әдістемелік фармакология негіздері пәнінен

76
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы «Фармакология негіздері» пәнінен теориялық сабақтарға арналған дәрістер жинағы 1

Upload: asem-sarsembayeva

Post on 12-Apr-2017

557 views

Category:

Internet


16 download

TRANSCRIPT

Page 1: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

«Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы

«Фармакология негіздері» пәнінен теориялық сабақтарға арналған дәрістер жинағы

Шымкент-2017 ж. 1

Page 2: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

ӘӨЖ 636.09 (07) К 86Құрастырған: Курбанова Г. «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасының арнайы пән оқытушысы.

Пікір білдірушілер: С. Тулеметова- а.ш.ғ.к. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, «Ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы. О.Хожамжаров- а.ш.ғ.к. Шымкент аграрлық колледжі «Ветеринария» кафедрасының оқытушысы

Тірек конспекті - 1513000-«Ветеринария» мамандығы бойынша типтік және күнтізбектік тақырып жоспарына сәйкес техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған.

Тірек конспекті техникалық және орта кәсіптік білім беру студенттеріне бейімделіп жазылып, дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, олардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, егу , бөліну жолдары, әрбір жеке дәрілік заттың жоғарыда айтылғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері, әсер ету ерекшеліктері, тиімділігін арттыру жолдары жөнінде толық мағлұматтар берілген.

«Фармакология негіздері» пәнінен дәріс жинағы: Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент-2014 ж. 50 - бет

«Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасының мәжілісінде қаралып, Хаттама № 8 28.03. 2014 жыл.

Шымкент аграрлық колледжінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып басылымға ұсынылды.Хаттама № 4 30. 04.2014 жыл.

2

Page 3: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Алғы сөз.

Егемендігін енді ғана алып ,аяғын тәй-тәй басып келе жатқан еліміздің экономикасын көтеріп, сол арқылы тәуелсіздігіміздің бірден-бір нышаны көк байрағымыздың тұғырынан таймай тұруына ауыл шаруашылығының, атап айтқанда –мал шаруашылығының үлесі зор екені баршамызға аян. Бірақ, мал ауруларының алдын алып, ауырған малды емдеу жағы малшылар алдындағы шешімін түгел таппаған үлкен мәселелердің бірі болып қала берді. Мал аураларының алдын алып, емдеу үшін қолданылып келген өсімдіктерден алынған дәрі-дәрмектермен қатар малды жүйелі түрде күтіп баптау ,жаз- жайлауда ,қыс-қыстауда ұстау өз нәтижелерін бергенімен ,мал ауруларынан толық арылта алмады. Қазіргі таңда біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығындағы үлкен проблемалардың бірі малдан алынатын азық-түлік өнімдері мен отандық өндірістерге керекті шикізаттардың молшылығын жасау арқылы Қазақстан экономикасының нығая түсуіне тиісті деңгейде зор үлес қосу.Осы тұрғыдан алғанда мал ауруларын емдеп ,алдын алу , олардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруда «Фармакология» ғылымының қосар үлесі зор. Тірек конспекті үш бөлімнен тұрады: Рецептура, жалпы фармакология және жеке фармакология. Рецептурада дәрілік формалар, рецептің жазылу жолдарын, дәрілік түрлердің технологиялары, дәрілердің аптекаларда дайындалуын және жіберу ережелері қарастырылады. Жалпы фармакологияда дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары,олардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, әсер ету түрлері, дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы, егу, бөліну жолдары және басқада мәселелері айтылады. Жеке фармакологияда әрбір жеке дәрілік заттың жоғарыда айтылғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері ,әсер ету ерекшеліктері жан-жақты сөз болады. Қадірлі оқырман, «Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,қанаты бүтін сұңқар жоқ» дегендей жазылған оқулықта кемшіліктер болуы мүмкін.Талғамы биік, талабы жоғары оқырманның сын-ескертпелерін білдіргендерге кітап авторы алдын ала алғысын айтады.

3

Page 4: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Мазмұны.

1. Алғы сөз......................................................................................................................................32. Кіріспе.........................................................................................................................................53. Дәріс №1.Тақырыбы: Фармакология туралы жалпы түсінік және даму тарихы.............5I Бөлім.Рецептура..........................................................................................................................94. Дәріс №2.Тақырыбы: Жалпы рецептура және оның міндеттері.Рецепт туралы түсінік..............................................................................................................................................9 5. Дәріс №3.Тақырыбы: Дәрілік формалар.Сұйық, қатты және жұмсақ дәрілік формалар.......................................................................................................................................11II Бөлім. Жалпы фармакология................................................................................................166. Дәріс №4.Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрі-дәрмекті мөлшерлеу....................................................................................................................................157. Дәріс №5.Тақырыбы: Дәрі-дәрмекті ағзаға енгізу жолдары. Дәрілердің ағзаға таралуы биотрансформациясы.Дәрі-дәрмекпен улануIII Бөлім.Жеке фармакология....................................................................................................198. Дәріс №6.Тақырыбы: Микробтарға және паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер...............199. Дәріс №7.Тақырыбы: Химиотерапиялық дәрілер..............................................................2110. Дәріс №8.Тақырыбы: Антигельмиттік дәрі-дәрмектер.....................................................2511. Дәріс №9.Тақырыбы: Инсектоакарацидтік және дератизациялық дәрі-дәрмектер......................................................................................................................................2812. Дәріс №10.Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер..............3313. Дәріс №11.Тақырыбы: Зат алмасу процесіне әсер ететін дәрі-дәрмектер....................3514. Дәріс №12.Тақырыбы: Бордақылауға және төлдерді өсіруге қолданылатын дәрі-дәрмектер.Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау.........................................................4015. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................................49

4

Page 5: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Кіріспе Дәріс №1. Фармакология туралы жалпы түсінік және даму тарихы.Жоспары:1. Фармакология туралы жалпы түсінік .2.Фармакологияның қысқаша даму тарихы.

Фармакология – дәрілер, дәрілік заттар туралы ілім (гр.pharmakon – лекарство – дәрі, Logos – учение – оқу, ілім). Дәрілерді ауруларды емдеуге,алдын алуға,жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруға, олардың ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтіп, физиологиялық құбылыстарды бірқалыпты өтуін реттеуге қолданады.Қазіргі уақыт талабына сай жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатымен осы бағыттың барлығында да дәрілік заттардың маңызы артып отыр. Мал шаруашылығын өндірістік негізде дамыту дәрілерді белгілі тәсілдермен қолданып қана қоймай оларды күнделікті жем-шөптік,азықтық заттармен қосып беруді талап етеді. Фармакология- ауқымы кең ғылым. Оны медицинада, ветеринария,мал шаруашылығы, биология, фармация саласында жаңа дәрілік заттарды синтездеп, олардың табиғатта таралуын іздестіруге колданады. Осы айтылған бағыттардың әрқайсысы дәрілер туралы әртүрлі анықтамаларды қажет етеді.Сол себепті әртүрлі саладағы мамандарға бұл ғылымның мазмұны бірдей бола бермейді.Малдәрігерлік фармакология дәрілік заттардың әсерінен тірі организмдегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын, осы заңдылықтарға сүйене отырып дәрілік заттарды қолдану әдістері мен оның әсерінен болатын өзгеріс көрсеткіштерін малдәрігерлік тұрғыдан зерттейді. Міне, сондықтан да, бұл ілім дәрілік заттардың тәжірибе жүзінде малдәрігерлеріне өте қажетті барлық деректерін зерттеп, жинақтайтын ілім.Бүгінгі таңда эксперименталды және клиникалық фармакологияның алдында тұрған мақсат - дәрілік заттардың тек жалпы организмге ғана әсерін емес, олардың молекулалық және субмолекулалық деңгейдегі әсер ету механизмін зерттеу. Олай болса, фармакология қазіргі түсінік бойынша-физиологиялық жүйелердің дәрілік заттармен әртүрлі деңгейдегі қарым-қатынастарының заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал-малдәрігерлік фармакология дегеніміз дәрілік заттарды нәтижелі, қауіпсіз және аз шығынмен (экономды) қолдану принциптері мен ережелерін оқытатын ілім. Малдәрігерлік фармакологияның алдында тұрған тағы бір мәселе - ол малдың өсімін көбейтетін, өнімін арттыратын, оның сапасын жоғарылататын, экологиялық тұрғыдан таза өнім алуды қамтамасыз ететін дәрілік заттарды іздеп, табу. Фармакологияға берілген анықтамадан оның ветеринарияда қолданылатын барлық дәрілік заттарды зерттейтінін көреміз. Бір ескерте кететін жәйт –әрбір дәрілік заттың толық емдік әсері,олардың қолданылуы туралы шарттарын түгел сақтағанда ғана көрінеді.Олардың біреуі бұзылса дәрілер әлсірейді,ал екінші біреулері бұзылса –олар улы әсер етеді немесе өлімге душар еткізеді. Дәрілердің әсерінен болатын өзгерістерді толығырақ түсіну үшін химияның, биологияның , медицина және ветеринария ғылымдарының қазіргі жетістіктерінтолық қолдану керек. Қазіргі ғылыми жетістіктердің ішіндегі өзектісі — ол дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен қолданылып келе жатқан, жаңадан ашылған дәрілер арқылы тиімді емдеу әдістерін тауып, оны өндіріске еңгізу. Жаңадан ашылған дәрілік заттар ауруларды емдеудегі көзқарасты түбірінен өзгертуі мүмкін. Кей кезде тіпті қолданылып жүрген дәрілік заттардың қолдану әдісін өзгертудің өзі оның тиімділігін бірнеше рет арттыра түсуі мүмкін. Мысал ретінде тыныс алу жүйесінің ауруларын дәрілік заттарды аэрозоль,

5

Page 6: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

немесе оксигенозоль ретінде тыныс алу жолдары арқылы деммен жіберіп (ингаляциялы түрде) емдеу әдістерін келтіруге болады. Дәрілік заттар қоры (арсеналы)- әртүрлі негіздерден тұратын жаңа, әрі бағалы препараттармен үнемі толықтырылып отырады.Алғашқы кездері дәрілік заттар тек өсімдіктерден ғана алынатын .Өсімдіктер әлемі әліде болса ,дәрі-дәрмектік заттардың бай көздері болып табылады. Соңғы жылдары микроорганизмдер де жиі колданылып жүр.Олардан өте белсенді және өзіне ғана тән ерекше әсері бар антибиотиктерді,витаминдерді, амин қышқылдарын және басқада заттарды бөліп алуға болатыны анықталғаннан кейін , микробиология өнеркәсібі дами бастады. Осы бағыттағы ізденістер бұдан былайғы кездерде де жаңа дәрілік заттардың алынуына мүмкіндік туғызады. Мал өнімдерінен бағалы, құнды препараттар дайындау кеңінен өріс алуда. Мысал ретінде қанның сары суынан дайындалатын препараттар, инсулин, гепарин, тимоген, тимолин және т.б.Бұл бағыттарда әлі ашылмаған жаңалықтар ұшан-теңіз. Қазіргі кезде дәрілерді синтез арқылы алу кеңінен өріс алған. Бұл әдістің болашағы мен мүмкіншілігі өте зор. Қазірде синтездеу арқылы белгілі бір бағытта әсер ететін дәрілерді алудың мүмкіндігі туып отыр.Көптеген жағдайларда дәрілерді таза түрінде алудың маңызы зор. Ол үшін құрамында сол дәрілер бар өсімдіктер, фермент қорытатын микроорганизмдер, мал тіндері пайдаланылады. Мал ауруларын емдеу үшін, аурудың алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттар, препараттар, дәрілік формалар күнделікті өмірде дәрілер немесе дәрі-дәрмектер деп аталады. Фармакология пәні көптеген теориялық (физиология, патологиялық физиология, биохимия) және клиникалық (хирургия, терапия, эпизоотология, акушерства, паразитология және т.б.) пәндермен тығыз байланыста. Фармакология саласындағы жетістіктер ол пәндердің дамуына оң әсер етері сөзсіз. Адамзат миллиондаған жылдар бойы ауруларды емдеу туралы тәжірибелерін мысқылдап жинап, ұрпақтан ұрпаққа бере отырып қазіргі дәрежеге жетті. Бұл туралы Марк Аврелия Цицеронның мына бір сөзі дәл айтылған сияқты: «Күні кешке дейін оқ атқан кісі кейбір кезде нысанаға дәл тигізеді». Медицина мен ветеринарияда бірдей қолданылатын препараттардың жиынтығы мен оларға қойылатын талаптар Фармакология комитеті мен денсаулық сақтау Министрлігіне қарайтын Мемлекеттік фармакопея комитетінде қаралатын болса, ал ветеринарияда ғана қолданылатын препараттарауылшаруашылығы Министрлігіне қарайтын ветеринарлық Департаментте қаралады. Дәрілік заттар организмде ешқандай биохимиялық немесе физиологиялық тұрғыдан жаңа құбылыстар тудырмайды,тек қана осы құбылыстарды күшейтеді немесе әлсіретеді. Фармакологияның ғылыми бағыттары: 1.Рецептура - рецепт жазу ережелері, дәрілік заттарды дайындау, сақтау және аптека арқылы босату туралы ілім. Алға қойылған мақсатына қарай дәрігерлік және фармацевтикалық болып бөлінеді. 2.Фармация - комплекс тәндерді қамтиды: фармацептикалық химия, фармакогнозия, дәрілік заттарды дайындау технологиясы, фармацептикалық істі ұйымдастыру және оның экономикасы. Оның ішінде фармацептикалық химияның алатын орны ерекше: дәрілік заттарды алу тәсілдерін, олардың қасиеттері мен сапасына анализ жасау әдістерін оқытумен айналысады. 3.Фармакокинетика - бөгде заттардың организмнің ішкі ағзаларда таралуының кинетикалық заңдылықтарын оқытатын ілім. Дәрілік заттардың организмге сіңуінің, таралуының, метаболизмінің және экскрециясының кинетикасын

6

Page 7: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

зерттейді. Олардың организмге фармакологиялық, терапевтикалық және токсикалық әсерлерін анықтайды. 4.Клиникалық фармакология - дәрілік заттардың организммен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім. Негізгі мақсаты — жаңа препараттарды клиникалық тексеруден өткізу, ескі препараттарға қайта баға беру, тиісті ауруларды емдеу үшін препараттарды таңдап алу, олардың пішіні мен организмге жіберу жолдарын анықтау, әсерін мониторлы қадағалау, кері әсерлерінен сақтандыру. 5.Токсикология - улар, олардың қасиеттері мен әсерлері, емдеу және алдын алу туралы ілім. 6.Фармакогенетика - жеке малдың дәрілік заттарға генетикалық тұрғыдан сезімталдығын, организмнің қалыпған тыс жауабының алдын алу, оны реттеу (коррекция), дәрілік заттардың мутагендік әсерін зерттеу. 7.Радиациялық фармакология радиациялық лас жағдайында организмге әсерін зерттеу. 8.Психофармакология - дәрілік заттардың орталық нерв жүйесіне әсерін зерттеу. 9.Биохимиялық фармакология - организмдегі биомолекулалар мен дәрілік заттардың өзара реакцияларын зерттеу. Негізгі мақсаты - бірінші фармакологиялық реакцияның химизмін анықтау. 10.Стресс-фармакология - организмнің стресс жағдайын дәрілік заттар арқылы реттеу (коррекция), стресске қарсы қолданылатын препараттарды тиімді қолдану әдістерін іс жүзінде тексеріп, тәжірибеге енгізу. 11.Иммунофармакология - дәрілік заттардың организмнің иммундық статусына әсерін зерттеу.Негізгі мақсаты - жаңа иммуностимуляторлар мен иммунодепрессанттарды іздеп табу, оларды қолданудың керекті үлгісін жасау. 12.Экологиялық фармакология - дәрілік заттардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу, олардың экологияға кері әсерлерін азайту жолдарын, тәсілдерін іздеп табу, іске асыру. Фармакологияның дамуының қазіргі кезеңінде әсіресе генетикалық және экологиялық фармакология бағыттарына көп көңіл бөлінуде. Сыртқы органы сақтап қалу және планетадағы өмірді қорғау осы екі бағытқа тікелей байланысты. Жаңа препараттарды шығару жөнінде фармакология және фармацептикалық өндіріс XX тасырдың екінші жартысынан бері қарай көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі кезде қолданылып жүрген препараттардың 60-90 %-ы осыдан 20-30 жыл бұрын белгісіз препараттар. Дәрілік препараттарды жасап шығару өте күрделі және ұзақ процесс. Оны бірнеше сатыға бөлуге болады: Жеке, немесе комплексті дәрілік затты іздеуге жоспар құру, алынатын көзін анықтау; Дәрілік затты алу; Жаңа препаратты бірінші рет лабораториялық малдарға тексеру. Дәрілік заттың жағымсыз жақтарына көңіл бөледі: улылығына, концерогендігіне, тератогендігіне, иммуногендігіне, ауруға тиімділігіне; Жаңа препаратты тереңірек тексеру, бұрынғыбелгілі препараттармен салыстыру; Фармакологиялық комитетке тапсыру;Жаңа препаратты клиникалық тексеруден өткізу; Клиникалық тексерудің нәтижесін екінші рет фармакологиялық комитетке тапсыру; Препаратты өндірісте шығару технологиясын дайындау. Жалпы фармакология - дәрілік заттар мен организм арасындағы өзара қарым-қатынастың заңдылықтарына тоқталады; Жеке фармакология - әрбір дәрілік заттардың организмге тигізетін жеке әсерлеріне тоқталады.

7

Page 8: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Дәрілік заттардың М.Д.Машковсий, В.Д.Соколов, Г.И.Горшков, М.И.Рябинович, Н.А.Андреевалар ұсынған классификациясы кеңінен қолданылады. Ол бойынша барлық дәрілік заттар 5 топқа жіктеледі:Нейротропты дәрілік заттар;Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметтерін реттейтін дәрілік заттар;Тіндердегі зат алмасу процесіне әсер ететін дәрілік заттар;Стрессті, мал өнімін және иммундық статусты реттейтін дәрілік заттар;Микробтарға, вирустарға және тоғышаларға қарсы әсер ететін дәрілік заттар. Дәрілік заттар агрегаттық жағдайларына қарай 4 түрлі пішінде болады: қатты, жұмсақ, сұйық және газ түрінде. Олардың улылықтарына қарай: улы, күшті әсерлі және улылығы аз препараттар деп бөлінеді.Дәрілердің тиімділігі жөніндегі қорытынды клиникалық зерттеулердің нәтижесінде ғана беріледі Міне, сондықтан да клиникалық фармакологияға көп көңіл бөлінуде. Фармакологияның қысқаша даму тарихы. Қазіргі фармакология - басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйенген алдыңғы қатарлы ғылым.Әртүрлі қоғамдық таптар кезінде ол үнемі кеңейіп, толықтырылып отырылды.Тіпті өте ерте кезінде анықталған құнды деректер қазірдің өзінде де маңыздылығын жойған жоқ, әліде қолданылады. Аса бай тарихи мұрадан ең маңыздысы- дәрілік заттардың негізгі көзін ( өсімдіктерден, жануарлардан синтездеу арқылы) және олардың әсер етуі мен қолданылуын оқып- үйрену болып табылады. Осы мәселелердің барлығыда медицина мен ветеринария салаларында ортақ бола алады. Дәрілік өсімдіктерді зерттеу.Өте ертедегі тарихи мұраларды зерттей отырып, біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген адамдардәрілік өсімдіктердің адам және жануарлар организміне тигізетін әсері бар екенін білген. Сол кездерде қолданылған кей бір препараттар (еменнің қабығы, ақбас жусан,ақ тамыр дәрі) өздерінің маңызын жоймағаны былай тұрсын, қайта кейбір синтетикалық препараттарға негіз болды. Фармакологиялық тұрғыдан өсімдіктер түгелімен әсер етпейді,олардың әсер ететін құрамдас бөліктері болады.Осы құрамдас бөліктердің құрылысы мен әсер етуі жағынан осыған ұқсас қосылыстар алынады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде дәрілік заттардың жиынтығы толықтырылып, қолдану аясы кеңейе түсті. Ертедегі Үнді елінде фармакология өзіне тән ерекшелікпен және өте күшті қарқынмен дамыды.Олардың «Веда» деген қасиетті кітабында 800-ге жуық дәрілік заттар жазылған.Б.д.д. кезеңнің өзінде Тибетте ,соңынан монғол елінде фармакологиялық нұсқаулар жазылып, қазіргі кезде Тибеттік және Монғолдық медицина ретінде белгілі болып отыр.Өте ескі қолжазбаларға- біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғысыр бұрын жазылған өсімдік, жануар және минералды тектес дәрілер туралы Қытай қолжазбалары жатады.Осының бәрі ертедегі Греция мен Римдегі фармакологияның дамуына едәуір ықпалын тигізді. Осы кезеңге байланысты дәрі-дәрмектер туралы толық әрі ғылыми тұрғыдан ұтымды тұжырымды Гиппократ( Б.д.д. 4-3 ғ.ғ) ,Гален (Б.д.д. 2ғ.ғ),Абу Али ибн Сина (Авиценна 10-11 ғ.ғ.),Филиппус Теофрастус фон Гогенхейм және де басқа ғалымдар жасады. Осы азғана деректерге сүйене отырып, олар патологияның, емдеу мен аурудан жазылудың материалистік теориясын жазды және көптеген жаңа препараттарды анықтап берді. Олардың кейбіреулері осы уақытқа дейін өз маңызын жойған жоқ.

8

Page 9: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Бақылау сұрақтары.

1.Дәрілік заттарды қолданатын негізгі бағыттар. 2.Фармакологияның мақсаты мен міндеті. 3.Фармакологияның даму тарихы және басқа пәндермен байланысы.4. Фармакологияның ғылыми бағыттары.5.Дәрілік заттардың кең тараған жіктелуі.6.Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділіктерін сипаттайтын көрсеткіштер.7.Фармакологияның құрамдас бөліктері.

I Бөлім.Рецептура Дәріс №2. Жалпы рецептура және оның міндеттері.Рецепт туралы түсінік. Жоспар: 1.Рецептура туралы түсінік2.Рецептің жазылу үлгісі

Рецептура – дәрілердің жазылу ережелерін және дайындалуын зерттейтін ғылым.

Рецептура мына бөлімдерді қамтиды: 1. Дәрілік заттар.2. рецептің жазылу жолдарын анықтайды. 3. дәрілік түрлердің технологиясы. 4. дәрілердің аптекаларда дайындалуын және жіберу ережелерін қамтиды.

