«МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!26).pdf ·...

76
ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ №3(26), қыркүйек 2015 1 «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! Құрметті жоғары сынып оқушылары! Оқу жылының басынан сіздерге ұстаздарыңыздың берген білімін белсенді меңгеріп, математика мен басқа пәндер нені оқытатынын түсіне білуге шақырамын. Себебі мектеп бітіруге бір жылдан аз ғана уақыт қалды, яғни ҰБТ келіп қалды деген сөз! Біздің «Ел ертеңі» журналының әр нөмірі математи- каның әртүрлі бөлімдерімен таныстырады. Кей бөлімдер ҰБТ-ға дайындық қана емес, олимпиада мен әртүрлі байқауларға да дайындалуға көмектеседі. Сонымен қатар «Жас талап-KZ» байқауының бірінші турының тапсыр- малары да берілген. Сіздерді осы байқауға қатысуға шақырамыз. Бұл байқау нәтижесінде ректор грантын жеңіп алып, біздің университет қабырғасында тегін білім алуға мүмкіндік аласыздар. Спортта жетістіктерге жету үшін күнделікті бұлшықетті жаттықтырып, денені спорттық қалыпта сақтай білу керек. Сол сияқты оқуда да, математика – зияткерлікті жаттықтырады. Математика адамды бағыт-бағдарды реттеп, жылдам шешім қабылдауға, өмірдегі кез келген сұрақтардың шешімін таба білуге үйретеді. Математиканы оқудың қажеттігін көрсете- тін басқа да көптеген себептер бар, бірақ оны өздеріңіз математикамен айналыса отырып көз жеткізіңіздер. Осы нөмірден бір геометриялық есептің шешу әдісімен танысасыздар. Ал қызықты есептер бөлімі сіздердің демалып, көңіл-күйлеріңізді көтерері сөзсіз. Құрметті түлектер, сіздерге табыс тілейміз! Өздеріңізді қызықтырып жүрген сауалдар болса, кеңес қажет жағдайда мына мекенжайға хабарласуларыңызға болады: 070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, ШҚМТУ, жоғары математика кафедрасы; тел.: 8 (7232) 540-863, электрондық мекенжай: nhisamievektu.kz «МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІ Үшбұрыштың минималдық қасиеті ............................................................... 2 Қиындығы жоғары есептерді шешу ............................................................... 5 ҰБТ-ға дайындық ........................................................................................... 6 МҰРА Қазақстандағы білім жүйесінің құрылуы ......................................................11 АЛҒЫРЛАР ҮШІН Қызықты есептер ..........................................................................................13 КОНКУРС «Жас талап-KZ» көшбасшысы ......................................................................14 ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында жарияланған қызықты есептердің жауаптары ...................................................................15 Сәуле Тыныбекова, педагогика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жоғары математика кафедрасының профессоры

Upload: others

Post on 04-Jul-2020

50 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 1

«МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті жоғары сынып оқушылары!

Оқу жылының басынан сіздерге ұстаздарыңыздың

берген білімін белсенді меңгеріп, математика мен басқа

пәндер нені оқытатынын түсіне білуге шақырамын.

Себебі мектеп бітіруге бір жылдан аз ғана уақыт қалды,

яғни ҰБТ келіп қалды деген сөз!

Біздің «Ел ертеңі» журналының әр нөмірі математи-

каның әртүрлі бөлімдерімен таныстырады. Кей бөлімдер

ҰБТ-ға дайындық қана емес, олимпиада мен әртүрлі

байқауларға да дайындалуға көмектеседі. Сонымен қатар

«Жас талап-KZ» байқауының бірінші турының тапсыр-

малары да берілген. Сіздерді осы байқауға қатысуға

шақырамыз. Бұл байқау нәтижесінде ректор грантын

жеңіп алып, біздің университет қабырғасында тегін білім

алуға мүмкіндік аласыздар.

Спортта жетістіктерге жету үшін күнделікті

бұлшықетті жаттықтырып, денені спорттық қалыпта

сақтай білу керек. Сол сияқты оқуда да, математика –

зияткерлікті жаттықтырады. Математика адамды

бағыт-бағдарды реттеп, жылдам шешім қабылдауға,

өмірдегі кез келген сұрақтардың шешімін таба білуге

үйретеді. Математиканы оқудың қажеттігін көрсете-

тін басқа да көптеген себептер бар, бірақ оны өздеріңіз

математикамен айналыса отырып көз жеткізіңіздер.

Осы нөмірден бір геометриялық есептің шешу

әдісімен танысасыздар. Ал қызықты есептер бөлімі

сіздердің демалып, көңіл-күйлеріңізді көтерері сөзсіз.

Құрметті түлектер, сіздерге табыс тілейміз! Өздеріңізді қызықтырып жүрген сауалдар

болса, кеңес қажет жағдайда мына мекенжайға хабарласуларыңызға болады: 070010, Өскемен

қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, ШҚМТУ, жоғары математика кафедрасы; тел.: 8 (7232) 540-863,

электрондық мекенжай: nhisamievektu.kz

«МАТЕМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ

ОҚУ ҮРДІСІ Үшбұрыштың минималдық қасиеті ............................................................... 2 Қиындығы жоғары есептерді шешу ............................................................... 5 ҰБТ-ға дайындық ........................................................................................... 6

МҰРА Қазақстандағы білім жүйесінің құрылуы ......................................................11

АЛҒЫРЛАР ҮШІН Қызықты есептер ..........................................................................................13

КОНКУРС «Жас талап-KZ» көшбасшысы ......................................................................14

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында жарияланған қызықты есептердің жауаптары ...................................................................15

Сәуле Тыныбекова,

педагогика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жоғары математика

кафедрасының профессоры

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

2

ОҚУ ҮРДІСІ

ҮШБҰРЫШТЫҢ МИНИМАЛДЫҚ ҚАСИЕТІ

Материалды дайындағандар: Назиф Хисамиев,

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;

Жанар Әскербекова, жоғары математика кафедрасының оқытушысы

ТЕОРЕМА. Берілген сүйір бұрышты үшбұрышқа іштей сызылған барлық

үшбұрыштардың ішінде, төбелері берілген үшбұрыштың биіктіктерінің табанында жататыны - периметрі бойынша ең кішісі болып табылады.

Бұл теореманы дәлелдеу үшін, біріншіден, «екі нүкте арасын түзу сызықпен қоссақ, қысқа қашықтықты береді» деген тұжырымдаманы қолданамыз, екіншіден, фигураны қарсы бейнелеу әдісімен түрлендіруді қолданамыз. Дәлелдеуі венгер математигі Л. Фейерге (L.Fejer) тиесілі.

Дәлелдеу. АВС берілген сүйір бұрышты үшбұрыш болсын (1-сурет). Төбелері АВС үшбұрышының биіктіктерінің табанында жататын UVW үшбұрышын іштей салайық.

1-сурет

U төбесін АС және АВ түзулерінен қарсы бейнелейміз. Оның бейнесі, сәйкесінше, /U

және //U болсын. Қарсы бейнелеудің негізгі қасиеті бойынша UV кесіндісі VU / кесіндісіне

тең, ал UW кесіндісі WU // кесіндісіне тең. Сондықтан UWV үшбұрышының периметрі ///VWUU сынығының ұзындығына тең. Егер U нүктесін сол орынға қалдырып, ал V мен W

нүктелерін басқаша орналастырсақ, онда орналасуы тек U нүктесін беретін /U пен //Uнүктелері өзгеріссіз қалады және АВС үшбұрышы қозғалмайды. Бұл ұзындығы UVW

үшбұрышының периметріне тең болатын ///VWUU сынығы V мен W нүктелерінің барлық

мүмкін болатын орналасуларында жылжымайтын /U пен //U -тың арасында қалады. /U пен //U -ды қосатын сызық түзу болса ғана ең қысқасы болады. ///UU кесіндісі берілген

үшбұрышқа іштей сызылған үшбұрыштың ең кіші периметрінің шамасын береді. Осы тиянақты U төбесі бар, ең кысқа периметрлі үшбұрыштың қалған екі төбесін M және N деп белгілейік.

Ортақ U төбесі бар барлық іштей сызылған үшбұрыштардың ішінен ең аз периметрлі үшбұрышты таптық. Енді U-дың әртүрлі орналасуларындағы барлық минималды үшбұрыш-тарды салыстырып шығу керек және олардың ішінен периметрі бойынша ең қысқасын таңдау керек, ол үшбұрыш іштей сызылған үшбұрыштардың ішінде ең қысқа периметрлі үшбұрыш болып табылады.

U-ды ///UU кесіндісі ең қысқа болатындай етіп таңдау керек. Әуелі ///UАU үшбұрышы тең

бүйірлі екенін көреміз. Себебі оның /АU және //АU қабырғалары АU кесіндісінің қарсы

бейнелері болып табылады: AUAUАU /// . ///UАU үшбұрышының осы екі қабырғасы U

нүктесінің ВС қабырғасында орналасуына тәуелді болса, онда ///АUU бұрышының шамасы U-дың орналасуына тәуелсіз. Біздің фигурамыздағы бұрыштар арасында келесідей байланыстар бар:

ABUUAB // , ACUUAC / . Бұдан UABАUU 2// және UACАUU 2/ олай

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 3

болса, UACUABAUUАUU 22/// немесе CABAUU 2/// . ///АUU бұрышына қа-тысты біздің тұжырымымыздың да дәлелдеуі осы еді.

Біз ең қысқа етіп алған ///UU кесіндісі ///UАU тең бүйірлі үшбұрышы үшін табаны

болады. Осы үшбұрыштың А төбесіндегі бұрыш U-дан тәуелсіз, сондықтан барлық ///UАU үшбұрыштары үшін U-дың орналасуындағы төбелері беттеседі. Осы үшбұрыштардың ішіндегі

ең кішісі бүйір қабырғалары кішісі болып табылады. /АU және //АU қабырғалары АU

қашықтығына тең. АU қашықтығы ең қысқа болатындай етіп, U-ды таңдасақ, сәйкесінше, біз

ең қысқа ///UU кесіндісін аламыз. Ең қысқа ///UU кесіндісін табу сұрағы ең қысқа АU қашықтығын табуға келіп тірелді.

Бірақ АU кесіндісі А нүктесін ВС түзуімен қосады. Нүктеден түзуге дейінгі ең қысқа

қашықтық осы нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр болғандықтан, ВСАU , басқаша

айтсақ, АВС үшбұрышының А төбесінен жүргізілген биіктігі болу керек.

Енді біз ізделінді іштей сызылған EFG үшбұрышын сала аламыз (2-сурет). Е нүктесі –

АВС үшбұрышының А төбесінен жүргізілген биіктігінің табаны болсын. Е-нің АС -дан және

АВ -дан қарсы бейнелеуін /Е және //Е деп белгілейік. Онда ///ЕЕ кесіндісі іштей сызылған

үшбұрыштың ең кіші периметріне тең. Ізделінді үшбұрыштың басқа екі төбесі ///ЕЕ

кесіндісінің АС және АВ -мен қиылысу нүктелері – F және G болады.

2-сурет

Шынында да, EFG -дан бөлек іштей сызылған кез келген үшбұрыш EFG -ға қарағанда периметрі артық болу керек. Осындай үшбұрышта U төбесі Е нүктесімен беттеспесе, осы

төбеге сәйкес кесінді - ///UU , ал периметрі ///UU -тан кіші болатын үшбұрыштың периметрі ///ЕЕ кесіндісінен артық болады. Егер U төбесі Е-мен беттессе, V мен W төбесінің тым

болмаса біреуі, сәйкесінше, F немесе G нүктелерімен беттеспейді. Онда //ЕFCЕ тікбұрышты

кесінді орнына ///VWЕЕ сынығын аламыз. Бұл жағдайда UVW периметрі EFG-дің периметрінен артық болады.

Ең кіші периметрлі іштей сызылған үшбұрышты табу есебінің тек бір шешімі болады. Осы бір мәнділікті біз келесі қорытуларда пайдаланамыз.

Біздің минималды үшбұрыш салуымыз оның үш төбесіне мүлде қатысты емес. Бір Е төбесі А төбесінен түсірілген биіктіктің табаны ретінде табылды. Ал қалған екі F, G төбелері Е-нүктесін қарсы бейнелеу арқылы табылды. А төбесінен шыққан салуларды біз В төбесінен де бастап салуымызға болар еді. Онда U-ды бейнелеудің орнына V-ны ВА мен ВС-ға қатысты бейнелер едік. Бұл жағдайда минималды үшбұрыш ретінде F төбесі В төбесінен түсірілген биіктіктің табанымен беттесетін үшбұрышты алар едік. Бірақ, біздің шешіміміз бойынша, тек бір ғана минималды үшбұрыш табылады. Бұдан В төбесінен шыққан салу да бұрынғы А төбесінен шыққан салудағы EFG үшбұрышына келу керек. С нүктесіне қатысты да осы тұжырым дұрыс болғандықтан, EFG минималды үшбұрышындағы Е нүктесі ғана емес, F пен G нүктелері де қарсы төбелерінің биіктіктерінің табаны болып табылатынын көреміз. Сонымен, жоғарыда айтылған биіктіктердің табанынан құралған үшбұрыштың минималды қасиеті туралы теорема тамам.

Бірақ біздің дәлелдеу тағы бір артық мағлұмат береді. Егер біз жалғыз шешімі бар деген қорытындыдан Е нүктесінен шыққан қасиетті F пен G нүктелеріне де қоссақ, онда, керісінше, F пен G нүктелеріне тән қасиетті Е нүктесіне де қолдануға болады. Қарсы бейнелеу

қасиетінің негізінде FCЕЕFC / . FCЕ / және GFA вертикаль бұрыштары өзара тең,

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

4

бұдан GFAЕFC екендігі шығады. Басқаша айтсақ, минималды үшбұрыштың F төбесінен шығатын екі қабырғасы да негізгі үшбұрыштың АС қабырғасымен тең бұрыштар жасайды. Бұрыштардың сәйкес теңдігі G нүктесі үшін де орындалады. Егер біз F нүктесін В төбесінен түсірілген биіктіктің табаны деп салсақ, онда Е нүктесін қарсы бейнелеу арқылы

салуға болады әрі Е нүктесінде де FECGЕB . EFG үшбұрышының минималды қасиетінен ауытқимыз; бұл үшбұрыш биіктіктердің

табанынан құралғанын білеміз. Осы анықтаманы соңғы келтірген қорытындымен сәйкес-тендірсек, мына теореманы аламыз:

Төбелері АВС сүйір бұрышты үшбұрыштың биіктіктерінің табандарынан құралған үшбұрыштың қабырғалары осы АВС үшбұрышының қабырғаларымен өзара тең бұрыштар жасайды. Сонымен, АВС үшбұрышының әр қабырғасымен тең бұрыштар жұбы түйіседі.

Бұл теоремада минималдық қасиетке байланысты басқа пікір жоқ және дәлелдеуі элементар геометрияға тиесілі болып табылады. Фейер дәлелдеуінің артықшылығы – қарсы бейнелеу және қысқа қашықтық принциптерінен басқа ешбір қосымша ақпаратсыз өз мақсатына келеді. Фейердің осы дәлелдеуінен басқа тек екі қарсы бейнелеуге қолданылатын артықшылығы бар.

Кез келген АВС сүйір бұрышты үшбұрыштың үш төбесіне дейінгі қашықтықтарының қосындысы ең кіші болатындай тек қана бір Р нүктесі бар деген теорема (түсінікті мағынада айтатын болсақ, биіктіктердің табандарынан құрылған үшбұрыш туралы теоремаға түйіндес

теорема) бар. Бұл Р нүктесі осы нүктені үшбұрыш төбелерімен қосатын түзулер өзара 0120 бұрыш жасайтындай етіп орналасқан.

Л. Шрутка (L.Schruttka) осы теореманың дәлелдеуін ұсынды. Кейіннен Кенигсберг сту-денті Бюкнер (Buckner) осы теореманың өте қысқа жолын көрсетті. Ол бірнеше жолдан ғана тұрады.

Р – АВС үшбұрышының ішіндегі кез келген нүктесі болсын. (3 а, б-суреттер). АСР үшбұ-

рышын А нүктесін айнала бұрамыз. Бұдан ол //РАС болып өзгерсін. Бұруды АС әрқашан АВС-ның ішкі жағында қалатындай етіп жасау керек, әйтпегенде бұрудан кейін АС қабырғасы

/АC мен АВ аралығында қалып қалады.

3-сурет

Онда CPPC // , APPP / болар еді. (өйткені /АPP үшбұрышында .600А Сондық-

тан бұл үшбұрыш тең бүйірлі ғана емес, тең қабырғалы болады). //СВРP сынығы Р

нүктесінен үшбұрыштың А, В, С төбелеріне дейінгі қашықтықтардың қосындысына тең. /С нүктесі Р-ның орналасуына тәуелсіз. Үшбұрышта Р-ның орналасуы қалай болса да, алынған

сынықтар В мен /C нүктелерін қосады. Осы сынықтардың ішіндегі ең қысқасы түзу сызықпен

қосылған /ВC кесіндісі болады. Осылайша, Р нүктесі қойылған минимум шартын

қанағаттандырды, ол /ВC кесіндісінде жату керек және де оның орналасуы /

0CАР

бұрышының 060 -қа тең болатынын бірден анықтайды.

ВАР0 қосымша бұрышы, сәйкесінше, 0120 -қа тең. Салу есептің шартын қанағаттанды-

ратын тек бір ғана 0Р нүктесі бар екенін көрсетеді. Сондықтан біз салу негізінде А төбесін

алмаймыз, қалған екі төбесінің кез келгенін аламыз. Онда да біз сол 0Р нүктесіне келеміз.

Яғни мына бұрыштар да 0

00 120 ACPСВР тең екенін көреміз.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 5

ҚИЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ

Материалды дайындағандар: Роза Мұқашева, Жеңісгүл Рахметуллина, жоғары математика кафедрасының доценттері

Көптеген олимпиадалық есептерді шығарған кезде nn ba өрнегінің көбейткіштерге

жіктелу формулалары қолданылады:

1) Nnbabbabaababa nnnnnnn ,122321 ;

2) ,,122321 Nnbabbabaababa nnnnnnn n - тақ;

3) ,,122321 Nnbabbabaababa nnnnnnn n-жұп.

Келесі есептерді қарастырайық: 1-есеп. Дәлелдеңіздер:

А) 1122 185 айырымының 7-ге бөлінетінін;

Б) 2035 32 айырымының 47-ге бөлінетінін.

Шешуі.

А) 1122 185 айырымының 7-ге бөлінетінін дәлелдейік. Ол үшін дәрежелер негізін жіктей отырып, бірінші формула бойынша дәрежелер негізінің айырмасы 7-ге тең болатынын көруге болады.

1122 185 = 1111 1825 = 1091010910 18182525718182525)1825( ,

ендеше көбейтіндінің бір көбейткіші 7-ге бөлінетіндіктен, көбейтінді 7-ге бөлінетіндігі дәлелденеді;

Б) 2035 32 айырымының 47-ге бөлінетінін дәлелдеу үшін берілген өрнекті бірдей

дәрежелер көрсеткішіне келтіреміз:

,81...8112812847

81...8112812881128811283232434

4345554572035

ендеше көбейтіндінің бір көбейткіші 47-ге бөлінетіндіктен, көбейтінді 47-ге бөлінетіндігі дәлелденеді.

2-есеп. 12 2485 nnn

саны кез келген натурал n саны үшін 23-ке бөлінетінін дәлелдеңіздер.

Шешуі. Берілген өрнекті түрлендіріп, қосылғыштарға және көбейткіштерге жіктеудің бірінші формуласын қолдансақ,

)224848(46)222525(23

)224848)(248()222525)(225(

)248()225(2248252248252485

121121

121121

12

nnnnnn

nnnnnn

nnnnnnnnnnnnnn

өрнегі екі қосылғышқа – біріншісінің бір көбейткіші 23-ке тең, ал екіншісінің бір көбейткіші 46-ға тең болатындай жіктеледі, осы нәтижеден қосындының 23-ке бөлінетіндігі дәлелденеді.

3-есеп. 181320 414141 саны неліктен 21-ге бөлінеді?

Шешуі. Берілген өрнекті түрлендіріп, қосылғыштарға жіктеп, көбейткіштерге жіктеудің бірінші формуласын қолданатын болсақ,

).882081313

1202020(21)882081313(21

)1202020(21)882081313()813(

)1202020()120()813()120(181320

402383940

383940402383940

383940402383940

383940414141414141

181320 414141 өрнегі көбейтіндінің бір көбейткіші 21 болатындай жіктелетіндіктен,

қосындының 21-ге бөлінетіндігі дәлелденеді.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

6

4-есеп. 2007200720072007 30321 саны 31-ге бөлінетіндігін дәлелдеңіздер.

Шешуі. Берілген қосындының қосылғыштар саны жұп болғандықтан, оларды қос-қостан

топтауға болады. Нәтижеге жеңіл жету үшін, біріншісі мен соңғысын, екіншісі мен соңғысының алдындағысын және т.с.с. 15-шісі мен 16-шы мүшелерін топтастырсақ, онда дәрежелер негіздерінің қосындысы 31-ге тең болатындығынан

200720072007200720062200420052006

2006220042005200620062200420052006

2007200720072007200720072007200720072007

30321)161615161515(31

)292922922(31)303013011(31

)1615()292()301(30321

өрнегі көбейтіндінің бір көбейткіші 31 болатындай жіктелетіндіктен, қосындының 31-ге бөлінетіндігі дәлелденеді.

Материалды дайындағандар: Раушан Мұхамедова,

жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы;

Жанар Әскербекова, жоғары математика кафедрасының оқытушысы

Тригонометриялық теңсіздіктерді аралықтар әдісімен шешу

Тригонометриялық теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді қарастырамыз: 1. Теңсіздіктің бір жағын нөлге, екінші жағын (мысалы, сол жағын) көбейткіштер түрінде

жазып аламыз. 2. Теңсіздіктің сол жағында тұрған бөлігінің нөлдері мен үзіліс нүктелерін табамыз. 3. Барлық табылған мәндерді бірлік шеңберге саламыз. 4. Алынған аралықтың кез келгенінде сол жағында тұрған өрнектің таңбасын анықтай-

мыз. Ол үшін:

a) осы аралықтан алдында табылған мәндермен беттеспейтін кез келген мәнін аламыз;

b) -ді теңсіздіктің сол жағына қойып, алынған өрнектің таңбасын анықтау керек. 5. Осы интервалға Х бақылау нүктесін келесідей етіп қоямыз: а) егер өрнектің таңбасы нөлден артық болса, онда Х шеңбердің сыртына қойылады; б) егер өрнектің таңбасы нөлден кем болса, онда Х шеңбердің ішіне қойылады. 6. Х нүктесінен бастап барлық белгіленген нүктелерден өтетіндей, сағат тіліне қарсы

бағытпен, бірлік шеңберді айнала жатық сызық жүргіземіз. Барлық нүктелерді басып өте отырып, Х нүктесіне қайтып келеміз.

7. Егер еселі түбірлер болса, онда жұп еселі түбірде өрнектің таңбасы өзгермейді, сон-дықтан жұп еселі нүкте Х нүктесінен шыққан сызықтың толқын түрде болуына жол бермейді.

8. Жүргізілген сызық бойынша сызылған бөлікті анықтаймыз: a) егер теңсіздіктің сол жағындағы өрнектің таңбасы нөлден артық болса, онда

қоршалған фигураның шеңберден тыс бөлігін аламыз; b) егер теңсіздіктің сол жағындағы өрнектің таңбасы нөлден кем болса, онда қоршалған

фигураның шеңбердің ішіндегі бөлігін аламыз. 9. Таңдалған бөлікті оң бағыт бойынша шеңбер бойы бағытымен белгілейміз. Осы

доғалар теңсіздіктің шешімі болады.

1-мысал: Теңсіздікті шеш: .0sin35,0cos xx

Шешуі. .02

3sincos

xx

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 7

1)

;,2

,0cos

Zkkx

x

2)

.,3

1

,2

3sin0

2

3sin

Znnx

xx

n

3

22

3

4

шеңбер бойында нүктелер беттесе бастады, яғни біз х-тің барлық

мәндерін таба бастадық. Енді бірлік шеңберді сәйкес нүктелермен толтырамыз. 0 деп

қоямыз.

Онда 02

3

2

30sin0cos

Таңбаның қисығы шеңбердің ішімен өтеді. Берілген теңсіз-діктің шешіміне шеңбердің «-» таңбасымен белгіленген доғасы сәйкес келеді. Соңғы жауабын жазуда осы облыстардың ішінде х-тің кіші мәнінен үлкен мәніне өтуі бұзылатынын көру керек

(суретте ол үзік сызықпен көрсетілген). Бұл жағдайда 3

кіші

мәнге 2 -ді қосу керек немесе 2

3 үлкен мәннен 2 -ді

азайту керек. Соңғы шешімін аралықтардың бірігуі арқылы көрсетуге

болады.

Жауабы:

Znknnkkx

,;2

3

7;2

2

32

3

2;2

2

немесе

Znknnkkx

,;2

3

2;2

22

3;2

2

2-мысал: Теңсіздікті шеш: .02sin

62cos3sin

x

xx

Шешуі. Мынадай теңдеулер жүйесін қарастырамыз:

.,,2

,23

,3

,0

,02sin

62cos

,03sin

Zmnkm

x

nx

kx

x

x

x

0k 2

x 1n

3

4

31

1

x

1k 2

3x 0n

3

x

1n 3

2

31

x

2n

2;0

3

72

31

2x

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

8

Түбірлерін шеңберге белгілейміз: 1) 2)

0k 0x

0n 3

x

1k 3

x

1n

6

5x

2k 3

2x

2n

3

4x

3k x

3n 6

11x

4k 3

4x

5k 3

5x

3)

0m 0x

1m 2

x

2m x

3m 2

3x

Бұл нүктелер теңсіздіктің шешімі болмайды!

3;0

6

деп аламыз;

.0

3sin

6cos

2sin

Кейбір нүктелердің еселілігін ескеріп, таңбаның қисығын жүргіземіз. Жауабы:

.,,,,;23

26

11;2

3

5

22

3;22;2

6

52

3

2;2

2

Ztlmnktll

nnnnkkx

3-мысал: Теңсіздікті шеш: .0 sin3x - sin2x

Шешуі.

.02

5cos

2sin

,0 2

5xcos

2

xsin2

xx

Жаңа айнымалы енгіземіз: tx

2

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 9

.,,

510

,

,05cos

,0sin

05cossin

Zknkt

nt

t

t

tt

Шешімдерін табамыз: 1) 0n 0t

1n t

2)

0k 10

t 5k

10

11t

1k 10

3

510

t 6k

10

13t

2k 2

t 7k

2

3t

3k 10

7t 8k

10

17t

4k 10

9t 9k

10

19t

04

5cos

4sin,

10

3;

104

деп аламыз.

