e-mail: [email protected] 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый...

8
№1 (28982) 1 ҚАҢТАР, ЖЕКСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ 8-бет 7-бет Жаһандық шаралардың ішіндегі бірі де бірегейі – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған крмесін ткізу. 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда XXVIII қысқы Универсиада тетін болады. 2-бет 3-бет 6-бет Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Бір ғасыр бұрын түсірілген фото- суреттерге қарай отырып қазақтың соншалықты өзгермегенін көресіз. Қазақ сол баяғы қазақ. Соңғыларында заманауи, технологиялық өзгерістердің табы болғанымен, темірқазық ұстанымы сол қалпы. Халықтың ұлттық дəстүрі, салт-санасы ғасырлар бойы тіні бұзылмай сақталып келе жатқандығына куə боласыз. Фотографтардың объективіне ілінген суреттерден Алаштың кешегісі мен бүгінгісі арасындағы ажырамас байланыстың бар екендігін байқайсыз. Фотосуреттердің барлығы дерлік бүгінде көпшілікқолды қорға айна- лып кеткен ғаламтордан, сондай-ақ кітаптардан алынған. Десек те, осыдан жүз жыл бұрын түсірілген сурет пен қазіргі кезде түсірілген сурет арасында пəлендей айырмашылық жоқ. Аз-кем өзгеріс уақыт пен стильде болар. Ең ба- стысы, сəні өзгергенмен əрі өзгермеген ұлттық құндылықтың, ұлттық дəстүрдің бояуы менмұндалайды. Өзінің болмысынан, түпкі тамы- рынан ажыраса, қазақ қазақ болып қала ала алар ма еді, қалмас па еді, кім біледі?! Қазақтың ұрпағын азат күнге жеткізген сол үзілмеген құндылығы, ғасырлар бойы бабасының дəстүріне деген адалдығы тəрізді. Бабаларының арманын көкірегіне түйіп, асыл дəстүрін кейінгілерге аманаттап келе жатқан жандардың арқасында ғана алаш жұрты азаттығына иек артып- ты ғой... ...Содан соң кешегі мен бүгінгі қазақты бейнелейтін фотосурет га- лереясын оқырманға ұсынғанды жөн көрдік. Қылқаламынан ұлттың рухы төгіліп тұратын «Егеменнің» шебер суретшісі Айдарбек Ғазизұлының тірнектеп жинаған суреттерін құр бере салу қызықсыз болар еді. Сол себепті, қос суретті қос шумақ жыр- мен өрнектеу əлдеқайда жарасымды болар дедік. Өлеңдердің авторы – ақын Қорғанбек Аманжол. Айтпақшы, жоғарыда фото- суреттерді ғаламтор қоржынынан, кітаптардан алынған деп айтып өттік қой. Ендеше, олардың автор- лары да халықтың ортақ қазынасына айналған дүниелердің «Егеменнің» бетінде жариялануына қарсы бол- мас деген ниеттеміз. Əрине, рет- ретіне қарай фотосуреттердің қайдан алынғаны көрсетіледі. Жырымен ұлттық болмыстың ұлылығын су- реттеген ақын Қадыр Мырза Əлінің «Қазақтарды шетелдіктерге таныс- тыру» атты өлеңінде: Сəйгүлікті құйрық-жалы таралған Сүйетұғын қазақ осы, Қараңдар! Қазақ осы: Күй шығарып, Əн салып, Көкпар тартып, Қыз қууға жаралған, – деген жол- дар бар емес пе. Ендеше, сол қа- зақты фотосуреттер шежіресі арқылы өзіне қайта таныстырудың сəті түсіп отырған жайы бар. Қысқасы, дəстүріне берік қазақ қашанда қазақ болып қала берері хақ. (Соңы 8-бетте) Қазақ – қашанда қазақ! ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: EUR/KZT 352.42 USD/KZT 333.29 RUB/KZT 5.43 CNY/KZT 48.02 Қымбатты отандастар! Санаулы сəттерден соң біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды. Биыл бүкіл халық болып қастерлі Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел та- рихында алтын əріппен жа- зылды. Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мəртебе, еншімізге тиген ерен бақыт. Жаңа жылды қарсы алар сəтте береке-бірлігі жарас- қан халқыма зор алғыс ай- тамын! Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңыз- ды шараларға толы болды. Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан – Парламент сайлауын өткіздік. Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жы- лын табысты аяқтадық. Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады. Бұл – кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мəртебелі міндет. Келер жылы Астана меймандары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде бас қосатын болады. Сонымен қатар, Алматы- да дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың алауы жа- ғылады. Еңселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйы- мының саммиті өтеді. Ел қуатты болмай, бақ тұ- рақты болмайды. Халықтың əл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады. Біз енді Тəуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз. Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын! Уважаемые казахстанцы! Мы провожаем поисти- не исторический, рубежный 2016-й год. Наша страна отметила юбилей Независимости, под- вела черту под целой эпохой. Мы с полным правом мо- жем сказать, что Казахстан достойно прожил эту чет- верть века. Уходящий год оказался очень насыщенным. Он вобрал в себя все, что было за период нашей Независимости, – и труд- ности, которые мы сумели преодолеть, и успехи, кото- рыми мы гордимся. Я хочу сказать слова бла- годарности всем казахстан- цам. Ведь мы всего добились вместе, силой нашего со- гласия и твердостью нашего единства. Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна будет в фо- кусе крупнейших междуна- родных мероприятий. В Алматы на Всемирную зимнюю Универсиаду прие- дут лучшие спортсмены из рекордного числа стран. Астана примет гостей со всей планеты на выставке «ЭКСПО: Энергия будуще- го». Казахстан начнет испол- нять свои обязанности не- постоянного члена Совета Безопасности ООН. Эта структура отвечает за глобальный мир и безопас- ность. Все это серьезное доверие нашей стране и новый сти- мул для ее развития. Год будет особенным для всего Казахстана и для каж- дого из нас. Новые меры содействия занятости помогут начать свое дело более полумил- лиону казахстанцев. Начнет действие новая программа развития агро- промышленного комплекса. Она не только увеличит выпуск качественного про- довольствия, но и серьезно повысит доходы сельчан. Объединить свои усилия в кооперативы смогут более полумиллиона хозяйств. Повышение пенсии, по- собий, иных социальных вы- плат затронет порядка трех миллионов человек. Все это укрепляет уверен- ность в будущем. Дорогие друзья! Новый год уже готов вой- ти в нашу жизнь, наполнить ее новыми событиями, идея- ми и открытиями. Мы также готовы встре- тить его и сделать еще боль- ше для себя, для своих семей, нашей общей Родины! Искренне желаю всем счастья, здоровья, благополу- чия, процветания, исполне- ния всех добрых замыслов! С Новым 2017-м годом! Баршаңызға зор денсау- лық, мол бақыт, елімізге бү- гінгіден де биік жетістіктер тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа 2017 жылмен құттықтауы ЗЕРДЕ КӨҢІЛАШАР ДИДАР ӘЛЕУМЕТ 5-бет АЛАШ ИДЕЯСЫ: БІР ҒАСЫР ӨТКЕН СОҢ 4-бет ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢҒЫРУЛАР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланып, осы жаһандық ұйымда жұмыс істейтін боламыз. СӨЗІ ТАБАН АСТЫНДА ТУҒАН ӘН МӘЗ БОЛЫП ЖҮРЕ БЕРЕЙІКШІ

Upload: others

Post on 27-Jul-2020

4 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

№1 (28982) 1 ҚАҢТАР, ЖЕКСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

8-бет

7-бет

Жаһандық шаралардың ішіндегі бірі де бірегейі – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған к рмесін  ткізу.

2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда XXVIII қысқы Универсиада  тетін болады.

2-бет 3-бет 6-бет

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Бір ғасыр бұрын түсірілген фото-суреттерге қарай отырып қазақтың соншалықты өзгермегенін көресіз. Қазақ сол баяғы қазақ. Соңғыларында заманауи, технологиялық өзгерістердің табы болғанымен, темірқазық ұстанымы сол қалпы. Халықтың ұлттық дəстүрі, салт-санасы ғасырлар бойы т ін і бұзылмай сақталып келе жатқандығына куə боласыз. Фотографтардың объективіне ілінген суреттерден Алаштың кешегісі мен бүгінгісі арасындағы ажырамас байланыстың бар екендігін байқайсыз.

Фотосуреттердің барлығы дерлік бүгінде көпшілікқолды қорға айна-лып кеткен ғаламтордан, сондай-ақ кітаптардан алынған. Десек те, осыдан жүз жыл бұрын түсірілген сурет пен қазіргі кезде түсірілген сурет арасында пəлендей айырмашылық жоқ. Аз-кем өзгеріс уақыт пен стильде болар. Ең ба-стысы, сəні өзгергенмен əрі өзгермеген ұлттық құндылықтың, ұлттық дəстүрдің бояуы менмұндалайды.

Өзінің болмысынан, түпкі тамы-рынан ажыраса, қазақ қазақ болып қала ала алар ма еді, қалмас па еді, кім біледі?! Қазақтың ұрпағын азат күнге жеткізген сол үзілмеген құндылығы, ғасырлар бойы бабасының дəстүріне деген адалдығы тəрізді. Бабаларының арманын көкі регіне түйіп, асыл дəстүрін кейін гілерге аманаттап келе жатқан жан дардың арқасында ғана алаш жұрты азаттығына иек артып-ты ғой...

...Содан соң кешегі мен бүгінгі

қазақты бейнелейтін фотосурет га-лереясын оқырманға ұсынғанды жөн көрдік. Қылқаламынан ұлттың рухы төгіліп тұратын «Егеменнің» шебер суретшісі Айдарбек Ғазизұлының тірнектеп жинаған суреттерін құр бере салу қызықсыз болар еді. Сол себепті, қос суретті қос шумақ жыр-мен өрнектеу əлдеқайда жарасымды болар дедік. Өлеңдердің авторы – ақын Қорғанбек Аманжол.

Айтпақшы, жоғарыда фото-суреттерді ғаламтор қоржынынан, кітаптардан алынған деп айтып өттік қой. Ендеше, олардың автор-лары да халықтың ортақ қазынасына айналған дүниелердің «Егеменнің» бетінде жариялануына қарсы бол-мас деген ниеттеміз. Əрине, рет-ретіне қарай фотосуреттердің қайдан алынғаны көрсетіледі. Жырымен ұлттық болмыстың ұлылығын су-реттеген ақын Қадыр Мырза Əлінің «Қазақтарды шетелдіктерге таныс-тыру» атты өлеңінде:

Сəйгүлікті құйрық-жалы тарал ғанСүйетұғын қазақ осы,Қараңдар!Қазақ осы:Күй шығарып,Əн салып,Көкпар тартып,Қыз қууға жаралған, – деген жол-

дар бар емес пе. Ендеше, сол қа-зақты фотосуреттер шежіресі арқылы өзіне қайта таныстырудың сəті түсіп отырған жайы бар. Қыс қа сы, дəстүріне берік қазақ қашанда қазақ болып қала берері хақ.

(Соңы 8-бетте)

Қазақ – қашанда қазақ!

ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: EUR/KZT 352.42 USD/KZT 333.29 RUB/KZT 5.43 CNY/KZT 48.02

Қымбатты отандастар!Санаулы сəттерден соң

біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды.

Биыл бүкіл халық болып қастерлі Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік.

Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел та-рихында алтын əріппен жа-зылды.

Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мəртебе, еншімізге тиген ерен бақыт.

Жаңа жылды қарсы алар сəтте береке-бірлігі жарас-қан халқыма зор алғыс ай-тамын!

Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңыз-ды шараларға толы болды.

Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан – Парламент сайлауын өткіздік.

Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жы-лын табысты аяқтадық.

Алдағы 2017 жылдың е н ш і с і н д е д е а й т у л ы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады.

Бұл – кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мəртебелі міндет.

Келер жылы Астана мей мандары ЭКСПО-2017 халық аралық көрмесінде бас қосатын болады.

Сонымен қатар, Алматы-да дүниежүзілік Қысқы Уни версиаданың алауы жа-ғылады.

Еңсел і елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйы-мының саммиті өтеді.

Ел қуатты болмай, бақ тұ-рақты болмайды.

Халықтың əл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады.

Біз енді Тəуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз.

Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!

Уважаемые казахстанцы!Мы провожаем поисти-

не исторический, рубежный 2016-й год.

Наша страна отметила юбилей Независимости, под-вела черту под целой эпохой.

Мы с полным правом мо-жем сказать, что Казахстан достойно прожил эту чет-верть века.

Уходящий год оказался очень насыщенным.

Он вобрал в себя все,

что было за период нашей Независимости, – и труд-ности, которые мы сумели

преодолеть, и успехи, кото-рыми мы гордимся.

Я хочу сказать слова бла-годарности всем казахстан-цам.

Ведь мы всего добились вместе, силой нашего со-гласия и твердостью нашего единства.

Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным.

Наша страна будет в фо-кусе крупнейших междуна-родных мероприятий.

В Алматы на Всемирную зимнюю Универсиаду прие-дут лучшие спортсмены из рекордного числа стран.

Астана примет гостей со всей планеты на выставке «ЭКСПО: Энергия будуще-го».

Казахстан начнет испол-нять свои обязанности не-постоянного члена Совета Безопасности ООН.

Эта структура отвечает за глобальный мир и безопас-ность.

Все это серьезное доверие нашей стране и новый сти-мул для ее развития.

Год будет особенным для всего Казахстана и для каж-дого из нас.

Новые меры содействия занятости помогут начать

свое дело более полумил-лиону казахстанцев.

Начнет действие новая программа развития агро-промышленного комплекса.

Она не только увеличит выпуск качественного про-довольствия, но и серьезно повысит доходы сельчан.

Объединить свои усилия в кооперативы смогут более полумиллиона хозяйств.

Повышение пенсии, по-собий, иных социальных вы-плат затронет порядка трех миллионов человек.

Все это укрепляет уверен-ность в будущем.

Дорогие друзья!Новый год уже готов вой-

ти в нашу жизнь, наполнить ее новыми событиями, идея-ми и открытиями.

Мы также готовы встре-тить его и сделать еще боль-ше для себя, для своих семей, нашей общей Родины!

Искренне желаю всем счас тья, здоровья, благополу-чия, процветания, исполне-ния всех добрых замыслов!

С Новым 2017-м годом!Баршаңызға зор ден сау-

лық, мол бақыт, елімізге бү-гін гіден де биік жетістіктер тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа 2017 жылмен құттықтауы

ЗЕРДЕ

КӨҢІЛАШАР

ДИДАР

ӘЛЕУМЕТ

5-бет

АЛАШ ИДЕЯСЫ: БІР ҒАСЫР ӨТКЕН СОҢ

4-бет

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢҒЫРУЛАР

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланып, осы жаһандық ұйымда жұмыс істейтін боламыз.

СӨЗІ ТАБАН АСТЫНДА ТУҒАН ӘН

МӘЗ БОЛЫП ЖҮРЕ

БЕРЕЙІКШІ

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

2 1 ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді жарқын да қуанышты мереке, əр отбасы жəне əрқайсымыз асыға күткен мейрам жаңа 2017 жылмен құттықтайды.

Өткен жыл ерекше жыл болды – біз Отанымыз, Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өттік.

Тəуелсіздіктің 25 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан үшін прогресс жəне тұрақты дамудың дəуіріне, бейбітшілік пен келісім қоғамын қалыптастырудың айшықты үлгісіне айналды.

Биыл біз сіздермен бірге еліміз бен халқымыз үшін аса маңызды – Универсиада, ЭКСПО-2017, Астананың 20 жылдығы сияқты ауқымды іс-шараларды өткізетін боламыз.

Осының бəрі біздің біртұтас, ынтымағы жарасқан жəне талантты халқымызды, Қазақ елін əлемге таныта-тын болады.

Қымбатты жерлестер!Жаңа жыл – қашанда үкілі үміттер жа-

натын, биік мақсаттар қойылатын мереке.Келген жылдың қандай жыл болаты-

ны, қаншалықты табыс əкелетіні біздің əрқайсымызға тікелей байланысты.

Сондықтан да б і з , с і здерд ің баршаңызға білімдеріңіз, қабілеттеріңіз, күш-жігерлеріңіз жаңа жетістіктерге жеткізсін, мүмкіндіктеріңіз мол, сенімдеріңіз берік болсын деп тілейміз.

Жаңа жылға құрған жоспарларыңыз іске асып, əр бастамаларыңыз сəтті бол-сын.

Əрдайым жақындарыңыз аман, отбасыларыңыз берекелі болсын. Жаңа жыл сіздерге шуақты сезімдер мен бақытты сəттер сыйласын, жарасым-ды сыйластық, келісті келісім, берік бірлік өмірлеріңіздің шырайын келтіріп, мерейлеріңізді үстем етсін.

Сіздерге зор денсаулық, ынтымақ пен береке, бақыт пен жасампаздық тілейміз!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

– Мəулен Сағатханұлы, Қазақстан 2 0 1 7 - 2 0 1 8 ж ы л д а р ғ а б е д е л д і халықаралық ұйым – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Міне, енді сол жұмысқа кіріскелі отыр. Еліміз үшін оның маңызы қандай?

– Жаңа 2017 жылы еліміздің алдын-да жауапкершілігі жоғары аса үлкен мақсат-міндеттер тұр. Соның бірі – Қазақстан 1 қаңтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі жұмысына кіріседі. Біріншіден, бұл – біздің еліміз үшін үлкен абырой. Екінші жағынан, мұны халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанға көрсетілген сенімі деп қабылдауымыз керек.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі Қазақстанға не береді

деген мəселеге келсек, жалпы, бұл шешімді БҰҰ-ға мүше мемлекет-тер қабылдады. Осы шешім арқылы Ұйымға мүше мемлекеттер Қазақстан Республикасының бейбітшіліксүйгіш көпвекторлы саясатына жоғары бағасын беріп отыр. Сондықтан, бұл əлемдік қоғамдастықтың еліміздің тəуелсіздік алғаннан бері қарайғы жылдарында қауіпсіздік саласы бойынша жүргізген сыртқы саясатына берілген баға бо-лып табылады. Сонымен бірге, бұл – Қазақстанның көтерген бастамаларының халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау табуының нақты көрсеткіші.

