36 (3093) 2014-04-03

16
ǸˏǮ ˏǴǬǷʵ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÂÆÊÒÆμ ÒģÔ¼Ñ ÇÜÌ 6+$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ÏĦóġòóĄëâáóüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì +6°..+8° -1°.. +1° ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ Жұма, 4 сәуір күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қаласындағы №9 емхананың бас дәрігері Сәуле Әжмұхамбетқызы ҚҰРМАНОВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе astana-akshamy.kz сай- тына хабарласуға болады. Естеріңізде болса, аффинаж зауыты өткен жылдың желтоқсан айында Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаны жүзеге асырудың стратегиялық мақсаты – ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алтын валюта қорын қалыптастыру. – Міне, тазартылған алтынның алғашқы өнімі де дайын болды. Құнды металдардан тұратын қазақстандық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі Президент тапсыр- масы орындалды. Индустриялық парк аумағында жүзеге асқан зауыт қызметінің басты бағыты – бағалы металдарды электрлік-химиялық аффинаждау. Өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген зауыт үш айдын ішінде түрлі келісімшартқа қол жеткізді. Нәтижесінде, алтынның сапалы алғашқы партиясы Ұлттық банкке жөнелтілуге дайын, - дейді зауыт ди- ректоры Мейрамғали Тілеужанов. Оның айтуынша, зауытта шикізат тапшылығы сезіледі. Өйткені, бағалы металл жеткізетін отандық кәсіпорындар осы уақытқа дейін өнімдерін шетел асырып келген. Бүгінде зауытқа шикізат тасымал- дау жөнінде Қазақстанның тау-кен саласының өндірушілерімен мемо- рандум жасалуда. «Үш ай ішінде 7 тонна шикізаттан 500 келі дайын алтын алдық. Бірақ, біздің күшіміз жылына 25 тон- на алтын және 50 тонна күміс өндіруге қауқарлы. Тіпті, отандық инновациялық технологияны енгізу есебінен 75 тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігіміз де бар» дейді кәсіпорын басшысы. Зауыттан шыққан халықаралық үлгідегі алғашқы өнімдер барлық талаптарға сай келеді. Халықаралық бағам бойынша салмағы әр түрлі құймалар алдағы уақытта еліміздің сатып алушыларына да қолжетімді болмақ. Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ ×ġĨıģģıģ ĖġęĖĮĠı ġěęI ʶ˟˾˟ ˟ˬ˯˲˞˘˞˘೦ ˃˘˶Ͳ˪˟ˮ ʤˬ˵ˮ ˘˹˹ˤˮ˘ˢ ˣ˘˶˵ˮ˘ˮ ˾೪೪˘ˮ ˘ˬ˵ˮˮ೮ ˘ˬ೦˘˾೪ ˬ˟˛˧ ˟ˬ˧˭˧ˣ˞˧೮ ౭ˬ˵˵೪ ˙˘ˮ˪˧ˮ˟ ˢˮ˟ˬ˵˧ˬ˞˧ ˁ˘ˬ˭˘೦ ϱϬϬ ˪˟ˬ˧ ϰϱ ೪˥˭˘ˮ೮ ˢ˘ˬ˱ ೪ˮ Ϯϭ ˭ˬˮ ʤˌ ˞˯ˬˬ˘˲ˮ˘ˮ ˘˳˘˞ f YġĨĨıĠ ėĖģĠĠě Табиғат апатынан жапа шек- кен қарағандылықтарға Аста- надан жөнелтілген аса қажетті заттар қатарында куртка, аяқ киім, іш киім, шұлық, бас киім, кеудеше, жейде, шалбар сынды киімдер жиынтығы, сондай- ақ, тіс пастасы, иіс және кір са- бын, сүлгі, кір жуғыш ұнтақ пен басқа да жуу құралдары, көрпе, матрац, жастық, төсек-орын, электр шәйнегі мен жылытқыш жабдықтары бар. Ауыл тұрғындарының көкөніс қорларын сақтаған жертөлелері мен жерқоймаларын су басқандықтан, Астанадан кар- топ, пияз, қырыққабат, сәбіз жөнелтіледі. Сонымен қатар, ауыл адамдары ұн, макарон өнімдері, қант, дәнді-дақылдар, консервілер, сүт (консервіленген), қораптағы сары май, сұйық май, қорапшадағы сорпалар, тұз, бұрыш, шұжық, консервіленген етпен қамтамасыз етілмек. ÁĜÁƼÁÉ°º¼ ÁĜüÁ ÁĜÇȼɰÂÊ»¼ ˘˲˘೦˘ˮ˞˘ ˯˙ˬ˳ˮ೮ ʶ˪˱˟˪˵˧ ˘˶ˬˮ˞˘ ˯˲ˮ ˘ˬ೦˘ˮ ˘˱˘˵ ˣ˘˲ - ˞˘˱˵˘˲ˮ ˢ˯೦˘ ˙˪˧ˬ ೪˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ˞೪˵˘˲ ˢ˭ˬ˘ ˘˵ ˳˘ˬ˳˶˞˘ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ഉ˪˧˭˧ ˘˱˱˘˲˘˵ ˙˘˳˱˘˳ˣ ೪ˣ˭˟˵˧ˮ˧೮ ˭ഉˬ˧˭˟˵˧ˮ˾˟ ˘˳˵˘ˮ˘ˬ೪ ഉ˪˧˭˞˧˪ ˘ˬ೦˘˾೪ˬ˘˲˞೮ ˙˧˲˧ ˙˯- ˬ˱ ˪˭˟˪ ೪˯ˬˮ ˳˯ˣ˱ ˳˶ ˵˘˳೪ˮˮ˘ˮ ˣ˘˲˞˘˱ ˾˟˪- ˪˟ˮ˞˟˲˞˟ˮ ೪˘ˢ˟˵˵˧ ˵˘˶˘˲ˬ˘˲ ˵˧ˣ˧˭˧ˮ ˳˲˘˵˵ ʅʁ ʣʁɮʧ ȍʂʞʄɫʧɫɯ ʊʧʇʧʁʧʆȎ 8-9-беттерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидатты депутаттар бірауыздан қолдады. Барлық 105 депутат дауыс берді. Мемлекет басшысы отырыс барысында К.Мәсімовті Үкімет басшысы ретінде тағайындау туралы тиісті құжатқа қол қойды. Соның алдында ғана Президент Үкімет басшысы отставкасын қабылдаған бола- тын. Үкімет туралы заңға сәйкес Премьер- Министрдің отставкасының аясында барша Министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтататылады. Сонымен қатар жаңа үкімет қалыптасқанша құзыреттілік сақталады. ã×Ý× äÛâÞèâÛÞßÝßÙåÛ å×á×þăÝĉ×Ĉĉă ʶ˟˾˟ ʫˬ˙˘˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚˵೮ ೪˘˵˳˶˭˟ˮ ˵˪˟ˮ ˀ ʿ˘˲ˬ˘˭˟ˮ˵˧ ʺഉˢ˧ˬ˧˳˧ˮ˧೮ ˯˵- ˲˳ˮ˞˘ ʶഉ˲˧˭ ʺഉ˳˧˭˯˚ ˀ ʿ˲˟˭˟˲Ͳʺˤˮˤ˳˵˲˧ ˬ˘˶˘ˣ˭ˮ˘ ˵˘೦˘˥ˮ˞˘ˬ˞ ˞˟˱ ˺˘˙˘˲ˬ˘˞ ˘ˣ˘೪˱˘˲˘˵

Upload: -

Post on 29-Mar-2016

235 views

Category:

Documents


6 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №36 (3093) 3 сәуір 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 36 (3093) 2014-04-03

+6°..+8°-1°.. +1°

Жұма, 4 сәуір күні сағат 10.00-11.00 аралығында Астана қаласындағы №9 емхананың бас дәрігері Сәуле Әжмұхамбетқызы ҚҰРМАНОВА бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына немесе astana-akshamy.kz сай-тына хабарласуға болады.

Естеріңізде болса, аффинаж зауыты өткен жылдың желтоқсан айында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаны жүзеге асырудың стратегиялық мақсаты – ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алтын валюта қорын қалыптастыру.

– Міне, тазартылған алтынның алғашқы өнімі де дайын болды. Құнды металдардан тұратын қазақстандық шикізатты қайта

өңдеу жөніндегі Президент тапсыр-масы орындалды. Индустриялық парк аумағында жүзеге асқан зауыт қызметінің басты бағыты – бағалы металдарды электрлік-химиялық аффинаждау. Өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген зауыт үш айдын ішінде түрлі келісімшартқа қол жеткізді. Нәтижесінде, алтынның сапалы алғашқы партиясы Ұлттық банкке жөнелтілуге дайын, - дейді зауыт ди-ректоры Мейрамғали Тілеужанов.

Оның айтуынша, зауытта шикізат тапшылығы сезіледі. Өйткені, бағалы металл жеткізетін отандық кәсіпорындар осы уақытқа дейін өнімдерін шетел асырып келген. Бүгінде зауытқа шикізат тасымал-дау жөнінде Қазақстанның тау-кен саласының өндірушілерімен мемо-рандум жасалуда.

«Үш ай ішінде 7 тонна шикізаттан 500 келі дайын алтын алдық. Бірақ, біздің күшіміз жылына 25 тон-на алтын және 50 тонна күміс

өндіруге қауқарлы. Тіпті, отандық инновациялық технологияны енгізу есебінен 75 тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігіміз де бар» дейді кәсіпорын басшысы.

Зауыттан шыққан халықаралық үлгідегі алғашқы өнімдер барлық талаптарға сай келеді. Халықаралық бағам бойынша салмағы әр түрлі құймалар алдағы уақытта еліміздің сатып алушыларына да қолжетімді болмақ.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Табиғат апатынан жапа шек-кен қарағандылықтарға Аста-надан жөнелтілген аса қажетті заттар қатарында куртка, аяқ киім, іш киім, шұлық, бас киім, кеудеше, жейде, шалбар сынды киімдер жиынтығы, сондай-ақ, тіс пастасы, иіс және кір са-бын, сүлгі, кір жуғыш ұнтақ пен басқа да жуу құралдары, көрпе, матрац, жастық, төсек-орын, электр шәйнегі мен жылытқыш жабдықтары бар.

Ауыл тұрғындарының көкөніс қорларын сақтаған жертөлелері м е н ж е р қ о й м а л а р ы н с у басқандықтан, Астанадан кар-топ, пияз, қырыққабат, сәбіз жөнелтіледі. Сонымен қатар, ауыл адамдары ұн, макарон өнімдері, қант, дәнді-дақылдар, консервілер, сүт (консервіленген), қораптағы сары май, сұйық май, қорапшадағы сорпалар, тұз, бұрыш, шұжық, консервіленген етпен қамтамасыз етілмек.

-

-

-

8-9-

бетт

ерде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсын ған кандидатты депутаттар бірауыздан қолдады. Барлық 105 депутат дауыс берді. Мемлекет басшысы отырыс барысында К.Мәсімовті Үкімет басшысы ретінде тағайындау туралы тиісті құжатқа қол қойды.

Соның алдында ғана Президент Үкімет басшысы отставкасын қабылдаған бола-тын. Үкімет туралы заңға сәйкес Премьер-Министрдің отставкасының аясында барша Министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтататылады. Сонымен қатар жаңа үкімет қалыптасқанша құзыреттілік сақталады.

-

Page 2: 36 (3093) 2014-04-03

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

510Елордада 2014 жылдың алғашқы үш айында осыншама жұп некеге отырды.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрын-да осы өнер шаңырағы вокалдық хорының ән кеші өтті.

«Конгресс-Холл» сарай-ында қала тұрғындары мен қонақтары театр және кино әртісі Иван Охлобыстиннің шығармашылық кешін тамаша-лайды.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрында Ф.Вебердің «Досыммен ішкен кешкі ас» коме-дия-фарсы қойылады.

Саясаттанушының айтуынша, зерттеу үш кезеңнен тұрған. Бірін-шіден, 2004-2013 жылдары тер-роризм бабы бойынша қозғалған қылмыстық істер сарапталды. Екін-шіден, осы бап бо йынша сот тал-ғандардың туыстары мен жақын-дарымен сұхбаттар жүргізілді. Одан кейін Қарин бастаған топ колония-ларда отырған сотталғандардың өздерімен әңгімелескен.