Суреттен көріп отырғанымыздай,

10

3;

10

шешімі сайын қайталанады, бұл аралық

10

13;

10

11 , шешімі

;

10

9

10

7;

2 периодтан кейін

2;

10

19

10

17;

2

3.

Сонымен, жауабын мына түрде жазуға болады:

,,,

.10

910

7

2

,10

3

10

Zmnk

mtm

ntn

ktk

2

xt болғандықтан: ,,,

.2225

9

25

72

,25

32

5

Zmnk

mxm

nxn

kxk

Жауабы:

.,,;22;2

5

92

5

7;22

5

3;2

5Zmnkmmnnkkx

4-мысал: Теңсіздікті шеш: .4cos2sin5cossin xxxx

Шешуі. Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындысына түрлендіру

формуласынан мынаны аламыз:

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

10

,02cossin22sin

,04sin2sin

,2sin6sin4sin6sin

,2sin6sin2

14sin6sin

2

1

xxx

xx

xxxx

xxxx

.012cos22sin

,02cos212sin

xx

xx

;,2

,,2

,02sin)1

Zkk

x

Zkkx

x

.,6

,,23

2

,2

12cos)2

Znnx

Znnx

x

0k 0x 0n

6

x

1k 2

x 1n

6

5,

6

7

621

xxx

2k x

3k

2

3x

2;

63

алып,

.012

12

2

31

3

2cos2

3

2sin

Сонымен, х шеңбердің ішкі бөлігінде жатады. Таңбаның қисығын салып, теңсіздіктің шешімін жазамыз. Периодтылығын ескеріп, жауабын жазамыз.

Жауабы: .,,6

5;

26; Znknnkkx

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 11

МҰРА

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

Материалды дайындағандар: Сәуле Тыныбекова, педагогика ғылымдарының докторы,

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор;

Перизат Бейсебай, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Қымбатты жоғары сынып оқушылары, сіздерге біз «Мұра» атты бөлімде тек әлемнің белгілі математиктері ғана емес, сондай-ақ біздің отандас – қазақстандық математиктер туралы баяндаймыз. Бірнеше нөмірлерді қазақстандық ғылымның, сонымен қатар матема-тиканың дамуына арнағымыз келеді. Қазір сіздер өмірдегі өз таңдауларыңызды жасау жолында болғандықтан, бұл мақала сіздер үшін қызықты болар деген ойдамыз.

Механика-математика факультетінің тарихы бірінші қазақ университетінің, еліміздің қазіргі басты жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, тарихымен бірге басталды. Ол жетпіс жылдан астам уақытты құрайды, бірақ осы шамалы тарихи уақыт аралығында, біздің барлық еліміздің тарихы сияқты, заманауи білім және ғылым жүйесін құруға бағытталған көптеген ұрпақ өкілдерінің қосқан өзіндік үлкен үлестері айтулы оқиғаларға толы. Университет және оның факультеттерінің дамуындағы жағдай-лардың қиындығы мен күрделілігін еліміздің сол уақыттағы тарихи жағдайларымен байланыстыруға болады.

Университеттік білім – барлық білім жүйесіндегі жоғарғы саты, ол жалпыға білім берудің бастауыш мектебінен бастап, осы жүйенің барлық төменгі сатысының болуын көздейді. Өткен жүзжылдықтың жиырмасыншы жылдарына дейін Қазақстан аймағында бұндай жүйе болмады дерлік. Бұндай елде университеттің Қазан революциясынан кейін он бес жылдан кейін пайда болуы – таңырқау немесе масаттанатын ғана емес, мұқият зерделеуге тұрарлық оқиға. Осы тұрғыдан еліміздің сол аралықтағы тарихи жағдайларын қысқаша түрде сипаттау қажеттілігі туындайды.

Ортаазиялық республикаларда тармақталған мемлекеттік оқу жүйесі 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін қалыптаса бастады, ал революцияға дейінгі уақытта Түркістанда жоғары оқу орнын ұйымдастыру мәселесі мүлде көтерілмеді. Бүкіл аймақта тек бірнеше гимназиялар мен реалдық училищелер, біраз "орыс-туземдік" мектептер және мұғалімдік семинариялар болды. "Ұлттық" білім мешіттердегі төменгі мектептерде (балаларға арабтың әліппесі мен араб тіліндегі құранның оқылымы берілген) және жоғарғы рухани мектеп-медреселерінде оқытылды. 1914 жылы Қазақстан аймағының барлық мектептерінде 105 мың бала оқытылды, олардың 8 %-ы ғана қазақтар. Қазақстанның өзінің еркін экономикалық және мәдени даму құқығы болмады. «Біз неліктен мәңгілік зардап шегуге және жершарының басқа халқынан артта қалуға душармыз?» - деп Абай Құнанбаев өз жанашырлығын, наразылығын білдірген еді.

Революцияға дейінгі мектептердің, әсіресе ұлттық мектептердің, негізгі мәселелерінің бірі – білімді оқытушылардың жеткіліксіздігі еді. 1915 жылы Ташкентте барлық Орта Азия және Қазақстан аймағына мұғалімдер даярлау мақсатында мұғалімдер институты ашылып, бірақ екі жылдан кейін бірде-бір түлек шығармай жатып, бұл оқу орны жабылып қалды. Революциядан кейін халықты ағарту жұмысы жаңа биліктің алғашқы міндеттерінің бірі болды. Мәскеуде 1918 жылдың маусым айында Мәскеу және Петроград жоғары оқу орындары оқытушыларының жиналысында Ташкент қаласында Түркістан университетін ұйымдастыру шешімі қабылданып, оны ұйымдастыруға Мәскеудегі алғашқы оқытушылар құрамы бекітіліп, қажетті жабдықтар бөлінді. Ташкенттегі Түркістан мемлекеттік университеті РСФСР (РКФСР) ұлттық комиссары кеңесінің 1920 жылдың 7 қыркүйегіндегі декретімен бекітілді. 1920 жылдың 19 ақпанында Мәскеуден оқытушылар және олардың жанұяларымен бірге жабдықтар, әдебиеттер тиелген алғашқы эшелон (университет проректоры профессор А.Э. Шмидт басқарған) жолға шыққаны белгілі (білуімізше, бұл азамат соғысының қиын-қыстау кезеңі болатын). 1920 жылдың тамызынан қазанына дейінгі аралықта бұндай 5 эшелон келді. 1920 жылдың қазанында Түркістан университетінде, соның ішінде жұмысшылар және физика-математика факультеттерінде сабақтар басталып кетті.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

12

Ташкент университеті РКФСР Халық ағарту комитетінің тікелей басқаруында болды (олар қаржыландырды). Кейіннен университет кеңейіп, медициналық, физика-математика-лық, әлеуметтік-экономикалық, ауылшаруашылық, техникалық, тарихи-филологиялық, әске-ри, жұмысшылар факультеттеріне бөлінді. Қазақ жастары үшін даярлау бөлімдері ашылды. Университет өте қарқынды дамыды, 1927 жылға таман онда 65 профессор, 75 доцент және 125 ассистент жұмыс жасады. Бұл уақытта сол университеттің қабырғасында тәрбиеленген жас оқытушы кадрлар, оның ішінде байырғы ұлт өкілдері өз жұмыстарын бастады.

Бірақ Қазақстан өлкесінде жағдай басқаша дамыды. 1919-1920 жж. орта арнайы оқу мекемелері – халықтық білім беру институты құрылды (ХБИ), мұнда жеті және он жылдық мектептерге (ол жылдары орта жалпылай білім беру тоғыз жылдық болатын), шаруа жаста-рының мектептеріне (ШЖМ) және техникумдарға мұғалімдер дайындады. Қазақстанда ХБИ Орынборда (ҚазАССР алғашқы астанасында), Ордада (Батыс Қазақстан) және Семейде түрлі оқу орындарының базасында ұйымдастырылды, солардың ішінде байырғы ұлт өкілдері жастарының жоғары оқу орнына түсулері үшін дайындық бөлімдері құрылды.

Әр жыл сайын жоғары білімді ұлттық кадрлардың қажеттілігі өсе бастады. Қазақстаннан тек біраз ғана жастар қиындықтарды еңсере отырып, РКФСР орталық қалаларының жоғары оқу орындарына түсу мүмкіншіліктеріне ие болды. Қазақ автономды республикасы құрылғаннан кейін ғана оны басқарушы органдар Қазақстанда жоғары оқу орындарын ашуға тырысты. Бірақ дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін, негізгі факультеттерде жұмыс жасайтын адамдардың жетіспеушілігі белгілі болды. Ірі орталықтардан қажетті кадрларды шақыру еш нәтиже бермеді. Орынборда қажетті өндірістік база да болмай шықты. Сондықтан жұмысшылар факультетін ғана ашумен шектеліп, ал университеттің ашылуы белгісіз уақытқа шегерілді.

1922 жылдың көктемінде бұрын құрылған ауылшаруашылық және индустриялық техни-кумдардың базасы негізінде политехникалық институтын ұйымдастыру шешімі қабылданып, сол жылдың күзінде институт өз жұмысын бастады. Оның студенттері екі техникумның да тыңдармандары, ал оқытушылары – оның қызметкерлері болды. Бұл формалды акт болған-дықтан, институттың болашағы ұзаққа бармай, бір жылдан соң жабылып қалды.

1926 жылы Ташкент қаласында Қазақ ағарту институты құрылды (маңдайшасында қазақша: «Қазақ халық ағарту үнiстəтi» деп жазылған еді), ол бірінші қазақ жоғары оқу орны

болды. Онда 1926-1928 жж. жоғары математика кафедрасының оқытушысы және жара-тылыстану ғылымдары мен математика факультетінің деканы болып А.А. Ермеков жұмыс жасады (математика профессоры атағын алғаш алған қазақ), оның дәрістік сабақтары тек физика-математика факультеттері студенттерінің топтарына ғана емес, сондай-ақ гумани-тарлық мамандықтарда оқып жатқан Қазақстан жастары үшін де кеңінен танымал болды. Соңғыларын дәріс берушінің қызықты да лирикалық әңгімелері: көрнекті авторлардың математика ғылымындағы тарихы, дәуір сипаты мен әлеуметтік өмірі туралы пайымдаулары, оның сөз талғамы мен эрудициясы қызықтырды.

Алғашқы жоғары оқу орны республиканың өзінде екі жылдан соң бой көтерді. 1928 жылдың 10 маусымында Республика Үкіметі Алматыда педагогикалық, ауылшаруашылық және медициналық үш факультеті бар Қазақ мемлекеттік университетін ашуға шешім қабылдады. Оның директоры болып танымал ғалым, қоғам қайраткері, медицина маманы, тарих ғылымының профессоры Санжар Жафарұлы Асфендияров тағайындалды. Университет 1928 жылдың қазанында ашылды. Онда физика-математикалық, жаратылыс-тану және әдеби-лингвистикалық бөлімдері бар тек жалғыз ғана педагогикалық факультет жұмыс жасады. Кейіннен жұмысшылар факультеті және дайындық бөлімдері ашылды. Педагогикалық факультет, сол уақыттағы елде құрылған орта білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау институты сияқты, өзінің өміршеңдігін көрсетті. Алайда жоғары білімді профессор-оқытушылар кадрларының, жабдықтардың және қажетті студенттер контингентінің жетіспеушілігінен ол университет қызметін атқара алмады. 1930 жылы Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылып, 1935 жылы Абайдың аты берілді. 1931 жылдан 1934 жылға дейін ҚазПИ 405 орта мектеп мұғалімдерін, халықты ағарту әдіскерлері мен ұйымдастыру-шыларын даярлады. Мұнымен қатар жалпы білім беру мектептерінің саны және оқушылар контингенті өсті, педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі бұрынғыдай сақталды.

Халық шаруашылығының әртүрлі салаларында, жоғары және орта арнайы оқу орындарында білім беруде және КСРО ҒА қазақстандық базасының ғылыми-зерттеу мекемелерінің кеңейіп келе жатқан желілерінде жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлау мәселесін шешу үшін, кең профильді жоғары оқу орындарын құру қажет болды.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 13

Басқа жағынан, еліміздегі жағдайдың саяси сипаты күрделене түсті. Кулактарды жою жөніндегі қатал және жоспарсыз шаралары (1928 ж.), азық-түлік компаниялары, күштеп және дайындалмаған ұжымдастыру, жартылай көшпенді халықты отырықшылыққа мәжбүрлеу – барлығы қазақ ауылдарын түбегейлі есеңгіретті. Нәтижесінде 1932-1933 жж. Қазақстанда ашаршылықтан миллиондаған адамдар қайтыс болып, еліміздің басқа аудандарына және көрші елдерге (Қытай, Монғолия, Орталық Азия) жаппай көшуі орын алды. Тұрғындардың саны айтарлықтай азайды, оның негізгі пайызы ауқатты, озық және білімді бөлігіне әсерін тигізді. Осындай қиын жағдайда елдің басты жоғары оқу орны құрылды.

1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар кеңесі «Қазақстан үшін кадрлар даярлау» қаулысын (№ 2293) қабылдады, оның екінші пунктінде: «Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін құруға, университеттің бірінші курсы 1934 жылдың 1-қаңтарынан бастап жұмыс істейтіндей барлық қажетті іс-шараларды екі ай көлемінде дайындауды РКФСР Халық ағарту комиссариатының міндетіне қойды». Бұл қаулымен кейбір КСРО халықтық комиссариаттары, РКФСР халық ағарту комиссариаттары және КазАССР үкіметі үш айлық мерзімде «қазақ жоғары оқу орындары мен техникалық оқу орындарына жұмыс істеуге профессорлар мен оқытушылар тобын тартып, олардың тұрмыстық, материалдық, тұрғын үй жағдайларын» қамтамасыз ету іс-шараларын жүзеге асыруға кірісті. Осы уақыттан бастап одақтық органдардың қатысуымен Қазақ мемлекеттік университетін ашудың дайындық жұмыстары басталды.

КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің шешімімен, Қазақ КОКП(б) аймақтық комитеті 1933 жылдың 19 желтоқсанында 1934 жылдың 1 қаңтарында университет ашуға қаулы қабыл-дады. Сонымен қатар еліміздің орталық жоғары оқу орындарында ұлттық кадрларды даярлау үшін Мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Жоғары оқу орындарында ұлттық кадрларды даярлау үшін мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Осылайша 30-жылдың басында Мәскеу мемлекеттік университетінде математиктер: Садуақас Боқаев, Меңдібай Сәтбаев, Асқар Закарин, Өтелбай Жұмабаев, Кәрім Игенов, Сағнай Аяпбергенов; биологтар: Темірбай Дарқанбаев, Сахиб Ибрашева; химик Ахметжан Шарифқанов, тарихшы Әмір Қанапин оқыды. Кейіннен олардың көпшілігі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының негізін қалыптастырды және Қазақстан Республикасының білім және ғылымының дамуында үлкен рөл атқарды.

АЛҒЫРЛАР ҮШІН

Материалды дайындаған Жанар Әскербекова,

жоғары математика кафедрасының оқытушысы

1. Тиындар. 12 тиынды әр қатарда 4 тиыннан болатындай етіп, 7

қатарға қалай орналастыруға болады? 2. Алма. Айша алма теріп әкелді. Оның төрттен бірін өзі жеді, ал

қалғанын әпкелері Айгүл, Сәуле, Данаға тең бөліп берді. Айгүл өз алмасының төрттен бірін жеді де, қалғанын үш әпкесіне бөліп берді. Одан кейін Сәуле бір алма жеді де, қалғанын үш әпкесіне бөліп берді. Содан кейін Дана 4 алма жеп, қалғанын үш әпкесіне бөліп берді. Айгүл Сәулеге: «Менде саған қарағанда екі есе көп алма бар»,-деді. Айша қанша алма теріп әкелген?

4. Үшбұрыш. Қабырғалары 1628 15,100,20 болатын үшбұрыш бола ма?

3. Ата, әке, ұл. Әкесі мен ұлы бірге 38 жаста, ұлы

мен атасы бірге 64 жаста, ал әкесі мен атасы бірге 84 жаста. Олар жеке-жеке неше жаста?

5. Екі поезд. Екі поезд қарама-қарсы бағытта келе жатыр. Олардың

жылдамдықтары: ,/361 скмV

./541 скмV Бірінші поезда отырған

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

14

жолаушы екінші поездың ct 6 ішінде өтіп кеткенін байқаған. Екінші поездың ұзындығы

қанша? 6. Жұмбақ сан. Сипаттау бойынша төрт орынды санды табу керек: бірінші цифры

төртіншіден екі есе артық және екіншісінен 2-ге артық. Үшінші цифры біріншісінен 1-ге артық және төртіншісінен 5-ке артық. Қандай сан?

7. Ыдыстан құю. Көлемі 10 литр болатын ыдыста су бар және 3 литрлік,

7 литрлік екі бос ыдыс бар. Бірінші және үшінші ыдыстарда 5 литрден болатындай етіп, осы ыдыстардың көмегімен 10 литр суды бөліп құю керек.

8. Алты үштік. Теңдік дұрыс болатындай етіп, берілген теңдіктің сол

жағына арифметикалық амалдар қою керек: 3 3 3 3 3 3 = 1000.

9. Кинотеатр. Апта бойы кинотеатрда А, В, С фильмдері көрсетілді. 40 оқушының әрқайсысы немесе барлық фильмді көрді, немесе үш фильмнің бірін көрді. А фильмін 13 оқушы, В фильмін 16 оқушы, С

фильмін 19 оқушы көрді. Қанша оқушы үш фильмді де көрді?

10. Автобус. Театрдан циркке дейін №1 немесе

№2 автобусқа отырып баруға болады. Олар тұрақты интервалмен жүреді. №1 автобус №2 автобусқа қарағанда екі есе сирек жүреді. Соңғы 20 минут ішінде автобус 16 минут бұрын, 10 минут бұрын, 2 минут бұрын өтті. Келесі автобус неше минуттан соң келеді?

КОНКУРС

Материалды дайындаған Жеңісгүл Рахметуллина,

жоғары математика кафедрасының доценті

І тур

1. Қайық өзен ағысымен 10 км қашықтыққа түсті, содан кейін өзен ағысына қарама-қарсы 6 км қашықтыққа көтерілді. Өзен ағысының жылдамдығы 1 км/сағ. Қайық барлық жолға 3 са-ғаттан 4 сағатқа дейінгі уақытты жұмсауы үшін, қайықтың меншікті жылдамдығы қандай аралықта болуы керек?

(5 ұпай)

2. Дұрыс үшбұрышты пирамидаға іштей сызылған шардың радиусы r және бүйір жағының табан жазықтығымен жасайтын бұрышы белгілі болса, онда дұрыс үшбұрышты пирами-

даның көлемін табыңыздар. (5 ұпай)

3. Теңдеуді шешіңіздер 31

22

xx

xtg

.

(5 ұпай)

4. Теңсіздікті шешіңіздер xx2

log222

log164,025,1

(5 ұпай)

5. nba биномының жіктелуіндегі екінші, үшінші және төртінші мүшелері арифметика-

лық прогрессия құрайды. Осы коэффициенттерді табыңыздар. (5 ұпай)

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 15

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында жарияланған қызықты есептердің жауаптары

1.

,1883179 2

,22433188 32

,341333224 432

,7013333341 5432 Жетіспейтін сан: 341.

2. 302

160 , 20

3

230 , .15

4

320 Яғни 12

5

415 және .10

6

512

3. 2. 4. Ағаштарды суреттегідей «жұлдызша» етіп орналастыру керек. Сызықтардың қиылысу

нүктесіне ағаштар отырғызылу керек.

5. Бірінші және екінші ыдыстардағы суды былай құйып теңестіруге болады:

.077

,347

,0410

6. 167және .334

7. .22 8. 8 км, 12 км/с и 20 км/с. 9. Циркульді алып, оның ұшын шахмат тақтасындағы қара шаршының центріне қоямыз.

Осылайша ең үлкен және қара шаршыдан өтетін шеңбер салуға болады. Ал оның радиусы

20 -ға тең.

10.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 16

«ФИЗИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті журнал оқырмандары!

Міне, жаңа оқу жылының басталып кеткеніне де

біраз уақыт болып қалды. Сондықтан журнал бетінен

де сіздер тың жаңа материалдармен танысасыздар!

Сіздерге ғылымға еңбегі сіңген ғалымдардың өмірбаянда-

рын, қызықты сөзжұмбақтарды, ой туғызатын шы-

тырман есептерді, өз білім деңгейлеріңізді тексеретін

тестілер жиынтығын және т.б. ұсынамыз. Осындай

материалдар арқылы өз білімдеріңізді шыңдауда бұл

журналдың берері көп.

Физика – табиғаттың алуан түрлі құбылыстары

мен тәжірибелеріне негізделген ғылым. Физика – қазіргі

табиғаттанудағы озат ғылымдардың бірі. Ол ғылым-

ның, техниканың, өндірістің әртүрлі салаларына зор

ықпалын тигізіп отыр. Физика инженер мамандарды

теориялық тұрғыдан даярлаудың іргелі базасы болып

табылады. Жоғарғы сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға

дайындық беті даярланған. Грант жеңіп алу үшін

ұйымдастырылған конкурс есептері де бар. Оны дер

кезінде шығарып, бізге жіберіп отырсаңыздар, ертең біздің студент атануларыңыз

әбден мүмкін. Сондықтан конкурс есептерін шығарып, бізге жіберуге асығыңыздар.

Біз, оқытушылар, сіздерге жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, журналды

оқып, тапсырмаларды жіберіп, алға қойған мақсаттарыңызға талмай тек бестік

бағамен жетулеріңізге тілектеспіз.

Өз тілектеріңіз мен сұрақтарыңызды мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:

070010, Өскемен қаласы, Серікбаев к., 19, ШҚМТУ, Г-1-306 бөлме, техникалық физика

кафедрасы, тел.: 8-7232-540-043, электронды мекенжай: [email protected], zha-

[email protected]

«ФИЗИКА» БӨЛІМІНДЕ

ОҚУ ҮРДІСІ Олимпиадаға дайындаламыз ....................................................................... 17 ҰБТ-ға дайындық .......................................................................................... 19

МҰРА Ұлы антикалық ғалымдар ............................................................................. 23

ҚЫЗЫҚТЫ ӘРІ КҮРДЕЛІ Интеллектуалды ойын тапсырмалары ......................................................... 25

ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ БЕТІ Әзіл-қалжың әлемі ........................................................................................ 27

КОНКУРС «Жас талап-KZ көшбасшысы»..................................................................... 28

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында жарияланған сөзжұмбақтың жауаптары ............................................................................ 28

Барчагүл Нүркенова,

техникалық физика

кафедрасының аға оқытушысы

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 17

☼ОҚУ ҮРДІСІ

Материалды дайындағандар: Жалын Можанов, педагогика ғылымдарының кандидаты,

энергетика және техникалық физика кафедрасының доценті;

Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

1-есеп. Тұрақты жылдамдықпен үстел бетімен жылжып бара жатқан қара тақтаның үсті-

мен жіберілген бордың жылдамдығы бастапқыда столмен салыстырғанда тақтаның жылдам-дығына перпендикуляр болады. Өзінің қозғалысы барысында бор қандай үлгідегі із қалдырады?

Шешімі. Координаталар жүйесінде үстел бетімен қозғалған тақтайдың жылдамдығы

сияқты қозғалған бордың жылдамдығы:

uu' .

Үйкеліс күші 'u , векторына қарама-қарсы бағытталғандықтан, бордың жылдамдығының бағыты өзгермейді. Тек қана жылдамдықтың абсолют мәні ғана өзгереді. Бұл дегеніміз – бор мына бұрыш арқылы жүретін түзу сызық сызады

uarctg

векторына (1-сурет).

Жауабы: векторға бағытталған

u

arctg

тең болатын түзу сызық

2-есеп. Массасы М 2 кг және көлемі V 10-3

м3 болатын дене тереңдігі 0h 5 м

болатын көл түбінде жатыр. Осы денені H 5 м биіктікке су бетіне көтеру үшін қандай жұмыс атқарылуы керек? Атқарылған жұмыс потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең бола ма?

Шешімі. Жұмыс А «Жер – дене – су» жүйесінің потенциалдық энергиясының өзгерісіне

тең. Денені көтерген кезде судың көлемі V су бетінен 0h тереңдікке ауысады. Олай болса,

15000 VghhhmgA Дж,

мұндағы 103 кг/м

3 – су тығыздығы. Жұмыс А дененің потенциалдық энергиясының

өзгерісінен аз.

Жауабы: А 150 Дж. 3-есеп. Математикалық маятникті 90º бұрышқа вертикаль бойынан ауытқытып жібере

салады. Маятник тепе-теңдік жағдайдан өткен кезде, іліну нүктесі жоғары қарай a үдеумен қозғалады. Маятник вертикалдан қандай максимал бұрышқа ауытқиды?

Шешімі. Энергияның сақталу заңынан шығатыны маятник тепе-теңдіктен шығатын

уақытта оның кинетикалық энергиясы mg мынаған тең болады:

mgm

2

2.

Осыдан

g2 ,

мұндағы маятниктің ұзындығы.

1-сурет

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 18

Ары қарайғы маятниктің қозғалысы, яғни іліну нүктесі

тынышталады да, ауырлық күші agm болады. Маятник-

тің максимал ауытқуы (2-сурет) кезіндегі потенциалдық энергиясы мынаған тең:

hagm .

Энергияның сақталу заңынан шығатыны

2

2mhagm

немесе

gag cos1 .

Осыдан

ag

a

cos .

Жауабы: ag

a

cos .

4-есеп. С түтігі сыртқы ортамен кішкене тесік арқылы байланысады. Қоршаған кеңістіктегі

температура T, қысымы р. Газдың разрядталғаны соншалықты, түтіктен ұшып шыққан молекулалар мен кірген молекулалар тесіктің өлшеміне қарамастан, бір-бірімен соқтығыс-пайды. Түтіктің ішіндегі температура 4Т. Түтіктің ішіндегі қысым қандай?

Шешімі. Түтік ішіндегі газ қысымы:

,4 1111 kTnkTnp

мұндағы 1n – түтік ішіндегі газ молекуласының концентрациясы (бірлік көлемдегі молекула

саны) және k – Больцман тұрақтысы. Түтіктен тыс қысым:

,2kTnp

мұндағы 2n – қоршаған ортаның молекула концентрациясы. Осыдан

2

11 4

n

npp .

Олай болса, түтік ішіндегі қысымды анықтау үшін, түтік пен қоршаған кеңістіктегі газ молекулаларының концентрациясының қатынасын анықтаса жеткілікті.