Еліміз Тəуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтті. Ал тəуелсіздікті əрі қарай нығайтудың бірден-бір жолы – əлемдегі іргелі мемлекеттермен стратегиялық қатынастарымызды дамыта беру жəне

сол қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығару. Екіншіден, Қазақстан өзінің екі жылдық мүшелігі барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбританиямен жəне он тұрақты емес мүшелерімен ірі халықаралық бас тама-жобаларды көтере отырып, со-ларды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істесе, біздің қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілетіні анық.

– Еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі мақсаттың бірі – көршілес мемлекеттер арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету екені белгілі. Осыған байланысты не айтар едіңіз?

– Қ а з а қ с т а н н ы ң с ы р т қ ы саясатындағы басты бағыттың бірі – мемлекеттік шекарамыздың периметрі бойынша тұрақтылық пен қауіпсіздік белдеуін қалыптастыру. Ашығын айтқанда, соңғы ақпараттар бүгінде Ауғанстандағы жағдайдың қиындап бара жатқанын көрсетеді. Осы елдегі проблемалар біздің елімізге де əсерін тигізуі мүмкін. Сол себептен, Орталық Азия мен Ауғанстанда тұрақтылықтың болғаны Қазақстан мүддесіне сəйкес келеді. Қазақстан өзінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі кезінде осы мəселелерге баса назар аударуы тиіс, соған жұмыс істеуі қажет.

Қазақстанның көтеретін басты мəселелерінің тағы бірі – Орталық

Азия мен Ауғанстанда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жəне осы өңірлерді дамыту болмақ. Егер біздің еліміз аталған мəселелерді БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде көтеріп, сол арқылы Орталық Азия мен Ауғанстандағы кейбір проблемалар шешімін тауып жатса, ол Қазақстанның қ а у і п с і з д і к п е н т ұ р а қ т ы л ы қ т ы қамтамасыз етуге қосқан үлесі болар еді. Ал Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болып отыр. Сондықтан, еліміз өзінің жұмысы барысында Орталық Азия елдеріне қатысты өзекті де өткір мəселелерді көтеру арқылы олардың шешілуіне ықпал ететін болады.

– Б ір іккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы жөнінде де хабардар етсеңіз.

– Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүше мемлекеттен тұрады. Жаңа ай-тып өткендей, оның бесеуі тұрақты, ал оны тұрақты емес мүшелер. Олар қаралатын мəселелердің барлығына қатысуға жəне дауыс беруге өкілетті. Ең басты айырмашылық – тұрақты мемлекеттердің белгілі бір мəселелерге байланысты вето қоюға құқығы бар. Бірақ, вето өте сирек қолданылады. Қазақстан алдағы екі жылда өзінің міндетін абыроймен атқаратынына сеніміміз мол.

– Еліміз басымдық ретінде қандай мəселелерді алға шығарғалы отыр?

– Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі қызметінде негізінен Орталық Азия мен Ауғанстандағы мəселелерді басымдық ретінде қойып отыр. Мұнда терроризммен күрес, экологиялық жəне басқа да мəселелер көтеріледі. Соңғы жылдары Елбасымыз бірқатар халықаралық бастамалар көтергенін көпшілік жақсы біледі. Соның бірі – 2016 жылы Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде жария етілген «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі. Мемлекет басшысы сол манифесінде аса өзекті халықаралық мəселелерді айта келіп, оларды қалай шешу қажеттігін атап көрсеткен еді. Еліміздің мүшелікке сайлануы Елбасымыздың манифесінде көтерілген мəселелерді жүзеге асыруға жол ашып отыр. Қазақстан сол мүмкіндікті кеңінен пайдаланатын болады.

Мемлекет басшысы 2015 жылы, сондай-ақ терроризммен күрес жүргізуге байланысты бірқатар бастамалар көтеріп, ұсыныстар білдірген бола-тын. Еліміздің Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікті атқаруы барысында осы

мəселелер де назардан тыс қалмайды де-ген ойдамыз. Қазақстандық дипломаттар Президенттің халықаралық деңгейдегі бастамалары мен ұсыныстарын жүзеге асыруда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жүйелі жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

– Мəулен Сағатханұлы, Қазақстан тағы қандай нақты жұмыстар атқарады?

– БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында тұрақты комитеттер жұмыс істейді. Мүше мемлекеттер сол тұрақты комитеттерде ұсыныстар дайындап, үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Осындай комитеттердің үшеуі Қазақстанға тапсырылып отыр. Оның біріншісі – Ауғанстан мəселелеріне қатысты комитет. Екіншісі – ДАИШ жəне «Əл-Қаида» террористік ұйымдарына қарсы күресті үйлестіруге бағытталған комитет. Үшіншісі – Эритрея-Сомали деген комитет. Осы үш комитетке де Қазақстан төрағалық етеді. Атап өтуіміз керек, осы үш комитет те Ұйымдағы өте маңызды құрылымдар саналады. Сондықтан біз мұны елімізге көрсетілген зор сенім деп қабылдаймыз. Оның үстіне бұл бізден аса үлкен жауапкершілікті талап етеді.

– Ал шешімдер қалай қабыл-данады?

– БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі – санкцияларды жариялауға құқығы бар халықаралық деңгейдегі бірден-бір ор-ган. Сондықтан, Қауіпсіздік Кеңесінің кез келген қарарының маңызы мен мəні өте зор. Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстанға байланысты қарар қа былдауды өзінің нақты жоспары ретінде қарастырып отыр. Еліміз осы мəселемен айналысуды жақын күндері бастайды.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезінде атқаратын жұмыстарының еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына, халқымыздың болашағына тікелей қатысы бар. Еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануын да, жоғарыда аталған маңызды комитеттердің сеніп тапсырылуын да халықаралық қоғамдастықтың Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевқа деген шынайы сенімі мен құрметі жəне Елбасымыздың əлемде қауіпсіздікті қамтамасыз ету-ге бағытталған баянды бастамаларына білдірілген қолдау деп қабылдаған жөн.

– Əңгімеңізге рахмет.

�ңгімелескен лисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Бұл – халықаралық қоғамдастықтың жоғары сенімі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен сыртқы саясатта да айтулы табыстарға қол жеткізді. �ткен жылдар бедерінде �зіміздің �міршең бастамаларымызбен де әлемдік қоғамдастыққа кеңінен танылдық. Сондай танымалдықтың нәтижесінде ЕҚЫҰ секілді беделді халықаралық ұйымға да т�рағалық еттік. Енді міне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сай-ланып, осы жаһандық ұйымда жұмыс істейтін боламыз.Осы орайда біз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің т�рағасы М. ШІМБАЕВПЕН әңгімелескен едік.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Виза 10 жылға беріледі

––––––––––––––––––––––––––––––�ткен жыл біздің еліміздің стратегиялық әріптесі – Америка Құрама Штаттарымен екіжақты қарым-қатынасында кезекті айтулы оқиғамен айшықталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––

2016 жылдың 29 желтоқсанынан бастап АҚШ-қа іскерлік, жеке немесе туристік мақсаттармен баратын қазақстандықтар күші он жылға дейінгі мерзімге жететін америкалық виза ала алатын болды. Визаларды өзара берудің жаңа тəртібі туралы уағдаластыққа Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясат ведомстволары қол жеткізді.

Бұл өзгерістер енді қазақстандықтарды АҚШ-қа жеке сапармен бару алдында жыл сайын визалар ресімдеу үшін Америка консульдіктеріне бару қажетт іг інен құтқаратын болды. Сөйтіп, виза 10 жыл мерзімге беріледі, онда азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу уақытын, ішкі заңнамаларға сəйкес, миграциялық қызметтер айқындайды.

Екі мемлекет азаматтарына виза мерзімін 10 жылға дейін ұзарту туралы келіссөздер, халықаралық-құқықтық өлшеммен алғанда, аса ұзаққа созылған жоқ. Жəне де бұл мерзім АҚШ тарапының виза берудегі іс жүзінде барынша ең ұзақ мерзімі болып табылады. Ал сөз орайында келіссөздер барысында барлық детальдар бір жыл ішінде келісіліп үлгерілгенін айта кетейік.

Енді Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттары үшін Қытай, Үндістан, Мексика сияқты өте эксклюзивті стратегиялық маңызды мемлекеттердің бірі болып табыла-ды. Өйткені, мұндай нəтижеге жетуге АҚШ-қа барған қазақстандықтардың сол ел заңдарын қатаң сақтап, өздерін аса жақсы жағынан көрсеткендері себеп болғаны анық.

Визалардың уақыт мерзімін ұлғайту екі ел азаматтарының өзара сапарлар алма-су жағдайларын барынша оңтайландыруға мүмкіндік береді жəне Қазақстан мен Америка арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени-гуманитарлық, туристік жəне тағы басқа салалардағы ын-ты мақтастықты дамытуға бағытталып отыр.

Өткен жылдың 25 желтоқсанында Қа-зақстан мен АҚШ екі ел арасында дип ло-матиялық қарым-қатынас орнағанының 25 жылдығын атап өткенін қаперге салайық.

АДАМИ ДАМУ ИНДЕКСІ

ҚАЗАҚСТАН ƏЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕРДЕ

БҰҰ Даму бағдарламасыныңтүзген рейтингі

РЕЙТИНГ МЫНА КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚАМТИДЫ

Болжанған өмір сүру ұзақтығы

Ел тұрғындарының

сауаттылық деңгейі жəне

болжанған оқыту ұзақтығы

Тұрмыс деңгейінің АҚШ долларымен сатып алу қабілетінің теңгермесі

бойынша халықтың жан басына шаққандағы жалпы

ұлттық табыс арқылы бағалануыҚазақстан 2015 жылы индекс

бойынша 0,788 балл жинап, 185 елдің арасында

орын алды

-шы

ҚАЗАҚСТАН адами даму саласы бойынша жоғары деңгейдегі топтың қатарына орналасты

Єасырларєа теѕ жылдар, жїзжылдыќтарєа теѕ дəуір

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Еуразиялық интеграция институты дайындаған

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

1 ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛ 3

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Иə, Батыс пен Шығыс өрке-ние тін жалғастырған алтын көпір атан ған ару Астананың айтулы эста фетасы, енді Бүкілəлемдік көр мелер алаңы – ЭКСПО-2017-ге ұласпақ. Жаһандық шара лар тұрғысындағы өзіндік маңызы жағынан бұл көрме осы уақыт-қа дейін елордамызда өткізіл-ген дүние жүзілік оқиғалардың еш қай сысынан артық болмаса, кем емес. Бұл туралы Елба сы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ-стан ның жаңа дəуірінің алғаш-қы күні» атты мақаласында «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астана да өткізу туралы

қабылдаған шешім бұл саммит-тен де аса зор ірі оқиғаға ай-налды. Біз əлі осы жеңісіміздің аса зор маңы зын сезініп болған жоқпыз. Көрме өтетін елді шын мəнінде бүкіл əлем таңдады. Қазақстан айқын ба сым дықпен жеңіске жетті. Бұл – бүкіл плане-таның тануы мен сенімі», деп атап көрсетті.

«Бұл – бүкіл планетаның та-нуы мен сенімі», қандай көреген-дікпен айтылған дəл тұжырым. 2012 жылы 22 қарашада Париж қаласында өткен жаһандық аламан бəйгеде Халықара лық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекеттің арасында топ жа-рып, Қазақстанның елордасы – Астана ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жеңісіне ие болғаннан

бер гі өткен бес жылға жуық уақыт ішінде бұл тұжырым ның ақи қат тығы тағы да айқындал-ды. Қазірге дейін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты-сатын дығын əлемнің 112 мем-лекеті жəне 18 халықаралық ұйы мы растады. 72 мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесінің аясын-да өздерінің ұлттық күндерін өткізу мерзімін бекітті. 89 ұлт тық павильонның контенттік тұжы-рымы нақтыланды. Жаңа жылда бұл жұмыс жоғары қарқынмен жалғасатын болады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бұл дағдарысқа қарсы іс-қимыл жобасы болып табы-лады. Əлемдік экономикалық жəне қаржы дағдарысы белең ал ған кезеңде отандық тауар өн діру шілерге қолдау көрсету мақ сатында ЭКСПО-2017 көр-месі жобасы аясында еліміз дің бар лық облыстарының əкім-дері мен меморандумдар жасал-ды. Осының нəтижесінде 322 отан дық тауар өндірушілермен жал пы сомасы 48,9 миллиард теңгенің келісімшарттары бекі-тілді. Бұл жоба Қазақстанда 50 мың жұмыс орнын құрып, эко-но ми ка лық дағдарыс кезінде

жұ мыс сыздықтың белең алмау-ын қамт а ма сыз етті. ЭКСПО көрмесі ұлт тық жобасына 126 миллион теңге демеушілік қаржы жəне 211 мил лиард теңге инвес-тиция тартылды.

Бүкілəлемдік жетістіктер көр месі өзінің 160 жылдан астам тари хында өркениет шежіресіне алтын əріптермен жазылған сəулет өнерінің жауһарларын қалдырды. ЭКСПО мұралары – Лондондағы Хрусталь сарайы, Париждегі Эйфель мұнара-сы, Александр ІІІ көпірі, Лион вокзалы, Венадағы Ротон да – əлемдегі ең үлкен күмбез астын дағы павильон, Мель бурн-дегі патшалық көрме павиль-оны нақ осындай мəңгілік өнер ескерткіштері болып табыла-ды. Ажарлы Астананың əсем архитектуралық салтанатына сəн қосқан көрме қалашығында да əлем ғажайыптарының сана-тына қосылатын ЭКСПО мұрасы – «Болашақ энергиясының» шар тəріздес мұражайы (сфера) болмақ. 8 қабаттан тұратын бұл сəулет өнерінің озық нысанын-да баламалы қуат көздерінің жаһандық технологиясының небір озық үлгілері көрініс таба-тын болады. Мəселен, 8 қабатты

сəнді ғимараттың бірінші қаба-тына еліміздің ұлттық павиль-оны қоныс тебетін болса, қалған жеті қабатының əрқай сысында жел, күн, су, биотех нологиялық жəне басқа балама қуат көз-дерінің жетістіктері орналасады деп шешім қабылданған.

ЭКСПО көрмесі беделінің жаһандық дəрежеде ерекше танылуы на оның «Болашақ-тың энер гиясы» атты заманауи тақы р ы бының маңызы зор бол-ды. Бұл тақырыптың маңызы – бүгін гі күні адамзаттың ең өзек ті про блемасына айнал ған табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану жəне балама қуат көздерін ашу мəселесін көтеруінде. Оны шешу қазір көп теген елдер үшін стра-те гия лық міндетке айналған. Ен-дігі кезекте бүкіл əлем «жасыл эко н о мика» жəне экологиялық қауіп сіз даму сияқты тың бағыт-қа бет бұрыс жасауда. Бұл Мем-лекет басшысының елімізді «жасыл экономика» бағытына көшу жөніндегі бастамасы мен үн де седі. Елбасының тіке лей бас та ма сымен ЭКСПО-2017 көрме сін өткізу жөніндегі ұлттық идея өмір ге келгеннен бері бұл мəсе ле де түбегейлі бетбұрыс басталды. Балама қуат

көздерін дамыту мақсатында арнайы заң жобасы белгіленді. Елімізде балама энер гия қуатын дамытуға Корея, Германия, Австрия, Испания жəне АҚШ сияқты дамыған мем ле кет-тердің тəжірибесі негіз болу да. Қазақстанның жел энергиясын дамытудағы əлеуметі жан-жақ-ты зерттеліп, еліміздің кеңей-тілген жел атласы жасал ды. Бұл атласқа ұлан-ғайыр қазақ дала -сы ның жел қуаты басым бола -тын өңірлерінің кестесі ен гізіл ді. Қазірдің өзінде Астана ма ңын -дағы Ерейментау жел стан сасы жұмысын бастады.

Бүкілəлемдік жетістіктер көр месінің тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген «Барлық халықтардың өнеркə сіп-тік еңбектерінің ұлы көрмесінен» бастау алған. Бір сəт ойланып көрейікші, барлық халықтар еңбектерінің, жетістіктерінің ұлы көрмесі! Яғни, енді бес айдан кейін егемен еліміздің елорда-сы – Астана қаласында адамзат ақыл-ойының қазіргі күнге дейін-гі қол жеткізген жетістіктері-нің озық үлгілері паш етілетін бола ды. Бүгінде бүкіл адамзат ты толғандырып отырған толғақ ты мəселе – «Болашақтың энер гия-сының» тағдыры Тауық жылы елор дамыздағы ЭКСПО-2017 көр месі шеңберінде шешім таппақ.

Елдіктің ерен жеңісі – ЭКСПО

1 ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛ 3

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Тарих табалдырығын аттаған Тауық жылы тәуелсіз Қазақстанның биік беделін т�рткүл дүниеге тағы да паш ететін айтулы оқиғаларға толы болғалы тұр. Сол жаһандық шаралардың ішіндегі бірі де бірегейі – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған к�рмесін �ткізу. Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірінен саналатын Бүкіләлемдік жетістіктер к�рмесінің қос ғасырлық тарихында Орталық Азияда, тіпті ТМД елдерінің ешқайсысында да мұндай халықаралық к�рме жалауы желбіреп к�рген жоқ. Астанада �тетін ЭКСПО-2017-нің маңыздылығы да осында.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЭКОНОМИКА

КӨКЕЙКЕСТІ

Электр қуатын алудың жолы сан түрлі. Мəселен, көмір ді, мұнай мен табиғи газ ды жəне уран ды пай далану ар қы лы өндіру – бұл бұ рын нан қалыптас-қан əдіс. Со ны мен бірге, сар қы-рама мен ағын судан, жел мен күннен, тіпті қал дық ты, ескі резеңке дөң ге лек ті жағу арқылы да элек тр энер гия сын алуға болады. Бүгін де Еуро па ел дерін-дегі электр энер гия сы өн дірі-сін де атом энергия сы ның үлесі 25 пайызды, көмір 25 па йыз ды, табиғи газ 25 пайызды, су энер-гиясы 15 пайызды құрайды. Ке-ле сі көрсеткіш 4 жəне 3 пайызбен жел энергиясы мен мұнайдан алы на тын электр қуатына тиесілі. Көршіміз Ресейде табиғи газ энер гия өндірісінің 50 пайы-зын, көмір 16 пайызын, атом 17 пайы зын, су энергиясы 15 па йы-зын қам та масыз етеді.

