Жылқы шаруашылығы мемлекеттік қолдауға зәру 11 СЕНБі,...

16
Жарқын болашақтың 100 оқулығы 3 www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАяСИ ГАЗЕТ + 9 0 С + 2 0 С СЕНБі, 21 сәуір 2018 жыл №44 (20608) www.oraloniri.kz www.facebook.com/oraloniri [email protected] www.oraloniri.kz 11 Жылқы шаруашылығы мемлекеттік қолдауға зәру Oral óńіrі Oral óńіrі АРҒЫМАҚ АҚПАРАТТАР Таяуда ҚМДБның тапсырмасымен облысымыздағы барлық мешіттерде сенбілік ұйымдастырылды. Министр мамандармен кездесті 2 7 76 жылдан кейін табылған дерек Ұлы Отан соғысы кезінде «Ха барошарсыз кетті» деген сықылды соңынан хабар келгеннің ұрпақтары бүгінде сол атасы, әкесі хақында деректерді тауып жатыр. Сондай ізтүзсіз кеткендердің бірі соғыс сарбазы Наурыз Айтқалиев. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ең алдымен ат басын №3 қалалық емханаға бұрды. Облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге емхананы ара лап, дәрігерлермен сөйлескен министр цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты... С енбілік кезінде облыстық орталық мешіттің аула сы қоқыстан тазартылды. Қоқыс сыртқа шығарылып, ағаш діңгектеріне әк жағылды. Сондай ақ тас төсеніштердің жиектері де жаңартылды. Мұндай тазалық ша ралары қала, аудан және ауыл мешіттерінде де өтті. Сауапты амалда санаспай, жақсылықты жа рыса жасаған мешіт қызметкер лері жаңадан отырғызылған жас шыбықтарды суарды. Алла Елшісі Пайғамбарымыз (Алланың оған са лауаты мен сәлемі болсын!) бір хадисінде: «Бір адам бір ағаш отыр ғызса, дәптеріне отырғызған аға шының жемісіндей сауап жазыла ды», – деген. Ендеше, сауапты ама лымыз көп болсын. Мешіттерде сенбілік өтті Жуырда Атырау облысы Индер ауданында аймақтық «Елім дейтін ұланбыз» атты оқушылар арасында ақындар айтысы өтті. Жас ақынның кезекті жүлдесі Онда республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүл дегері, қаратөбелік Райымбек Өте пов І орынға ие болды. Батыс аймақтың төрт облысы нан 20ға жуық жас ақыны қатыс қан додада Райымбек екі кезең бойы мықты ақындармен айқа сып, үздіктер қатарынан көрінді. Облысымызға танымал ақын Ертай Бимұхановтан тәлім алатын Райымбек – Қаратөбе өңірінде қа лыптасқан ақындар мектебінің ме рейін өсірген, аға буын өкілдері нің ізін жалғап келе жатқан жас ақындардың бірі.

Upload: others

Post on 25-Mar-2022

34 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Жарқын болашақтың 100 оқулығы

3

www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpressГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ­САяСИ ГАЗЕТ

+ 90 С+ 20 С

СЕНБі,21 сәуір 2018 жыл

№44 (20608)

www.oraloniri.kz

www.facebook.com/oraloniri

[email protected]

www.oraloniri.kz

11

Жылқы шаруашылығы мемлекеттік қолдауға зәру

Oral óńіrіOral óńіrі

АРҒЫМАҚ АҚПАРАТТАР

Таяуда ҚМДБ­ның тапсырмасымен облысымыздағы барлық мешіттерде сенбілік ұйымдастырылды.

Министр мамандармен кездесті

2

7

76 жылдан кейін табылған дерек

Ұлы Отан соғысы кезінде «Ха­бар­ошарсыз кетті» деген сықылды соңынан хабар келгеннің ұрпақтары бүгінде сол атасы, әкесі хақында деректерді тауып жатыр. Сондай із­түзсіз кеткендердің бірі – соғыс сарбазы Наурыз Айтқалиев.

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ең алдымен ат басын №3 қалалық емханаға бұрды. Облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге емхананы ара­лап, дәрігерлермен сөйлескен министр цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты...

Сенбілік кезінде облыстық орталық мешіттің аула­сы қоқыстан тазартылды.

Қоқыс сыртқа шығарылып, ағаш діңгектеріне әк жағылды. Сондай­ақ тас төсеніштердің жиектері де жаңартылды. Мұндай тазалық ша­ралары қала, аудан және ауыл мешіттерінде де өтті. Сауапты амалда санаспай, жақсылықты жа­

рыса жасаған мешіт қызметкер­лері жаңадан отырғызылған жас шыбықтарды суарды. Алла Елшісі Пайғамбарымыз (Алланың оған са­ лауаты мен сәлемі болсын!) бір

хадисінде: «Бір адам бір ағаш отыр­ ғызса, дәптеріне отырғызған аға­шының жемісіндей сауап жазыла­ды», – деген. Ендеше, сауапты ама­лымыз көп болсын.

Мешіттерде сенбілік өтті Жуырда Атырау облысы Индер ауданында аймақтық «Елім дейтін ұланбыз» атты оқушылар арасында ақындар айтысы өтті.

Жас ақынның кезекті жүлдесі

Онда республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүл­ дегері, қаратөбелік Райымбек Өте­пов І орынға ие болды.

Батыс аймақтың төрт облысы­нан 20­ға жуық жас ақыны қатыс­қан додада Райымбек екі кезең бойы мықты ақындармен айқа­

сып, үздіктер қатарынан көрінді. Облысымызға танымал ақын

Ертай Бимұхановтан тәлім алатын Райымбек – Қаратөбе өңірінде қа­ лыптасқан ақындар мектебінің ме­рейін өсірген, аға буын өкілдері­нің ізін жалғап келе жатқан жас ақындардың бірі.

Құттықтаймыз!

AQPARAT2 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

– Жалпы электрондық кезек жүйесін қолданудың түк қиынды­ғы жоқ. Ол үшін науқастың жеке куәлігіндегі жеке сәйкестендіру нөмірін мониторға жақындата­мыз. Сол кезде мониторға па­ циент туралы мәліметтер шығады, – дейді өз жұмыстары туралы ми­нистрге түсінік беріп жатқан ма­мандар. Кездесу барысында ми­нистр науқастардың қал­жайын сұрауды да ұмытпады.

Одан кейін Денсаулық сақтау министрі облыстық клиникалық

ауруханада болып, қағазсыз құ­жат толтыру және триаж жүйесі бойынша жүргізіліп отырған жұ­мыстардың барысымен танысты. Айта кетейік, Батыс Қазақстан об­ лысы қағазсыз құжат толтыру про­цесінде пилоттық жобаны іске асыратын алаң болып табылады. Сондықтан Денсаулық министрі осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударды. Әсіресе, науқас­тарға жедел қызмет көрсету мақ­сатында қолға алынған триаж жүйесінің өз ерекшелігі бар.

Министр мамандармен кездесті

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ең алдымен ат басын №3 қалалық емханаға бұрды. Облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге емхананы аралап, дәрігерлермен сөйлескен министр цифр-ландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Соның ішінде электронды кезек жүйесі, «Пациент кабинеті» мобильді қосымшасы қалай іске асып жатқандығын көріп, медицина қызметкерлерімен пікірлесті.

Едендегі қызыл, сары, жасыл жолақтар науқастың қай топқа жа­ татындығынан хабар береді. Мә­селен, қызыл түс – ауыр дәреже, сары түс – орта дәреже, жасыл түс – тексеріліп, көмек көрсеті­ летін дәрежедегі науқастар екен­дігін білдіреді. Бұл жүйе бойын­ша науқастарға бірнеше дәрігер шұғыл көмек көрсетеді.

