткіштер, жерлеу орын-дары секілді археологиялық жәдігерлердің маңызы мен зерттелуінен хабардар бол-ды. Лекция барысында фото және слайдтар көрсетіліп отырды.

П е т р о г л и ф т е р м е н қатар, атриумның орта-сында қазіргі Қазақстан территориясын мекен ет-кен ежелгі халықтардың фәлсафасынан, тарихынан және мәдениетінен сыр шертетін «Өмір ағашы»,

я ғ н и , б ә й т е р е к т і ң и н -сталляциясы орнатылған. Қазақ мифологиясында ол космос ағашы деп атала-ды. Бұл туралы қызықты а қ п а р а т т а р д ы л е к т о р Дәурен Базаров айтып берді. Ежелден бәйтерек үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде кеңінен қолданылып, халық аузында адамның жаны киелі терек-те сақталады деген ұғым қалыптасқан екен. Басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан киелі теректің әрбір жапырағы жер бетіндегі әр адамның өмір тіршілігінің ныша-ны секілді. Осыған орай, жер бетінде тіршілік еткен әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келіп, жайқалып ө с к е н д е е с е й д і д е г е н сенім бар. Осы секілді қызықты ақпараттармен қатысушылар лекция бары-сында кеңінен таныс болды.

Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше жинақтарды ұсынды. Қ а з а қ х а н д ы ғ ы н ы ң к е ң байтақ кескіндемесін таны-мал қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, зергерлер туын-дылары арқылы көз алдымызға елестетті. Мұнда бірқатар та-рихи жәдігерлер: Ресей пат-шайымы І Елизаветаның аты-нан Абылай ханға тарту етілген а т а қ т ы қ ы л ы ш т ы ң б ө л і г і , Бөлек батырдың дулығасы, Қырым Алтынбековтың тари-хи дәлдікпен орындаған қазақ хандарының мөр-жүзіктері мен Айжан Абдубаиттің алтын зерлі жіппен кестеленген көркем пан-нолары бар.

А л , қ ы т а й л ы қ Ц и н ь д и н а с т и я с ы н ы ң к е з е ң і н е

ж а т а т ы н б і р е г е й п а н н о -лар көпшілік қауымға алғаш рет ұсынылып отыр. Оларда қ ы т а й и м п е р а т о р л а р ы н ы ң бірқатар мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алма-су рәсімі бейнеленген. Осы дип ломаттар қатарында Қазақ хандығының да өкілдері бар. Бұл бірегей дерек көздері Қытай мұрағаттарынан табылған екен.

Көрме музейдің Күмбезді залында орналасқан. Оның себебі дәл осы жерде 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қ а з а қ с т а н н ы ң ж а ң а а с т а -насын жария еткен болатын. Күмбезді залдың өзі де Қазақстан халқының еркіндігі, бірлігі және оның сабақтастығының рухына тұнып тұр. Аталмыш көрме 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бетті дайындаған: Еркежан СӘТІМБЕК