Қазіргі күні Қазақстанда электр энергиясының 74 пайыз-дан ас тамы орталық жəне солтүс-тік ай мақтардағы көмір кен орын -дары нан өндіріліп, оның 66 па-йыздайы дəл сол индустрия өңір-лердің өзіндегі қажеттілікке жұ-м са лады. Ал оңтүстік өңір лер де энергия тұтыну оны өндіру ден екі есеге дейін артып, қуат көзі нің белгілі бір мөлшерін Өзбек стан мен Ресейден сатып алуға, Қыр-ғыз станмен айырбас жасау ар қы-лы импорттауға тура келіп отыр.

Энергетика ми нистр лігінің мəлі метіне сүйенсек, тəуелсіздік жыл дарында еліміздегі көмір өн-діру ші кəсіпорындар 2,3 млрд

тон на көмір өндіріп, оның 600 млн тоннадан астамы экспортқа шы ға рылса, қалған көлемі ішкі қажет тілікті өтеген. Еліміз көмір-дің барланған қоры жағынан 8-орын алатыны бел гілі. Десек те, көмір көзінің де таусылатын кезі бо лады. Қаз ба байлықты өндіру ар қылы өндірісті ұлғайтудың өзі шы ғын мен үлкен тəуекелді қажет ете тіндіктен əлемнің көптеген мем лекеттері жаңа жолды таңдап оты р. Ол энергияның баламалы түр лері, яғни қалпына келетін,

сар қыл майтын жəне қоршаған ор та ға зиян келтірмейтін энергия көздері.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақ-стан-2050» Стратегиясы – қа-лып тас қан мемлекеттің жаңа сая си бағыты» атты ел халқы на ар на ған Жолдауында «Көмір-су те гі шикізатының нары ғын да ірі ойыншы болып қала оты рып, біз энергияның бала ма лы түр-лерін дамытуға, күн мен жел дің

энер гиясын пайдаланатын тех-ноло гия ларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүм кіндіктер бар», деп қадап айт қан болатын. Иə, республика аума ғының үлкендігі (2 724 902 шар шы шақырым) мен халықтың орналасу тығыздығының төмен-дігі (1 шаршы шақырымға 5 адам нан) секілді критерийлер де елді энергия қуатымен жүйелі түрде толықтай жабдықтауда тиімсіз көрсеткіштер беріп отыр.

Міне, осы тиімсіздікті шешуге жергілікті өңірлердегі қалпына келтірілетін энергия көздерін пай да лану оң əсерін тигізе ала-ды. Бұл тұрғыда оңтүстік өңір -лер дегі экологиялық таза энер гия көздері ішкі нарықты ар ты ғы -мен қамтамасыз етіп қана қой-май, көрші елдерге экспорт тауға мүм кіндік берер еді. Мəсе лен, Қытай да жыл сайын энергия тап-

шы лы ғы өсіп келеді. Қазақ жері-нің үлкен бөлігі жазық əрі жар -ты лай құрғақшылық ты өңір лер бол ған дықтан жел мен күн энер-гия сын өндіріп алуға қолайлы. Жоңғар қақпасы Жоңғар Алатауы мен Барлық тауының түйіскен жеріндегі əйгілі желді өзектен секундына 70 метрге дейін жететін жел соғады, бұл ТМД аума ғы бо-йынша аса қуатты жел соға тын жер саналады. Сондай-ақ, оң түс тік

аймақта алты ай жаз дың ыс ты -ғын дағы күн қуатын да есеп ке алыңыз. Орталық пен батыс өңір-дегі жартылай құрғақ шы лық ауа райын қоссаңыз, күн энер гия сы бата рея ларын орна лас ты рып пай-да лану дың маңызы да зор.

Қазақстанның жел энергиясы қуатының мүмкіндігі жылына 929 млрд киловатт-сағат деп есеп-телген. Қазақ жеріндегі жел дің жылдық орташа қуаты секун-дына 7 метрден жоғары. Деген-мен, 929 млрд киловатт-сағатты бірден тұтас игеру мүмкін де емес, дамыған мемлектерде де бұл көрсеткіш жалпы энергия өн-ді рісі көрсеткішінде 20 пайызға жетер-жетпес. Қазіргі кезде елі-міз дің жалпы генерациясында жаң ғыр малы энергия көздерінің үлесі 0,9 пайызды ғана құрап отыр. Энергетика министрлігі кел тір ген дерек бойынша, 2015 жылы жаңғырмалы энергия көз-дері нен өндірілген электр энер-гия сы ның көлемі 0,704 млрд кВт-са ғатты құраған. 2020 жылға дейін ел Үкіметі 34 жел энер ге ти -ка стансасы (1787 мегаватт қуат-пен) жұмыс істейді деп жос пар -ла ған. Дегенмен, желдің өзі те гін бол ғаны мен, оның энер ге ти ка лық жүйесі тегін емес. Алын ған энер-гияны тұтынушыға жет кізу, қон-дыр ғылардың бағасы бі раз қар-жы салуды талап етеді. Жел қон-дыр ғылары сияқты күн бата рея -лары да үзіліспен жұмыс іс тей ді. Бұлтты күндері, түнде ол қон дыр-ғылардан тұрақты түр де қа жет ті ток алу мүмкін емес. Жаң ғыр -малы энергия көздеріне көшу дің қиын дығы бір жағынан оның үл-кен шығынды қажет ете тін дігін-де. Сол себепті одан алына тын қуат тың құны да қымбатқа түседі.

Дегенмен, көптеген мем-лекет тер, оның ішінде біздің еліміз де бар, салаға айтарлықтай мемлекеттік қолдау көрсетуде. Мəселен, 2016 жылы 1 кВт-сағатқа белгілен ген тариф 25 теңгеге тең келеді. Энер ге-тика министрлігінің жос пары-н ша, бұл бағыттағы жұ мыс-тар кезең-кезеңмен іске асы ры-лып, 2020-2025 жылдардан кейін жаңғырмалы энергия көздері нысандарында электр энер гия сын өндіру айтарлықтай арзан дай-тын болады. Жалпы, еліміз дегі энергетика саласы инновация-лық жаңалыққа мұқтаж. Егер Қазақ стан энергетикалық жаңғы-ру бағытын да өздігінен жаңа тех но логияны иге ре алмаса, да-мы ған мемлекеттер дің техно-ло гия сын сатып алуға немесе көші ріп, үйренуге тура кел-мек. Жаңғырмалы энергия көз -дерін игерудің жүйелі негізі ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін жа салуы да мүмкін. Көрменің ар-қа сында елімізге дамушы елдер-дің осы саладағы жаңа техно-логиясы мен соңғы инно ва ция лық жаңа лығы келетін болады.

Бауыржан САБЫРБЕКОВжурналист

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Соның бірегейі – электр қуатымен қозғалатын электромо-биль. Рас, жанармайсыз жүретін көліктің алғашқысы америкалық «Теслаға» тиесілі. Одан кейін де бірнеше дамыған мемлекет өз электромобилін шығарып үлгер-ді. Ал олардың қазақстандық баламасы «КIA Soul EV» қай елдің де өнімінен, сапа жағынан таразыласақ та, сəн жағынан салыстырсақ та, есе жібермейді. Айталық, бұл көлік сағатына 27кВТ қуаты бар батареямен жабдықталған. Бір қуаттағанда 200 шақырымды еркін еңсереді. Ең шекті жылдамдығы – сағатына 145 шақырым. Көліктің батарея-сын салқындатып немесе ысы-тып тұратын термореттегіш-тің арқасында электромобиль-ді жылдың төрт мезгілінде де пайдалануға болады.

Өскеменнің зауыты өндірген «KIA Soul EV» 30 градус аяз кезінде Астана мен Шығыс Қазақ станның жолдарында тесті-леу ден өтті. Жүз шақырымға жұм салған қуат шығыны небəрі 170 теңгені құрайды.

...Екі ғасыр кейінге шегі-ніп, əлемге көз сала қойыңыз-шы. Франциялық Бенцтің үш дөңгелекті, екі орынды, жа-нармаймен жүретін алғаш-қы көлігі ғылымға төңкеріс

əкелген. Тағы басқа деректер Зигфрид Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісі – «жанар-маймен жүретін алғашқы көлік» саналатынын айтады. Содан кейін сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік Парижде құрастырылған екен. Бельгиялық Камилл Женатци мұны 1899 жылы шығарған.

ХІХ, ХХ ғасырлар көлік саласының жетістіктеріне толы болғаны рас. Ал ағымдағы жүз жыл дық адамзат игілігіне электро мобильді ұсынды. Өр ке-ниет ке ұмтылған көштің басында оюлы бөрік киген қазақ та бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын да ғана өткен жалпыұлттық теле көпірде «Мен таяу аралықта барша Қазақстан электромобиль-мен жүргенін армандаймын. Олардың бағасы қолжетімді бо-лады», деуі бекер емес. Дамыған, дамушы нарықтарда – Қытайда, Еуропаның солтүстігінде, АҚШ-та электромобиль өндірісі мем-лекет тарапынан берілетін суб-сидия арқылы дамуда. Мысалы, Қытайда электромобиль сатып алған əрбір азамат 14 мың дол-лар көлемінде субсидия алады. Президент сөзінен кейін бұл секілді жəрдем таяу арада бізге де жетіп қалатынына үміт күшейді.

Ғасыр көшінен біз де қалыс-пақ емеспіз. Жаңа темір тұл-парды əр қазақ тақымдар күн де туар...

Баламалы қуат көздері энергетикалық тәуелділіктен құтқара ма?

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––1882 жылдың 4 қыркүйегі. �йгілі ғалым, �нертапқыш Томас Эдисон электр тогын қосатын қондырғыны бұрап J.P.Morgan банкінің кеңсесінде 100 шағын лампаны жақты. Т�менгі Манхэттен ауданында Эдисон тұрғызған шағын электр станса-сынан жерасты арқылы тартылған сыммен 110 вольттық электр қуаты 59 тұтынушыға ток жеткізді. �лемде электрлендіру дәуірі һәм оған деген тәуелділік те осы күннен басталған еді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

Отандық электромобильдің озық үлгісі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бір нәрсе анық: атам заманнан әлем елдерінің, адамзат баласының игілігіне айналып келе жатқан мұнай қоры әйтеуір бір күні сарқылады. Ғасырлар бойы қажетімізге жараған жер асты қойнауындағы қазынаның орнын не баспақ? ХХІ ғасыр басталғалы бұл сауалға бас қатырып келе жатқан ғалымдар жауабын да тапқан. Күн, жел, су к�здерінен �ндірілетін қуаттар жақын арада-ақ қолданысқа енбек. Мұнайдың орнын басатын мұндай жаңалықтан қазақ та құралақан емес. �згеден керегін алып, �зі де барын беруде.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚ СТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ – ҚА ЛЫП ТАС ҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯ СИ БАҒЫТЫ» АТТЫ ЕЛ ХАЛҚЫ НА АР НА -ҒАН ЖОЛДАУЫНДА «КӨМІР СУ ТЕ ГІ ШИКІЗАТЫНЫҢ НАРЫ ҒЫН ДА ІРІ ОЙЫНШЫ БОЛЫП ҚАЛА ОТЫ-РЫП, БІЗ ЭНЕРГИЯНЫҢ БАЛА МА ЛЫ ТҮР ЛЕРІН ДАМЫТУҒА, КҮН МЕН ЖЕЛ ДІҢ ЭНЕР ГИЯСЫН ПАЙДАЛАНАТЫН ТЕХ НОЛО ГИЯ ЛАРДЫ БЕЛСЕНДІ ЕНГІЗУГЕ ТИІСПІЗ. БҰЛ ҮШІН БІЗДЕ БАРЛЫҚ МҮМ-КІНДІКТЕР БАР», ДЕП ҚАДАП АЙТ ҚАН БОЛАТЫН.

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

4 1 қаңтар 2017 жыл

Ғалым ОМАРХАН,«Егемен Қазақстан»

Е л б а с ы Н . Ә . Н а з а р б а е в «Қазақ стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая-си бағыты» Жолдауында зейнетақы реформасын жүзеге асыруға байла-нысты Үкіметке нақты тапсырмалар бергені белгілі. Соған сәйкес, 2014 жылы маусым айында «Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітіліп, қазіргі уақытта осы ма-ңыз ды құжатқа байланысты ауқым-ды жұмыстар жүзеге аса бастады. Бұл жұмыс Жаңа жылда да жал-ғасатыны сөзсіз.

2017 жылы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады? Төлемдер мөлшері арта ма? Зейнетақыны есептеуде өзгерістер бар ма? Көптің көкейінде осындай сауалдардың ұялап жатқаны айдан анық.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту дегеніміз, қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту деген сөз. Тұжы рым-дамадағы басты мақсаттың бірі – осы мәселе. Бүгінгі таңда ел халқы ның орташа өмір сүру жасы – 67. Ал дағы уақытта одан әрі ұл ғайтуға қа зір қарқынды қам-қарекет бар. Оған да қол жеткізетін күн алыс емес.

Зейнет жасына жақындаған адам «Ертеңгі күнім қалай болады екен?», «Зейнетақымды тұрақты және үздіксіз алуыма мемлекет кепілдік бере ала ма?» деген ойдың жетегінде бола-тыны сөзсіз. Тұжырымдамада бұл да жан-жақты қарастырылған. Онда зейнеткерлік жасқа жеткен қазақ стан-дықтарды лайықты зейнетақымен және зейнетақы жүйесінің ұзақ мер-зімді қаржы лық тұрақтылығын қам-тамасыз ету көзделген. Сондықтан Жаңа жылда да, одан кейін де зей-нет жасына жететін адамдардың алаңдауына ешқандай негіз жоқ, мем-лекет тарапынан заң жүзіндегі барлық игілік жасалатын болады.

Төлемақылар тек зейнет жасы-на жеткен адамдарға ғана төлен-бейді, оның түрі көп. Оның ішінде мүгедектігі мен асыраушысынан ай-ырылуына байланысты да төленетін төлемақылар бар. Мұның бәрі заң жүзінде қатаң ескерілген.

Еңбек зейнетақысынан бөлек әлеуметтік зейнетақы да заңдық нормалар бойынша бекітілген. Әлеуметтік зейнетақының ең басты

ерекшелігі неде? Мұндай зейнетақы зейнет жасына жеткен, бірақ қажет ті еңбек өтілі жоқ адамдарға төле неді. Оларға тағайындалатын зейнет ақы-ның мөлшерін жалақыдан есеп теу мүмкін емес. Сондықтан зейнет ақы -ның ең төменгі деңгейінде белгі лене-ді. Қалай болғанда да, Қазақ стан да кез келген адам қандай жағдай болса да мемлекеттің әлеу мет тік қам қор-лығынан тыс қал май ды деген сөз.

Тәуелсіз елімізде әлеуметтік сала дағы жаңғырту жұмыстары көп деңгейлі зейнетақы жүйесін сақ тай отырып жалғаса береді. Бұл үш кезеңнен тұрады. Оның бірінші кезеңі аяқталды. Қазір екінші кезең-нің жаңғырту жұмыстары жүзе ге асуда. Ал, үшінші кезең 2018 жыл-дың 1 қазанынан басталмақ.

Жаңғыртылған зейнетақы жүйе-сін дегі ең басты және негізгі өзгеріс не? Ол – базалық зейнет ақы. Түсінікті тілмен айтқанда, мемлекеттік база-лық зейнетақы төменгі еңбек өтілі мен табысының мөлшеріне қарамас-тан зейнет жасына жеткен бар-лық азаматтарға тағайындалады. Бұл кедейлікті қысқартуға және қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне қатысуын ынталандыруға бағытталған қадам. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнет-ақы азаматтар тек жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде және зейнетақы жүйе-сіне қатысу өтіліне байланыс ты тағайындалады. Олардың жүйе ге қатысу өтілі кемінде 10 жыл бол-са, ең төменгі күнкөріс дең гейі нің 50 пайызына тең болатын әлеу мет-тік зейнетақы берілетін бола ды. Егер жүйеге қатысу өтілі 20 жыл ды құраса, онда базалық зейнет ақы-ның мөлшері ең төменгі күн көріс деңгейінің 70 пайызын құ рай тын болады. Ал қатысу өтілі 35 жыл ды құраса, ең төменгі күнкөріс дең ге-йіне тең есептеледі. Бір сөзбен айт-қан да, адамның еңбек өтілі не ғұр-лым көп болған сайын базалық зей-нет ақы да солғұрлым көп болады.

Тауық жылында зейнеткерлікке шығатын қазақстандықтарды осын-дай жақсы өзгерістер күтіп тұр. Олар үшін тағы бір жағымды жаңа-лық – биыл Қазақстанда зейнет ақы көлемі өседі. Денсаулық сақ тау және әлеуметтік даму министр-лігі таратқан мәліметке қара ғанда, 2017 жылғы 1 қаңтарда базалық

зейнет ақы ның көле мі 9 пайызға ұлға йып, 12 802 теңге көлемінде бола ды. Ал шілде айында тағы 11 пайыз қосылмақ. Зейнетақының орташа дең гейі шамамен 60 167 теңгені құрай ды. Соны мен бірге, әлеуметтік жәрдем ақы лар дың бар-лық түрі бойынша да 7 пайызға өсім болады. Ал келесі жылдың 1 қаң тарынан бастап қазақ стан дық-тар д ың ең төменгі күнкөріс деңгейі қай та қаралады деген жоспар бар.

Әлеуметтік саладағы кезең-кезең бойынша жүзеге асатын осындай өзгерістерді оңтайлы орындау үшін қосымша қаражат қажет болатыны анық. Қаржы қарастырылғаннан кейін базалық зейнетақылар мен асыраушысынан айырылуына бай-ланысты төлемдер және басқа да әлеуметтік жәрдемақылар өсетіні сөзсіз. Оның да нақты мөлшері белгі лі болып отыр: 2018 жылы 63 млрд теңге, 2019 жылы 88 млрд тең-ге елі міздің әлеуметтік саласын дағы жаңғыртуға бөлінетін болады.