– Пациент туралы электрон­ ды жазудың тиімділігі көп, уақыт кетпейді. Тез­тез толтырып, нау­

қастың өзімен көбірек сөйлесуге уақыт болады. Ең бастысы, нау­ қас туралы барлық мәлімет ба­зада тұрады. Бұрынғыдай қағаз ақтарып отырмаймыз. Науқастың қабылдау бөлімшесіне шағым ай­тып келгенінен бастап, ем алып немесе ота жасалып, ауруханадан шығып кеткенге дейінгі аралық­тың бәрі электронды толтыры­ лады, – дейді электронды жұ­мыстың тиімділігін айтқан ауру­ханадағы мамандар.

Сәулелік­диагностика бөлім­шесінде магниттік­резонанстық томографияның жұмысы туралы баяндаған мамандар күніне 12­17 адам қаралатындығын, бір адам­ ды тексеруге жарты сағат уақыт кететіндігін айтты. Осы тұста об­лыс әкімі Алтай Көлгінов мем­лекеттік­жеке меншік әріптестік аясында «Дженерал электрик» фирмасынан жаңа МРТ аппара­ты алынатынын жеткізді. Екі бір­дей денсаулық сақтау ұйымының жұмысымен танысқан министр электронды құжат айналымына көшу, пациенттердің онлайн тір­ келуі мен терминал арқылы дәрі­гердің қабылдауына жазылу жү­ йесі мәселелеріне баса назар ау­дарды.

– Медициналық қызмет – са­палы әрі тез, кез келген тұрғынға қолжетімді болуы тиіс. Осы мақ­ сатта Батыс Қазақстан облысын­да пилоттық жоба қолға алынды. Қазіргі күнде медициналық ұйым­ дар қағазсыз құжат толтыруға көшуде. Жобаның басты мақса­ ты – қызмет сапасын арттырып, пациенттерге жағдай жасау, дәрі­ герлерді қағазбастылықтан арыл­ту. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында ілгерілеушілік байқа­лады. Одан бөлек, жедел жәрдем қызметінің де талапқа сай болуы маңызды. Елімізде көптеген адам жазатайым жарақат алып, жедел дәрігер көмегіне жүгініп жатады. Өкінішке орай, осы тұрғыда кей­ бір көрсеткіштер басқа мемле­кеттерге қарағанда төмендеу. Осындай шұғыл жағдайда жедел жәрдем көлігінде науқасқа бірін­ші сағаттарда дұрыс көмек бері­луі тиіс. Сондықтан да еліміздегі барлық облыстық аурухананың қабылдау бөлімшелері жаңғыр­тылып, триаж жүйесіне көшірілу­де. Айта кететін жайт, өзге өңір­ лермен салыстырғанда Батыс Қа­ зақстан облысының денсаулық сақтау бағдарламасының инди­ каторлары жоғары. Мәселен, ана мен бала өлімінің көрсеткіштері төмен, науқас саны үнемі бақы­ лауда. Денсаулық саласындағы инвестиция көлемі де жыл сайын өсіп келеді, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистерге берген сұхбатын­да.

Гүлжамал КЕНЖЕҒАЛИЕВА,«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген Айбатыр НҰРАШ

Тіл тазалығына ерекше мән беру керек

Облыстық тілдерді да­мыту басқармасының ұйымдастыруымен өт­

кен байқауға 26 үміткер қатысты. Мемлекеттік тілдің қолданылу ая­сын кеңейтіп, көркем әдебиетті насихаттауды жандандырып, та­ лантты жастарды іздеп табуды мақсат еткен байқауға 16­22 жас

Қадыр Мырза Әли атындағы өнер және мәде­ниет орталығында дәстүрлі Оралхан Бөкей атын­дағы көркемсөз оқулары байқауы өтті.

аралығындағы оқу­шылар мен студент­тер қатысты. Байқау­ да бақ сынаған өрім­дей жастар Оралхан Бөкейдің және бас­ қа да қазақтың бел­ гілі қаламгерлерінің прозалық, драмалық шығармаларынан үзінді оқыды.

Байқауға үміткерлер барынша дайындалған. Әр сөзінің мән­ма­

ғынасын жүрегімен сезініп, оқы­ ған шығармасын мөлдіретіп жет­кізе білген өрендер аз болған жоқ. Телефонға телмірген заман­ да кітап оқитын жастардың бар екеніне шын қуандық. Байқаудың сарапшылары үміткерлердің көр­кем мәтінді оқу шеберлігіне, да­уыс мәнеріне және тіл тазалығы­ на, көркем мәтінді таңдау талға­ мына, сахнада өзін­өзі ұстауына баса назар аударды. Тағы бір бай­ қағанымыз – үміткерлердің жар­тысына жуығының тіл тазалығы­

на мән бермейтіндігі. Біразы «ң» дыбысын «н» дыбысымен шатыс­тырып жатты. Бұл оларды оқы­ тып жүрген қазақ тілі мен әдебие­ ті пәнінің мұғалімдеріне сын бо­ ларлық дүние деп ойлаймыз.

Сонымен үш сағатқа созылған байқау нәтижесінде М. Өтемісов атындағы БҚМУ­дың студенті Ер­ нұр Кінәмаев бас жүлде, индус­триалды колледждің оқытушысы Бақтияр Қалиев бірінші орынға ие болды. Жеңімпаз­жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, алғысхат­тармен марапатталды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,«Орал өңірі»

qOǵaM 3Сенбі, 21 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

БҚО Қазақстан халқы ассам­блеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақовтың айтуынша, әлем халықтарының кіл маржан кітап­ тарының ана тілімізде тәржімала­нып, білім беру жүйесіне енгізілуі – еліміздегі білім мен ғылымның дамуы жолында жасалған аса ма­ ңызды қадам. «Жаңа гуманитар­ лық білім: қазақ тіліндегі 100 жа­ ңа оқулық» жобасының жүзеге асу барысы мен алдағы мақсаттар жайлы әңгімелеп берген Ғайса Хамидоллаұлы оқулықтардың фи­ лософия, әлеуметтану, психоло­гия, дінтану, мәдениеттану, тіл бі­ лімі, антропология, экономика, ме­ неджмент және кәсіпкерлік ба­ ғыттарды қамтығанын, сондай­ақ жыл соңына дейін 30 оқулық тәр­жімаланып, оқырманға жол тар­ татынын жеткізді.

– Бұған дейінгі мемлекеттік бағ­ дарламалар экономиканы, әлеу­меттік және саяси салаларды да­ мытуға негізделсе, Елбасының «Бо­ лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасы қо­ ғамдық сананы жаңғыртуды мақ­сат тұтады. Сол себепті «Жаңа гу­ манитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасында гу­ манитарлық бағыттағы оқулық­тардың аударылуына басымдық беріліп отыр. Оның үстіне еліміз­ де негізгі іргелі ғылымдарға ар­ налған оқулықтар бұған дейін де аударылып келді. Қазақ тіліне ау­ дармас бұрын кітаптар мұқият іріктеуден өтті. Ең басты талап – әлемдегі ең мазмұнды, таралымы жоғары, сұранысқа ие танымал кі­ таптар болуы тиіс еді. Оқулықтар­

дың барлығы да қазақ тіліне түп­нұсқадан аударылған. Атап айтсақ, 18 оқулықтың 16 кітабы ағылшын тілінде, ал біреуі француз тілінде, біреуі орыс тілінде жарық көрген еңбектер. Бұл ауқымды жұмыстың барлығы да жастардың білім­бі­лігін, көкірек көкжиегін, ой сана­ сын арттыру үшін атқарылуда, – деді Ғ. Қапақов.