Дәрілік түр дегеніміз – қандайда бір дәрілік заттың жануарлар организміне қажетті түрде енуі. Дәрілер консистенция түріне қарай қатты, жұмсақ, сұйық болып бөлінеді. Фармакология – бұл жалпы мемлекеттік стандарт жиыны және тарауы, дәрілік заттың сапа нормасын зерттейді. Дәрілік заттың қай мекемеде, ұйымда қолданылуын, сақталуын, дайындалуын заң жүзінде тексеріп, зерттейді. Рецепт – ауру малға дәрілік түрдің дайындалу, жіберу, қолдану әдісін көрсету арқылы мал дәрігерінің жазбаша түрде беруі.

Рецепт – жауапты құжат болып табылады. Дәріні рецепт түрінде жазып, өткізген адам заңды түрде жауапты болып саналады.

Рецептте көрсетіледі: - дәріні қандай көлемде босату керек. - Қандай дәрілік түрде дайындау керек. - Қандай малға дайындау керек- Қандай әдіспен - Қанша мөлшерде - Қанша уақытқа дейін Рецепт анық, нақты көлемі 105*148 мм парақта жазылуы тиіс. Парақтың екі жағынан 3-4 см көлемінде қалдырылуы тиіс, бұл жерге фармацевтің

түсіндірмесі жазылады. Қатесі жөнделген рецепт қабылданбайды. Бір бланкіге 1 рецепт жазуға болады, екінші рецепті жазу үшін арасына # белгісін қою арқылы жазамыз. Егер де тез арада берілетін дәрі болса онда (citо) быстро-тез деген белгі қойылады: немесе (statum) (тoтчac) дәл қазір немесе Antidotum (противоядие) уға қарсы. Осы рецептпен аптекада дайындалып, кезектен тыс босатылады. Рецепт мына бөлімдерден тұрады:

1. Inseriptio - заглавие – кіріспе. Мұнда мекеменің мөрі, аты, адресі, телефоны кіреді. Рецепт жазылған күн – Datum.Nomen aegroti – ауру мал жайлы мәлімет малдың түрі, аты, жасы, егесі жайлы

мәлімет. Nomen medici - рецепт жазған мал дәрігерінің аты-жөні.

9

Page 10: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

2. Praepositio –мал дәрігерінің фармацевке жолдауы. Мына сөзбен – Recipe – возьми – ал қысқаша «Rp».

3. Designatio materiarum – дәрілер тізімі – бұнда даярланған дәрілер тізімі кіреді. Бұл бөлімде дәрілер латын тілінде жазылады. Әр дәрі жаңа жолдан жазылады. Жазылған дәрінің соңына мөлшері көрсетіледі.

Мысалы10 грамм – 10,05 дециграмм – 0,5 Сұйық түрлер – миллилитрмен –мл белгіленеді. Егерде мөлшерін қайталайтын

болса, ana (аа) – бірдей деген белгі қойылады. Дәрілердің белсенділігі бірлік әсермен белгіленген болса, онда граммның орнына ЕД

қойылады. МысалыBenzylpenicillinum natrii 500000 ED. Рецепте бірінші кезекте басты дәрілер жазылады. Формасын өзгертетін дәрілерді белгілі бір форма болғанша

қосады, оның мөлшері жазылмайды, сондықтан оған guantum satis – q.s – керегінше ал деп белгі қойылады.

4. Subscriptio – дәрілік форманың дайындалуын көрсету.Misce fiat – M.f – араластыр, осылай болсын.

Мысалы: M.f. pulvis – араластыр, ұнтақ болғанша. 5. Signatura - бұл “Dasigna”. D.s – босатылсын. Бұл бөлім ана тілінде жазылады.

Дәріні қалай қолдану, қанша мөлшерде, қай уақыт аралығы екені көрсетіледі. 6. Nomen medici – рецептің соңына мал дәрігерінің қолы қойылады. Рецепте мекеменің мөрі басылмаса онда, мал дәрігерінің мөрі және қолы қойылады. Улы және күшті әсер ететін заттар рецепте жазылған кезде, міндетті түрде мекеме

мөрі және мал дәрігерінің мөрі, қолы болуы тиіс. Егер рецепт қағаздың екі бетіне жазылатын болса, онда рецепт соңына Verte – аудар деген сөз жазылады.

Рецепті тағы да қолданатын болса, онда “Repetatur” – қайталансын деген сөз жазылады. Рецепте наркотикалық және улы заттар – 5 тәулікке жарамды. Ұйқы келтіретін, нейролептикалық -10 күнге жарамды. Ал қалған дәрілер -2 айға дейін жарамды болып табылады.

Рецептің жазу үлгісі

А. Жай рецептМекеменің мөрі: Рецепт жазылған күн: 20.09.08.Малдың түрі: сиырМал дәрігерінің аты-жөні: Айтжанов Rp: Calcii gluconatis 0,6D.t.d. № 6 8. Ішке. 1 ұнтақтан 3 күн.Мал дәрігерінің мөрі, қолы

Б. Күрделі рецептМекеменің аты, мөрі, адресі. Күні: 20.09.08.Малдың түрі: бұзауға Мал дәрігері: Айтжанов Rp: Natrii salicylatis 12,0

Coffeini-benzait natrii 2,0 Sirupi Simplicis 20 ml Aguae destillatae 150 ml7

10

Page 11: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

M.f. mixtura D.s. Ішкі ағзаға 1 ас қасықпен күніне 3 рет. Мал дәрігердің қолы, мөрі.Рецепт бөлінеді- Жай - Күрделі - Мөлшерлі - Мөлшерсіз Жай рецептке, тек бір дәрі, ал күрделі рецептке бірнеше дәрі көрсетіледі. Мөлшерлі рецептке, бір дәрінің қолдану мөлшері көрсетіледі. Ал мөлшерсіз бірнеше дәрінің қолдану мөлшері. Жай мөлшерлі рецепт Rp: Pulveris Streptocidi albe 0,5

Dtd № 6 S.

Күрделі мөлшерлі рецепт Rp: Phenyli, Salicylatis 0,3

Hexamethylentetramini 0,5 M.f. pulvis D.t d № 6

S. Сонымен бірге дистанционды немесе дивизионды әдіс кездеседі. Бұнда бірнеше

дәрімен қоса олардың қайталанып берілуі және оларды әр емге бөлінуі Мысалы: Rp: Streptocidi albi

Sulfadimezini aa 30,0 Farinae Secalinae et Aguae destillatae d.s. Ut.f boli № 3 D.S.

Рецепт официальді және магистральдіі болып бөлінеді. дәрігерінің рұқсатымен босатылады.

Бақылау сұрақтары.1. Рецептураға анықтама беріңіз.2. Рецептура қандай бөлімдерден тұрады?3. Рецепте не көрсетіледі?4. Рецептің жазылу үлгісі.

Дәріс №3. Дәрілік формалар.Сұйық, қатты және жұмсақ дәрілік формалар.

Жоспары:1. Сұйық дәрілік формалар2. Қаттылық дәрілік формалар туралы түсінік.3. Жұмсақ формалар туралы түсінік.

Сұйық дәрілік формалар. Ерітінділер (solutio) –сұйық дәрілік түр.Ерітінділерді сұйық,тығыз,газ түріндегі заттарды еріту арқылы алады.Ерітінді дәрілік зат үшін су,спирт,эфир майды қолданылады.Сыртқы және ішкі ағзаға қолданылатын ерітінді стерилизация

11

Page 12: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

жасалмайды.Ал,иньекцияға қолданылатын ерітінді стерилизация жасалады.Ерітіндіні түрінде көбінесе су қолданылады: А)Кәдімгі (agua communs)Б)Құдықтан (agua Fontana)В) Дистильденген су (agua destillata) Осы ерітіндіні дайындау үшін 18 г дәрілік зат m (1,5х12=18) жә-не 120мл су (10х12=120) асу қажет. Кептірілген және қою экстрактілерді және ірі кристалды заттарды ерітінді дайындауға қолдану үшін, бірінші ступкадан майдалайды,азырақ ерітінді қосып,біркелкі массаға жеткенше араластырады,кейннен қалған ерітіндімен араластырады. Фильтрлі ерітінді үшін,фильтр қағазын қолданылады,қабатталынған фильтр кең колемде фильтры және басқа,да күрделі шыны воронкалар мен орнықыштар орнатылған.Ерітіндіні жоғары температурада иньекцияларды отқа ысыту немесе асептика дайындау дәрілік заттарға байланысты. Ерітіндіні жазғанда қыстырылған және толық түрде жазылады.Қыстырылған жазу-арнайы, ол толық түрде-магистральды жазуға сәйкес келеді.Спиртті және май ерітіндісін жазған кезде міндетті түрде ерітіндісін көрсету тиіс.Егер спиртті ерітіндісін қыстырылған түрде жазылса,онда 90 этил спирті қолданылады. Ерітінді концентрациясы қысқартылып жазылса онда рецепте 3 жолмен түсіндіріледі,процентпен,қатынаспен,тараз бірлігімен. Қысқартылған рецеп түріне мысал: Ерітінді концентрациясы таразы санымен: Егер ерітінді концеентрациясы таразы көлемімен 0,04г препратынан 200 мл дистильденген суға араластырады Тұнба (Ihfusum-атау септік,жекеше түрде,Ihfusi-жекеше түрдегі ілік септік)-дәрілік өсімдіктерден су көмегімен алынған сұйық дәрілік түрі. Тұнбалар ыстық суда кейде бөлме температурасында көбінесе өсімдіктердің нәзік бөліктерін(жапырақтарын, жемістерін,гүлдерін) кейде қатты бөліктерін(тамырларын) тұндыру арқылы дайындалады.Құрғақ өсімдік материалын келіде гүлдерді,жапырақтарды,жемістерді ұсақтайды немесе пышақпен кесу арқылы (тамырды) ұсақтайды. Ұсақталған заттың мөлшері қатты бөліктері үшін 0,5-3мм,ал жұмсақ бөліктері үшін 1-55мм болуы тиіс.Инстилляция үшін инфудирлі құрылғылар қолданылады.Олар бу арқылы жоғары температуралы пайда болдыруға немесе колба немесе инфундирка маңын сумен толтыруға беймделген.Ұнтақталған өсімдік бөліктерін инфундирге салып,белгілі мөлшерде су құяды және си инфундирлі апаратына 15 минутка қояды.Содан соң колбаны бөлме температурасында 40 мин.Бойы суытып,колба ішіндегісін кенеп немесе дәке арқылы сүзгіден өткізеді және оның колемін өлшейді.Егер сүзілгенге сұйықтың (колатураның) мөлшері рецепте көрсетілгеннен аз болып шықса,оған су қосып,қайтадан қажетті көлемін алғанша сүзгіден өткізеді.Кейде тұнбаларды үй жағдайында дайындайды. Тұнбалар ішкі және сыртқы болып белгіленеді.Ішкісін қасықпен,зонда арқылы,резенкелі бөтелкемен немесе шыланған жемге қосып беріледі.Ол рецептте көрсетіледі.Сырттай ауыз қуысын шайғанда,жуғанда,компресс жасағанда беріледі. Рецептте Cito белгісі бар тұнбаларды жедел дайындау үшін өсімдіктің ұсақталған бөліктері судың белгілі мөлшерінде су моншасында 25мин бойы қайнатылады.Содан соң тұнбаны (суытып) ағынды мұздай сумен немесе тоңазғышта суытады. Қайнатпа (Decoctum-атау септік жекеше түрде, (Decoctі- жекеше түрдегі ілік септік)- су көмегімен өсімдік шикізатынан әсер етуші бастамаларды

12

Page 13: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

алу,Қайнатпаларды тұнбалар секілді су көмегімен өсімдік шикізатының бастауларын алу арқылы алады.Қайнатпаларды дайындау, жазып беру, қолдану үлгісін тұнбалароға ұқсас келеді.Айырмашылығы қайнатпаларды өсімдіктің қатты бөліктерінен дайындағанда(тамырынан). Оны жылытылған инфундирлі апаратта немесе су моншасында 30 минут қайнатқан кезде тұздар, крахмал, шырышы, пектин т,б қиын алынатын заттаар алады.Қайнатпа салқын 3-4 күн сақталады Шырыш (Mucilago- жекеше түрдегі атау септік, Mucilaginous- жекеше түрдегі ілік септік)- крахмал немесе басқа полисахаридтер суындағы қою коллоидалы ерітіндіні,Оның өсімдік материалының зығыры ұрығынан,алтей тамырынан т,б шырышты заттектерін сумен алу арқылы, шаайырды суға араластыру немесе крахмалды ыстық суда араластыру арқылы алуға болады.Бұл заттпектер көмірсуларға жатады;олар суда ери немесе ісіне отырып,қою кілегейлі сұйықтық қүрайды.Крахмалды шырышты дайындау үшін крахмалдың 1 бөлігін мұздай судың 4 бөлігімен араластырады.Содан соң ыстық судың 45 бөлігін қосып, үнемі араластыра отырып, отта ( қайнағанша) 3-5 (ұстайды) қайнатады.Суытылған күйде жіберіледі.Зығыр (ұрығынан алынған) ұрығының шырышын кішкене шыны сауытта ұрықтың 1 бөлігін ыстық судың 30 бөлігінде 15 мин.Бойы араластыру арқылы алады. Шырышты іштей, рекалды және тітіркену әсерінен бәсеңдету үшін сырттай береді, Миксутурлар (Mixture-жекеше түрдегі атау септік) –дәрілік затарды сұйықтықта еріту немесе араластыру (Mixtura-қоспа) арқылы алынатын дәрінің түрі. Еріткіш ретінде су тұнбалар қайнатпалар,шырыштар т.б алынады.Микстура құрамына қатты және сұйық дәрі түрлері кіруі мүмкін.Мистуралар түсіз және тұнбамен болуы мүмкін.Тұнбасы бар микстураларды қолданар алдында араластыру керек. Микстуралар кең көлемді рецептте жазылады.F-дайындауға қажетті ерітінді мөлшері:V-ерітіндінің қажетті концентрациясы:

Қаттылық дәрілік формалар туралы түсінік.

Таблеткалар Tabulettae – қатты дәрілік түрге жатады, арнайы қондырғыларда дәрілерді нығыздау арқылы алынады.Олар әр түрлі формада домалақ, сопақ, жұқа пластинка тәрізді және басқа да формада шығарылады.Таблетка құрамына дәрілер және қосымша (қант,крахмал,тұз,тальк) кіреді.

Таблетканы ішкі ағзаға қолданады,кейде сұйықтық түрінде қолданады.Ішкі ағзаға алдын ала сезіп жеммен, сумен береді.Бұл мал дәрігерлік практикада кеңінен қолданылатын дәрілік түр.Таблеткалар қолданғанда өте қолайлы,дәрінің ащы дәмі аз мөлшерде сезіледі.Оларды жабық ыдыстарда құрғақ жерде,жарығы жоқ жерлерде сақтайды. Олар жылтыр қабатты, түзу формада жан-жағы сынбаған болуы керек.Таблетканы сыртқы қабатынсыз 50мл суда – 15 минутта,ал сыртқы қабатпен – 30минутта ертуі керек, осы уақытта ерімесе жарамсыз болып табылады, себебі олар ас қорыту органдарында ерімейтін болады.Таблеткалар тек қана заводтарда даярлайды.

Таблеткаларды 2түрде рецепт жазады.Бұзауға

Rp: Analgini 0,5Dtd № 10 in tabulettis S.Ішке бір таблеткадан күніне 3рет.

Rp: Tabulettae Analgini 0,5Dtd № 10S.Ішке бір таблеткадан күніне 2рет.

13

Page 14: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Түйірлер – қатты дәрілік түр,түйірлеу арқылы алынады, көмекші зат қант,крахмалл,ұн ретінде қолданады.Ішкі ағзаға беріледі.Массасы 1гр-нан аспауы керек.Түйірлер – бірдей формада жылтыр қабатты бірдей бояуда болуы тиіс.Витаминдер,таблеткалар осы түйірлер формасында болып келеді.

Капсулдар- сыртқы қабығы бар дәрілік зат.Қабықтың ішінде мөлшерленген сұйық,тұтқыр,қатты дәрілік заттар болады. Капсулаларды фабрикаларда жасайды.Капсулдар мынадай түрлерге бөлінеді:Крахмалды капсулдар – оларды крахмалдан немесе ұннан дайындайды.Желатинді капсулдар –желатиннен даярланады.Бұл капсулдар ішкі ағзада еритін болады.

Ұнтақ (Pulvis) – құрғақ, төгілмелі дәрінің түрі, ішкі және сыртқы ағзаға қолданылады.Ұнтақты тығыз дәрілік затты арнайы ыдыста немесе арнайы машинада ұнтақтау арқылы алады.Ұнтақталған затты арнайы үккіштен өткізеді.Шамасына қарай:ірі,майда,ұсақ ұнтақ болады және жеке бір ғана дәрілік заттан немесе күрделі бірнеше дәрілік заттан тұрады.Өлшеулі ұнтақтар ішкі ағзаға қолданылады,өлшеусіз ұнтақтар жараға сыртқы ағзаға жұқа қабатқа қолданылады.Дәрілік затты қағазға пакет түрінде орайды.

Мөлшерсіз ұнтақтар – рецепте қатерсіз, улы әсер етуі төмен ұнтақтар жатады, олардың мөлшері анық мөлшерленбейді.

Мөлшерлі ұнтақтар – негізінен улы күшті әсер ететін ұнтақтардан тұрады, сондықтан нақты мөлшері көрсетіледі.

Дәрілік жиынтық – кептірілген ұнтақталған дәрілік шөптердің жиынтығы.Дәрілік шөптің әр бөлігінің латынша атауы.Шөп-HerbaЖапырақ- FoliumГүл- FlosТұқым-FructusҰрық-SemenТамыр-RadisТүбіртек-Cortex Дәрілік жиынтыққа жататын өсімдіктер көбінесе тұтқырлық, іш өткізгіш, зәр

айдағыш заттар ретінде қолданылады. Дәрілік жиынтыққа улы, күшті әсер ететін заттар қолданбайды.Жиынтық ішкі ағзаға құрғақ күйінде жеммен немесе тұнба, қайнатпа ретінде, ал сыртқы ағзаға вена түрінде,сұйықтық түрінде қолданады.

Болюс-Bolus – нан тәрізді болып келген дәрілік түр.Болюс дәрі және формасын өзгертетін заттардан тұрады.Формасын өзгертетін заттарға

- қара ұн (Farina Secalina)- алтай тамырының ұнтағы (Pulvis Radicis Althaeae)- ақ балшық (Bolus alba) жатады.

Сұйық зат ретінде дистилденген су, қайнаған су, су құбырындағы су (Agua destillata,cocta,fontana),сироптар – (sirupus simplex-жай қант сиропы) спирттер,сабын (sapo viridus)-жасыл сабын, экстрактілер қолданады.Болюстің массасы 0,5-50гр дейін болады. Болюсті арнайы болюс беретін құралмен береді.Болюсті 1-2күн аралағанда береді,одан кейін беруге жарамсыз болып қалады.

Жұмсақ формалар туралы түсінік.

14

Page 15: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Жағылмалар- дәрінің түрі. Жұмсартқыш дәрі – қабынған ұлпалардың кернеулігін төмендететін, оларды сыртқы тітіркендіргіштерден қорғау үшін қолданылатын майлар және май тәрізді заттар. Оларды көбінесе теріні неғұрлым жұмсарту, ал ойық жараға айналғанда, күйікте және жарақаттануда сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтандыру және жазылу процесін жеделдету үшін теріге жағады. Сыртқы ағзаға қолданылады. Вазелин тәріздес болып келеді.Жағылмалы дәрілік заттың формасын өзгертетін заттарға вазелин майы (vaselini) шошқаның тазартылған майы ( Adeps suillus depuratus), ланолин ,вазелин қолданылады.Майлардың тығыздығы өлшем бірлігінен аз(0,905-0.999).Суда олар ерімейді,бірақ олардың өзі ылғалды тарта алады. Майларды сумен бірге кілегей және белоктық заттарды қосып мұқият ысқылап жаққанда май ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер кілегеймен немесе белоктық заттармен жұмарланып,төзімді бір өлшемді салмақ – эмульсия түзеді.Жұмсақ күйден сұйық күйге және одан кері күйге ауысу бірте-бірте болады, мұның өзі заттың терімен байланысы үшінде өте бағалы. Балқу температурасы дене температурасына жақын жұмсартқыш заттардың неғұрлым зор мәні бар. Олар табиғи жағдайда өзінің жұмсақ консистенциясын сақтайды.Ал дене температурасында бірте-бірте балқып теріге сіңеді.Майлар ыдырағанда жергілікті тітірдендіргіш әсер ететін, ал сіңгеннен кейін тым улы заттар түзеді.Бактериялардың және ылғалдылықтың әсерінен майлар мен сұйық майлар, қышқылдар мен глицериннің түзілуіне байланысты ыдырайды,бұл орайда олар жағымсыз иіс пен дәмге ие болады (тоңмай мен майдың «ащылануы»). Жағылмаларды, заводтарда мацерацин және ерітіндінің дайын экстрактілерімен жасайды.Жағылмаларды ұзақ сақтауға болады. Жағылмалар жай және күрделі болып бөлінеді.Жай жағылмалар бір ғана дәрілік түрден тұрады, ал күрделі жағылмалар 2 немесе одан көп құрамды дәріліктерден тұрады. Жай жағылмалар толық және қысқартылған түрінде жазылады.Қысқартылған түрімен жазғанда алдымен жағылмалар, жағылманын аты концентрациясы және саны жазылады. Дайындалуы:Дәрілік затты алып. Ступкадан езіп, сосын формасын өзгертетін зат қосамыз.Құрамында күрделі зат бар жағылмалар арнайы машиналарда дайындалады. Ал жай жағылмалар аптекада қолымен

Бақылау сұрақтары.1. Сұйық дәрілік заттар.Түрлері.2. Қатты дәрілік заттар.Түрлері.3. Жұмсақ дәрілік заттар. Түрлері.

15

Page 16: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

II Бөлім. Жалпы фармакология. Дәріс №4 Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары,дәріні мөлшерлеу.

Жоспары:1. Жалпы фармакология.2. Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары.3. Дәріні мөлшерлеу.