Тепе-теңдік жағдайда түтіктен ұшып шыққан газ молекуласы мен түтікке ұшып кірген

молекуланың сандары сол уақыт аралықтарында бірдей. t уақыттағы түтіктен ұшып шыққан молекула саны:

tSnN x 1112

1 ,

мұндағы

x1 тесік арқылы бағытталған х осіндегі молекуланың жылдамдық модулі

проекциясының орташа мәні, S тесіктің ауданы. Түтікке енетін молекула саны:

tSnN x 2222

1 .

x шамасы газ молекуласының жылулық жылдамдығына пропорционал:

M

RTx

3 .

Олай болса, 2

1

1

2

1

2

2

1 T

T

n

n

x

x

.

Осы қатынастарды пайдалана отырып, түтіктегі газ молекуласының қысымын анықтай-мыз:

pp 21 .

Жауабы: .21 pp

2-сурет

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 19

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

1-есеп. Материалдық нүктенің ОX осінің бойымен қозғалыс теңдеуі

х = 2 – t + 0,5 t3 (м) берілген. t = 2 c болғандағы х координатасын, х жылдамдықты, ах удеуді

және 0-ден 2 с уақытқа дейінгі аралықтағы <x> орташа жылдамдықты, <ах> орташа удеуді анықтаңдар.

Берілгені:

х = 2 – t + 0,5 t3 (м)

t = 2 c t1 = 0 c t2 = 2 c

Шешуі. t = 2 с болғандағы х координатасын берілген теңдеу бойынша уақыттың берілген мәнін қойып:

х = 2 – 2 + 0,523 = 4 м. (1)

х осіне қатысты лездік жылдамдық, анықтамаға сәйкес, координа-таның уақыт бойынша бірінші туындысына тең

х= dt

dx = – 1 + 1,5 t

2. (2) х-? х -? ах -?

<x>-? <ах>-?

Лездік үдеу жылдамдықтың уақыт бойынша бірінші туындысы: ах = 3t. (3)

t = 2c болғандағы (2) және (3) өрнектерден х және ах табамыз

х = - 1 + 1,5×22 = 5 м/с, ах = 3×2 = 6 м/с.

Анықтама бойынша орташа жылдамдық мынаған тең болады:

<x> = t

x

= .

12

12

tt

xx

(1) өрнекке сәйкес х2 = 4 м; х1-ді қозғалыстың теңдеуіне қойып, t1 = 0 c : х1= 2 м табамыз. Олай болса,

х = 2

24 = 1 м/с.

Анықтама бойынша орташа үдеу ах мынаған тең:

ах = tх

=

12

12

ttХХ

. (4)

(2) өрнекті пайдалана отырып, t2=2 c болғандағы жылдамдық: х2 = 5 м/с болады, t1= 0 c

болғандағы х1 жылдамдық: х1 = – 1 + 1,50 = – 1 м/с

ах мәнін (4) өрнек арқылы анықтаймыз: ах = 2

)1(5 = 3 м/с

2

Жауабы: х = 4 м; х = 5 м/с; ах = 6 м/с2; х = 1 м/с; ах = 3 м/с

2.

2-есеп. Қозғалмайтын ось арқылы айналатын дененің айналу бұрышының уақытқа

тәуелділік теңдеуі: φ= (t4+2t –2) рад. 0-ден 3 с уақыт аралығындағы үдеудің орташа мәнін

анықтаңдар. Берілгені:

φ=(t4+2t –2) рад

t1=0 c t2=3 c

Шешуі. Анықтама бойынша бұрыштық үдеудің орташа мәні <ε> мынаған тең:

= ,t

(1)

<ε>-? мұндағы Δω – бұрыштық жылдамдықтың Δt уақыт бойынша өзгерісі: Δω = ω2 - ω1,

мұндағы ω2 және ω1 – t1 және t2 уақыт моменттеріндегі лездік жылдамдықтар. Лездік жыл-дамдық анықтама бойынша мына өрнек арқылы анықталады:

= dt

d,

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 20

олай болса,

= 4t3 + 2. (2)

t1=0 c және t2=3c уақыт моменттерін пайдалана отырып, (2) өрнектен бұрыштық жылдам-дықтарды анықтаймыз:

ω1 = 4× 0 + 2 = 2 с-1

, ω2 = 4× 33 + 2 = 110 с

-1.

Алынған ω2 және ω1 мәнді (1) өрнекке қойып алатынымыз:

= 363

2110

с

-2 .

Жауабы: =36 с-2

.

3-есеп. Тұрақты 0=10 с-1

жиілікпен айналып тұрған маховиктің айналысына кедергі бер-ген сәтте, бірқалыпты баяу айнала бастайды. Кедергі беру сәті тоқтатылған кезде, маховик

қайтадан = 6с-1

болатын жиілікпен бірқалыпты айнала бастады. Маховиктің бұрыштық удеуі мен кедергі берген уақытты анықтаңдар. Кедергі берген уақыт ішінде маховик N = 50 ай-налым жасаған.

Берілгені:

0=10 с-1

=6 с-1

=const N=50 айн.

Шешуі. Бұрыштық үдеу бастапқы 0 және ақырғы бұрыштық жылдамдықтармен мынандай қатынас арқылы байланысады:

2 -

2

0 = - 2 , (1)

мұндағы =2N – маховиктің бұрыштық жолы; «–» таңбасы жылдамдықтың

баяулағанын және 0 көрсетеді. (1) өрнектен алатынымыз: -? t-?

=

2

22

0 = .)( 22

0

N

(2)

Кедергі уақытын бұрыштық жылдамдықтың бірқалыпты баяулатылған қозғалыс теңдеуі-

нен = 0 – t анықтаймыз, олай болса,

t =

0 = .)(2 0

(2) өрнекті пайдалана отырып алатынымыз:

t = )(

)(222

0

0

N = .

2

0

N (3)

(2) және (3) өрнектен және t табамыз:

= 50

)610(14,3 22 = 4,02 рад/с

2 , t =

610

502

= 6,25 с.

Жауабы: = 4,02 рад/с2; t = 6,25 с.

4-есеп. Оттегі молекуласының еркін жүру жолының ұзындығын және 1 с уақыт аралығындағы соқтығысу санын Z анықтаңдар. Оттегі тұрған ыдыстың көлемі 2 л, температу-расы 270

оС және қысымы 100 кПа.

Берілгені:

t=1 c

V=2 л=210-3

м3

=3210-3

кг/моль Т=(27+273) К=300 К Р=100 кПа=10

5 Па

Шешуі. Оттегі молекуласының орташа еркін жүру жолының ұзын-дығын мына өрнек арқылы өрнектеуге болады

= ,22

1

nd (1)

мұндағы d – оттегі молекуласының эффективті диаметрі; n – бірлік көлемдегі молекула саны, оны мына өрнек арқылы анықтауға бола-ды:

-? Z-?

р = nkT,

осыдан n= ,kT

Р (2)

мұндағы k – Больцман тұрақтысы. (2) өрнекті (1) өрнекке қоятын болсақ, алатынымыз:

= .2 2Рd

kT

(3)

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 21

Барлық молекулалардың арасынан 1 с уақытта өтетін соқтығысу саны Z:

Z=2

1ZN, (4)

мұндағы N – түтікшедегі көлемі 210-3

м3

оттегі молекуласының саны; Z – молекулалардың 1 секундтағы соқтығысының орташа саны. Түтікшедегі молекула саны:

N = nV. (5) Соқтығысудың 1 с орташа саны:

Z =

(6)

мұндағы

< > = .8

RT (7)

(4) өрнекке (5), (6) және (7) өрнектерді қойсақ,

Z = 2

1

kT

РdRT 2 2

8

kT

РV =

22

22 2

Tk

VРd

RT. (8)

(3) және (8) өрнектердің өлшем бірліктерін тексереміз

[] = 22

1

мНм

ККДж= м;

[Z] = 222

3422

ККДж

ммНм

21

1

11

молькг

ККмольДж= м

-12

122

кг

смкг=

с

1

k = 1,3810-23

Дж/К; оттегі үшін d=2,910-10

м, R = 8,31 Дж/(мольК), = 3210-3 кг/моль.

(3) және (8) өрнектерінің сан мәндерін қойып, < > және Z есептейміз

Z = 4462

310202

1091038,1

10210109,214,32

3103214,3

30031,8

= 910

28 c

-1,

< > = 5202

23

10109,214,32

3001038,1

= 3,5610-8

м.

Жауабы: Z = 91028

c-1

, < > = 3,5610-8

м. 5-есеп. Неон және сутегі газдарын идеал газдар деп есептей отырып, тұрақты көлемдегі

Сv және тұрақты қысымдағы Ср меншікті жылу сыйымдылықтарын анықтаңдар. Берілгені:

Неон, сутегі

Шешуі. Газдардың меншікті жылу сыйымдылықтары мына өрнектер арқылы анықталады:

Сv = 2

i,

R (1) Сv -? Ср -?

Сp = ,2

2

Ri

(2)

мұндағы i – газ молекуласының еркіндік дәрежесі; – молярлық масса.

Неон үшін (бір атомды газ) i=3 және =2010-3

кг/моль. (1) және (2) өрнектерді пайдалана отырып, алатынымыз

Сv = 2

3

31020

31,8

=6,24102 Дж/(кгК),

Сp = 2

23

31020

31,8

=1,04103 Дж/(кгК).

Сутегі үшін (екі атомды газ) i=5 және =210-3

кг/моль. Алдыңғы өрнектер арқылы есептеп, алатынымыз:

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 22

Сv = 2

5

3102

31,8

=1,04104 Дж/(кгК),

Сp = 2

25

3102

31,8

=1,46104 Дж/(кгК),

Жауабы: Сv1 = 6,24102 Дж/(кгК); Сp1 =1,0410

3 Дж/(кгК)

Сv2 =1,04104Дж/(кгК); Сp2 =1,4610

4 Дж/(кгК)

6-есеп. m=2 кг оттегінің V1=1 м

3 көлемдегі қысымы Р1= 0,2МПа. Бастапқыда газ тұрақты

қысымда V2=3 м3 көлемге дейін қыздырылады, одан кейін тұрақты көлемде Р3=0,5 МПа

қысымға дейін қыздырылады. Ішкі энергияның өзгерісін, атқарылған жұмысты және газға берілген жылу мөлшерін анықтаңдар.

Берілгені:

m=2 кг V1=1 м

3

Р1=0,2 МПа=0,2×106 Па

V2=3 м3

Р2=Р1 V3= V2 Р3=0,5 МПа=0,5×10

6 Па

Шешуі. 1. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі:

U = СV mT = 2

i

RmT, (1)

мұндағы R – универсал газ тұрақтысы, – молярлық масса, i – газ молекуласының еркіндік дәрежесі (екі атомды газ оттегі үшін i = 5),

T = Т3 – Т1 газдың температурасының айырмасы (бастапқы және ақырғы жағдайлар үшін) Менделеев-Клапейрон теңдеуін пайдала-на отырып, температураларды анықтаймыз:

РV=

mRT, Т =

mR

РV. (2)

U-? А-?Q-?

= 32×10-3

кг/моль, R =8,31 Дж/(мольК). (2) өрнекке сан мәндерін қойып, арифметикалық амалдарды қолдана отырып алатынымыз:

Т1 = 31,82

10321102 35

= 385 К,

Т2 = 31,82

10323102 35

= 1155 К = 1,16 кК,

Т3 = 31,82

10323105 35

= 2887 К = 2,89 кК.

(1) өрнекке шамалардың сан мәндерін қойып, арифметикалық амалдар орындай отырып алатынымыз:

U = 2

5

31032

31,8

2(2887-385) = 3,24×106 = 3,24 МДж.

2. Тұрақты қысымдағы газдың ұлғаю жұмысы мына өрнек арқылы анықталады

А=рV. Сан мәндерін қоя отырып алатынымыз:

А1 = 0,2×106 (3-1)= 0,400×10

6 Дж = 0,4 МДж.

Тұрақты көлемдегі қыздырылған газдың жұмысы нөлге тең, яғни А2=0. Олай болса, газ атқарған толық жұмыс мынаған тең:

А = А1+А2 = 0,4×106 Дж = 0,4 МДж.

3. Термодинамиканың бірінші бастамасына сәйкес, газға берілген жылу мөлшері Q ішкі

энергияның өзгерісі U мен А атқарылған жұмыстың қосындысына тең:

Q = U+A.

U мен А мәндерін орнына қойып алатынымыз: Q = (3,24+0,4) МДж = 3,64 МДж.

Жауабы: U = 3,24 МДж; А = 0,4 МДж; Q = 3,64 МДж.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 23

☼МҰРА

ҰЛЫ АНТИКАЛЫҚ ҒАЛЫМДАР

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д.

322 жылдар) – грек философы, Платонның шәкірті, Ұлы Александр-дың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде: физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарас-тырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәлсапалық

жүйені құрған. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргі заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек ХІХ ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде логикалық ең алғашқы зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы

қалыптасты.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.

Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие мен білім алады. Шамамен он жасында ол Афины қаласына барып, Платон академиясында білім ала бастайды. Сонда шамамен жиырма жыл бойы, яғни б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала береді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Хермиас патшаның иеліктеріне сапар шегеді. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттейді. Аристотель Хермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленеді. Хермиас қайтыс болғаннан кейін, Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырады. Ол Александрға сабап оқытты деседі.

Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін, Аристотель Афинаға қайтып оралады. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лукейон деп аталатын өзінің мектебін ашады. Афинада оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Херпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.

Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі өзінің шәкірттеріне арналған «трактат» түріндегі оқу құралы ретінде жазылғандықтан, көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері: «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың мәні мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.

Пәлсападан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағын ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған. Александр қайтыс болғаннан кейін, Афинада македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасады.

Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тағады. Аристотель «Афиналықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп, анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетеді. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афиналықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанына жерлеуді сұрады.

Аристотель көптеген ғылымдардың, соның ішінде логика (формалды логика) ғылымының негізін қалаушы. Қазіргі барша философия тарихшылары Аристотельді ерте заманның ұлы

Аристотель

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 24

ойшылы ретінде таниды, «грек философиясының ұлы қолбасшысы – философияның Александр

Македонскийі» ретінде мойындайды.

Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: «Шындығында, даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады» (Метафизика, М., 1934,45 б.).

Аристотельдің пікірінше, философия пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттарды (құрамды мәндері) – статуя, мемлекет т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. «Метафизикада»

және басқа да еңбектерінде Аристотель заттардың табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді: материалды себеп, формалды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы, үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине, ең алдымен оның субстратын (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра беруге тура келеді.

Осыдан келіп: «Мүсіннің мүсін болуы неліктен?» – деген сұраққа Аристотель: «Формадан», -

деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынады. Алайда Аристотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады. Ол: «Материя дәрменсіз, формаға тәуелді», - деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен, Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды.

Аристотель философиясының елеулі бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын,

ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Аристотель 10 категорияны жатқызады. «Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы, – деп жазады ол, - бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде жағдай, бірде әрекет, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді». Аристотельдің категориялар жөніндегі ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнеленгені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Алайда оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.

«Егер де бастапқы мәндер болмаса, - деп көрсетеді Аристотель, – онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді». Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін, осы айналудың формасы болып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Аристотель «Метафизикада», «Аналитикада» т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Аристотельде барлық жерде объективтік логика субъективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар қай жерде болса да, объективтік логика көрініп тұрады.

Аристотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, форма-ларына (ұғым, пікір, ой тиянағы) да терең талдау жасайды. Ол қарапайым эмпирик қана емес, терең ойшыл эмпирик деп бағалаймыз. Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада оқымыстының «Политика», «Никомаха этикасы» т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Көне дәуірдегі барлық философтар сияқты Аристотель де қоғамның дамуын, негізінен, идеалистік тұрғыдан түсінді. Аристотель «Политикада» мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына, ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол: «Адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында», - деп тұжырымдайды. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, «Саясаттан тысқары қалған адамдар, адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді», - дейді.

«Политикада» ол былай деп жазады: «Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді». Философ, адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше, белсенділік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.

Александр Македонский Аристотельдің шәкірті болғандықтан, патша тағына отырғаннан кейін Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристотельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ Аристотель түр мен мазмұн

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 25

арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі

болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формалды логиканың Аристотель ашқан заңдары: 1) дәлме-дәлдік; 2) қайшылық; 3) жоққа шығару.

Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі, ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр әл Фараби болды. Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде, қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндіруге де тырысты. Алайда оның мұралары адамзаттың ақыл-ойына өлмес азық бола берері анық.

☼ҚЫЗЫҚТЫ ӘРІ КҮРДЕЛІ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ТАПСЫРМАЛАРЫ

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

1. "Жылдамдық" Мына сандар қандай физикалық өрнектерді жасырып тұр?

2. «Ток» және «Жылу мөлшері» Мына сандар қандай физикалық өрнектерді жасырып тұр?

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 26

3. Оң және сол жақтар Физика сөзінің оң жағын және сол жағын толтырыңдар

Ф

И

З

И

К

А

Сұрақтар: Оң жақта:

1. Жарық бөлшегі. 2. Нейтрон саны әртүрлі ядро қалай аталады? 3. Шағылуға пайдаланатын құралдың орысша атауы. 4. Өткізгіштегі ЭҚК пайда болу құбылысы. 5. Заттағы жылудың тасымалдану ағыны. 6. Ертедегі грек философы.

Сол жақта:

1. Тербелмелі процесті сипаттайды. 2. Қызған денеден шығатын бөлшектің орысша атауы. 3. Сәулеленудің эквивалентті мөлшерінің (доза) орысша атауы. 4. Еркін қозғалыстағы құлау. 5. Бөлшектері белгілі бір қатаң тәртіппен орналасқан заттар. 6. Ток күшін өлшейтін құрал.

4. Сан-әріппен шешу а б в г д е ж з и к

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

д1-к1 Электр шамын жетілдірген Америка ғалымы.

д2-з2 Тогы бар өткізгіш бөлетін жылу мөлшерін есептеген орыс ғалымы.

в3-ж3 Электр тізбегінің сызбасы қалай аталады?

б4-и4 Теріс зарядталған бөлшек.

в5-з5 Электрон сөзін грек тілінен аударғанда қалай аталады?

в6-ж6 Кулонмен өлшенетін электр мөлшері.

в7-и7 Жылыту құралдарының негізгі бөлшегі.

а8-з8 Электр тогын қолданушылар қосылатын құрал қалай аталады? (орысша)

б9-е9 Ток күшінің өлшем бірлігі не?

б10-з10 Токты қосып, ажырататын құрал.

а11-и11 Кернеуді өлшейтін құрал.

д12-з12 Қуаттың өлшем бірлігі.

д13-е13 Ток тізбегінің бөлігі аталған ғалымның есімі.

Егер сіздер сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер, д1-д13 негізгі сөзді (орысша) оқисыздар.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 27

☼ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ БЕТІ

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,

техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

Физик, математик және инженер үшеуі өріске келеді.

Әрқайсысына бірдей мөлшерде тақтай беріп, неғұрлым көп қой сиятындай етіп қоршау жасауды тапсырады. Инженер кішігірім, бірақ мықты етіп төртбұрыш қоршау жасайды. Физик қоршауды дөңгелек пішінді етіп жасайды, яғни көбірек мөлшерде қой сияды деп пайымдайды. Ал математик болса, дөңгелете қоршап, ішіне

өзі кіріп ортасына отырып алып, былай деп түсіндіреді: – Мені сыртында тұр деп есептеңдер. Енді ойлаңдар, қанша қой сиятынын...

******** Математик пен физикке шығаруға екі есеп береді. №1 есеп. Суы бар кран, плита және бос чайнек. Чайнекті қайнату керек. Физиктің шығарғаны: Чайнеккке су құйып, плитаны іске қосып, үстіне чайнекті қойып,

тосамыз. Математиктің шешімі: Осындай №2 есеп. Суы бар кран, плита және су толтырылған чайник. Чайнекті қайнату керек. Физиктің шығарғаны: Плитаны іске қосып, үстіне чайнекті қойып, тосамыз. Математиктің шешімі: Чайнектегі суды төгіп, есепті алдыңғы шығарылған дайын есепке

келтіре саламыз.

******** Өзінің білімді екенін жолдастарына көрсетіп мақтанғысы келген бір әйел, Эйнштейннің ба-

яндамасы кезінде оған сұрақ қоюды ойлайды: – Сіз маған мәңгілік пен уақыттың арасындағы байланысты түсіндіріп бере аласыз ба? Эйнштейн: – Көрдіңіз бе, егер менің мұны сізге түсіндіруге уақытым жететін болса, онда сізге мұны

түсіну үшін мәңгілік керек.

******** Оқымыстылар әулеті. Бұл – аспирант Вася. Ол эритроциттерді зерттеумен айналысады.

– Ия, мен эритроциттерді зерттеймін, менің әкем эритроциттерді зерттеген, менің атам эрит-роциттерді зерттеумен айналысқан. Түсінесіз бе, эритроциттер – ол біздің қанымызда!

******** Албан оқымыстылары бөтен ұшақтарды жаңылмай анықтайтын радар ойлап шығарады.

Жұмыс істеу принципі қарапайым: экранда пайда болған ұшақтардың барлығы – бөтен, се-бебі Албанияда өздерінің ұшақтары жоқ.

******** Мұнараның биіктігі. Химик, физик, математик және филолог барометрдің көмегімен

мұнараның биіктігін есептеу тапсырмасын алады. Химик мұнараның төменгі жағындағы және шатырындағы қысымын өлшеп, оның

биіктігінің 0-ден 100 метрге дейін екенін анықтайды. Физик барометрді шатырдан жерге тастап жіберіп, түсу уақытын анықтап, есептей

отырып, мұнараның биіктігінің 60-тан 70 метрге тең екенін айтады. Математик барометрдің биіктігін және барометр мен мұнараның көлеңкелерінің биіктігін

өлшеп, тангенс бұрышын есептей келе, мұнараның биіктігінің 63-64 метр аралығында екенін айтады.

Филолог барометрді сатып, түскен ақшаға мұнара күзетшісін тамақтандырыпты. Әбден тойған күзетші оған мұнараның биіктігі 63 метр 40 сантиметр екенін айтыпты.

******** – Профессор сіздің есігіңіздің алдында аш адам тұр және әйтеу бір нәрсе беруімізді

сұрайды... . – Жақсы, оған математикадан есептер беріңіз.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 28

☼КОНКУРС

Материалды дайындағандар: Жалын Можанов, педагогика ғылымдарының кандидаты,

энергетика және техникалық физика кафедрасының доценті;

Барчагүл Нүркенова, энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

I тур

1. Дене о бастапқы жылдамдықпен бұрыш жасай отырып көкжиекке лақтырылды. Дененің

көтерілу биіктігі h = 3 және траекторияның жоғарғы нүктесіндегі қисықтық радиусы R = 3 м

болғандағы бастапқы о жылдамдық пен бұрышты анықтаңдар.

(3 балл).

2. Мұз бетімен жіберілген тастың жылдамдығы 3 м/с, ол тоқтағанға дейін S 20,4 м

арақашықтықты жүріп өтеді. Тастың мұз бетімен сырғанағандағы үйкеліс коэффициентін табыңдар.

(4 балл).

3. Жабық ыдыста тұрған температурасы 1t = 20 ˚С және қысымы

1р = 100 кПа. болатын

гелийдің көлемі V = 2 л. Оның температурасын t = 100 ˚С көтеру үшін қандай жылу мөлшерін Q

беру керек? Жаңа температура кезінде гелий молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы

,кв қысымы 2р , тығыздығы

2 және молекуласының жылулық қозғалысының энергиясы W

қалай болады? (5 балл).

4. Жылжымалы поршені бар түтікшеде массасы m=1 г азот бар. Азоттың температурасын T= 10 К қыздыру үшін қандай мөлшерде Q жылу мөлшерін беру керек? Осы кезде поршень

қаншаға көтеріледі? Поршеньнің масссасы М 1 кг, көлденең қимасының ауданы S 10 см2.

Поршеньге түсетін қысым р = 100 кПа.

(6 балл).

5. Радиусы R = 10 см болатын шеңбер бойымен қозғалған нүктенің тангенциал үдеуі .a

Қозғалыс басталғаннан кейінгі уақыты t = 20 с болғандағы нүктенің қалыпты үдеуін na анықтаңдар.

Қозғалыс басталғаннан кейін бесінші айналымның соңындағы нүктенің сызықтық жылдамдығы

10 см/с. (7 балл).

☼ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында жарияланған cөзжұмбақтың жауаптары

Материалды дайындаған Барчагүл Нүркенова,

энергетика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы

Көлденеңінен: 3. Дубна. 4. Планк. 9. Рейнуотер. 11. Квант. 12. Руска. 15. Пион. 16. Длина. 18. Реле. 19. Дирак. 20. Эсаки. 21. Раби. 22. Кюри. 23. Ғылым. 26. Шварц. 31. Ядро. 33. Штерн. 34. Дека. 35. Индий. 38. Милли. 39. Беккерель. 40. Гамма. 41. Яноши.

Тігінен: 1. Ауысу 2. Пашен. 5. Бинниг. 6. Нуклид. 7. Пауэлл 8. Экранирование. 10. Радиобио-логия. 13. Анти. 14. Трек. 16. Екі. 17. АЭС. 24. Атом. 25. Куш. 27. Вин. 28. Рад. 29. Гейгер. 30. Акти-но. 32. Джинс. 36. Ферми. 37. Глюон.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 29

«ХИМИЯ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Қымбатты балалар!

Мектеп бағдарламасындағы бір мағыналы емес пәндердің бірі –

химия. Ол бәріне бірдей ұнай бермейді, бұл ғылымның мәнін, тереңдігін

түсіну үшін, туа біткен қызығушылық, немесе білімнен туындаған

ерекше ақыл-ой жүйесі, немесе қызығушылық талап етіледі. Өзі

жақтырмайтын осы пәнді түсінбейтіндер мен ұнатпайтындарға не

істеу қажет? Оны оқуға себеп табу және оны жақсы көруді үйрену

маңызды болып табылады. Химияны қалай түсінуге болады? Ол

жеккөрушілік туғызбай, керісінше, қызықты және жеңіл оқылуы үшін

не істеу қажет? Біздің қазіргі өмірімізді өнеркәсіптік тауарларға ғана

емес, тағамдық өнімдерге де қосатын синтезделген заттарсыз көз

алдыңызға елестету қиын. Ғылымның негізін біле отырып, өзіңізді

табиғи емес қоспаларды тұтынудан қорғау үшін, ең болмағанда

әрекет жасауға болады.

Жақсы көрмейтін пәніңізді қызықты және қанағаттандыратын

пәндер қатарына ауыстырудың бірнеше жолдары бар:

– Химияны жақсы бастау маңызды. Яғни бірден оқу, тіпті

элементтер мен оның валенттіліктерін жаттап алу қажет. Себебі

одан кейінгі сабақтар қабатталып, оқушыны дағдарысқа ұшыратады.