Шара барысында қазақ тілінде басылып шыққан 18 жаңа кітаптың слайд түріндегі таныстырылымы өтіп, ғалымдар студенттерге оқу­лықтардың авторлары мен негізгі мазмұны жайлы әңгімелеп берді.

«Қазақстан тарихы және әлеу­меттік­гуманитарлық пәндер» ка­ федрасының меңгерушісі, филосо­фия ғылымдарының кандидаты Венера Есенғалиева Дерек Джон­стонның «Философияның қысқа­

Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ­да «100 жаңа оқулық – рухани жаңғырудың ғылыми іргетасы» атты кез-десу өтті. Аталмыш оқу орнының ғалымдары мен студент-тері бас қосқан жиында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған 18 оқулықтың таныстырылымы жасалып, кездесуге қатысушылардың тақырыпқа қатысты ой­пікірлері ортаға салынды.

Жарқын болашақтың 100 оқулығы

ша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы» І­томы жә­ не «Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы» ІІ­томы, Реми Хесстің «Философия­ ның таңдаулы 25 кітабы», Карен Армстронгтың «Иудаизм, хрис­ тиандық пен исламдағы 4000 жыл­дық ізденіс: Құдайтану баяны» кі­таптары туралы баяндаған кезде қысқаша аннотациялармен шек­телмей, авторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы қызық­ты деректерге де тоқталып өтті. Тыңдарманын жалықтырмай, бір қарағанда тым күрделі болып кө­ рінетін философия ғылымын қа­зіргі жастардың көзқарасымен са­ лыстыра отырып, әлемнің інжу­маржаны танылған кітаптардың мән­маңызын айшықтай түсті.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Рысқалиев танымал француз фи­ лософы Реми Хесстің «Өзге мәде­ниетке бойлап, оны ана тілінде сөйлету – ерекше күрделі процесс. Осыған дейін менің еңбектерім он екі тілге аударылды. Мен үшін енді қазақ тілі тағы бір жаңа мә­дениетке жол ашқан қақпаға ай­налып отыр» деген пікірін келтіре отырып, кітаптарға қойылған та­ лаптың өзі үлкен сенім ұялататы­ нын атап өтті.

– Бұрын біз Камю мен Сартрды қазақ тіліне орыс тілінен аударыл­ған кітаптар арқылы оқыдық. Ал «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба­ сы шеңберінде жарық көрген кі­таптардың басты ерекшелігі және

артықшылығы – түпнұсқадан тіке­ лей аударылуында. Оқу бағдарла­масына енетін осы оқулықтардың өзіміздің төл философиямызға қайшы келмеуі маңызды. Қазақ философиясының негізгі бағытта­ры – даналық, түсінік және тәлім­тәрбие жолы. Тағы бір айтарым, біз еліктеуден аулақ болуымыз ке­рек. Рухани жаңғыруға үлес қоса алатын өз философиямыз да бар. Бізге жақынырағы шығыс филосо­фиясы, қазіргі батыс философия­сында тереңдік аз. Осыны естен шығармайық, –деді ғалым.

Бұдан соң экономика және ме­ неджмент кафедрасының меңге­рушісі, экономика ғылымдары­ның кандидаты Жанар Ержанова Н. Грегори Мэнкью, Марк П. Тей­лордың «Экономикс», Дональд Ф. Куратконың «Кәсіпкерлік: тео­рия, процесс, практика», Рикки У. Гриффиннің «Менеджмент» және Клаус Швабтың «Төртінші индус­триялық революция» кітаптарына қысқаша сипаттама берді.

Экономика факультетінің 2­курс студенті Бағдат Серікбаева қазақ жастарына әлемнің ең үздік оқу­лықтарымен қазақ тілінде танысу мүмкіндігін сыйлап отырған «100 жаңа оқулық» жобасына, осы жа­уапты істің басы­қасында жүрген аға буын өкілдеріне ризашылығын жеткізді. «Білім кені – кітапта» екен­дігін алға тартқан белсенді жас бәсекеге қабілетті, озық ойлы болу үшін замандастарын санаға сілкініс сыйлайтын үздік кітаптарды оқуға шақырды.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «National bookdating» жалпыхалықтық акциясына Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық­техникалық университетінің білім алушылары да жұмыла атсалысты. Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ая-сында қазақ тіліне аударылған 18 кітаптың таныстырылымы өтті.

– Бүгін еліміз бойынша барлық жоғарғы оқу орындарында Қа­ зақстан халықтары ассамблеясы­ның бастамасымен Елбасының бағдарламалық мақаласының бір жылдығына байланысты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілін­дегі 100 жаңа оқулық» жобасы бо­йынша аударылған кітаптармен танысу акциясы өтуде. Осы жоба аясында дүние жүзіндегі белгілі оқу орындарында жиі пайдаланы­латын 18 кітап түпнұсқадан қазақ тіліне тікелей аударылған болатын. Ең қуаныштысы – бұл кітаптар Ел­басы тапсырмасымен 10 мың дана таралыммен жарық көреді. Және

сол кітаптар жоғары оқу орында­рына тегін түрде жеткізілетін бола­ды, – деді аталмыш оқу орнындағы «Рухани жаңғыру» институтының директоры Әсет Тасмағамбетов жиынға кіріспе сөзінде.

Кездесуге арнайы қатысқан ҚХА БҚО бойынша төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов гума­нитарлық бағыттағы 100 жаңа оқу­лықтың аударылу барысы және осы жоба бойынша алдағы уақыт­ та атқарылатын жұмыстардың ба­ғыты туралы егжей­тегжейлі баян­дады.

– Елбасының бағдарламалық мақаласы жарияланғалы бері бір

жыл ішінде «Рухани жаңғыру» ая­сында көптеген шара атқарылды. Мұхтар Әуезовтың «Абай үш бұ­лақтан су ішкен» деген сөзі бар. Оның біріншісі – бай халық ауыз әдебиеті. Екіншісі – Ахмет Риза мед­ ресесінде оқығанда араб, парсы тілдерін терең меңгерген, дәстүрлі шығыс әдебиетін терең білген. Абайдың бірінші өлеңі «Физули, Шәмси, Сәйхали» деп басталаты­нын білесіздер. Бұл кітаптардың, әрине, біреуі де аударылған жоқ. Біз бұл бұлақтардан су ішкен жоқ­пыз. Біздің Абай бола алмайтыны­мыз содан. Үшіншіден, Абай ал­ дыңғы қатарлы орыс және еуро­па әдебиетімен сусындаған адам. Міне, бізге қазір осы үшінші бұлақ есігін ашып тұр. Біз Кеңес одағын­ да білім алған кезде бір тіл, яғни тек орыс тілі арқылы өзге жұрт­тың ғылымы, мәдениеті туралы хабар алдық. Кеңестік саясатқа келмейтін кітаптар бізге жат бол­ды. Олар ішінара аударылды, бі­ рақ өте сирек еді. Мысалы, фило­

логияда Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің ғалымдары үлкен күш­ пен «Новая лингвистика» деген журналды шығарып отырды. Со­ның ішінде шетел ғалымдарының мақалалары жарық көрді. Біз со­ лардан кітапханааралық абоне­мент арқылы кішкене болса да оқыдық. Қазіргі таңда одан да қо­лайлы жағдай жасалған. Мысалы, бүгінде көркем әдебиетті көз майы­мызды тауысып оқымай­ақ, тыңдай аламыз. «Абай жолынан» бастап көптеген көркем шығармалардың аудионұсқасы жасалған. Бірақ бір әттеген­айы, студенттердің көбі кі­тапқа қызықпайды, кітапқа құмар адамдар аз. Бір қызығы, кітап оқымайтын, бірақ бірдеңе айтқы­сы келетін адамдардың қатары көбейіп кетті. 100 жаңа оқулықтың ішінде мәскеулік өте мықты ғалым Светлана Тер­Минасованың еңбегі аударылғаны мені қуантып отыр. Мен өзімнің докторлық еңбегімде Тер­Минасованың кітаптарын пай­даландым. Мені қуантып отырған