Жалпы фармакология. Жалпы фармакология дәріл ік заттардың т ір і организммен қарым-қатынасының заңдылықтарын оқытатын ілім. Ол үшін дәрілік заттардың фармакокинетикасын (грекше: рһаrmaсоn - дәрі, кіпео- қозғау) және фармакодинамикасын (dinamis- күш) толық меңгеру керек. Фармакокинетика - дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын, олардың организмде орналасу жерлерін, организмдегі заттармен реакцияласу арқылы түзілетін метаболизмдерін, сіңуін және организмнен бөл іну ін түсіндіретін фармакологияның бөлімі. Фармакодинамика - организмге түскен дәрілік з аттардың орналасуын, әсер ету механизмін, оның мөлшеріне байланыстылығын, жағымсыз әсерлерін және организмде болатын биологиялық тиімділікті оқығатын фармакологияның бөлімі. ФАРМАКОКИНЕТИКА. Дәрілік заттарды организмге енгізу жолдары. Дәрілік заттардың күші , жылдамдығы және әсер ету ерекшеліктері оның мөлшеріне ,резорбциялану жолына дәрілік заттың пішініне және егу жолдарына көп байланысты.Дәрілік заттардың сіңірілуі немесе резорбциялануы дегеніміз олардың ұлпа қабатттары арқылы лимфаға немесе қанға енуі. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін қолданылатын барлық дәрілік заттарды әртүрлі пішінде организмге енгізеді, немесе тері не кілегей қабықтары арқылы сіңіреді. Дәрілік заттардың сіңу жылдамдығы, әсер ету күші мен өзгешелігі олардың пішіні мен жіберу жолдарына тікелей байланысты. Дәрілік заттардың тін қабаттары арқылы лимфа мен қанға сіңуі олардың резорбциялық әсерлері ретінде сипатталады. Ол тіндердің кедергілік функцияларына және дәрілік заттардың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты құрбылыс. Сондықтан да дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын таңдап алу дәрігердің алдында тұрған жауапты кезеңнің бірі. Дәрілік заттарды организмге жіберудің бірнеше жолдары бар. Оларды ас қорыту жүйесінің жолдары арқылы (энтералды) және одан басқа жолдар арқылы (парэнтералды) деп бөлуге болады. Малдарға дәрі жіберудің ең қарапайым, кең тараған, қолайлы түрі ауыз қуысы арқылы жіберу. Бұл жағдайда дәрілердің организмге сіңуі асқазаннан басталады да, көбінесе жіберілген дәрілік заттармен түйісетін үстіңгі бетінің көлемі аумақты, қанмен жақсы қамтамасыз етілген ащы ішектерде негізгі бөліктері сіңіп, тарайды. Дәрілердің сіңуі торша мембраналарының саңылаулары арқылы және ол жердегі қысым айырмашылығына байланысты іске асады. Дәрілердің сіңу жылдамдығы кілегей қабықтардың функционалдық жағдайларына, асқазан мен ішектердің жиырылу белсенділіктеріне, органның қышқылдығына және олардағы ас қалдығының мөлшері мен сапасына тікелей байланысты болады. Ескеретін бір жағдай, дәрілік заттардың жалпы қан айналысына түспес бұрын, ішекте сіңгеннен кейін бауырға барып бейтараптануы, немесе өтпен бөлінуі мүмкін. Ал кейбір дәрілерді ас қорыту жүйесінің ферменттерінің

16

Page 17: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

әсерінен бүлінетіндіктен ауыз қуысы арқылы беруге болмайтынын ескерген жөн. Мысал ретінде адреналин, инсулин, бензилпенициллин және т.б. препараттарды келтіруге болады. Ас қорыту жүйесінің к і л е г е й қабықтарының рецепторларын қатты тітіркендіретін дәрілерді ауыз қуысы арқылы беруден төмен. Малдәрігерлерінің әртүрлі пішінді дәрілерді беру үшін қолданатын аспаптары бар. Оған жататындар: қасық, резина түтігі, зондтар, қалақша, болюс бергіштер, резина бөтелкелері, шприцтер және т.б. Көптеген дәрілік заттарды малдың азығына қосып берген өте қолайлы.Бұл әдістердің қолайсыз жағдайы сол, берілген дәрілік заттардың 50 %-ына дейінгісінің ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлерінен белсенділігі жойылады. Сондықтан олардың мөлшерін басқа әдістерге қарағанда 1,5-2 есе көбейтіп жібереді. Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесі арқылы жіберудің е к і н ш і түрі оларды тік ішек арқылы енгізу. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың 50 %-дай мөлшері бауырға соқпай, тікелей қан айналысына түседі. Олар ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлеріне ұшырамайды. Дәрілердің сіңуі қарапайым диффузия заңына бағынады. Дәрілік заттарды ерітінді түрінде Эсмарх, немесе резина; ыдыстар арқылы резина түтікшелерін қолданып, не микроклизма ретінде жібереді. Ірі малдарға 2 л-ге дейін, ал ұсақ малдарға - 5-10 мл ерітіндіні жіберуге болады. Дәрілік заттарды күйіс қайыратын малдардың месқарнына басқа әдістерден нәтиже болмаған жағдайда жібереді. Парентералды әдістердің ішінде малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері терінің астына, еттің ішіне және венаға жіберу әдістері. Дәрілік заттарды венаға жібергенде оның әсері басқа әдістерге қарағанда жылдамырақ болады. Терінің астына және еттің ішіне тітіркендіргіш қасиеті бар дәрілерді жіберуге болмайды. Ондай дәрілік заттар ұзақ уақыт ауырсынғандық, қабыну процессін тудырады, кейде жергілікті өлі еттену құбылысының пайда болуы да мумкін. Дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін ұзарту үшін пролонгаторлар қолданылады. Терінің астына дәрілік заттардың судағы және майдағы ерітінділері жиі, ал спирттегі ерітінділері сирек жіберіледі. Жылқылар мен ірі қара малдарының мойын тұстарына, қойлардың ішкі шабына, шошқаларға құлағының арты мен ішкі шабына, иттер мен мысықтардың қабырға, немесе ішкі шап тұстарына жіберген дұрыс. Ірі малдарға 2-20 мл, ал ұсақ малдарға 0,5-2 мл мөлшерінде жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері 5-15 минуттан кейін біліне бастайды. Осындай түрдегі ерітінділерді еттің ішіне де жіберуге болады. Көбінесе малдың жая, иық, төс бұлшық еттеріне жіберіледі. Дәрілік заттардың әсері тері атына жібергеннен 2 есе жылдамырақ білінеді.Дәрілік заттарды венаға, немесе артерияға өте сақтықпен жіберген жөн. Ол үшін дәрігердің өзіндік тәжірибесі болғаны дұрыс. Қан тамырларына толық ерімейтін, майлы, тітіркендіргіш, қанды ұйытатын, эритроциттерді ерітетін дәрілік заттарды жіберуге болмайды. Әдіс арнайы шприцтер мен аппараттар (Жанэ шприці, Бобров аппараты) арқылы орындалады. Жылқыларға, ір і қара малдарына, қой, ешкілерге мойын көк тамыры мен қарын тұсының тері асты венасына; шошқалар мен қояндардың құлақтарының венасына; иттердің жамбас және жіліншік тері асты веналарына жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері бірден білінеді.Дәрілік заттарды артерияға жіберу өте қүрделі әдіс болғандықтан малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылады.Дәрілік заттарды, әсіресе төлдерге, венаға жіберу мүмкін болмай қалған жағдайда, төс сүйегінің ішіне жіберуге болатынын да есте сақтаған жөн.

17

Page 18: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Дәрілік заттарды құрсақ қуысына, плевраның ішіне жіберу әдістері де бар. Бұл әдістер сирек қолданылса да, кейбір ауруларда малдәрігерінің арсеналындағы таптырмайтын әдістер. КЕЙІНГІ кезде, әсіресе тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу, алдын алу шаралары ретінде, жиі ұсынылып жүрген әдістердің бірі - дәрілік заттарды бу немесе аэрозоль, ретінде дем арқылы жіберу әдісі. Малдардың өкпелерінің сору бетінің көлемінің үлкендігін және альвеоллалардың капилляр қан тамырларымен жақсы коректенетінін ескерсек, онда дем арқылы келген дәрілік заттардың қанта тез тарайтынына күман болмаса керек. Бұл әдіспен жіберілген дәрілік заттар жергілікті (өте ұсақ бөлшектерге ыдыратылған сульфаниламид немесе антибиотиктердің бөлшектері танау қусынан бастап микробтарға қарсы әсер ете бастайды), рефлекторлы (қақырық түсіруі) және резорбтивті (қанға сіңу арқылы) әсер етеді. Дәрілік заттарды дем арқылы жіберудің де бірнеше әдістері бар. Солардың ішінде ауру малдарды топтап емдеу үшін қолданылатын аэрозоль-, оксигенозоль арқылы емдеу әдістерінің малдәрігерлері үшін алатын орындары ерекше. Бұл әдістердің ғылыми негізін дәлелдеп, іс жүзіне асыруда Омскінің малдәрігерлік және Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институттарының ғалымдарының қосқан үлестері өте зор.Малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылатын, бірақ білуге керек әдістердің қатарына отиттерді (құлақ қабынуларын) емдеу үшін қолданылатын малдардың құлағына дәрі тамызу, иттерге қолдануға болатын жүрек қуыстарына дәрі жіберу әдістері жатады.Теріге, кілегей қабықтарға жату арқылы майлар, пасталар, линименттер, ұнтақтар, ерітінділер, эмульсиялар, балауыз дәрілер, шарлар, таяқшалар қолданылады. Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер дәрілік заттарды шашырату, олармен жуу, оларға шомылдыру. Ол үшін арнайы шашыратқыштар, гидропульттар, аппараттар, машиналар пайдаланылады.Дәрілік заттарды инъекция арқылы жіберу әдісінің түріне оларды электрофорез арқылы жіберу әдісі де жатады. Малдың терісін, кілегей қабытын жарақаттамай, электр тоғының оң және сол полюстерін пайдалана отырып, белгілі бір зарядтағы дәрілік заттарды мал организміне енгізу. Дәрілік заттарды енгізу үшін қолданылатын электродтардың орналасқан жерлерінде дәрілер шоғырланып, ұзақ уақыт әсер етеді.Кілегей қабықтардың рецепторларын қатты тітіркендірмейтін кейбір дәрілерді көздің, немесе мұрын қуысының кілегей қабықтарына тамызу арқылы қолдану әдісі де ғылыми тұрғыдан дәлелденген. МІНЕ, қысқаша, малдәрігерлік тәжірибеде дәрілік заттарды организмге жіберу үшін қолданылатын әдістерге жататыны осылар. Фармакодинамика - Дәрілік заттардың организмдегі биологиялық тиімділігі және олардың әсер ету механизмі. Басқаша айтқанда - дәрілік заттардың организмде тудыратын өзгерістерінің комплексті түрі. Мұндай өзгерістер торша аралық құрылыстарда болады да, ағзалар мен жүйелердің физиологиялық функцияларын қалпына келтіреді, организмнің қорғаныс реакциясын белсендендіреді, фермент процесстеріне оң әсер етеді, малдардың өнімділігін арттырады. Бұл өзгерістер фармакологияның белгілі бір заңдылықтары арқылы іске асады. Дәрілік заттардың көптеген рецепторлармен, торшалармен, тіндермен ағзалармен, жалпы организммен өзара қарым-қатынасы фармакодинамикалық реакцияларды тудырады.

Дәрілік заттардың мөлшерін (дозасын) анықтау принциптері. Малдәрігерлерінің тәжірибелеріндегі ең жауапты кезеңдер - дәрілік заттардың мөлшерін және жіберу жолдарын дұрыс анықтай білу. Олар өте көп жағдайларға байланысты болып келеді. Организмге жіберілген дәрілік заттың мөлшері мен

18

Page 19: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

химиялық құрылысы оның фармакодинамикалық тиімділігін, даму жылдамдығын, әсерінің ұзақтығы мен нақтылығын анықтайтын көрсеткіш. Доза - организмге белгілі бір мақсатпен жіберілетін дәрілік заттың мөлшері. Олардың мөлшері бір реттік, тәуліктік, курстық болуы мүмкін.Барлық дәрілік заттардың, оның ішінде организмнің өзі синтездейтін дәрілік заттардың да (гормондар, ферменттер, АҮФ және т.б.), жағымды және жағымсыз әсерлері бар. Мұндай әсерлері әсіресе олардың химиялық құрылыстарына, жіберу мөлшеріне көңіл бөлмегенде жиі кездеседі. Фармакодинамикалық тиімділіктеріне қарай дәрілік заттарды мөлшері (дозасы) бойынша төмендегідей жіктеуге болады: Ең төменгі (тіп) дозасы - фармакодинамикалық және фармакотерапевтикалық тиімділігін нашар білдіретін дәрілік заттың мөлшері. Фармакопрофилактика үшін қолданылады; Тиімді, оптималды дозасы - жағымсыз әсері жоқ, жоғарғы терапевтикалық тиімділікті толық қамтамасыз ететін дәрілік заттың мөлшері. Малдәрігерлік тәжірибеде емдеу үшін жиі қолданылатын доза; Жоғарғы терапевтикалық (тах) дозасы – жоғарғы терапевтикалық тиімділік көрсететін, сонымен қатар жағымсыз (уландыру) әсерін тудыратын дәрілік заттың мөлшері. Дәрілік заттардың ең төменгі дозасы мен жоғарғы терапевтикалық дозаларының арасы терапевтикалық кеңістік деп аталады. Неғұрлым терапевтикалық кеңістік жоғары болса, ондай дәрілік заттың тірі организммен қатынасы төменірек болады да, ондай дәрінің жоғарғы терапевтикалық дозасынан қауіп-қатер аз болады.Организмде қайта қалпына келмейтін өзгерістер тудыратын дәрілік заттың дозасы өлтіру (леталды) дозасы деп аталады.

Бақылау сұрақтары.1.Жалпы фармакология нені оқытатын ілім?2.Фармакокинетика дегеніміз не?3.Фармакодинамика дегеніміз не?4.Дәрілік заттарды организмге жіберу жолдары, олардың ерекшеліктері.5.Дәрілік заттардың мөлшерін анықтау принициптері.6.Дәрілік заттардың әсер ету механизмі.

III Бөлім Жеке Фармакология. Дәріс №5 Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар.

Дезинфекция.

Жоспары: 1.Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар. 2. Дезинфекция. Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың ену нәтижесінде пайда болады.Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді: жұқпалы аурулар(қоздырғыштары - микробтар),протозойлы аурулар (қоздырғыштары - протозойлар), гельминтоздық аурулар (қоздырғыштары -гельминттер) және экотопаразитарлық аурулар (қоздырғыштары –шыбын-шіркейлер мен кенелер). Бұл ауруларға қарсы күрестегі негізгі шаралардың бірі ол қоздырғыштарды жою болып табылады.Мұндай мақсаттар үшін бактерицидті ,протозоацидті,

19

Page 20: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

инсектицидті және гельминтоцидті дәрілік заттар қолданылады.Бактерицидтік (bacteria-таяқша, coedo-өлтіру)- деп бактерияларды жоятын әртүрлі дәрілік заттарды атайды.Дәрілік заттар қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне әсер ететіндіктен вирусоцидтік, микоцидтік , спороцидтік және тағыда сол сияқты көптеген терминдер қолданылады. Кейбір дәрілік заттар белгілі бір аурулардың қоздырғыштарына ғана нәтижелі әсер ететіндіктен «стрептококкоцидтік», «сальмонелоцидтік» деген терминдерді де қолдануға тура келеді.Бактерицидтік заттар микробтардың тіршілігіне әртүрлі дәрежеде әсер етеді:олардың кейбіреулері микробтарды толық өлтіреді де, ал басқа біреулері тек қана олардың өсіп-өнуін тоқтататындықтан, біріншілерін бактерилитикалық,ал екіншілерін- бактериостатикалық деп атайды. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортада,малдардың терісінде, клегейлі қабаттарында, жарақаттарында, сонымен бірге қанда және ішкі мүшелерінде болуы мүмкін.Аурудың қоздырғыштарын сыртқы ортада жою- дезинфекция деп аталады да, ал дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы заттар дейді. Қоздырғыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал сол үшін қолданылатын заттарды антисептикалық,организмде жоюды химиотерапия, сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар деп атайды. Әртүрлі дәрілік заттардың микробтарға және паразиттерге қарсы әсер ету механизмі де әртүрлі келеді.Олар препараттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне ,қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне және олардың даму ортасына байланысты болады. Микробтарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жалпы заңдылықтарын ескере отырып, оларды үш топқа бөлуге болады.Олардың ішіндегі кейбіреулері (бейорганикалық қышқылдар, ерітінділер, хлор препараттары және басқалары) органикалық және бейорганикалық қосылыстарды, сонымен бірге де ыдыратады. Мұндай заттар сыртқы ортаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданылғанымен, антисептикалық мақсаттар үшін қолданылуы шектеулі келеді. Екінші топтың препараттары органикалық заттарды ыдыратпайды және бейорганикалық қосылыстарменде байланыспайды.Олар тек қана торша цитоплазмасының тіршілігін бәсеңдетеді ( фенолдар,крезолдар және т.б.) ,бірақ торшаға қарағанда аурудың қоздырғышына әсері күштірек болады. Үшінші топтың заттары микроптар үшін өте маңызды, ал жануарлар үшін онша маңызды емес, дегенімен, олар биохимиялық құбылыстардың жүруін бұза отырып микробтарға қарсы әсер етеді. Мұндай заттарға антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар және басқалары жатады. Бұлардың жануарлар өмірі үшін қауіптілігі жоқ, өйткені олардың тіршілігі үшін аса қауіпті концентрациясы бактерицидтік концентрациясына қарағанда жүздеген, тіптен мыңдаған есе жоғары болады. Сондықтанда мұндай заттардың химиотерапевтік және антисептикалық мақсаттар үшін кең қолданылуы заңды да.Микробтарға қарсы әсер ететін заттарды тағайындау алдында, олардың қоздырғыштардың қандай түрлері үшін уытты,қандай концентрация мен мөлшерде нәтижелі екенін білу керек. Дезинфекция (франц. Des- қарама-қарсы жалғау және лат.infectio-инфекция) дегеніміз адамдармен жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын қоршаған ортада жою.Белгілі бір аурудың барлық қоздырғыштарының тіршілігін жоятындықтан оны көп реттерде зарарсыздандыру деп те атайды. Дезинфекция ауруды алдын алумен жұқпалы ауруларды жою үшін жасалынатын ең маңызды шаралардың бірі,бірақ ол көптеген жағдайларды ескеріп жасағанда ғана ойдағыдай нәтиже береді. Ең бастысы жұқпалы ауруды тарататын қоздырғыштың ерекшелігін білу. Дезинфекциялық заттарға төзімділігі бойынша оларды спора түзетіндер жіне спора түзбейтіндер деп

20

Page 21: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

бөледі. Дезинфекциялық заттардың микроптарға қарсы әсері жақсы болу үшін және ауру қоздырғыштарын толық жою үшін дезинфекция жасалынатын жерді алдын – ала жақсылап дайындайды. Дезинфекция үшін сілтілер, қышқылдар, карбонаттар, хлор, йод және формальдегид препараттары күшті тотықтырғыштар,фенолдармен крезолдар , ауыр металдардың тұздары және басқада заттар қолданылады.

Бақылау сұрақтар.1. Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар.2. Дезинфекция жасалу тәртібі.3. Дезинфекцияның түрлері.

Дәріс №6. Антисептикалық,антигельминттік ,инсектоакарацидтік дәрілік заттар Жоспары:

1. Антисептика.2. Антигельминтиктер.3. Инсектоакарацидтер.

Қазіргі түсінік бойынша антисептика дегеніміз (грек. anti-қарсы ,sepsis-шіру, шіруге қарсы әсер) жануарлардың терісіндегі, кілегейлі қабықтарындағы және жарақаттарындағы патогенді микроорганизмдерді жою.Антисептика – жергілікті және жалпы инфекция мен интоксикацияның алдын алуға арналған шаралардың жиынтығы.Мұны өткізгенде бактерицидтік әсері бар дәрілік заттардың маңызы зор. Антигельминттік заттар (anti-қарсы, helmins-құрт) дегеніміз жануарларды гельминттерден арылту үшін қолданылатын дәрілік заттар.Паразиттің биологиялық ерекшелігіне ,құрылымына және тіршілік ететін жеріне байланысты әртүрлі дәрілік заттар қолданылады. Антигельминтиктер - адамдар мен малдардың гельминттерімен күресу үшін қолданылатын химиялық немесе биологиялық негіздегі препараттар.Бұл топқа жататын препараттардың бірнеше классификациялары бар. Солардың ішіндегі ең қолайлысы ас қорыту жүйесінің жолындағы гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар мен тіндерде орналасатын гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар деп бөлу. Сонымен қатар гельминттердің түрлеріне қарай бөлінеді:Трематодтарға қарсы қолданылатын трематоцидтер;Цестодоттарға қарсы қолданылатын цестодоцидтер;Нематодтарға қарсы қолданылатын - нематодоцидтер. Әртүрлі антигельминтиктердің әсер ету механизмдері де әртүрлі: фенасал, камала, еркек қырыққұлақ препараттары жалпақ құрттардың нерв- бұлшық ет жүйесін салдандырады; жапқыш тіндерін, бөлу жүйесін бллдіреді;тетрамизол гельминттерде гликолиз процессін тежейді;пиперазин тұзы адренореактивті жүйеге әсер етеді. Антигельминтиктер қолданылған малды орташа алғанда 30 күннен кейін союға рұқсат етіледі. Препараттардың жағымсыз әсерлеріне жататындар: нефротоксикалық әсері - төртхлорлы көміртегі- фотосенсибилизация - фенасал, фенотиазин; гепатотоксикалық

21

Page 22: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

әсері - тиабендазол, пиперазин; канцерогендік әсері - күшәлә препараттары; мутагендік әсері - төртхлорлы көміртегі күшәлә препараттары; тератогендік әсері - альбендазол, парбендазол,мебендазол, тетрамизол метаболиттері. Трематоцидтер. Гексахлорпараксилол. Суда ерімейтін, аздаған өзіне тән иісі бар, дәмсіз, ақ түсті ұсақ ұнтақ. Қазіргі кезде алынған жаңа түрі - гексихол.Уланудың алдын алу үшін дегельминтизация кезінде азыққа хлорлы натрий тұзын қосу керек; никотин қышқылы мен кальций препараттарын жібереді. Майларды, кофеинді қолдануға болмайды. Дисалан. Суда ерімейтін, ацетон мен ацетонитрилде жақсы еритін, түссіз кристаллды ұнтақ. Жақсы сіңеді, белсенді заты қанның сары суындағы белоктармен тығыз байланысады. Негізінен 90 %-ы нәжіспен, 1 % -ы зәрмен бөлінеді. Фазинекс. Суда ерімейді, метанол мен органикалық ерітінділерде ериді. Фенол иісі бар суспензия. Әсер ету механизмі фумараз редуктазасын және гельминтердің микротубулярлық функциясын қажытуымен сипатталады. Препарат ас қорыту түтікшесінде сорылады, сулъфоксид пен сулъфонға айналады. Цестодоцидтер. Фенасал. Суда нашар еритін; спирт, ацетон, сірке қышқылында жақсы еритін; сарғыш түсті ұнтақ. Терапевтикалық дозада буаз қойлаған да зияны жоқ. Терапевтикалық индексі = 50. Қойларға топты түрде қолдануға болады. Өндірісте фенадек, фенапидон, ликвофен түрлерінде шығарылады. Нематодоцидтер. Пиперазин тұзы. Бірнеше тұздары белгілі: пиперазин-адипинат, пиперазин-сульфат, пиперазин-фосфат, пиперазин-гексагидрат. Иіссіз, ақ түсті, кристаллды ұнтақ. Әртүрлі деңгейде ериді. Улылығы төмен, тиімділігі жоғары. Тетрализол. Суда, этанолда, метанолда, хлороформда еритін; ақ түсті; кристаллды ұнтақ. Оңға, солға айналдыратын екі изомерден тұрады. Солға айналдыратын изомері - левамизол белсендірек. Әрбір малға жекелей тағайындайды. Ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің нематодтарының ересек түрлеріне тиімділігі жоғары. Препарат қолданылған малдың сүтін бірден азық ретінде қолдануға болмайды. Көзден жас ату, сілекей ату, демікпе, құсу тәрізді жанама әсері бар. Ірі қара малында парентеральды жіберген жерінде ісік пайда болады. Сондықтан ондай әдісті қолданбаған жөн. Мебендазол . Құмырсқа қышқылында жақсы еритін, сарғыш түсті ұнтақ. Нематодтардың көміртегін пайдалануын тежейді. Венгрия фирмасы мебенвет гранулятын шығарады. Құрамында 10 % мебендазол, 20 % сахароза, 35 % крахмал, 25 % лактоза бар. Фенотиазин. Суда ерімейтін; ацетон, бензол, эфир, спирттерде еритін; сұрғылт-жасыл түсті ұнтақ. Улылығы жеке малдардың ерекшеліктеріне байланысты. Адам, жылқы өте сезімтал; қой мен құстар төзімді. Емдеген кезде асқыну болса, онда кілегейлі қайнатпа, іш өткізетін тұздарды ауыз қуысы арқылы; гипосульфит, глюкоза, хлорид немесе глюконат кальцийді венаға; кофеин, коразол, камполон, антианеминдерді терінің астына; дерматитте -десенсибилизирлеуші майларды қолданады. Азыққа белокты заттарды қосады. Фебендазол, панакур, аксилур. Суда ерімейтін, иіссіз, дәмсіз, қоңыр түсті ұнтақ. Диметилсульфоксидте, диметилформамидте ериді. Препараттың организмге зияны жоқ. Химиотерапевтикалық индексі 20-дан жоғары. Ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің көптеген нематодтарына белсенді. Алдымен аз топ малдарға тексеріп барып, олар қанағаттанарлықтай жағдайда болса ғана көп малдарға қолданады. Инсектоакарицидтер- зиянды жәндіктермен және кенелермен күресу үшін бірдей қолданылатын химиялық және биологиялық негіздегі препараттар. Бұл препараттарды төмендегідей белгілеріне сүйене отырып жіктеу ұсынылған: қолдану мақсаты мен қолданылатын саласы - өндірістік классификация;тоғышардың организміне ену қабілеттілігі, әсер ету механизмі;химиялық құрамы; жылы қанды жануарларға әсер ету деңгейі.