Тағы бір жаңалық, келесі жыл-дан бастап, базалық зейнетақы белгілеу тәртібі өзгертілмек. Мұның себебі, зейнетақы жүйесінде жаңа жинақтаушы құрам қосылатын болады. Ол – жұмыс берушілерге тікелей байланысты. Олар ұжымын-дағы еңбек ететін адамдар үшін жинақтаушы зейнетақы қорына бес пайыз жарна аударуы тиіс. Бұл талап 2018 жылдан бастап жүзе-ге асатын болады. Жұмыс беруші-лердің міндетті түрде төлей тін бес пайыздық жарнасының артықшы-лығы бар. Оның мәнісі мынада, егер олар үздіксіз 60 ай төлем жасайтын болса, арнайы шотқа жинақталған қаржы түгесілген күннің өзінде зейнеткерлердің алаңдамауына бо-лады. Өйткені, шоттағы қаражат тау-сыл ғанымен, олардың өмір бойы зей-нет ақы төлемін алуына кепілдік бар.

Осы тұста тағы бір кепілдік туралы айтуға тура келеді. Бұл да Қазақ стан дағы жинақтаушы зейнет-ақы жүйесінің бірден-бір ерек ше -лігі. Керек десеңіз, дамыған елдер-дің өзінде мемлекеттің зейнет ақы жинақтарының сақталуы на кепілдік беретін тікелей жауап кершілігі жоқ. Ал, Қазақстанда осындай кепіл дік бар. Қазіргі әлемдік экономика-лық дағдарысты және құнсыздану жағдайын барынша ескере отырып, Қазақстанда зейнетақы жинақ тарын сақтау жауапкершілігін мемлекет өз мойнына алып отыр.

Міне, еліміздің әлеуметтік са-ласында, оның ішінде зейнетақы жүйесінде осындай оң өзгерістер мен серпілістер бар. Мұның бәрі қазақстандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатындағы игілікті іс.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Тәуелсіз Қазақстанда әлемдік экономикалық дағдарыстың әсеріне қарамастан, мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып, қарқынды дамып отырған саланың бірі – зейнетақы жүйесі. Еліміз егемендік алғаннан бастап халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бұл жүйеде жаңғырту кезең-кезең бойынша жүзеге асып келеді. Мемлекеттің бұл бағыттағы қамқорлығын жұрт көріп-біліп, сезініп отыр.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Зейнетақы жүйесіндегі жаңғырулар

әлеуметтік қолдаудың әлеуеті

биылғы жылы да жалғасатын болады

әлеумет

бірінші байлық

– Сәбит Бекмағанбетұлы, алдымен ЖИТС туралы қысқаша түсінік беріп, содан соң аталған індетке қар­сы қолға алынып жатқан шаруа ларыңыз туралы қыс­қа қайырып өтсеңіз...

– Өткен жылдың соңғы айындағы деректер бойынша, Қазақстанда 28 840 ЖИТС инфекциясының жағдайы тіркел ген. Оның ішінде шетел-дік азаматтар 1 788 болса, жасы рын зерттелгендер саны 599 адам. Сонда қалған 26 453 жан өз отандастарымыз деген сөз. Ал Астана қаласында ағым дағы жылда 2 162 жағдай тір келген, оның 2 038-і шет ел азаматтары. Сөйтіп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 11,7 пайызға тең түскен. Енді осы адамдардың аражігін жіктесек, оның 57 пайызы ерлерге, 43 пайызы әйелдерге тиесілі де, жалпы жиынтығын алғанда дертті жандардың 87 пайызы 15 пен 49 жас аралығын құраған. Сондықтан да, аталған індетпен күрес және оған қарсы іс-шара-лар тетігі мемлекеттің негізгі стратегиялық құжаттарында, әсіресе, 2050 жылғы дейінгі Қазақстан Үкіметінің даму стра тегиясы мен 2016-2019 жыл дарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Ден-

саулық» мемлекеттік бағдар-ламасына енгізілген.

– Соңғы бірер ай шама­сында БДСҰ жариялаған ресми деректе Қазақстанның пайыздық көрсеткіші 0,2 пайызды құрағандығын білдік. Бұл көрсеткішті қа­лай бағалауға болады?

– ДСҰ деректері бойынша, індетке қарсы жүргізілген іс-шаралар нәтижесі бойынша Қазақстан ЖИТС індетінің шоғырланған кезеңіне кіреді. Яғни, әлемдік деңгейдегі ор-таша көрсеткіш 1,1 пайыз болса, Қазақстанның жағдайы 0,2%. Бұл Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірлеріндегі орташа деңгейден бірнеше есеге төмен. Негізінен, ЖИТС-тің түйінді топтарына жататындар арасында індеттің таралуы 5%-дан аспауы осы дертті төмен-дету бо йын ша бағдарлама ны жүзеге асы ру дың нәтижесі болып табы лады. Сондықтан да, соңғы екі жылда «15-49 жас арасындағы бұқара ішін-дегі ЖИТС инфекциясының таралу» көрсеткіші бойынша Бүкіл әлемдік экономикалық форумның ГИК рейтингінде Қазақстанның ЖИТС инфек-циясының таралуы кемінде 0,2% болатын бірінші орынға ие елдер тобына кіруіне мүм-кіндік берді. Міне, осы жер-дегі «бірінші орын» сөзін кей-біреу лер жете ұғына алмаған секілді. Себебі, бұл жерде 0,2 пайыздық көрсеткіштің төмен болуы біздің жоғары орын нан көрінуімізге сеп болады. Демек, біздің елде

инфек ция ның таралу белсен-ділігі төмен деген сөз.

– Соңғы жылдары Жаһан­дық қордан Қазақ станға қайтарымсыз қаражат бөлу тоқтатылып, бағдарлама аясында донорлық қызмет­тің де шектелу себебін қалай түсіндіресіз?

– Иә, Қазақстан соңғы екі жылдан бері халықаралық ұйым тарапынан қаржылан-дырыл майды. 2014 жылға дейін бұл бағдарламалар ды қаржыландыру донорлық, ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес бойынша Жаһандық қор есебінен жүзеге асырылып келген еді. Ал оның тоқтатылуының себебі, қазіргі Қазақстанның халық саны мен оның әлеуеті «ортадан», «жоғары елдер» санатына

кіруімен тікелей байланыс ты. Жалпақ тілмен айтқанда, бұл жағдайымыздың жақсарып, өз мәселемізді өзіміз шеше ала-тын халге жеткенімізді көр-сете ді. Сондықтан да донор-лық көмек қысқарып, көпте-ген ал дын алу іс-шаралары мем ле кет тарапынан бөліне тін бюд жет тік қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Осылай-ша, Қазақ стан – Орталық Азия елдері арасында ЖИТС инфек-ция сымен өмір сүретін па-циент тер арасында тегін анти-ретровирусты емдеуді ұсы на-тын жалғыз ел ретінде таныл-ды. Естеріңізге сала кетейін, 2005-2008 жылдар аралығында антиретровирусты дәрілік зат-тарды Қазақстан Жаһандық қор гранты есебінен үлестіріп келген еді. Ал 2009 жылдан бастап мұндай дәрілік заттарды сатып алуды мемлекет толы-ғы мен өзіне алды. Мәселен, денсаулық сақтауды дамыту-дың мемлекеттік бағдар лама-сына сәйкес, өткен жылы рес-пуб ликалық бюджеттен осы мақ сатқа 3 миллиард теңге бөлінді.

– Ал енді бұл қаражат қалай игеріліп, қандай қыз­мет түрлері көрсетілуде?

– Жалпы, өткен кезеңге көз салсақ, ЖИТС-тің алдын алу бағытындағы әртүрлі жұмыс-тар үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен жүзеге асырылған. Осы ҮЕҰ қаржыландыру соңғы жылдары мемлекеттік қаражат есебінен де орындала бастады. Ол үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік тапсырыс аясын да

бюджеттік қаржыланды ру қарас тырылып, бүгінгі таң да еліміз де бұл салада 36 ҮЕҰ қыз мет көрсетуде. Олар аза-мат тық қауымдастықтың өкіл дері ретінде алдын алу ша ра ларын әзірлеу, жүзеге асы ру, бағалау және ЖИТС инфек циясымен өмір сүретін-дерді күту және оларға қол-дау көрсету шараларына бел сен ді қатысады. Ал енді қан дай қызмет көрсетіледі дегенге келсек, пациенттерге көмектің 11 түрі ұсыныла-ды. Кон суль тация, тестілеу, анти ре тровирусты терапия, туберкулезді емдеу, шприц-терді айырбастау, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату сын ды қызметтер дің кешенді пакеті енгізілген. Сонымен қатар, қанатқақ-ты облыстар дең гейінде метадонды терапияны қол-дау шы бағдарлама енгізі-ліп, қазіргі уақытта ол Қазақ-станның 10 өңірінде жұмыс істеуде. Сөйтіп, мемлекеттік тұр ғыда тиянақты жүргізілген жұмыс тар нәтижесінде ЖИТС-тен қайтыс болу көрсеткіші соңғы он жыл ішінде 16,1 пайыздан 9,0 пайызға дейін төмендеу үрдісі байқалды.

– Ал енді аты жаман індеттің таралуын алдын алу мен анадан балаға берілуін болдырмауға қа тыс ты қан­дай жұмыстар жүргі зілуде?

– ЖИТС инфекциясын жұқтырған аналардан туған балалар үшін біз көрсете тін кешенді көмек қызметіміз-дің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұндай шара ЖИТС-пен ауыратын жүкті әйелге ем-дом жасау арқылы дүниеге дені сау баланың тууын қамтамасыз етеді. Бұл күндері аяғы ауыр әйелдерге ЖИТС-ке қарсы екі рет тестілеу жүр-гізуіміздің себебі де осы. Сон-дай-ақ, мұндай дертке шал-дыққан жаннан туған балалар тегін бейімделген сүтпен қам-тамасыз етілетіндігін де атап өткім келеді. Жүзеге асы ры-ла тын осындай іс-шара лар-дың нәтижесінде пери натал-ды трансмиссияның дең гейін тоғыз жыл бұрынғы 8,4%-дан 1,9%-ға дейін төмен дету мүм-кіндігіне ие болдық.

– Естуімізше, соңғы он жыл көлеміндегі сіз еңбек ететін салада атқарылған е л е у л і ш а р у а н ы ң б і р і мониторингілеу мен баға­лаудың ұлттық жүйесінің іске қосылуы көрінеді. Осы ұлттық жүйеден ұтарымыз не, оның тиімділігі қандай?

– Біз 2005 жылы ЖИТС-пен күресті мониторингілеу мен бағалаудың ұлттық жүйесін іске қостық. Расымен де, егер соңғы онжылдықта еткен еңбегімізді екшейтін болсақ, соның ішіндегі ең елеулісі осы ұлттық жүйенің қызметке кірісуі дер едім. Өйткені, осы қызмет аясында мемлекеттік, қоғамдық, халықаралық ұйым-дар арасында деректер ал масу үдерісі жүргізіледі. Сон дай-ақ, Орталық Азияда алғаш рет халықаралық серіктес тер-дің қолдауымен 2011 жылы нақты уақыт тәртібінде елі-міздің кез келген өңірінде ЖИТС инфекцияның барлық тіркелген жағдайларын эпи де-миологиялық, клиника лық және зертханалық дерек терін жи-науға, сақтауға және тал дауға әрі оның таралуын бақылауға мүмкіндік бере тін электронды база іске қосылды. Бұл ЖИТС ин фек циясын жұқтырған адам-дарға дер кезінде, толық әрі сапалы бағалау жүргізе оты-рып, дерттің алдын алу іс-шара ларын жүргізуге және жедел шешімдер қабылдауға зор мүмкіндіктер береді.

Әңгімелескен Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Былтыр біздің еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінде індетке қарсы жүргізілген іс-шаралар нәтижесі бойынша ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылығының синдромы) індетінің шоғырланған кезеңіне енді. Яғни, статистикалық мәліметте әлемдік орташа деңгейдегі көрсеткіш 1,1 пайызды құраса, Қазақстандағы халықтың көрсеткіші 0,2 пайызға тең түскен. Мамандардың айтуынша, бұл салыстырмалы түрде алғанда өте жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, Қазақстанда 2005-2008 жылдар аралығында антиретровирусты дәрілік заттар Жаһандық қор гранты есебінен үлестіріліп келген болса, соңғы жеті жылдан бері қайтарымсыз қаражат тоқтатылып, ондай міндетті мемлекет толығымен өзі атқаруда. Осы мақсатта ел бюджетінен қанша қаражат бөлініп, ол қалай игерілуде? Жаһандық қордан грант неге берілмейтін болды? 0,2 пайыздық көрсеткіштің «қауқары» қандай, оны қалай түсінуге болады? Көкейде жүрген осы сынды сан сауалымызды Астана қаласы «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК-ның бас дәрігері, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санаттағы маман Сәбит АБДРАИМОВҚА қойған болатынбыз. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қатерлі дертті дендетпеу үшін...

өңір өмірі

Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Облыстың барлық елді мекен-

дері телефон байланысымен және интернетпен қамтылған. Алайда, жыл сайын байланыс қызметіне деген сұраныс та арта түсуде, ауыл-дықтар жоғары сапалы бай ланыс қызметінің кең спектрін пайда лан-ғысы келеді. Осыған байланыс ты ауылда телекоммуникация желі-лерін жаңғырту жұмыстары жүйе-лі жүргізілуде. «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы өңірде теле коммуникация желілерін жаң-ғыр ту мен дамыту бойынша жұ-мыс тарды жалғастыруда. Жақын-да Миялы (Атырау облысы), Ойыл (Ақтөбе облысы) учаскесінде

жаңа байланыс қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл Ойыл ауылында ұсынылатын байла-ныс қызметтерінің сапасын арт-тыру ға мүмкіндік берді. «Опера-тор лық қосылулар үшін желі ресурс тарын кеңейту» жобасы ая сын да «Миялы-Ойыл» учас-кесін де Pasolink 400 сандық радио релелі желі орнатылды. Жаңа бай ланыс қондырғысы деректерд і беруд ің өтк і зу қабілетін 400 Мбит/с-ке дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. Атал-мыш жобаны жүзеге асы ру бөг де опе ра торларға ұсыны ла тын арна-лардың өткізу қабілетін ке ңейтуге алғышарт жасайды және жаңа қажеттіліктерді қана ғат тандыра алады. Жаңа қондырғыны іске

қосу абоненттерге ұсынылатын интер нет желісіне кең жолақты қосылу қыз метінің сапасын жақ-сарту ға және Ойыл ауылында жоғары жылдамдықты интернет-ке жаңа пайдаланушыларды қосу ға мүмкіндік береді. Жүр -гі зіл ген жұмыстар нәти жесін де «Megaline Hit» тарифтік жос пары -ның деректерді беру жылдам дығы бекі тіл ген 4096 Кбит/с жыл дам ды-ғымен сәйкестендірілді. Теле ком-му никация желілерін жаң ғыр ту және дамыту бойынша Ойылда жүргізілген жұмыстар «WLL CDMA-450» технологиясы бойын-ша сымсыз байланыс сапа сын жақсартуға да ықпал етті.

Ақтөбе облысы

Жоғары жылдамдықтыинтернетті пайдаланады

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

1 ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛ 5

Кейкі батырдың келбеті

Алаш идеясы: бір ғасыр әткен соң

Революциялық өзгерістердің та биғатын тура түсініп, адал өмі-рімізге қажет тұжырымдар шы-ғаруға алысқа бармай-ақ, хал-қымыздың кешегі өткенінен алған сабақтары жетіп артыла-ды. Есімде, студент кезімізде Ш.Уəлихановтың қоғамдық-саяси көз қарасын талдағанда, «Қазақ ғалымы тарихты түсіндіруде үлкен жетістіктерге жетті, дегенмен, оның көзқарасындағы бір кем-ші лік – қоғамды революциялық жол мен өзгертуге қарсы шықты» деп үйрететін. Иə, рас, Шоқанның «Еуропадағы барлық революци-ялар үкіметтің тарапынан ха лық-тың еркін даму əрекетін басып-жаншудан шыққан» деген ма-ғы на дағы пікірі бар. Ғалымның тү сінігінде кез келген теорияның құн дылығы – оның өсу жолында тұр ған нəрсеге керегін беріп, ал оған қажет емес кедергілерді ала-стауда ғана. Басқаша айтқанда, Үкі-меттің негізгі міндеті қоғамдық ор-га низмнің дертсіз, еркін өсіп-өнуі не қажет реформалық шара лар ға жол ашу болса керек.

Өз ретінде айта кетейік, көз-қа рас тық тұрғыдан Шоқан ұста-ны мына жақын тұрған ХХ ға сыр-дың басындағы Ə.Бө кей ха нов бастаған ұлт зиялы лары да қо ғам-дық дамуда рево лю ция лық емес, эволюциялық, ре форма лық əдіс-құралдарды қолдау жағында тұр ды.

«Патшалық Ресей – халықтар түр месі болды» деген пікірді ке ңес-тік тарихшылар В.Ленинге та ңа ды. Бұл тұжырымға В.Лениннен бұ рын А.Герцен де келген. Ол Николай І қоғамды басқару ісіндегі «Ресей өлсе де, шексіз жəне мыз ғы мас билік қалса болғаны» деген ұранын сынға алып, «Біздің қай сы мыз осы жер шарының төрттен бір бөлігін алып жатқан түрмеден, кез келген полицейлік бақылаушы өзін патша, ал патша – өзін полицей сезінетін алып империядан құтылғымыз келмеді?» деп жаз ға нын мектеп қабырғасында оқып өстік емес пе?

Осы ретте мынадай бір жағ-дай ға көңіл аударған артық емес. «Ресей – халықтар түрмесі» деген ұғым большевиктерге патшалық өкіметке қарсы күрес кезеңінде қызмет жасаған ұран есебінде бол-ды. Большевиктік ұстанымдағы тарихшылар 1941-1945 жылдары соғыс тұсында бұл ұстанымды сын-ға ала бастайды. Мəселен, Е.Тарле сияқты ресейлік тарихшылар Ре-сей дің көрші халықтардың жерін өзі не күшпен қосып алуын та рихи қа жеттіліктен туған шара ре тінде ақ тады. Ескеретін жағдай, бұл пікір 1944 жылы мамыр-шілде айларын-да партияның Орталық комитетінде, оның идео логия жөніндегі хатшысы А.Щербаковтың төрағалығымен, сондай-ақ, ОК-нің хатшылары Андреев пен Маленковтың қаты суы-мен өткізілген «История Казах ской ССР» (1943 жылы жарық көрген) кітабын талқылау барысында ай-тылды. Патшалық үкі меттің жаулап алу саясатына қар сылық көрсеткен Кенесары Қасымұлы көтерілісін оң бағалаған бұл кітапты оқу процесіне енгізуге тый ым салынды.