– Жақсы оқытушы болуы, әсіресе өз пәнін жақсы көретін оқы-

тушы болуы өте маңызды. Әрине, оқытушыны таңдауға болмайды,

бірақ репетиторды шақыруға болады. Сондай-ақ оның қызметін шексіз

төлеу міндетті емес. Егер жақсы маман болса, оған осы пәнді сіздің жақсы көріп кетуіңіз үшін екі-үш сабақ

жүргізуі жеткілікті.

– Егер сіз репетитор шақыра алмайтын болсаңыз, онда пәнді оқу үшін өзіңізге әріптес табыңыз. Әрине ,

ол сізден жақсы білуі тиіс.

– Химияны қалай жоспарлы және жүйелі оқып үйренуге болады? Пәнді оқуды жоспарлаңыз. Өзіңіз үшін

кесте жасаңыз, ол сыныптастарыңызды қуып жетуге немесе пәнді толық игеруге көмектеседі.

– Міндетті түрде өзіңіз үшін «Қызықты химия» сияқты әдебиетті таңдап алыңыз. Пәнді жақсы түсіну

үшін жан-жақты зерделеу қажет. Сеніңіздер, бұл білім артық болмайды, ал оқуға жұмсалған уақыт босқа

кетпейді.

– Өзіңіз үшін сыйлық беру жүйесін ойлап табыңыз. Мысалы, әрбір оқыған тақырыптан соң, жатып дем

алу немесе жаңа фильм қарау (шоколад жеу, компьютерлік ойын ойнау).

– Зерделеу үрдісін бақылаңыз. Егер жоспарыңыз болса, ондағы қарастырылған тақырыптарды белгілеңіз.

– Жақсы әдістің бірі – өзіңізге қарағанда пәнді нашар білетін оқушыға мұғалім болу. Оған көмектесіңіз, өз

мысалыңызда химияны қалай оқу керек екендігін айтыңыз. Егер сіз қандай да бір бөлімді қарастырған

болсаңыз, барлығы түсінікті екенін сезсеңіз, мұны басқаларға түсіндіріп көріңіз.

Сонымен қатар химияны құлықсыз, қалай болса солай оқуға болмайды. Егер жас химик әртүрлі

заттарды ойланбай араластыра салса, не болады? Дұрыс ойлайсыз, жақсы нәрсе емес. Сондықтан пәнді оқу

кезінде ойыңызды жинақтап, қыр-сырын түсінуге тырысу керек.

Біздің мекенжайымыз: 070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, химия,

металлургия және байыту кафедрасы, тел.: 8-7232-540-911, электронды мекенжай: [email protected]

«ХИМИЯ» БӨЛІМІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІ

Металдардың электрохимиялық белсенділік қатары ....................................................................... 30 МҰРА

Бор Нильс-Хенрик-Давид .................................................................................................................... 32 ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

Шайтанның ісі. Калий цианидімен болған қылмысты оқиға. Алтын сақинаның құпиясы ............. 33 Жолы болмаған лаборант. Карбонат немесе карбаминат? ............................................................. 34 Азот үшін шайқас. Комплекс түзу парадокстері. Өшпейтін жалын.................................................. 35 Монооксидтің оттегіге «сүйіспеншілігі» .............................................................................................. 35

ХИМИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР Бурадан алынған шыны «маржандар» және химиялық талдау ...................................................... 36

БЕЛГІЛІ ЖАЙТТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ Йод және қалқанша без ....................................................................................................................... 38

АЛҒЫРЛАР ҮШІН «Сиқырлы сан 7» сөзжұмбағы ........................................................................................................... 40

КОНКУРС «Жас талап-KZ көшбасшысы» ............................................................................................................ 41

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында жарияланған есептердің жауаптары ........................... 41

Наталья Куленова,

техника ғылымдарының кандидаты,

химия, металлургия және байыту

кафедрасының меңгерушісі

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 30

¥ ОҚУ ҮРДІСІ

МЕТАЛДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАТАРЫ

Материалды дайындағандар: Наталья Серая,

химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту

кафедрасының аға оқытушысы

Металдардың электрохимиялық белсенділік қатары (кернеулік қатары, стандарттық электродтық потенциалдар қатары) – тізбектік қатар, мұнда металдар металл катионы тотықсыздануының Me

n+:Me

n++nē→Me жартылай реакциясына сәйкес келетін стандарттық

потенциалдарының φ0 өсу ретімен орналастырылған (1-кесте).

Металдардың стандарттық электрохимиялық потенциалдар қатары

Металл Кати-

он φ

0, В

Ме-

талл Катион φ

0, В

Ме-

талл

Кати-

он φ

0, В

Ме-

талл

Кати-

он φ

0, В

Li Li+ -3,040 Lu Lu

3+ -2,28 Pa Pa

3+ -1,34 Ge Ge

4+ +0,124

Cs Cs+ -3,026 Gd Gd

3+ -2,279 Ti Ti

3+ -1,208 Sb Sb

3+ +0,240

Rb Rb+ -2,98 Es Es

2+ -2,23 Yb Yb

3+ -1,205 Ge Ge

2+ +0,24

K K+ -2,931 Ac Ac

3+ -2,20 No No

3+ -1,20 Re Re

3+ +0,300

Ra Ra2+

-2,912 Dy Dy2+

-2,2 Ti Ti4+

-1,19 Bi Bi3+

+0,317

Ba Ba2+

-2,905 Pm Pm2+

-2,2 Mn Mn2+

-1,185 Cu Cu2+

+0,338

Fr Fr+ -2,92 Cf Cf

2+ -2,12 V V

2+ -1,175 Po Po

2+ +0,37

Sr Sr2+

-2,899 Sc Sc3+

-2,077 Nb Nb3+

-1,1 Тс Тс2+

+0,400

Ca Ca2+

-2,868 Am Am3+

-2,048 Nb Nb5+

-0,96 Ru Ru2+

+0,455

Eu Eu2+

-2,812 Cm Cm3+

-2,04 V V3+

-0,87 Cu Cu+ +0,522

Na Na+ -2,71 Pu Pu

3+ -2,031 Cr Cr

2+ -0,852 Te Te

4+ +0,568

Sm Sm2+

-2,68 Er Er2+

-2,0 Zn Zn2+

-0,763 Rh Rh+ +0,600

Md Md2+

-2,40 Pr Pr2+

-2,0 Cr Cr3+

-0,74 W W6+

+0,68

La La3+

-2,379 Eu Eu3+

-1,991 Ga Ga3+

-0,560 Tl Tl3+

+0,718

Y Y3+

-2,372 Lr Lr3+

-1,96 Ga Ga2+

-0,45 Rh Rh3+

+0,758

Mg Mg2+

-2,372 Cf Cf3+

-1,94 Fe Fe2+

-0,441 Po Po4+

+0,76

Ce Ce3+

-2,336 Es Es3+

-1,91 Cd Cd2+

-0,404 Hg Hg22+

+0,7973

Pr Pr3+

-2,353 Th Th4+

-1,899 In In3+

-0,3382 Ag Ag+ +0,799

Er Er3+

-2,331 Fm Fm3+

-1,89 Tl Tl+ -0,338 Pb Pb

4+ +0,80

Ho Ho3+

-2,33 Np Np3+

-1,856 Co Co2+

-0,28 Os Os2+

+0,850

Nd Nd3+

-2,323 Be Be2+

-1,847 In In+ -0,25 Hg Hg

2+ +0,851

Tm Tm3+

-2,319 U U3+

-1,798 Ni Ni2+

-0,234 Pt Pt2+

+0,963

Sm Sm3+

-2,304 Al Al3+

-1,700 Mo Mo3+

-0,2 Pd Pd2+

+0,98

Pm Pm3+

-2,30 Md Md3+

-1,65 Sn Sn2+

-0,141 Ir Ir3+

+1,156

Fm Fm2+

-2,30 Ti Ti2+

-1,63 Pb Pb2+

-0,126 Au Au3+

+1,498

Dy Dy3+

-2,295 Hf Hf4+

-1,55 H2 H+ 0 Au Au

+ +1,691

Tb Tb3+

-2,28 Zr Zr4+

-1,53 W W3+

+0,11

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 31

Кернеулік қатар металдардың сулы ерітінділерде жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы салыстырмалы түрдегі белсенділіктерін сипаттайды.

Электрохимиялық потенциалдардың мәндері көптеген айнымалылардың функциясы бо-лып табылады және сондықтан металдың периодтық жүйедегі орналасуына тәуелді болып табылады. Айталық, катиондардың тотықтыру потенциалдары металдың атомдану энер-гиясының өсуімен және оның катиондарының гидратталу энергиясының төмендеуімен өседі.

Периодтардың басында орналасқан металдар электрохимиялық потенциалдарының төмен мәндерімен сипатталатындығы және кернеулік қатардың сол жағында орналас-қандығы жалпы түрде түсінікті. Бұл жағдайда сілтілік және сілтілік жер металдардың кезектесуі диагональдық ұқсастық құбылысын көрсетеді. Периодтардың ортасына жақын орналасқан металдар потенциалдардың үлкен мәндерімен сипатталады және қатардың бірінші жартысында орналасады. Электрохимиялық потенциалдың біртіндеп өсуі (Eu

2+/Eu

жұбындағы −3,395 В-тен Au+/Au жұбындағы +1,691 В дейін) металдардың тотықсыздандыру

белсенділігінің төмендеуін (электрондар беру қасиеті) және олардың катиондарының тотықтыру қасиеттерінің (электрондар қосып алу қасиеті) күшейгенін көрсетеді. Демек, ең күшті тотықсыздандырғыш – металдық европий; ал ең күшті тотықтырғыш – алтынның катионы Au

+ болып табылады.

Кернеулік қатарға дәстүрлі түрде сутегін қосады, себебі металдардың электрохимиялық потенциалдарын іс-тәжірибелік өлшеу, стандарттық сутегі электродын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Іс-тәжірибе жүзінде кернеулік қатарды металдардың тұздар мен қышқылдардың сулы ерітінділерімен жүретін химиялық реакциялардағы химиялық белсенділігін салыстырмалы түрде бағалау үшін және электролиз кезіндегі катодтық және анодтық үрдістерді бағалау үшін пайдаланады:

– Сол жаққа қарай орналасқан металдар оң жаққа қарай орналасқан металдарға қарағанда күштірек тотықсыздандырғыш болып табылады: олар соңғыларын тұздардың ерітінділерінен ығыстырып шығарады. Мысалы, Zn + Cu

2+ → Zn

2+ + Cu әрекеттесуі тек тура

бағытта мүмкін болады. – Қатарда сутегіден сол жаққа қарай орналасқан металдар тотықтырғыш емес

қышқылдардың сулы ерітінділерімен әрекеттескен кезде, сутегіні ығыстырып шығарады; белсендірек металдар (алюминийді қоса алғанда) да сумен әрекеттескенде сутегіні ығыстырып шығарады.

– Қатарда сутегіден оңға қарай орналасқан металдар әдеттегі шарттарда тотықтырғыш емес, қышқылдармен әрекеттеспейді.

– Электролиз кезінде сутегіден оңға қарай орналасқан металдар катодта бөлініп

шығады; белсенділіктері орташа металдардың тотықсыздануы сутегі бөлу арқылы жүреді; белсенділіктері жоғары металдарды (алюминийге дейін) әдеттегі шарттарда тұздардың сулы ерітінділерінен бөліп алу мүмкін емес.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 32

¥ МҰРА

БОР НИЛЬС-ХЕНРИК-ДАВИД (7.10.1885 - 18.11.1962)

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

Дат физигі, Дат корольдігінің ғылыми қоғамының

мүшесі (1917 ж. бастап), 1939 ж. оның президенті Копен-гагенде туған. Копенгаген университетін бітірген (1908 ж.), 1911-1912 жж. ағылшын физигі Дж. Дж. Томсонның жетек-шілігімен Кембридж университетінің Кавендиш зертхана-сында, 1912-1913 жж. Манчестер университетінде Э. Ре-зерфордтың зертханасында жұмыс істеген. 1916 ж. бас-тап Копенгаген университетінің профессоры және соны-мен қоса 1920 ж. бастап өзі құрған Теориялық физика ин-ститутының директоры болған.

Бордың теориялық физикаға қатысты ғылыми жұмыс-тары, сонымен қатар химияны дамытуда жаңа бағыттың негізін қалады.

Сутегі атомының бірінші кванттық теориясын құрды (1913 ж.), онда:

– электрон ядроның айналасында кез келген емес, тек белгілі кванттық орбиталар бойынша айнала алатындығын көрсетті;

– орбиталардың орнықтылығының немесе атомның тұрақты күйінің математикалық сипаттамасын берді;

– атомның энергияны сәулелендіруі немесе сіңіруінің барлығы екі тұрақты күйдің арасындағы өтулермен байланысты және планктық кванттарды бөлу немесе сіңіру арқылы дискреттік жүретіндігін көрсетті;

– электронды сипаттау үшін негізгі кванттық сан ұғымын енгізді. Есептік мәндердің эмпирикалық мәндермен толық

сәйкес келетіндігін көрсетіп, сутегі атомының спектрін есептеді. Периодтық жүйедегі басқа элементтердің атом-дарының үлгісін тұрғызып (1913-1921 жж.), негізгі n және қосалқы / кванттық сандардың көмегімен олардағы элек-трондардың қозғалысын сипаттады. Элементтердің Пе-риодтық жүйесінің бірінші физикалық теориясының негі-зін қалады (1921 ж.), онда ядро зарядтарының өсу ба-рысы бойынша атомдардың электрондық конфигурация-сын құрастыра отырып, элементтер қасиеттерінің пе-риодтылығын байланыстырды. Периодтық жүйені негізгі және қосымша топтарға бөлуді негіздеді. Алғаш рет сирек жер элементтері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндірді.

Атомдық теория үшін маңызды сәйкестік принципін құрастырды (1918 ж.). Кванттық механиканы қалыптас-тыру мен түсіндіруге үлкен үлес қосты, атап айтқанда оны түсіну үшін үлкен маңызы бар толықтыру принципін ұсынды (1927 ж.). Ядролық физикаға маңызды үлес қосты. Құрылымдық ядро теориясын дамытты (1936 ж.), ядроның тамшылық үлгісін және ядролардың бөліну теориясын (1939 ж.) құрушылардың бірі болып табылады (1936 ж.), уран ядросының кенеттен өздігінен бөліну құбылысын болжап айтқан.

Физик-теоретиктердің үлкен мектебін құрды. Көптеген ғылым академияларының және ғылыми қоғамдардың мүшесі. ССРО ҒА шетелдік мүшесі (1929 ж. бастап). Физика бойынша Нобель сыйлығының иегері (1922 ж.).

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 33

¥ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР

Материалды дайындағандар: Наталья Серая,

химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және

байыту кафедрасының аға оқытушысы

Шайтанның ісі

ХVII ғасыр. Монастырь. Жас монахқа «скарлет» қызыл бояуын дайындау тапсырылады. Рецептіге сәйкес ол сынап нитратының сулы ерітіндісін Hg(NO3)2 алып, оған калий иодиді ерітіндісін KI құяды. Ерітінді алдымен қызыл, соңынан мөлдір түссіз түске енгенін монах көреді. Ешқандай «скарлет» қызыл тұнбасы түзілмейді. Болған оқиғаны «шайтанның ісі» деп түсінген монах, жұмысын тастап, құлшылық жасауға кіріседі.

Сынап иодидінің суда нашар еритін қызыл тұнбасы («скарлет» бояуы) келесі реакцияға сәйкес, реагенттердің қатаң стехиометриялық мөлшерін араластырғанда ғана түзіледі:

Hg(NO3)2 + 2KI = HgI2↓ + 2KNO3. Монах сынап нитратының ерітіндісі бар ыдысқа бірнеше синтезге есептелген калий

иодиді ерітіндісінің барлығын құйып жіберген болуы тиіс. Сондықтан алғашында түзілген сынап иодиді тұнбасы HgI2, калий тетраиодомеркуратының мөлдір ерітіндісін түзе отырып, бірден калий иодидінің артық мөлшерімен әрекеттескен

HgI2 + 2KI = K2[HgI4].

Калий цианидімен болған қылмысты оқиға

Бірде лаборант сейфтен өте күшті у – калий цианидін KCN алып шығады да, оның қақпағының жабылмағанын және оған тән әлсіз бадам иісінің жоқ екенін, ал банкінің ішіндегісінің көлемі біршама көбейгенін аңғарады. Жүргізілген талдау калий цианидінің мүлдем қалмағандығын көрсетеді.

Калий цианидінің жоғалуына «кінәлілер» атмосфералық ауада үнемі болатын көміртегі қос тотығы СО2 (көмір қышқыл газы) мен ылғал еді. Ашық банкідегі калий цианидінің кристалдары ұзақ уақыт ауамен қатынаста болған, гигроскоптық KCN ауадағы ылғалды сіңіріп, гидролизденеді:

KCN + H2O = HCN + KОН. Гидролиз өнімі – калий гидроксиді - СО2 –мен келесі реакцияға түсіп әрекеттеседі:

КОН + СО2 = КНСО3, ал жеңіл ұшатын циандысутек HCN газ түрінде бөлініп шыққан. КCN-ның ауамен әрекеттесуінің жалпы реакциясы:

KCN + Н2О + СO2 = KНСО3 + HCN↑. HCN-ның ауада біртіндеп тотыққанын

4HCN + 5О2 = 2Н2О + 4СО2↑ + 2N2↑ және өзінің уыттылығын жоғалтқанын есепке аламыз, ал ауадағы оттегі қалған калий цианидіне әсер етіп, оны баяу калий цианатына өткізген:

2KCN + O2 = 2KNCO. Егер ауа өте ылғалды болған болса, онда ылғалдың үлкен мөлшерінде цианид-ионда-

рындағы көміртегі-азот байланысының үзілуі себебінен тағы бір реакция жүріп, KCN + 2H2O = HCOOK + NH3↑

калий формиаты НСООK және аммиак NH3 түзілетін еді.

Алтын сақинаның құпиясы

Химиялық цехтағы жұмысшы әйелдің саусағынан алтын сақинасы шешіліп кетіп, натрий цианиді NaCN ерітіндісі құйылған аппаратқа түсіп кетеді. Оны бірден тауып алу мүмкін болмайды да, ал ертеңінде аппараттың ішінен алтын сақинаны таппайды. Ол қайда жоғалып кетті?

Алтын сулы ерітіндіде оттегінің қатысуымен натрий цианидімен әрекеттесіп, натрий дицианоауратына өтеді:

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 34

4Au + 8NaCN + 2H2O + О2 = 4Na[Au(CN)2] + 4NaOH. Натрий дицианоаураты – жақсы еритін түссіз кристалдық зат. Келтірілген реакция

сақинаның жоғалу себебі болып табылады. 1844 ж. орыс инженері Багратион осы реакцияны кедей кен орындарынан алтынды

бөліп алу үшін пайдалануды ұсынады. Алтыны бар тау жынысын ауамен үрлей отырып, NaCN сулы ерітіндісімен өңдеген кезде, Na[Au(CN)2] ерітіндісін алады, оған соңынан артық мөлшерде мырыш шаңын қосады:

2Na[Au(CN)2] + Zn= Na2[Zn(CN)4] + 2Au↓. Алтын мен мырыш қоспасынын тұратын шөгіндіні сұйытылған хлорлысутекті қышқылмен

жуып, мырышты мырыш хлоридіне өткізеді: Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2↑.

Ерітіндіні төгіп, жуғаннан кейін алынған шөгінді таза алтын болып табылады.

Жолы болмаған лаборант

Жұмысын жаңадан бастаған лаборанттың басынан бірқатар сәтсіз оқиғалар өтеді: ол кептіргіш шкафқа затты қойып, қыздырғышты іске қосады ... келіп, шкафты ашса, онда бос тостаған тұр, кептірілетін зат мүлдем болмаған сияқты. Тағы бірде ол, тұзды қайта крис-талдандыруға кіріседі, оны қайнап тұрған суға қоса бастайды, бар тұзды салса да қаныққан ерітінді ала алмайды. Ерітіндіні суыта бастайды, бірақ кристалдар тұнбаға түспейді. Әбден қажыған ол, ерітіндіні құрғағанша буландырады, нәтижесінде ... бос тостағанды көреді.

Кептіру шкафында қалдықсыз ыдырап кеткен зат – аммоний гидрокарбонаты NH4HCO3

болуы ықтимал, ол тіпті бөлме температурасында да ыдырап кетеді, ал оның барлық ыдырау өнімдері газ түрінде түзіледі:

NН4НСО3 = NH3↑ + Н2О↑ + СО2↑. Ыдырау үрдісі, әсіресе, ылғал болғанда және қыздыру кезінде жылдам жүреді. Қайта кристалдандыру мүмкін болмаған тұз – аммоний нитриті NH4NO2. Бұл заттың

судағы ерітіндісін қыздырғанда ыдырау жүреді: NH4NO2 = N2↑ + 2H2O↑.

Бұл реакцияны зертханада таза азот алу үшін пайдаланады. Бірақ қатты қызып кетпеуі және жарылыс бермеуі үшін, аммоний нитритіне аммоний хлоридін NH4Cl қосады.

Айтпақшы, қайнаған суда аммоний нитритінің газ түріндегі азотты бөле ыдырауы байқалмай жүруі мүмкін.

Карбонат немесе карбаминат?

Емтихан кезінде студентке «Аммиактың NH3 көміртегі қос тотығымен СО2 әрекеттесуі

кезінде қандай зат түзіледі?» деген сұрақ қойылады. Студент: «Реакция өнімі – аммоний карбонаты (NH4)2CO3», - деп жауап береді, алайда емтихан қабылдаушы жауапты дұрыс емес деп шешті. Неге?

Аммоний карбонаты тек аммиак пен көміртегі қос тотығының судың қатысуымен әрекеттесуі кезінде түзіледі:

2NH3 + CO2 + H2O = (NH4)2CO3. Құрғақ газдар өзара әрекеттескенде әдеттегі шарттарда аммоний карбаминатын – кар-

бамин қышқылы тұзын NH2COOH түзе реакцияласады: 2NH3 + СО2 = (NH2COO)NH4.

Егер бұл реакцияны жоғары температурада және үлкен қысымда жүргізсе, онда реакция өнімі карбамид (несепнәр) болады:

2NН3 + СО2 = (NН2)2СО + Н2О. Аммоний карбаминаты суда еріткен кезде аммоний карбонатына айналады:

(NH2COO)NH4 + Н2О = (NН4)2СO3. Аммоний карбонатының ұнтағы ауада ашық ыдыстарда тұрған кезде, біртіндеп аммиак

NH3 бөледі және аммоний гидрокарбонатына өтеді: (NH4)2CO3 = NH4HCO3 + NH3↑.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 35

Азот үшін шайқас

Түсініксіз шайқас: азотқа ие болу шайқасында көпшілік азшылықтан жеңіледі! Егер аммоний хлоридінің NH4C1 концентрленген сулы ерітіндісіне хлормен Сl2 әрекет

етсе, онда қышқыл ортада рН<4 мәнінде қыздырғанда немесе соққы болған кезде жарылыс беретін, сары майлы тамшылар түрінде бөлінетін үшхлор нитриді Cl3N түзіледі. Бейтарап ортаға жақын рН 5-8 мәндерінде, реакция өнімі – жеке түрде бөлінбеген және сутектік көрсеткіштің көрсетілген мәндерінде тек ерітіндіде болатын хлоримин NНСl2 заты болып табылады. Сілтілік ортада рН>8,5 болғанда, өткір иісті, түссіз майлы сұйықтық – хлорамин NH2Cl алынады.

Комплекс түзу парадокстері

«Тұз + қышқыл = жаңа тұз + жаңа қышқыл» түріндегі алмасу реакциялары, егер реакциялар нәтижесінде бастапқыға қарағанда әлсіздеу болатын жаңа қышқыл алынатын болса ғана соңына дейін жүреді. Әлсіз қышқылдың күшті негізді тұзынан ығыстырып шығаратынын елестете аласыз ба?

Бір қарағанда мұндай үрдістердің болуы мүмкін емес сияқты. Бірақ қышқылдық қасиеттері өте әлсіз бор қышқылы В(ОН)3 сілтілік металдардың фторидтерімен келесідегідей әрекеттеседі:

В(ОН)3 + 4KF = K[BF4] + 3КОН. Әрекеттесу нәтижесінде, шынымен де, күшті негіз – калий гидроксиді KОН түзіледі.

Бұның негізгі себебі, алдымен бор үшфториді BF3 түзіледі: B(OH)3 + 3KF = BF3

Ал содан соң, ерекше берік комплекс – калий тетрафторобораты K[BF4] түзіледі: BF3 + KF = K[BF4].

Өшпейтін жалын

СО2 (көмір қышқыл газы) ағынымен өшіруге болмайтын бірқатар заттар бар, алдымен олар қатты тотықтырғышы бар қоспалар: олар жануы үшін ауаның оттегісі қажет емес. Мысалы, қара дәрі (калий нитратының KNO3 күкірт пен көмірмен қоспасы) қатты тотық-тырғыш – калий нитраты есебінен жанады:

2KNO3 + S = SO2↑ + 2KNO2; 2KNO3 + С = CO2↑ + 2KNO2. Егер металдық магний (калий, цезий, алюминий, лантан және с.с) жанса, жалынды көмір

қос тотығымен өшіру мүмкін болмайды, мұның себебі басқа— бұл зат аталған металдардың жануына мүмкіндік жасайды:

2Mg + CO2 = 2MgO + C. Демек, егер сіздің жұмысыңыз белсенді металдармен байланысты болса, онда оларды

өшіру үшін құм немесе асбест көрпешесін дайындаңыз. Ал сіз бейметалдармен жұмыс жүргізсеңіз? Олардың кейбіреуі көміртегі қос тотығына

«бейжай» емес. Мысалы сутегі, егер үрдістің катализаторы – мыс тотығы СuО қатысатын болса, онда СО2-мен 200°С әрекеттесе бастайды:

СО2 + 4Н2= СН4↑ + 2Н2О. Сондай-ақ қыздырған кезде көміртегі қос тотығымен бор В, кремний Si, фосфор Р және

көміртегі С тотығады: 5СО2 + Р4 = Р4О10 + 5С,

CO2 + C = 2CO↑ т.б. Бірақ бұл реакциялар жалын түзе жанбайды, сонда да жүреді

Монооксидтің оттегіге «сүйіспеншілігі»

Ауада, қалыпты жағдайда, NO оттегіні жеңіл қосып алады: 2NO + O2 = 2NO2.