22

Page 23: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Препараттардың тоғышардың организміне ену қабілеттілігі, әсер ету механизмі жөнінен топтасуы:контакты, жәндіктің кез келген жеріне тигенде оны өлтіретін препараттар;ішекті, зиянды жәндіктерді ішектің ішінде уландыратын препараттар;жүйелі, өсімдікке оның тамыр жүйесі арқылы сіңетін, онымен қоректенген жәндікті өлтіретін препараттар;фумигантты, бу арқылы жәндіктің тыныс алу жүйесіне әсер ететін препараттар. Инсекоакарицидтер ретінде әртүрлі химиялық қосылыстардың классына жататын заттар қолданылады: хлорорганикалық қосылыстар (ХОҚ) - алифатикалық, алициклдік ароматтық көмірсутегінің галоген туындылары; фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ); карбамин, тио- және дитиокарбаминқышқылдарының туындылары; синтетикалық пиретроидтар.Көптеген препараттардың кері әсерлері анықталған:гепатотоксикалық - ХОҚ, ФОҚ.кансерогендік — карбаматтар;мутагендік - гексахлорциклогексан, ДДВФ, хлорофос, неоцидол;тератогендік - хлорофос, дифос, ТМТД, севин.Малдәрігерлік тәжірибеде ХОҚ, ФОҚ, карбаматқосылыстары мен пиретроидтардың маңызы бар. Фосфорорганикалық қосылыстар - ФОҚ. Контакты және жүйелі деп екіге бөлінеді. Бұл препараттар макроорганизмге зиян келтірмейді, жәндіктерді өлтіреді.ФОҚ-ның жәндіктерге және сүтқоректілерге әсер ету механизмі бірдей, олар холинэстеразаны тежейді, ацетилхолин шоғырланады, организм уланады. Никотинмен, мускаринмен уланған тәрізді клиникалық белгілер анықталады. Жәндіктерде тремор пайда болады, қозғалысы өзгереді, олар ұша алмайды, салданып барып өледі. ДДВФ (дихлофос, дихлорфос, хлорвитилфос). Суда еритін, ақшыл-қоңыр түсті сұйық. Ұшқыш зат болғандықтан дем арқылы организмге тез тарайды.Холинэстеразаның күшті ингибиторы. Жәндіктерді, кенелерді, құрттарды өлтіреді. Сыртқы паразиттерді малдың үстіне шашырату арқылы жояды. Шашырату үшін арнайы эмульгаторлар қолданылады. Хлорофос (трихлорфон, диптерекс). Суда, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Жарықта, сілтілік ортада тез ыдырайды. Гельминтер мен жәндіктерді өлтіреді. ДДВФ-ған әлсіз. Малдарды ұшқыш жәндіктерден сақтандыру үшін қолданады. Сиырларға сауғаннан кейін қолданады. Неоцидол (базудин, диазинон). Жағымды иісі бар, түссіз май. Органикалық ерітінділерде ериді. Қышымаға - псороптозға қарсы тек қойларға ғана қолданылады, Белгілі бір жағдайда ыдырағанда улы метаболиттертүзіледі: дитиотетраэтилпирофосфат, тиотетраэтилпирофосфат және ортодиазинон.Қойды тотығу үшін дайындалатын 1 л эмульсияға препараттың қажетті мөлшерін формула арқылы анықтайды:ү _ /1-1000А - қажетті концентрация;1000 - 1 л-дегі мл мөлшері;Б- шығарылатын препараттың концентрациясы, %. Гиподермин-хлорофос. Хлорофостың 11,6 % майлы-спиртті ерітіндісі. Сарғыш түсті, аромат иісі бар, мөлдір сұйық. Қолданар алдында шайқау керек. Ірі қараның оқырасына қарсы қолданады. Арық, буаз сиырларға қолдануға болмайды. Диоксафос. Органикалық ерітіндідегі хлорофостың 16 % ерітіндісі. Оқыраға қарсы қолданады, малдың арқасына құю арқылы. Хлорорганикальқ қосылыстар — ХОҚ. Бұл топтың препараттарының ерекшелігі олардың сыртқы ортаның факторларының әсеріне тұрақтылығы. Топырақта бір жылға

23

Page 24: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

дейін, мал қораларында бірнеше ай сақталады. Кумуляциялық әсері бар, малдың улануы мүмкін. Липотропты зат болғандықтан олар организмнің майлы ағзалары мен тіндерінде жинақталады. Ас қорыту жүйесінің кілегей қабығы арқылы жақсы сіңеді, сүтпен бөлінеді. Уланғанда мал тынышсызданады, сезімталдығы жоғарылайды, сілекей атады, бұлшық еттері дірілдейді, ішектердің жирылуы үдейді, тартылу пайда болады. Арнайы антидот жоқ. Симптоматикалық емдеу әдісін қолданады. Гексахлорциклогексанның гамма-изомері. Өзіне тән иісі бар, ақшыл-күлгін түсті кристаллды ұнтақ. Судағы эмульсиясы қолданылады. Оны жұмсақ суда (аздаған тұзы бар) дайындайды. Фольбекс. Спирт пен ацетонда жақсы еритін, ақшыл-сарғыш түсті кристалл. Аралардың варроозында қолданады. Ара балын дәріні қолдануды тоқтатқаннан кейін 70 күннен соң алады. Креолиндер. Бесфенолды және тұрақтандырылған креолин. Қара-қошқыл түсті, таскөмір майының иісі бар майлы сұйық. Бесфенолды түрі суықта нафталиннің тұнбаға түсуіне байланысты қоюланады, ал тұрақтандырылған түрі өзгермейді.Эктопаразиттерге қарсы 2-3 %-ды судағы концентрациясы қолданылады. Белсендендірілген креолин. Құрамында таскөмір майы, канифоль, ихтиол, гамма-изомер және су бар. Таскөмір майының өткір иісі бар, қара-қошқыл түсті, қоюлау келген сұйық. Оның кемшілігі - жоғарғы сілтілік рН. Соның салдарынан гамма-изомер гидролизденеді де, препараттың акарицидтік қасиеті төмендейді. Суықта нафталин тұнбаға түседі. Ондай жағдайда қыздырып барып қолдану керек. Плизон. Таскөмір майындағы дифенил-дисульфидтің үстіртін-белсенді зат қосылған 10-12 %-ды суспензиясы. Креолин иісі бар, созылмалы, қара түсті сұйық. Қойдың қышымасын емдеу үшін қолданады.Креолинді препараттармен уланғанда депрессия, тәбеттің жоқтығы, малдың күйіс қайырмауы, коматозды жағдай, диарея байқалады. Ондай жағдайда асқазанды жуады, күйдірілген магнезий мен тиосульфат натрийді, іш өткізетін заттарды тағайындайды. Пиретриндер мен синтетикалық пиретроидтар.Пиретроидтар инсектицидтердің кезекті буыны. Оларциклопропанкарбон қышқылының белгілі бірқұрылысының спирттермен ауыстырылған этерификациялық өнімі. Сыртқы ортада тұрақтылығы аз, биосфераны ластамайды. Кең тараған препараттары: декаметрин, перметрин, циперметрин. Декаметрин мен циперметриннің құрамында Ск-тобы болғандықтан олар улы болып келеді. Перметрин. Түрлері: стомазан 20 % - эмульсия концентраты; креопир - креолин, 2 % перметрин, 2 % стомазан; анометрин Н - 20 % эмульсия концентраты; пирбол - 2 % -ды перметрин эмульсиясы.Ресейде перметрин 84-85 % әсер ететін заты бар майлы сұйық түрінде шығарылады. Зоофилді шыбындарға, эктопаразиттерге қарсы қолданылады. Циперметрин. Оның түрлері: кинмикс - 25 %-ды эмульсия концентраты; креохин - кинмикстың креолиндегі 2 %-ды эмульсиясы. Сондай-ақ питетроид негізінде дайындалған әртүрлі зоошампундар және инсектицидтік қарындаштар. Декаметрин, дельтаметрин. Децис және бутокс түрлерінде түседі. Ақ түсті кристаллды ұнтақ. Олардан әртүрлі зоошампундар мен инсектицид қарындаштарын дайындайды.

Бақылау сұрақтары.1.Антисептика.2.Антигельминтиктер.Препараттары.3.Инсектоакарацидтер. Препараттары.

24

Page 25: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Дәріс №7 Антибиотиктер,химиотерапевтикалық,сульфаниламидтік препараттар

Жоспары:1. Антибиотиктер.2. Химиотерапевтикалық дәрілік заттар.3. Сульфаниламид препараттары.

Антибиотиктер(anti-қарсы, bios-өмір) –дегеніміз микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің ,жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде бөлінетін заттар. Сонымен бірге олар гельминттерге, қарапайымдыларға және басқада адамдар мен жануарлардың ауру қоздырғыштарына қарсы өлтіре әсер етеді. Көптеген антибиотиктердің жануарлар организміндегі кейбір биохимиялық құбылыстарды қуаттандыратыны, сол арқылы оның жалпы жағдайын жақсартып, өсуін күшейтіп ,өнімділігін арттыратыны және жануарлардың ауруларға қарсы қорғаныс реакциясын күшейтетіндігі анықталды.Сол себепті қазіргі кезде антибиотиктер жануарлардың әр түрлі ауруларын емдеуге,аурудың алдын алуға, малдың өсімталдығы мен өнімділігін және қоңдылығын арттыру мақсатында кеңінен қолданылады. Антибиотиктер қолдану ережелерін толық сақтағанда ғана нәтежелі әсер етеді. Антибиотиктер деген термин 1942 жылы өте көлемді де, күрделі зерттеулердің арқасында қабылданды. Антибиотиктерді алу үшін оларды өндірілетін микроорганизмдердің сұйық қоректік ортада өсіру әдісі кеңінен қолданылады.Сонан соң оларды әртүрлі балласты заттардан тазартады. Тазартылу дәрежесіне байланысты антибиотиктер мынадай түрлерге бөлінеді: 1.Тазартылған антибиотиктер. 2.Жартылай тазартылған антибиотиктер. 3. Тазартылмаған антибиотиктер.

Антибиотиктердің химиотерапевтік және химиопрофилактикалық әсерінің жалпы заңдылықтары.

Антибиотиктердің өте кең түрде қолданылатындығы мынадай жағдайларға байланысты: 1.Өздеріне ғана тән әсер ету механизмі болатындығы; 2.Микробтарға қарсы әсер ететін ауқымының кеңдігі; 3.Өте төменгі мөлшерінің өзінде нәтиже көрсететіндігі; 4.Жануарлар организміне еккеннен кейін де активтілігін жоймайтындығы; 5.Жануарлар үшін уыттылығының өте төмендігі.

Антибиотиктердің негізгі топтары. Қазіргі уақытта ветеринария мен медицина саласында антибиотиктерді өте көп түрі қолданылады.Мысалы: эрмицин, эртран, эрициклин, грамицидин ,метациклин гидрохлориді, гентамицин сульфаты және тағы басқа төменде аталынатын препараттардыңмаңызы өте зор. Пенициллиндер тобы- жасыл балдырларды Penicillinum өсіру арқылы алынады.Пенициллиннің микробтарға қарсы әсері өте жоғары.Оған аэробты және анаэробты топтағы оң граммды микробтар,атап айтқанда:стрептококтар, стафилакоктар, пневмококтар, менинкоктар, диплококтар, спирохеттер, топалаң ауруының таяқшасы және тағыда басқалар өте сезімтал келеді. Ампициллин-Ampicillinum.Жартылай синтетикалық препарат,суда баяу ериді,ақ түсті, кристалды ұнтақ.

25

Page 26: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Тетрациклиндер-төрт ядролы гидроароматты қосындылардың конденсациялық туындылары.Бұл топтың негізін тетрациклин, хлортетрациклин, және окситетрациклин тәрізді үш антибиотик құрайды.Олардың барлығы да құрылысы, бактерияларға қарсы және жануарларға әсері жөнінен бір-біріне өте жақын.1 мг-да 1000 Ә. Б. Бар.

Химиотерапевтикалық дәрілік заттар. Химиотерапевтикалық дәрілік заттар қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне әсер етеді және терапевтикалық дозасында адамдар мен малдар үшін улылығы төмен болып келеді. Емдеу нәтижесі тиімді болу үшін аурудың қоздырғышын, оның белгілі бір дәрілік затқа сезімталдығын анықтап барып қолдану керек. Қазіргі кезде медицина мен малдәрігерлік тәжірибеде ең көп қолданылатын дәрілік заттар. Химиотерапияның негізін қалаушы П. Эрлих (1854-1915). Ол 1906 жылы мерез ауруына қарсы сальварсан (латынша salvare - құртқару) химиопрепаратын синтетикалық жолмен алып, тәжірибе жүзінде іске асырған. Бірінші рет организмнің ішіндегі аурулардың қоздырғыштарын жою және макроорганизмге зиян келтірмеу туралы қағиданы ұсынып, оны іс жүзіне асырған.Химиотерапияны неғұрлым ертерек, аурудың алғашқы клиникалық белгілері біліне бастағанда қолданғанның нәтижесі жоғары. Ауру қоздырғышының көбеюіне жол бермеу үшін емдеу барысының басында үлкен дозасын қолдану және аурудың белгілері жойылғаннан кейін де екі күндей емдеуді тоқтатпау ережелері бар. Таңдап алынған дәрілік затты организмге енгізу жолын дұрыс анықтау емнің тиімділігіне көп әсер етеді. Химиотерапевтикалық дәрілік заттардың классификациясы: Микробтарға қарсы әсер ететін препараттар: Антибиотиктер,сульфаниламидтер, нитрофурандар, бояулар;Вирустарға қарсы қолданылатын дәрілік заттар;Протозойларға қарсы қолданылатын дәрілік заттар;Гельминттерге қарсы қолданылатын дәрілік заттар.

Сульфаниламид препараттары. Сульфаниламидтік препараттар немесе сульфаниламидтер деп құрамында парааминді бензосульфон қышқылы бар дәрілік заттардың үлкен бір тобын айтады. Сульфаниламид препараттары медицина мен ветеринария салаларында кең тараған, кең спектр; бактерияларға қарсы қолданылатын химиотерапиялық заттардың ең алғашқысы. Г. Домарк 1935 жылы қызыл стрептоцидтің стафилококк індетінде тиімді екендігін хабарлады. Препарат сульфанил қышқылы амидының туындысы болып шықты. Оның емдік тиімділігінің жоғары болуы тәжірибеде жылдам енгізуге өз әсерін тигізді. Препараттар негізінен бактериостатикалық әсер етеді, ал бактериоцидтік әсері макроорганизмге зияны жоғарғы дозасында ғана білінеді. Механизмінің негізін олардың парааминобензой қышқылымен (ПАБК) бәсекелестік қасиеті жатыр. ПАБК микроорганизмдер синтездейтін дигидрофолий қышқылының құрамы кіреді. Сульфаниламидтердің құрылысы ПАБК-ң құрылысына ұқсас, сондықтан да олар ПАБК-ң дигидрофолий қышқылының құрамына кіруіне кедергі жасайды. Дигидрофолий қышқылының синтезі: бұзылуы одан түзілетін тетрагидрофолий қышқылық синтезін төмендетеді, ал ол пурин мен пиримицин негіздеріне қажет. Пурин мен пиримидин негіздері микроорганизмдердің өмірі үшін өте қажет нуклеин қышқылының синтезіне

26

Page 27: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

қатынасады. Олай болса нуклеин қышқылдарының синтезі тежеледі, микроорганизмдер өсіп-өнбейді, препараттың бактериостатикалық әсері іске қосылады. Сульфаниламидтердің әсерінен бұдан басқа да факторлар пайда болады: организмнің реактивтілігін қалпына келтіреді, дене қызуын төмендетеді, қабынуға, аллергияға қарсы әсер етеді, организмнің токсиндерге тұрақтылығын күшейтеді. Оларды ұзақ уақыт қолданғанда оларға микроорганизмдердің үйреншіктігі пайда болады.Жанама әсерлерінен аллергия реакциясы, дисбактериоз, дерматиттер, невриттер, қан элементтерін түзетін ағзалардың, бүйректердің қызметтерінің нашарлауы байқалады. Сульфаниламидтер, олардың ацетил туындылары қышқыл реакциялы зәрде нашар ериді де кристалл түрінде зәр шығару жолдарында шөгеді, оларды бітеп тастауы да мүмкін. Ауру малды емдеу үшін препаратты ғандаған кезде қоздырғышғың түріне, патологиялық процесстің орналасуына және препараттың фармакологиялық, ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет.Барлық препараттар суда жақсы ериді, оларды қайнату арқылы залалсыздандыруға болады. Сульфаниламид препараттарын төмендегідей жіктеуге болады: 1.Резорбтивті әсері қысқа уақытқа созылатын препараттар: стрептоцид, норсульфазол, сульфадимезин, этазол, сульфазин, уросульфан; Резорбтивті әсері ұзақ уақытқа созылатын препараттар: сульфапиридазин, сульфадиметоксин, сульфален;Ішек түтікшелерінің ішінде әсер ететін препараттар: фталазол, сульгин, фтазин;Жергілікті түрде қолданылатын препаратгар:сульфацил-натрий, стрептоцид. Резорбтивті әсері аз уақытқа созылатын препараттар. Стрептоцид. Ақ түсті, ыстық суда жеңіл еритін ұнтақ. Бұл топтың басқа препараттарын стрептоцидтің туындысы деп қарауға болады. Стрептококктарға, менингококктарға, пневмококктарға, эшерихтерге, газды гангрена қоздырғышына әсері жақсы; ал стафилококктарға әсері жоқ. Жақсы сіңеді, бүйректер арқылы бөлінеді. Соңғы кезде тиімділігі жақсы болғандықтан көбінесе жергілікті ұнтақ, май, линимент ретінде жиі қолданады. Сонымен қатар ауру қоздырғышының сезімталдығына қарай міндетті және жұқпалы емес ауруларды емдеуге де қолдануға болады.Стрептоцидтің оңай еритін түрі де бар. Әсері, қолданылуы жоғарыдағыдай. Норсульфазол. Иіссіз, ақ түсті ұнтақ. Суда аз ериді, минералды қышқылдар мен сілтілерде жақсы ериді. Ас қорыту жүйесі арқылы жақсы сіңеді, терапевтикалық концентрациясы организмде 8-12 сағаттай сақталады. Өзгермеген түрінде зәр арқылы бөлінеді.Катаралды бронхопневмонияда, плевритте, стрептококкты және стафилококкты сепсисте, эндометритте, некробактериозда, бұзаулардың диплококкты септицемиясында, эймериозда, құстардың пастереллезінде қолданады. Норсульфазол тәрізді әсер ететін норсулъфазол натрий, сульфазин, сульфадимезин, этазол, этазол-натрий препараттары бар. Резорбтивті әсері ұзақ уақытқа созылатын препараттар. Сулъфапиридазин. Ащы дәмді, иіссіз, сарғыштау келген ұнтақ. Суда ерімейді, қышқылдар менсілтілердің ерітінділерінде жақсы ериді. Ішектен тез сорылады, көптеген ағзалар мен тіндерге тарайды. Терапевтикалық концентрацизсы бір тәулік бойына сақталады. Бүйректер арқылы баяу бөлінеді. Организмдебелоктармен байланысқан түрінде бактерияға қарсы әсеріжоқ, тек белокты комплекстен босағаннан кейін барып әсер етеді. Грамм оң және Грамм теріс микроорганизмдерге, кейбір қарапайымдарға әсер етеді. Ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің ауруларында тағайындайды.

27

Page 28: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Бақылау сұрақтары.1. Антибиотиктер маңызы.2.Антибиотиктердің химиотерапевтік және химиопрофилактикалық әсерінің жалпы заңдылықтары.3.Химиотерапевтикалық дәрілік заттар.4.Сульфаниламид препараттары.

Дәріс №8. Орталық жүйке жүйесін қоздырушы заттар.Аналептиктер.