тағы бір жайт – аударылған кітап­тардың ішінде 4 мың жылдық та­ рихы бар «Құдайтану баянының» болуы. Бұл кітапты оқу жастар­ дың көзін ашады, теріс діни ағым­дарға түсіп кетуден кішкене болса да сақтайды дер едім. Бізде еш­қандай білімі жоқ адамдар мешіт­ ке барады да, теріс ағымдарға тү­сіп кетеді. Олар «Білім жинаймын деп жүргенде дін жайына қалып қояды» деп сөйлейді. Исламның ең басты қағидасы білім алу екенін ұмытпау керек. Сондықтан бұл кі­таптар жаңа, дұрыс қадамдарға жол ашады деп ойлаймын. Әлем­дік деңгейдегі құнды кітаптарды түпнұсқадан тікелей аудару – зор жетістік, Президентіміздің шын мәніндегі үлкен еңбегі деп баға­лаймыз, – деп пікір білдірді фи­лология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,«Орал өңірі»

* * *

áleýmeT4 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл

Жылы Зейнеткерлікжасы Туған күні

1 қаңтар 2018 ж. 58 жас 6 ай 1960 жылғы 1 қаңтардан бастап 1960 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2019 ж. 59 жас 1960 жылғы 1 шілдеден бастап 1960 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2020 ж. 59 жас 6 ай 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1961 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2021 ж. 60 жас 1961 жылғы 1 шілдеден бастап 1961 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2022 ж. 60 жас 6 ай 1962 жылғы 1 қаңтардан бастап 1962 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2023 ж. 61 жас 1962 жылғы 1 шілдеден бастап 1962 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2024 ж. 61 жас 6 ай 1963 жылғы 1 қаңтардан бастап 1963 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2025 ж. 62 жас 1963 жылғы 1 шілдеден бастап 1963 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2026 ж. 62 жас 6 ай 1964 жылғы 1 қаңтардан бастап 1964 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2027 ж. 63 жас 1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1964 жылғы 31 желтоқсан аралығында

Зейнеткерлік жасты кезең­кезеңмен арттыру кестесі

Зейнетақы мен жәрдемақы көбейдіЕңбек, әлеуметтік қорғау және көші­қон комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының «2018­2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113­VI заңына сай облыс бойынша 85 000­нан астам зей-неткерге 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 8 пайызға арттырды.

«2018­2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сай 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөл­шері – 28 284 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнет­ақы төлемiнiң мөлшері – 15 274 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 33 745 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есеп­теу үшiн айлық есептiк көрсеткіш – 2405 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлем­дердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең

төменгi күнкөріс деңгейiнiң шама­сы 28 284 теңге болып белгіленді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бас­ тап зейнетақының ең төменгi мөлшерi базалық зейнетақы төле­мін қоса алғанда 49 019 теңгені, ал ең жоғарғы мөлшері базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда 98 247 теңгені құрайды. Сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі­ нің құрылымы қайта қаралып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап өткен жылмен салыстырғанда оның көлемі 16%­ға өсті, бұл мүге­дектігі бойынша және асыраушы­сынан айырылған жағдайда бері­ летін мемлекеттік әлеуметтік жәр­

демақылардың көлемінің өсуіне себеп болды.

Биылдан бастап 2027 жылға дейін жыл сайын алты айдан жү­зеге асырылатын әйелдердің 58 жастан 63 жасқа дейінгі зейнет­керлік жасын кезең­кезеңмен арт­ тыру көзделеді. Сондай­ақ 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мем­ лекеттік базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгереді. Бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан, баршаға бірдей тағайындалады.

Базалық зейнетақыны тағайын­ даудың жаңа механизмі 1998 жыл­ дың 1 қаңтарына дейін жинақ­талған еңбек өтілін және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнет­ақы жүйесіндегі кезеңдерін есеп­ ке алады. Бұл ретте базалық зей­ нетақы төлемінің мөлшері зей­нетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса неме­ се мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс дең­

гейінің 54%­ын құрайды, 10 жыл­дан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%­ға ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлер­ге: қазіргі және болашақ зейнет­керлерге қолданылатын болады.

Мысалы, азаматтың ынтымақ­ ты зейнетақы мөлшері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 000 теңге болса, ал базалық зейнетақы мөлшері 15 274 теңге болса, жалпы зейнетақы сомасы 55 274 теңге. Оның 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған еңбек өтілі және кейін жинақтау­ шы зейнетақы жүйесіндегі кезең­дері 30 жыл құрайды делік.

2018 жылдың 1 шілдесінен бас­тап базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 94%­ын құрайды немесе 26 587 теңге болады. Ал жалпы зейнет­ақысының мөлшері 66 587 теңге болады.

2018 жылғы 1 шілдеден бас­тап базалық зейнетақыны қайта есептеу қазіргі зейнеткерлердің барлығына жүргізіледі.

Қайта есептеу қосымша құжат­тарды ұсынуды талап етпейді, яғни зейнеткерлер ешқайда бар­майды, себебі олардың зейнет­ақы істерінде еңбек өтілі туралы мәліметтер бар, ал міндетті зей­нетақы жарналары аударылған кезеңдері аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы де­рекқорында бар мәліметтерден алынады.

Жеңіс БЕРіКОВ,еңбек, әлеуметтік қорғау

және көші­қон комитетінің БҚО бойынша департаменті

басшысының орынбасары

«Мансап күні»

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне шақырыл­ ған облыстық және қала­

лық жұмыспен қамту басқармала­ рының, білім басқармаларының, “ҚПО б.в.” компаниясының, екін­ ші деңгейлі банктердің облыстық филиалдарының, облыстық және

Жуырда М. Өтемісов атындағы БҚМУ­да дәстүрлі «Мансап күні» ша-расы өтті.

қалалық соттарының, түрлі акцио­ нерлік қоғамдар мен жауапкер­шілігі шектеулі серіктестіктердің 50­ге жуық өкілі келді. Жұмыс берушілермен тікелей жүздестір­ген жәрмеңкеге 360 студент қа­тысты.

– Біздің университет 85 жыл­дан астам тарихы бар, еліміздің батыс өңіріндегі ең іргелі білім ордасының бірі болып табылады. Біз студенттерді көп тіл меңгер­ ген, компьютерлік жаңа техноло­гияларды пайдалана білетін бә­

секеге қабілетті маман етіп дайын­даудамыз. Оқу орны 400­ден ас­ там әр түрлі мекемемен мемо­рандум жасасып, келісімшартқа отырды, – деген М. Өтемісов атындағы БҚМУ­дың оқу­әдістеме­лік жұмыс жөніндегі проректоры Ғалия Жүсіпқалиева түлектердің қалаған жұмыстарына қол жеткі­зулеріне тілектестігін білдірді.

Шара барысында Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту ор­талығының сектор меңгерушісі Нұргүл Қабденова жастар прак­

тикасы жөнінде ақпарат беріп өтті. Оның айтуынша, өткен жы­ лы жастар практикасына қатыс­ қан жас мамандардың жетпіс па­йызы сол жұмыстарында тұрақ­ тап қалған. «Мансап күні» жұ­мыспен қамту орталығына түрлі мамандық бойынша 50­ден астам түйіндеме түскен.