Ал осы патшалық биліктің ор-нына келген Кеңес өкіметі одақ құрамындағы халықтарға өз де-рін өздері басқару мүмкіндігін беріп, олардың еркін дамуына жол аша алды ма? Бұл сұрауға бір жақты жағымды жауап беру тарихи шындықты бұр ма лауға ұрындырар еді. Айта кеткен жөн, бұл сұраққа тек жағымды жауап беруге бейім тарихшылар əлі де аз емес. Олай болса, кез келген мемлекеттік биліктің жағымды не-месе жағымсыз қызметінің негізгі өлшемі ретінде қандай нəтижені алуға болады?

Француз гуманисі Жан-Жак Руссо мұндай өлшем ретінде сол билік тұсында халықтың сандық тұрғыдан өсуін немесе кеміп кетуін алу ды ұсынады. Меніңше, бұл бір-ден-бір əділетті ұстаным. 1917 жыл ғы революциялық өзгерістер қар саңында 6 миллионға жуық қа зақ халқы 20-30-жылдары жүр-гізілген кеңестік рефор ма лар дың нəтижесінде жартысына жуы-ғынан айырылды. Соғыс, аш тық, репрессиялық шаралар, экс пе-рименттік дəрежедегі реформа-лар қазақ халқының сандық жəне са па лық тұрғыдан азып-тозуына жол ашты.

Салыстырмалы тұрғыдан айта кеткен жөн, тəуелсіздік алған 1991 жылы жергілікті қазақ халқы барлық тұрғындардың жартысына да жетпейтін (46%) күйде бол са, со-дан бергі ширек ғасырда оның үлес салмағы 67-68 пайызға жетті. Яғни, түрлі экономикалық жə не əлеу-меттік қиындықтарға қара мас тан, ол сандық жəне сапалық тұр ғыдан өсу жолында тұр.

А.Герцен айтқан пікірге бай-ланысты, тарихшы ретінде мы-надай жағдайға көңіл аударған болар едім. Қазақ тарихында кү -рескер Герценнің азаматтық үлгі-сін жаңғыртқан Мұстафа Шоқай 1917 жылғы революциялық өз ге-рістерге байланысты біз үшін əлі маңызын жоғалтпаған мына дай ойды білдірді. 1917 жылғы рево-лю циялық өзгерістер тұсында біз, ел, ұлт ретінде əлсіз болып шық тық, өз бетімізше еркін қи-мыл дауға, əрекетке келуге мүм-кін дік беретін экономикамыз, əс-ке рі міз, тіптен рухани тұрғыдан да даярлығымыз болмады. Бұл жағ дай біздің басшыларымыздың орыс демократиясына иек артуына, олар дың берген түрлі уəде ле рі не сенуіне негіз болды.

1917 жылғы революциялық өзгерістерден біздің алатын негі з -гі сабақ, ол – ешқандай қам қор -шының уəдесіне сенбеу, өзің нің эко номикалық күш-қуа тың ды ыл-ғи да арттырып отыру, мем ле кет тік тəуелсіздігіңді нығай ту.

Кеңес Одағы өткен жол не көр-сетті? Ол мемлекеттік жүйе ре-тінде бастапқы кезеңінде берген уəделерінің үрдісінен шыға алма-ды.

Біз, заңгер, тарихшы, фило-соф ғалымдар осы уақытқа дейін пат шалық жəне кеңестік билік тер-дің қазақ жеріндегі саяси-құ қық -тық негіздері туралы тұ жы рым-дарымызды анықтай алмай ке леміз.

Кеңестік тарихнама мəселен, патшалық жəне кеңестік билік тер ді легитимді биліктер ретінде көр се-тіп, қазақ қоғамына тек жағымды өзге рістер əкелген мемлекеттік құ-ры лымдар ретінде танытуға күш сал ды. Жоғарыда аталған «История Казахской ССР» (1943 ж.) атты кітаптың осы мəселеге қатысты ІХ тарау ын да патшалықтың бо дан -ды ғына ену туралы «антты қазақ би леушілерінің жоғарғы өкіл дері ғана берді». Сондықтан да «қазақ-тардың ресейлік бодандық қа өтуі қазақ ақсүйектері мен патша үкіметі арасындағы келісімнің нəти жесі» болды. Бодандық ха лық бұқарасының еркінен тыс қабыл данды» деген тұжырым жас а л ынған болатын. Тура осы жаса лынған тұжырым 1943 жылы жарық көрген кітаптың сөрелерден алынып тасталуына

негіз болғандығын ұмытпаған жөн.Кеңес өкіметі революциялық

жолмен өзінен бұрынғы билікті ысырып тастап, мемлекеттік бас-қару аппаратын орнатты. Ол еш қан-дай да референдум, сайлау арқылы келген жоқ. Оның орнауына қазақ халқының ешқандай да қатысы болған жоқ. Екіншіден, В.Ленин бастаған большевиктер партия-сы қазақ қоғамының сол тарихи кезеңдегі жағдайы мен оның ал-дында тұрған мақсат-мін деттерімен санасқан жоқ. Өзінің əскери, идеологиялық ба сымдығын пайда-ланып, қазақ азаттық қозғалысын табиғи маз мұ нынан айырды. Бұл іс жү зін де, қазақ ұлт-азаттық қоз-ға лысына жасалған кешірілмес тари хи қиянат еді. Большевик-тер, олардың жетекшілері өздерін партиялық тұрғыдан қазақ бас-қарушы тобынан жоғары тұр ған-дығына сенімді болды. Мəселен, Алашорда үкіметінің 15 мүшесінің біреуінің ғана (О.Əлжанов) арнау-лы орта білімі бар-тын. Ал қалған он төрті түгелдей жоғары білімді еді. Сапалық тұрғыдан Кеңес өкі-метінің өзі мұндай құрамда емес-тін.

Əлихан Нұрмұхаметұлы Бөкей-ханов бастаған қазақ азаттық қоз-ғалысы басшыларының жəне сая-си ұйымының дұрыстығын өмір ағымының өзі жан-жақты дəлелдеп берді.

Қазақ – азаттық қозғалысты көз-деген мақсат-мұраттарын жалпы адамзаттық құндылықтар арасын-

да екендігін кейінгі əлемдік тарих көрсетті. Никарагуа ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Сандино кезінде «Біздің қозғалысымызға сырттан таптық мазмұн, сипат беруге ұмтылыстар жасалынды. Біз оған үзілді-кесілді қарсы бол-дық, өйткені біздің күресіміз анти-колониалдық маз мұндағы кү рес еді» деп мəлімдеді. Алаш атау-ындағы қазақ ұлт-азат тық қоз-ғалысының бас шы ла ры Сандино жа саған тұ жы рымға ХХ ғасырдың 20-жылдары келген болатын.

Міне, бұл келтірілген фактілік материалдар – қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің қа зақ шындығын қорыту ісінде ресей-лік коммунистерден жоғары тұр -ғандығының айғағы. Алаш тық ұста нымдағы зиялылар боль шевик-тер ұсынған социализм идея сымен осы жолда белгіленген төтенше өзгерістерді қабылдай алған жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ хал қы-ның большевиктер идеясын қабыл-дау ға даяр еместігіне байланысты олар ұсынған социализм идеясын «шақырылмаған бөтен қонақ» деп атады.

Сөзімнің соңында, мынадай жағ дайды ескертуді өзіме мін дет санаймын. Большевиктер ұйым -дастырған 1917 жылғы со циа -листік революция мен одан кейін-гі өзгерістерге байла нысты бұл ай тылған ойлар, əрине, жаңа қо-ғам құру ісіне бел сенді түрде ат-салысқан аға буын ның жасампаз еңбегін жоққа шы ғарғандық емес. Қарапайым ха лық, оның озық туған ұлдары мен қыздары үшін социализм идеясы, Тұрар Рыс-құлов дəл атап көрсеткеніндей, түп кілікті жал ғыз мұрат емес, қо-ғамдық өмірді жағымды мағы нада өз гертудің құралы есебінде жүр ді. Осы тұрғыдан аға буынның қа -жы рлы еңбегі өз нəтижесін бер -гендігі анық. Олардың түрлі ауыр т -палықтарға қарамастан, атқарған мақсатты қызметі мен еңбегінің ең басты нəтижелерінің бірі – бүгінгі мемлекеттік тəуел сіз дігіміз.

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, ҰҒА мүше-корреспонденті,

профессор

АЛМАТЫ

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

ЗЕРДЕ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Халықта «бәріне уақыт т�реші» деген с�з бар. Орынды айтылған. Революциялық �згерістермен басталған ХХ ғасыр сол �згерістерді �мірге әкелген коммунистік идеяның жеңілісімен аяқталды. Шын мәнінде, бұл коммунистік идеяның жеңілісі ме, жоқ әлде, сол идеяны басшылыққа алып, оны солақай әдістермен іске асыруға күш салған саяси партия мен ол құрған жүйенің жеңілісі ме? Бұл сауалға жауапты Кеңес Одағы аталған алып империяның тарихы берді. Бір нәрсенің басы ашық, бүгінгі адамзат қоғамды, қоғамдық қатынастарды �згерту ісінде революциялық әдіс-құралдардан бас тартты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасымыз «Мәдени мұра» бағдарламасын қолға алғалы қаншама игіліктің қайнар к�зі ашылды. �ткеніміз бен �шкеніміз қайта тірілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақ елі тағы бір үлкен қуанышқа кенелді. Қазақстанға Кейкі батырдың басы қайтарылды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, сенатор

Ресейден Кейкі батырдың ба-сын қайтару туралы Пар ламент Сенатының жалпы отырысын-да сенатор, Кон сти туциялық, заңнама, сот жүйе сі жəне құқық қорғау органда ры комитетінің төрағасы бас таған бір топ де-путаттар осы мəселені көтерген болатын быз. Сенат отырысында сена тор Серік Ақылбай «Тəу-елсіздіктің биылғы 25 жыл-дығы Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жыл-дығымен тұспа-тұс келіп отыр. Патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы көте рі ліс Қазақстанның барлық ай мақ-тарын түгелдей қамтыды. Пат-ша үкіметі қазақ халқының бұл көтерілісін басып-жаншу үшін барлық күш-жігерін аямады. Жетісу, Сырдария, Семей, Ба-тыс Қазақстан өңірлеріндегі кө терілістер бұрқ еткенде, Тор -ғай даласында Əбдіғаппар Жан-босынұлы, Амангелді Иманов, Кейкі батыр бастаған көтеріліс те ең ұзаққа созылған ұлт-азаттық қозғалысының бірі бол-ды. Алайда, бүгінгі ұрпақ 1916 жылы болған көтеріліс туралы,

оны ұйымдастырушы батырлар жайында толық біле бермейді. Кешегі кеңестік кезеңде де бұл көтеріліс туралы шындық толық айтылған емес. Енді осы олқылықтың орнын толтыра-тын кез келді. Осы көтерілістің даңқты қол бас шыларының бірі, атақты мер ген Кейкі батыр өз елі үшін басын бəйгеге тіккендігі бел гілі. Батырды қызыл əскер айуандықпен өлтіріп, екі қолы мен басын кесіп алған. Батыр бабамыздың басы əлі күнге Санкт-Петербургте сақтаулы тұр. Бұны еліміз Сыртқы істер министрлігінің сұрауына орай 1995 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігі де жауап хатын-да растаған. Жалпы, Кейкі батырдың бас сүйегін туған еліне алдыру мəселесі көптен айтылса да нəтиже шық қан емес. Дегенмен, Ұлт-азат тық көтерілістің жүз жыл ды ғына орай батырдың басын қай тарып, туған жеріне жерлеу мəселесін Үкімет қолға алса игі», деген еді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі Кейкі ба тырдың бас сүйегін туған же рі не қайтару мəселесі Ресей та ра пымен ұзақ жылдар бойы тал қыланған болатын.

Кейкі Көкембайұлы 1877 жылы Торғай уезі, Қайдауыл болысында – қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Тасты ауылында дүниеге кел-ген. Бəріміз ол кісінің Кейкі деген атын жақсы білеміз. Ал азан шақырып қойған аты – Нұрмағанбет. Жастайынан саяқтау жүретін болғандықтан жеңгелері «Кейкі» атап кеткен. Шежіреге зер салсақ, ол бес ағайынды болған. Көкембайдан Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі жəне Шұбар туады. Осылардың ішінде бүгінде тек Қосжанның ғана ұрпағы бар. Кеңес өкіметі кезінде Көкембайдың кіндігінен тараған ұрпақтар «банды», «бас машының» туыстары деп айып талып, тағдыр теперішін көп көрген. Батыр жастайы-нан өздерімен рулас, Торғай өңіріндегі мыңғырған жылқы айдаған бай Шашамбайдың Рахметі деген кісінің бет-ке ұстар жылқышысы болған. Ақ патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы түрткі бол ған азаттық жолын дағы кү-ресте Кейкінің батыр лы ғымен қатар құралайды көз ге атқан мергендігі кеңінен т а нылды. Сол көтеріліс кезінде ол мер-гендер мыңдығын бас қарды. Көтерілісшілердің əске ріне А.Иманов бас сардар болып тағайындалды. Кейкі батырдың ерліктері 1916 жылдың күзі мен

1917 жыл дың қысындағы Торғай, Құ мкешу, Доғал, Үрпектегі жəне басқа да патшаның жа-залаушы əскерлерімен болған шайқастарда анық көрінді. Оның құралайды көзге ататын мергендігі ел аузында аңыз бо-лып қалды.

Торғай жеріне жаңа би-ліктің өкілі ретінде облыс тық комиссар болып келген Əліби Жангелдиннің үгіт-на сихатымен Амангелді Иманов пен Кейкі Көкембаев бастаған 1916 жылғы көте рі лістің сарбаздары боль-шевиктер жағына шықты. Сол күндерде «Сен ақ жағындасың ба, əлде қы зылдарға қарайсың ба?» деп сұ раса, «Мен Аман-гел ді қай жақта болса, сол жақ-

тамын», деп жауап қататын Кей кі батыр 1918 жылы 18 нау-рызда Амангелді Имановпен бір ге Орынборда өткен бірінші жал пы қазақ съезіне қатысады. «Бұл съезде Ə.Жангелдин де болды. Съезден кейін ол жақ -тан Амангелді мен Кейкі жаңа əскери киімде оралды. Бұл киім-де олар нағыз үлкен коман-дирлерге ұқсайтын», деп жаза-ды есте лігінде сол күндердің куəсі А.Ерходжаев деген азамат. Атал ған жиыннан оралысымен Ə.Жангелдиннің тапсырмасы-мен А.Иманов пен Кейкі батыр Тор ғай уезінде большевиктердің жер гілікті билік органын жə-не қы зыл армияның отрядта-рын құруға кіріседі. Бірақ, 1919 жылғы сəуір айындағы А.Имановтың жəне хандық кө семі Ə.Жанбосыновтың жұмбақ жағдайдағы өлімдері батыр өміріндегі үлкен бет-бұрыстың басы болды. Кей інКеңес өкіметі Алаш қай-раткерлеріне қарсы қудалау нау қанын бастап жүргізгенде Аман гелдінің өліміне кінə-лілер ретінде алаштықтар ілік-т і жəне сол жұмбақ өлім айып болып тағылды. Кейкі бас-таған қарулы сарбаздар қос боз-дақ тың өлімінен кейін қайда барарларын білмей аңырды. Билік басындағылардан еш қайран болмасын түсінген олар қаруларын тастамады. Кейкі бастаған сарбаздардың қайта атқа қонуына қызылдардан жөңкіле қашқан Колчактың қалдық əскерлерінің бейбіт ау-ылдарды тонауы себеп болды.

1919 жылдың жазында Тор -ғай жеріндегі жергілікті ке ңес өкіметін құлатып, бар би лікті қолына алған алаш орда лықтар большевиктерге қызмет жасаған Амангелдінің жақтастарын қуғындауды бастаған бола-тын. Осы мақсатта 20 адамнан тұратын əскери дала лық сот құрылды жəне осы құрыққа «Амангелдінің жақ тасы» ретінде Кейкі де ілікті. Алғашқы сəтте жоғарыдағы соттың үкімімен 15 «большевик» санатындағылар атылды. Далалық соттың ше-ші мін орындау үшін В.Кафка мен С.Қаратілеуов бастаған жа залаушы жасақ ел ішіне шы-ғып, «большевиктерге» бүй-регі бұрғандарды қудалауға, қол ға түскендерін жазалауға кірісті. Бұған төзбеген Кейкі батыр қол жинап, үзеңгілес серігі А.Имановтың ауылын жəне туған-туыстарын қорғау үшін аттанады. Орын алып отырған əділетсіздікке қарсы тұруға бекінеді. Батырдың е р л і к қ и м ы л д а р ы т ү р л і

жыр-дастандарға арқау болды. Осындай жыр-дастандарды ел аралап, алғаш қағазға түсіргендердің бірі академик Əлкей Марғұлан еді. Ба тыр-дың кеңес билігіне ал ғаш қы қарсылығы ауыл бел сен ді л-ерінің сілтеуінен туындады. Оның үстінен жоғарыға жө-нел тілген жалған арыз, ақ пар-лар оны «жау», «банды» деп қуғындауға негіз болды.