Жоспары:1.Антидепрессанттар.2.Кофеин тобы.3.Стрихнин және оның препараттары.4.Камфора , коразол, кордиамин. Орталық жүйке жүйесін фармакологиялық заттармен белсендіру қозу түрінде немесе әлсіреген физиологиялық құбылыстарды қалыпты көрсеткіштерге дейін көтеру түрінде өтеді.Олардың ішіндегі ең маңыздылары қуаттандырғыш заттар. Олар физиологиялық құбылыстарды қалпына келтіреді. Мұндай заттар қатарына кофеинді, камфораны, коразолды, кордиаминді, стрихнинді, женьшенді (тамыр дәріні) жәнеде басқаларды жатқызуға болады. Орталық жүйке жүйесінің мұндай қоздырғыштары әлсіреген организмді қалыпқа келтіріп қуаттандырады.Оларды аналептиктер деп атайды. Аналептиктер қозудың нейронаралық өткізгіштігін арттырады,тітіркендірулерді жақсартады,импульстардың өтуін жақсартып, Орталық жүйке жүйесін бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады. Әртүрлі аналептиктер орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлігіне әсер етеді.Олардың кейбіреулері ми қыртыстарының орталықтарына әсер ететін болса (кофеин),ал енді біреулері сопақша мидың орталықтарына әсер етеді (камфора,коразол),ал үшінші біреулері жұлынға әсер етеді(стрихнин).Бірақ, олардың барлығыда белгілі бір дәрежеде орталық жүйке жүйесін жалпы қуаттандырады. Орталық жүйке жүйесін қуаттандыра отырып , олар зат алмасудың көптеген түрлеріне қолайлы әсер етеді,қан айналуды,тыныс алуды ,бөліну және детоксикациялану құбылысын жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің қоздырғыштары малдәрігерлігінде емдік,алдын алу, патогенетикалық және этиотропты әсер ететін зат ретінде кеңінен қолданылады. Антидепрессанттар. Антидепрессанттар-Antidepressiva (anti-қарсы, depressus-күйзелу)-күйзелу құбылысын азайту және оны болдырмаудың алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттар. Күйзелуге ұшыраған жануарлардың өсімталдығы, өнімділігі, ауруларға қарсы қорғану қабілеті төмендейді, ас қорыту жүйесінің моторлық және секреторлық қызметі нашарлап, жануарлардың жаңа жағдайларға үйрену қабілеті әлсірейді. Малшарушылығында антидепрессанттар малдарды жаңа жағдайларға , жаңа қоректік заттарға үйретуге және жануарларды күтіп бағушылар өзгерген кезде қолданылады. Кофеин тобы. Кофеин - Coffeinum. Бұл топқа құрылысында пурин сақинасы бар өсімдік, немесе мал өнімдерінен алынатын дәрілік заттар жатады. Пурин мал организміндегіөсімдіктерде

28

Page 29: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

әртүрлі қосылыстар түзеді, олардыңқұрылыстары мен әсерлері де әртүрлі болып келеді.Пуриннің ядросы нукеин қышқылдарының, нуклеотидтердің,нуклеозидтердің,

көптеген витаминдердің, коферменттердің, антибиотиктердің, алкалоидтардың құрамдарындағы ең қажетті зат. Пурин туындыларының әсіресе белсенділері: аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, монометилксантин және т.б. Кофеин ксантиннің туындысы болып келеді. Кофеинге және оның препараттарына орталық нерв жүйесі, әсіресе бас ми қабы өте сезімтал. Оның құрамындағы пиримидин негіздері (цитозин, урацил, тимин және т.б.) пурин негіздерімен өзара реакцияласып, одан түзілген қосылыстар: көміртегі мен белоктардың алмасуларына, нуклеин қышқылдарының белсенді түрге айналуына, тұқым қуалаушылық хабаршысының қызметін реттеуге қатысады. Кофеинді шай жапырақтарынан, кофе аташының ұрығынан және синтетикалық жолмен алады. Ащылау дәмі бар, иісі жоқ, ыстық суда жақсы еритін, спиртте еруі қиын ақ түсті ұнтақ. Малдәрігерлік тәжірибеде кофеиннің натрий-бензоат тұзы қолданылады. Организмге әсері күрделі: орталық нерв жүйесін, әсіресе бас ми қабын,қоздырады;дем алу орталығын қоздырады;қан тамырларынның жирылуын реттейтін орталықты қоздырады;жұлынды да әжептәуір қоздырады; жүрек етінің қызметін жақсартады;Зәрдің бөлінуін үдетеді. Қандай жолмен жіберілсе де оңай сіңеді, бүйректер арқылы және аздап ас қорыту жүйесінің бездері арқылы организмнен бөлінеді. Ол организмнен қанша тез бөлінгенімен оның өзінің және метаболиттерінің іздері организмде бірнеше күндей анықталады. Кофеиннің адамның бас миына әсері жете зерттелген. Аз дозасының өзінен шартты рефлекс жоғарылайды; орташа дозасынан әлсіз және күшті тітіркендіргіштерге рефлекс теңеседі; үлкен дозасында күшті тітіркендіргішке әлсіз тітіркендіргішке қарағанда рефлекс төмендейді. Кофеиннің әсері нерв жүйесінің типтеріне байланысты болады. Нерв жүйесі әлсіз типті адамдарға аз дозасының өзі эффект береді. Сондықтан оны әр адамға жекедей мөлшерлейді. Кофеиннің тіпті аз дозасының өзі диуретикалық әсер етеді. шәй мен кофенің зәр айдайтын қасиеті ертеден белгілі. Бөлінетін зәрдің мөлшері көбейеді, әсіресе хлоридтер мен азот қосылыстарының бөлінуі жоғарылайды. Препарат ұнтақ, таблетка, ампулада ерітінді ретінде, шприцтюбик түрінде шығарылады. «Б» тізімінде, қараңғы жерде сақталады. Препараттары:Таза кофеин – Coffeinum purum. Ащы дәмді, иіссіз, ақ түсті ұнтақ. Спиртте, суда ериді. Күшті қышқылдармен ғана тұз түзеді. Организмге оңай сіңеді, резорбтық әсері жылдам. Тәжірибеде сирек қолданылады. Кофеин-нартрий бензоат тұзы – Coffeinum -natrii Көбінесе 40% кофеин, 60% натрий бензоаты қолданылады. Ампулада және ұнтақ түрінде шығарылады. Терінің астына, ауыз қуысы арқылы қолданылмайды.Негізінде кофеиннің өзгертілген молекуласы бар синтетикалық антифеин препараты алынған. Женьшень тұнбасы - Раnах Сіnseng. (қытайша «жень» - адам, «шень» - тамыр. Адам тәрізді тамыр). Аралий тұқымына жататын көп жылдық өсімдік. Препарат дайындаута өсімдіктің тамыры қолданылады. Тұнбасы сарғыш түсті мөлдір сұйық. құрамында эфир, майлар, пектиндер, көміртегі, гликозидтер, В тобының витаминдері, аскорбин мен фосфор қышқылдары, темір, марғанец және т.б. заттар бар. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: папацен, панакси және гинзенин. Панацен бас мидың сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығын төмендетеді; панаксут - керісінше нерв жүйесінің, бұлшық еттердің тонусын әлсірегенде оның жақсартады;гинзенин - зат

29

Page 30: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

алмасу процессіне, әсіресе көміртегінің алмасуына жақсы әсер етеді. Препараттың құрамында радийдің ізі бар, ол күшті стимулятор.Орталық, вегетативті нерв жүйелерінің реакциялары төмендегенде; организім жалпы әлсірегенде; бауыр, бүйрек, жүрек, ішкі секрет бездерінің қызметтері нашарлағанда спирттегі тұнбасы жиі қолданылады. 50 мл-л і к шыны ыдыста шығарылады, жарық түспейтін жерде сақтайды. Бемитил - Веmithylum. Организмге дем беруші дәрі ретінде әсер етеді. Организмнің оттегінің жеткіліксіздігіне тұрақтылығын жоғарылатады, күш түскенде жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Препаратты малды азықтандырғаннан кейін береді. Бемитилмен емдеу кезінде малды көміртегі мол азықтармен азықтандырады. Иттердің қозуы мүмкін.Гипогликемияда қолдануға болмайды.0,125 - 0,25 г таблетка түрінде шығарылады. «Б» тізімі бойынша сақтайды.

Стрихнин және оның препараттары. Стрихнин - Strychninum. Чилибухи өсімдігінің тұқымында, қабығында, ағашының өзінде болатын алкалоид. Көбінесе стрихнин нитраты қолданылады. Ащы дәмі бар, суда, спиртте еритін, түссіз, ине тәрізді кристалл. Жергілікті тітіркендіру әсері жоқ. Ащы дәмі өте аз концентрациясында (1:50 000 - 1000 000) малдың тәбетін жақсартады, ас қорыту бездерінің секрет бөлуін үдетеді. Негізгі резорбтық әсері орталық нерв жүйесінің рефлексі арқылы іске асады. Стрихниннің өзі күшті у, «А» тобының тізімінде. Препаратты өте сақтықпен сақтап, қолдану керек. кумуляция мүмкін. қолданғанда оптималды дозасынан асырмай, үнемі үзіліс сақтап отыру қажет. Аз дозасының өзі әжептеуір тиімді стимулятор: орталық нерв жүйесін қоздырады; сезім мүшелерінің, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтерін жақсартады; зат алмасу процессін белсендендіреді; нейронаралық синапстар арқылы импульстың берілуін жақсартады; адреналиннің продукциясы көбейеді; жылу өндіру жақсарады; бауырда гликогеннің жұмсалуы реттеледі; малдың улы заттардың әсеріне төзімділігі жоғарылайды.Малдәрігерлік тәжірибеде терінің астына жібереді, бірақ күшті уландыратынын естен шығармау керек. Ұзақ уақыт сақталатын қасиеті бар. Сондықтан препаратты дайындауға және жіберуге қолданылған ыдыстарды, шприцтерді жақсы залалсыздандыру керек. Ішектерде дозасының 1/3 бөлігіндейі ыдырайды, көбінесе бауырда залалсыздандырылады. 20 %- та жуығы өзгермеген түрінде бүйректер арқылы бөлінеді. Негізгі бөлігі 12 сағаттың ішінде организмнен шығып үлгереді, ал аздаған бөліктері организмде 5-8 күнге дейін сақталады. Стрихнин сопақша мидағы орталықтарды қоздырады. Әсіресе дем алу орталығы мен қан тамырларының жирылуын реттейтін орталықтың қозуларының маңызы өте зор. Өкпелердің желдетілуі жақсарады, құрсақ қуысындағы ағзалардың қан тамырларының тонусы мен артериялық қысым жоғарылайды. Қалай дегенмен де стрихнин әсіресе жұлынға әсер ететін стимулятор. Онда ол глициннің әсерін тежейді. Ал глицин синапстан кейінгі нерв ұштары арқылы берілетін қозуды тежеу арқылы реттейтін зат. Улылық әсерінде қабырға аралық еттердің спастикалық жирылуы салдарынан малдың дем алысы тоқтайды. Мұндай жағдайда неғұрлым тезірек, сақтықпен венаға гексенал, не хлоралгидрат жібереді; эфир, фтороған және т.б. антагонистермен дем алдырады. Стрихнинді әртүрлі қозғалу парезінде; салдануда; зат алмасуын жақсартатын дәрі ретінде; ас қорытуды, дем алысты, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтерін жақсарту үшін қолданады.0,1 %-ды ерітінді ретінде, 1 мл ампулада шығарылады.

30

Page 31: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Құрғақ чилибухи экстракті. Иіссіз, ақшыл-қоңыр түсті, судағы ерітіндісі ащы дәмді, құрғақ ұнтақ. құрамында 16 % стрихнин және бруцин алкалоидтары бар. Ауыз қуысы арқылы береді.Чилибухи тұнбасы. Қоңыр түсті, ащы дәмді мөлдір сұйық. Құрамында 16 г экстракт 1 л 70 % -ды спиртте ерітілген. 0,25 % стрихнин мен бруцин алкалоидтары бар. Организмнің жалпы тонусын көтеру және малдың тәбетін жақсарту үшін қолданады. Секуренин нитраты – Securenine nitras. Әсері жағынан стрихнинге жуық, бірақ одан белсенділігі мен улылығы төмен. Көбінесе аурулардан пайда болатын салдануларда қолданылады. Шаршағандықты басады, жүрек қызметін жақсартады. 0,002 г таблетка түрінде; 0,4 % - ды ерітінді ретінде 20 мл флаконда; 0,2 %- ды ерітіндісі 1 мл ампулада шығарылады. «А» тобының тізімінде сақталады. Ауыз қуысы арқылы тағайындайды. Иохимбин - Yohimbine. Раувольфии өсімдігінің тамырынан бөлініп алынған алкалоид. Орталық нерв жүйесіне жеңіл өтеді , артериялық қысымды жоғарылатады, малдың қозғалысын белсендендіреді, жыныс аппарағының қызметіне дем береді. Ауыз қуысы арқылы бір айдай күніне, екі реттен береді, 0,005г таблетка түрінде шығарылады. Силденафил цитраты – Sildtnafili citrate. Орталық нерв жүйесіне, әсіресе жұлынның қызметіне дем береді. Тиісті ферменттердің белсенділігін арттыру арқылы еркек малдардың сыртқы жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуін күшейтеді. Ауыз қуысы арқылы қабылдағанда тез с іңеді , қандағы жоғарғы концентрациясы 60 минуттан кейін болады. Асыл тұқымды еркек иттердің жыныс ағзаларының жұмысын жақсарту үшін қолдануға болады. Дозасы ірі иттерге 0,05 г. Әрбір иттердің жеке басының сезімталдығын ескеру керек. Жаңа препарат қосымша зерттеуді талап етеді. 0,025; 0,05; 0,1 таблетка түрінде шығарылады. Аналептиктер - Аnaleptica. Грекше «қалпына келтіру», немесе «тірілту» деген мағынаны береді. Негізінен сопақша мидың өмірге ең қажетті орталықтарына әсер етеді. Олар нерв импульстарының нейронаралық берілуін жеңілдету арқылы қозу процессін үдетеді, немесе тежеу механизмін әлсіретеді. Үлкен дозаларында қалшылдап-дірілдеу құбылысы байқалады. Организмнің өмірге қажетті орталықтарының және жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтерін қалпына келтіру арқылы малды өмірге қауіпті жағдайлардан аман алып қалады. Мысал ретінде: шоқ, коллапс т.б. Негізгі өкілдері: камфора, коразол, кордиамин. Камфора - Camphora. Өзіне тән күшті ароматты иісі бар, ащы дәмді, суда нашар, спиртте, майда жақсы еритін, ақ түсті ұнтақ. Емдеу тәжірибесінде камфорлы лаврдан алынатын, оңға айналдыратын түрін пайдаланады. Ал солға айналдыратын түрін синтетикалық жолмен скипидар мен май қаратайдың эфир майынан алады. Ұшқыш, сондықтан нығыз жабылатын ыдыста, салқын жерде сақтайды. Жергілікті әсері тітіркендіреді, антисептикалық әсер етеді. Жату арқылы ревматикалық қабынуларда қолданады. Майлы ерітінділерін тек терінің астына ғана жіберуге болады. Препаратты жібергеннен кейін бірден дем алудың қозғаны байқалады. дем алу тереңдігі, минуттық дем алу көлемі ұлтаяды, газдың алмасуы жақсарады.Қан тамырларының қозталысын реттейтін орталық аз дозасының өзінде қозады, қан қысымы көтеріліп, қалпына келеді. Қан тамырларының өзектерінің өзгеруі барлық жерде бірдей емес: ішкі ағзаларда тарылады, ал басқа жерлерде кеңейеді. Кеңейген тері тамырлары арқылы жылу көп бөлінуі салдарынан дене қызуы төмендеп, қалпына келеді. Камфораның жүрекке әсері күрделі және ерекше. Сау малдың жүрегінің қызметін өзгертпейді. Шаршаған жүрекке тиімді әсер етеді: систоллалық жирылту күшейеді,

31

Page 32: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

жүректің қозғыштық және өткізгіштік қасиеттері артады, жүрек ритмі қалпына келеді. Минуттық көлемі ұлтаяды, соның салдарынан қанның ағуы жылдамдайды. Жүрек етінің торшаларының өткізгіштігі жоғарылайды, ондағы зат алмасуының қалдықтары мен улы заттардың организмнен шығуы жылдамдайды, торшаның ішіндегі алмасу процессі жақсарады, жүректің қызметі қалпына келеді. Бұған жүрек қан тамырларының өзегінің кеңеюі де себеп болады. Газдың алмасуы жақсарады. Камфора бронхылардың бездерінің секрециясын жақсартады, ауру малдарда онда жиналатын эксудат сұйылады, қақырықтың түсуі жеңілдейді. Камфора бүйректер арқылы бөлінгенде диурез жоғарылайды. Сүт беретін малдардың сүті азаяды. Камфора қанның құрамында эритроциттерде жинақталады. Бұл құбылыс эритроциттердің амин қышқылдарын қабылдауын азайтады да, олар көптеп зәр арқылы бөліне бастайды. Микроорганизмдерге қарсы әсері онша күшті емес, бірақ оның ішек таяқшаларына, стафилококктар мен пневмококктарға әсері бар.Оның улылығы аз, уланғанда орталық нерв жүйесінің және жүректің қызметтері нашарлайды. Малдәрігерлік тәжірибеде камфораны орталық нерв жүйесі қажығанда оны қоздыратын препарат ретінде, дем алыс нашарлағанда, қан айналысы бұзылғанда, ұйықтататын және наркотикалық заттармен уланғанда, жүректің қызметі әлсірегенде, дене қызуын төмендететін дәрі ретінде қолданады. Оның зәрдің бөлінуіне, қақырық түсіруге әсері аз уақытқа созылады және әрқашанда тиімді емес.Камфораны сырттай май, линимент, камфора спирті түрінде жату арқылы қолданады. Хирургияда ет ревматизмінде, бітеу жарада, ірінді тендовагинитте, соқыдан пайда болған қабынуларда қолдануға болады. Сойылатын малдарға қолданбайды, себебі оның жағымсыз иісі малдың етінде, ішкі ағзаларында көпке дейін сақталады. Камфора майын шекілдеуік майында 10 % - ды концентрацияда дайындайды. Камфора иісі бар, сары түсті, мөлдір сұйық. 20 % - ды камфора майын 1-5 мл және 10 мл ампулада шығарады. Терінің астына жібереді. Камфора спирті. Құрамында камфора 10 %, спирт 70 % және су 20 %. сыртған жатып қолданады. Бромкамфора . Суда ерімейтін; эфирде, хлороформда, майда жақсы еритін; ақ түсті ұнтақ. Қара түсті шыны ыдыста сақтайды. әсері камфораның әсеріндей, әсіресе нерв жүйесін жақсы тыныштандырады. Коразол - Согаsolim. Иіссіз, суда, спиртте жақсы еритін, ак түсті ұнтақ. «Б» тізімінде. Ауыз қуысы арқылы, тері астына, венаға жіберуге болады. жергілікті әсері жоқ.Аз дозасы орталық нерв жүйесін қоздырады, дем алысты жиілетеді, қан қысымын жоғарылатады, көлденең жолақ еттердің тонусын жоғарылату арқылы жүректің қызметін жақсартады. Үлкен дозасында орталық нерв жүйесінің қозуы күшейе түседі, бірақ қан қысымы темендейді. Терапевтикалық дозасының жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсері камфоранікіндей, улылығы одан жоғарырақ. Организмде жылдам ыдырайды, әсері 3-4 сағаттан артыққа созылмайды. Кордиамин-cordiaminum.25 % никотин қышқылының екі этиламидті ерітіндісі. Әсері коразолға ұқсас, бірақ оған қарағанда әлсіздеу.Әлтүрлі уытты заттармен әлсіреген орталық жүйке жүйесін қоздырады,жүректің жұмысын жақсартады.

Бақылау сұрақтары.1. Аналептиктердің әсер ету механизмі.2. Кофеин тобы,препараттарына жалпы сипаттама.3. Стрихнин-орталық жүйке жүйесіне және рефлекторлық қозуға әсері.4. Коразол және кордиаминнің жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесіне әсері.5. Камфора.Алынуы, қасиеттері, жергілікті әсері.

32

Page 33: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Дәріс №9. Жергілікті жансыздандыратын дәрілік заттар. Жоспары:

1. Жергілікті жансыздандыратын дәрілік заттардың маңызы.2. Анестезия3. Жергілікті жансыздандыратын дәрілік препараттар.