Бірақ 500 °С-тан жоғары температурада азот монооксиді азот пен оттегіге ыдырап, жылу түріндегі энергия бөледі. Сондықтан 900 °С-та жандырылған фосфор азот монооксидінде жануын жалғастырады, оттегіні қосып алады және азотты бөле отырып, фосфор тотығына айналады:

4P + 10NO = P4O10 + 5N2↑.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 36

¥ ХИМИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ

ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

БУРАДАН АЛЫНҒАН ШЫНЫ «МАРЖАНДАР»

ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

Металдарды жылдам аңғару

әдістерінің бірі бурадан алынатын шыны «маржандарды» түзуге негіз-делген. Кейбір металдар қоспа-ларын бурамен Na2B4O7 · 10H2O бірге балқытқан кезде, боялған шынылар түзіледі. Шынылардың түсі бойынша үлгіде қандай метал-дардың бар екендігін анықтауға болады. Қарапайым процедура, ал

алынған шыны маржандар әдемі болады, сондықтан қазіргі кезде бураның шыны маржандарын түзуі сапалық химиялық талдау үшін емес, қарапайым және әдемі химиялық тәжірибе ретінде пайдаланылады.

Тәжірибе үшін платина сымын алады, оның ұшына кішкене ілмекше (алынатын маржан-ның өлшеміндей) жасайды. Мысалы, ескі термопараның платина сымын пайдалануға болады. Егер платина жоқ болса, нихром сымын алады (нихромнан электрлік қыздыру аспаптарының шиыршықтарын жасайды, ол тапшы болмауы тиіс). Ілмекшені жандырғыш жалынында қыздырады (асхана плитасының конфоркасы жарайды, спиртшамды пайдалану-ға болады), содан соң ілмекшемен біраз бураны іліп алып, қайтадан жалынға ұстайды. Бура балқиды және мөлдір тамшы – шыны маржан түзеді. Бұл тамшыны мыс, кобальт, никель, хром немесе бірқатар басқа металдар тұздарының (кестені қараңыз) ерітіндісіне салады. Сондай-ақ қатты тұздың ұнтағын алуға да болады, оған балқыған маржанды абайлап тигізеді (ұнтақ жабысып, бірақ маржан суып қалмайтындай). Содан соң тамшыны қайтадан жалында қыздырады. Нәтижесінде, қандай металдың тұзын алғанымызға байланысты, шыны маржан әртүрлі түстерге боялады. Шыны маржанның түсі тотықтыру немесе тотықсыздандыру жалынында алынғанына, сонымен қатар шыны маржан ыстық немесе суып қалған болуына байланысты. Бояуының қарқындылығы және шыны маржанның түсіне ондағы металдың сапасы да әсер етеді.

Мысалы, кобальт – көк, мыс – көк, жасыл немесе қызыл, хром – меруерт жасыл түс, сары немесе қою қызыл түсті маржандар береді. Никель тұздарымен алынған маржандар жандырғыш жалынында қызыл қоңыр түске боялады да, суытқан соң алтын сары түске өзгереді (кестені қараңыз).

Бура маржандары әртүрлі металдар тұздарымен боялған натрий метаборатынан NaBO2 тұратын шынылар болып келеді. Шынында, ол – суытылған балқыма, әдеттегі силикаттық шыныға (бөтелке шынысы, терезе әйнегі және с.с.) ұқсас, айырмашылығы – біздің шыны силикаттық емес, бораттық, осыған сәйкес олардың балқу температуралары біршама төмен болады.

Маржандармен сынақтар келесі ретпен жүргізіледі: 1. Сымды тазартады. Сым жалынды боямауы тиіс. Сондықтан жұмыстың алдында оны

тұз қышқылына батырып алады және тотықтыру жалынында қатты қыздырады. Егер жалын әлі боялатын болса, онда операцияны қайталау қажет, кейде сымды енгізген кезде жалынның боялуы тоқтағанша бірнеше рет қайталайды.

2. Маржанды дайындау. Сымның бос ұшын тотықтыру жалынында қатты қыздырады және реактиві бар сауыттан сағат шынысына алдын ала салынған бураның біразын сыммен алады. Қатты қызған сымға жабысқан реактивті жалынға енгізеді. Қыздырған кезде маржан сымның бойымен жалыннан кері жаққа жылжиды; сондықтан оны кезекпен жалынның біресе бір жағынан, содан соң келесі жағынан қыздырады.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 37

3. Басында бура ісінеді, бірақ көп ұзамай тыныш балқи бастайды да, түссіз шыныға айналады. Бураны диаметрі 1,5 – 2 мм шыны маржан алғанша сымға қосып отырады. Маржан толық түссіз және мөлдір болуы тиіс.

4. Сынақты жүргізу. Заттық немесе сағат шынысына зерттелетін үлгінің ұнтағын саламыз, оған балқыған маржанды абайлап тигіземіз. Маржан суып қалмауы үшін жылдам әрекет жасаймыз, бірақ ұнтақты алған кезде, күрт қимылдамаймыз. Зерттелетін үлгі маржанға ең аз мөлшерде салынады (ұнтақтың бір ұсақ түйіршігі жеткілікті) және содан соң тотықтыру жалынына енгізіледі. Маржандағы үлгі балқиды және оны бояйды. Егер үлгі өте көп мөлшерде алынса, онда маржан аса қаныққан болады, ал оның түсі анық болмайды. Онда зерттеуді қайталау қажет.

5. Маржанның түсін қатты қыздыру кезінде, ыстық күйінде және оны суытқан соң бақылау қажет, себебі ол әртүрлі болуы мүмкін. Маржанды тотықтыру жалынында сынауды аяқтаған соң, маржанның бақыланған түстерін жазамыз. Содан соң, тотыққан маржан тотықсыздандырылады, ол үшін жалынның ішкі тотықсыздандыру бөлігінде ұсталады. Алдындағыдай тотықсызданған маржанның ыстық және суыған күйлеріндегі түстерін тіркеп жазамыз.

Бура маржандарының әртүрлі элементтермен боялуы

Элемент Тотықтыру жалынындағы түсі

Тотықсыздандыру жалынындағы түсі

Ыстық күйінде Суыған соң Ыстық күйінде Суыған соң

Хром Cr Сарыдан қою қызыл түске

дейін

Сары жасылдан жасылға дейін

Меруерт жасыл

Кобальт Co Қою көк

Мыс Cu Жасылдан қою жасылға

дейін

Көгілдірден жасылтым

көгілдірге дейін

Түссізден жасылға дейін

Мөлдір емес қызыл

Темір Fe Сарыдан қызылға дейін

Түссізден сарыға дейін

Ашық құба жасыл

Құба жасыл

Марганец Mn

Күлгін Қызыл күлгіннен

қараға дейін

Түссіз Түссізден ашық сарыға

дейін

Молибден Mo

Сарыдан қою қызылға

дейін

Түссіз Сарыдан қоңырға дейін

Қоңырдан қою қоңырға

дейін

Никель Ni Қызыл күлгін Қызылқұба Түссіз Сұрдан қабыршақ

түсіне дейін

Титан Ti Түссізден сарыға дейін

Түссіз Түссізден сарыға дейін

Сары қоңыр

Уран U Сарыдан қызылға дейін

Түссізден сарыға дейін

Қою жасыл

Ванадий V Түссізден ашық сарыға дейін

Жасылтым сары

Ашық құба Жасыл

Вольфрам W

Түссізден сарыға дейін

Түссіз Түссізден сарыға дейін

Сары қоңыр

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 38

¥ БЕЛГІЛІ ЖАЙТТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

ЙОД ЖӘНЕ ҚАЛҚАНША БЕЗ

Материалды дайындағандар: Наталья Серая,

химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және

байыту кафедрасының аға оқытушысы

Қалқанша без – ішкі секрецияның ең ірі бездерінің бірі, үлкен адамда оның салмағы 15-

20 г болады және ұзындығы 4 см, ені 2 – 2,5 см, мойнақпен жалғасқан екі бөліктен тұрады. Оның атауы қалқан пішінді болып келген өңеш шеміршегіне анатомиялық жақын орналасуына байланысты. Кей кезде қалқанша без шеміршек астында емес, мысалы, тілдің түбінде немесе төс сүйектің астында орналасуы мүмкін. Кейбір адамдарда ол мүлдем болмайды. Егер бұрын қалқанша безсіз туылған жас сәбилер ауыр халге душар болатын болса, қазір синтетикалық гормондық дәрі-дәрмектер қанда табиғи тиреоидтық гормондардың орнын толық баса алады.

Бездің міндеті – тиреоидтық гормондар: тироксин мен трийодтиронинді өндіріп шығару. Қалқанша без дұрыс жұмыс істеуі үшін йод өте қажет, себебі ол гормондардың құрамына кіреді: тироксинде йодтың төрт атомы, ал трийодтиронинде екі атомы бар.

Адам ағзасы йодты өзі синтездей алмайды, біз оны тек тағамдық өнімдерден аламыз. Егер тамақта йод жеткіліксіз болса не болады? Йодты көбірек алу үшін, қалқанша без өсе бастайды – тиреоидтық жасушалардың саны

мен көлемі өседі – зоб түзіледі. Осылайша ағза йодтың жеткіліксіз мөлшерін толтырады. Егер йодтың жетіспеушілігі ұзақ уақыт сақталса, онда без көлемінің өсуі йодты пайдалануды қалыпқа келтірмейді және йод тапшылығының белгілері пайда бола бастайды.

Тиреоидтық гормондар жасушаның өсуі мен дамуын, орталық және шет аймақтық жүйке жүйелерінің, бұлшық ет, ұрпақ жаңғыр-ту қызметі, сүйек, жүрек-тамыр, тыныс алу және ағзаның басқа жүйелерінің жұмысын реттейді. Ең бастысы, ақуызды синтездеу үрдістерін басқара алады.

Тиреоидтық гормондардың басқа да өте маңызды әсер етуі – митохондрияларда жасушалық және тіндік тыныс алуды жақсар-ту қабілеті. Сондықтан йодтың тапшылығы ауыр зардаптарға соқтырады: ақыл-ой қабі-летінің төмендеуі, селсоқтық және ұйқышыл-дық пайда болады, зат алмасу бұзылады. Қалқанша без мойынның алдыңғы бетінде, қалқанша шеміршектен сәл төмен орналас-қан. Ол пішіні бойынша көбелекке ұқсайды.

Адам бүкіл өмірінде бар-жоғы 3-5 г йодты тұтынады екен. Йод микроэлемент ретінде көптеген табиғи органикалық қосылыстардың

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 39

құрамына енеді немесе йодид-анион түрінде бейорганикалық тұздарда болады. Ағзаға түскен йодтың жалпы мөлшерінің 10-20 %-ын таңдамалы түрде қалқанша безі сіңіреді, онда йодтың 6000-8000 мкг шоғырланған. Қанда 500-600 мкг йод айналымда болады. Қалқанша без күн сайын 75 мкг йодты ағзаның қажеттілігіне жұмсайды. Тұтас ағзаның тәуліктік қажеттілігі адамның жасы мен денсаулығына байланысты 100-200 мкг йодты құрайды. Эндокринолог-дәрігерлер йодты тұтынудың келесі нормаларына кеңес береді:

– 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға - 90 мкг, – 7-ден 12 жасқа дейінгі балаларға - 120 мкг, – 12 жас және одан үлкендерге - 150 мкг, – жүкті және бала емізетін әйелдерге – 200 мкг, Демек, йодтың ең көп мөлшері жүкті әйелдерге қажет екен. Бұл таңғаларлық емес,

себебі баланың өсуіне тиреоидтық гормондар қажет. Іштегі баланың қалқанша безі жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап жұмыс істей бастайды, сондықтан алғашқы үш айда эмбрион тек қана анасының тиреоидтық гормондары есебінен дамиды. Егер ол жеткіліксіз болса, онда болашақ баланың бүкіл ағзасы және ең алдымен оның миы зардап шегеді. Сонымен қатар йодтың тапшылығы анасы үшін де қауіпті, себебі жүктілік кезінде ағзаның йодты тұтыну мөлшері өседі, яғни жүкті әйелдің тағамында оның жеткіліксіз болуы зобтың жылдам өсуіне әкеледі.

Қазақстанның теңіз жағалауларындағы тұрғындардан басқа барлық тұрғындар дерлік йодтың жеңіл, орташа және ауыр табиғи тапшы аудандарында тұрады. Бірақ бұл қалқанша без ауруы дамуының жалғыз себебі емес. Шаршыгүлділер тұқымдастарына жататын көкөністерде құрамында SCN-тобы бар органикалық қосылыстар: тиоцианаттар және изотиоцианаттар болады. Бұл тұқымдастарға ақ қауданды, брюссель және гүлді қырыққабат, брокколи, шалқан, ақжелкек және кресс-салат жатады. Тиоцианаттар мен изотиоцианаттар – зобтың дамуына мүмкіндік туғызатын заттар – зобтық гендер. Тағамдық зобтық гендердің басқа тобын құрамында тиоцианаттардың негізін құраушылары бар өнімдер құрайды. Оларға маниока, жүгері, тәтті картоп, бұршақтар, маис жатады. Зобтыгендік қасиеттіге көмір, тақтатастар, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар, химиялық тыңайтқыштар және пестициттер де ие. Тиоцианаттар темекіде де бар. Бұл өнімдердің бәрі де йодтың табиғи тапшылығын одан әрі шиеленістіріп, тиреоидтық гормондарды синтездеу үрдісін бұзады.

Йодтың жетіспейтін мөлшерін әртүрлі әдістермен толтыруға болады. Ең тиімді және үнемді әдіс – ас тұзы мен нанды йодтау. Алдын алудың бұл әдісі «мылқау» деп аталады: адам көбінесе тамаққа йодпен байытылған тағамдық өнімдерді пайдаланғанын білмейді. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа стандарт қабылданған, ол бір килограмм ас тұзына 40±15 мг йод қосуды қарастырады. Йодталған ас тұзын қолдану көптеген жағдайларда йодтың тапшылығын жоя алады. Бірақ өмірдің белгілі кезеңдерінде (балалық және жасөспірімдік шақтар, жүктілік, бала емізу кезеңдері) ағза йодтың физиологиялық мөлшерін үнемі қосымша қабылдауды қажет етеді. Мұндай жағдайларда калий иодидінің физиологиялық мөлшері бар дәрі-дәрмектерді тағайындайды, мысалы «Йодомарин», оның бір таблеткасында йодтың бір күндік мөлшері бар.

Йодтың мөлшерін басқа жолдармен қалыпқа келтіруге бола ма? Әрине болады, егер күн сайын тамаққа жапондықтар сияқты устрицалар, трепанг, кальмар, теңіз қырыққабаты және теңіз гребешоктарын тұтынатын болса. Олар күніне 1500 мкг дейін йодты тұтынады және зобпен ауырмайды. Біздің жағдайымызда ең тиімдісі, ауыр табиғи йод тапшылығы шарттарында өмір сүретін австриялықтар, швейцарлықтар, француздар сияқты, үнемі йодталған тұзды пайдалану және «Йодомарин» қабылдау.

Сіздерге мықты денсаулық тілейміз!

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 40

¥ АЛҒЫРЛАР ҮШІН

«СИҚЫРЛЫ САН "7"» СӨЗЖҰМБАҒЫ Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы

Білімқұмарлық – білімге бастайтын жол. Оқушыларды оқытудың

дәстүрлі емес формалары мен әдістерінің ішінде ойын түрінде оқыту үлкен маңызға ие болуда. В.А.Сухомлинский: «Ойын – білімқұмар-лық пен ізденгіштіктің отын жағушы ұшқын»,- деп жазған. Иә, тек ойын кезінде ғана бала белсенді ойланады, сезінеді және істі еркін жасайды.

Ойын бұрыннан белгілі және үйреншікті заттарға басқа көзбен қарауға, бұрын алған білімі мен ептілігіне сүйенуге көмектеседі. Біз балалардың бас қатырғыштар, ребустар, сөзжұмбақтар, чайнворд-тарды қағазға шешіп отырғандарын жиі байқаймыз.

Көптеген мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерінде білімді тексеруді ұйымдастырудың ойын түріндегі формаларын жүйелі түрде пайдаланады және мұның оқушылардың оқылатын материалға деген қызығушылығын арттыратындығын байқайды. Көптеген ойын түріндегі тапсырмаларды орындау, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды талап етеді, ол білімді өздігінен алудың тұрақты дағдысын қалыптастыруға әкеледі.

Балалардың сабаққа өздерінің сөзжұмбақтары мен бас қатырғыштарын әкелетіндігі өте қуанышты. Мұны жоспарлай алмайсың. Бұл – шығармашылық, білім алуға деген қызығу-шылықтың бір көрсеткіші. Және мұнда маңыздысы жай баға қою емес, қалған балаларға олардың жолдастарының не жасағанын көрсету қажет.

Әрбір санның жанындағы жеті бөліктердегі жеті әріп, сәйкес сұраққа жауап болатын сөзді құрайды.

1. Табиғи каучуктың және басқа да табиғи қосылыстардың мономері. 2. Молекулалардағы химиялық реакциялар кезінде бір химиялық қосылыстан келесі химиялық қосылысқа өзге-ріссіз өтетін атомдардың тұрақты тобы. 3. Ба-лауыз тәрізді ақ зат, қаныққан жоғарымолеку-лалық қатты көмірсутектердің қоспасы. 4. Ең бастысы, моторлық отындарды алуға, сонымен қатар өнеркәсіптің химиялық саласы үшін шикі-зат алу үшін мұнай мен оның фракцияларын өңдеу үрдісі. Жоғарымолекулярлық қосылыс. 6. Оттегінің қатысынсыз қыздырған кезде күр-делі органикалық заттардың ыдырау үрдісі. 7. Өзінің атымен аталған каталитикалық реак-цияны ашқан орыс химик-органигі. 8. Форму-ласы С4Н9ОН болатын заттың аты. 9. Тізбектік химиялық реакциялардың механизмін зертте-гені үшін 1956 ж. Нобель сыйлығы берілген Совет физигі және физикохимигі. 10. Көптеген ақуыздардың құрамына кіретін, ауыстыруға болмайтын амин қышқылы. 11. Д.И. Менде-леевтің периодтық жүйесінің VII тобының негізгі топшасындағы элементтің жалпы аты. 12. Жүзім қанты. 13. Құрамында 20 көміртегі атомы бар алкиннің аты 14. Бутадиен. 15. Д.И. Менделеевтің периодтық кестесіндегі бірінші химиялық элемент. 16. Төрт көміртек атомы бар моносахаридтер. 17. Жалпы формуласы (С5Н8)n, эфир майларына кіретін табиғи көмірсутектер. 18. Амин қышқылдары қалдықтарынан тұратын органикалық қосылыстар. 19. Күкірттің басқа химиялық элементпен қосылысы.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 41

☼КОНКУРС

Материалды дайындағандар: Наталья Серая,

химия ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және

байыту кафедрасының аға оқытушысы

І тур

1. 25 г 8% AlCl3 ерітіндісіне 25 г 8% натрий гидроксиді ерітіндісін қосады. Түзілген қалдықты сүзеді және қатты қыздырады. Оның салмағы мен құрамын анықтаңыз.

2. Хлорлысутек және күкірт қышқылы ерітінділерінің химиялық қасиеттерін салыс-

тырыңыз. Бұл қосылыстардың ортақ қасиеттері қалай байқалады және олардың принциптік айырмашылығы неде?

3. А, В, С заттарын үш мольден араластырады. 2А = В + С тепе-теңдігі орнаған соң,

жүйеде С затының 3,5 моль екендігі анықталады. Тепе-теңдік тұрақтысын анықтаңыз. 4. Мырыш сынамасын 20

0С-та тұз қышқылында еріту 27 минуттан соң аяқталады, ал

400С-та металдың осындай сынамасы 3 минутта ериді. Мырыштың осы сынамасы 55

0С-та

қанша уақытта ериді? 5. Келесі сұлбаға сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңыз:

2212 CuBrXXCuBr

Белгісіз заттарды анықтаңыз. Екі жағдайды қарастыру қажет: а) барлық реакциялар – алмасу рекциялары; б) барлық реакциялар – тотығу-тотықсыздану реакциялары.

¥ ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында жарияланған есептердің жауаптары

Химиялық ребустар (орыс тілінде)

1. Дистиллят. 2. Платина. 3. Йод. 4. Мочевина. 5. Окись. 6. Свинец. 7. Цинк. 8. Целлю-

лоза.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 42

«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Сәлеметсіздер ме біздің тұрақты

және жаңа оқырмандарымыз!

Сіздерді жаңа оқу жылдарыңызбен құттықтап,

жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен жеңіс-

тер тілейміз!

Сіздердің әрқайсыларыңыздың өміріңізге ақпа-

раттық технологиялардың әсер ететіндігі құпия

емес. Бағдарламалау мектеп оқушысының өміріне

ешқандай әсер етпейді деген қате қалыптасқан пікір

бар, себебі көп адамдар үшін бағдарламалау – бұл

информатика сабақтарында шешетін тапсырма-

лар. Ал, шындығында, бұл олай емес. Бағдарламалау

үшін бірінші сұрақты талқылап және оның мәнін

ұғу керек. Егер сіз тапсырманың мәнін ұғып, нақты

алгоритмді құра алсаңыз, сіз математика, физика

және химиядан кез келген есепті бағдарламалау

арқылы шеше аласыз.

«Жауаптар мен шешімдер» айдарында біз сіз-

дерге наурыз айында жарық көрген жоғары сынып

оқушылары арасындағы Республикалық олимпиада-

ның 3 тур есептерінің шешімін ұсынамыз. Біз сіздер

есептерді шешіп қойды деп үміттенеміз, енді өз шешімдеріңізді ұсынылған шешім-

дермен салыстырып көріңіздер. Бұл есептерді өз беттеріңізбен шешу – өздеріңіздің

жинақтаған білімдеріңізді қолдану мен қабілеттеріңізді бағалау мүмкіндігі.

Алдыңғылар сияқты сіздер де бұл олимпиадаларға қатыса аласыздар.

«Бағдарламашы клубы» айдарында Шерлок Холмстың электронды картотекасын

құруды жалғастырамыз. Бұл мақалада сіздерді құжатты құруға үйретіп, құжаттың

басты қасиеті – жүргізумен таныстырамыз. Сіздер сонымен қатар баспалық форма,

яғни құжаттың макетін құруды үйренесіздер.

Біздің мекенжайымыз: 070010, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, Д. Серікбаев

атындағы ШҚМТУ, ақпараттық жүйелер кафедрасы, тел.: 8 (7232) 54-03-56, элек-

тронды мекенжай: [email protected].

«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ БАҒДАРЛАМАШЫ КЛУБЫ

Шерлок Холмстың электронды картотекасына «Оқиғалар» құжатын әзірлеу ........................................................................ 43

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР Журналдың 2015 жылғы №1(24) санында жарияланған 2015 жылғы информатика пәні бойынша, 9-11 сынып оқушылары үшін, Республикалық олимпиаданың 3-ші кезеңі есептерінің шешімдері ............ 47

Лаура Сүлейменова,

ақпараттық жүйелер

кафедрасының аға оқытушысы

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 43

@БАҒДАРЛАМАШЫ КЛУБЫ

Материалды дайындағандар: Людмила Латкина, Лаура Сүлейменова

ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушылары

Алдыңғы сабақтарда біз күдіктілер мен олардың қылмыстары туралы деректерді сақтай-

тын бірнеше анықтамалар құрып, қолда бар ақпаратты басып шығаруды ұйымдастырған

болатынбыз. Болған оқиғалар туралы ақпаратты сипаттауға арналған құжатты құру уақыты

келді (1-сурет).

Кұжат конфигурация объектісіне тән ерекшелік – қолданушы жұмыс барысында өз

бетімен осы құрылымның жаңа объектілерін – жаңа құжаттарды құра алады.

Құжаттардың жай-күйі деректер базасының басқа барлық объектілерінің жай-күйінен

ерекшеленеді. Құжатта жүргізу мүмкіндігі бар. Құжатты жүргізу фактісі құжатта көрсетілген

оқиға есепке алудың жай-күйіне әсер етеді дегенді білдіреді. Құжат жүргізілгенге дейін есепке

алудың күйі өзгеріссіз болады және ол жай дайындама ғана болып табылады. Құжат

жүргізілген соң, есепке алуға енгізілген өзгерістер күшіне енеді және есепке алу мәртебесі

өзгеретін болады.

Құжат есепке алуға өзгеріс енгізетін болғандықтан, ол әрқашан уақыттың нақты бір

мезетіне «байланған». Бұл деректер қорында оқиғалардың нақты ретін көрсетуге мүмкіндік

береді.

Екі алдыңғы фактіден туындайтын тағы бір маңызды факт – «1С: Предприятие»

жүйесінде есепке алу күйінің дұрыстығын бақылау тетіктері бар. Мысалы, біз алдында

жүргізілген құжаттардың бірін өзгертіп және оны қайтадан «өткен күнмен» жүргіздік делік. Бұл

жағдайда «1С: Предприятие» жүйесі біз енгізген өзгерістер келесі жүргізілген құжаттарға әсер

ете ме, жоқ па екендігін тексеріп, егер әсер ететін болса, жүйе қажетті құжаттарды қайта

жүргізуге қабілетті.

Әрбір құжатта, әдетте, осы құжатты толығырақ сипаттайтын ақпараттар бар. Осындай

ақпараттар жиынтығы бір типтегі барлық құжаттар үшін бірдей және бұл сияқты ақпараттар

жиынтығын сипаттау үшін Құжат конфигурация объектісінің тәуелді конфигурация объектілері

болып табылатын реквизиттері қолданылады. Құжат конфигурация объектісінің реквизит-

терінің басым көпшілігін әзірлеуші өзі құрайды, бірақ әрбір Құжат конфигурация объектісінде

«үндемеу» бойынша екі жол болады: дата және құжат нөмірі. Дата деректер типі құрамында

дата мен секундқа дейінгі дәлдікпен уақыт бар болғандықтан, бұл реквизит негізінен

құжаттың уақыт осіндегі жағдайын айқындайды.

Сонымен қатар әрбір құжатта, әдетте, әртүрлі құжаттар үшін құрылымдары бірдей, бірақ

саны әртүрлі ақпараттар жиыны бар. Осындай ақпаратты сипаттау үшін Құжат конфигурация

объектісінің кестелік бөлігі қызмет етеді.

Құжаттың «визуализациялау» үшін бірнеше негізгі формалары бар: Құжат формасы; Бір

түрлі құжаттар тізімі формасы; Бір түрлі құжаттар тізімінен таңдау формасы.

Құжатты жүргізу фактісі мен оқиғалар осінде құжаттардың белсенді ағымдағы ретін

сақтау қажеттілігі құжаттарды жүргізудің екі түрлі жолын қалыптастырады: жедел және жедел

емес жүргізу.