Қазақстандағы террорлық топ-тардың бір-бірімен байланысы, ортақ қаржыландыру көздері болмаған. Негізінен бұл топтардың ықпалына 17-29 жас аралығындағы жастар мен 30-39 жасар санасы орныққан адамдар түскен екен. Олардың көбісінің орта білімі ғана болған. Тіпті, 4 сыныптық біліммен шектелген де адам табылған. Ал, 18 пайызы жоғары, 16 пайызы ар-наулы орта білім алған. Соның ішінде

6 пайызының ғана діни мекемелерге қатыстылығы, яғни, көпшілігінің діннен мүлдем хабарсыздығы анық-талған. Террорлық топтардың ық-па лына түскендердің 73 пайызы жұмыссыз азаматтар екен.

19 радикалды топ зерттеліп, олар-дың өзі – диверсиялық, діни және бандалық секілді үш топқа бөлінген. Бірінші топ елімізге сырттан ке-летін күштердің әсерімен әрекет етсе, үшіншісі таза криминалмен айналысқан.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы адам-дардың террорлық топтарға қосы-луының себептеріне үңілген екен. Қоғамда мұндай теріс әрекетке жоқ шылық итермелейді деген пікір бар. Гүлмира Илеуованың мәлім-деуін ше, зерттеу барысында бұл пікір толық дәлелденбеген. Себебі,

сотталғандардың арасында дәулетті адамдар да болыпты. Алайда, осы ой жоққа да шығарылмаған. «Террорлық топтарға негізінен өміріндегі белгілі бір қиыншылықтарға тап болып, дағдарып қалған адамдар қосылған. Діннен хабары жоқтар, қай мәзһабқа жататындарын білмейтіндер де бар арасында. Сондай-ақ, құқықтық сауатсыздық та мұндай жолға итер-мелеген. Интернеттің де рөлін жоққа шығаруға болмайды. Елімізге сырттан келетін күштер де әсер еткен» деді бұл жөнінде орталық директоры.

Зерттеу әлі толығымен аяқтал-маған. Бірақ, алғашқы қорытын-дылары – еліміздің халқына тер-рорлық топтардан қауіптенудің қажеті жоқтығын көрсеткен. Ерлан Қаринның бри фингті қорыта айтқан сөзінен осыны ұқтық.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Көрменің ашылуына Қазақстан дипломаттары, мәдениет уәкілдік терінің басшылары, қазақстандық зиялы қауым, Астанадағы Түркия елшілігінің өкілдері және түрік кәсіпкерлері қатысты.

Салтанатты рәсімде Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығының ди-ректоры Ибрагим Йылдырым түрік және қазақ халықтарының ортақ мәдени мүдделері мен мұрасы туралы сөз қозғай келіп, мұнда ескі түркі мәдениеті мен наным-сенімдеріне тиесілі болған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан және бүгінгі таңда Түркия мен Қазақстан мәдениетінің ортақ мұрасы болып табы-латын бұйымдар, құрал-жабдықтар және Түркияға тиесілі мәдени жәдігерлер қойылғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, көрмеде күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым бұйымдар, киім-кешектер, үйлену той-ларында, әдет-ғұрыптарда, көз тию, дуалау, сиқыр сияқты табуларда қолданылған құрал-саймандар мен жөн-жоралғылар көрсетілді.

Көрме екі апта бойы өтеді.

2014 жылдың 7 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Астана қаласы аумағын санитариялық тазарту, абаттандырып, көгалдандыру мақсатында көктемгі экологиялық айлық, сонымен қатар, 19 сәуірде «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты жалпы қалалық сенбілікті өткізу жоспарланған.

Экологиялық айлық шеңберінде:– қала аумағын санитариялық тазарту;– көшелер, тротуарлар және орамішкі аумақтарды жинау

жұмыстары;– Есіл өзені, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзекшесін қоқыстан және

басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартуды қамтамасыз ету;

– Жауын суы ағатын арықтар мен науалы кәріз жүйелерін тазарту;

– саябақтар мен шағынбақтардағы жасыл желектерді күтіп-баптап, агротехникалық жұмыстарды, көгалдар мен гүлзарларды көріктендіру іс-шараларын өткізу;

– еріген қар үйінділердің орнын аумақтарын санитариялық тазарту және қалпына келтіру көзделеді.

19 сәуірде жалпы қалалық сенбілікке шамамен 93000 адам, 8500 кәсіпорын және ұйым, 170 оқу орны, 360 ПИК жұмылдырылып, 450 техника тартылмақ.

Сенбілікке қатысушылар қажетті құрал-саймандармен (күрек, тырмауыштар), қоқыс қолғаптары мен қаптармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 2700 ағаш егу жоспарланған:Атап айтқанда, Алматы ауданында – 1000 ағаш

(Қалдаяқов және 46 көшелері);– Есіл ауданында – 1500 ағаш (Тұран даңғылынан

Еңбекшілер көшесіне дейін, Керей мен Жәнібек хандар көшесі бойына);

– Сарыарқа ауданында – 200 (Тілендиев көшесі бойында) ағаш отырғызылады.

Page 3: 36 (3093) 2014-04-03

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Астана қаласы Жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен қолға алынған «Команда-2017» жоба сы-ның міндет-мақсаты жөнінде айтып берсеңіз?

– Астана – мемлекеттік маңызды шаралар өтетін еліміздің басты шаһары. Сон-дық тан, елорда ерікті жастар-дың көмегіне көбірек мұқтаж деп ойлаймын. Жаңадан қолға алынып отырған «Коман-да-2017» жобасы ірі шаралар мен мерекелерді өткізуге ерікті түрде көмекке келетін жас тар-дың басын қосады. Біз олардың қабілетін әрі қарай ұштап, үл-кен шаралар кезінде адаммен тіл табыса білуге, қажет кезінде

дұрыс шешім қабылдай білуге баулитын боламыз. Осыған бай ла нысты команданың барлық мүше ле рімен арнайы тре нинг тер, семинарлар өткі-земіз. Осылайша, ЭКСПО кезін де қонақ тар ды қарсы алу, оларға жөн сілтеу сынды ұйым дас тыру жұмыстарына қабі летті жастарды дайындап шығар мақпыз.

– Сонда «Команда-2017» тобына қабыл данатын жас-тар дың бойы нан қандай қасиет ті көргілеріңіз келеді?

– Ең бастысы, командаға мүше болғысы келген адам еліне пайдалы болуды бірінші парызы санауы керек. Со-дан кейін қатысушылардың

ашықтығына, адаммен әңгі-ме лесе алу қабілетіне, тілдерді қаншалықты меңгер ге ніне басты назар аударамыз. Біздің жұртшылыққа көрсететін көме гіміз тегін болғандықтан, еріктілер адами қасиеті жоғары азамат болуы тиіс. Мұндай бастама жастардың әрі қарай тұлға ретінде дамуына, кәсіби азамат ретінде қалыптасуына септігін тигізеді деп ойлаймыз.

– Түсінгенім, бұл жобаға қатысуға кез келген жас өті-ніш білдіре алады ғой?

– Әрине. Біз көшбасшылыққа ұмтылған жастарды ғана емес, қарапайым замандастарымыз-ды да ортамызға тартқымыз келеді. Жастар алдымен өздері

оқитын білім ордаларындағы Жастар ісі жөніндегі коми-тетке хабарласып, солардың іріктеуінен өтуі қажет.

– Енді алғашқы асар ла-рыңызды неден бастағалы отырсыздар?

– Біз алғашқы көмегімізді Отан үшін от кешкен ата-әже-лерімізге көрсетпекпіз. 9-ма-мыр – Жеңіс күні қарсаңында «Команда-2017» тобы қарт-тар дың ауласын, үйін тазалап, қолғабыс жасайтын болады. Сондай-ақ, мейрамға орай георгий лентасын табыстауға арналған акцияға да белсенді атсалысатын боламыз.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУ

ҒАЛ

ИЕВ

. Дер

ек кө

здер

і: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz, w

ww.

24.k

z

Айта кетейік, «Астана Innovations» 2011 жыл дан бері Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бизнес-инку-бациялау бағдарламасын жүзеге асы-рып келеді. Компания жұмысы шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдауға, ғылыми және инновациялық белсенді компанияларды құруға, жобаның отандық нарықта қалыптасуы және табысты бо-луы үшін бастапқы қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл бастама Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасынан бастау алып, республикалық деңгейде жүзеге асыры-лып отыр.

Бизнес-инкубациялау екі кезеңнен т ұ р а д ы . Б і р і н ш і и н ду с т р и а л д ы -инновациялық жобалар жиналып, Сараптау кеңесінің қарауына жіберіледі. Тиімді деп саналған жобаға сол салада тәжірибесі бар мекемелер тәуелсіз сараптау жұмыстарын жүргізеді. Осы сүзгіден өткен жобалар

ғана компанияның қаржыландыруына ие болады.

Екінші кезеңде жоба толықтай жүзеге асырылуы үшін «Астана Innovations» тарапынан бухгалтерлік, құқықтық, инфрақұрылымдық көмек ұсынылады. Сонымен қатар, өнертапқыштар компания аумағындағы компьютерлік техника, интер-нет және басқа да қажетті техникалармен жабдықталған бизнес-инкубаторда өз жо-баларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Былтыр компанияға 300 жоба ұсынылып, оның сегізі таңдалып алынған екен. Іріктелген сегіз жоба бұрын-соңды болмаған қызмет, тауар ұсыну жолында ізденіс үстінде: «FINOTEK» ЖШС бухгалтерлік қызмет көрсету жүйесін құруды, «Астана-Люм» жол және навигациялық белгілерді бояуға арналған полимерлік материалдар-ды шығаруды, «RE-BIOMED» Ғылыми-тәжірибелік орталығы» REGENEREZEN композиттерімен т ү рлі ау руларды

емдеуді, «Мульти Тач Лабс» компания-сы мультисенсорлық интерактивті кон-струкциясын жасауды, «ПрофРемонт.КЗ» сайт ашу арқылы құрылыс-жөндеу саласындағы қызметтерді ұсынуды және іздестіру жұмысын жетілдіруді, «SMIPE» жобасы масс-медиа саласы мамандарына бірегей жүйелендірілген виртуальды кеңсе құруды, «Astana Technology Group» ЖШС «Android iOS Windows Mobile» базасын-да Астана тұрғындары мен қонақтарын қызықтыратын нысандар туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін мобильді теле-фонда «i-Astana» арнайы бағдарламасын құруды, ТОО «BUM SISTEMS» ғылыми барлау-іздестіру арқылы аумақты кеңінен қамтып бақылайтын түрлі мақсаттағы мониторлық құрылғы құрастыруды көздеп отыр. Компания басшылығының айтуын-ша, қазіргі таңда бұл жобалардың төртеуі толықтай жүзеге асырыла бастады.

Шынар ШӘКЕН

Астана қаласының әкімдігі жыл сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмысты ашуға белсене қатысқан азаматтарды марапаттау үшін 13 млн теңге көлемінде қаражат бөліп келеді.

Қала әкімдігінің қолдауымен Ішкі істер департаменті 2014 жылдың 1 тоқсанында қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны үшін 216 қоғамдық көмекшінінің әрқайсысына 15000 теңгеден, жалпы 3240000 теңге сыйақымен марапаттады.

Сондай-ақ, департамент Астана қаласы Жастар мәселесі жөніндегі басқармамен бірлесе отырып, сту-дент жастарды қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жұмысына тарту мақсатында қаланың жоғары және орта оқу басшылығымен және студенттерімен кездесу өткізуді.

Басқосуда құқықтық тәртіпті сақтайтын студенттік жасақ мүшелерінің арнаулы киімі ұсынылып, көзге түскен жедел-жастар жасақ мүшелері грамоталармен, сыйлықтарымен марапатталды.