Бұл топқа сезімтал нерв үштерінде қозу процессін болдырмайтын және нерв талшықтары арқылы импульстың жүруіне блокада жасайтын дәрілік заттар жатады. Процесс қайтымды. Дәрілік заттардың әсерінен барлық сезімталдық төмендейді, бірінші кезекте ауырсынғандықты сезіну - аналгезия байқалады. Ауырсынғандық орталық нерв жүйесінің қызметіне кері әсерін тигізеді, тіпті естен тандыруға (шок) дейін барады. Сондықтан қатты тітіркендіруді бас ми қабына жеткізбеуге тырысу керек. Міне, осы үшін қолданылатын жергілікті жансыздандыруды тудыратын дәрілік заттар рефлекс доғасының сезімталдықты өткізетін бөлігінің қызметін бұзады, блокадалайды. Жергілікті жансыздандыратын дәрілік заттарды көбінесе суда жақсы еритін тұздары ретінде қолданады. Организмнің аздаған сілтілік ортасында олар гидролизденеді де, бос негіз бөлініп шығады. Осы негіз нерв тіндеріне әсер етеді. Қышқылдық ортада (қабынған тіндерде, іріңді ісіктерде) жансыздандыруды тудыру қиындата түседі. Жансыздандыратын дәрілік заттарға қойылатын талаптар:Олардың жоғарғы дәрежеде таңдамалы жансыздандыру белсенділігі болуы керек; олардың әсері қайтымды болуы қажет; олар нерв элементтеріне және қоршаған тіндерге кері әсер етпеу керек; суда жақсы ерулері керек; бейтарап реакциялы ертіндіге тұрақты болу қажет; баяу сіңіп, ұзақ уақыт әсер етуі керек; сіңгеннен кейін оңай және жылдам ыдырауы керек; олардың қан тамырларының өзектерін тарылтқаны жөн, немесе адреналинмен үйлесімді болуы қажет; оларды қайнату арқылы залалсыздандыру мүмкіншілігі болуы керек. Нерв талшығы сыртында майлар мен белоктардан тұратын қапшығы бар, жартылай сұйық цитоплазмалы цилиндр тәрізді құрылыс. Мембрана теориясы бойынша плазмалы мембрананың кейбір иондарды өткізетін, ал кейбір иондарды ұстап қалатын қасиеті бар. Соның салдарынан мембрананың ішкі және сыртқы қабықтарының арасында потенциал айырмашылығы пайда болады. Мұндай өзгерістер нерв талшықтары арқылы тітіркенудің берілуін қамтамасыз етеді. Анестезия ( грекше аn- жоққа шығару ,aesthesia- ауырсыну сезімділігі)- сезімталдықтың барлық түрлерін жою немесе тоқтату, олардың ішінде ауырсыну сезімталдығын жою.Сезімталдықтың жалпы немесе аймақтық (жергілікті) жойылуы мүмкін.Жалпы анестезия орталық жүйке жүйесін функциясының бұзылуына байланысты.Ал аймақтық анестезия орталық жүйке жүйесінен организмнің белгілі бір аймағында тітіркенуді қабылдайтын рецепторлардан берілетін импульстың түсуін тоқтатуға байланысты.Сезімталдықтың аймақтық жойылуын туғызатын дәрі – дәрмекті жергілікті анестезиялаушы дәрі-дәрмек деп атайды.Ол жүйкенің байланысқа түскен аймағына талғап әсер етеді,сондықтан оны жүйке бағанының және жүйке қыртыстарының шеткі ұштарының қозғыштығын жою үшін қолданады. Жергілікті анестезиялаушы дәрі-дәрмекті іздестірумен ертеректен бері айналысып келеді.Өткен ғасырдың ортасында дәрі енгізу үшін инелерді қолдану орасан зор серпіліс берді.Морфиннің,кокаинның жергілікті анестезиялаушы әсерлері ашылды.Содан соң жергілікті анестезия әдістері кеңінен қолданыла бастады.Практика жүзінде кокаинның орнына уыттылығы одан әлдеқайда төмен новокаин енгізілді.(1905)

33

Page 34: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Жергілікті жансыздандыратын дәрілік препараттар. Кокаин гидрохлориді - Сосаіnі һуdrothloridum.Сыртқы түріне қарағанда ол түссіз, қылаулы кристалдар немесе дәмі ащы,тілде жансыздану сезімін туғызатын ақ кристалды ұнтақ.«А» тізімі бойынша сақталады. Тәжірибеде ең бірінші қолданылған анестетик. Оны кок ағашының жапырақтарынан бірінші рет, 1859 жылы Америка оқымыстылары Ним мен Вегер бөліп алды.Бірақ оның фармакологиялық қасиетін бірінші рет орысоқымыстылары В.К.Анреп (1878-1879) пен И.Н.Кацуровтар (1884) зерттеді. Ресейде бірінші рет кокаинді қолданып өткізгіштік анестезияны жасаған А.И.Лукашевич (1886). Кокаинның анестетикалық белсенділігі жақсы, бірақ қазіргі кезде көп қолданылмайды. Ол улы, адамдарда эйфория, бейімділік пайда болады. Осы жатынан қотамта әлеументтік зиян келтіреді. Дикаин - Dicainum. Иіссіз, суда жақсы еритін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Тілдің үшіне тигізгенде жансыздану сезіледі. Кокаиннен 10 есе белсендірек, 2 есе улырақ. Көз бен жұтқыншақ ауруларын емдеуде аса сақтықпен қолданады. Қолданардың алдында 5 мл дикаин ертіндісіне 1 тамшы 0,1 %-ды адреналин гидрохлоридін қосады. Новокаин - Novocainum. Малдәрігерлік тәжірибедекеңінен қолданылатын препарат. Химиялық құрылысыжатынан парааминобензой қышқылының диэтиламиноэтил эфирінің гидрохлориді. Анестезиннен айырмашылығы ондағы этил радикалындағы сутегінің атомы диэтиламин радикалымен ауыстырылған.Суда, спиртте жақсы еритін, иіссіз, ақ түсті кристалды ұнтақ. Металл ыдыстарда қайнатуға болмайды. Сірке қышқылды ортада бүлінеді. Бүлінгенде түрі сарғыш тарғады. Егер ертіндінің түрі қатты сартайған болса, ондай ертіндіні қолдануға болмайды. Ертіндіні тұрақтандыру үшін оған 0,1 %- хлорлы сутегі қышқылын қосады. Новокаин нейротропты затқа жатады, оның әсері рефлекс дозасының барлық бөліктерінде де байқалады. Сіңгеннен кейін тікелей орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Синапстарда қозу процессінің берілуі қиындайды. Себебі, ол ацетилхолиннің түзілуін азайтады, шеткергі холинореактивті жүйесіндегі қозу процессін төмендетеді. Жұлын миының нейрондарының синапстары қатты, ал сопақша мидың нейрондарының синапстары аздап қажиды. Холинергиялық ганглия нервтерінің адренергиялық нервтерге қарағанда новокаинта сезімталдығы жоғарырақ болып келеді. Жүрек, өкпе, ішектердің рецепторларының қозуын тежейді; олардың көптеген рефлекстерін қажытады. Новокаинды ұнтақ, май ретінде; ампулада; флаконда шығарады. «Б» тобының тізімінде сақтайды. Оны басқа дәрілермен қосып асқазанның жарақатты ауруында, шаншу құрбылысымен сипатталатын ауруларда, бронхопневмонияда, перитонитте, тышқақта, кератитте, метритте, эндометритте, жылқылардың тұяқ ауруларында қолданады. Тримекаин - Trimecainum. Суда және спиртте жақсы еритін, ақ-сарғыш түсті ұнтақ. Жергілікті жансыздандыру әсері новокаиннан екі-үш есе күштірек, улылығы

да жоғары; тітіркендірмейді. Тыныштандыратын, ұйықтататын, жансыздандыратын, калшылдап-дірілдеуге қарсы әсерлері бар. Сульфаниламид препаратына қарсы әсер етеді. Жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және қан элементтерін түзу жүйелеріне ықпалды әсер етеді. Терең және ұзақ уақыт инфильтрациялық, өткізгіштік және жұлын-милық анестезия тудырады. Жергілікті анестезияны жақсарту үшін 5 мл препараттың ерітіндісіне адреналин гидрохлоридтің 0,1 %-ды ерітіндісінің 2-3 тамшысын қосады.Препаратты ұнтақ түрінде, ампулада шығарады. «Б» тобының тізімі бойынша сақталады.

34

Page 35: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Совкаин - Sovcainum. Суда және спиртте жақсы еритін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Сілтілік ортада тұнбаға түсетін қасиеті бар. Ерітіндісін тұрақтандыру үшін тұз қышқылының ерітіндісін қосады.Препараттың күшті жергілікті жансыздандыру әсері бар. Новокаиннан 15-20 есе белсендірек, ал әсерінің ұзақтығы үш есе; улылығы да 15-20 есе. Сондықтан оны аса сақтықпен қолданады. Көбінесе жұлын анестезиясында пайдаланады. Артериялық қан қысымының төмендеуінен сақтандыру үшін препаратты жіберер алдында малта эфедрин жіберіп алады. Лидокаин (ксикаин) — Lidocainum. Суда және спиртте жақсы еритін, ақ түсті кристалды ұнтақ. Жергілікті жансыздандыру әдісінің барлық түрлерімен қолданылады: инфильтрациялық, өткізгіштік, үстіртін және блокадалық. Күшті анестезик. Улылығы оның концентрациясына тікелей байланысты

Бақылау сұрақтары.1. Жалпы және жергілікті жерді жансыздандыру.2. Жергілікті анестезиялаушы дәрі-дәрмекке анықтама беріңіз.3. Жансыздандыратын дәрілік заттарға қойылатын талаптар.4. Жергілікті жансыздандыратын дәрілік заттар.Өкілдері.

Дәріс №10. Афферентті нерв талшықтарын тітіркендіретін дәрілік заттар

Жоспары:1. Тітіркендіргіш дәрілік заттар2. Ащы дәрілік заттар.3. Құстыратын дәрілік заттар.4. Қақырық түсіретін дәрілік заттар.5. Іш өткізетін дәрілік заттар.

Бұл топқа жататын дәрілік заттар тері мен кілегей қабықтардын, сезімтал нерв талшықтарының үштерін тітіркендіру арқылы әсер етеді. Олардың қатарына жататындар: Тітіркендіргіш дәрілік заттар:құрамында эфир майлары бар дәрілік заттар;құрамында аммиак бар дәрілік заттар;ащы дәрілік заттар.Құстыратын дәрілік заттар;Қақырық түсіретін дәрілік заттар;Алдыңғы қарыншақтардың жирылуын үдететін дәрілік заттар:Тітіркендіргіш дәрілік заттар. Тітіркендіргіш дәрілік заттар өте ертеден қолданылып келе жатқан дәрілік заттардың қатарына жатады. Тері мен кілегей қабықтардың сезімтал нерв талшықтарын тітіркендіргенде рефлекс арқылы организмнің әртүрлі жүйелерінде функциональды өзгерістер туындайды. Сондай-ақ тітіркену қан арқылы гуморальды жолмен де беріледі. Мұндай жағдайда тітіркенудің салдарынан жергілікті жерде түзілетін гистамин және соған ұқсас белсенді заттар қанға түсу арқылы өз әсерлерін тигізеді. Олар қан тамырларының өзектерін кеңейтеді, капиллярлардың қабырғасының өткізгіштігін арттырады, соның салдарынан экссудат бөлініп, ол тіндерді аздап ісіндіреді. Иммундық денелер шоғырланады, керексіз жинақталған патологиялық заттардың ыдырауы жылдамдайды, тін қалпына келеді. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда ас қорыту жүйесінің секреторлық, моторлық функцияларын үдетеді, ал эфир майлары өкпелер арқылы бөлініп өзінің қақырық түсіретін әсерін тигізеді.

35

Page 36: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Препараттардың әсерінен дем алу тереңдей түседі, газ алмасу процессі жақсарады; қан тамырларының өзектері тарылады, артериялық қан қысымы аздап жоғарылайды; жүректің жирылуы үдей түседі. Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінің гормондарының бөлінуі көбейеді. Сондай-ақ олардың малдың көңілін ауырған жерден басқа жаққа аударатынын да естен шығармаған жөн.Тітіркендіргіш заттардың әсерлері олардың концентрациясына, әсер ету уақытына және тіндердің резистенттілігіне байланысты пайдалы және зиянды болып келеді. Төменгі дозасы тіндердің тонусын жақсартады, орташа дозасы - қоздырады, ал үлкен дозасы - зиянды әсер етеді.Тітіркендіргіш заттарды сырттай - терінің, еттің, сіңірлердің, буындардың созылмалы ауруларында; ішке -тыныс алу жүйесінің ауруларында қолдануға болады. Оларды бруцеллезде, ісіктерде қолдануға болмайды.Құрамында эфир майлары бар дәрілік заттар. Жалбыз препараттары. Дәрілік заттар ретінде жалбыздың жапырағы, майы, суы және тұнбасы пайдаланылады. Олардың құрамында эфир майлары бар. Препараттардың тітіркендіретін, антисептикалық, спазмолитикалық, өт айдағыштық және дезодоранттық әсерлері бар. Ментол - Меntholum. Суда нашар, спирт, эфир, майларда жақсы еритін; жалбыз иісі бар, түссіз кристалл. Теріге және кілегей қабықтарға тигізгенде сезімтал нерв талшықтарын тітіркендіреді, жеңіл күйдіргендік пен піскілегендік және суықтық сезіледі. Ішке бергенде антисептикалық, ауырсығандықты басатын, асқазан мен ішектердің секрет бөлу және жирылу тонустарын жақсартатын, қалшылдап-дірілдеуге қарсы әсерлері байқалады. Невралгияда, еттердің қабынуында, тамыр қынабының қабынуында қолданады. Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында ингаляция арқылы жіберген 1 жақсы нәтиже береді.Ментол көптеген дайын дәрілік заттардың құрамына, кіреді. Ментол майы, бороментол препараттары да қолданылады. Эвкалипт препараттары - жапырағы, тұнбасы, майы. Құрамында пинеол эфир майы бар. Антисептикалық, қабынуға қарсы әсерлері жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларында қолданылады. Тұнбасын ауыз қуысы арқылы ас қорыту жүйесінің, бұлшық еттердің ауруларында қолданады. Сырттай жараларды, жыланкөзді (свищ), ойық жараларды тазалап жуғанда залалсыздандыратын әсері бар. Грануляцияны жақсартады, іріңді ісіктерде (фурункулез, флегмона) қолдануға болады.Қыша (горчица) ұрығы. Ұрығының 2 %-ды эфир майы пайдаланылады. Жергілікті тітіркендіретін, малдың көңілін басқа жаққа аударатын әсерлері бар. Организмде қанның қайта бөліну процессі жүреді. Көбінесе сырттай жағу арқылы тыныс алу жүйесінің ауруларында қолданады. Ал ауыз қуысы арқылы малдың тәбетін қоздыру, астың қорытылуын жақсарту үшін қолданады. Скипидар - Oleum Теrebinthinae. Қарағай ағашынан алынатын эфир майы. Жергілікті тітіркендіретін, жансыздандыратын, антисептикалық әсерлері бар. Суда ерімейді, спиртте ериді. Өзіне тән иісі бар, түссіз, мөлдір сұйық. Тері арқылы терең сіңеді, рефлекс арқылы организмде көптеген өзгерістер тудырады.Теріде гиперемия пайда болады. Рефлекс арқылы жүректің қызметін жақсартады, дем алыс үдей түседі, нерв жүйесінің тонусы жоғарылайды, организмнің қорғаныс қабілеттілігі күшейеді, қан айналысы жақсарады, ауырсынғандық басылады. Тіндердің грануляциясы жақсарады, жаралардың жазылуы жылдамдайды. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда малдың тәбеті жақсарады, асқазанның сөлі жақсы бөлінеді, ішектердің жирылуы артады, микробтарға, ашу процессіне қарсы әсері бар. Өкпелер арқылы бөлініп қақырық түсіреді және антисептикалық әсер етеді. Сырттай, ішке, ингаляция арқылы, терінің астына, венаның ішіне жіберуге болады препарат ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің ауруларында; бауыр ауруларында өттің бөлінуін жақсарту үшін қолданады.

36

Page 37: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Бауыр мен бүйректердің паренхималары жарақаттанған малдарға және соятын малдарға қолдануға болмайды. Скипидардың майы, линименті невралгияда, ревматизмде, еттердің қабынуында қолданылады. Құрамында аммиак бар дәрілік заттар. Мүсәтір спирті – Аmmonium causticum solutum сумен, спирттермен араласатын, өткір арнайы иісі бар, түссіз, мөлдір, ұшқыш сұйық. Құрамында 9,5 - 10,5 % аммиак бар. Теріні және кілегей қабықтарды тітіркендіреді және антисептикалық әсер етеді. Ас қорыту жүйесінде антисептикалық және ащу процессіне қарсы әсері жақсы білінеді. Асқазанның секреторлы- моторлық функциясын жақсартады, асқазанның сөлін бейтараптайды. Буымен дем алдырғанда дем алуорталығын қоздырады, жоғарғы концентрациясы рефлекс арқылы дем алуды тоқтатып тастауы мүмкін. Сіңгеннен кейін бауырға түсіп мочевинаға айналады.Ревматизмде, артриттерде, сіңір қынабының қабынуында сырттай линимент түрінде; асқазан мен ішек ауруларында, шаншу құбылысында ауырсанғандықты басу үшін ауыз қуысы арқылы; орталық нерв жүйесін, дем алуды қоздыру үшін ингаляциалық жолмен қолданады. Хирургтың қолын, операция жасайтын жерді, кейбір хирургиялық материалдарды залалсыздандыру үшін пайдалануға болады. Ащы дәрілік заттар. Бұл топқа негізінен өсімдіктерден алынатын дәрілік заттар жатады. Ащы дәрілік заттар малдәрігерлік тәжірибеде кеңінен пайдаланылады. Олар өте ерте кезден малдың тәбетін жақсарту үшін, ас қорыту процессіне қатысатын сөлдер мен ферменттердің бөлінуіне дем беру арқылы оны жақсарту үшін қолданылады. Бұл жөнінде И.П.Павловтың тәжірибелері көп матлұматтар береді.Тәжірибеде ащы дәрілік заттар таза күйінде қолданылмайды, олар мал организміне көбінесе азықтың құрамында түседі. Кейбіреулерінің құрамында сөлдердің бөлінуіне тікелей әсер ететін эфир майларының, басқа да заттардың болулары да мүмкін. Сондықтан оларды таза және ароматты ащы дәрілік заттар деп бөледі. Таза түрінің өкілдері ретінде горечавка шөбінің тамырын және үшжапырақты шөптің өзін атауға болады. Ал ароматты түріне ащы жусан, бақ-бақтың тамыры, аир өсімдігінің тамыр сабағы жатады. Оларды тұнба ретінде қолданады.Оларды асқазан мен он екі тұтам ішектің ойық жараларында, асқазан сөлі көп бөлінген жағдайларда қолдануға болмайды. Құстыратын дәрілік заттар. Құсық организмнің қорғаныс реакциясы, сопақша мида орналасқан құсу орталығының қатысуымен іске асатын қүрделі рефлекторлы процесс.Құстыратын дәрілік заттарды екі топқа бөлуге болады: бірдей орталыққа әсер ететін және рефлекс арқылы әсер ететін дәрілік заттар деп. Орталыққа әсер ететін заттарға апоморфин; ал рефлекс арқылы әсер ететін заттарға - күкіртті мыс және мырш, құстыратын тастар жатады. Вератрин, аққорғасын алкалоиды екі түріне де жатады.Дәрілік заттар жалпы организмге әсер етеді, әсіресе жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелеріне. Оларды көбінесе малдар азықпен уланғанда қолданады. Буаз малдарға, асқазанның кілегей қабығын жарақаттайтын қышқылдық және сілтілік заттармен уланғанда (асқазанның жарылып кетуі мүмкін), асқазан мен өкпелерден қан аққанда, орталық нерв жүйесі қажығанда қолдануға болмайды. Апоморфин гидрохлориді - Ароmorphini һуdrochioridum. Суда еруі қиын, ақ-сарғыш түсті кристаллды ұнтақ. Жарықтың, ауаның әсерлерінен жылдам бұзылады, белсенділігін жояды. Ол кезде түсі жасылданады. Оның болдырмас үшін оған тұз қышқылын қосады. Жалпы дәріні қолданар алдында дайындаған дұрыс. Апоморфин сілтілермен, тотықтырғыштармен, ауыр металлдармен, дубилдік заттармен, галогендермен бірікпейді. Жақсы және тез әсер ететін, әсіресе иттер үшін, құстыратын дәрілік зат. Оны ірі қара малына жалақ пайда болғанда, қойларға өз

37

Page 38: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

жүндерін өздері жеген кезде, құстарға өз қауырсындарын жұлмалағанда қолдануға болады. Күкіртті мыс – Сupri sulfas. Иіссіз, металл дәмді көк түсті кристаллды ұнтақ. Суда жақсы ериді, ал спиртте ерімейді десе де болады. Судағы ерітіндісі әлсіз қышқыл реакция береді, сақтағанда улы зат түзіледі. Рефлекс арқылы құрысу процессін тудырады.Препараттың гельминттерге, саңырауқұлаққа қарсы әсер ететін қасиеті бар. Антисептикалық дәрі ретінде кілегей кабықтардың қабынуында, жараларда, офтальмологияда, фосфор қосылыстарымен уланғанда қолдануға болады. Антигельминтик, дезодорант, залалсыздандыратын дәрі ретінде маңызы зор. Қақырық түсіретін дәрілік заттар. Дәрілік заттың әсері бронхы бездерінің секрет бөлуінің үдеуімен қабаттаса жүреді. Қақырықтың бөлінуінің көбеюі және оның жылдамдығы малдың жөтелімен тікелей байланысты. Препараттардың әсерінен жыпылықтағыш эпителий торшаларының белсенділігі жоғарылайды, бронхиоллалардың жирылуы ширайды, секреттің бөлінуі ұлтаяды. Қақырық түсіретін дәрілік заттарды екі топқа бөледі:Қақырықтың бөлінуіне дем беруші дәрілік заттар.Олар өз кезегінде рефлекторлы және резорбтивтіболып бөлінеді; Іш өткізетін дәрілік заттар. Бұл топқа жататын препараттар ішектердің рецепторларын әртүрлі деңгейде тітіркендіре отырып, олардың жирылуын үдетеді, химустан тез босауына жағдай жасайды. Өсімдіктерден алынатын препараттар химиялық тітіркендіру тудырады. Олардың майлары тоқ ішектегі химусты жұмсартады, олардың ішек өзектері арқылы жылжуы жақсарады. Ал тұзды ерітінділер ішектерде нашар сіңеді, осмостық қысымды жоғарылатады, химустың және ас қорыту жүйесінің сөлдерінің сұйық бөлігінің абсорбциясына кедергі жасайды. Ішектердегі химустың көлемі ұлғаяды, механорецепторлар тітіркенеді, ішектердің жирылуы үдейді. Рауағаш тамыры – Radices Rhei. Ерте жазғытұрым, күзде жинап алады. Ондағы антрагликозидтер олардан қантты бөлгеннен кейін эмодин және басқа да заттар түзеді. Олар әсіресе тоқ ішектердің рецепторларын тітіркендіреді. Іш өткізу әсері 8-10 сататған кейін байқалады. Ұнтақ және қайнатпа түрінде қолданады.Крушина қабығы – Соrtex grandulae. Өсімдік гүлдегенге дейін жинайды. Қайнатпа, сұйық және құрғақ экстракт түрінде қолданады. Қағаз пакетте, таблетка түрінде шығарады. Сабур - АІое. Алоэнің кептірілген сөлі. Аз дозасы ащы дәрі ретінде қолданылады. Сиырларға руминаторлық әсер етеді. Терапевтикалық дозасы бүйен ішектердің рецепторларын қатты тітіркендіреді. Ондай әсері 8-24 сағатқа дейін созылады және сұйық нәжіс бөлінеді. Қайталап 3-5 күннен кейін қолданады. Жылқыларға әсері күшті, ірі қара малы мен иттердің сезімталдықтары төмен. Кейде өт айдау үшін де қолданады. Асқазанның, ішектердің жіті қабынуларында және буаз малдарға, әсіресе буаздығының екінші жартысында препаратты қолдануға болмайды. Кастор майы - ОIeum Ricini. Клещевина тұқымынан "М алынатын май. Ауыз қуысы арқылы бергенде ащы ішекте липазамен ыдырайды да одан рициноль қышқылы түзіледі. Ол қышқыл ішектердің түтікшелерінің барлық жерлеріндегі рецепторларды тітіркендіру арқылы олардың жирылуын күшейтеді. Препаратты ұзақ уақытқа беруге болмайды, себебі оның әсерінен ас қорыту процессі бұзылады. Әсері ұсақ малдарда 4-8 сағаттан кейін, ал ірі қара малында 20-30 сағаттан кейін білінеді.