Бұл шара экономика, есеп және аудит, қаржы, туризм, эко­ логия және тағы басқа педаго­гикалық емес мамандықтарды меңгерген түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді мақ­ сат еткен болатын. Жәрмеңкеде санаулы күндерден кейін уни­ верситет қабырғасынан ұшқалы отырған студенттердің арман жо­ лына бағдарлы бағыт берілді. Қолдарына түйіндемелерін ұста­ ған түлектер өздерінің мамандық­ тарына сай деген мекеме өкіл­деріне жолығып, толғандырған сауалдарына жауап алды. Әсіресе, “ҚПО б.в.” компаниясының, банк филиалдары мен қалалық жұ­ мыспен қамту орталығы өкілде­рінің қасында жастардың қарасы мол болды. Жәрмеңке соңында ұсынылған жұмыс орындарына 422 түйіндеме тапсырылған.

– Осы жәрмеңке арқылы тұрақ­ты жұмыс орнын табуды мақсат етіп келдім. Биология бағытында ғана жұмыс істеп қоймай, екін­ ші мамандандырылған география пәні мұғалімі мамандығым бойын­ша да жұмыс жасай аламын. Төрт мекемеге түйіндемемді тапсыр­дым. Мұндай шара түлектердің өздері қалаған жұмысқа қол жет­ кізуіне мүмкіндік береді деп ой­лаймын, – дейді БҚМУ жараты­лыстану­география факультетінің биология мамандығы бойынша 4­курс студенті Сымбат Аманжо­ лова (суретте).

ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

Еңбек өтілі

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің үлесі

<10 жыл 54% немесе 15274 теңге

11 жыл 56% немесе 15840 теңге12 жыл 58% немесе 16405 теңге13 жыл 60% немесе 16971 теңге

14 жыл 62% немесе 17537 теңге

15 жыл 64% немесе 18102 теңге16 жыл 66% немесе 18668 теңге17 жыл 68% немесе 19234 теңге18 жыл 70% немесе 19799 теңге19 жыл 72% немесе 20365 теңге20 жыл 74% немесе 20931 теңге21 жыл 76% немесе 21496 теңге22 жыл 78% немесе 22062 теңге23 жыл 80% немесе 22628 теңге24 жыл 82% немесе 23193 теңге25 жыл 84% немесе 23759 теңге26 жыл 86% немесе 24325 теңге27 жыл 88% немесе 24890 теңге28 жыл 90% немесе 25456 теңге29 жыл 92% немесе 26022 теңге30 жыл 94% немесе 26587 теңге31 жыл 96% немесе 27153 теңге32 жыл 98% немесе 27719 теңге33 жыл 100% немесе 28284 теңге

Oral óńіrіOral óńіrі

bRıFıngСенбі, 21 сәуір 2018 жыл 5Oral óńіrіOral óńіrі

– Қыстың қамын жазда ойлауы­мыз керек. Бүгінде қаладағы жы­ лу магистральдарының 50 пайыз­ға тозығы жеткен. Сол себептен №7 және №2 жылыту магистраль­дарын күрделі жөндеуге кіріске­ лі отырмыз. Мәселен, №7 магист­ ральдың құрылысы 1983 жылы жүргізілген болса, №2 жылыту магистралі 1973 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көр­меген. Алдағы жылыту маусымын апатсыз жағдайда атқарып, ха­лықты ыстық сумен тәулік бойы қамтамасыз ету үшін Орал қала­сындағы жылу беретін магист­раль желілеріне күрделі жөндеу­ ді қолға алдық. Осыған байла­ нысты ыстық су тоқтатылды. Сон­дықтан да қала тұрғындарынан жөндеу жұмыстарына байланыс­ты орын алатын уақытша қиын­дықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бұлардың бәрі – қала­лықтардың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар, – деді қала әкімі Мұрат Мұқаев әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Қала әкімінің айтуынша, жоға­рыда аталған екі жылу магист­ралын күрделі жөндеуге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,8

млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар №4 және №8 жылу магист­ральдарын жөндеуге қаржылан­дыру мәселесі қаралуда. Жөндеу жұмыстарын бұл салада көп жыл­дан бері жұмыс атқарып келе жат­ қан «Уральскводстрой» компания­сы жүргізеді. Қажетті материал­дармен толықтай қамтылған. Жал­ пы, жоба бойынша күрделі жөн­ деу жұмысының мерзімі төрт немесе бес айға жоспарланған болса, компания өкілдері қала басшылығына жұмысты белгілен­ген уақыттан бұрын бітіреміз деп уәде беріп отыр.

– №7 жылу магистралына күр­делі жөндеу жүргізілуіне байла­нысты ыстық су тоқтатылды. Бүгін­ де Т. Масин, Ә. Кердері, М. Мәме­това секілді қала орталығындағы көшелердегі 119 үйде ыстық су жоқ. Бұдан басқа жылу беру мау­сымына дейін №2 жылу магис­тралын жөндеу жоспарланған, – дейді «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Мұрат Бәйменов.

Қала әкімі Мұрат Мұқаев жылу үшін бережақ тұрғындар мәсе­лесінің өзекті екендігін атап өтті. Қалалықтардың арасында «Жа­ йықжылуқуат» компаниясына бе­

режақ тұрғындар аз емес. Бүгінде олардың қарызы сот арқылы өн­діріп алынуда. Сот орындаушы­лары арқылы өндірілетін болса, бережақ ақшаның көлемі артып кететінін ескерткен Мұрат Мұқаев тұрғындарға осы айдың соңына дейін жылуға төленетін барлық қарыздан құтылу қажеттігін құ­лаққағыс етті.

Сонымен қатар баспасөз мәс­лихатында қалаішілік жолдарды жөндеу жұмыстары да сөз болды. Өткен жылы 72 шақырымды құ­райтын жолда абаттандыру және жөндеу жұмыстары басталып, 67 көше жөнделген. Биыл құрылысы басталған көшелерді қоса есепте­генде, 50 шақты көше жөнделмек. Ет комбинаты аумағында, Ремза­вод, 2­жұмысшы ауылы, қаланың орталығында, Деркөл және Заша­ ған кенттерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осыған бай­ланысты қоғамдық көліктердің маршруттары өзгертіледі. Бұл жұ­ мыстар жөніндегі барлық ақпарат әкімдіктің инстаграмм парақша­сында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отыр­ мақ. Сондай­ақ Мұрат Рахметұлы санитарлық тазалық айлығы ба­ рысында бизнес нысандарының иелерін, жеке сектор тұрғында­ рын өз аулаларын, аумақтарын тазартуға, көгалдандыруға атса­ лысуға шақырды. Биыл 29 аула­ ға күрделі жөндеу жүргізілмекші.

Сондай­ақ қала әкімі Оралда салынатын спорттық және бала­ лар ойын алаңдарының сызба­сымен, қаланы абаттандырудың жоспарымен таныстырды.

ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

Жылыту маусымы да аяқталды. Барлық коммуналдық кәсіпорын өз деңгейінде жұмыс атқарды. Құзырлы мекеме сәуірдің 16­сынан бастап жылуды айырды. Тек кейбір балабақша мен ауруханалардың өтініштері бойынша оларға жылу берілу-де. Ендігі басты мәселенің бірі – алдағы жылыту маусымына дайындық.

Облыстың аутомобиль жолдарын салу және жөндеу жайы айтылған

брифингте спикер алдымен өткен жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Медет Махамбетұлы­ ның айтуынша, облыстағы ау­томобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6530,1 шақырымды құ­ райды. Оның ішінде 1392,55 ша­қырымы республикалық, 5103,7 шақырымы – облыстық және ау­ дандық маңызы бар жолдар. Өткен жылы бөлінген 33,3 млрд. теңге қаражатқа 419 шақырым жол жөн­делген. Республикалық маңызы бар аутомобиль жолдарын жөн­ деуге 14,1 миллиард теңге қара­жат бөлініп, 170,2 шақырым жол жөндеуден өткен. Ал облыстық маңызы бар аутожолдарды жөн­ деуге республикалық және жер­ гілікті бюджеттен бөлінген 6,2 млрд. теңге қаржыға 128,5 шақырым жол жөнделген. Сонымен қатар Орал қаласында жалпы ұзындығы 65,3 шақырымды құрайтын 61 кө­ шеге, аудан­ауылдарда 54,8 ша­ қырым болатын 54 көшеге тасжол төселген. Сөйтіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдай­ дағы облыстық және аудандық маңызы бар аутомобиль жолда­рының үлесі – 28 пайызды құ­раған.