Б и л е т т і с а т у жүйесі ашық түрде жүргізіледі. Сатылған әр билет жү йеде тіркелетіндіктен, оны өз күшіңмен немесе бағдарлама арқылы өшіру және өзгерту

мүмкін емес. Сондай-ақ, билетті қолдан жасаудан қорғауға мән берілді. Әр билет орны, қатары, қалай және қай уақытта алынғаны жайында сатып алу дерегі бар QR кодпен қамтылған. Залға кіргенде осы код арнау-лы құралдың көмегімен сканнан өткізіледі де ақпарат оқылады, осылайша билет тексеруден өтеді.

Смартфоны және планшеттік құрылғысы бар адамға билетті басып шығарудың қажеті жоқ, себебі, енді электрондық билет опциясы іске қосылды. Шараға келер алдында QR кодты гаджетте сақтау керек, кірерде соны билеттің орнына көрсете саласыз.

Page 4: 36 (3093) 2014-04-03

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Әді

лбек

ЖАП

АҚ

№46 мектептің ауласындағы қоқыстың шығарылмағанына бірнеше апта өтті. Жәшік-тердегі қоқыс сыртына төгіліп, желмен ұшып, төңіректің ат көпірін шығарды. Естуімше, мектеп қоқ ыс шығару шы мекемеге борышкер боп қа-лыпты. Ал, осының салдары-нан санитариялық жағдайына нұқсан келіп жатыр. Мектеп бюджетінде қоқыс шығару шығыны неге қарасты рыл-маған?

Руслан

Абылай хан даңғылы бойындағы 5/3 үйдің ау-

ласында бұрынғы троллей-бус стансасының жартылай

бұзылған ғимараты тұр. Жазда ол жерді қаңғыбастар паналай-ды, қыста жел кеулеп, темір қақпалары қаңғыр-гүңгір етіп мазаны алып бітеді. Ал, жаза-тайым топсасынан босап ұшып кетіп, жақын тұрған көлікті не-месе өтіп бара жатқан адамды майып қылса қайтесіздер? Уақыт оздырмай, демонтаж жасап тастасаңыздар жақсы болар еді.

Данияр ОРАЗАЛИН

Құрметті, Бекбол Ұбайдоллаұлы! Біздің елдімекен тұрғындарының тұрмысын сәл де болса жақсартатын бір өтінішімізді қабыл алсаңыз екен. Айтпағым, Железнодорож-ный кентінен қалаға қатынайтын №109 бағыттағы автобус ауылдың тек бір-екі көшесімен өте шығады. Амал жоқ, жаяулап барып, қияң жердегі аялдамадан мінеміз. Сол

№109 бағытты «Заңғар» сауда үйі, Ж.Жабаев көшесі арқылы жүргізуге болмас па екен? Әрине, сұрай берсек талабымыз таусыл-мас. Мәселен, біздің ауылдан Сол жағалауға, Орталық базарға, «Орби-та», «Еуразия» сауда үйлеріне төте қатынайтын қоғамдық көлік болса, тіптен қуанышты болар едік.

Валентина

Ба л амызд ы Ас тана қаласындағы әлеуметтік көмек орталығына тіркеу үшін қандай құжаттар жинауымыз керек? Қа-зіргі тұрғылықты жеріміз – Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы. Ол жерде бізге пам-перстен басқаны тегін бермейді. Мәселен, орто-пе диалық аяқ киім тегін көмек тізімінде қарас-ты рылмаған. Шынтуай-тын айтсақ, баламыздың саулығы үшін бас қалаға барғымыз келеді.

Алтынбек ӨМІРЗАҚОВ

Қазақстанның туризм саласын дамы-туға байланысты шетелдіктердің қы-зығушылығын оятатын тың жобаларды кімге ұсынып, ақыл-кеңес алсам болады? Менің қазақтың мәдени құндылықтарын дәріптеуге арналған жобам «EXPO» көрмесі қарсаңында өте өтімді, керек идеялардың бірі ретінде кәдеге жарар еді....

Советхан АМАНКЕЛДІ

,

*

,

*

Өтініш 19 наурызда жолданып, 10 күн ішінде орындалды

Өтініш 29 наурызда түсіп, 2 күнде жауап берілді

Сауал 29 наурызда түсіп, 3 күнде жауап берілді.

Сауал 26 наурызда жолданып, 2 күнде жауап берілді

Page 5: 36 (3093) 2014-04-03

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Сонымен, хостел несімен ерек-ше, қандай артықшылықтары

бар? Әзірге біздің елдегі қонақ үй бизнесіне сіңісе қоймаған заты бөтен сервис туралы білмек бо-лып астаналық жас кәсіпкер Айбек Жұмабаевтың хостелінде болып қайттық.

– Хостел ашу туралы бастаманы жездем көтерді. Ол Алматыдағы әкем театрға жақын маңда орналасқан «Жастар» элиталық үйіндегі 4 бөлмелі пәтерінен хостел ашуды қолға алған кезде бұл кәсіпке күмән келтіргендердің бірі өзім едім, – деп бастады Айбек әңгімесін. – Келушілердің ұсыныстары, пікірлері біз үшін әрқашан да маңызды. Сол себепті, бір бөлмесін негізінен қыз-келіншектерге арнадық. Біз басында сыртқы туризмді назарда ұстап, мұндайға тек шетелдіктер келеді деп ойлағанбыз. Бірақ, уақыт өте ел ішіндегі қалалардан да көптеп қонақтар келіп жататындықтан, менталитетімізді ескере отырып, әйелдер бөлмесін бөлек жасақтауды ұйғардық.

Жалпы, хостел несімен қызықты? Еуропада кеңінен тараған мини-отельдердің бірінші ерекшелігі – бағасының арзан болуы. Екіншіден, м ұ н д а ү й і ш і н д е г і д е й а б ы ң -күбің әңгіме айтып араласатын, ресмиліктен ада орта бар. Хостел меймандары әр түрлі елден, түрлі аймақ, облыстардан келгендігіне қарамастан, адамдар бір-бірімен тез тіл табысып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып кетеді. Жұмсақ диван, креслолар, үлкен үстел қойылған ортадағы кең холл ас бөлмемен т і к е л е й б а й л а н ы с т ы р ы л ғ а н . Күндіз өз ісімен жүрген адам-дар кешкілік осында бір-бірімен сөйлесіп, ас үйде қалаған асын дай-ындап, бірге тамақтануына бола-ды. Меймандарға қала тіршілігі мен жаһан жаңалықтарын тама-

шалау үшін үлкен экранды теле-дидар, қажетті ақпараттарын алу үшін компьютер және лимитсіз, жоғары жылдамдықты wi-fi интернет орнатылған.

Айбек басқарып отырған хоcтелде қонақтардың талғамына сай жағдай

жасауға айрықша мән бергендіктен бе, кісі үзілмейді. Біз барғанда да шағын хостелде орын болған жоқ. Иә, расында, мұнда адамға қажетті қызметтердің барлығы дерлік қамтылған. Үш бөлмеден тұратын хостелдің әр бөлмесінде 2-3 екі адамдық қос қабатты кереу-еттер қойылған. Әр жатын орынның тәуліктік ақысы – орта есеппен 2 мың теңге. Заманауи техника мен жиһаздармен жабдықталған. Әрбір бөлмеде желдеткіш кондици-онерлер бар. «Apple» ұжымында меймандардың кез келген сұрақта-ры на тұщымды жауап, ақыл-кеңес бере алатын білікті мамандар қызмет етеді. Айбектің айтуынша, хостелдер қаланың ең ыңғайлы аудандарында орналасқан. «Бұл келушілер үшін өте маңызды. Мәселен, сіз үлкен қалаға қыдырып не жұмыс бабымен келдіңіз делік. Әрине, ең алдымен туыстарды жағалайcыз. Одан қалса, жалдамалы пәтер қарастырасыз. Ал, табаныңыз таусылып жүріп тапқан пәтеріңіз қаланың шет жағында немесе ішкі жасау-жағдайы ойдағыдай болмауы әбден мүмкін. Бұл тұрғыда біздің хостелден қолайлысын таппайсыз. Қаланың қақ ортасында, ыңғайлы ауданда орналасқан» деп, хостел маңында бірнеше супермаркет-тер, қызмет көрсету орталықтары, мейрамханалар және қаланың маңызды жерлеріне қатынайтын автобустардың көптігін атап өтті.

жүргендей сезінесің. Басында босаға аттағаннан жалаң аяқ кіру керектігіне таң қала қараған шетелдік меймандар қазақы қонақжайлылық пен қызмет сапасына разы болысыпты.

«Хостелдің өз мәдениеті бар. Біздің хостелге өз елімізден және алыс-жақын шетелдерден көптеген қонақтар келіп жатады. Еуропада, өздеріңіз білесіздер, хостел жүйелі түрде дамыған. Өткен жылы бізге шетелдерден, атап айтсам, Швеца-рия, Австрия, Голландия, Нью-Йорк, Гонконг, т.б. жерлерден туристер келді. Сонау кәрі құрлықтан мо-тоциклмен шыққан саяхатшылар да ат басын бұрған. Батыс халқын аса бір тиын санаған үнемшіл демеймін, бірақ, олар қаражатты

өздеріне тиімді жаратуды білетін халық. Олар 10 мыңға ортанқол қонақүй жалдағанша, хос телге 2 500 теңге төлеп, артылғанын өз қажеттіліктеріне жаратуды дұрыс көреді. Оның үстіне, сырттан келген адам үшін бөтен жердің жайымен, халқымен араласып, танысу, пікір ал-масу, қажетті ақпараттар алу ауадай қажет-ақ» деп жас кәсіпкер хостел мәдениетінен біраз хабардар қылды.

Іске уақап жігіт қай салада болмасын өз ауыртпашылығы мен қиыншылығы, кедергілері болатынын да ашып айт-ты. Оның айтуынша, қаламызда хос-тел ұғымын желеу еткен «қонақүй» ашушылар да жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кеткен. Өкініштісі, олардағы сын көтермейтін сервис пен сұрықсыздық сапалы қызмет көрсететін Айбек секілді кәсіпкерлердің атына кір келтіреді. «Өзім сол хостелсымақтарды арнайы барып көрдім де. Өзгеге зиян етпей, ашық түрде жатақхана деп атаса да дұрыс болар еді. Себебі, ол жерлерде біздің хостелдегі атмосфера жоқтың қасы. Хостел хостел болып қалуы керек» деп, қынжылыс білдірген Айбек бұл тек қана тұтынушылардың құқын бұзу, қоғамда теріс пікір қалыптастыру деп пайымдайды.

P.S. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның қолдауына ие болған Халықаралық хостел федерациясы әлемнің 400-ден аса хостелін бір жүйеге келтірген. Бұл ұйым хостел мәртебесін алуға аккре-дитация жасап, мини-отельдердің қызмет көрсету сапасына тек-серістер жүргізеді. Федерацияға мүшелікке енген хостелдерге бірыңғай стандарт енгізіледі. Жыл сайын Аме-рика, Азия және Африка, сондай-ақ, Тынық мұхиты аймағы және Еуро-пада орналасқан хос телдер туралы

толық мәліметтер толтырылған екі каталогты басып таратады. Ал, Қазақстанда аздаған жыл-дардан соң әлем көз тіккен «Экс-по-2017» көрмесі өтетінін ескерер болсақ, осындай шағын бюджетті қонақүйлер ашқандар ырғын пайдаға кенелетіні анық. Ал , қалалық әкімдіктің мәліметінше, елордамызға жылына орта есеппен 110 мыңнан аса шетелдік туристер ат басын тірейді екен.

Жайық НАҒЫМАШ

Қарағанды қаласының тумасы На-талья есімді мемлекеттік қызметші Әділет министрлігіне іссапармен келген сайын пәтер машақатын көріп келіпті. Бұған дейін Айбектің

хостелінен хабары болмаған апай былай дейді: «Жұмыс бабымен аяқ астынан Астанаға аттанып кететін кезіміз көп. Сондай сәттерде жанға жайлы пәтер табу үлкен мәселе. Ақшасында тұрған дәнеңе жоқ. Не тұрған жері қолайсыз, не таза деп те айта алмайсың. Ал, «Apple» хостелі сенімді әрі әрдайым таза».