38

Page 39: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Ауыз қуысы арқылы ішектер бітелгенде, мал уланғанда; ал сырттай жараларға, ойық жараларға, күйіктерге қолданады. Иттердің құсуы мүмкін.Буаз малдарға, ішектер мен жатырдан қан аққанда, майда еритін улы заттармен уланғанда қолдануға болмайды.Шыны ыдыстарда және эластикалық капсулада шығарылады. Фенолфталеин - Рһеolphaleinum Бүйен ішектерде әсер ететін препарат. Иттер мен мысықтарға ішектерінің бітелуінің созылмалы түрінде қолданады. Малдәрігерлік тәжірибеде оны сирек қолданады. Себебі кумуляциялық әсері мен бүйректерді тітіркендіруінде. Таблетка түрінде шығарылады.Изафенин- sapheninum. Фенолфталеин тәрізді әсер етеді, бірақ улылығы төмен. Ботқа, микстура түрінде ауыз қуысы арқылы малды азықтандырардың алдында береді. Гутталекс - Guttalax. Тәттілеу дәмі бар сұйық. Асқазан мен ащы ішектерде сіңбейді, бүйен ішектерде одан күкірт радикалы бөлінеді де, дифенолдың белсенді формасына айналады. Кілегей қабықтарды тітіркендіру арқылы ішектердің жирылуын күшейтеді. Іш өткізетін әсері 6-12 сағаттан кейін білінеді. 15 және 30 мл тамшылататын флаконда шығарылады.Күкіртті натрий (глаубер тұзы) – Natrii sulfas. Ішектердің барлық бөліктерінде тұзды іш өткізетін дәрілерге ұқсас әсер етеді. Әсері 4-6 % -ды ерітіндісінқолданғанда 4-6 сағаттан кейін білінеді.Шөпқоректілерге 8-10 %-ды ерітіндісін қолданғанда әсері 3-4 сағаттан кейін, етқоректілерде 1-2 сағаттан кейін білінеді. Препараттың қанға баяу сіңуі ішектерде уланған кезде жиналатын улы заттарға қарсы әсерін жақсарта түседі.Аз дозасы ас қорытуды жақсартады. Жылқыларға 200-500 г, сиырларға 300-800 г, қойларға 40-100 г, шошқаларға 25-50 г, иттерге 10-25 г, үйректерге 10-15 г, тауықтарға 2-4 г, түлкілерге 5-20 г, қаракүзенге 5-10 г, бұтыларға 80-300 г ерітіндісін азықтандырардың алдында бергенде іш өту процессі пайда болады. Күкіртті магний (ащы тұз) - Маgnesii sulfas.Күкіртті натрийға ұқсас әсер етеді. Өт айдайтын қасиеті бар. Парентералды жолмен жібергенде малды тыныштандырады. Іш өткізу үшін қолданылатын концентрациясы және дозасы күкіртті натрийдікіндей.Жасанды карловар тұзы – Sal саrolinum. Құрамы 22 бөлігі күкірт қышқыл натрий, 18 бөлігі көмір қышқыл натрий, 9 бөлігі ас тұзы, 1 бөлігі күкірт қышқыл калий болып келетін қосылыс. Асқазан мен ішектердің созылмалы қабынуларында, гипохилия және гипотония ауруларында қолданады. Вазелин майы (сұйық парафин) – OIeum vaselini. Мұнай фракциясынан алынатын түссіз, майлы сұйық. Ішке қолданғанда ол сіңбейді, тек қана кілегей қабықтың бетін жабады, ас қалдықтарын жұмсартады, оның түтікше арқылы қозғалуын жақсартады. Нәжіс жақсы бөлінеді. Бадамгүл, зәйтүн (оливко) майларының әсерлері де осындай болып келеді.Асқазандағы ас қалдықтарының қышқылдығын төмендету үшін магний тотығы (күйдірілген магний), магний карбонаты, алмагель препараттары қолданылады.Ауыр металл тұздарымен және жүрек гликозидтерімен уланғанда комплексондар қолданылады. Олар құрамында металлы бар заттармен тұрақты түрде байланысады да, зәр арқылы организмнен жылдам бөлініп шығады. Сондықтан да оларды малдар ауыр металл тұздарымен уланғанда қолданады. Оған жататындар: унитиол, натрийдің тиосульфаты, тетацин-кальций, пентацнн препараттары.

Бақылау сұрақтары1.Тітіркендіргіш дәрілік заттар. Негізгі өкілдері. Әсер ету ерекшеліктері.2.Қақырық түсіретін дәрілік заттар, өкілдері, әсер ету ерекшеліктері.3.Құстыратын дәрілік заттар. Негізгі өкілдері. Әсер ету ерекшеліктері.4.Руминаторлық дәрілік заттар, өкілдері, әсер ету ерекшеліктері.

39

Page 40: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

5.Іш өткізетін дәрілік заттар. Негізгі өкілдері. Әсер ету ерекшеліктері.

Дәріс №11. Несеп айдайтын және жатырға әсер ететін дәрілік заттар.

Жоспары: 1.Зәр айдайтын дәрілік заттар. 2. Жатырға әсер ететін дәрілік заттар.

Зәр айдайтын дәрілік заттар. Бұл топтағы дәрілік заттар бүйректердің несеп бөлетін функцияларын жоғарылатады да тіндер мен организмнің серозды қуыстарындағы сұйықты азайтады. Диуретиктер организмде су мен тұздың алмасуын реттейді, ісіктерді болдырмайды. Организмде натрий мен судың қалыптан тыс жинақталуын тудыратын ауруларда кеңімен қолданылады. Бүйрек заттардың алмасу өнімдерін, көптеген дәрілік заттардың қалдықтарын организмнен бөліп шығарып отырады, сілті қорын және қанның осмостық қысымын , сондай-ақ оның физиологиялық және организм үшін қажетті деңгейін сақтайды. Препараттардың ерекше қасиеті – олардың бүйректердің өзекшелерінде натрий иондарының қайта сорылу процессін тежеуі. Соның салдарынан калий және хлор иондарының тасымалдануы да бұзылады.Қазіргі кездегі теория бойынша бүйректердің қызметтері нерв жүйесі және гуморальдық жүйе арқылы реттеліп отырады. Оның ішінде гормондардың әсерінің маңызы зор. Мысалы, альдесторон гормоны бірінші зәрден натрий иондарының қанға қайта сіңу процесін белсендендіреді. Малдәрігерлік тәжірибеде салуретиктер, осмостық диуретиктер және өсімдіктерден алынатын зәр айдайтын дәрілік заттар қолданылады.Салуретиктерге тиазидтер және соған ұқсас препараттар, қышқыл туындылары және карбоангидраза ингибиторлары жатады. Оқулықтың басқа бөлімдерінде қаралған заттардан несеп айдағыш заттар ретінде кофеин, камфора, скипидар, эфир майлары, жүрек гликозидтері, қалқанша без, гипофиздің препараттары назар аударуға ылайық, сынап препараттарының несеп айдағыш дәрілер ретінде көбінесе меркузалды пайдаланады.Сульфанил амидтерден- диакарб, пурин туындылардан-теобромин мен теофилин,бейорганикалық тұздардан-калий тұздары мен ацетаты,фенол туындыларынан-гидрохинон препараттары, эфир майларынан-арша жемістері, қайың бүршіктері, шоңайна мен ақжелкен жемістері пайдаланады. Дихлортиазид – Dichlorthiazidum. Суда, спиртте нашар; сілтілік ерітінділерде оңай еритін, сарғыш түсті кристалды ұнтақ. Өте белсенді диуретик. Препарат натрий мен хлор иондарының реабсорбциясын төмендетеді, ал калий мен гидрокарбонаттардың реабсорбциясын қажытады. Сондықтан оны жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметінің жеткіліксіздігінен болатын қанның тоқырауында, нефрит пен нефрозда, ісіктерде қолданады. Жақсы гипотензивті дәрілік зат. Диакарб – Diacarbum. Суда, спиртте нашар; сілтіде оңай еритін ақ түсті кристаллды ұнтақ. Карбоангидраза ферментінің әсерін әлсірететін ерекше қасиеті бар. Бүйректердің өзекшелеріндегі натрий ионының қайта сорылуын әлсіретеді, натрий мен гидрокарбонат иондары зәр арқылы көптеп бөлінеді. Зәр айдайтын дәрілік зат ретінде және көз глаукомасында колданады.Осмостық диуретиктер. Бұл топтың препараттары натрий ионын тасымалдаута тікелей қатынаспайды. Олар қан сары суының осмостық қысымын жоғарылатады. Тіндерден су қанға өтетіндіктен айналымдағы қанның көлемі ұлғаяды. Зәрдің бөлінуі көбейеді, онда калий көп болады.

40

Page 41: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Маннит – Маnnitum. Ыстық суда өте оңай еритін ақшыл-сарғыш түсті, қанттар тобына жататын алты атомды спирт. Өкпе ісігінде, көздің ішкі қысымы төмендегенде, бүйректер мен бауырдың қызметтерінің жеткіліксіздіктерінің жіті түрлерінде венаға баяу жіберу арқылы қолданады. Мочевина – Urea pura. Суда жақсы еритін, ащылау дәмі бар, иісі жоқ, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Судағы ерітіндісі бейтарап реакция береді. Зәр айдайтын әсері қан сары суы мен бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымды жоғарылатуына байланысты.Маннит тәрізді зәр айдайтын және ісіктерге қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылады. Препаратты венаға және ішке тағайындайды. Венаға 10 %-ды глюкоза ерітіндісіндегі 30 %-ды ерітіндісін жібереді. Ерітіндіні қолданар алдында дайындау керек. Калий ацетаты. Әлсіз сірке қышқылының иісі бар, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Суда, спиртте оңай ериді. Малдәрігерлік тәжірибеде судағы ерітіндісін қолданады. Ас қорыту түтікшелерінде жылдам сіңеді және оңай калий карбонатына айналады. Бүйректер арқылы бөлінеді, тітіркендіреді. Диуретикалық әсері осмос заңына байланысты. Судағы ерітіндісін ауыз қуысы арқылы береді.Өсімдік диуретиктері. Көптеген өсімдіктердің кұрамындағы биологиялық белсенді заттар бүйректер арқылы бөлініп, олардың функцияларын үдетеді. Олар белгілі мөлшерде диуретикалық әсер етеді және оларды созылмалы ауруларда қолданған жөн. Дала қырықбуыны. Жасыл жапырақты өсімдікті жазда дайындайды. Құрамында алкалоид, флавоноидтар, сабындар, органикалық қышқылдар, эфир майы, кіріктіргіш және басқа да заттар бар.Ісікті жүрек ауруларында, қуықтың және зәр шығаратын жолдарының қабынуларында зәр айдайтын және залалсыздандыратын дәрі ретінде қолданады. Бүйректерді тітіркендіретіндіктен нефрит, нефроз ауруларында қолданбайды. Ақ қайың бүршіктері. Оларды жазтытұрым ерте, бүршіктер ісінген кезде жинайды. Құрамында эфир майы, сабындар, фитонцидтер, флавоноидтар, С витамині, кіріккіш және т.б. заттар бар.Қайың бүршіктерінің зәр, өт және тер айдайтын қасиеттері бар. Оның қайнатпа, тұнбаларын жүрек, бүйрек ісіктерінде, қуық ауруларында, холециститте қолданады. Арша тұқымы –Ғructus Yuniperi. Қара-көк түсті, күздің аяғында жинап алатын тұқым. Кептірілген жемісінде 40 %-дай қантты заттар; 0,5 % эфир майы; органикалық қышқылдар; қара май және т.б. заттар бар.Препарат зәр айдайды, ас қорыту процессін жақсартады, бронхы бездерінің секретін ұлғайтады. Эфир майы ашу процессіне және микроорганизмдерге карсы әсер етеді. Ол организмнен бүйректер және бронхы бездері арқылы бөлінеді; оларды тітіркендіреді; зәрдің, бронхы секретінің бөлінуін үдетеді. Атқұлақ жапырағы (аю құлақ) – Ғolia Uvae ursi. Үнемі жасыл түсті, жерге жайылып өсетін бұта. Құрамында гликозид арбутин, кіріккіш заттар, флавоноидтар, органикалық қышқылдар және т.б. заттар бар.Препарат ерте кезден қуық пен зәр шығаратын жолдардың қабынуларында зәр айдайтын және антисептикалық дәрі ретінде қолданылып келеді. Әсерінің механизмі гликозид арбутиннің гидролизінде түзілетін гидрохинонның қасиеттерімен түсіндіріледі.Сондай-ақ зәр айдайтын дәрі ретінде оксодолин, этокрин қышқылы, теобромин, эуфиллин және т.б. дәрілік заттар қолданылады Жатырға әсер ететін дәрілік заттар. Бұл топқа жатыр еттерінің жиырылуына, тонусына және ритміне әсер ететін дәрілік заттар жатады. Дәрілік заттар тікелей жатырдың жадағай еттеріне немесе оның адрено-, холино-, серотонино-, гистамино рецепторлары арқылы әсер етеді. Препараттарды малдардың туу процес і нашарлағанда, қан аққанда, өлі ұрықты аластау, жатырдың инволюциясын жылдамдату үшін қолданады.

41

Page 42: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Препараттарды екі топқа бөледі:Жатыр еттеріне дем беруші дәрілік заттар;Жатырдың тонусын, жирылуын әлсірететін дәрілік заттар. ОКСИТОЦИН – ОXYTOCINUM. Гипофиздің артқы бөлігінің гормоны. Қазірде синтезі жолға қойылған. Қанға бөлінген препарат әсіресе буаз малдың жатыр етінің жирылуын жақсартады. Препарат в-рецепторларды қоздыру арқылы әсер етеді.Терінің астына, еттің ішіне жібереді. Венаға тамшы әдісімен 5 %-ды глюкоза ерітіндісімен қосып жібереді. 20-40 минуттан кейін қайталауға болады. Питуитрин – Pituitrinum pro injectionibus. Ірі қара мен шошқалардың гипофиздерінің артқы бөлігінен алынатын гормон. Фенолмен концервацияланған, қышқыл реакциялы, түссіз, мөлдір судағы экстракты қолданылады. Әсері окситоциндікіндей. Атеросклерозда, миокардитте, буаз малдарға қолдануға болмайды. Гипотоцин препарағының питуитриннен айырмашылығы онда вазопрессин гормоны аз. Ампулада шығарылады, еттің ішіне жіберіледі. Қастауыш, күйе. Дәнді дақылдарда кездесетін тоғышар саңырауқұлақ. Құрамында алкалоидтар –эрготамин, эрготоксин, эргометрин; гистамин; холин; ацетилхолин бар.Аз дозасының өзінде жатырдың жиырылу ритмі үдейді, дозасын аздап көбейткенде жатырдың тонустық жирылуы пайда бола бастайды. Ұрықтың тұншығуы мүмкін. Сондықтан препаратты тууға дем беруші ретінде емес, туғаннан кейін қан тоқтату үшін қолданады. Үлкен дозасы малды уландырады. Гангреналы түрінде тіндерді өлі еттендіреді. Ал қалшылдап-дірілдеу түрінде тоникалық және клоникалық тартылу байқалады.Препаратты жатыр атониясында, одан қан аққан жағдайда, ұрықты аластау үшін қолданады. Жатырдың субинволюциясын тездетеді. Буаз малдарға, олардың тууын жылдамдату үшін қолданбайды.Препараттың фосфатты қоспасы эрготал да осындай әсер етеді.Жатыр еттерін босаңсытатын дәрілік заттар буаз малдардың уақытынан ерте туу қаупі байқалғанда, ұрықты сақтап қалу үшін қолданылады. Гормон жетіспегенде прогестеронды қолданады. Нейротропты және миотропты дәрілік заттардан седативті дәрілердің, холинолитиктердің және спазмолитиктердің маңызы бар.Қазіргі кезде в-адренорецепторларын қоздыратын дәрілік заттарды жиі қолдануда. Ханегиф. Препаратты қолданғаннан кейін 10-15 минуттан соң жатыр босаңси бастайды; әсері 1,5-2 сағатқа созылады.Жатырдың аяқ астынан жирылуының күшеюі салдарынан уақытсыз ерте туу қаупі төнгенде, жатырға операция жасаған кезде, кесар әдісінде, қолданады.Препараттың әсерін венаға окситоцин жіберу аркылы кайтаруға болады. Бақылау сұрақтары.

1. Зәр айдайтын дәрілік заттардың қолдану мақсаты?2. Зәр айдайтын дәрілік препараттар.3. Жатырға әсер ететін дәрілік заттарды қолдану бағыты?4. Жатырға әсер ететін дәрілік препараттар.

42

Page 43: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Дәріс №12. Зат алмасу процесстеріне басымырақ әсер ететін,жануарлардың өсуін және бордақылауды жеделдету үшін қолданылатын дәрілік заттар

Жоспары:1. Майда еритін витаминдер.2. Суда еритін витаминдер.3. Витаминдердің үйлесімсіздіктері.4. Иммуностимуляторлар5. Стресске қарсы қолданылатын дәрілік заттар

Витаминдер 1880 жылы Н.И.Лунин ашқан әртүрлі химиялық құрылысы бар органикалық заттар. Мал дәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылады:мал организміндегі физиологиялық процесстерді демдеу (стимуль) және реттеу үшін; витаминдердің жеткіліксіздіктерінен болатын ауруларды (гипо- және авитаминоздарды) емдеу және олардың алдын алу үшін; организмнің ішкі және сыртқы қолайсыз жағдайларға бейімділігін, резистенттілігін арттыру үшін; індетті, тоғышарлық және жұқпалы емес аурулармен қүресу үшін.Олардың негізгі қасиеттері:Олар организмде энергия көзі және құрылыс материалдары бола алмайды; Организмде әртүрлі биохимиялық процесстердің қалыпты жағдайда жүруі үшін өте қажет; Оларды экзогенді және эндогенді факторлар ретінде қарау керек; Олардың жеткіліксіздіктерінде мал организмінің көптеген функциялары бұзылады, олардың өнімділігі төмендейді. Мал организмін қамтамасыз ететін витаминдердің табиғи көздері өсімдіктер фаунасы және кейбір малдардың тіндерінен жасалатын өнімдер. Ол табиғи көздерін топқа бөлуге болады:Мал азығындағы витаминдер. Олар онда бос және байланысқан түрінде болуы мүмкін. Организмге баяу, біркелкі сіңеді; малды дұрыс азықтандырғанда организмді ұзақ уақыт витаминмен қамтамасыз етеді; Өсімдіктерден бөлініп алынған таза витаминдер; Мал организміндегі пайдалы микроорганизмдер түзетін витаминдер. Мысалы, К және В тобының витаминдерін күйіс қайыратын малдардың месқарнындағы, шошқалар мен құстардың бүйен ішектеріндегі микроорганизмдер бірталай мөлшерде синтездейді;Синтетикалық жолмен алынатын витаминдер - витамерлер.Витамерлерді химиялық классификациясы бойынша: алифатикалы, алициклді, ароматты және гетероциклді деп бөледі. Физикалық қасиеттері бойынша:суда еритін витаминдер; майда еритін витаминдер болып бөлінеді.Витаминдердің бірегей халықаралық номенклатурасы 1956 жылы қабылданған.Витаминдер ферменттер жүйесіне кірмейді, бірақ олар коферментке айналғанда АТФ, фосфаттардың, кейбір гормондардың қатысуларымен олардың құрамына кіреді. Ал гормондар мен витаминдердің байланысып ультракүлгін сәулесінің әсерінен эргостериннен Д витаминінің түзілу мысалынан-ақ байқауға болады.Кез келген мал ауруларында белгілі бір мөлшерде витаминдердің метаболизмдерінің бұзылатындықтары дәлелденген мәселе. Сондықтан да витамин препараттары мал ауруларын емдеу және олардың алдын алу үшін кеңінен пайдаланылады. Витаминнің қажеттігі тек ауру кезінде ғана емес, малдардың буаз, сүт беретін, төлдердің өсетін кездерінде де байқалады. Витаминдердің белсенділігін бағалау және оларды стандартизациялау лабораториялық малдарға химиялық және микробиологиялық әдістермен эксперимент жүргізу арқылы тағайындалады.