Құжатты жедел жүргізу мен уақытты жедел белгілеу түсінігі байланысты. Уақытты жедел

белгілеу жүйе қалыптастыратын – Дата типті мән. Уақытты жедел белгілеу жүйемен құжатты

оперативті жүргізген сайын құрылады. Оның мәні ағымдағы уақыт пен соңғы құрылған

уақытты жедел белгілеу мәндеріне байланысты қалыптасады. Егер соңғы жедел белгілеу

ағымдағы уақыттан кіші болса, онда жаңа жедел белгілеу ретінде ағымдағы уақыт алынады.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 44

Егер соңғы жедел белгілеу ағымдағы уақытқа тең немесе үлкен болса, онда жаңа жедел

белгілеу ретінде бұрынғы ескі мәнінен бір секундқа үлкен мән алынады.

Сонымен, Құжат конфигурация объектісінде жедел жүргізу қасиеті орнатылса, онда

жүйенің әрекеттер реті төмендегідей болады: жаңа құжатты құрған уақытта жүйе ағымдағы

дата мен «нөлдік» уақытты орнататын болады.

Осындай құжатты жүргізу барысында (ағымдағы датамен), жүйе құжат датасы ретінде

уақытты жедел белгілеуді орнатады. Егер құжатты жүргізуді болдырмаса, одан кейін оны

қайтадан жүргізсе (датасын өзгертпей), жүйе құжатқа жаңа уақытты жедел белгілеуді

орнатады.

Егер құжатты қайта жүргізуге тырыссаңыз, онда құжатты жүргізу түрі туралы сұралады

(жедел немесе жедел емес). Жедел жүргізген жағдайда, жүйе жаңа уақытты жедел белгілеуді

орнатады, ал жедел емес жүргізгенде құжат уақыты өзгеріссіз сақталады. Ағымдағы датадан

өзгеше даталы жедел жүргізілетін құжатты жүргізген (қайта жүргізген) уақытта жедел жүргізу

мүмкін еместігі туралы хабарлама беріледі және құжатты жедел емес (яғни құжаттың

қолданыстағы датасы мен уақыты сақталып) жүргізу ұсынылады.

1-сурет

Құжат жаңа конфигурациясы объектісін құрайық. Құжаттың атауын – «Оқиғалар» деп

береміз. Объект редакторы терезесінде «Подсистемы» бетінде «Шерлок_документы» және

«Данные» ішкі жүйелерін көрсетеміз, «Данные» бетінде «Преступления_Преступников»

кестелік бөлімін құрамыз және оған сегіз реквизитті қосамыз:

«Кодировка» типі СправочникСсылка.Алфавитный,

«N» типі Жол, ұзындығы 2,

«Преступник» типі СправочникСсылка.СписокПодозреваемых,

«Состояние» типі ПеречислениеСсылка.Тип_состояния,

«Преступление» типі СправочникСсылка.СписокПреступлений,

«Город» типі СправочникСсылка.Города,

«Количество» типі Сан, ұзындығы 2, дәлдігі 0, оң сан,

«СтепеньОпасности» типі ПеречислениеСсылка.СтепеньОпасности.

«Құжат формасын» құру үшін «Свойства:Документ» терезесінде «представления» бөлімі-

нің енгізу өрісі жанындағы ұлғайтқышқа басамыз. Жүйе форма конструкторын шақырады.

Форма типін «Форма документа» деп көрсетіп, «Готово» батырмасына басамыз. Форма

редакторының терезесі ашылады, мұнда «Элементы» бетінде басқару элементтерін 2-

суретте көрсетілгендей етіп топтастырамыз.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 45

2-сурет

Форма модулінде төмендегідей коды бар «Преступления_ПреступниковПреступникПри-

Изменении» оқиғасының өңдеушісін құрамыз.

&НаКлиенте

Процедура Преступления_ПреступниковПреступникПриИзменении(Элемент)

тч=Элементы.Преступления_Преступников.ТекущиеДанные;

Эл=тч.Преступник;

тч.N=ПриИзмененииСервер(Эл);

тч.СтепеньОпасности=ПриИзмененииСервер2(Эл);

тч.Состояние=ПриИзмененииСервер3(Эл);

КонецПроцедуры

&НаСервере

Функция ПриИзмененииСервер(Эл)

номер=Эл.Код;

возврат номер;

КонецФункции

&НаСервере

Функция ПриИзмененииСервер2(Эл)

СтьОп=Эл.СтепеньОпасности;

возврат СтьОп;

КонецФункции

&НаСервере

Функция ПриИзмененииСервер3(Эл)

Сост=Эл.Состояние;

возврат Сост;

КонецФункции

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 46

Декорация1 басқару элементі үшін «Шерлок» суретін таңдап аламыз. «1С:Предприятие»

режімін іске қосып, нәтижені қараймыз (1-сурет).

Бар ақпаратты баспаға шығаратын уақыт та жетті. Ол үшін «Макет» конфигурация объек-

тісін қолданамыз. Конфигураторда «Оқиға» Құжат конфигурация объектісінің редактрлеу

терезесін ашамыз. «Макеты» бетіне өтіп, баспа конструкторын іске қосамыз. Автоматты

түрде құрылған кодты толықтырамыз.

ОбластьПодвал=Макет.ПолучитьОбласть("Подвал");

сумма=0;

ВставлятьРазделительСтраниц = Ложь;

Пока Выборка.Следующий() Цикл

Если ВставлятьРазделительСтраниц Тогда

ТабДок.ВывестиГоризонтальныйРазделительСтраниц();

КонецЕсли;

ТабДок.Вывести(ОбластьЗаголовок);

Шапка.Параметры.Заполнить(Выборка);

ТабДок.Вывести(Шапка, Выборка.Уровень());

ТабДок.Вывести(ОбластьПреступления_ПреступниковШапка);

ВыборкаПреступления_Преступников = Выбор-

ка.Преступления_Преступников.Выбрать();

Пока ВыборкаПреступления_Преступников.Следующий() Цикл

Сумма=Сумма+ВыборкаПреступления_Преступников.Количество;

ОбластьПреступле-

ния_Преступников.Параметры.Заполнить(ВыборкаПреступления_Преступников);

ТабДок.Вывести(ОбластьПреступления_Преступников, ВыборкаПреступле-

ния_Преступников.Уровень());

КонецЦикла;

ОбластьПодвал.Параметры.Количество1=Сумма;

ТабДок.Вывести(ОбластьПодвал);

«1С:Предприятие» режімінде нәтижені қараймыз (3-сурет).

3-сурет

Келесі сабақта біз құрған «ПреступленияИПреступники» жинақтау регистрін толық-

тырамыз. Ол деректер қорында әрі қарай талдауға ыңғайлы түрде ақпаратты жинақтауға

арналған деректер құрылымын құруға мүмкіндік береді.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 47

@ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР

Журналдың 2015 жылғы №1(24) санында жарияланған 2015 жылғы информатика пәні бойынша, 9-11 сынып оқушылары үшін,

Республикалық олимпиаданың 3-ші кезеңі есептерінің шешімдері

Материалды дайындағандар: Василий Никифоров,

ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры;

Лаура Сүлейменова, ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы

ІІ тур

D-есебі. Мұз айдыны Енгізу файлының аты: D. in Шығару файлының аты: D.out Уақыт шектеу: 2 seconds Жадыға шектеу: 64 megabytes Андрей мұз айдынында сырғанауды жақсы көргені соншалықты, қысқы демалыста оны

кез келген күні сол жерде кездестіруге болатын. Сондықтан оның достарының жаңа жылды мұз алаңында тойлау шешімін ол қуанышпен қарсы алды. Бірақ ата-аналары балаларына шарт қойды: егер олар ұзақ уақыт қалғылары келсе, әрқайсысы өзімен бірге қарындасын алып баруы керек.

Балалар мұз алаңында жұптасып билейді. Мұз айдынына N бала барады (Андреймен бірге), әрқайсысы өзімен бірге қарындасын алып келеді. Ұлдар тек қана қыздармен билегісі келеді. Қыздар да тек қана ұлдармен билеуді қалайды. Сонымен қатар қыздар өзінен биік ұлдармен ғана билегісі келеді. Соңғы шарт – жігіттердің ешқайсысы өзінің қарындасымен билегісі келмейді.

Берілген ұлдар мен қыздардың бойларына қарап, қанша барынша көп жұп құрастыруға болатынын табыңыз.

Енгізу файлының форматы Кіру файлдың бірінші жолында жалғыз N саны – ұлдар саны берілген. Келесі N жолдың

әрқайсысында екі бүтін сан – ұлдың бойы және оның қарындасының бойы берілген. Берілген сандардың барлығы 10

5 аспайды.

Шығару файлының форматы Шығу файлына тек бір сан шығарыңыз – есептің жауабы, яғни есептің шартын бұзбай

максимал қанша жұп мұз айдынына бір уақытта шыға алады. Мысалдар

D. in D. out

5 4 1 2

5 2 2 1 3 3

5 1

5 2 2 2

1 2 2 1 1 2

4 4

5 2 3 2

4 5 3 3 1 4

1 4

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 48

Ескерту N 500 – 30 % тест үшін. Шешімі. Бір есепті шешудің бірнеше алгоритмі болады, бірақ біз ең тиімдісін емес, түсі-

нікті және жақсарта түсуге болатын алгоритмді таңдадық. Мәліметтер md қыздар мен mm ұлдар үшін Nх4 массиві түрінде ресімделеді. Массивтің

құрылымы бірдей: 0 баған – ұлдың бойы; 1 баған – қыздың бойы; 2 баған – бастапқы жұптың нөмірі; 3 баған – қосымша, мұнда қыздар немесе ұлдардың таңдалғандығын (бірлік жазба арқы-

лы) белгілейміз. Сонымен, шешу алгоритміне келесі қадамдар кіреді: – ұлдар мен қыздардың бойы бойынша кему ретімен сұрыптау; – мүмкін болатын жұптарды іздеу. Мүмкін болатын жұптарды іздеу сұрыпталған массивте барлық ұлдарды таңдап көру

арқылы циклде ұйымдастырылған. Әрбір «ұл» үшін «қызды» таңдап көру циклі іске қосылып, төмендегі шарт тексеріледі:

if(mm[i][0]>md[j][1] && mm[i][2]!=md[j][2] && mm[i][3]==0 && md[j][3]==0) (ұлдың бойы қыздың бойынан ұзын) және (олар аға мен қарындас емес) және (олар әлі

жұпқа таңдалмаған). Егер шарт орындалатын болса, мүмкін болатын жұптардың саны (kol айнымалысы) бірге өседі.

Бағдарлама кодында монитор экранына аралық ақпаратты шығару бар, оларды N мәні үлкен болған жағдайда өшіріп қоюға болады.

Бағдарламаның бастапқы коды: #include "stdafx.h" #include "stdlib.h" #include "iostream" #include "fstream" using namespace std; int main() { setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы ifstream vodf; ofstream zapf; int n=0,i,j,c,kol=0; int mm[100][4], md[100][4]; vodf.open("D.IN",ios::in); zapf.open("D.OUT",ios::out); vodf>>n; cout<<"n="<<n<<endl; for (i = 0; i < n; i++) { vodf>>mm[i][0]>>mm[i][1]; md[i][0] = mm[i][0]; md[i][1] = mm[i][1]; mm[i][2] = md[i][2] = i; mm[i][3] = md[i][3] = 0; } cout<<"Исходный массив"<<endl; for (i = 0; i < n; i++) cout<<mm[i][0]<<"\t"<<mm[i][1]<<"\t"<<mm[i][2]<<"\t"<<mm[i][3]<<endl; //Сортировка массивов мальчиков и девочек в убывающем порядке for(i=0;i<n-1;i++) for(j=i+1;j<n;j++) if (mm[i][0]<mm[j][0])

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 49

{ c=mm[i][0];mm[i][0]=mm[j][0];mm[j][0]=c; c=mm[i][1];mm[i][1]=mm[j][1];mm[j][1]=c; c=mm[i][2];mm[i][2]=mm[j][2];mm[j][2]=c; c=mm[i][3];mm[i][3]=mm[j][3];mm[j][3]=c; } cout<<"Массив мальчиков после сортировки"<<endl; for (i = 0; i < n; i++) cout<<mm[i][0]<<"\t"<<mm[i][1]<<"\t"<<mm[i][2]<<"\t"<<mm[i][3]<<endl; for(i=0;i<n-1;i++) for(j=i+1;j<n;j++) if (md[i][1]<md[j][1]) { c=md[i][0];md[i][0]=md[j][0];md[j][0]=c; c=md[i][1];md[i][1]=md[j][1];md[j][1]=c; c=md[i][2];md[i][2]=md[j][2];md[j][2]=c; c=md[i][3];md[i][3]=md[j][3];md[j][3]=c; } cout<<"Массив девочек после сортировки"<<endl; for (i = 0; i < n; i++) cout<<md[i][0]<<"\t"<<md[i][1]<<"\t"<<md[i][2]<<"\t"<<md[i][3]<<endl; cout<<"Поиск возможных пар катания"<<endl; kol=0; for(i=0;i<n;i++) for(j=0;j<n;j++) if(mm[i][0]>md[j][1] && mm[i][2]!=md[j][2] && mm[i][3]==0 && md[j][3]==0) { kol++; mm[i][3] = 1; md[j][3] = 1; cout<<mm[i][0]<<"\t"<<mm[i][2]<<" - \t"<<md[j][1]<<"\t"<<md[j][2]<<endl; } cout<<"Количество возможных пар катания = "<<kol<<endl; zapf<<kol; vodf.close(); zapf.close(); system("PAUSE"); return 0; } Работа программы: n=5 Исходный массив 1 2 0 0 5 2 1 0 2 1 2 0 3 3 3 0 5 1 4 0 Массив мальчиков после сортировки 5 2 1 0 5 1 4 0 3 3 3 0 2 1 2 0 1 2 0 0 Массив девочек после сортировки 3 3 3 0 5 2 1 0 1 2 0 0 2 1 2 0 5 1 4 0

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 50

Поиск возможных пар катания 5 1 - 3 3 5 4 - 2 1 3 3 - 2 0 2 2 - 1 4 Мүмкін жұптар саны = 4 Жалғастыру үшін кез келген пернені басыңыз ...

Е-есебі. Үшбұрыштар

Енгізу файлының аты: Е. in Шығару файлының аты: Е .out Уақыт шектеу: 2 seconds Жадыға шектеу: 64 megabytes

Ауданы √ -қа тең және де жақтары бүтін санға тең әртүрлі үшбұрыштардың санын

табыңыздар. Үшбұрыштың ауданы үшін Герон формуласы: ,cpbpapp мұндағы

; а, b, с – үшбұрыш қабаттарының үзындықтары.

Енгізу файлының форматы Берілгеннің бірінші жолында бір бүтін сан 1 ≤ Т ≤4 – тестілердің саны берілген. Келесі Т

жолда бір бүтін саннан 1 ≤ S ≤ 1018

берілген. Шығару файлының форматы Т жолға әр тестінің жауабын шығарыңыз. Мысалдар

Е. in E.out

3 1 8 0 13 0 60

Ескерту S ≤ 100 – 10% тест үшін S ≤ 1000 – 20% тест үшін S ≤ 10

е – 30% тест үшін

S ≤ 109 – 40% тест үшін

S ≤ 1012

– 50% тест үшін

Шешімі. Бұл есепті шешудің бірнеше алгоритмі бар, мысалы: үшбұрыштың ауданын және оның бір қабырғасын біле отыра, үшбұрыштың биіктігін табуға болады. Үшбұрыштың биіктігін білетін қабырғаға қатысты (солға немесе оңға) жылжыту арқылы есептің шартын қанағаттан-дыратын басқа екі қабырғасын табуға болады.

Авторлар бұл қарапайым сияқты есепті шешудің бірнеше әртүрлі алгоритмдерін зерттегенін айта кеткен жөн. Бірақ ұсынылған алгоритмдердің ешқайсысы S-тің 1000 үлкен мәнін 2 секунд ішінде өңдеуге мүмкіндік бермеді, есепте берілген 1 ≤S ≤ 10

18 есеп шартын

айтпағанда. Және әсіресе тестілер санын берудің қажеті не? Кейде олимпиада есептерін әзірлеушілер есеп шешіміне қойылатын талаптарды басқа есептерден көшіріп алатындай болып көрінеді.

Біз тек бір тестілік есепке ғана арналған үш циклдің көмегімен үшбұрыш қабырғаларын таңдап көру және үшбұрыштың ауданы үшін Герон формуласына сәйкестікті тексеру шарты бар алгоритм таңдадық. Ұсынылған алгоритмді цикл жұмыстарын аяқтау шарттарын анықтау арқылы жетілдіруге болады.

Бағдарламаның бастапқы коды #include "stdafx.h" #include "stdlib.h"

#include "iostream" #include "fstream" #include "math.h" using namespace std;

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 51

int main() { setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы ifstream vodf; ofstream zapf; long i,j,k,n,kol=0,pp; double p; vodf.open("E.IN",ios::in); zapf.open("E.OUT",ios::out); vodf>>n; cout<<"n="<<n<<endl;

kol=0; if (n<200) pp = n; else pp = sqrt(n); cout<<"pp="<<pp<<endl; for (i=1;i<=pp;i++) for (j=i;j<=pp;j++) for (k=j;k<=pp;k++) { p=(i+j+k)/2.0; if(p*(p-i)*(p-j)*(p-k) ==n)

{ kol++; cout<<kol<<" "<<i<<" - "<<j<<" - "<<k<<" p="<<p<<" "<<p*(p-i)*(p-j)*(p-k)<<endl; } } cout<<"kol="<<kol<<endl; zapf<<kol; vodf.close(); zapf.close();

system("PAUSE"); return 0; } Работа программы: n=180 pp=180 1 4 - 7 - 7 p=9 180 2 4 - 7 - 9 p=10 180 kol=2 Для продолжения нажмите любую клавишу . . .

Ғ есебі. Жануарлар баспанасы

Енгізу файлының аты: F. in Шығару файлының аты: F.out Уақыт шектеу: 2 seconds Жадыға шектеу: 64 megabytes

Animal-Planet-те жануарларға арналған жаңа ғимарат салынды. Бұл ғимарат N тізбекті кіреберістен түрады. Әр кіреберіс қанша қабаттан тұратыны белгілі. Әр кіреберістің әр қабатында нақты бір пәтер орналасқан. Әр кіреберісте қабаттар саны әртүрлі болуы мүмкін.

Мадиярдың жануарларының кейбіреулері К қабатынан төмен өмір сүре алмайды. Мадияр өзінің болашақ пәтері ретінде, бірнеше тізбекті кіреберістерінде К қабатынан төмен емес, бірнеше бірдей қабаттарын сатып алғысы келеді. Сонымен бірге ол таңдалған әр кіреберісте бірдей пәтерлер санын сатып алу керек және ол пәтерлер бірдей қабаттарда орналасуы керек. Нәтижесінде барлық сатып алынған пәтерлер X×Ү тіктөртбұрышты қалыптастыру керек, бұл жерде X – таңдалған кіреберістер саны, aл Ү – әр кіреберісте сатып алынған пәтерлердің саны. Таңдалған пәтердің елшемі деп осы тіктөртбұрыштың ауданын айтамыз.

Мадиярға оны қанағаттандыратын пәтерлердің арасынан ең үлкен өлшемін табуды сұрайды.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 52

Енгізу файлының форматы Енгізу деректерінің бірінші жолында екі оң бүтін сандар N және К (1≤ N≤10

5, 1≤К≤10

9)

беріледі. Келесі жолда N натурал сандар – i-ші сан – i кіреберістегі қабаттар саны беріледі. Қабаттар саны 10

9 аспайды.

Шығару файлының форматы Бір санды – есептің жауабын шығарыңыз. Мысалдар

Ғ. in Ғ. out

4 2 3 4 13

4

Ескерту 1 ≤N ≤ 1000 – 40% тест үшін.

Шешімі. Есепті шешу үшін mm матрицасын құрамыз, оның көмегімен ғимарат туралы кіріс мәліметтерді «Ғимарат матрицасы» түрінде көрсетеміз – бағандар ғимараттың кіреберіс-теріне, ал «1» – кіреберісте пәтерлердің бар екендігіне сәйкес келеді (бағдарлама жұмысы-ның баспасына қараңыз – Матрица здания). Шешу алгоритмі ғимарат матрицасында баған-дарды солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай таңдап көру және ауданы бойынша пәтерлердің, k қабатынан төмен емес, ең үлкен тіктөртбұрышын іздеуге негізделген. Мысалы, i=0 кіреберісі үшін екінші қабатта (k=2) екі пәтер i=0 kol=2 және үшінші қабатта тағы екі пәтер бар i=0 kol=4. Одан әрі i=1 кіреберісін зерттейміз және пәтерлер саны 3-ке тең екенін табамыз әрі олардың барлығы бір кіреберісте орналасқан. i=2 кіреберісі қарастырылмайды – берілген k қабаттан төмен орналасқан барлық пәтерлер қарастырылмайды. Және т.с.с. тіктөртбұрыш құрайтын және 2-қабаттан жоғары орналасқан пәтерлер саны – 8. Бұл – есептің шешімі болып табылады.

Бағдарламаның бастапқы коды: #include "stdafx.h" #include "stdlib.h"

#include "iostream" #include "fstream"

using namespace std;

int main() { setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы ifstream vodf; ofstream zapf; int n,k,kol,max,i,j,x,y,hm,kn; int mm[100][100]; int mp[100]; vodf.open("F.IN",ios::in); zapf.open("F.OUT",ios::out); vodf>>n; vodf>>k; cout<<"n="<<n<<" k="<<k<<endl; hm=0;

for (i = 0; i < n; i++) { vodf>>mp[i]; if(mp[i]>hm) hm=mp[i]; //находим самый высокий подъезд } cout<<"hm="<<hm<<endl; cout<<"Исходный массив"<<endl; for (i = 0; i < n; i++) { cout<<mp[i]<<" "; for (j=0;j<hm;j++) if(j<mp[i]) mm[i][j]=1;else mm[i][j]=0; //формируем матрицу здания } cout<<endl; cout<<"Матрица здания:"<<endl;

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 53

for(j = hm-1;j>=0;j--) { for(i=0;i<n;i++) cout<<mm[i][j]<<" "; cout<<endl; } max=0;kol=0; // поиск мах прямоугольника - анализ всех квартир подъезда вправо и вверх for(i=0; i<n; i++) { kol=0;

for (y=k-1; y<mp[i] ;y++) { kn=0; for (x=i;x<n;x++) { if(mm[x][y]==1 && mm[x][y-1]==1) kn++; else break; //подсчет кол-во квартир вправо } kol=kn*(y-(k-2)); //площадь прямоугольника с учетом вверх if(kol>max) max=kol; cout<<"i="<<i<<" kol="<<kol<<endl;

} } cout<<"max = "<<max<<endl; zapf<<max; vodf.close(); zapf.close(); system("PAUSE"); return 0; }

Работа программы: n=6 k=2 hm=6 Исходный массив 3 4 1 3 5 6 Матрица здания: 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 1 1 0 1 0 0 1 1 1 1 0 1 1 1 1 1 0 1 1 1 1 1 1 1 1 1 i=0 kol=2 i=0 kol=4 i=1 kol=1 i=1 kol=2 i=1 kol=3 i=3 kol=3

i=3 kol=6 i=4 kol=2 i=4 kol=4 i=4 kol=6 i=4 kol=8 i=5 kol=1 i=5 kol=2 i=5 kol=3 i=5 kol=4 i=5 kol=5 max = 8 Жалғастыру үшін кез келген пернені басыңыз ...

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

54

«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Құрметті жоғарғы сынып оқушылары!

География – кішкентай балалық қызығушылық-

тан, оқымысты ғалымға дейін – барлығы зерттей-

тін ғылым. Бұл – ең ертедегі білім саласы. Оның түп

тамыры, мысалы физика, химия, биология және

басқа да ғылымдарға қарағанда, сонау ерте ғасыр-

лардан басталады. География жер шарының үстін

адамдардың және жануарлардың, өсімдіктердің өмір

сүру ортасы ретінде зерттейді. Ол жанды және

жансыз табиғатты, адамзат қоғамының оған деген

қатынасын, сондай-ақ табиғат ресурсын қалай

пайдаланатындығын қарастырады. География гео-

графиялық ортаның қоғам дамуына және оны

түрлендіруші адамзат әрекетінің рөлін ашады.

Не үшін географияның рөлі біздің заманымызда

соншалықты маңызды бола түсті және соншалық-

ты тез өзгереді? Иә, өйткені әлем өте елеулі және

қарқынды өзгеруде, сондықтан да, оның біраз бұрын

ғана қандай болғандығын елестетудің өзі қиын. Біздің

заманымызда географияны адамзатсыз, оған қамқор-

лықсыз және адамзаттың әрекетінсіз елестету

мүмкін емес. Бүгінгі география – бұл табиғат пен

қоғамдық үрдіс және құбылыстың өзара қатынасын түсіну, онан да маңыздысы –

оларды болжай білу. Қазіргі заманғы географиялық зерттеу барысында ғалымдар

ертеден белгілі аймақтарда жаңа, тіпті кей уақыттарда қайран қаларлық ғажайып

жаңалықтар ашуда. Бірақ бұл – жаңа нысандарды табу емес, тек қана табиғаттағы

және қоғамдағы географиялық заңдылықтарды ашу.

Біздің журналдан сіздер көптеген танымдық және қызықты материалдарды таба

аласыздар, бұл сіздерге қазіргі заманғы адамдар үшін онсыз мүлде болмайтын

географияға жақсы қатынаста болуларыңызға және білім алуларыңызға көмектеседі

деп сенеміз.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды және тілектеріңізді келесі мекенжайға

жолдауларыңызға болады:

070010, Өскемен қ. Серікбаев көшесі 19, ШҚМТУ, Г-1-136,

8(7232)540-285 [email protected] (география),

8(7232)540-776 [email protected] (астрономия).

«ГЕОГРАФИЯ» БӨЛІМІНДЕ

БІЗДІҢ ОҚУ ҮРДІСІ География бойынша күрделі тапсырмаларды шешу мысалдары ............... 55 Олимпиадаға дайындаламыз ....................................................................... 56

МҰРА Көрнекті картограф – Герард Меркатор ....................................................... 59

ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ .................................................................................. 60 КОНКУРС

«Жас талап-KZ көшбасшысы»...................................................................... 62

Алёна Логиновская,

география ғылымдарының

кандидаты, геодезия,

картография және кадастр кафедрасының аға оқытушысы

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 55

ОҚУ ҮРДІСІ

ГЕОГРАФИЯ БОЙЫНША КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ МЫСАЛДАРЫ

Материалды дайындағандар: Алёна Логиновская, география ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының аға оқытушысы;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті

1-тапсырма. 1-ші кестеде келтірілген мәліметтерді пайдаланып, Алжир, Чили немесе

Италия мемлекеттерінің қайсысында өлім-жітім көрсеткіші 1 мың тұрғынға есептегенде ең көп екендігін анықтаңыз. Өз жауабыңызды дәлелдеу үшін, қажетті сандық мәліметтерді (есептелінген) немесе талдауыңызды жазыңыз. Аталған мемлекетте неліктен өлім-жітім көрсеткішінің көп екендігін түсіндіріңіз.