Т а з а л ы қ п е н т ә р т і п к е с а қ қарайтындығын Айбектің хостеліне келгенде-ақ байқағанбыз. Кірген беттен аяқ киімді шешіп, жылы кілемге аяқ басқаннан-ақ өз үйіңде

Page 6: 36 (3093) 2014-04-03

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

«Астана Бірыңғай есептеу орталығы» ЖШС-да екі call-орталық бар. «707-444» нөмірлі диспетчерлік орталық 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Осында ауы-сыммен жұмыс істейтін 24 оператордың өзі жеткіліксіз болған соң,былтыр ақпан айында тағы бір call-орталық іске қосылған еді. Оның телефоны: 999-633. Бұл екі телефондағы операторлардың дауысын есту біз үшін мұң болып жүр. Кеше тағы хабарластық. Тұтқаны «жып» етіп ала қойған оператор қыз: «біз суық және ыстық судың көрсеткіштерін әр айдың 10-нан 31-не дейін қабылдаймыз. Қазір базамыз

жабық. Көрсеткіштерді қабылдамаймыз» деп қуана хабарлады.

Бұдан кейін мекеменің бөлім басшысы Елена Югриновамен тілдесіп, мән-жайды сұрадық. Оның түсіндіруінше, айдың аяғына қарай телефон желісіне кемі 20 адам қатар хабарласады екен. Солардың бәріне жауап бергенше, біршама уақыт өтіп кететін көрінеді, телефон босамайтыны да сондықтан.

– Б і з ы с т ы қ ж ә н е с у ы қ с у д ы ң көрсеткіштерін ғана қабылдап қоймаймыз. Осы екі телефон арқылы қабылданатын қызметтің түрі 20-дан асады. Айталық, есептеу құрылғыларына пломба қою,

Тұрғындардың ішінде ауласындағы қарды сыртқа шығара салуға ерінетіндері бар. Көктемгі су алу қаупі көбіне осындай қырсыз тұрғындардың қамсыздығынан бо-лып жатады. Айталық, бүгінге дейін 62 жер үй мен 5 көшені су басқан екен. Аудандық су тасқынына қарсы комиссияларға 4763 өтінім келіп түссе, бір тәулік ішінде 513

түбіртектердегі есептеулерге байланысты арыз-шағымдарды қабылдау, бақылаушыны үйге шақыру сынды қызметтердің бәрі осы телефондар арқылы қабылданады. Көрсеткіштерді қабылдауға ғана арналған бөлек телефон орнатуға әзірше техникалық мүмкіндігіміз жетпей жатыр. Биыл тағы бір call-орталықты іске қосу жоспарда бар. Сол кезде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын, – дейді Елена Владимировна.

«Астана-Бірыңғай есептеу орталығы» ЖШС-ның операторлары айына 50 мыңнан астам телефон қоңырауларын қабылдайды екен. Сондықтан ыстық және суық су көрсеткіштерін берудің ең қолайлы уақыты әр айдың 10-25 күндері аралығы көрінеді.

өтінім қаралған. Коммуналдық қызмет өкілдері 12 мыңнан астам текше метр су сорғызып алған. Бұл жұмыстарға 233 техника тартылған екен.

«Астана тазалық» ЖШС қызметкерлері күн-түн демей, шақырту түскен үйге жедел жетіп, суды сорғызып-ақ жатыр. Бірақ қыс бойы тазаланбай, тау болып үйіліп, мұз бо-

лып қатып қалған қар оңайлықпен тазалана қоймайды. Осы кәсіпорынның директоры Әзімбек Басқанбаевтың айтуынша, су тасқыны қыстай жинақталған қар ерігенде басталады. Сондықтан оған тосқауыл қою үшін қатқан қар алдымен арнайы бу маши-насымен ерітіліп, содан кейін еріген қар суы алдын-ала қазылған арықпен ағып кетеді. Әрине, бұл айтуға ғана жеңіл. Әйтпесе, таудай қарды еріту үшін қанша адамның қажыр-қайраты мен қайран уақыты кетеді десеңізші. Кейбір жүгенсіздер таяқ тастам жердегі қоқыс жәшігіне баруға ерініп, тұрмыс қалдықтарын су ағатын арықтарға лақтырып кетеді. Оны тазалаудың өзі – күш. Бүгінде қала бойынша күнделікті 120 АС-машинсы жұмыс істеп тұр. Бұл техникалар күшімен күніне 106 мың текше метр су сыртқа шығарылады екен.

Кез келген табиғат апаты айтып келмейді. Сондықтан тосын жағдайларға тұрғындар дайын болуы керек. Көктемде белуар-дан су кешіп жүрмес үшін, әсіресе, жер үйлердің тұрғындары қамсыз отырмауы керек. Егер елордалықтарға су басу қаупі төнсе, онда Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарының диспетчерлік қызметіне не-месе «051-ге» хабарласуға болады

Астана қаласы күннен-күнге кеңейіп келеді. Халқының саны да көбейген елорданы энергиямен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін тағы бір мекемені құру қажеттілігі туындаған болатын. Осылайша, тұтынушыларды сапалы әрі сенімді электр жүйесімен жабдықтау үшін Астана әкімдігінің тікелей қатысуымен осы «Астанаэнергосбыт компаниясы» құрылды. Оның құрылтайшысы – «Аста-наэнергосервис» АҚ. «Біз серіктестер мен тұтынушыларымызға қажетті ақпараттың неғұрлым қолжетімді әрі ашық болуын қалаймыз. Астаналықтарды тұрақты түрде сапалы электрмен қамтамасыз ету – басты қағидамыз», – дейді директор.

Бүгінге дейін осы серіктестіктің жұмысына байланысты жабдықтаушы ме-кемелерден, не мердігерлерден ешқандай да шағым түспеген екен. Енді міне, ком-пания басшысы Данна Хайруллақызы энергетика саласындағы біліктілігі жағынан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Үкіметтің 2012 жылғы Қаулысымен, мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, инженерлік-техникалық саланың маман-дары, электр энергиясымен жабдықтаушы кәсіпорындардың басшылары да біліктілік тестерінен өтуге міндеттелгені белгілі. Бұл сынаққа алғашқылардың бірі болып қатысқан «Астанаэнергосбыт компа-ниясы» өздерінің осы саладағы кәсіби маман екендіктерін дәлелдеп шықты. «Біз елорданың жарығы өшпеуіне мүдделіміз. Бұл – негізгі тіршілік тетігі. Бір сағат жарықсыз, жылусыз отырудың өзі қалалықтардың берекесін қашырып жіберетінін бәріміз білеміз. Сондықтан біздің компания біліктілігін одан әрі жетілдіріп, сенімді әрі сапалы энергиямен елорданы қамтамасыз ету жолында еңбек ете беретін болады», – дейді директор.

-

Бетт

і әзі

рлег

ен Қ

ымб

ат Н

ҰРҒА

ЛИ

Page 7: 36 (3093) 2014-04-03

7www.astana-akshamy.kz

Жиырма жылдың белесіне жақындаған ассамблея түрлі сынақтардан өтіп, этнос-аралық қарым-қатынасты үйлестірудің іргелі институтына, татулық пен сыйлас-тықтың берекелі биігіне көтерілді. Елба-сы көпұлтты, көпконфессиялы халықты тұтастырып, оны мемлекеттің артықшы-лығына айналдыра білді. Сан алуан қалпын сақтап, біртұтастыққа, даралығын дәріптеп, бір лікке ұмтылудың тамаша үлгісін жаса-ды. Қазақстанның елішілік үндесу алаңы – ассам блея бүгінде барша адамзатқа үлгі болып, әлемдік қауымдастық тарапы-нан қызығушылық оятты. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес сияқты әлемнің ең белді халықаралық ұйымдары да мойындады. Сондықтан, Қазақстанның этносаралық қатынас саласындағы өткенін, бүгіні мен

Меніңше, біздің елдің бірлігі мен келісімінің негізінде қазақ-стандық пат риотизм жатыр. Дәл осы алтын діңгек, соңғы он жылдықтарда қазақстандық мента-литет қалыптастырды. Ол дегеніміз – халықтардың салт-дәстүріне, мәдениетіне деген құрмет, тату көршілік, толеранттық пен кең-пейілділік, мейрімділікте көрініс табатын жалпы адамзаттық ру-хани құндылықтардың ерекше қосындысы

Бұл баға жетпес байлықты ешкім сырттан келіп таңған емес, не болмаса, замана ағымына қарай бір сәтте пайда болған да емес. Оның бастаулары халықтардың өзара қарым-қатынастарының ортақ тарихында, риясыз сыйлас-

тығымыздың тамырында жатыр. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дәстүрімізге сіңген қасиет. Сол себепті де төзімділік, бейбітшілік пен келісім қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Бізді жарқын істерге бастайтын, ортақ игілікке жұмылдыратын Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыс істейді.

Ассамблея республикамыздағы этносаралық қатынастар сала-сының бағыт-бағдарын айқын-дайтын іргелі институт ретінде халықтық дипломатияның органы болып қалыптасты. Ол ұйым қазақ жерінде тұрып жатқан барлық этностың мүдделерін біріктірудің ең ұтымды әдісі екенін дәлелдеді.

Болгарлардың қазақ жерінде тұрып жатқандарына жүз жыл-

дан асты. Осы уақытта отызын-шы жыл дардың аштығын да , саяси қуғын-сүргінді де, отқа оранған қырқыншы жылдардың қиыншылығын да тартып, тыңды да бірге көтеріп, тоқсаныншы жыл дардың аласапыран уақытын да бастан кешірд і . Осындай ғасырлық тарихы бір бес мыңға тарта болгарлар қазақ жерінде тұрып жатыр. Олардың басым көпшілігі Ақтөбе мен Павло-д а р қ а л а р ы н д а о р на л ас қ а н . Өз салтын сақтап, мәдениеті мен әдебиетін меңгеріп, тілін білу ге барл ық мү мкінд іктер жасалып отыр. Біз мұның бәрі Елбасымыздың еңбегі мен кемел сая сатының жемісі екенін естен шы ғармаймыз.

Бір-бірімізді қолдап, ортақ мақ-сатқа қол жеткізуде бір жең нен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, ынты мағы мыз арта береді деп ой-лаймын. Бір лігіміз артып, біртұтас

болған жағдайда ғана жеңісті күндерді жақындата аламыз.

Ольга АНДРИЕВСКАЯ, «Злата» болгар этномәдени

бірлестігінің жетекшісі

болашағын Қазақстан халқы ассамблеясы-нан бөле-жарып қарау мүмкін емес. Ассам-блея бәрімізді қоғамдық келісім мен бірлік идеясының маңына топтастыруға күш салады. Оның өзге ұйымдар мен қоғамдық бірлес тіктерден айырмашылығы да осы мүдде үдесіне көтеріле білгендігінде еді.

Кеңес дәуірінің ыдыраған тұсында елдің татулығы мен ауызбіршілігіне сына қағылып, қатар отырған екі көршінің бір-біріне қас бо-лып, қарсы оқ атқан кезеңі алыста қалады деп ойлағанбыз. Алайда, жұрттың тыныштығы мен жердің тұтастығына да сызат түсіп, бір демде әлем өзгеруінің куәсі болып жатыр мыз. Бұған әсіресе, ел дамуының басым дықтарын анықтамаған, ел бірлігі құндылықтарын қастерлемеген елдердің әлсіз келетінін байқалды.

Соңғы кездері орын алған халықаралық жағдайлар қазақстандықтардың да әрқай сы-сына ой салуы керек. Берекелі бірлігіміздің

тұтқасынан ажырап қалмас үшін ұлтаралық сыйластықты әрқайсымыздың ел алдындағы жауапкершілігімізбен көркейте білу қа-жеттігін түсінген абзал.

Қазіргі күнде «толеранттық» деген сөзді жиі қолданамыз. Бірақ бұл сөз біздің бол-мысымызға, жерінде өсіп, топырағында өнген қазақ халқының дініне де, діліне де жат көрінеді. Себебі толеранттық деген сөз түптеп келгенде «шыдау», «төзу» деген ұғымға саяды. Ал, 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкіліне пана болып отырған қазақ өзге ұлт өкілін шын ниетімен, кең жүрегімен бауырына тартты. Ешкімді өзегінен теппей, тіпті қыз алып, қыз берісіп, құдандалы болды. Бірге отырған тату көршінің санасында төзу деген ұғым болған емес. Қазақ халқы осы қасиетімен ерекшеленді. Осындай кемел келешегі бар отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы болмақ.