Батырдың, шынында, ба-рар жер, басар тауы қалмаған еді. Жаны жаралы батырдың маңайына жазықсыз жапа шек-кен, қызылдардан теперіш көрг-ен жарлы-жақыбайлар да топ-тасты. 1921 жылдың жазын-да «Кейкі бүлігін» басу үшін Торғайдан арнайы қызыл əскер жасағы шығады. Сарыторғай өзенінің бо йында қатты шайқас болады. Кейкі жасағы іргелес жатқан Атбасар уезіне қарасты Бағаналы ауданына ығысады. Кейкі нің соңынан ерген халық орта ларынан Бағаналының төрт босағасының бірі атан ған, атақты Бабырдың не мересі Құлсейітті хан сай лайды. Кейкінің көзін жоюға уездік ревкомның бар күшін жұмылдырады. Қар-сақпай зауытының ал ғаш -қы директоры, Кейкіге қарсы ұйым дас ты ры лған шаралардың басы-қа сында жүр ген И.Деев өз ес те лігінде «Жа сағы тал қан-дал ғ ан Кейкі Қызыл орданың қа -сындағы Телікөл маңына асып, тағы 350 адамға дейін жа сақ жинады. Қарсақпай-Қызылорда жолының бойына бе кін ген Кейкі жүргіншілерді то най ба-стады», дей келе, ба тырдың 1916 жылы Атбасар уе зінде құрылған Бағаналы хан дығының бас дін басшысы Ахмет ишан Оразаевтың ауылына жақын маңдағы Шұбартөбе деген жер-ге барып па налағанын жазады.

Торғай жəне Атбасар уезінің басшылары бірлесе отырып енді оны алдап қолға түсірудің ама-лына кө шеді. Əліби Жангелдин-нің атынан қолы қойылып, мөрі басылған жалған хат дайындала-ды. Аталған хатта батырдың бар «күнəсы» кешірілетіндігі жəне Торғайдан қызмет берілетіндігі айтылды. Батырға хатты тап-сыруға Ахмет ишан таңдалды жəне Кейкінің сарбаздары-мен ишан ауылының маңында қыстап жатқандығы есепке алынды. Жоспарды іске асыру 1922 жылғы наурыздың басына бел гі ленді. Сөйтіп, Торғайдан Н.Токарев, Қарсақпайдан С.Мағзұтов бастаған қызыл əс-кер 1922 жылғы наурыздың ба сын да ишан ауылына келіп же теді. Келіссөз жүргізу үшін Ах мет ишанның үйіне келген жер інде Кейкі қапыда қолға түседі. Жендеттер Кейкі батыр-ды жары Ақжан, інісі Түскенмен бірге айуандықпен өлтірді: батырдың екі қолы, басы кесіп алынды, айы-күні жетіп отырған Ақжанның ішін жарып, нəресте етік табанына тапталды жəне інісі Түскен де азапталып өл-тірілді. Сол заманның бір куə-гері С.Искаков өз естелігінде «Кейкі нің басын қанжығасына бай лап М.Сафарғалиев қалаға кір генде жұрт таңырқап көруге барды. Бас көше шамына байла-улы тұрды кешке дейін. Оны ілу себебі – Кеңес өкіметіне қарсы шыққандарға осындай өлім деп айбар етілді», деп жазды.

Тəуелсіз еліміздің жас тү -лек тері азаттықтың қа зақ хал-қына оңайлықпен кел ме ген-ін білуі тиіс. Осы ретте Кейкі сияқты батырлардың есімдерін ұлықтау, өте маңызды. Ел қор-ғаған ерлердің лайықты ізбасар ұр пақтарын өсіру – үлкен міндет.

Тарихи жəдігерлерімізді қайта жаңғырту мүмкіндігіне тек қана тəуелсіздіктің, онда да Елбасымыздың сарабдал сая-са тының арқасында қол жет-кі зіп отырғанымызды естен шығармауымыз керек. Көрші Ресей елімен достық келісім-шартын жасап, өзара сенім мен ын ты мақтасудың бе рік негізін қа лаудың нəтижесінде Кейкі ба-тырдың басын қайтарып ал дық.

Елбасы айтқандай: «Біздің тарихымызда ешқандай да ұялатын нəрсе жоқ». Қайта біз өз ерлеріміздің есімдерін мақ -танышпен атап, оларға тағ зым етіп отыруға тиіспіз. Осы тұр-ғыдан алғанда Кейкі ба тыр-дың басының елге оралуы – символдық мəні бар үлкен оқи -ға. Сондықтан, мерейіміз үстем, мəртебеміз қазіргіден де биік болатын күндер алда.

СУРЕТТЕ: Венгр ғалымда-ры реконструкциялаған Кейкі батырдың бейнесі

АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ 15 МҮШЕСІНІҢ БІРЕУІНІҢ ҒА-НА (О.ӘЛЖАНОВ) АРНАУЛЫ ОРТА БІЛІМІ БАР-ТЫН. АЛ ҚАЛҒАН ОН ТӨРТІ ТҮГЕЛДЕЙ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЕДІ. СА ПАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН КЕҢЕС ӨКІ МЕТІНІҢ ӨЗІ МҰНДАЙ ҚҰ РАМДА ЕМЕС-ТІН.

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

6 1 ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛСПОРТ

Жылдың басты жарысы

УНИВЕРСИАДА ДОДА

Қысы жоқ өңірден бес спортшы қатысады

ФРИСТАЙЛ

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан об-лы сының əкімі Жан сейіт Түй мебаевтың тө ра ға лы-ғымен XXVIII Бүкіл əлем -дік Алматы-2017 қыс қы Уни версиадасының Шым-кент те жағылатын «Алау эста фетасын» ұйымдастыру жəне өткізу бойынша өңір-лік штабтың мəжілісі өтті.

Осы жиында облыстық денешынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Əлібек Нұртаев жағдайды баяндады.

Бүкілəлемдік Уни вер-сиа даға Оңтүстік Қазақ-стан облысы нан Жан бота

Ал да бер генова, Ақмаржан Қал мұрзаева, Дархан Мұ-ха меджанов, Бағлан Ің-кəр бек, Жібек Арапбаева қа тысады. Бес спортшы да фристайл бойынша бə се ке-ге түседі.

Бір қызығы, қысы жұм -сақ, қар аз түсетін Оңтүс тік-тің аяғына шаңғы байлаған оғы лан дары спорттың фри с-

тайл түрінен əлемдік Уни-вер сиадада ат басындай ал -тын бастатқан медаль алу ниетінде. Тақымын қысқан жан күйерлер ондай ерліктің олар дың қолынан келеріне сенеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Атыраулықтар үлкен теннис ойнайды

ТЕННИС

Жолдасбек Ш�ПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан»

Спорттың барлық түрі де пайдалы екені дəлелденген. Алайда, Атырауда кенжелеп қалған спорттың қатарына үлкен теннисті де жатқызуға болады. Енді сол олқылықтың орнын толтырады деген үмітпен арнайы салынған орталықтың аумағы 4,9 мың шаршы метрді, ал жер телімі 2,1 гектарды құрайды. Бас мердігерлікке таңдалған «БатысАлянсСтрой» ЖШС жүргізген спорт нысанының жобасын «Полимер» серіктестігі дайындаған. Үлкен теннис федерациясы Атырау облыстық филиалының ди-ректоры Вера Тихомированың айтуынша, теннис кор-тына «Green Set» маркалы жоғары сапалы жабындысы пайдаланылған. Өйткені, шетелдік маман-сарапшылар теннис кортына дəл халықаралық талаптарға сəйкес келетін дəл осы материалдың төселгенін қалайды. Сол себептен, Атыраудағы теннис корты шетелдік сарапшылар тарапы-нан бірнеше рет тексерілген.

Теннис орталығында 8 корт бар. Оның төртеуі жабық кешеннің ішінде, тағы төртеуі жазғы алаңда орналасқан. Үлкен теннис сайыстарын бір мезгілде 300 адамның тама-шалауына мүмкіндік жасалып отыр.

АТЫРАУ

Биылғы бәсекелер

28 қаңтар – 8 ақпан. Алматы. XXVIII Бүкілəлемдік қысқы Универсиада.

19 мамыр – 1 маусым. Өскемен. Волейболдан əйелдер клубтық командалары арасындағы Азия чемпионаты.

14 –18 маусым. Бурабай, Ақмола облысы. Триатлоннан Азия кубогы.

24 – 25 маусым. Алматы. Жеңіл атлетикадан «Ғұсман Қосановтың XXVII мемориалы» халықаралық жарысы.

24 –28 маусым. Астана. Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты.

25 маусым – 6 шілде. Астана. Шахматтан «Астана ЭКСПО-2017» супертурнирі.

1 – 2 шілде. Астана. Каратэ шинкиокушинкайдан əлем чемпионаты.

10 – 17 шілде. Астана. Каратэ-додан Азия чемпионаты.10 – 17 шілде. Алматы. Волейболдан екінші топ əйелдер

командалары арасындағы əлем Гран-приінің екінші кезеңі.20 – 24 шілде. Астана. Белбеу күресінен ерлер мен

əйелдер арасындағы əлем чемпионаты.24 – 30 шілде. Астана. Теннистен Қазақстан Пре зи-

дентінің кубогы үшін жарыс (Челленджер).Тамыз. Астана. Футболдан «ЭКСПО-2017» Қазақстан

Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир.3 – 13 тамыз. Астана. Компакт-спортингтен əлем чем-

пионаты.17 – 20 тамыз. Астана. Қазақ күресінен əлемнің VII

чем пионаты.20 – 28 тамыз. Астана. Көкпардан əлем чемпионаты.26 – 27 тамыз. Астана. Қазақ күресінен «Əлем барысы»

халықаралық турнирі.31 тамыз – 9 қыркүйек. Астана. Бүкілəлемдік бокс

кеңесінің 55 жылдығына арналған жыл сайынғы конфе-ренция.

1 – 4 қыркүйек. Астана. Жауынгерлік аралас жекпе-жектен (ММА) əлем чемпионаты.

2 – 9 қыркүйек. Астана. Тоғызқұмалақтан əлем чем-пионаты.

29 қыркүйек – 9 қазан. Алматы. Волейболдан əйелдер командалары арасындағы 2018 жылғы əлем чемпионатына іріктеу турнирінің екінші раунды.

24 – 28 қазан. Шымкент. Бадминтоннан «Apacs Kazakhstan International Junior 2017» халықаралық жас өс-пі рімдер арасындағы турнир.

Қараша – желтоқсан. Алматы, Риддер. IV Қысқы рес-пуб ликалық спартакиада.

2017 жылы Қазақстанда әтетін негізгі республикалық және халықаралық спорт сайыстары

Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Алматы қысқы Универсиа да-сының бағдарламасына мəнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жа-рысу, шайбалы хоккей (əйелдер мен ерлер арасында), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жү гіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі енген. Жарыстарға əлем нің 60-қа жуық елінен 2 мың-ға жуық спорт шы қатысады деп күтіліп отыр. Уни версиада өткі зі-ле тін уақытта 3 мың, оның ішінде көп теген шетелдік еріктілер оған қыз мет көрсетуге атса лысады. Сту денттер арасындағы спорт ойындары на 30 мыңға жуық отандық жəне шетелдік турист келуге тиіс. Ондағы сайыстарды жаһанның 80 еліндегі 1 млрд адам теледидар арқылы тамашалайды.

Универсиада – дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Ол – Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) ұйым-дас тыруымен студенттер арасын-да өте тін халықаралық жарыс. Бұл сайыс тарда əлемнің əр еліндегі жоғары оқу орындарында оқитын 17 мен 28 жас аралығындағы студент тер, аспиранттар, доктор-анттар, сондай-ақ, соның алдын-да оқуды бі тірген түлектер өнер көрсетеді.

Универсиада 50 жылдан астам уақыт бойы Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші ірі халықаралық жарыс болып са-налып келеді. Оның іргетасы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өткен жазғы Уни вер-сиада негізінде қаланды. Ке лесі, 1960 жылы Францияның Ша мо-ни қаласында қысқы ойындар да өзінің алғашқы арнасын тартты. Ойындар осы кезден бастап əрбір екі жыл сайын өтіп тұратын болып белгіленді. Жарыстың жазғы жəне қысқы түрлері 1980 жылға дейін əр жыл дары бөлек-бөлек өтіп келді. Ал 1981 жылдан бастап олар бір жылдың ішінде өте бастады.

Студенттік ойындардың бір кезегі кезінде Кеңес Одағында ой-налды. Ол 1973 жылы Мəскеуде VII жазғы Ойындар сипатында ке-реге керді. Ал Алматы ТМД елдері арасынан қысқы Универсиаданы бірінші болып өткізгелі отыр. Бұған дейін, 2013 жылы Ресейдің Қазан қаласында жазғы Универсиада өткізілген болатын. Бұдан кейін, 2019 жылы осы елдің Красноярск қа ла сында қысқы Универсиада да ке руен кереді.

Жалпы, студенттік ойындардың шежіресі бізді XX ғасырдың бас жағына, АҚШ-та бірінші мəрте студенттер арасында халықаралық жарыстардың іргесі қаланған 1905 жылға алып барады. 1919 жылы Жан Птижан есімді фран-цуз студенттер өмірінің жетекшісі алғаш рет Студенттер конфеде-рациясын құрды. 1923 жылы Па-риж де осы ұйымның шеңберінде Дү ниежүзілік студенттер ойын-дары өткізілді. Ал 1924 жылы Халықаралық студенттер конфеде-рациясы атты жаңа құрылым пай-да болды. Осы жылы Варшавада жеңіл атлетикадан студенттер ара сында бірінші əлем чемпи-онаты ұйымдастырылды. 1927 жы лы Римде өткен екінші əлем чем пионатының бағдарламасына же ңіл атлетикадан бөлек футбол, теннис, суда жүзу жəне семсерлесу қосылды. Ал қысқы ойындар бой-ынша əлем чемпионаты бірінші рет 1928 жылы Италияның Кортина д’Ампеццо қаласында өркен жай-ды. Бірақ бұл жарыстар Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында, 1939 жылы соңғы рет өткізілді де, көпке дейін, тура 20 жылға дейін тоқтап қалды.

Бұл қозғалыс 1947 жылы қайта

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––2017 жыл тек біздің еліміздің спорттық �міріндегі ғана емес, со-нымен бірге, күллі әлемдегі студенттік қозғалыстың тарихындағы ерекше белесті кезең болғалы тұр. Осы жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда XXVIII қысқы Универсиада �теді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

қолға алынып, Халықаралық сту-денттер одағы (UIE) құрылды. Бірақ оның шеңберінде өткізілген жарыстарға Батыс елдерінің өкіл-де рі мүлдем қатыспады десе де болады. Олар осы жылы бұрынғы Халықаралық студенттер конфе-дерациясы орнына келген Халық-ара лық студенттер спорты федера-циясы (FISU) қамқорлығына алған сайыстарды ғана мойындады. Ақы-

ры 1959 жылы UIE осы одақтың құ-ра мына кірді. Содан бастап қазіргі сипатындағы Универсиадалар қа-тар ға қосылды.

Қазақстан студенттері тəуелсіз мемлекеттің өкілдері ретінде бұл жарыстарға 1993 жылдан қатысып келеді. Осы жылы біздің елімізде Студенттер спорты федерация-сы құрылды. Сол жылы респу-блика терме жамағаты бірінші

рет халықаралық аренада жарыс жолына шықты. Ол поляктың Закопане қаласында өтті. Осы қысқы Универ сиа дада Қазақстан хоккей шілері фи нал ға дейін бар-ды. Сөйтіп, олар өз де рінің бірінші жарысында-ақ кү міс медальдың иегерлері атанды. Біздің жасақ жо-лай кездескен қар сыластарының бə рін жеңіп, ақ тық сында Канада құ ра масымен шай қас ты.

Содан бергі аралықта 12 рет қысқы Универсиада өтті. Қазақ-стан делегациясы солардың бəріне де қатысты. Біздің спортшылары-мыз сол сайыстарда 32 медаль же ңіп алса, олардың 12-сі алтын,

7-і кү міс жəне 13-і қола ме даль болды. Соның ішінде ұлттық ко-мандамыз 2005 жылы Австрияның Инсбрук қаласында қанат жайған ойындарда алғаш рет табысты өнер көрсетті. Осы Универсиадада қазақстандықтар 4 алтын, 1 күміс жəне 2 қола медаль жеңіп алды. 2013 жылы Италияның Трен тино шаһарында көрік қыздыр ған Сту-денттер ойынынан да қор жы ны мыз

толып қайтты. Мұнда қа зақ-стандықтар 2 алтын, 2 күміс жə-не 1 қола медальға қол жеткізді.

Ал бұдан кейінгі Универ сиа-да ның тарихта бірінші рет екі ел де бөлініп өткізілгені белгілі. Осы лайша 2015 жылы ол алды-мен Словакияның Штрбске-Плесо жəне Осрблье елді мекендерінде мəр еден шықса, соңы испанның Гра нада қонысында көмбеге жетті. Нəтижесінде, біздің студент-спорт-шылар 5 алтын, 6 күміс медальдың иегерлері атанып, жалпы есепте Ре сей жəне Оңтүстік Корея саң-лақ тарынан кейінгі үшінші орынға та бан тіреді.

Біздің спортшылар арасынан шаңғышы Анастасия Слонова нағыз ерліктің үлгісін көрсетті. Ол ойын-дарда 2 алтын, 2 күміс медаль алды. Алтын жүлдені бұдан басқа биатлон-шы Алина Райкова, фрис тайлшылар Юлия Галышева мен Павел Колмаков əкелді. Жалпы, Қазақстан студент спортшылары осы жылдарда жазғы жəне қысқы Универсиадаға 700 өкіл болып барып, жиынтығында 125 ме-даль алып қайтты.

Бұдан бірқатар мезгіл бұрын Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сту-дент тік спорт федерациясы Уни-вер сиадаға қатысуға үміткерлер тізімі жасалып біткенін жария ет кен еді. Министр Арыстанбек Мұха медиұлының мəлімдеуінше, қа зір гі таңда аталмыш шараға 227 спо рт шы дайын тұр. Олардың 121-ін жігіттер, 106-сын қыздар құ рай-ды. Бүгінде олармен жаттық ты ру-шы лар, дəрігерлер, массаж жасау-шылар жұмыс жүргізуде.

Ал тізімнің ортасында мəнер-леп сырғанаушы Денис Тен, фри с - тай л шылар Юлия Галышева, Павел Колмаков, Жанбота Алда бер ге-нова, конькишілер Роман Креч, Станислав Палкин, шорт-тре к -шілер Айдар Бекжанов, Абзал Əжі ғалиев, Нұрберген Жұ ма-ғазиев жəне Денис Никиша секіл-ді еліміздің белгілі спортшылары бар. Осы кездері бұлардың соң-ғы лары – шорт-трекшілер шын мə нінде күллі əлемді дүрліктіріп, өз де рінің аттарын жалпақ жұрт қа жақсы қырларынан танытып жа тыр. Біз мұның жарқын үлгі сін соңғы сəттері Оңтүстік Ко рея ның Канныне қаласында мə реге жет кен Əлем кубогының төртін ші кезеңінен де көрдік. Енді Уни версиадада қалған спорт түрлері нің өкілдері де өздерін биіктен көр сететін шығар деген үміттеміз.