– Елбасымыздың биылғы ха­лыққа Жолдауында он бағыт бо­йынша міндеттер жүктелген бол­ са, оның ішінде төртінші бағыт кө­ лік­логистикалық инфрақұрылым­ның тиімділігін арттыруға қатыс­ты болатын. Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау үшін бү­гінде өңір бойынша аутомобиль жолдары желiсiн дамытуға көңіл бөлінуде. Республикалық бюджет­ тен берілетін мақсатты транс­ферттер есебінен жергілікті желі­ ні қаржыландыру едәуір ұлғайға­ нын атап өткен жөн. Облыс ау­ тожолдарының көрсеткіштер ин­ дикаторын арттыру және қойыл­ған мақсаттарға жету үшін жергі­лікті маңызы бар аутожолдарын жөндеу және қайта жаңғырту жұ­ мыстары жалғастырылады, – де­ ді Медет Махамбетұлы.

Бұдан соң спикер ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, биылғы жылға қарастырылған 28,3 млрд. теңге қаражатқа 436 шақырым жол жөндеу жоспарла­нуда. Осы қаражаттың 10,8 млрд. теңгесі республикалық, 7,4 млрд. теңгесі облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге бағыттала­

Биыл өңірімізде түрлі қаржыландыру көздерінен қарастырылған 28,3 млрд. теңге қаражатқа 282 шақырым республикалық, 76,5 шақырым облыстық, 40,6 шақырым аудандық маңызы бар жолдарды және 37 шақырым қалалық жолды жөндеу жоспарла-нуда. Бұл туралы бейсенбі күні Өңірлік коммуника-циялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО жолаушылар көлігі және ау-томобиль жолдары басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Медет Шақаев мәлімдеді.

Шаһар жолдарына 6 млрд. теңге

тын болады. Сонымен қатар алты млрд. теңге қаражатқа облыс ор­талығының жолдары, 4,2 млрд. теңге қаржыға аудандық маңы­зы бар және аудандардағы елді мекендердің көшелерін жөндеу жоспарлануда. Сондай­ақ облыс­ тық маңызы бар аутожолдары­ ның қалыпты жұмысын қамтама­ сыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 457 мил­лион теңге бөлінген.

Баспасөз мәслихатында об­лыстық маңызы бар аутомобиль жолын сервистік қамтамасыз ету пилоттық жобасын іске асыру аясындағы атқарылған істер жө­ нінде де айтылды. «Чапаев – Жа­ ңақала – Сайқын» ауылдары ара­лығындағы жолдарға күтім көр­ сету үшін «Жолаушы­Жол» ЖШС­мен келісімшарт жасалған. Бес жыл мерзімге жасалған келісім­ шарт құны 1 миллиард 200 мил­лионға жуық теңгені құрайды. Со­ нымен қатар «БҚО Ақжайық ауда­нының Чапаев ауылы аумағын­ да Жайық өзені арқылы өтетін аутомобиль көпір өткелін салу» жобалық­сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құны 33,9 млрд. теңгені құрай­тын жоба құпталған жағдай­ да келер жылы құрылыс жұмыс­тары басталмақ.

– Облыс тұрғындарын сапалы жолмен қамту бағытында атқа­рылған істер аз емес. Бірақ алда тұрған ауқымды жұмыстар да бар. Аутожолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, халыққа жақсы жағдай жасалған сайын соңғы жылдары жол­көлік оқиғаларының көбеюі бүгінгі қоғамды қатты алаңдата­ды. Өңір тұғындарының әл­ауқа­ты жақсарғанын көшелер мен жолдардағы көлік санының көбе­ юінен­ақ аңғаруға болады. Көлік көбейген сайын апатты жағдай­ларда көп орын алып, адам жара­қаты мен қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда. Сондықтан өңір тұр­ғындарынан заңсыз жолаушы та­ сымалымен айналыспауды, көлік­ тің техникалық жағдайын қада­ғалауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, жалпы жол жүру мәдениетін қатаң сақтауды өтіне­міз, – деді Медет Шақаев.

Өңір тұрғындарына тікелей желіде көрсетілген брифинг со­ ңында басқарма басшысы жур­ налистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,«Орал өңірі»

29 аула күрделі жөнделмек

Сонымен қатар жол жиегі бойынша Степной орманшы­

лығында 10 га және Алма­ лы орманшылығында 15 га жер дайындалды. Бүгінгі кү­ ні Степной орманшылығын­ да тал­терек отырғызу бас­талды. Олардың ішінде 13 000 шаған, 5400 жиде және 4000 қараағаш бар.

Мемлекеттік мекеме биыл жалпы саны 250 мың дана көшет отырғызуды жоспар­лап отыр. Тұқымбақтағы кө­ шеттер саны көктемгі ағаш егу, толықтыру және көгал­ дандыру жұмыстарына то­ лықтай жеткілікті. Стандарт­ қа сәйкес келетін 137,9 мың дана 1­2 жылдық көшет да­ йын тұр. Оның ішінде 61

Орманшылар тал егуге кірістіТайпақ орман және жануарлар

дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде 50 га жер, атап айтқанда 25 га мемлекеттік орман қорында және

Антон орманшылығында 25 га жер дайындалып, күтіп­баптау

жұмыстары жүргізілуде.

мың дана шегіршін, 39,3 мың шаған, 26 мың үйеңкі, 26 мың жүзгін, 2,4 мың қара­ қат, 8,2 мың дана акация бар.

– Қалемшемен егілген 4,9 мың дана көктерек пен 5 мың дана жыңғыл есеп­ телді. Бұл – биыл жасыл­же­ лек егу барысында ауқым­ ды істер жүзеге асады де­ген сөз. Қажетті техника, кө­ терме жабдықтар, жанар­жағармай қорын дайындау жұмыстары жүргізілуде, – дейді Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік ме­кеменің инженері Бибігүл Қабдолова.

Бекем БЕКҰЛЫ,Ақжайық ауданы

el-JURT6 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл

Үздік музейлер анықталды

Бейсенбіде облыстық тарихи­өлкетану музейінде «Үздік мемлекеттік музей» аталымы үшін өңірлік байқау өтті. «Ру-хани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Рухани қазына» атты облыстық фестиваліне бұған дейін болған бірінші кезеңінен өткен сегіз музей ұжымы қатысты.

Oral óńіrіOral óńіrі

– Музейлер – біздің саланың бір буыны. Өңірдің бүкіл мәде­ ниет саласының қызметкерлері сияқты музей ұжымдары да Елба­ сымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Руха­ ни жаңғыру» бағдарламасын жү­ зеге асыруда талай толымды істер тындыруда. «Рухани қазына» фес­ тивалінің екінші кезеңі өткізі­луде. Соған орай өңір музей­ лері ұжымының білімі мен бі­ лігін сынамақ, – деді облыстық мәдениет және архив, құжатта­малар басқармасының басшы­сы Қадырболат Мұсағалиев. ҚР Мәдениет және спорт министр­лігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМКК жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми­зерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев және облыстық тарихи­өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевтар байқауға қатысушы­ ларға шығармашылық табыс ті­леді.