Елімізде бейбіт, қатар өмір сүрудің өзіндік дәстүрі мен мәдениетін қалыптастырудамыз. Жалпы мәдениет деген – кең ұғым. Көпұлтты қоғамда мәдениет пен руханият қалай көрініс табады деген сұраққа әркім жауап іздейді. Меніңше, егер адам Қазақстанда дүниеге келген болса, қазақ топырағында оның ба-лалары да өмір сүріп, немерелері де осында өсетін болса – олар ең әуелі міндетті түрде қазақтың мәдениетін білулері керек. Мінеки, сан түрлі ұлттар құрайтын мәдениеттің діңгегі осы идеяның айналасында болуы керек. Қос арқауды қатар өрген әрбір этностың ұлттық мәдениеті де жоғалып кетпейді. Біздің көп этникалық қоғамның мәдениеті жоғары болуы үшін баршамыз жасап жатқан еліміздің байырғы заман-нан келе жатқан мәдениетін білу арқылы «Мәңгілік елге» бас тайтын мәртебелі жолға түсе аламыз. Жеке құндылықтарымызды сақтап, дәстүрімізді түлету арқылы әрқилы-лығымызды сақтаймыз.

«Қазақстан-2050» стратегиясы: бей біт-шілік, руханият және келісім мәде ниеті» атты тақырыппен өтетін кезекті сес сияның жұмысы қазақстандықтардың ру хани әле-уетін айшықтап қоймай, руханият тақы -рыбын кеңінен таратады деп ойлаймын.

Егор КАППЕЛЬ, Мәжіліс депутаты

Page 8: 36 (3093) 2014-04-03

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

i i

Марина Цветаева өзге ақын-жазушыларды жан-жүрегімен ұнатып, қастер тұтып, сүйінішін жырмен өрнектеп өткен ақын. Ол құдайдың сүйікті құлдарын, халық ардақтыларын – «Менің Пушкинім», «Блоктың киелі жүрегі» деп көкке көтеріп, жанына меншіктеудің ғаламдық шығандауын әдебиетке үлгі етіп кетті.

Қазақ әдебиетіне Цве-таева жырларын Гүлнәр Салықбаеваның әкелуі тегін емес. Пушкин, Пабло Неруда, Блок жырларын Фариза Оңғарсынова қазақы өлең патшалығына оның көркемдік иірімін, ырғақ-күйін аудартпай жеткізді. «И звезда с звездою говорит» (Лермонтов),

ақындық өнерде терезесі теңесу аударма үшін аса маңызды.

Жаралы жүректің ғажайып жоқтауы,

Сен бе едің ақ түннің адасқан баласы!

Қап-қара бораның Руське соққалы,

Өксігің қанжардай қадалды, қарашы.

«Я научила женщин говорить» деп, абыздық қасиетін тасқа таңба басқандай танытқан, құдай қаласа әйелден зор тұлға туарын әдебиеттегі менмен ерлерге мойындатқан Анна Ахматоваға Цветаева елжірей жыр арнаған. Фариза Оңғарсынова Сара Тастанбекқызының ақындық мұрасынан қуаттанса, Ақұштап Бақтыгереева Ма-риям Хакімжановаға өлең арнап: «Жыр көшін өзің батыл бастамасаң, / Мүмкін біз бұл өнерден жасқанар ек» дейтіні бекер емес.

«Күн астындағы Күнекейдейін» қазақтың маңдайына біткен ақын қызы Гүлнәр Марина Цветаеваның тұпнұсқадағы «Моим стихам, как драгоценным винам,/ Настанет свой черед» деген тұлғалық «менін» – «Жырларымның – жазған бала жасымнан, / Байлығымның бағалы, /

жырларымның – / шаң қабаты жасырған / ашылады бағы әлі...» деп аударды. Шараптың қазақы ұғымдағы «бағы ашылумен» ауыстырылуы артық емес.

Бере қоймас жүрегінің жүз кілтін – Біздейлерді кім есіне алыпты.

Гүлнәрдің Цветаевадан таңдап, іріктеп өз жанына қонатын жырларын аударуы оң. Цвета-ева поэзиясында А.С.Пушкин ықпалы орасан. Оның «Плач Ярославны» атты жоқтау өлеңі Пушкиннің «Ворон к ворону летит...» атты шотланд халық балладасынан еркін аудармасына стильдік жағынан туыс. «Тырс-тырс етіп жаңбыр жауса..», «Сыған тойы», т.б. өлеңдерінде Пушкин әсері нақ сезіледі.

«Цветаева Пушкин сияқты жер жаһанның мәдениетінен қорек алып өсті» деп жазды оның

өмірі мен шығармашылығының аттай он екі жылын зерттеген Анна Саакянц. Марина Цве-таева Пушкин, Блок сияқты биік стиль элементтеріне құмартты, таураттық сөз тіркестерін, афоризмдерді жырына енгізді. Афродита, Федра, Иштар, Манон Леско, көркем әдебиеттің дүниежүзілік мұхитында балықтай жүзетін алтын шашты Цветаева («Адам емес, мен теңіздің /Құрсағында жаралғам. / Су перісі, көк теңіздің құрсағында жаралған», аударған – Гүлнәр С.) символдық образдардың баршасына үзіліп жыр арнады. Өзіне тән кестелі, айқын, бейнелі, мәнерлі тілімен. Мәскеу, Кузнецкідегі Вольф кітап дүкенінде 17 жасар Марина Брюсовты кездестіреді, оның біреуге айтқан «Мен Ростанға табынбаймын» деген сөзін естіп толқып, оған өзі пір тұтқан француз ақынын ақтап хат жа-зады. «Жүректе жылайды өлеңі Ростанның, / Москвадағыдай тағы ұлып. / Ростанның ғажайып, тұңғиық сөздері» – ол «Па-рижде» атты өлеңінде жасөрім шақтағы сүйікті ақынына адал қалады.

Марина «Не самозванка я...» дейтіні, сөз патшасы өлеңге бөтендігі жоқтығын, кіндігі бір екенін айтқаны. Гүлнәр бұл өлеңді «Бетпердем жоқ, өз үйіме келдім мен, / Күң болардай нан сұрадым мен кімнен, /Іңкәріңмін, жексенбіңмін мен сенің – / Арманыңның аяулы бір бөлшегі» деп аударған. Цветаеваның «Менен кейінгі әйелге» аталған өлеңі Пушкиннің «Я вас любил: любовь еще, быть может» атты тұңғиық лирикасымен үндес.

Әулиемісің, сен әлде күнәһармысың күйе емі –

Қадамың ба бұл алғашқы құралып па едің сан күйреп –

Әйтеуір, есің кеткенше елжіреп, күйіп, сүй оны –

Жас сәбидей аялап, кеудеңе қысып, әлдилеп.

Құшағыңмен қажытып, ұйқысын бұзба киелі –

Тынығуы керек ол, оятқанша таң билеп.

М.Цветаеваны Белла Ахма-дулина пір тұтты. Ахматова мен Цветаеваның дәстүрін Юнна Мориц жалғады.

Цветаева туралы жазу эпикалық құлашты қалайды, Төлегеннің сахараға қалыңдық іздеп шыққаны сияқты, «Көш алдына қараса, бір қыз кетіп бара-ды» тәрізді ұзақ жол. Керуеннің бір теңін ашсақ ше?! Оның алтын көпір – аударма жанрындағы қолтаңбасы орыс поэзиясына құнар бітірді.

Шекспир, Гете, Райнер Мария Рильке, неміс халық поэзиясының жырлары, ағылшын халық бал-ладалары, бретон халық жыр-лары, Федерико Гарсия Лорка, Шарль Бодлер, болгар Елисавета Багряна,Никола Ланков, Людмил Стоянов, поляк Юлиан Пшибось, Люциан Шенвальд, Адам Важик, чех Ондра Лысогорский, еврей Герш Вевер, Ф.Корн, беларусь еврей ақындары, есімі белгісіз ақындар, украин Иван Франконы Марина Цветаева орыс тіліне жақұттай жарқырата аудар-ды. Неміс, француз, ағылшын

тілдерінен тіке тәржіма жасады. Грузин ақыны Важа Пшавеланың көлемді бір балладасы мен «Эте-ри» атты поэмасын Цветаева қайтыс боларынан бір жыл бұрын жағдайсыз күйінде тәржімалаған. Пушкин мен Лермонтов өлеңдерін французшаға аударды. Неткен биік азаматтық рух! Ма-рина Цветаева бұл жанрдың хас шебері екеніне Важа Пшавеладан жасаған классикалық аудармасы айқын дәлел. Грузин әдебиеті десе Шота Руставелидің есімін оқымай-ақ айта саламыз. Цвета-евадан соң Пшавела жырлары маған жанартау атқылағанда табылған алмаз кеніштей әсер еткенін, ерек көркем, құнды сезілгенін жасырмаймын. Ынты-зар оқырманын сондай сиқырға бөлеу ұлы ақын-жазушылардың еншісінде.

Марина Цветаеваның өмірі мен өлімі – тылсым нысаналы. Өзі өлгенімен сөзі өлмейтін, аты

өшпейтін классикалық әдебиет шоғырына барып қосылған жарық жұлдыз – Марина Цве-таева.

Қадыр Мырза Әли 2004 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан кітабын «Жазмыш» деп атады. «Жазмыш. Қасірет кітабы» – дүниежүзілік әдебиеттегі ақын-жазушылардың маңдайға жазған ешкімге ұқсамайтын қайғылы тағдырын таңбалайды. Ақын-жазушылықты, тегі өнерді еріккеннің ермегі, оңай жол санайтын адасқақ жұрт айналада толып жүр.

«Дүние жүзіндегі ең бақытсыз әйелдердің біріне есептелетін Надежда Мандельштам – ақын Осип Мандельштамның жесірі Марина Цветаева туралы: «Ма-рина Цветаеваның тағдырынан асқан сұмдық тағдыр көрген жоқпын» деп жазған еді. Шынында, жоқтықтан, қайғы-қасіреттен бас көтермеген ақын. Ол екі қыз, бір ұл тапқан ана. Екі қыздың бірі ана сүтіне жарымай, аштан өледі. Енді бір қызы Ари-адна бүкіл жастығын түрмеде

өткізеді. Жалғыз ұлы Отан соғысы кезінде опат болады. Күйеуі Сергей Эфронды Со-вет үкіметі ату жазасына кеседі. Надежда Мандельштам айтса, айтқандай.

1931 жылы әдеби сыншы Марк Слонимнің жазуына қарағанда, Марина Цветаеваның халі тіптен нашарлап кеткенге ұқсайды. Тойып тамақ жемегеннен қаны сұйылып, басы айналатын жағдайға жетеді. Қартаймай жатып шашы түсе бастайды. Кей күндері кішкене Ариаднаның тоқып сатқан бас киімі, яки содан түскен бес франктың арқасында өзек жалғап жүреді.

Міне, осындай ауыр кезеңдердің бірінде Марина Цветаева Прагадағы құрбысы Анна Тесковаға: «Қарапайым оқырмандардың алдына ұялмай киіп шығатын бір көйлек керек, бір ғана кешке» деп хат жазады». (Қадыр Мыр-за Әли. «Жазмыш», 51-52

бет). «Марина Цветаева да көріпкелдіктен құралақан емес. Ол өмір бойы картамен бал ашып өткен. Көптеген болжам-дары бұлжымай орындалған. Ол Осип Мандельштам, Сергей Эфрон, тіпті өзінің өлімі туралы да көрегендікпен сезе білген». («Жазмыш», 17 бет).

«Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ, / Иілтіп екі басын ұстаған хақ. / Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ, / Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ». Абай «Лай суға май бітпес қой өткенге» атты діни сенімін, бір Жаратушыны ойынан шығармас асыл қалыбын та-нытар дегдар өлеңінде жарық дүниені құдайдың қолындағы жақ, садаққа теңейді. Бұл мифтегі батыр Геракл, Одис-сей, Алпамыстың аңыздағы садағы емес, күллі ғарыштың гүрзісіндей, космос сипаты. Көкжиекке ғана емес, санаға сыймайтын құдірет. Адамнан сүйеніші жоқ жалған дүниеде қиыншылыққа тап болған сайын адаспауды өмір талап етеді.

Page 9: 36 (3093) 2014-04-03

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

i i i

Поэтов путь: жжя, а не со-гревая,

Рвя, а не взращивая – взрыв и взлом –

Твоя стезя, гривастая кривая,Не предугадана календарем! Шығармашылықты, ақ өлеңді

махаббаттан бөле-жармаған Марина Цветаеваның «Анадан ерке туғанмен, / Өмірге қиын еркелеу» (Ақұштап) қилы тағдырына тарихтың төңкерістер, репрессия, екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы қасіретін арқалауға үкім етілген бүкірейген шағында, сұмдық бұлғағында өмір сүріп, азат жаны бекзат туса да, жоқшылық пен қорлық, қаза мен жоғалтудың небір күйзелісіне шыдау; ақыры қор болған мұңлық-зарлық ғазиз жаны әбден әлсірегенде өгей шешеден бетер өксіткен бетпақ өмірден өз еркімен жеру жазылған екен. Өлерінен 5 күн бұрын Цветаева «Литфонд кеңесіне. Мені Әдеби қордың ашылған асханасына ыдыс жуушы

қылып алсаңыздар екен» деп хат жазды. Бұл XX ғасырдағы орыс поэзиясының ұлы қосынына енген, орыс әдебиетін керемет байытқан, анық олжа салған қас асыл, адал, таза, нағыз ақынның қайыршылыққа ұшыраған азасы кісіні мойытпай ма?! Жан азасын оқыған сәтте көзге бір тамшы жас оралмай ма?!

«Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?», – дей келе, «Ит маржан-ды не қылсын» деген сөз бар, / Сәулесі бар жігіттер бір ойла-нар» – дегенде Абай адамзатта таңдаулы болудың бағынан соры басым екенін жырлайды.

Марина Цветаева 18 жасында әлем әдебиетінің тұңғиығын таныды. Кіл классиктерді таңдап оқыды. Ол әлемді біртұтас қабылдайды, мифтік уақыт жаңғырығы санасында сағымдай толқып тұрады. «Живите в доме – и не рухнет дом. / Я вызову любое из столетий, / Войду в него и дом построю в нем» деп жырлаған Арсений Тарковский кітапқұмарлық пен ақын-жазушының стихия-

сын тұспалдайды. Биік мұрат, ақындық рухани жаратылысын, сезімтал, сұлулық аңсаған нәзік жаны, кейде күпіршілікке құлап түсіп, құдаймен алысатын Мари-на Цветаева асығы, жары Жара-тушы Ие құдайға мерейлене тіл қатқандай нұрлы жан сарайын былай деп жырлайды:

Не самозванка – я пришла до-мой,

И не служанка, – мне не надо хлеба.

Я –страсть твоя, воскресный отдых твой,

Твой день седьмой, твое седьмое небо.

Там, на земле, мне подавали грош

И жерновов навешали на шею.– Возлюбленный! Ужель не

узнаешь?Я ласточка твоя – Психея!«– О, ғашығым, жылытшы енді

түсіңді, / Таныдың ба Психея құсыңды?» Грек-рим мифология-сында адам жанының кейіптелуі – асқан сұлу Психея. Ендеше мынау эйфория мен суицидтің

арасы жұмақ пен тозақтай. Психея туралы мифтің керемет поэтикалық нұсқасын ежелгі рим классик жазушысы Апулей жазды, өмірден тек махаббат аңсайтын адам жанының оны іздеп аласұруын бейнеледі.

Сені атқан тағдырдан жаралы болғандар

Өледі өлсе де мәңгіге тіріліп.Ахматованың азасын Цветаева

жүрегімен сезді. Асылып өлуге ұлы ақынды итермелеген нендей құса екенін айтудан еш пайда жоқ. Сайтанша иектеп алған жаманшылыққа Маринаның дег-дар рухы төзбей кетті. «Сен әлде қиналар ма екенсің / Анаңдай сығымдап басыңды» деп ол, қиналған ана, қызы Ариаднаға құсалы жыр арнады. Қайран ақын сплин, түңіліс, дағдарған, дұғасы қабыл болмаған екіталай психологиялық сұрапыл мезеттің құрбаны болды. Марина Иванов-на Совет одағы ақсүйек, ауқатты, тектіні тентіретіп, аз ұлттың таңдаулысын қуғын-сүргінге айдап, атып-асып, тірі қалғанын лагерь мен жоқшылық құлдыққа

байлап қойған құдайдан безген беймезгіліне дөп түсті.

Недотыкомка сераяВсе вокруг меня бьется да

вертится, – То не Лихо ль со мною очер-

титсяВо единый погибельный круг? Орыс поэзиясының күміс

ғасырының бір мықтысы Федор Сологуб сол дәуірді торлаған зұлымдықтан тараған түңілісті, депрессия сарынын бейнелеу үшін «недотыкомка серая», фольклордағы домовой сияқты мистикалық жұмбақ кескін, ойдың жегідей жеуін, жүйкенің бұзылуын тұспалдайтын, жаны ауырған күйзелісін көрген түстей нанымсыз бір құбылысты

суреттейді. Дүние төңкерілгенде осы тектес құлазу-аласұрулардан Брюсов, Бальмонт, Бунин, Белый, Блок, Гумилев, Ахматова, Ходасевич, Есенин, Клюев, Ман-дельштам, Пастернак, Г.Иванов, В.Иванов, Цветаева тегіс сау болмағаны хақ.

Эмиграцияның «бірінші толқынынан» А.Толстой, А.Куприн сияқты туған отанына оралған Марина Цветаева 49 мүшелінде опат болды. «От-чаетесь! Поэтовы затменья / Не предугаданы календарем». Бірақ, арылу үшін ажалға жүгіну, болмыс құрсауына шыдас бермей морт сыну жоқшылық пен қорлықтан бөлек, тоқшылық бар жерде де боларын ағылшын жазушысы Вирджиния Вулфтың жазмышы айғақтайды. Ол Цветаевамен түй құрдас, екеуі де 1882 жылы туып, 1941 жылы өлген. Цветаеваның әкесі Иван Владимирович Москва университетінің (әйгілі Бейнелеу мұражайының негізін салушы) профессоры болса, Лондонның мәдениет, интеллектуалды

элитасына жататын, Вирджиния Вулф тарихшы, әдебиеттанушы Лесли Стивеннің қызы. Алапат сұм соғыстың басталуын жан-дүниесімен сезіну қос жақсыны мерт қылды.

Заповедей не блюла, не ходила к причастью.

Видно, пока надо мной не пропо-ют литию,

Буду грешить – как грешу – как грешила: со страстью!

Господом данными мне чувства-ми – всеми пятью!

Цветаеваның дінге көзқарасы қайшылықты, өмір сырын күнәдан ақтап алғысы жоқтығы мүнәфиқтық, жалған сопылық жат жаны тазалығынан. «Қызғаныш» атты өлеңі ерен. «Махаббаты қашқан жерді қаңырап, / Ажал ғана арман етер, жерінбес». Марина Цве-таева өмірді елжірей сүйген, жаны нұрлы бұла ақын болып миллиондардың көкейінде шамшырақтай тұрады.

Тасқа жаздым есіміңді, Тақтайға да тырналап.Құмға да атың көшірілді,Мұзға сыздым сырғанап.

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, жазушы

Page 10: 36 (3093) 2014-04-03

Алтайдың атақты Өрмегейті асуынан асқан соң, жол ылдилап барып Құрымтыға құлайды. Бұл – табиғаты

әсем өлке. Сонау шығыс-солтүстікте мұнартып тұрған қасқа шыңның оң қапталын жанай созылған қарағайлы алқапты біздің ел «Жолты жай-лауы» дейді. Жайлаудың күнгей бетіндегі ескі сүрлеуді қуалап барып, мәңгі мұздақтың төменгі етегін сүре өрлейтін қия жол – Қобда бетіне аса-тын жалғыз сорап. Сүрлеу-сорапты қыста қалың қар басып қалады. Тек жаздың үш айында ғана қатынас бар.

Ж о л т ы ж а й л а у ы н д а ғ ы е л г е түнеген қос салт атты таң бозы-мен жолға шығып, Қозы көлдің

сыртындағы Бүркіт тауына қарай ылдилап келеді. Жолаушылардың үлкені сақал-мұртын қырау шалған жасамыс адам да, қасындағысы түбіт мұрты енді-енді тебіндеп келе жатқан бозбала. Бұлар күн арқан бойы көтерілгенше көлдің қысқа мойнын айналып өтіп, Сарымсақтыға тұяқ іліктірді. Алда – Көкмойнақ кезеңі. Аттылар қатарласа жүріп сылбыр аяңмен кезеңге шыққанша күн бесінге аунады. Кезеңнің үсті теп-тегіс.

Жолаушылар әдеттегідей кезең үстінде ат шалдырды. Жасамыс жігіт ағасы үстіндегі қоңыр барқыт шапанын шешіп, құлақ түбі тершіген қарагердің шап айылын сәл босатып, ауыздығын алды да отқа қоя берді. Шапанын жайып жіберіп, бесін на-мазын өтеп, серігін қасына шақырды. Түбіт мұртқа сонау күн астындағы бұлт ішінен бұлдырып көрінген биік құзды нұсқады. Бұл – атақты Қыран шыңы. Осы шыңның көлеңкесі түсіп тұрған ана бір биікте малта тасты үйіп жасаған үлкен оба бар. Оны ел «Бүркіт оба» деп атайды. Бала кезімде әкем мені ана обаға ертіп барып, тарихын айтып беріп еді...

Жігіт ағасы шығысқа қарай жөңкіле көшкен қою бұлттың кірсіз шаңына шомылып, Алтай-дан аса соққан Қобданың қызыл желінің өтіне тұла бойын сүйгізіп, асқар биікте тұрақтаған Бүркіт обаға ұзақ қарады. Санасында сапырылысқан сан сұрақтың жауа-бындай жанарынан бір тамшы жас үзіліп түсті. Қасындағы түбіт мұрт бозбалаға бір қарады. Жонның сиыркөз шөбін бырт-бырт жұлып жайылған қарагерге бір қарады. Қыран шыңының мұз дулығалы ұшар басындағы күміс мұздақтан күнге шағылысып құлаған қарлы сағымға оранып манаураған Бүркіт обаға тағы бір ұзақ қарап алып жігіт ағасы әңгімесін бастады.

Бұдан екі ғасыр бұрын, сонау өте алыс жылдары, Қара Ертіске құятын Қырансудың тұйық басы Сенгір шатқалын қыстап шыққан ел жаз жайлауға көшеді. Жайлау Алтайдың теріскейі Мұзөзеннің үстіртіндегі Үсіген қырқасында.

Бұл өлкені шығысқа сапар шеккен батыстың саяхатшылары басып өтеді.

Көктемнің қар-суы кетпей төр жайлауға ерте шыққан ауылға бір топ орыс жиһанкездері келеді. Олар жер-су аттарын картаға түсіріп, жергілікті халықтың тұрмыс-салтын зерттейді. Бұлар сонау Петербор дейтін үлкен шаһардағы ақ патшаның қызметкерлері екен. Бейбақтар азық-түлігі таусылған соң таудың қоңыр аңын аулайды. Жайлаудағы ауылда оларға сойып беретіндей қоңды мал да жоқ, көктеменің көкөзек кезі.

Бір күні таңертең ел оянса, шолғыншы орыстар күркелерінің маңында ауыздарынан ақ көбік ағып бірі қалмай өліп жатыр. Мына көріністен шошынған ел ақсақалдары

бір жігітті сайлап, қос атпен екі күншілік жер Зайсан бекетіне шап-тырады. Бекеттен найзалы бесатарын шошаңдатып, казак-орыс жасағы келеді. Арасында қауға сақал доқтыры бар. Сөйтіп бір түнде ауылды әскер басып қалады.