АСТАНА

АЛМАТЫ ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИА ДА СЫНЫҢ БАҒДАР-ЛА МАСЫНА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ, ШОРТ-ТРЕК, ТАУ ШАҢҒЫСЫ, СНОУБОРД, БИАТЛОН, ШАҢҒЫМЕН ЖА РЫСУ, ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ (ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕР АРА СЫНДА), КЕРЛИНГ, ШАҢҒЫМЕН ТРАМПЛИННЕН СЕ КІРУ, ШАҢҒЫ ҚОССАЙЫСЫ, КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫ, ФРИСТАЙЛ СЕКІЛДІ 12 СПОРТ ТҮ РІ ЕНГЕН.

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

1 ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛ 7КӨҢІЛАШАР

CӨЗ СОЙЫЛƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌCӨЗ СОЙЫЛ

Сол їшін...

Шешесі – филология єылымдарыныѕ докторы, профессор, əдебиет пəнініѕ еѕбек сіѕірген мўєалімі.

Сол кісініѕ їйіне барудан Аяз аталар ќашады екен. Ґйткені, былтырєы жаѕа жылда оныѕ баласы 10 саєат бойы жібермей Аяз атаєа таќпаќ айтыпты.

* * * Балабаќшаєа келген Аяз атаны ќаумалаєан балалар:– Ата, сыйлыќ əкелдіѕіз бе?– Əрине, балалар, алыѕдар! Əрќайсысы 500 теѕгеден.

* * *– Жаѕа жыл мен Наурыз мерекесініѕ ерекшелігі неде?– Тал кесу мен тал егу.

* * *– Жаѕа жылєа ќандай сыйлыќ алдыѕ?– Анау тўрєан ќызыл «Lexus»-ты кґрдіѕ бе?– Керемет, ќымбат кґлік ќой!– Тура соныѕ тїсіндей кґйлек кигізді…

Шырша жанындаєы жымиыс

С

Жат қылықтардан ада жас пәтуа жесір келіншектің үйінің жанынан қаннен-қаперсіз өтіп бара жатыр еді, ана антұрған алдап үйіне кіргізіп, есігін тарс бекітсін кеп. Сондағысы: «Не ша-рап ішу, не менімен түнеп шығу, тіпті, болмаса ешкімді бауыздап бересің, әйтпесе есікті ашпай-мын», деп үзілді-кесілді үш талап қояды. Жас пәтуа ойлап көрсе, бұның талап атаулысы күнә. Сонда да біреуін таңдауы керек. Е, иә,.. аздап шарап ішкеннің күнәсі де аздау... Сөйтіп, шарап ішіп, қызды-қыздымен келіншекті де ренжітпей түнеп шығып, болар іс болды ғой деп ертесінде ешкісін де бауыздап берді...

Е, иә, келіңдер, бұл тосты әркез әйелдердің қалауы болып тұруы үшін алып жіберейік.

* * *Ержеткен еркек ойлана келіп

үйленетін болып шешімге келеді. Сөйтеді де, даладағы төселген құм үстінде ой құшағында оңаша отырған әкесіне жақындап:

– Әке, ақылыңыз керек. Мен бір сұлулығы сұмдық қызбен таныс-тым, соны келін етіп түсірсем, – дейді.

Әкесі мұны естімеген болып, тек алдындағы құмға үлкен етіп шеңбер сызып міз бақпай отыра береді.

Баласы сәлден соң:– Байқауымша, болашақ

келініңіз өте пысық, үй шаруасын дөңгелетіп әкететін сияқты, – дейді.

Әкесі мұнысын естіп, құмға тағы бір шеңбер салып үнсіз оты-ра береді.

Содан жігіт қалыңдығының ғажаптарының бірінен соң бірін айтып ауыз жаппайды... Әкесі бол-са бұл айтқан сайын құм үстіндегі шеңбер санын көбейте береді.

Соңында айтары таусылған баласы шыдамай:

– Әке, біз бір-бірімізді сүйеміз! – деп айғай салады.

Сонда ғана қалың ой үстіндегі әкесі серпіліп, баласына жымия қарап, алдындағы сызылған кілең шеңбер-нөлдердің алдына бір санын білдіретін таяқшаны қонжитқан екен.

Сонымен, бұл тосты кілең нөлдерге жан бітірген құдіреті күшті махаббат үшін алып қоялық!

Жўмысым – жўмыс табу

Бұйрық деген ауызша Алладан түседі,Сезесің.Жазбаша бастықтан түседі,Төзесің.Яғни, бұйрық қайда айдаса,Солай қарай безесің, – демекші,Жаңа жылдан бастап,Қолында бұйрығы бар,Кресло аңсаған құйрығы бар,Тұлғасын түгел май басқан,Бір азамат бір мекемегеБастық болып жайғасты.Əлде нəсібі зор ма,Əлде көмейінің тесігі зор ма,Əйтеуір,Бір жылда бір «Мерседес»,Бір «Ниссан» алды.Ауасы таза деп тауғаҮш қабат үй сап алды.Елдегі бар моншаныҰната қоймай онша даСірестіріп сауна салды.Ауласына оюлап жол сап алды.Сонан соң,Жау шабатындай,Түгелдей бəрін қоршап алды.Содан, күндердің күніƏлде, іштарлықтан ба,Əлде, əділдікке құштарлықтан ба?Жоғарыға арыз келіп түсті.Онда қылмыстық факті келтірілді.Сонымен, ол арызДедектетіп жоғарыданБіраз адамды алып келді.

ОларҚабақтарын түйіп,Погондарын тағып келді.Келе салып басекеңнің шаңын

біраз қағып көрді.Яғни, тексеріп, тергеді.Тергеу деген оңай ма,Қара тер болып терледі.– Ойбай, олар тергегенмен

терлеген жоқ, – депБəзбіреулер дауласты.Ол сөздің жаны бар,Себебі,Тергеушілерді терлеткен жұмыс емес,Басекеңнің саунасы...Сонымен, əлгі «терлеушілер»,Яғни, тергеушілерҚазанның қақпағын ептеп

ашып көріп,Басекеңнің тамырын біраз

басып көріп,ОныОрнынан қозғамайтындай

ғып мығымдап кетті.Ал арызқойдың көзін таңып,Құлағын тығындап кетті.Содан беріҚанша жыл келіп кетсе деТоты құсы сайрап бағында,Басекең жүр бабында.

Сағаділдә �ЖІБАЕВ

АЛМАТЫ

Мүйісті жүргізетін Берік САДЫР

Жаңа жыл келіп қалған екен, жаңа жыл жарылқасын деген дəмемен, мен бір шын-сырымды ақтарайын... Мен – өте бай адаммын! Байлығым анау айтқандардан асып кеткен... Байлығым басымды қатырмайды, қайта көкірек есігім айқара ашық, байлығымды шетел асырған да жоқпын... Баяғыдан жекешелендіріп алғанмын, өйткені, арам ақша емес еді... Байлығымды ешқандай алпауыт банктерде сақтамаймын. Дағдарыс, қалтарыс дегендеріңе көз қиығымды салып көрмеппін. Мұндай байлыққа сіздер де жете аласыздар!

«Бұл қандай байлық еді?» деп бастарыңыз қатып отырған шығар! Рухани байлықты айтамын да! Астымда атым, үйімде затым бол-маса да, театрға күнде барамын. Күнде кешкі спектакльге. Бүгін де ерте келсем, театр алды құжынаған қымбат көліктер. Күндегідей сахнаға жақын, екінші қатардың ортасы-на жалп ете жайғастым, адамдар бұрынғыдан да көп екен. Мəссаған, қала əкімінің қасына отырыппын! «Шенеунік те театрға келеді екен-ау!» деп таңдайымды тақылдатып, бір жағы қуанып отырмын!

– Сəлеметсіз бе? «Біздің қоғам қандай еді?» спектаклін осымен үшін-ші рет көргелі отырмын... – дедім мен.

– Біздің қоғам керемет! –деді ол жымиып. Құдайым-ау, мен қала əкімімен қатар отырмын ғой! Сол жағыма қарасам, облыс əкімі отыр! Неткен бақытты адаммын! Көңілім көтеріліп, көздерім жыпылықтап кетті. Қазақстан шенеуніктері жаса-сын! Олар да адамнан аумайды екен, олар да театрға келеді екен... Алдыма қарасам, салық басқар масының бас-тығы, оның қасында кеден бекетінің бастығы, оның қасын да... таныма-дым... Артыма қарасам, құ дай ым-ау, шүпірлеген шенеу нік тер! Бұларға не болған өзі? «Біздің қоғам қандай еді?» спектаклі клас сика лық дүние болды ғой! Резонанс тудыр ғаны ғой! Облыс əкіміне бұрылып:

– Қалай жағдайыңыз? Дағда-рыстан қиналып жүрген жоқсыз ба? – деп қоямын өзімше. Бір кезде жас шенеунік сахнаға шықты да:

– «Дағдарысты қалайда «дыхал-касынан» ұрып құлатамыз!» атты жиналыстың басталуын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! – дегені.

Сөйтсем, шенеуніктер жиналы-сына кіріп кетіппін ғой... Орнымнан ақырын тұрып, басымды еңкейтіп залдан шыға жөнелдім. Қарсы жолық-қан еден жуушы əйелден:

– Репертуар өзгерді ме? – деп сұрадым.

– Жылдың алғашқы күніне орай жиналыс болатын болған соң, ертеңге ауыстырылды, – деді ол.

Қайтадан орныма келіп, əкімдер ортасында отырмын... Мəзбін! Иə, жаңа жыл жарылқай гөр! Осылай мəз болып жүре берейікші, ағайын!

Мұхтар ШЕРІМ

ШЫМКЕНТ

жанынан қаннен-қаперсіз өтіп

рап ішу, не менімен түнеп шығу,

ренжітпей түнеп шығып, болар іс

Е, иә, келіңдер, бұл тосты әркез әйелдердің қалауы болып

Ержеткен еркек ойлана келіп үйленетін болып шешімге келеді. Сөйтеді де, даладағы төселген

Ырысыңды кетірер ыдыстағы у, Бір адассаң қиындау дұрысталу. Жаңа жыл енді кіре бастағанда, Жұмысым болып алды жұмыс табу. Қыбырлайын десем де құмырсқадай, Көкелердің қабағы тырысқаны-ай. Қасақана айта ма, достарымның Сұрайтыны баяғы «Жұмыс қалай?». Ақша ұстап жүрмесем де еркін мейлі, Ақындық өнерім бар, өлтірмейді. «Жұмыс жоқ» деп, əйтеуір көкелер де «Жұмысыма» кедергі келтірмейді. Бастарына қонғасын жымысқы бақ,

Біздерге аспай жүр-ау дұрыс құлақ. Енді мен «Жұмыс қалай?» дегендерге, Не жұмысың бар деймін, жұмыс сұрап. Талай-талай есіктен бас сұққанмен, Үмітін үзе қоймас жастық дəурен. Жұмысы беделдіден жұмыс сұрап, «Жұмыс» жасап жатырмын

бастықтармен. Бір жұмыс та бере алмай құты керім, Жұмыс тауып берді ғой, шүкір елім. Келген мына Жаңа жылдаБір көкеміз жұмысқа алған күні, Бұйыртса, жұмысымды бітіремін.

Оразбек ҚИЫНБАЕВ

АҚТӨБЕ

Мәз болып ж�ре берейікші

Евгений ГОЛУБЕВ

Жыл басы мен үшін қолайсыз дау бас-талды. Тісім сыздап ауырып, тіс дəрігері деген жазуы бар бөлмеге тұмсық сұға кері серпіліп, қайта шықтым. Сонда көзімнің түскені: ол бөлме кілең арақ-шарап, темекі, тəтті тағам... бір бұры-шында видеотехника бітеліп-ақ қа лыпты. Төріне: «Барлық кезде сал қын датылған кока-кола!” деп жазып іліп те қойыпты. Ақ халатты мұрт тыны – дəрігер ме, са-тушы ма – айы ра алмай аң-таңмын. Аң-таң бо ла тыным, тіс емдейтін орындық, оның оны-мұнысы орнында. Қайта кіріп:

– Тісім ауырып, – деп мүлə йім сіп тіл қатып едім, əлгім шабыт тана-шалқи:

– Ауруыңызға алаңдағыңыз келме се видеоекілік «Самсунгты» алыңыз, ба-ғасы башпайыңыздан келмейді, – дейді.

– Айналайын, маған пломбы…– Гарантиесі бір жыл, пломбысы ор-

нында, сенбесеңіз тексеріңіз – «Шарп» атты музыкалық орта лық бар: дауысын айтсаңшы, да уы сын. Оның жанында баланың шу лағаны, əйелдің ақырғаны жа йы на қалады. Негізгі, тіс емес, бас қа ыңқыл-сыңқылыңызды да сап тыяды.

– Мен емдетсем болатын еді... – деп төтесінен тартып едім:

– Онда отырыңыз, – деп жақ тыр май үстел үстіндегі «Там пакс тың» қорабын бір шетіне сырғытты.

Отырғаным сол, бөтелке атау лыға иегін меңзеп:

– Қырағылық үшін қалайсыз? Менікі қаладағы ең арзан баға, – дейді.

– Жо-жоқ, тастағанмын, – деп үзілді-кесілді қол сілтеп едім, кеңінен бір күрсініп, аузымды ашып көрді де:

– Бұныңыз жарамайды. Де мі ңіздің өзі бұзылған, «Сти мо рол» немесе «Орбит» шайнаңыз, – деді.

Амал жоқ, бірін алып аузыма салдым.Тісімді шұқып тұрып:– Біз шетелдік тіс шұқығышпен шұ-

қысақ… көбірек алғанға бағасы да ар-зандау, – деді.

Қайда қашып құтылайын, ауыз жа рық-тық ашылды, ауру болса кідірер емес, бір емес, бір белі буылғанын алып тындым.

Емдеген болды да:– Тісіңізде қуыс бар, жұмада келіңіз.

Айтпақшы, қысқы етік керек емес пе сізге? – дейді.

Түкірініп тыныс алып:– Не, сіздердің айлықтарыңыз жетпей

ме, – деп қалдым.– Айтуға ауыз бармайды. Ал бірен-

саран сыйақы есебінде ауру-сырқаулар əкелетін кəмпит, бөтел кеден əбден мезі болып біттік. Айтпақшы, «Сникерс» алыңыз? Екі сағат нəр сызуға болмайды.

– Айтпақшы, сіздің үстіңізден бас дəрігерге шағым жасасам қай теді, – дедім мен оған сынай қарап.

– Өзіңіз біліңіз! Ол кісі бізде гідей майда-шүйдемен айналыспайды. Жиһаз, тоңазытқыш дегендерді ұсынады... негізі, бір диван сатып алмай ол кісіден құтылуыңыз қиын, – дейді əлгі.

...«Пəледен машайық қа ш ып ты» демекші, жаңа жылдың кел гені міне, əлі талай жолым түсер деп сызып бара жатып, өткіз ген сырт киімімді қайтып алу үшін үш стакан шемішке, бір қорап «Прима» сатып алуыма тура келді.

Аударған �зірбайжан ҚОНАРБАЕВ

ТЕРГЕУШІ МЕ, ТЕРЛЕУШІ МЕ?

Ескі көліктерді етше турайды

––––––––––––––––––––––––Таяуда Қарағандыда �ңдеуші кәсі-п орын ұйымдастыру бойынша �ткі зілген тендердің қорытындысы жа рия ланды. Жеңімпаз атанған «Re cy cling Company» ЖШС жы-лына 50 мыңдай ескі автомаши-наны қа был дап, металдарын қайта бал қы туға жіберуді мойнына алып отыр. ––––––––––––––––––––––––

Қайрат �БІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

Қолданыстан шығып қалған көлік құрал дарын кəдеге жаратумен шұғыл-дана тын Қазақстандағы тұңғыш зауыт-тың құ рылысы алдағы жылдың наурыз айын да басталып, жарты жыл ішінде аяқ-талады деп жоспарланған. «Recycling Com pany» ЖШС зауытты италиялық за-манауи қондырғымен жабдықтамақшы. Бұл қондырғының көмегімен сағатына 20-25, ауысым сайын 150-шақты жеңіл автокөлікті «еттартқыштан өткізгендей» етуге болады екен. Яғни, зауыт жыл сайын 50 мың авто-машинаны қайта жаратуға болатын металл шикізатына айналдыра алады.

Ескі көліктерді металл сынықтарына айналдырмас бұрын, олар міндетті түрде техникалық сұйықтықтардан тазарты-лып, сыртқы пошымы тығыздалып-нығыздалып, Қарағанды облысындағы металлургиялық зауыттарға жөнелтіледі.

Бұл ескі көлігінің қаңқасынан құтыла алмай жүрген азаматтар үшін де, металл шикізатын қолайлы бағамен алғысы ке-летін кəсіпорындар үшін де тиімді болмақ.

ҚАРАҒАНДЫ

ДҰРЫС ЕКЕН!

ЖӨН-АҚ!

«Ала таяқтың» ақыры

––––––––––––––––––––––––2017 жылдан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кү-зетте жүру кезіндегі ережелері �з-ге реді. Бұл туралы Орталық комму-никациялар қызметінде �ткен бас-пас�з конференциясында Ішкі іс тер министрлігі әкімшілік полиция ко-митеті т�рағасының бірінші орын-басары �лібек Кеңесбаев мәлім етті.––––––––––––––––––––––––

Айдар �РІСБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Оның айтуынша, Ішкі істер министр-лігі ішкі істер органдарының жол жүрісін қадағалау кезінде автопатрульдеу əдісіне толықтай көшуіне, сондай-ақ, жалпы, жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының үштен бірін анықтауға мүмкіндік беретін фото жəне бейнетіркеудің барлық жер-лерде енгізілуіне байланысты 2017 жыл-дың 1 қаңтарынан бастап полиция қыз-меткерлерінің таяқшаларды қол дан-байтыны туралы шешім қабылдады.