Фестивальдің шарты бойынша бірінші кезеңнен іріктеліп алын­ ған сегіз музейдің ұжымы шағын көрме ұйымдастырып, оны әділ­қазылар алқасына ұсынды. Қай музей де көне жәдігерге кен­де емес екен. Біреуінен өткен ғасырда жасалған жез самау­ рынды көрсек, екіншісінде көне заманғы құжаттармен танысуға бо­лады. Ал табиғат және экология му­ зейінің экспонаттары тірі табиғат­тың шағын бөлшегін көз алдыңа

– Елбасының шағын несиені кеңейту жөніндегі төртінші әлеу­меттік бастамасы кәсіпкерліктің кеңінен қанат жаюына жағдай жасайды. Шағын несиенің көле­мін арттыру шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып қана қой­ май, тұрғындардың әл­ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Жа­қында Үкімет отырысында ҚР Ең­ бек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Мәдина Әбілқасы­ мова Елбасының шағын несиені кеңейту жөніндегі төртінші әлеу­меттік бастамасын іске асыруға көзделген 20 млрд. теңгенің қа­лай бөлінетіндігін айтты. Министр қосымша бөлінген 20 млрд. теңге­нің 14 млрд. теңгесін ауылдарға несие беруге, оның ішінде 10 млрд. теңгені ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші кәсіпорын­дардың айналасында зәкірлік ко­операциялар жобасын дамытуға жұмсауды ұсынып, оның шағын несие алатындарға өнімнің саты­луына кепілдік беруді қамтама­ сыз ететіндігін жеткізді.

Қазіргі таңда шағын несиелеуді дамыту «Нәтижелі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкерлікті

Ардақ ЖҰМАШЕВА, Орал қаласы кәсіпкерлік

бөлімінің бас маманы:

«Шағын несие алып, ісін бастайтын тұрғындарға

үлкен көмек-қолдау болады»

дамытудың 2017­2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында іске асырылуда. Өткен жылы атал­ мыш бағдарламаның 2­бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бо­йынша республикалық бюджет және трансферттерден шағын не­ сиелеу мақсатында Орал және Ақ­сай қалаларына 852,8 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қар­ жы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру мақ­сатында екінші деңгейдегі банк­терге «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ, «Банк Центр Кредит» АҚ­ға орналасты­рылды. Бүгінде бұл банктер жал­пы шамасы 444,7 млн. теңге бола­тын 38 жобаны қаржыландырды. Соның ішінде Орал қаласы бойын­ша 430,5 млн. теңге болатын 37 жобаға, 14,2 млн. теңге болатын Ақсай қаласына тиесілі бір жоба­ ға қаржы бөлінді.

Елбасы қазақстандықтарға ар­ наған үндеудің «Шағын несие бе­руді көбейту» атты төртінші бас­ тамасында өзін­өзі еңбекпен қам­ тыған және жұмыссыз тұрғын­дардың арасында жаппай кәсіп­керлікті дамыту үшін атқарылып

жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналаты­нын атап көрсетті. Сондай­ақ аталған бағыт бойынша биыл қосымша 20 млрд. теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы ша­масын 62 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл шағын несие алып, ісін бастайтын тұрғындарға үлкен көмек­қолдау әрі ауыл­ай­мақ үшін кәсіпкерлікті дамыту­

ға тың серпін береді. Бағдарламаның екінші бағыты

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік бас­тамалардың бағыттарына оқыту жобасының талаптарына сәйкес аталған жобаға жұмыссыздар мен өзін­өзі қамтығандар қатыса алады. Аталған жоба аясында 2017 жылы облыс бойынша тек бес аудан қамтылған болса, биыл бағдарламаға енгізілген өзгеріс­терге сәйкес 12 аудан, сонымен қатар Орал қаласы мен моноқала – Ақсайдың тұрғындары да қаты­са алады. Қорыта айтар болсақ, Елбасының әлеуметтік бастамала­ры орынды, елімізде кәсіпкерлікті дамытуымыз қажет десек, оның дамуына жағдай жасалуы керек.

– Бүгінгі таңда Орал қаласын­ да 86 Ұлы Отан соғысының ар­дагері болса, оның 30­ы соғыс мүгедектігін алғандар. Тыл арда­ гері, зейнеткер, түрлі санаттағы жеңілдік қаралған ардагерлер қатары баршылық. Қариялар да қал­қадірінше еліміздегі «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыруға өзіндік үлестерін қосуда, – деген К. Нығмет алдағы жұмыс жоспа­ рымен таныстырды. Ардагерлер­дің пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Жиында ұйымдастыру мәселесі де қаралды. Бұрынғы төраға Асан Ерғалиевтің қаза болуына бай­ланысты қауымдастық мүшелері «Қазақстан мәслихаттарының құр­метті депутаты» және «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы», өлкетанушы, зейнеткер Тілекқа­ был Сағыновты Орал қаласын­ дағы Қаратөбе ауданы ардагер­ лері қауымдастығының төрағалы­ ғына бірауыздан сайлады.

Ғилаж НАУРЗИН,Орал қаласы

Ардагерлер жиыныЖуырда Орал қаласындағы Қаратөбе ауданы арда-

герлері қауымдастығының жиыны өтті. Жиынды Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығмет жүргізді.

елестетеді. Байқаудың екінші шар­ тында әр музей келушілерді өзіне тарту мақсатында шағын бей­небаяндарды көрсетті. Сол ар­ қылы байқауға қатысуға іріктеліп алынған әр музейдің ерекше­ лігі кеңінен ашылған сыңайлы. Соңында музей басшылары му­ зей қорын толықтыру бағытын­ да жәдігер жинау мен ғылыми іссапары хақында толыққанды есеп берді.

«Жүзден жүйрік озады жа­рысқанда» дегендей, төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік облыстық маңызы бар мем­лекеттік музей» аталымы бойынша Бөкей ордасы тарихи­өлкетану кешені сегіздің ішінен суырылып алға шықты. Ал С. Датұлы атын­дағы тарихи­өлкетану музейі «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музейі» аталымы­ на лайық деп танылды. Жәңгір хан атындағы тарихи­өлкетану музейі­ нің меңгерушісі Нұржан Төле­ пов «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» аталымына ие болды. Бөрлі өл­ кетану музейінің меңгерушісі Ал­тынбөбек Сүйіндікова «Үздік ау­ дандық маңызы бар мемлекет­тік музей қызметкері» аталымы бойынша жеңіске жетті. Осы төрт аталым иелері биыл 21 ма­мырда Астана қаласында өтетін байқаудың соңғы кезеңінде об­ лыс намысын қорғайтын болады.

Серпін САяҚ

Қазіргі таңда облысымызда БҚО ТЖД­ның аумақтық бөлімшелері қызметкерлері жоспарға сәйкес халық арасында өрт

қауіпсіздігі бойынша профилактикалық, түсіндіру­насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

Өткен үш айда облыс аумағында 107 өрт оқиғасы тіркелді, оның 77­сі тұрғын үй секторында орын алған. Барлық өрттің келтірген шығын көле­мі 5 млн. 145 мың теңгені құрады. Тілсіз жаудан алты адам зардап шеккен. Орын алған оқиғаның 90%­ы азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан, көбінесе балалардың тентектігі­нен болған. Көп жағдайда үйде қараусыз қалған балалар сіріңкені, газ құрылғыларын ойыншыққа айналдырады.