1-кесте Алжир, Чили және Италияның демографиялық көрсеткіштері

Алжир Чили Италия

Тұрғындардың жалпы саны, млн адам. 33,3 16,3 58,1

15 жасқа дейінгі тұрғындардың үлесі, % 35 25 14

65 жастан асқан тұрғындардың үлесі, % 5 8 19

Туу көрсеткіші, ‰ 17,1 15,0 8,5

Табиғи өсуі, ‰ 12,1 9,1 -2,0

Өмірдің болжалды ұзақтығы, жас 73,5 76,9 80,0

Қалалық тұрғындардың үлесі, % 49 87 90

Шешімі. Алдымен әрбір мемлекет үшін өлім-жітім көрсеткішін есептеу қажет. Бұл үшін негізгі

формуладан ізделініп отырған шаманы шығарамыз:

Кс (Алжир) 17,1 – 12,1 = 5, Кс (Чили) = 15 – 9,1 = 5,9, Кс (Италия) = 8,5 – (-2,0) = 8,5 + 2 = 10,5. Осыдан, өлім-жітімнің ең үлкен көрсеткіші Италия үшін сипатталғанын көруге болады.

Себебі: Италияның жас құрылымында 65 жастан асқан адамдардың үлесі ең көп. 2-тапсырма. 2-ші кестеде келтірілген мәліметтерді пайдаланып, А, Б және В

мемлекеттерінің қайсысында тұрғындардың жас құрылымы бойынша егде жастағы адамдардың үлесі ең көп екендігін анықтаңыз. Өз жауабыңызды дәлелдеу үшін, қажетті сандық мәліметтерді немесе талдауыңызды жазыңыз. Аталған мемлекет тұрғындарындағы егде жастағы адамдардың үлесінің неге жоғары болғандығының себебін көрсетіңіз.

2-кесте

А, Б және В мемлекеттерінің демографиялық көрсеткіштері

А мемлекеті Б мемлекеті В мемлекеті

Тұрғындардың жалпы саны, млн адам 8,0 149,0 38,0

15 жасқа дейінгі тұрғындардың саны, млн адам 1,3 49,2 16,7

65 жастан асқан тұрғындардың саны, млн адам 1,2 7,5 1,5

Туу көрсеткіші, ‰ 9 27 41

Табиғи өсу, ‰ 9 8 14

Өмірдің болжалды ұзақтығы, жас 80 62 50

Қалалық тұрғындардың саны, % 67 24 23

Тұрғындардың орташа тығыздығы, адам/км² 99 1035 14

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

56

Шешімі.

1. Мемлекет тұрғындарының жалпы санындағы 65 жастан асқан тұрғындардың үлесін (Д)

есептеу керек:

Д (А мемлекеті) = 1,2/8,0 = 0,15,

Д (Б мемлекеті) = 7,5/149,0 = 0,05,

Д (В мемлекеті) = 1,5/38,0 = 0,04.

Алынған мәліметтерді пропорция әдісі көмегімен де есептеуге болады. Нәтиже пайызбен

алынады: А мемлекеті – 15 %, Б мемлекеті – 5 % және В мемлекеті – 4 %.

Осыдан, жасы егде адамдардың ең көп үлесі А мемлекетінде екендігін көруге болады.

2. Себебі: А мемлекетіндегі туу көрсеткішінің төмендігі, сонымен қатар аталған елдегі

орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарылығы.

Әдебиеттер

1. Аксенова, М.Ю. Единый государственный экзамен. География. Решение демографи-

ческих задач [Текст]: Методические рекомендации в помощь учителям географии / М.Ю. Ак-

сенова, Е.В. Храмова; Под ред. В.В. Зарубиной. - Ульяновск: УИПКПРО, 2010. - 15 с.

2. Решение трудных задач ЕГЭ по географии [Текст]: Методические рекомендации в по-

мощь учителям географии /Авт.-сост.: М.Ю. Аксенова, Е.В. Храмова. – Ульяновск: УИПКПРО,

2009. - 54 с. с.

3. Статистика в курсе экономической и социальной географии [Текст]: Методические ре-

комендации в помощь учителям географии / Авт.-сост.: Аксенова М.Ю., Храмова Е.В.; Под

ред. В.В. Зарубиной. - Ульяновск: УИПКПРО, 2010. - 20 с.

ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАЛАМЫЗ

Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,

экономикалық теория және нарық кафедрасының доценті;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті

Тапсырма

География бойынша аймақтық олимпиада үшін

(Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, мамыр 2015 ж.)

1-тапсырма. Ерте заманда Жер қабықтары: гидросфера, литосфера, биосфера, атмосфера қалыптасты. Олар қандай реттілікпен қалыптасты? Осы реттілікті түсіндіріңіз.

Жауабы: литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Алдымен (шамамен 4 млрд жыл бұрын) протопланеталық заттардан Жердің ішкі және сыртқы ядросы (өзегі) және астеносфера (мантия) қалыптасты және ол біртіндеп суынып, ерте палеозойда жердің қыртысы қалыптасқан (Жердің қатты қабығы). Жоғарғы палеозойда гидросфера жанартаулардың жаппай атқылауларынан қалыптаса бастайды, бұнда көп мөлшерде су буы шығарылады және ол біртіндеп сұйықталу жағдайында Жер бетіндегі бірінші су айдынын түзеді. Шамамен осы уақытта Жер қойнауынан көп мөлшердегі әртүрлі газдардың бөлініп шығуымен, олардың сумен әрекеттесуі барысында оттегінің молекуласын босата бастауы есебінен атмосфера қалыптасады. Жерде судың пайда болуымен биосфера – белокты заттардың қабығы және жанды организм қалыптаса бастайды.

2-тапсырма. Төменде келтірілген нысандар тізілімінен Оңтүстік жартышардағыларын

таңдаңыз: Брахмапутра, Луалаба, Стип-Поинт, Винсон, Ла-Плата, Атабаска, Гиндукуш, Мон-блан, Дарфур, Арнемленд, Эребус, Рорайма, Мерчисон, Демавенд, Намиб, Маракайбо, Мит-челл, Танганьика, Попокатепетль, Гальинас. Оларды кестеде топтар бойынша бөліңіздер.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 57

Жауабы:

Жер бедерінің пішіні Нысандардың географиялық орналасуы

Гидросфера нысандары

Винсон Ла-Плата Гиндукуш Монблан Намиб Попокатепетль Дарфур Эребус Рорайма Демавенд Митчелл

Стип-Поинт Арнемленд Мерчисон Гальинас

Луалаба Брахмапутра Атабаска Маракайбо Танганьика

3-тапсырма. Егер ұшақ Каирдан Оңтүстік бағытқа 675 км\сағ. орташа жылдамдықпен

ұшып шықса және жолдағы ұшу уақыты 3,5 сағат болса, ол қайсы елдің территориясына қонды. Мемлекетті және оның астанасын көрсетіңіз. Есептеу жүргізіңіз.

Жауап: Эфиопия Республикасы, астанасы Аддис-Абеба. (675 км х 3,5 сағ = 2362,5 км, Каирдан оңтүстік бағытта Аддис-Абеба қ. дейінгі арақашықтыққа сәйкес келеді).

4-тапсырма. Мәтіндегі бос орындарды толтырыңыз: Европалық мемлекет _________ бірдей атаудағы таулы аралда орналасқан. Жағалау

сызығы терең бұғазбен кесілген. Ауданы – 103 мың кв.км. Ол теңіз ресурстарын қоспағанда табиғи ресурстарға өте кедей. Басты байлығы – гидро- және геотермальды энергия. Негізгі экономкасын саяхат, балық шаруашылығы құрайды. Астанасы – ___________ қаласы.

Жауабы: Исландия Республикасы, Рейкьявик. 5-тапсырма. Берілген мемлекеттер және өнімдер тізімінен таңдап, тізілімдегі мемлекет-

тер үшін сипаттық өнім экспортын көрсетіңіз (бір ел – бір өнім). Мемлекеттер: Чили, Науру, Беларусь, Ямайка, Бразилия, Түрікменстан, Нигерия, ОАР. Өнім экспорты: мұнай, газ, алтын, мыс, темір рудасы, боксит, фосфорит, калийлі тұздар. Жауабы: Чили – мыс; Науру – фосфорит; Беларусь – калийлі тұздар; Ямайка – боксит;

Бразилия – темір рудасы; Түрікменстан – газ; Нигерия – мұнай; ОАР – алтын. 6-тапсырма. Егер жердің өсі Жер орбитасының жазықтығына перпендикуляр болған

болса, уақыт өте келе Жер бетінде жағдай қалай өзгерер еді? Жауабы: Жер өсінің Жер орбитасының жазықтығына салыстырмалы перпендикуляр

жағдайында жыл ауысымы болмаған болар еді. Жер бетіндегі әрбір нүкте жыл бойы бірдей шамадағы күн жылуын алған болар еді. Ауа райы географиялық ендікке тәуелді болар еді.

7-тапсырма. Келесі изосызықтар көмегімен тең шамалар қандай көрсеткіштерді

сызады? Аталған көрсеткіштер қандай аспап көмегімен өлшенеді?

Изосызықтар атауы

Көрсеткіштер Аспаптың атауы

Изотерма Градус өлшеміндегі ауа температурасы Термометр (сынапты)

Изохорна Ауаның жылу сыйымдылығы ккал \ куб см Калориметр (адиабаттық)

8-тапсырма. Картада көрсетілген 1 – 17; I – III сандарымен қандай географиялық

нысандар көрсетілген. Жауабы:

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

58

Мемлекеттер: 1. Канада 2. АҚШ 3. Мексика Қалалар: 4. Сиэтл 5. Солт-Лейк-Сити 6. Сан-Франциско 7. Лос-Анджелес 8. Монтерей Шығанақтар: 9. Мексика 10. Калифорния

Жарты аралдар: 11. Калифорния Өзендер: 12. Колумбия 13. Миссури 15. Колорадо 16. Рио-Гранде Көлдер: 14. Үлкен Соленое Шатқалдар: 17. Үлкен каньон Ұлттық саябақтар: I. Йеллоустонск II. Өлім аңғары III. Йосемитск

9-тапсырма. «Көліктік-географиялық жағдай», «Экологиялық-географиялық жағдай»,

«Көп еңбекті қажет ететін», «Ғылыми зерттеуді қажет ететін» экономикалық-географиялық түсініктеріне анықтама беріңіз.

Жауап: «Көліктік-географиялық жағдай» – бұл қаланың, ауданның (аймақтың) немесе мемлекеттің көліктік тораптарға, көліктік жол тоғысуларының тораптарына және ағынына қатынасы бойынша жағдай. Экономикалық-географиялық нысандар жағдайының ерекшелігі территориялық қамтуы сипатымен анықталады (макрожағдай, мезожағдай және микрожағ-дайларға бөлінеді). Топологиялық және функцианальды көрсеткіштерімен, қолжетімділігімен өлшенеді. Маңызды саналатын көршілес көліктік тораптардан және магистральдардан жақын немесе алыстығы анықталады. Теңіз порттарының көліктік-географиялық жағдайы, мысалы, егер олар портқа түсетін немесе одан шығатын ірі тұтынушылық және тауар өндіруші орталыққа жақын орналасса, пайдалы болады. Көліктік-географиялық жағдайдың негізгі түрлері: орталық, шалғайдағы, ішкі, магистральды, транзитті, пайдалы және пайдасыз, тылдық (көлік жолынан алыс), тұйық, жағалаулық (теңіз жағалауы), таулық.

«Экологиялық – географиялық жағдай» А) су және әуе бағытының ағынын; Б) көліктік байланыстың басқа да мемлекеттермен мүмкіндігін; В) көршілес елдердің ірі аудандарының орналасуын; Г) әскери қауіптің мүмкіндігін ескереді. «Көп еңбекті қажет ететін» – өнім бірлігін шығаруға жұмсалатын жұмыс уақытының

шығыны. Оған кіретін еңбек шығындарының құрамына байланысты технологиялық еңбек шығыны, өндіріске қызмет көрсетудің еңбек шығыны, өндірістік еңбек шығыны және өндірісті басқарудың еңбек шығыны болып бөлінеді.

«Ғылыми зерттеуді қажет ететін» – бұл өнім өндірудің жалпы шығынындағы ғылыми зерттеуге және конструкторлық жасап шығаруға (ҒЗКРЖ) кететін шығынның деңгейі.

10-тапсырма. ГЭС-тің ГРЭС-тен айырмашығы қандай? Қазақстандағы ең қуатты екі

ГРЭС-ті атаңыз. Жауап: ГЭС – бұл гидроэлектр станциясы, өзен суы ағынының күшін пайдалану арқылы

электр энергиясын шығаруға қажет етіледі. ГРЭС – бұл қалалық аудандық электр станциясы, жанар заттарды (көмір, мазут, газ) жағу

жолымен электр энергиясын шығаруға арналған. Қазақстандағы ең қуатты екі ГРЭС – бұл Павлодар облысындағы жалпы қуаты 5 мың

мегаваттан артық Екібастұз ГРЭС-1 және Екібастұз ГРЭС-2.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 59

МҰРА

КӨРНЕКТІ КАРТОГРАФ –

ГЕРАРД МЕРКАТОР

Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,

экономикалық теория және нарық кафедрасының доценті;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті

Меркатор, Герард (Mercator, Gerhardus) – Герард Кре-мердің латынша аты, фламандық картограф және географ. Ол 1512 ж. 5 наурызда Рупельмонда (Шығыс Фландрия, қазіргі кезде – Бельгия) туылған. Ол оның атымен аталатын картографиялық проекцияның авторы ретінде өте таны-мал. Меркатор осы тең бұрышты цилиндрлік проекцияны дүниежүзінің 18 беттен тұратын (1569 ж.) навигациялық картасын құрастыруда бірінші рет пайдаланған. Г. Мерка-тордың Проекциясы картадағы бұрыштар мен пішіндер бұрмаланбайтындығымен, ал арақашықтық экваторда ғана сақталатындығымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде ол теңіз навигациялық және әуе навигациялық карталарын құрас-тыруға пайдаланылады. Қазіргі тарихи-картографиялық зерттеулер нәтижесінде мұндай проекциялардың 1511 жылдары қолданыста болғаны белгілі болғанымен, оның кең көлемде пайдаланылуы Г. Меркатордан басталады. Г.

Меркатор алғашында Хертогенбоста (қазіргі Нидерланд) оқыды, ал әрі қарай географ-ойма шебері Райнер Гемма-Фриздің шәкірті болған, Лувенск университетінде (қазіргі кездегі Бельгия) оқыды. 1532 жылы университетті бітіргеннен кейін, Гемма-Фризбен бірлесіп Жер және Айдың глобусын құру бойынша жұмыс істеді, сонымен бірге дәл оптикалық құралдарды жасаумен, география және астрономиядан сабақ берумен айналысты. 1537 жылы Палестиннің 6 беттік картасын, 1538 жылы дүниежүзі картасын шығарды (онда ол бірінші рет, жекелеген күмән тудырған оңтүстік материктің орнын көрсетті). Бұл екі жұмысы Меркаторға картограф атану құрметін әкелді және оған Фландрияның картасын жасауға ұсыныс жасалынды, ол оны 1:540 масштабында құрастырды.

Келесі жылы Қасиетті Рим империясының императоры Карл V Меркаторға астрономия-лық құралдардың жиынтығын жасауды тапсырды. 1541 жылы Г. Меркатор Жердің глобусын, 10 жылдан кейін Айдың глобусын құрастырып, оларды 1552 жылы Карл V тарту етті. 1544 жылы Г. Меркатор протестанттарға ниеттес, дінбұзушы деген күдікпен қолға алынып, көп ұзамай босатылады. Католиктік Фландрияда өз өмірінің қауіпсіздігінен қорыққан ол, герцог Клев-Юлих-Бергтің ұсынысын қабылдайды және 1552 жылы Дуйсбургқа (Германия) қоныс аударады. 1544 жылы Г. Меркатор Европа картасын 15 бетте жариялайды. Онда ол ежелгі гректің географы Птолемейдің заманынан бері қайталанып келе жатқан қателікті дұрыстап, бірінші рет Жерорта теңізінің кескінін дәл көрсетеді.

1563 жылы Г. Меркатор Лотарингия картасын, ал 1564 жылы Британия аралдарының картасын (8 бетте) құрастырды. 1569 жылы Г. Меркатор «Хронология» (Chronologia) – астрономиялық және картографиялық жұмыстарға шолуын жариялады. Үш жылдан кейін Европаның жаңа картасы 15 бетте шығарылды, ал 1578 жылы – «Птолемей Географиясы» жаңа басылымы үшін, ойылып істелген карта шығарылды, осыдан кейін Атлас (бұл терминді карта жиынтықтарын белгілеу үшін бірінші рет Г. Меркатор ұсынған) бойынша жұмыстарына кірісті. Атластың бірінші бөлігі Франция, Германия және Бельгияның 51 картасымен 1585 жылы шықты, екінші бөлігі – Италия және Грецияның 23 картасымен 1590 жылы, ал үшіншісі – 36 Британия аралдарының картасымен жасалынып, оны Г. Меркатор қайтыс болғанан кейін, ұлы Румольд 1595 жылы шығарды.

Г. Меркатор Дуйсбургте 1594 жылдың 2 желтоқсанында қайтыс болды.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

60

ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ

Материалды дайындағандар: Виктор Краузе,

экономикалық теория және нарық кафедрасының доценті;

Байтак Апшикур, техника ғылымдарының кандидаты,

геодезия, картография және кадастр кафедрасының доценті

1-тапсырма. Мұнда сөзжұмбақ торларына, үзіндіде (фрагмент) көрсетілген нысанның тікелей өзін емес, сонымен байланысты басқасын жазу ұсынылған. Контур бойынша мем-лекеттің астанасын табу қажет (1-сурет).

АСТАНАЛАР Берілген сөзжұмбақта суретте көрсетілген картадағы мемлекеттің астанасын жазу керек

Көлденеңінен Тігінен

1-сурет

2-тапсырма. Бұл жағдайда карта үзіндісі сұрақтың бір бөлігі ретінде пайдаланылады.

Оқушылардың үлкен картадан үзіндінің жалғасын табуы және үзіндіге (2-сурет) берілген

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 61

географиялық сипаттағы сұрақтардың жауабын еске сақтауы қажет. Мұндай тапсырмаларды орындау үшін, тек қана картаны білу, бағдар жасай білу білімі ғана емес, сонымен қатар жалпы географиялық білімі, жалпы білімдарлығы талап етіледі.

2-сурет

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015

62

КОНКУРС

«ЖАС ТАЛАП-KZ көшбасшысы»

І тур

1-тапсырма. Сауд Аравиясы, Нигерия және Мексиканың экономикалық-географиялық салыстырмалы сипатамасын жүргізу.

(20 балл)

Жоспар

Сәйкестіктері

Айырмашылықтары

Сауд

Аравиясы Нигерия Мексика

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық типі

2. Мемлекеттік құрылымы және астанасы

3. Географиялық жағдайы

4. Табиғи жағдайы және ресурстары

5. Тұрғындарына тән ерекшелік

6. Маманданған өнеркәсіп салалары

7. Маманданған ауылшаруашылық салалары

2-тапсырма. Кестеде берілген мәліметтер бойынша минералды шикізаттардың кейбір

түрлерімен қамтамасыздандырылуын есептеу керек. Алынған мәліметтерді кестенің «ресурстық қамтылуы» бағанасына жазу керек.

(20 балл)

Кейбір елдердің минералды шикізаттың кейбір түрлерімен ресурстық қамтылуы

Мемлекеттер Қоры

(млрд тонн)

Қазба байлығы

(млн тонн)

Ресурстық қамтылуы

(жылына)

мұнай көмір темір

рудасы мұнай көмір

темір рудасы

мұнай көмір темір

рудасы

Жалпы дүниежүзі

139,7 1725 394 3541 4700 906

Ресей 6,7 200 71,0 304 281 107

Германия 0,2 111 2,9 12 249 0

Кытай 3,9 272 40,0 160 1341 170

Сауд Ара-виясы

35,5 0 0 404 0 0

Индия 0,6 29 19,3 36 282 60

АҚШ 3,0 445 25,4 402 937 58

Канада 0,7 50 25,3 126 73 42

Бразилия 0,7 12 49,3 61 29 162

ОАР 0 130 9,4 0 206 33

Австралия 0,2 90 23,4 29 243 112

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 63

3-тапсырма. Келтірілген сурет бойынша географиялық нысандарды анықтаңыздар. Арал қайсы мемлекеттің меншігіне жатады? Суреттегі барлық географиялық нысандардың атауын көрсетіңіз.

(20 балл)

4-тапсырма. Сіз Афанасий Никитин туралы және оның «Үш теңізден ары қарай саяхат»

атты әдеби шығармасын естідіңіз бе? Оның туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылы – 1475 жыл, қаңғырып кеткеннен кейін үйіне қайтпаған. А. Никитин болған дүниенің бөлігін, теңіздердің қазіргі және бұрынғы атауларын атаңыз.

(20 балл) 5-тапсырма. А) Картада Токиодан Пекинге дейінгі арақашықтық 30 см, бұл аралық жер бетінде 1500 км.

Осы аралыққа картаның қандай масштабы сәйкес келеді? (5 балл)

В) Келесі аспаптар не үшін пайдаланылады: нивелир, барометр, компас, флюгер, рулетка?

(5 балл) С) Жер шарын айналып шығу саяхатының қайсысы ең қысқа: 1) 60

0 параллель бойынша немесе экватор бойынша?

2) 600 меридиан бойынша немесе 30

0 меридиан бойынша?

Жауабын дәлелдеңіз. (10 балл)

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 64

«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Сәлеметсіздер ме, қымбатты жоғарғы сынып

оқушылары!

Сәулет өнері оның мамандығына, әлеуметтік жағ-

дайына қарамай адам өмірінде үнемі кездеседі. Уақы-

тымыздың басым бөлігін біз тұрғын үй, мектеп немесе

университет, кеңсе, дүкен, кинотеатр, ресторан неме-

се басқа ғимараттарда өткіземіз. Қаладағы барлық

әрекетіміз – бір ғимараттан басқасына ауысу. Сана-

мыздан тыс, қай жер ыңғайлы болса, сол жерде көбірек

қалғымыз келеді, қай жер қолайсыз болса, тезірек

кеткіміз келеді. Ғимаратты тартымды әрі қолайлы

етудің құпиялары өте көп. Бұл атқаратын қызмет-

терінің өзектілігі және бөлмелер құрамы, сыртқы

келбеті мен конструкциясы, сол секілді дизайн эле-

менттері – жарық пен түс, материал, фактура,

қондырғы, көрінетін коммуникация және басқалар.

Қала ішін аралай жүріп, сәулет өнері мен сәулет-

тік дизайнның әсеріне берілеміз. Құрылыс саласының,

жеке кәсіпкерліктің қазіргі заманауи даму шарттарын-

да, білікті сәулетші және дизайнер мамандарының рөлі

арта түсуі таңғаларлық емес.

Сәулет өнерін оқып үйрену күрделі де, қызықты, оны тек аудиторияда оқыту

жеткіліксіз. Өз бетінше көп жұмыс істеу қажет, әдебиеттерді, нормативтік

анықтамаларды оқу қажет, заманауи ағымдарды көзден таса жібермеу қажет.

Сәулет өнерін ең тамаша оқу – тарихи және заманауи төл туындылармен тұрған

жерінде тікелей барып танысу.

Өскеменде XIX-XX ғасырдың басындағы сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері

бар, олармен студенттер жаздық – өлшемдік, танысу, пленэрлік практикаларда оқып

танысады. Өскеменнің тарихи сәулет өнері және студенттердің практикалары

жайлы журналдың осы нөмірінен оқи аласыздар. Әлемдік сәулет өнерінің тарихымен

таныстыруды жалғастыра отырып, осы нөмірде XIX ғасырдағы, Өскемен сәулет

өнерінде де көрініс тапқан – тарихилық ағымы жайлы мақала ұсынылған. «Шығарма-

шылық емтихандарға дайындаламыз» бөлімінде сурет және сызу бойынша емтихан-

дарға өз бетінше дайындық үшін кезекті әдістемелік нұсқаулар берілген.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: 070010, Өскемен қ.,

Серікбаев к., 19, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, «Сәулет өнері және дизайн»

кафедрасы, ауд. Г-2-205, Г-2-208, тел. 8-723-2-54-09-53, e-mail: [email protected],

«СӘУЛЕТ» БӨЛІМІНДЕ

ОҚУ ҮРДІСІ Университеттен тыс оқыту: жаздық практикалар ........................................ 65

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА ДАЙЫНДАЛАМЫЗ Гипс бас элементтерінің суреті. І бөлім – көз суреті.................................... 67 Сызу. Өз бетінше жұмыстарға арналған есептер ........................................ 69

МҰРА Тарихилық – ұмытылмас өткен уақыт ......................................................... 71 Өскемен қаласының ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің ерекшеліктері ...................................................................... 73

Полина Михнова,

сәулет өнері кандидаты,

сәулет және дизайн

кафедрасының аға оқытушысы

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 65

ОҚУ ҮРДІСІ

УНИВЕРСИТЕТТЕН ТЫС ОҚЫТУ:

ЖАЗДЫҚ ПРАКТИКАЛАР

Материалды дайындағандар: Полина Михнова, сәулет өнері кандидаты,

сәулет өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы;

Зухра Есполова, жалпыинженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы

ЖОО-да оқу үрдісі аудитория партасында отыру ғана емес, әсіресе, егер ол сәулет өнері және дизайн жайлы болса. Студенттер сабақтардың әртүрлі формалары: аудиториялық жұмыс, студенттің өз бетінше жұмысы, кітапханада әдебиетті оқу және тағы басқалар арқылы білім алады. Студенттердің оқу жылының соңында өтетін түрлі практикаларының маңызы зор. Практика Өскемен қаласында немесе басқа қалада өтуі мүмкін. Кез келген практика барысында студенттер оқу жылы көлемінде алған білімдерін бекітіп, жетілдіреді. Бірінші курсты аяқтаған соң, студенттер өлшемдік практиканы, таныстыру (дизайнерлер) практикасын, геодезиялық (сәулетшілер) практиканы өтеді; ал екінші курстан соң – пленэр (сурет, көркемсурет) практикасын өтеді. Бұл мақалада біз өлшемдік және пленэрлік практика жайлы кеңірек айтатын боламыз.