«Көлік құралдарын тоқтату пат руль-дік автокөлікте орналастырылған ар найы дыбыс жəне жарық сигналдары, дауыс зорайтқыш жабдықтар арқы лы жүзеге асырылатын болады. Кей жағд айларда (ЖКО, ТЖ, кептелек жағ дайларында) көлік құралдары қол қимылымен жəне бір мезгілде ысқыру арқылы тоқтатылатын болады», – деп атап өтті Ə. Кеңесбаев.

Сондай-ақ, ол кейбір əкімшілік құ қық бұзушылықтарға салынатын айыппұлдардың мөлшері азаюы мүмкін екенін жеткізді.

«Жол ережесін өрескел бұзу мен жол-көлік оқиғасының басты себептері болып табылатын əкімшілік құқық бұзу шылыққа қатысты айыппұл мөлшері азаймайды. Бүгінгі таңда Əділет министр лігі жа-нынан құрылған жұмыс тобы əкімшілік заңнама нормаларын жетіл діру жөнінде жұмыс істеп жатыр. Сол жұмыс тобының аясында жол-көлік оқиғасына əкелмейтін кейбір əкім шілік құқық бұзушылықтарға салынатын айып пұлдардың мөлшерін азайту мəсе лесі қарас тырылуы мүмкін», – деп мəлім етті комитет төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, жаңа ережелер АҚШ, Батыс Еуропа елдері жəне өзге де шет мемлекеттердің озық тəжірибелерін еске-ре отырып енгізілген.

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 1 ˚А˝ТАР, 2017 ЖЫЛ … · Мы встречаем Новый год, который также будет очень важным. Наша страна

8 1 ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛДИДАР

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШƏРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дəуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сəтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мəуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Əлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 202 520 дана

Нөмірдің кезекші редакторларыСүлеймен МƏМЕТ, Рауан ҚАЙДАР

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Жыл атаулары мен оны қайыру кес-тесіндегі алты адал, алты харам жануар табиғаттағы тепе-теңдіктің көрінісіндей бекіген орнын бұзбай, таңғажайып тылсымына адамзатты қызықтырумен келеді. Туған жылына, айына, күніне, мезгіліне қарай, өмірге келген баланың мінез-құлқын, мақсатын, тағдырына дейін біліп болжаған ата-бабаларымыз жыл қайыру, жыл басы, апта аттары, ай аттары, мүшел жас деген атауларға да ежелден көңіл бөледі. Əр халық өз таны-мына қарай осы атаулардың əрқайсына өзіндік ұлттық атауларын бекітіп, сипат-тама жасады. Жыл иеленіп, атау алған алты адалдың бірі – тауық. Жылдың бірі жұп, бірі тақ болып, кезектесе ай-налып келетінін ескерсек, тауыққа тек тақ жылдардың ғана тиесілі екенін байқаймыз. Мəселен, өткен ғасырдың басынан есептегенде 1909, 1921, 1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005 жəне есігімізден еніп жатқан 2017 жыл тарих-та тауық жылы болуымен таңбаланады.

Жыл басталмай жатып, «қазақ үшін мешін мен тауық жылдары ауыр болған, ит жылы ғана еңсесін тіктеп, етек-жеңін жинаған» деген сияқты жо-рамалдар жасалып жатыр. Иə, қисынсыз емес, 1921 жылғы жұт пен 1932-1933 жылдардағы аштықтан тігерге тұяқ қалдырмай, халықтың тең жартысын жер жастандырған «тауық» екені рас шығар, бірақ 20 миллионнан артық адамның өмірін жалмаған соғыстың аяқталып, 1945 жылы Жеңіс мерекесін тойлатқан да «тауық» екенін естен шығармаған аб-зал. Тарихта «Хрущевтың жылымығы» аталып, КОКП-ның ХХ съезінен кейін шығарылған «Жеке басқа табыну жəне оның зардаптарын жою» деген

атақты қаулысы негізінде жазықсыз жала жабылып, «халық жауы» атанған алаштың ардақтылары 1957 жылдан бастап жаппай ақтала бастағанын біле тұра, тауықты қалайша жамандыққа қиюға болады? Қазақ халқын ұлт ретінде жойып жіберуге бағытталған бұл сұмдықтың тарихта кеткен есесі тауық жылы қайтарылғаны, керісінше, кіп-кішкентай үй құсы иеленген жылға деген жылы үмітімізді оята түспей ме?

Қазақ елінің тарихи төлқұжаты

болып танылған, көне сақ дəуірінің баға жетпес асыл қазынасы «Алтын адам» 1969 жылы Есік қорғанынан табылды. Бұл да тарихқа тауықтың атымен енген жыл болатын. Ежелгі өркениеттің көзі «Алтын адам» – бүгінгі Тəуелсіздігіміздің симво-лы. Жер жүзіне Қазақстанның атын таныстырған, мақтанышпен көрсететін маңдайға басқан жəдігер басы осы. Қазақстанның əр түкпірінен «алтын адамдар» табылып жатыр, бірақ Кемел

Ақышев пен Бекен Нұрмұхаметов тапқан 4000 алтын əшекеймен апталған алғашқы «Алтын адамның» қадірі де, қасиеті де қазақ үшін бөлек болып қала бермек.

Сондай-ақ, 1993 жылы Қазақ стан-ның саяси өмірінде маңызды оқиға орын алды. Тəуелсіздіктің айшықты бел гілерінің бірі, қазақ елінің дербес өмір сүре алатынының дəлелі – ұлт тық валюта айналымға шықты. Төл тең генің тұғырға мінген жылы да тап осы тауық жылына тура келді.

Тауық жылымен бірге келген 2005 жыл – Қазақстанның төрткүл дүниеге береке-бірлігімен, бекем тірлігімен таны лып, экономикалық жағынан да-мып, еңсе көтерген шағы. «Ауылды қолдау жылында» шаруалары шашы-лып, тұралап қалған мыңдаған елді мекеннің тамырына қайта қан жүгірді. Осы жылы кезекті Президент сайлауы өтіп, Н.Назарбаевқа ең жоғары лауазым-ды тұлға ретінде халық пен мемлекет билігі сеніп тапсырылды.

Əр жылды қойып, жаңарып тұрар əр айдан, тіпті ертеңгі атар таңның өзінен қайыр-шапағат тілейтін қазақ халқы үшін тəуелсіздіктің мəңгілік баянды болуы мен ел іргесінің бүтіндігінен асқан ұлы мұрат жоқ. Əрбір жылға ат қойып, айдар таққанда, жайсыз-дау болып келетін жылдың өзіне жақ-сы түйін жасаған. Жақсылықтан үмі-тін үзбеген халқымыз «тышқан жылы тыныштықтың, сиыр жылы сый лық тың, барыс жылы бірліктің» дей келе, тауық жылын «табысқа» толтырған екен. Таң ағарып атпастан ұйқының дұшпан екенін ұғындырып, ерте оятатын да осы тауық. Əрекетсіз отыруға төзбейтін тынымсыздығы тағы бар. Тұмсығымен қай жерді түртсе де, жемін табады. Үй иесіне «Еріншектенбей, ерте тұр. Еңбек ет те, ертеңіңді ойла» деген тілсіз тұспалы тіршілігімізге сабақ болғай!

АЛМАТЫ

Еріншектенбей,ЖЫЛ ҚАЙЫРУ

ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА...

ХИТ ХИКАЯСЫ

ТЫЛСЫМ ТАБИҒАТ

«Поворот»Отырар аудандық газе ті-

нің бас редакторы Төпен аға-мыз бірде қызметтік көлі гімен Шымкент қала сына келіп, көше қиылысынан дұрыс бұрыл май, МАИ қыз мет керіне ұсталыпты. Кө -ліктен түсіп жөн сұраса, ала таяқты жі-гіт араағайындыққа көнбейтін көрінеді.

Сөйтсе Төпекең:– Əй, айналайын, осы Шымкентте

қанша «поворот» болса, соның əрқай -сысына 500 теңгеден бе рейін, – депті.

МАИ қызметкері: – Ой, көке, өзіңіз аузы-

ңыздан қа ғынып тұрсыз... Шым кентте не көп, «по-ворот» көп қой. Оның бəріне 500 теңгеден беруге

шашыңыз жетпейді. Одан да он-он бес «повороттың»

ақшасын тастап кете беріңіз...Сонда Төпен аға:– Жоқ, айналайын... Шымкентте

екі-ақ «поворот» бар. Біреуі – оңға, біреуі – солға... Басқа «поворот» көріп тұрғаным жоқ, – деп «майшниктің» қолына мың теңге ұстатып кеткен екен.

ТасаттықОралхан ДУІТ,«Егемен Қазақстан»

Елімізде тəуелсіздіктің туы енді желбіреп, теңгенің жаңа ауыс-қан кезі екен. Сол жылғы көктемде Шəуілдірге бір тамшы жауын тамбай, ел қатты сасыпты. Ақырында ауылдың ақсақалдары «тасаттық берейік» де-ген тоқтамға келеді. Тасаттық – Алла тағаладан жаңбыр сұрап жалбарына-тын, құрбандыққа бір мал шалатын құдайы тамақ қой.

Тасаттық беруге келіскен ел ақша жи науға келгенде біраз даула сыпты. Ақшасы барлар 5 теңгеден жинағысы келеді, тұрмысы төмендер 3 теңгеден

бергісі келеді. Ауыл да ғы-лар əрі-бері «айтысып», ақырында 3 теңгеден жи-

науға келіседі.Ақшаны жинап, керек-

жарағының бəрін алып, малды сойып, ауылдың қасындағы қырдың басында тасаттық беріледі. Алланың құдіреті, Құран оқылып, тамақты жеп, жұрт «əумин» деп бет сипап бола бер-генде күн күркіреп, жауын басталады. Жұрт жапа-тармағай заттарын жи-нап, етектегі ауылға қарай жөнеліпті. Жаңбыр бірте-бірте күшейіп, сай-саланың бəрі сел болып ағады.

Сонда затын көтеріп алып, үйіне қарай зытып бара жатқан Төпен деген ағамыз «Ойбай, 3 теңгеден жинағанда мұндай болды, 5 теңгеден жинағанда «вообще» бітеді екенбіз ғой», десе керек.

Сөзі табан астында туған ән

–––––––––––––––––––––––––Негізгі мамандығы актер болса да, ел оны алдымен айтыс сах-насынан к�ріп, ақын ретінде та-ныды. Ағалармен айтысса інілігін, інілермен айтысса ірілі гін к�рсететін, әпкелерін әдемі әзілімен әспеттеп отырса да әдептілігін сақтайтын сары ауыз балапанның сахнадағы алғашқы қадамы сәтті басталды. Жүрсін Ерманның �зі к�птен жасы-рып жүрген «к�жегіміз» деп алқалы жұрттың алдына шығарып, топқа қосып, томағасын сыпырды. Жа-ғым ды дауысы, жалынды с�зі мен жарасым тапқан жас ақын к�п-тің к�ңілінен шығып, к�рер мен нің к�зайымына айналды. Ол кім дейсіз ғой? Ол – Т�реғали Т�реәлі. –––––––––––––––––––––––––

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

Айтыстың ауылынан қанат қағып, эстра даның төрінен төбе көрсетіп жүрген Төре ғалидің атағы аспандамаса, аласарған жоқ. Себебі, көмейінен төгілген əрбір əн кө-рер меннің көкейіне барып құйылып жатыр.

Төреғалидің өзі айтпақшы, «Əн болсын, басқа болсын жарқ етіп шыққан кез кел-ген жақсы дүниенің артында жаны қазақ, қаны қазақ азаматтар жүреді. Көрермен, тыңдарман сенің өнеріңе қол соғып қоше-меттеп отырса да, олар сахнаның сыртын-да қандай еңбектің атқарылып жатқанын,

қаншама маңдай тердің төгілгенін сезіне бермейді. Сол сяқты, менің де өнер жо-лымда өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар бар. Қайнар Алагөзов, Аян Сейітов секілді ақын достарыммен Құрал Молжанов сынды сөзімізге əн жазатын талантты бауырларымның еңбегі ерекше».

Иə, «Жалғыз ағаш орман болмас, жалғыз кірпіш қорған болмас» дегендей, айналаңды таспен емес, доспен қалағанға не жетсін. Бұл ретте Төреғалидің бағы ба-сым деуге болады.

«Еріндері кеседенБасқа жерге тимеген.Қадірімді білетінҚазақ қызға үйленем», деп келетін

əннің де сөзін Қайнар жазғанын біреу білсе, біреу білмес. Сазы мен сөзінен сатиралық сарын ның самалы есетін бұл туындыны өткен жылдың олжасы деуге болады. Тілге жеңіл, жүрекке жылы ұшырасатын əнді бір тың дағаннан-ақ жаттап аласыз. Сөз құры-лымының оңайлығы соншалық, екінші есті-генде еріксіз санаңызда сайрап тұрады. Тір-кестері тіліңіздің ұшына өзінен-өзі оралады.

«Алло» деген əннің сөзін жазса да, телефонын «Алло» деп əрең көтерген Қайнарды «Іздеме» десе де, іздеп тауып алдық. Сөйтсек, ол «қазақ қызға үйленіп те» үлгеріпті. Оны іздеудегі мақсатымыз – «Қазақ қызға үй ле нем» əнінің шығу тари-хын, жазылу идеясын оқырманмен бөлісу еді. «Бол жа нымда» деген ақынның жанын-да бола алмасақ та, ұялы телефон арқылы сымсыз бай ланыс орнатып, əннің қалай шыққанын білдік.

«Бұл əн бүгінгі таңдағы қазақ қыздары-ның шетелдік жігіттерге тұрмысқа шы-ғып жатқанына жəне қазақ жігіттерінің шетелдің аруларын жар қылып жатқанына іштей қарсылық білдіріп, өмірге келген дүние еді. Ел-халықтың арасында тара-лып, кішкентай бөбектеріміз жатқа айтып жүргенін көргенде, кішкене болса да ар-манымыз орындалғандай қуанып қаламыз. Бүлдіршіндердің барлығы «қазақ қызға үйленем» деп айтып жүреді. Сол арқылы олардың миларына ақпарат жетеді. Сөйтіп, олар өскенде қазақ қызына үйленеді деген сеніміміз бар. Негізінен əннің мəтіні дас-тарқан басында дүниеге келді. Бір отырыс-та бірнеше ұлттың қыздары болды, сол жиында мен əрқайсысына суырып салып өлең құрадым. Төреғали оны диктафонға басып алған екен. Əн қылып шығару идея-сы содан туындады. Өзім айтыскер ақын болғандықтан осындай сəтті шумақтар суырып салып, аяқ астынан айтқанда келеді», дейді автор.

Д.Дəулетовтің «Еһ, жаным, Күлайна» əнінің мақамына салынып айтылған, аста-рында шындығы да бар əзіл əн жыл бойы жүректерге қуаныш сыйлағаны жасырын емес. Өнерпаз өрендерден келер жылы да өміршең туындылар күтеміз.

2017 жыл: ауа райы қандай болады?––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алдағы ауа райы болжамда ры даладағы шаруа үшін де, қаладағы қауым үшін де ма ңызды. Қазгидрометтің болжамына жүгінсек, шы нында да Тауық жылғы ауа райы ша руа ға қолайлы болатын түрі бар. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Синоптиктер алдын-ала ескерт-кендей, қыстың қатал басталғаны бел-гілі. Кəрленген «кəрі құда» қаңтар мен ақпанда да сабасына түсетін түрі көрін -бейді. Қазгид ро мет тің ұзақ мерзімге болжам жасау басқар масы ның жетекші инженері Айгүл Мың жанованың айтуын-ша, қыстың соңғы айларында Алма-ты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстарында ауаның ор-таша температурасы сақталады. Қал ған өңір лерде қалыпты нормадан 1 градус жоғары болады деп күтілуде. Əсіре се, Қос танай, Солтүстік Қазақстан, Ақмо -ла жəне Қарағанды облыстарында қар қалың түседі, температура төмендейді.

Атлантикалық циклонның өтуіне байланысты еліміздің орталық, шығыс жəне солтүстік бөліктерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, қар жауады, боран күшейеді. Жалпы, Қазгидромет мамандары қаңтар айындағы аяз-борандарға дайындықты күшейтуді ескертеді. Əсі ресе, айдың соңғы күндерінде темпе ра ту ра күндіз -20 – 25 градусқа, түнде -30 – 35 градусқа дейін төмендейтін көрінеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маң ғыс-тау, Ақтөбе облыстарында қар мен жаң -бырдың айлық мөлшері аздау болады. Ал Ақмола мен Қараған ды ның, Шы ғыс Қа-зақстанның комму нал дық ша руашылық қызметі мен құтқару шылары қалың қар мен ақ түтек боранға дайын болғаны жөн.

Биыл көктем кешікпей келуге тиіс. Қаз гидромет көктемнің лебін наурыз-дың басында алдымен оңтүстік облыс -тардың халқы сезінетінін айтады. Бұл өңірлерде соңғы жыл дармен салыс-тырғанда бірнеше градус жылы болады. Атырау, Маңғыстау, Қызыл орда облыс-тарында айлық жауын-шашын мөлшері аздау, қалған облыстардағы жауын-ша-шын көрсет кіші қалыпты.

Синоптиктер 2017 жылдың жазы жауын-ша шынды болады деп болжап отыр. Рес пуб ликаның басым бөлігінде мау сым айы қоңыр салқын болса, шіл-деге қарай аптап ыстық басталады. Жал пы, 2017 жыл дың жазы мен күзі шаруалар үшін ың ғайлы. Жаздың басы жа уын-ша шынды болғанымен, шіл деде тем пе ратура жоғарылайды деп күті луде. Оң түстік Қазақстан Жамбыл жəне Ал-маты облыстарында жауын-шашын мөл-шері жоғары, ал республиканың қалған өңір лерінде құрғақшылық болуы мүмкін.

Қазақ – қашанда қазақ!ШЕНДЕСТІРУ

Болса да ғаламаттар көз көрмеген,Далалық даналықпен безбендеген.Араға жүз жыл салған суретте деҚазақтың қазақтығы өзгермеген.

Бүркіті баяғыша балдағында,Сал-сері салты мəлім бар қауымға.Саятты сағынады аңшы қазақАлапат құмарлықтың арбауында.

«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 5 қаңтар, бейсенбі күні шығады.

ерте тұр!

(Соңы. Басы 1-бетте)