Солдаттар жайлаудағы бар малды етектегі елге қарай айдап тастайды да, өлген орыстардың мүрдесін сол жер-де өртейді. Ауылды аса қатерлі індет шықты деген желеумен қоршайды. Ауылдан адам тұрмақ қия басып тышқан шықса атуға бұйрық беріледі.

Бұл да бір Алланың сынағы деп түсінген жұрт сабыр сақтап, істің ақырын күтуге бел байлайды. Басқа қолдан келер қайран жоқ. Амалын та-уып қашып шыққанның өзінде қайда бармақ. Шынымен індет жұқтырған болса ше... Қажет болса солдаттар елдің бәрін қырып сап ана жиһанкез орыстар сияқты өртеп жіберуге дайын.

***А у ы л д ы с о л д а т қ о р ш а ғ а н

күннің ертеңінде атақты Құсайын бүркітшінің баласы Құмар өткен қыста қосарлы сілеусін және бір ілбіске (қар барысы) түсіп, ат аяғы жетер жердегі қазақты қайран қалдырған қыран құсы Құмайторы

бүркітін балақбауынан айырып ұшырып жіберген еді. Қыран иесінің білек-қарын солқ еткізіп бір тепті де, керме иығын жайып жіберіп көкке көтерілді, пышақ шалғысын ысқыртып ауылдың үстін бір айналып ұшып, қайқаң етіп Үсігенді асып кетті. Бұл құс түз тағысы емес, ұядан алған қолбала болатын.

Б і р қ а н ш а ж ы л д ы ң а л д ы н д а Құсайын бүркітші Марқакөл жақтағы нағашысына ағайыншылып барып, қонақ болып жатады. Кешке жақын үлкен нағашысы атақты Жалманбет бидің тұқымы Түзелбай ақсақал жалшылықта жүрген қойшы балаға қамшы үйіріп, ұрсып жатқанын көріп қалады. Себебін сұраса қойшы екі күннің бірінде мал жоғалтады.

Онымен қоймай жоғалған тоқты-торымды бүркіт алып кетті деп өтірік айтады...

Құсайын бүркітші қойшы баладан «шын айтып тұрсың ба?» деп сұраса анау «рас айтам» деп зарлайды. Құсекең жеті атасынан бері бүркітші, бірақ тоқты көтеріп кеткен бүркіт жайлы естімепті. Сол түні құсбегі көз ілмей таң атырады. Ертеңінде қойшыға ілесіп жайылымға шығады. Ол күні бүркіт келген жоқ. Үшінші күні түз тағысы көктен сорғалап түсті де, шетте жайылып жүрген ақ серкешті іліп алып, еш қиналмай қайта көтеріліп кетті.

Құсайын бүркітке көз ұшынан тайғанға дейін ұзақ қарады. Бұл жақын жердің құсы емес. Тіпті, қанат қағысының өзі ерекше. Серкешті іліп әкеткенде шонтысы да қозғалған жоқ, май сауытын жайып, көбе қауырсынын шашқан күйі екпіндей өте шықты.

Арада ай өткен соң Құсайын құсбегі баласы Құмарды және сыбызғышы жігіт Замзаны ертіп құсты іздеп жолға шығады. Он шақты күн жол жүріп, ана тұрған Қыран шыңның етегіне келіп тоқтайды. Аспанға қарап төрт күн жатады. Бесінші күні биікте ұшып бара жатқан қыранды Құсайын бірден таниды. Бүркіт Қыран шыңды айна-лып көрінбей кетеді. Нағыз қыран

айлалы келеді. Ұясына тіке жолмен бармайды. Ту биіктен құлдилай отырып, аша сайдың ішін табандата өрлеп төменнен ұясына қарай тіке көтеріледі. Келесі күні бүркіт тағы көрінеді. Құсайын құсбегі шыңның сыртын айналып өтіп тұяқ іліктірер түбір тастарға арқан тастап, өрмелеп ұяның дәл үстіне келеді. Ұяда жалғыз балапан отыр. Нағыз қыран жалқы туады да, қатты аязға жұмыртқасын тастап қояды. Жұмыртқа жарыл-май наурызшуаққа жетсе басады. Жұмыртқа аязға шыдамай жарылса

сары уыз күйінде қарлы шыңда мәңгіге қалады.

Балапанды көрген Құсекең «бұл жүз жылда бір туатын нағыз қыран екен» дейді. Ақырында алты арқанды бір-біріне жалғап, сыбызғышы Замза-ны төмен түсіреді. Замза балапанға жете алмай ұзын сырықпен шошы-тып оны ұясынан құлатады. Үріккен балапан далпылдап ұшып аңғарға түскенде төменде аңдып отырған Құмар ұстап алады. Құсайын ба-лапанды баласы Құмарға сыйлап, Замзаға астындағы атақты сұр жорғасын мінгізеді.

***Жиырма күн өткен соң қолдағы

азын-аулақ сүрісін жеп бітірген қоршаудағы адамдар ашыға бастай-ды. Амалы таусылған халық мал терісінен жасалған жүген-ноқта, арқан-шылбырды құр суға қайнатып «сорпасын» ішіп, ылжырап піскен теріні талғажау етіп өмір сүреді. Сырттан қатынас жоқ, күзет қатты.

Ел ашығып жатқанда Құмардың Құмайторысы қалықтай ұшып келіп өзінің көнетоз қайың тұғырына қонады. Құмарды сырқат меңдеп жатқан. Екі баласы мен әйелінің аштықтан бет-ауыздары ісіп кеткен. Қыран піштақтап жанарынан от шаша дүр етіп көкке көтеріледі. Әп-сәтте семіз ор қоянды көтеріп әкеліп ауылдың ортасына тастай-ды. Ашыққан жұрт шулап келіп қоянның сорпасын ішіп әл жинайды. Осылай күн құрғатпай ашыққан жұртқа Құмайторы тамақ тасиды. Ұстаған жануарларына өзі тұмсығын да тигізбей қоршаудағы жұртқа жеткізеді.

Құмайторы ұшып келгенде, яки ұшып кеткенде күндегі әдетімен қоңыр төбенің үстінен қалықтап өтеді. Төбенің үстінде тұрған солдат-тар сеңсең жүнді әскери папахаларын қолдарына ұстап бүркітке иіліп құрмет көрсетеді. Күндегі әдет – осы. Қырық күн өткен соң қоршаудағы адамдар бостандыққа шығады.

***Бір қауым жұртты аштықтан аман

алып қалған Құмайторы содан кейін көрінбей кетеді. Құмар құсбегі дүниеден өтерінде артында қалған 14 жасар ұлы Байжігітке «Құмайторы әбден қартайғанда өзінің ұясына бір соғады, ана тұрған Қыран шыңынан көз жазбай күнде қарап жүр» деп тапсырады. Байжігіт әке аманатын ұмытпайды. Бір күні Қыран шыңның

үстінде қалықтап бара жатқан кәрі бүркітті көреді. Бұл

Құмайторы болатын. Таңертең ерте атқа

қ о н ғ а н Б а й ж і г і т к ө п кешікпей қара жартасқа

жемсауымен соғылып, төс сүйегі қақ айырылып өліп

жатқан Құмайторының үстінен түседі. Әкесінің «нағыз қыран қартайғанда құзға құлап мерт бо-лады» дегені есіне түсіп көзіне жас алады. Қос қанатын керіп, бес шалғысымен жер сыпыра жайылып жатқан қыранды жерден көтеріп алады да, адам сияқты таудың басы-на жерлеп, үстіне малта тастан үйіп оба тұрғызады. Ана тұрған «Бүркіт обаның» тарихы осылай қарағым, обаны тұрғызған адам Байжігіт менің ұлы атам еді, деп сөзін аяқтады жаса-мыс жігіт.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Page 11: 36 (3093) 2014-04-03

11www.astana-akshamy.kz

Кезекті коучинг барысын-да Кембрижд у ниверситеті ғалымдарының ой-толғам дары-ның қазақ ұлылары еңбектерінде көрініс табу ы, шәкірт терд і көшбасшы болуға тәрбиелеу, ақпарат ағымынан оқушыға керекті дүниелерді таба білуге талпындыру жолдарын іздестіру м ә селеле р і қ а рас т ы р ы л д ы . Осыған орай, Қайыргелді есімді тарих пәнінің мұғалімі бүгінгі таңда жаңашылдық ұстанымы қандай болуы керектігін ұстаздар назарына ұсынып, қатысқандарға ой тастады.

Расында да, бүгінгі шәкірт-терімізге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұлыларымыздың XX ғасырдың басында айтқан ой-пікір, толғамдарын еске алуымыз – әлемдік білім беру үрдісінде «Қазақ елінің» ұр-пағын оқыту, білім беруге ұмты-лудың бір көрінісі. Мәселен, Мұхтар Әуезов 1929 жылы қазақ поэ зиясының атасы Абайды сүйетіндігін айта келіп, «Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуро-па шыл дығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ ақын-да рының қара қордалы ауылында туып, еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайла-уы жарасқан Арқа қызын көріп, сезгендей боламын. Мағжан – культурасы зор ақын» деген.

«Елу жылда – ел жаңа, жүз жыл-да – қазан» демекші, 1922 жылы Ахмет Байтұрсынов: «Қазаққа қызмет қыламын деген жастарға

жалғыз-ақ айтарым: істеген жұ-мыстарың халық үшін болсын! Менің ісім тарихтың сынына түсер. Бірақ өз тәжірибемше... жастар түзу жолмен барады. Менің сүйенішім – осы» де-ген екен. Олай болса, бүгінгі ұстаздардың оқушы үніне құлақ асуы, сабақтардың оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне лайықталып өтуі – уақыт тала-бы ғана емес, білімді ұрпақты болашаққа жетелеп, мәңгілік ел сатысына апарар жолдың соқ-пағы, бастауы.

Демек, дамудың жаңа саты-сына көтерілген қазақстандық балаларға отбасы, мектеп, қоғамда тең талап қоюмен қатар, ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде ға-лымдарымыз бен ұстаздарымыз «жылтырағанның бәрі алтын емес» екенін есте ұстап, әлемдік озық идеяларды ұлттық санамен сараласа дейміз. Бүгінгі ұстаздар алдында ұрпақты ұлттық білім уызына қандырып, сананың тазалығын сүзгіден өткізгендей етіп тәрбиелеу, өсіру ұлағаты тұр. Мектеп, оқушы, ата-ана қоғамды толғандырар көкейкесті мәселелерде бірлесе ойласып, ортақ шешім қабылдаулары ке-рек. Ең бастысы, біліктілікті арттыру бәрімізге бірдей қажет екені айқын.

Мағрифа СЕЙІТБАТТАЛОВА, Қазақстан білім беру

ісінің үздігі

Болады, әрине. Ол үшін алдымен отбасы болған соң міндетті түрде ерінің де, әйелінің де тақымында темір тұлпар болуы керек деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Сондай-ақ, «Бәленнің көлігінің маркасы менікі нен неге жоғары?» деген секілді автомобильді әл-ауқаттың көрсеткіші деп есептейтін қазақи-мещандық бақталас-тықтан арылуымыз қажет. Елбасы айтқандай, жанармай-ды көп жейтін алып көлік мінуді доғаруға тиіспіз.

Жаппай шайтан арбамен қозғалуға көшу керек деген пікірдің қылаң бергені бар еді. Сөйтсек, Астанада вело-жолдар қарастырылмаған екен. Қарастырылған күннің өзінде елорда тұрғындарының аяқ астынан велосипедке қона кетуі де екіталай. Яғни, әзірше көліктің бұл түріне салғырт қараудамыз. Төрт дөңгелекті ғана мүлік деп таныған санамыз екі дөңгелекті менсініп, санатқа қосар емес. Ал, егер велосипедке қатынас құралы ретінде ден қойсақ, біраз нәрсе оң шешімін табайын деп тұр. Жоқ дегенде, қаланың ауасы тазарып, көлік кептелісі азаяр

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырла -ған дай, сөзі маржан, үні ән жан-дар дың бірі – Сырбай Мәуле нов атындағы №37 орта мектеп тің мұғалімі Сәуле Байбекованы мақ-таныш етеміз.

Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адам ның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып

ұшырады. Дәлірек айтсақ, Сәуле апайдың өз шәкірттерін өмір сүре білуге тәрбиелеп жүргеніне қырық жылдан астам уақыт өтіпті. Қазір де ол өзінің бойындағы адамгершілік қасиеттерін оқушыларына сіңіріп, тер төгуде. Бүгін де Сәуле апайдың шәкірттері түрлі-түрлі салада абы-ройлы қызмет атқаруда.

Бірнеше жыл қатарынан мек-тептің тәрбие ісінің меңгерушісі, әлеуметтік педагогы ретінде жұ-мыс жасап келеді. Сонымен қатар, Сәуле Оразбекқызы өзінің негізгі

ма мандығы бойынша біздің баста-уыш сыныптарда орыс тілінен сабақ береді. Ол күнделікті сабақтарын жаңа технологияның әдіс-тәсіл де-рімен түрлендіріп өткізеді.

Ұстаз болу жүрек жылылығын, ме йірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту дей тін болсақ, Сәуле Оразбекқызы – жас ұрпаққа үлгі беруден, үйретуден жа лықпаған нағыз педагог.

Гүлнара НЫҒМЕТЖАНОВА, Марал ИСКАКОВА,

бастауыш сынып мұғалімдері

Сасқанымнан елордада Респуб ли-калық травматология және ортопе-дия ғылыми-зерттеу институтында дәрігер болып істейтін туыс інім Мұрат Байдарбековке хабарластым. Әрине, көмек көрсетуін өтініп қой. Қанша дегенмен бауыр емес пе, ол дереу ауруханадағы әріптестерімен байланысып, нәрестенің жай-жағдайын біліпті. Мені сабырға шақырып, баланың аман-есен айығып шығатынына сендірді.

Араға апта салып алып-ұшып Астанаға жеткен мен немерем Омар-дың №1 қалалық балалар ауру-ха насының ерте жастағы патоло-гия бөлімінде дәрігер Қарлығаш Матай баеваның қолында емделіп шыққанын, оның ойдағыдай айығып шығуына сол ауруханадағы балалар неврологиясы бөлімінің дәрігері Гүлнұр Қуанышеваның белсене атсалысқанын естіп, риза болдым. Оларға аталық алғысым шексіз.

Білікті де білімді мамандарды жақсы іске жұмылдыра білген

басшыларға да алғыс айтқан ләзім. Сондықтан аурухананың бас дәрігері Лариса Павловец пен бөлім меңгерушісі Әсел Шаймердиноваға да рахмет айтамын.

Президент Нұрсұлтан Назар-баев елімізді ілгері жетелеп, бас шаһардың медициналық кластерін қалыптасыруға жіті назар сала

бастағанын білеміз. Әлемнің ең мықты технологиялары елорданың да денсаулық сақтау нысандарынан табылуда. Немеремнің құлан-таза айығып, жанарына күлкі ұялағаны осындай игі шаруалардың шапағаты деп білемін

Болат ЖАППАРҰЛЫ, Тараз қаласы

еді, шет елден ағылып жатқан талай көлік таңсық болудан қалар ма еді? Жасына жетпей жүрек қан тамырлары кеселіне шалдыққандар мен аз қимыл-қозғалыстан ден-деген семіздік азаяр мүмкін.

Шара БАТТАЛҒАЗИЕВА

Page 12: 36 (3093) 2014-04-03

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Жалғасы. Басы газетіміздің №35 (3092) санында)

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

Кез

ек

нөмі

рі

723724

727728729730731732

733734

737738739740

741742743744

747748

749

770

771772773

774

777

778779

780

781782783784

787788789790791792793794

797

798799800

801802803804

807808809810811812813814

817818819820821822823824

827828829830831832833834

837838839840841842

843844

847848849

870871872

873874

877878879880881882

883884

887888889890891 -

892

893894

897 -

898899900901902903904

907908909910911912913914

917918919920

921

922923924

927928929930931932

933934

937938939940

941942943944

947948949

970971

972973974

977

978

979980981

982983984

987988989990991992993994

99799899910001001100210031004

1007

1008100910101011

101210131014

1017101810191020

1021102210231024

10271028

1029

1030

1031

1032

10331034

1037

10381039

10401041104210431044

104710481049

Page 13: 36 (3093) 2014-04-03

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

10561057105810591060106110621063

1064

106510661067

1068

106910701071107210731074

107510761077107810791080108110821083

1084108510861087108810891090

10911092109310941095

10961097

1098

10991100

110111021103110411051106

110711081109111011111112

111311141115

11161117

111811191120

1121112211231124

11251126

1127

1128

11291130

1131

11321133

113411351136

1137

1138113911401141114211431144114511461147114811491150115111521153

11541155

1156115711581159

11601161

11621163116411651166

1167116811691170117111721173117411751176

11771178

117911801181118211831184118511861187118811891190

119111921193

1194

11951196

119711981199

1200120112021203

12041205

12061207120812091210

121112121213

1214

12151216

12171218121912201221

122212231224

122512261227122812291230

12311232123312341235123612371238123912401241124212431244124512461247124812491250125112521253125412551256125712581259126012611262

126312641265126612671268126912701271

127212731274127512761277

12781279128012811282

1283128412851286

1287128812891290

129112921293

1294

12951296

1297

129812991300130113021303130413051306130713081309131013111312131313141315

13161317131813191320

1321132213231324 -

1325132613271328

13291330133113321333

1334133513361337

13381339134013411342134313441345134613471348

1349

1350

1351135213531354

135513561357

1358

135913601361136213631364 -

136513661367136813691370

1371137213731374137513761377

1378

Page 14: 36 (3093) 2014-04-03

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

1379

1381

13831384

138713881389

1391

1393

1394

1397

13981399

1411

14131414

141714181419

1431

14331434

143714381439

1441

1443

1444

1447

14481449

1471

1473

1474

14771478

1479

1481

1483

1484

148714881489

1491

14931494

149714981499

57.

Page 15: 36 (3093) 2014-04-03

15www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республи ка сының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мем ле кет-тік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақ-стан Республикасы астанасының мәр те-бесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Астана қаласы прокуратурасының 2014 жылғы 14 наурыздағы №2-16070-14-05745 ұйға-ры мы негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер

учаскесiн алып қою (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №37-282қ қаулы сы ның күші жойылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат бас-қар масы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құрал-

дарында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбаса-ры С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм И. Тасмағамбетов

ules2020@

1.04.2014

6 2467 628 6 539 5 64 14 7 2570 502 4 460 0 30 88 2289 1299 18 1171 9 85 16

10 2500 531 9 459 3 47 13 45 2238 1525 48 1302 15 135 25

113 228 228 7 26 4 191 0153 2312 300 7 235 3 48 7

7 14604 5013 99

4192 39 600

«

Page 16: 36 (3093) 2014-04-03

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

Әйгілі «Құстар қайтып ба-рады» әнінің осы тармағында Нұрғиса Тілендиевтің өзі жай-л ы а й т ы л ғ а н д а й . К ө к т е м д е дүниеге келген ол артына небір к е р е м е т ә н д е р д і қ а л д ы р д ы . Тек ән ғана емес, 500-ден аса ш ы ғ а р м а л а р ы н ы ң а р а с ы н д а күйлер, романстар, увертюралар, оркестрлік поэмалар, кантаталар, опера мен балет те бар. Қазірде қызы Дінзухра дирижерлік ететін «Отырар сазы» оркестрі де оның «баласы». Бірнеше буын ұрпақты т ә р б и е л е г е н « Қ ы з Ж і б е к » к ө р к е м ф и л ь м і м е н « А қ с а қ құлан», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмдеріндегі музыка да Нұрғиса Тілендиевтің туындылары.

« М е н і ң а т ы м Қ о ж а » фильміндегі бір кадр – Сұлтанның азғыруымен Қожаның жайлаудағы тойға барып, оның қызықтарына батқан сәті есіңізде болар. Сол кезде де Нұрғисаның ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Саржайлау» әні де шырқалады ғой. Иә, концертте осы туындылардың бәрін қамтуға м ү м к і н д і к б о л м а с а д а , б і р а з шығармалар орындалды.

Кешті қазақ халық аспаптары оркестрі (бас дирижері және көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов), симфониялық оркестр (дирижері халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей) және камералық хор (дирижері Мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадам) музыкамен көркемдеді. Небір майталман әншілер Нұрғиса Тілендиевтің әндері мен күйлерін орында-ды. Олардың арасында Халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұржамал Үсенбаева, танымал өнер жұлдыздары Бағдат Сәмединова, Айгүл Үлкенбаева, Азамат Жылтыркөзов,Айгүл Қосанова, Айзада Капонова бол-ды.

Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов бала жа-сынан Нұрғиса Тілендиевтің шапағатына бөленген. Оның талантын тани білген Нұрғиса Қайраттың жиырмаға да толмаған жасына қарамастан «Қыз Жібек» фильміндегі әндерді орындатқан. О с ы к о н ц е р т к е Қ а й р а т т а келіп, Нұрғиса ағасына құрметі азаймағанын көрсетті.

Нұрғиса Тілендиевтің біраз әнін халыққа жеткізген Нұрғали Н ү с і п ж а н о в т ы ң а й т қ а н о й ы әсерлі шықты. «Нұрғиса қазақ ән өнеріндегі шоқтығы биік, талғамы жоғары композитор еді. Оның мұрасын зерттеген бірнеше адамға ғылым докто-ры атағын алуға мүмкіндік бар. Осыдан-ақ Нұрғисаның қалдырған мұраларының көлемін біле беріңіз.

Ол адамды екі руға бөлетін: та-ланты бар және таланты жоқ деп. Таланты бар адамды төбесіне көтеретін. Талайының көзін ашты. Ізгілікті, тазалықты жақсы көретін. Сондықтан да оның бойынан осындай әндер мен шығармалар дүниеге келді» деді ол. Айтса, айтқандай-ақ екен.

Не керек, Нұрғали ағамыздан басқа да Нұрғиса Тілендиевпен араласқан әншілер ол жөнінде а қ т а р ы л а с ө й л е д і . А л , ә н м е р е к е с і н е қ а р ы қ б о л ғ а н к ө р е р м е н д е р к о н ц е р т т е н жадыраған көңіл-күймен тарқады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

И с п а н и я , Р е с е й , Б е л а р у с ь , Польша, Румыния, Венгрия, Укра-ина елдерінен кәсіби бишілер бақ сынасқан халықаралық байқауда біздің өнерпаздар «Толғау», «Үш жүз», «Сарбаздар» атты ұлттық нақыштағы билерімізді заманауи үлгіде тарту етіп, «аралас хореография» номинациясы бойынша да креативті композицияла-рымен үздіктер қатарынан табылып, топ жарды. Сонымен қатар, Ллорет де Мар қаласының мэрі «Самұрық» шоу-балетіне арнайы алғысын білдіріп, топ жетекшісі Әсет Сәменұлына естелік сыйлықтар табыс еткен.

Б е с ж ы л д ы қ т а р и х ы б а р , у н и в е р с и т е т і м і з д і ң а б ы р о й ы н әлемдік сахналарда асқақтатып жүрген ұжымның жетістіктері жетерлік. Атап

айтсақ, 2011 жылы Атырауда өткен Республикалық Дельфий ойындарында күміс медаль, 2012 жылы Көкшетауда өткен дәл осы жарыста алтынға қол жеткізсе, елордада өткен халықаралық Дельфий ойындарында қола медальға ие болды. Жыл бойы би топтарын ар-найы іріктеуден өткізіп, финалға тек ең мықтыларын өткізетін коммерциялық «Территория танца» байқауында да «Үш жүз» биі ең үздік номинацияға лайық деп танылған. Ресей, Укра-ина, Беларусь, Қытай елдеріндегі елшілеріміздің шақыртуымен Нау-рыз мейрамында ұлттық билерімізді билеп, төл өнерімізді насихаттайтын «Самұрықтың» самғайтын асуы әлі алда деп сенеміз.

Гүлназым СӘКЕНҚЫЗЫ,ЕҰУ-дің Әлеуметтік және

азаматтық даму жөніндегі департаментінің

бас маманы