Студенттер бірінші курс бойында сәулет өнерін тарихи ескерткіштер негізінде оқып үйренеді: пішін құралуының негізгі заңдарымен, констуктивті жүйелермен, қасбет композициясымен, сондай-ақ сызбаларды орындау ережелерімен танысады. Осы алынған білімдер өлшемдік практика арқылы бекітіледі. Өскемен қаласында өлшем жұмыстарын жүргізу объектілері ретінде Халықтар достығы үйі, облыстық драмтеатр, мұражайлар ғимараттары, ММҮ және тағы басқа тарихи ескерткіштер алынады. Егер осы сынды жұмыстар ШҚО мәдениет департаменті тарапынан талап етілсе, онда студенттерді жетекшілерімен бірге, құнды сәулеттік ескерткіштердің өлшемін алу үшін басқа қалаларға (Семей, Зырян) жібереді. Бүкіл процесс екі кезеңнен – даладағы жұмыстар және аудиториядағы жұмыстардан тұрады. Студенттер бірінші кезеңде нақты объектінің өлшемдерін жасап, ғимараттың пропорцияларымен, конструкция ерекшеліктерімен, қасбет пластикасымен, сәулеттік сынықтармен танысады (1-сурет). Өлшемдері бар эскиздер кроки деп аталады. Осылардың негізінде аудиторияда студенттер қасбет, план, бөлшектер сызбаларын орындайды. Барлық сызбалар бір жинаққа тігіледі.

Бұл жұмыс студенттерді ұжыммен жұмыс жасауға үйретеді, себебі мұнда барлық сызбалар бір-бірімен байланысқан. Өлшемдерді салыстырып, оларды түзету қажет, басқа беттерге сілтемелер жасау керек, сондықтан студент өзінің жеке жұмысын орындамаса, бүкіл топқа кедергі болуы мүмкін.

Өлшемдік практикада дәлдік қажет инструменттер қолданылады (деңгей, теодолит, тіктеуіш (отвес)), сызбаларды ыждағаттылықпен орындауды талап етеді.

Халықтар достығы үйі, Өскемен Баспахана. Семей 1-сурет – Студенттер өлшемдік практикада

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 66

Студенттер екінші курстан соң, пленэрлік практика өтеді. Өлшемдік практикаға қарағанда бұл практика студенттің шығармашылық потенциалын аша түседі. «Пленэр» термині француздың en plein air «на открытом воздухе – ашық ауада» деген сөз тіркесінен шыққан, табиғи жарықтағы объектілерді кескіндеудің көркемдік техникасын білдіреді. Пленэрлік практика сурет және көркемсуреттен тұрады. Студенттер өсімдіктер, жәндіктер, жапырақтар, гүлдер элементтерін салады. Содан кейін жеке тұрған ағаштарды салады. Біртіндеп күрделене түседі, олар көп планды пейзаждар, көше перспективаларын, бірегей сәулеттік объектілерді орындайды (2, 3-суреттер).

2-сурет – Студенттер пленэрлік практикада

3-сурет – Пленэрлік практикада салынған сурет. Жамбыл паркі

Суретте перспектива сызығы аса маңызды болатын қала ортасына, сәулетіне, панора-

малық көріністерге үлкен роль жүктеледі (3-сурет); көркемсуретте сулы, бұлтты, гүлді табиғат пейзаждарына зор маңыз беріледі, яғни түсіне, жоспарлылығына, кескініне және рефлекстерге акцент жасалады. Соңында барлық жұмыстардан паспарту (сурет айналасындағы жиектеме) жасалады. Таңдаулы жұмыстар өнер залының көрмесіне қойылады.

Практикада жұмыс істеу қызықты, университеттегі қоңыраудан қоңырауға дейінгі кестеге қарағанда, икемді кесте бойынша жүргізіледі. Өлшемдік және пленэрлік практика парктерде, қаланың тарихи бөліктерінде, табиғатта, су жағасында, оқуды демалыспен ұштастыра отырып жүргізіледі.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 67

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРҒА

ДАЙЫНДАЛАМЫЗ

ГИПС БАС ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ СУРЕТІ.

І БӨЛІМ – КӨЗ СУРЕТІ

Материалды дайындағандар: Елена Феоктистова, сәулет өнері кандидаты,

сәулет өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы;

Зухра Есполова, жалпы инженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы

Гипс бастың салынуының негізгі кезеңдері мен принциптерін меңгерген соң, көз, мұрын,

және ауыз секілді жекелеген элементтердің суреті әдістемесін оқып үйренуге көшеміз. Әдет-те, Давид көзін натурадан сала отырып, көзді бейнелеуді бастаймыз (1, а, б-сурет).

а б

1-сурет – а) Давидтың басы; б) Давид көзінің гипс моделі

Салуды бастамас бұрын көздің пластикалық анатомиясымен танысу қажет және көз

бөліктерінің бірнеше негізгі атауларын есте сақтау керек (2-сурет, сол жақта). Көздің негізін көз алмасы құрайды, оның пішіні шарға ұқсас (2, 1-сурет). Көз алмасы, түрлі факторларға байланысты, көз ойығында түрлі жағдайда орналасуы мүмкін.

1 – көз алмасы, 2 – құбылмалы қабық, 3 – қарашық, 4 – жоғарғы қабақ, 5 – төменгі қабақ, 6 – жасағар, 8 – көздің ішкі бұрышы, 9 – көздің сыртқы бұрышы, 12 – жоғарғы қабақ қатпары, 13 – төменгі қабақ қатпары, 14 – көз үсті шеті, 15 – қас

2-сурет – Көздің анатомиялық құрылымы (негізгі элементтері) – сол жақта; көз алмасының формасы – оң жақта

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 68

Жоғарғы және төменгі қабақтың суретте кескінделуге тиісті қалыңдығы болатынын есте сақтаған маңызды. Мұнда қабақтың қалыңдығы көз пішіні бойынша көзқарас пен ракурс бағытына сәйкес өзгеруі тиіс. Жоғарғы қабақтың қалыңдығы құбылмалы қабықтан өте отырып, сәл көтеріледі.

Көз суретін бетте композициялық орналастырудан және жалпы габарит өлшемдерін (биіктігі, ені, ұзындығы), перспектива-ны ескере отырып, белгілеуден бас-таймыз.

Ары қарай көздің ірі бөліктерінің: көздің ені және биіктігін, қабақтың енін, жасағар мен қарашықтың орна-ласуына орай қатынастарын анықтай-мыз. Көздің ең кең ашылатын жерінде вертикаль осьтік сызық белгіленеді, ол үнемі құбылмалы қабықтың ортасы арқылы өтеді. Көздің орналасуын анықтайтын және өзгеріссіз қалатын маятниктік нүктелер ретінде көздің ішкі бұрыштары қала береді. Анфаста орналасқан көз ромб тәрізді болады, ал профиль орналасқан көз үшбұрыш тәрізді болады (3-сурет).

Көздің барлық бөліктерін мұқият біріктіре отырып, жасағар пішініне, көздің жоғарғы және төменгі бөліктерінің қатынасына назар аударамыз. Әдетте жоғарғы жартысы жоғарғы қабақтың айқын иілуінің нәтижесінде төменгі жартысынан біршама үлкен болады. Ары қарай жарық-реңдік сурет құралдары көмегімен көз көлемін анықтауға көшеміз (4-сурет).

4-сурет – Көздің жарық-реңдік суретінің бастапқы кезеңі [1]

Жоғарыда келтірілген материалды меңгеру үшін төмендегі жаттығуларды орындау ұсынылады:

1. А3 форматының бетінде жарық-реңдік орайластыруды қолдана отырып, 4-сурет көшірмесін орындаңыз.

2. А4 форматының бетінде адам көзінің натурадан кішкентай кескіндемелерін анфас, профиль, төрттен үш сынды ракурстарда орындаңыз.

3. А4 форматының бетінде Давид көзінің 1, б-суретін кескінін қолдана отырып орын-даңыз.

_________________________ Ескерту: мақаланы әзірлеуде төмендегі әдебиеттер қолданылған: 1. http://plusphotoshop.ru/kak_narisovat_glaza/ сайты материалдары

3-сурет – Түрлі ракурстағы

көз формасының кескіндері [1]

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 69

СЫЗУ. ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР

Материалды дайындағандар: Ольга Голубева,

сәулет өнері магистрі, cәулет өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы;

Зухра Есполова, жалпы инженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы

1. Оқу сызбаларын көркемдеу ережелері

Тапсырма мақсаты. Сызбаны Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандартымен белгілен-

ген барлық ережелерге сай дұрыс әрі сауатты көркемдеу. Жұмысты көркемдеуге талаптар. А3 форматын горизонталь орналастыру керек. Оң жақ төменгі бұрышында – «Негізгі

жазулар» стандартына сәйкес орындалған негізгі жазу орналастырылады. Жұмысты орындауға әдістемелік ұсыныстар. Әр сызбада шеткі сызықтары болуы керек. Шеткі сызық форматта кескінді салуға,

өлшем және белгілерді қоюға орынды шектейді. Шеткі сызықтардың ішіндегі орын сызу аумағы деп аталады.

Шеткі сызықтар тұтас қалың сызықпен сол жақ шеттен 20 мм, жоғарғы, оң жақ, төменгі жақ шеттен 5 мм қалдырылып салынады (1-сурет).

Сызбаларда негізгі жазу орналастырылады (2-сурет).

1-сурет – Сызу аумағы

2-сурет – Негізгі жазу

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 70

2. «Проекциялық сызу» графикалық жұмысы Тапсырма мақсаты. Сызбада бөлшектің жеткіліксіз проекциясын дұрыс әрі сауатты орындау. Жұмысты көркемдеуге талаптар. Сызба масштабы – 1:1. Сызбада өлшемдерді өлшем сызықтарын қою ережелеріне сәйкес қою. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өлшем сызығынан оған жақын нүкте немесе объектіге дейінгі минимум арақашықтық

МЕСТ бойынша – 10 мм, ал бірнеше параллель өлшем сызықтары арасы – 7 мм.

3. «Аксонометриялық проекциялар» графиктік жұмысы

Тапсырма мақсаты. Сызбада бөлшектің аксонометриялық проекциясын дұрыс орындау. Жұмысты көркемдеуге талаптар. Сызба масштабы – 1:1. Қажет болған жағдайда үлкейтуге болады, мұнда үлкейту

коэффициенті қолданылады. ЕСКЕРТУ! Аксонометриялық проекцияларда өлшемдер қойылмайды. № 1-есеп № 2-есеп

Сәттілік тілейміз! Шығарылған есептерді мына мекенжайға жіберіңіздер: 070010, Өскемен қ., Серікбаев к.,19, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Г-2-205, Г-2-208, сәулет өнері және дизайн кафедрасы, тел.: 8-7232-540-953

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 71

МҰРА

ТАРИХИЛЫҚ – ҰМЫТЫЛМАС ӨТКЕН УАҚЫТ

Материалды дайындағандар: Зинаида Попова,

сәулет өнері және дизайн кафедрасының доценті;

Зухра Есполова, жалпы инженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы

Сіз Лондонда болмасаңыз да, Big Ben атақты мұнарасын кинодан көрген болуыңыз керек, оны суреттен тани аласыз. Сіздердің кейбіреулеріңіз бұл құрылыстың сәулеттік стилі готикалық стильді еске салатынын білетін боларсыздар, себебі готика стиліне тән бағыттауышы бар вертикаль бөліністер сынды көптеген бөлшектердің болуы, шын мәнінде, тарихилық (историзм) деп аталады. Бұлай аталуы кездейсоқ емес, себебі бұл сәулеттік стильде кез келген, бұған дейін танымал болған, стильдерге сілтемелер жасалуы мүмкін, бірақ бұл тууы, дамуы және қалыптасуынан біршама уақыт өткен соң болып жатқандықтан, бұл «тарихилық» деген жалпылама атауға ие болды. Ағылшын парламентіне қатысты оны нақты түрде нео-готика деп атауға болады.

Лондон. Ағылшын парламенті ғимараты. 1840-1857 жж. Сәулетші Барри, Пьюджин

Англиядағы «Gothic Revival» деп аталатын готикалық қайта өрлеу XIX ғасырдағы ұлттық

сәулеттік қозғалыстың сипаттарына ие болды, бұл өзгерістер XVIII жүзжылдықтың соңынан бастап байқала басталған.

Англия – XIX ғасырда готика жайлы естеліктер кең қанат жайған Европаның жалғыз мемлекеті емес, онда бүгінгі таңда да әйгілі әрі маңызды үймереттерде материалдық көріністер орын алған.

Будапешт. Венгрия парламенті ғимараты. 1885-1904 жж. Сәулетші И. Штейндль

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 72

XIX ғасырдың 70-жылдарында Венгрия парламенті ғимаратына конкурста готиканы дәріптеуші Имре Штейндль жеңіске жетті. Жер телімі Дунайдың шығыс жағалауынан таңдалды, сол жерде бүгінде де Венгриядағы ең ұзын, ұлы сарай орын алды.

Ресейде Николай I басқарған уақытта граф С. Уваров ұран тастаған халықтық идеясы «православие, самодержавие, халықтық» триадасында ұлттық орыс стилін іздеуге әкелді, бұл үнемі тарихи ұлттық және діни тамырларына үңілумен байланысты. Осының нәтижесін-де византиялық сәулеттік мотивтер әйгілі болды, ол Ресейге Православиенің қайдан келге-нін еске салады. Бастапқы Рим империясының құлауымен байланысты Византия астанасы Константинопольға, ал одан Мәскеуге көшкен кезде, үшінші Римнің әйгілі идеясы шығады.

XIX ғасырдың басы Ресей мен Наполеондық Франция соғысымен тарихи тұрғыда әйгілі болды. Византиялық сәулет өнерін әйгілі еткен сәулетші К. Тон Мәскеудегі Христос Спаси-тель храмын осы соғыс жеңісіне және онда қаза болған әскерлер мен офицерлерге арнап тұрғызған. Ол «Шығармашылықтың Императорлық Академиясы сәулетшісі және түрлі ше-телдік Академия мүшесі Константин Тон ойлап шығарған шіркеулер жобалары» атты типтік жобалар жинағын жасаған. Ресейде XX ғасырда әлеуметтік толқулар, революциялар, төң-керістер басталып, биліктің ауысуы ғана емес, сонымен қатар сенімді жоққа шығарып, дінге тыйым салуға әкелді: атеизм белең алды, бұл бүкіл ғибадатханалық сәулетті жою толқынын шақырды, мұнда ресейлік қана емес, кез келген елдің даму тарихы жасырылған. 1931 ж. Христос Спаситель храмы бұзылып, оның орнында көптеген онжылдықтар бойы «Москва» бассейні орналасты. Ал XX ғ. аяғында көзқарастар өзгерісі жаңа идеологиялық өркендеуге әкелді: дін біртіндеп адамдар санасына, сонымен қатар қала кеңістігіне ене бастады.

Мәскеу. Христос Спаситель храмы. 1839-1883 жж. Сәулетші К. Тон

Историзмнің бөлігі болып табылатын орыс-византиялық стилі, ғибадатханалық сәулет

өнерінде өз көрінісін тапты. Оның пішіндерін салуда XIX ғасырдағы Ресейдің саңлақ сәулетшілер тобы еңбек етті. Олардың қатарында Д. Гримм, Кронштадтағы Морской собо-рының авторы В. Косяков, Новосибирскідегі Қасиетті Александр Невский ғибадатханасының сәулетшісі Н. Соловьев және басқалар бар.

Мәскеу. Христос Спаситель храмының заманауи ғимараты

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 73

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ –

XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материалды дайындағандар: Анна Буханцева, дизайн магистрі,

сәулет өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы;

Зухра Есполова, жалпытехникалық пәндер кафедрасының оқытушысы

Өскемен қаласының сәулеттік келбетін жасау біртіндеп және ретімен орындалды, 1720 жылы салынған қамалдан және Ильинская, Троицкая, Үлкен Андреевская сынды алғашқы көшелерден бастап, дамуы бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан қазіргі сәулеттік сюжеттерге дейін жалғасты.

Қаланың ежелгі көшелерінің бірі – Карл Либкнехт көшесі, оның бойында алтын кәсібімен айналысушы Меновщиковтің үйі орналасқан. Қазір ол ғимаратта өнер мұражайы орналас-қан. Ғимаратты өзінің көркемдік-композициялық ерекшеліктеріне сай эклектик стиліне жатқызуға болады.

Ескі Өскеменнің Киров паркіндегі бұрышы біртұтас сәулеттік кешен болып табылады. Ең алдымен, ол Мир көшесі, бұрынғы атауы – Андреевская. Бұл көше Ертістен басталып, базар алаңына, өрт депосымен жанасып, бос жермен аяқталатын. Мөлшермен 1899 жылы саяси жер аударылғандар Жамбыл атындағы паркті – қала бағын салған. Мұнда XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында салынған ғимараттар сақталған. Ең танымал, маңызды және көрнектісі Бұрынғы Халық үйі, қазіргі – облдрамтеатры (1-сурет). Планды ұйымдастырудың ерекшелігіне және қасбеттің өзіндік әрленуіне қарай, бұл үймеретті эклектика стиліне жатқызуға болады. Сәулеттік бөлшектердің көптігі (пилястралар, дөңгелек аркалы терезе-лер, шатыр шетін орап тұратын мұнаралар) фактуралы-пластикалық сәулеттік үймереттің образын құрайды. Ғимарат 1902 жылы О.Ф. Костюриннің және басқа да жер аударылған халықшылардың бастамасы бойынша, олар жинаған садақаға салынған. Қаланың осы алғашқы мәдени-ағарту мекемесінде кітапхана, мұражай бөлмесі, көрермен залы орна-ласқан. Бұрынғы 1905-1907 жылдардағы революция кезінде ғимаратта көп адамдық митинг пен жиналыстар өтті.

1-сурет – Облыстық драмтеатр ғимараты

1881 жылы салынған, бұрынғы жұмысшы жастардың №1 мектебі ғимараты да қызығар-

лық ғимарат. Үймерет екі қабатты, оның біреуінде ерлер училищесі болған (оған кіретін есік қазіргі Мир көшесі жағынан болған). Төменгі қабатта әйелдер бастауыш училищесі орналасқан. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, ғимарат жалпы білім беретін мектеп ретінде қолданылды, ал қазіргі таңда ғимаратта этнографиялық музей орналасқан (2-сурет).

1935 жылға дейін Киров көшесі Большая деп аталды. Ол кезде ең ірі әрі шулы көше болған. Бұл жерде алғашқы тас және ағаш тротуарлар салынған, халықтық мерекелер, жаңажылдық маскарадтар өтетін, алтын кәсібімен айналысушылар Меновщиков пен Касат-кинге тиесілі үйлер, көпестер Семенов пен Курочкиннің үйлері, тері өңдеу зауытының иесі Уфимцевтің үйлері тұрғызылды. Көшенің басында саяси жер аударылушы Михаэлистің үйі болған. Осы жерде «Эхо» («Октябрь») кинотеатры орналасқан, оған қарама-қарсы екі қабатты Орест Костюриннің шеберханалары болған.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 74

2-сурет – Облыстық этнографиялық музей

«Эхо» кинотеатрына «Сауле» дүкені (революцияға дейін – көпес Семеновтың дүкені)

ғимараты тіреледі (3-сурет). Ғимараттың эклектика стиліне тиістілігі өзіне тән сипаттарымен: фронтальдылық, осьтік симметрия, көлем пішінінің берілуі, элементтердің күрделі бағының-қылығының болмауы – біркелкілік, бір маңыздылық, бірдей ерекшеліктерімен анықталады.

«Октябрь» кинотеатрының ғимараты (1929 жылға дейін кинотеатр «Эхо» деп аталды), 1909-1911 жылдары О.Ф. Костюриннің бастамасы бойынша салынды (4-сурет). Ғимараттың бар келбетінде және оның жекелеген бөлшектерінде эклектикалық композициялық принцип байқалады. Бас қасбеттің қабырғаларын әрлеудің негізгі мотиві – оны тікбұрышты пилястралармен бөлшектеу. Қасбет центрінде пилястралар кіреберісті ерекшелейді және декоративті балкон үшін тірек қызметін атқарады.

3-сурет – «Сәуле» дүкені ғимараты

4-сурет – «Эхо» кинотеатры ғимараты

Урицкий көшесінің бұрынғы атауы – Соборный шолақ көшесі. Көптеген жылдар бойы ол транспорт артериясы ролін атқарды, қаланың қалақұрылымдық композициясын құраудың басты қатысушысы болды. ХХ ғасырдың басында дәл осында Мариинскийдің әйелдер учи-лищесі ғимараты салынған, қазіргі кезеңде бұл этнографиялық мұражай ғимараты (5-сурет).

Мариинск әйелдер училищесі 1902 жылы Орест Федорович Костюрин, Александр Николае-вич Федоров, Евгений Петрович Михаэлистердің бастамасы бойынша салынған. Училище көлемінде бастауыш училищелер мұғалімдерін даярлаушы екіжылдық педагогикалық курстар жұмыс істеді. Ғимарат бір қабатты, төрт құламалы шатырлы және жарты циркульді терезелі, терезе үстілік фронтондардың жарты шеңберлілігімен ерекшеленеді, ал бұрыштық күректері рустпен көмкерілген. Үймеретті тұтастай эклектика стиліне жатқызуға болады.

1936 жылы Өрттік (Пожарный) шолақ көшені Максим Горький көшесі деп өзгертті. Алғашқылардың бірі болып ол таспен көмкерілді, кейіннен асфальт төселді, 1973 жылы осы көшеде Орталық әмбебап дүкені салынды, сондай-ақ мұнда этнографиялық мұражайдың көрме залы орналасқан.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 75

5-сурет – Этнографиялық мұражай ғимараты

Бұрынғы «Алтай» рестораны немесе этнографиялық мұражайдың көрме залын 1914 жылы

чех тұтқындары салған (6-сурет). Бастапқыда ғимаратта Иван Николаевич Кожевников деген көпестің шыны, фаянс және басқа да ыдыстарын сататын дүкені орналасқан. Чехтар қасбетті әрлеуде белсенді қатысушылар болған, медальондардағы тарихи мәтіндер – оның куәсі. Кеңес дәуірінде ғимаратта «Алтай» рестораны орналасқан, ал қазір ол этнографиялық мұражайдың көрме залы. Үймерет эклектикаға жатады, оған тарихи стильдердің араласу тенденциясы тән. Қасбет Ренессанстың дәстүрлі мотивтерімен көркемделген: композиция рационалдығы болған жағдайда, мұнда беттік декоративтілік сипаттары байқалады. Ресторан ғимараты жүйелі, конструктивті, айқын және қарапайым пішінді және декоративті элементтер ретінде өсімдіктік мотивтер қолданылған (жүзімнің иілмелі сабағы көбірек қолданылады). Аркалы терезелер валюталардың жазық кескінімен аяқталады, ал жүзім сабағы – чех мәдениетінің айқын көрінісі. Пішінде, бөлшектерде және ғимарат элементтерінде классицизм әсері сезіледі.

6-сурет – Этнографиялық мұражай көрме залы

Сонымен, қарастырылып отырған кезеңде Өскемен қаласының сәулет өнерінде

эклектикаға (кірпіш стилі) басымдылық берілгені байқалады. Шығыс Қазақстан сәулетінің құралуы Батыс Сібірдің губерниялық қалалары мен Ресей астаналық бұтағынан тамыр алған сәулеттік-шығармашылық мотивтер әсерінен жүргізілді. Өскемен қаласының тарихи сәулеттік өнері бірегей және өзінше ерекше. Өкінішке орай, осы кезеңдегі сәулеттік объектілердің көп бөлігі түбімен жойылды, ал біраз сақталған үймереттер бөлігі оларды қорғауға және зерттеуге арналған.

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ

№3(26), қыркүйек 2015 76

«ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ» журналының редакция алқасы

Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы, ШҚМТУ ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, журналдың бас редакторы, редакция алқасының төрағасы

Линок Николай Николаевич, ШҚМТУ оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, экономика ғылым-дарының кандидаты

Нұрғазиев Асқар Қисаұлы, Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқарма-сының жетекшісі

Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы, ШҚ «Дарын» ӨҒПО директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты

Хисамиев Назиф Ғарифуллаұлы, ШҚМТУ жоғары математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылым-дарының докторы

Плотников Сергей Викторович, ШҚМТУ энергетика және техникалық физика кафедра-сының меңгерушісі, физика-математика ғылым-дарының докторы

Денисова Наталья Федоровна, ШҚМТУ ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты

Куленова Наталья Анатольевна, ШҚМТУ химия, металлургия және байыту кафедрасының меңгерушісі, техника ғылым-дарының кандидаты

Краузе Виктор Эвальдович, ШҚМТУ теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының доценті

Наумова Вера Ивановна, ШҚМТУ сәулет және дизайн кафедрасының меңгерушісі, профессор, сәулет өнерінің кандидаты

Манашева Венера Каирдиновна, ШҚМТУ Жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты

Ершова Наталья Александровна, ШҚМТУ баспасөз хатшысы

Жоғары сынып оқушыларына арналған «ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ» ғылыми-көпшілік журналы

№1(1), шілде 2008

Жылына төрт рет шығады Құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс

Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті»

шаруашылық құқығындағы Республикалық

мемлекеттік кәсіпорны.

Басып шығаруға жауапты: Венера Манашева

Баспа жетекшісі: Оксана Николаенко Редактор-корректор: Гүлбаршын Жантасова Дизайн және беттеген: Сәуле Мамыраздықова Нөмірдегі фотосуреттер: Александр Проскуряков

Редакцияның мекенжайы: 070004, ШҚО, Өскемен қ.,

ШҚМТУ, Протозанов к., 69, 110-бөлме

Телефон: 24-54-29

Тел/факс: 8 (7232) 26-74-09

Журналда жарияланған мақалалардағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді. Редакция оқырмандарға жауап бермейді және кері қайтармайды. Жарнамалық материал-

дардың мазмұнына жарнама беруші жауапты. Редакцияның жазбаша келісімі болған жағдайда ғана материалдарды қайта басуға болады.

Журнал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

тіркелген.

Тіркеу куәлігі № 10051-Ж

2 наурыз 2009 жыл.

Басуға 24.09.2015 ж. қол қойылды.

Пішімі 70х108/16. Офсеттік қағаз.

Шартты баспа табағы 6,81 Есептік баспа табағы 8,21.

Тапсырыс № 1043-15. Таралымы 500 дана.

Бағасы келісімді.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан

мемлекеттік техникалық университеті