43

Page 44: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Майда еритін витаминдер. Ретинол (А витамині) - Retionolum. Мал азықтарындағы каротиноидтардан организмде түзіледі. В-қаротиннің бір молекуласынан екі молекула ретинол түзіледі. Организмде негізгі түзілетін және сақталатын жері бауыр. Онда ол белоктармен байланысқан түрінде купфер торшаларында болады. Сондай-ақ қордағы майда да жинақталады.Ретинол бірнеше изомерлі түрде болады. Олардың ішінде ең белсендісі трансизомері, одан кейін оның пальмитин және сірке қышқылды эфирлері. Ал А неовитамині олардан 25 % әлсіз. Синтетикалық жолмен алынатын ретинол трансизомер мен аз мөлшерде А неовитаминдерден турады. Ол тұрақты болып келеді. Көптеген мал ауруларында бауырдағы ритинолдың азаятындығы байқалады. Адреналин мен кортизон ретинолдың антагонистері. Олар көп болса ретинол азаяды, аз болса көбейеді. Ретинол организмде тотығу-тотықсыздану процессінде маңызды роль атқарады. Торша митохондрийлерінде сутегінің тасымалдануына қатысады. Инсулиннің белсенділігін төмендетеді; қанттардың, белоктардың және майлардың синтезі нашарлайды. Мембраналардың майлы қабағының құрамына кіреді, өткізгіштігіне әсер етеді. Улы заттардың организмнен шығуына себепші болады. Минеральды заттардың, гормондардың алмасуларына, жыныс циклін реттеуге қатысады. Жатыр қызметін реттейді. Сүйек тіндерінің қалыптасуына әсер етеді, гистаминге қарсы әсері бар. Витаминнің жеткіліксіздігінен эпителий торшалары кератинденеді, әсіресе көздің кілегей, сірі қабықтарында; ксерофтальмия дамиды.Ретинолдың организмдегі жағдайы орталық нерв жүйесіне байланысты.Ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық және шеткергі нерв жүйелерінің торшаларында дегенеративті өзгерістер пайда болады, төлдердің өсіп-дамуы баяулайды. Ретинолдың фоторецепциялық маңызы зор. Оның жеткіліксіздігінде көз торшасындағы көру пурпурының -родопсиннің синтезі және ыдырауы нашарлайды, қараңғылыққа бейімделу бұзылады; түнгі, «тауық» соқырлық - гемералопия дамиды.Бүйрек үсті және қалканша бездерінің секрецияларына әсер етеді. Олардың бөлінуі төмендейді. Ретинолдың сіңуіне өттің, ұйқы безінің майының маңызы бар. Гиповитаминозды емдеу және алдын алу үшін құрамында каротині көп мал азықтары мен витамин препараттарын қолданады. Каротин жасыл өсімдіктерде, сәбізде, жақсы дайындалған сүрлемде көп болады. Ацетат ретинолы. Ауадағы оттегіне, жарыққа төзімді, ақ түсті кристалл. Суда ерімейді. Майда, спиртте. эфирде, хлороформда жақсы ериді. Ауру малдарға витаминді көбінесе еттің ішіне жіберу арқылы қолданады.Бұршақ, таблетка және майдағы ерітінді түрлерінде шығарылады. Оларды түрлеріне қарай ауыз қуысы арқылы беруге болады және еттің ішіне жібереді.Пальмитат ретинолының да ацетат ретинолындай әсері бар, бірақ одан тұрақтылау. Оны да бұршақ, таблетка, ерітінді түрлерінде шығарады. Балық майы. Трескі балықтарының бауырынан алынатын мөлдір, майлы сұйық. 1 г балық майында 350 ХБ ретинол және 30 ХБ кальциферол бар. Организмді куаттандырушы дәр і рет інде , гипо- және авитаминоздарда, мешел ауруында қолданады.Сондай-ақ цитраль, каротин, хлорофил-каротин пастасы, аввит препараттары да қолданылады. Эргокальциферол-Ergocalciferolum. Бірнеше түрлері бар: а 1, а 2, а 3, а 4, а 5. Олардың ішіндегі малдәрігерлік тәжірибедегі маңыздылары: D2 - кальциферол. эргокальциферол; D3 - холекальциферол.Олардың табиғаттаты провитаминдері эргостерин және 7-дегидрохолестерин. Эргостерин өсімдіктердің стериндерінің

44

Page 45: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

қатарына жатады, ал 7- дегидрохолестерин малдардың тіндерінде, оның ішінде теріде болады.Эргокальциферолды эргостеринге ультракүлгін с ә у л е с і м е н ә с е р е т у а р қ ы л ы а л а д ы , а л холекальциферолдың көзі ретінде трескі балығының бауырының майы пайдаланылады.Таза күйінде препараттар ақ түсті кристалды заттар, суда ерімейді, майда ериді. Ауадағы оттегінің жарықтық, тотықтырғыш заттардың әсерлеріне төзімсіз. Д витамині ішектердің эпителий торшаларының кальций мен фосфорды өткізгіштігін жоғарылатады. Олардың қандағы керекті мөлшердегі концентрациясын қалыптастырады, сүйектердегі алмасуларын реттейді. Витамин жетіспеген жағдайда төлдерде мешел, ірі малдарда сүйек дистрофиясы дамиды. Витамин негізінен ащы ішектерде сіңіріледі, одан бауыр мен қан айналасына түседі. Қанда белоктармен байланысады да барлық ағзалар мен жүйелерге тарайды. Оның қорлары сүйектерде, бауырда, ащы ішектердің кілейгей қабықтарында т.б. тілдерде шоғырланады. Ішектер мен бүйректер арқылы бөлінеді. Белсенділігі халықаралық бірлікпен белгіленеді (ХБ) 1. ХБ 0,0000025 мг таза Д витамині болады. Витаминді мешел, остеомаляция ауруларының емдеу және алдын алу үшін; тері күйігінде, жараларды емдеуге, ас қорыту жүйесінің ауруларында, қалқан безінің қызметі бұзылғанда, сүйек ауруларында, гепатит, артрит ауруларында қолданады. Эргокальциферолдың майдағы MN05 В – ды ерітіндісі; Д витаминінің М5 В-ды спирттегі ерітіндісі; ДО витаминінің ашытқыдағы құрғақ концентрациясы; эргокальциферол бұршағы, видехол препараттары қолданылады. Токоферол ацетаты – Е витамині. Қазіргі кезде белгілі 7 токоферолдың ішіндегі ең белсенділігі атокоферол. Ол өсімдік өнімдерінде кездеседі, табиғи антиоксидант болып есептеледі. Организмде майлардан, мам қышқылдарынан, стериндерден улы заттардың түзілулеріне карсы әсер етеді. Тіндердегі көміртегінің, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, стериндердің алмасуларына кедергі жасайды. Селен мен токоферол организмге бірдей әсер етеді. Е витамині организмнің селенге қажеттілігін төмендетеді және керісінше.Витаминнің жеткіліксіздігінде аталық ұрықтарда, каңқа, жүрек еттерінде, жүйке торшаларында дегенерациялық процесстер дамиды; шәует түтігіндегі эпителий торшаларының құрылысы өзгереді; ұрық торшалары семеді; капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылайды; бауыр паренхимасы жарақаттанады, Витамин ашы ішектерде май және май қышқылдарының қатынасуымен сіңіріледі. Он екі тұтам ішекте еттің әсерінен ұсақталады (эмульгация), содан барып лимфа және қан жүйелеріне түседі. Мал организмінде синтезделмейді, сондықтан витамин жеткілікті мөлшерде мал рационымен организмге түсуі қажет.Витаминді бедеулікте, ұрықтану процессі нашарлағанда, ұрықтың эмбриональды дамуын жақсарту үшіп, ет дистрофияларында, тері ауруларында, қозылар мен бұзау және құстардың бұлшық еттері ағарып ауыратын жағдайларында қолданады. Токоферолдың майдағы 5, М/ РМВ -ды ацетаты, шырғанақ майы, фехолин препараты қолданылады. К тобының витаминдері. Антигеморрагиялық қасиеті бар витаминдер. Оған-1 - филлохинон,2 м е н а х и н о н , 3 м е н а д о н ж ә н е 4 - менадиандифосфаттар жатады. Суда жақсы еритін, антигеморрагиялыққасиеттері бар бірнеше синтетикалық препараттар алынған: викасол, синковит, К4 витамині. К тобының витаминдері майда еритін витаминдердің ішіндегі малдардың месқарыны мен ішектеріндегі бактериялардың синтездейтін жалғыз витамині. Құстарда ондай синтез жоқ. Сондықтан ол витаминдер жеткілікті мөлшерде рационда болуы қажет.К витамині ащы ішектерде сіңеді, лимфа мен канға түседі. Оның метаболизмдері өте және зәр арқылы бөлінеді. Қоры бауырда.

45

Page 46: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Қан ұю процессінде протромбиннен тромбиннің түзілуіне қатынасады. Жаралардың жазылуын тездетеді. Витаминнің жеткіліксіздігінде қанның ұюы нашарлайды., геморрагиялық құбылыс пайда болады; балапандарда каннибализм құбылысы байқалады. Төс еттерінде, ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарында, тері шелінде, аяқтарда қанталау байқалады. Құстардың етті асқазанының кутикуласы сыдырылып қалады.Жоңышқа сүрлемін дұрыс сақтамағанда дикумарин түзіледі. Ол К витаминінің антагонисі. Ондай жағдайда малдарда «тәтті жоңышқа ауруы» пайда болады. Сондықтан мал азығында дикумарин бола қалған жағдайда рационға К витаминін қосады.Витаминді қан аққан жағдайда, геморрагиялық диатездерде, гепатитте, ұзаққа созылатын іш өту жағдайында, ойық жараларда, жатырдан қан аққанда қолданады. Әсері бірнеше сағаттан кейін білінеді. Негізгі көзі - азық. Викасол. Иіссіз, ақ түсті кристаллды ұнтақ. К витамині тәрізді әсер етеді. Одан жиірек қолданылады. Б тобының тізімінде, жақсы жабылатын ыдыстарда, жарықтан корғалған жерлерде сақталады. Таблетка және ампула түрлерінде шығарылады. Суда еритін витаминдер. В тобы витаминдерінің препараттары. Тиамин бромиді (В витамині). Сілтілік және бейтарап ерітінділерде оңай бүлінетін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Дәнді дақылдарда, өсімдіктер мен мал өнімдерінен дайындалатын мал азықтарында болады.Тиаминнің өзінің биологиялық белсенділігі шамалы, бірақ ол ішекте сіңгеннен кейін фосформен қосылып декарбоксилазаның коферменті тиаминпирофосфатқа айналады. Тиамин фосфаты жүзім қышқылының құрамындағы карбоксил тобына әсер ету арқылы оның ары қарай тотығуын қамтамасыз етеді. Витаминнің жеткіліксіздігінде қанда, тіндерде және мида жүзім қышқылының шоғырлануы салдарынан организмнің улануы, нерв жүйесінің қызметінің бұзылуы, полиневрит ауруының белгілері байқалады. Витамин фруктозаның глюкозаға айналуына, глюкозадан гликогеннің түзілуіне және сүт пен жүзім қышқылдарынан көмірсутегінің синтезделуіне әсер етеді. Инсулиннің гипогликемиялық, ал глюкозаның гипергликемиялық әсерлерін үдетеді; сондай-ақ азот пен нуклеотидтердің алмасуларына оң әсер етеді. Холинацетилазаны белсендендіру, холинэстеразаны қоршау арқылы организмдегі ацетилхолиннің деңгейін жоғарылатады. Сөйтіп ол холинергиялық нерв талшықтарының қызметіне әсер етеді. Тиаминнің жеткіліксіздігінен болатын гиповитаминозда организмде көмірсутегі мен су-тұз алмасулары бұзылады. Ацетилхолиннің синтезі нашарлайды, қаңқа бұлшық еттерінің салдануы, ішектердің атониясы байқалады. Трипсин, амилаза, липазалардың синтездерінің тежелулерінің салдарынан организмде азықтың қорытылуы, сіңуі нашарлайды. Төлдердің өсіп-өнулері төмендейді, гипотрофиктер пайда болады; жүрек қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. Тиамин родергаммен, танинмен, стрихнинмен, хининмен, адренолитикалық және симпатолитикалықзаттармен, пенициллинмен, стрептомицинмен, ұйықтататын дәрілік заттармен, фолий және никотин қышқылдарымен, фтивазидпен және прозеринмен үйлеспейді. Кейбір мал азықтарының, улы өсімдіктердің, ішек бактерияларының құрамында энзим -тиаминаза болады. Ол тиаминді ыдыратады. В1 гиповитаминозында, аналық малдар туар кезінде жатырдың тонусы төмендегенде, капиллярлардың тонустары төмендегенде, торайлардың тышқақ ауруының нервті-улы түрінде, бұзаулардың тышқақ ауруында, пневмонияларда, гастрит және энтериттерде қолданады. Құрамында В тобының витамині бар дәрілік заттардың қатарына тазаланған құрғақ сыра ашытқысы, «Гефефитин» таблеткасы, «Тиодин» ерітіндісі,

46

Page 47: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

фосфотиамин, кокарбоксилаза, бенфотиамин, рибофлавин (В2 витамині), флавинат, никотин қышқылы (РР - ВЗ витамині), никотинамид, холин (В4 витамині), пантотен қышқылы (В5 витамині), пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині), пиридоксальфосфат, цианокобаламнн (В12 витамині), оксикобаламин, кобамамид, витогепат, комполон, антианемин, кальций пангаматы (В15 витамині), фолий қышқылдары (Вс витамині) жатады. Аскорбин кышқылы – Acidum ascorbinicum. Суда. спиртте оңай еритін, қышқыл дәмді, түссіз кристалл. Тотықтырғыш заттармен, бикарбонаттармен, йодпен үйлеспейді.Синтетикалық жолмен алынған аскорбин қышқылы табиғи С витаминіне толық ұқсайды. Организмде тотығу-тотықсыздану процессінде, көмірсутегі мен белоктардың алмасуларында маңызы зор. Тиразин мен фенилаланиндердің алмасуларын реттейді; катепсиннің әсерін үдетеді; бауыр энтеразасын белсендендіреді; қанда каталазаның түзілуін жылдамдатады; қанның ұюын жақсартады; капиллярлардың өткізгіштігін, тіндердің регенерациясын, стероидты гормондардың түзілулерін қалпына келтіреді. Қандағы холестерин мен кальцийдің деңгейін төмендетеді; липидтер мен кальцийдің ағзаларда қорлануын азайтады; асқазан, ішек ферменттерін белсендендіреді; антигеморрагиялық әсер етеді; ұйқы безіне, эритропоэзге, фагоцитозға оңды әсер етеді. С витамині бүйрек үсті қабының гормоны мен тиаминге синергист; ал қалқан безінің гормонына, А және Д витаминдерге - антогонист.Витаминнің жеткіліксіздігінде организмнің резистенттілігі төмендейді, жүрек етінде дистрофиялық құбылыс байқалады, тотығу-тотықсыздану процессі бұзылады.Ауылшаруашылық малдары мен құстардың организмінде С витамині глюкозадан синтезделеді.С витамині С гипо және авитаминоздарында; сәуле ауруында; індетті аурулар мен улануларда; геморрагиялық диатезде; бауыр, жүрек, жатыр ауруларында; анемияда; сүйек сынықтарында;гипотрофиялық құбылыстарда; ревматикалық процесстерде қолданылады.С витаминін кальций хлоридімен қосып ісіктерде, бүйрек түбекшесінің қабынуында (гломерулонефрінте), экссудатты плевритте қолданудың оң нәтиже беретіні туралы деректер бар. Биофлаваноидтар. Р витамині. Шөпқоректілер мен етқоректілердің азықтарының құрамының қажетті заттары. Көптеген өсімдіктерде, әсіресе олардың ұрықтарында гликозидтер түрінде кездеседі. Оларды аскорбин қышқылымен қосып қолданғанда капиллярлардың өткізгіштігі мен жарылғыштығы азаяды, тотығу-тотықсыздану процессі жақсарады және оның антиоксидантты қасиеті пайда болады. Аскорбин кышқылы мен адреналинді тотығудан қорғайды. Бұл витаминді малдәрігерлік тәжірибеде капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылататын ауруларда рутин, урутин және рутамин препараттары ретінде қолданады.С витамині. Құрамында көп қанықпаған май қышқылдары бар комплекс. Организмде майлардың алмасуын реттейді, тері жарақаттарының жазылуын жақсартады. Витаминнің жеткіліксіздігінде тауықтардың жұмыртқа салуы төмендейді, балапандар өспейді, жиі-жиі ас қорыту жүйесі мен өкпе ауруларына шалдыққыш келеді. Бауырдағы А витаминінің деңгейі азаяды. Витаминнің кері әсерлері биотиннің жеткіліксіздігінде асқына түседі.Препаратты тері ауруларында, ол рентген сәулесімен күйгенде, ұзаққа созылған жараларда сырттай, линол препараты (метил эфирлерінің линол, линолен және олеин қышқылдарымен қосылысы) түрінде қолданады. Биотин (Н витамині). Мочевина -карбамидтің бициклді қосылысы; құрамында күкірт бар монокарбон қышқылы. Бір торшалы саңырауқұлақтармен және ішек мнкроорганизмдерімен синдезделеді. Суда еритін; ауада, жарықта, қызуға тұрақты

47

Page 48: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

кристаллды зат. Малдәрігерлік тәжірибеде шөпқоректілерде биотиннің жеткіліксіздігі байқалмайды.Ащы ішектерде сіңген биотин альбуминдермен байланысқан түрінде бауырда жинақталады, зәр мен нәжіс арқылы бөлінеді.Тотығу процессіне қатынасатын коферменттердің құрамына кіреді; майдын, алмасуына, жүзім қышқылының тотығуына, аталық және аналық бездердің функцияларын қамтамасыз етуге; нервті трофикалық процесстерге қатынасады.Витаминнің жеткіліксіздігінде зат алмасу процессі, ішкі бездердің секрет бөлуі бұзылады; іріңді микрофлора дамиды, организм уланады. Тері қабыршықтанады, дерматит дамиды, малдың жүні түседі. Тауықтардың жұмыртқа салуы төмендейді; аяқ, бас тұстарында дерматит пайда болады. Литий қышқылы - 6,8 - дитиооктан қышқылы. Сарғыш түсті, ащы дәмді кристаллды ұнтақ. Натрий тұзы суда жақсы ериді. Жүзім және а-кетоқышқылдарын тотығу арқылы декарбоксилдендіру процессіне қатысатын кофермент. Организмдегі май мен көмісутегінің алмасуларын реттеуте қатынасады, бауырдың қызметін жақсартады, ауыр металл тұздарымен уланғанда оң әсер етеді. Орот қышқылы (ВNP Витамині). Суда нашар еритін кристаллды ұнтақ. Бауырда пирамидин нуклеотндтерінің, нуклеин қышқылдарының, билирубиннің синтездеріне қатынасады; бауырда фолий қышқылының мөлшерін көбейтеді; малдың өсімталдығына дем береді; төлдердің өсіп-жетілуін тездетеді.Витаминнің жеткіліксіздігінде төлдердің өсуі нашарлайды, қан элементтерінің түзілуі бұзылады, белоктар мен көмірсутегінің алмасулары және бауырдың детоксикациялық қабілеті төмендейді. Метилметионин күкірт хлориді (r витамині). Тәттілеу дәмі бар, ақ-сарғыш түсті кристаллды ұнтақ. Суды жақсы сіңіреді. Метиониннің белсендендірілген түрі. Мал азықтарының жақсы сіңіп, қорытылуына; төлдердің жақсы жетілуіне себепкер болады. Түйіршікті жемнің құрамында асқазанның ойық жарасының жазылуына, оның созылмалы қабынуында жақсы әсер етеді.Препараттың әсер ету механизмі оның құрамындағы метил тобының әсерімен түсіндіріледі. Ол гистаминді белсенді емес түріне айналдыру арқылы асқазанның сөлінің бөлінуін шектейді. Ойық жара кезінде рецепторларды тітіркендіру азаяды. Холинолитикалық дәрілік заттармен бірге қолдану ұсынылады. Поливитаминдер препараттары. Витаминдердің комбинациялы түрлерін қолданғанда олардың организмге физиологиялық әсерлері үдейді, кейбір витаминдердің улылықтары төмендейді, малдар оларды жақсы қабылдайды. Оларға жататындар: аснитин (аскорбин, никотин қышқылдары; тиамин хлориді және глюкоза), тетравит (тиамин хлориді, рибофлавин, никотин және аскорбин қышқылдары), ундевит (ретинол ацетаты, тиамин хлориді, рибофлавин. пиридоксин гидрохлориді, цианкобаламин, никотинамид, Р витамині, Е витамині, аскорбин және фолий қышқылдары, кальций патотенаты), пушновит 1 және II, декамевит, аэровит, пангексавит, гептавит т.б. Витаминдердің үйлесімсіздіктері. Витамин препараттары тек физикалық және химиялық қасиеттері жағынан ғана емес, фармакологиялық әсерлері жағынан да үйлеспеулері мүмкін. Оларды тағайындағанда келесі ережелерді сақтау керек:кейбір витаминдерді бір шприцпен қосып жіберуге болмайды. Мысалы, В6 витамині В12 витаминінің құрамындағы кобальт тұздарымен бүлінеді; В1 және В12 витаминдерін қосқанда соңғысы біріншісініңәсерінен тотығады; ВI және В6 витаминдері антагонистер;В1 және В12 витаминдерін бірге жібергенде олардың аллергиялық реакциясы жоғарылайды; С. Р, К және В12 витаминдерін пенициллинмен біргежіберуге болмайды, себебі олар қанның ұюын жылдамдатады;

48

Page 49: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

бір шприцте В1 витамині мен стрептомицинді біргежіберуге болмайды, стрептомицин тотытады;В1 витамині ұйықтататын дәрілік заттармен, дигидроэрготаминмен және адреносимпатикалық дәрілік заттармен фармакологиялық әсерлері жағынан үйлеспейді; бірінің әсерін бірі жояды; никотин қышқылының судағы ерітіндісі В1 витаминін бүлдіреді. Қазіргі кезде күннен-күнге көбейіп келе жатқан әртүрлі техногенді факторлар мал организмінде терең өзгерістер тудыруда. Соның салдарынан бұрын жекелеп кездесетін, көп мәселе тудырмайтын, белгілі бір жүйке аурулары қазірде жиі кездесуде. Сондықтан оларды реттеу үшін тиісті дәрілік заттарды қолданудың қажеттігі туындады. Осылай фармакологияда жаңа бағыт иммунофармакология және стрессофармакология пайда болды.Организмнің иммунодефициті мен стресс жағдайлары малдың өнімділігін құрт төмендететін болды. Осындай жағдайда малдың өнімділігін жақсартатын әртүрлі стимуляторларды қолдану проблемасы келеді мәселелердің бірі болып саналады. Ондай дәрілік заттардың тек иммундық жүйенің, қызметі мен стресс жағдайды ғана реттеп қоймай, малдың денсаулығы мен өнімділігіне де зор пайда келтіретіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Міне сондықтанда бұл топтың препараттары бір бөлімде қарастырылып отыр. Иммуномодуляторлар. Иммуномодуляторлар - организмнің иммундық статусына әсер ететін дәрілік заттар. Бұл дәрілік заттарды зерттейтін иммунофармакология - фармакологиядағы жаңа бағыт; иммунология, биохимия және фармакология пәндерінің негізінде дүниеге келген. Оның негізгі мақсаты:Тәжірибеде қолданылып жүрген дәрілік заттардыңорганизмнің иммундық статусына әсерін зерттеу;Иммундық жүйені реттейтін депрессанттар менспшмуляторларды іздеп, табу. Иммунодепрессанттар организмнің иммундық реакциясын қажытатын заттар. Олар медицинада трансплантацияда, залалды ісіктерді емдеуде, аллергиялық реакцияларды реттеуде қолданылады. Негізгі өкілдері: глюкокортикоидтар, цитостактер (азатиоприн, меркаптопурин, ісіктерге қарсы қолданылатын антибиотиктер және т.б.). Бұл топқа аллергиялық реакцияны тоқтату үшін қолданылатын, гистаминге қарсы әсер ететін заттарды да жатқызуға болады.

Бақылау сұрақтары.1. Майда еритін витаминдер.2. Суда еритін витаминдер.3. Витаминдердің үйлесімсіздіктері.4. Иммуностимуляторлар5. Стресске қарсы қолданылатын дәрілік заттар

49

Page 50: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

А) Негізгі әдебиеттер тізімі:1.Айтжанов . Фармакология. Кайнар. Алматы 2006 ж.-ҚазҰАУ, «Агроуниверситет» баспасы,2006 ж.2.Қожанов Қ.Н. Айтжанов Б.Д. Тулеметова С.Е. Фармакология токсикологиямен.Шымкент 2010 ж. М.Әуезов ат. ОҚМУ.3. Червеков Д.К. Фармакология с рецептурой. Колос. Москва.. 1986ж4. Қожабек З.К.. Мал дәрігерлік фармакология. Алматы. Қайнар. 2000ж5. Рабинович.М.И.. Практикум по ветеринарной фармокологии и рецептуре. Москва1988ж.

Б) Қосымша әдебиеттер тізімі:1 Мозгов И.Е .Фармакология. Москва 1947ж2. Студенцов И.В. Фармакология. Москва 2008ж3.Ветеринарные препараты в России 2000ж

50

Page 51: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

51

Page 52: әдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен

52