Өрттің алдын алу, қайғылы оқиғаларды бол­дырмау үшін ата­аналар әрдайым балаларға өрт­

тің қауіпті екенін ескертіп, түсіндіріп отыруы ке­рек. Балақандардың өз бетімен пешті, газ плита­сын жақпауын, тұрмыстық электр құрылғыларын қоспауын, сіріңкемен ойнамауын талап еткен жөн. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, ата­ана өз баласына өрт болған жағдайда үйде қалмай дереу сыртқа шығып, ересек адамға хабарлауын, 101 не­месе 112 нөмірі бойынша өрт қауіпсіздігі қызметіне қоңырау шалуын үйретуі тиіс.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау түрлі жарақат­ тарға ғана емес, сонымен қатар қайғылы жағ­дайларға да әкелуі мүмкін.

Еламан КЕНЖЕҒАЛИ,ҚР ііМ ТЖК Көкшетау техникалық

институтының КОФ 4­курс курсанты

Ойыннан от шықпасын деңіз...

OqyRMaNСенбі, 21 сәуір 2018 жыл 7Oral óńіrіOral óńіrі

Ол 1914 жылы Қазталов ауданының Еңбек ауы­ лында өмірге келіпті.

1941 жылдың тамызында әскер қатарына алынып, 397­атқыш­тар дивизиясының құрамында болды.

Наурыз Айтқалиев әскери тапсырманы орындау кезінде батылдық пен ерлік танытқаны үшін «Қызыл Жұлдыз» ордені­ мен марапатталған. Великое село деревнясының аумағында­ғы шайқаста ол жау бекінісіне баса­көктеп кіріп, минаатқыш­ты граната лақтырып жойды да, сол жердегі бір дұшпанды тұтқынға алды. Ол ефрейтор екен. Қолға түскен жау жауап алу кезінде көп құнды әске­ ри мәліметтер берді. Алайда сол жылы желтоқсанда жерле­ сіміздің жұбайы Сандуғаш Әб­ дуғалиева ерінің «Хабар­ошар­сыз кеткендігі» туралы қайғы­ лы хабар алды.

Тек таяуда ғана арада 76 жыл өткен соң, батырдың ізін табу­ға мүмкіндік туды. «Мемориал»

ОБД (жинақталған деректер банкі) сайтында жерлеске

қатысты дерек, нақтылап айтқанда, хабарлама та­

былды. 1942 жылдың 28 желтоқсанын­

76 жылдан кейін табылған дерек Ал қазір ең оңайы – бір сиыр

сиып кететін алып мұздат­қышқа салып қою дағдыға

айналды. Сол үсіп кеткен етте қандай нәр бар?! Ал бабаларымыз соғымнан қалған еттің нәрін де, сөлін де жоғалт­пастан, жаздың ортасына дейін жеткізе білген. Сәуірдің алтын күрек желі соқ­ қанда, әр үйде ет кептіру үрдісі баста­лады. Осы кезде ауыл адамдары ара­сында қызықты әңгімелер де жүреді: «Соғымыңның мұрты да бұзылмапты ғой. Керемет сақталған екен, қашан ауыз тигізесіңдер?» – деп айтып жатқанын жиі естисің. Сәуірдің жылы желімен

кепкен ет қазаннан пісіп, дастарқанға

келгенде, одан асқан тағам

бар ма?!

«Ұзынсары»шарасын өткізсек қалай?

Ұлтымыздың мал өнімінен дайындайтын тағамдарына, соның ішінде еттен дайын-дайтын дәміне жететіні жоқ. Көріп, біліп жүргеніміздей, өзге жұртта ет сақтау әдісі өте көп. Біреуі қалбырлай­ ды, екіншісі ыстайды.

Міне, осы бір салт біздің жақта әлі де сақталып отыр. Соған орай сәуір­ма­ мыр айларында неге «Ұзынсары» ме­рекесін не шарасын дағдыға енгізбес­ке деген ой келеді. Мерекеде соғым етін сақтаған немесе басқа да тағам түрлерін қыстан алып шыққан отбасы­ларын дәріптеп, олардың тағамынан жасөспірімдерге дәм татқызып, тағам сақтау құпиясын айтқызсақ, ата­баба­ дан жалғасып келе жатқан ет сақтау әдісін саналарына сіңіргендік болар еді. Себебі оның адам денсаулығына да тигізер пайдасы мол. Шалқар дала­мыздың сары желіне кептірілген ет бойға қуат береді. Ағайындар, «Ұзынса­ ры» келіп жетті. Күбі түбіндегі соғым етін сәуірдің жылы желіне кептіріп, қа­дірлі қонағыңызға сақтап қойдыңыз ба?!

Әсем БОЛАТ,Қазталов ауданы

Мектебімізге 66 жыл

Өзінің өткен тарихы мен салт­дәстүрін дәріптей білген елдердің еңсесі қашанда биік. Ұрпаққа туған өлке тарихы­нан сыр шерту, есімі ел есінде қалған біртуар перзенттері туралы насихаттау – басты міндетіміз.

Шежірелі Бөкей ордасын­ да – тарихи мұражай кешені бар. Оған Қазақстан қалала­рымен қатар Ресейден келетін туристер легі үзілмейді. Хан сарайы, алғашқы баспахана, дәріхана, мектептер және қа­ру­жарақ палатасы осы өлке­де салынды. Бисен округіне қарасты Жиекқұм ауылында­ғы Кеңес Одағының Батыры Темір Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің құрылғанына биыл 66 жыл толды. 1952­1953 жылдары Ма­ кар, Жетібай, Большевик жеті жылдық мектептері біріктірі­ліп, Большевик мектебі бо­лып ашылған болатын. Ал 1962 жылы сегізжылдық мек­теп болып қайта құрылып, оған батырдың аты берілді. 2001­2002 оқу жылында орта мектепке айналды.

Бүгінде жалпы орта білім беретін мектеп ұжымын жас маман Айбек Дінисламов бас­қарады. Оқушылардың ұлттық рухын арттыру мақсатында оларды Жәңгір хан, Махам­ бет, Исатай, Құрманғазы секіл­ді бабаларымыздың кесене­ сіне апарамыз, Қазақстанда­ғы жер­су атауларының шығу тарихын зерттеуге баулимыз. Елбасы Жолдауындағы нақты міндеттерді басшылыққа ала отырып, өзге де танымдық іс­шаралар өткізіп келеміз.

Жайнагүл ЕЛЕМЕСОВА,Бөкей ордасы ауданы

«Немене көрген қызық көрмегендей,Жас дәурен жауар бұлтқа өрлегендей.Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе,Қайрап ап, қалың жауға сер­

мегендей» – деп сайын далада ән оздырған батыр Мәди Бәпи­ұлының «Қарқаралысы» жұлып түсер жігіттікті, жастықты әдемі суреттеп бермей ме...

Міне, сол жастық жігерді сын­ға салып, аудан жігіттерін шар­ шы топқа шығарған тамаша ша­ ра Шыңғырлау ауданының Бе­ ло гор ауылдық округінде өтті. Аудандық «Жігіт сұлтаны» сайы­сының биылғы бәсекесі осы ауылдың мәдениет үйінде өтіп, «менмін» деген өркеуде жігіттер­дің біразы осы жерден табылды.

Өмір­тіршілікке икемді, спорт­қа бейім, өнерге жақын, дәстүр­салтымыз бен қазақтығын мақ­тан тұтатын, ұлттық болмысын бағалайтын талай жігіттің талан­ ты, тәрбиесі, тәуекелі талқыға түскен сынның өзі рухани жаң­ғыру тақырыбы аясында, жас­тарды «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуға тәрбиелеу, халқымыздың жігіттік, азаматтық, жаужүректік пен отаншылдық қасиеттерін да­мыту, насихаттауды мақсат етті.

Байқауға аудан округтерінен сегіз жігіт қатысты, бес кезең бо­

Мықтылықты мінез, жігіттікті жігер білдіреді

йынша сыннан өтіп, қазылар ал­қасының қосымша сұрақтары мен талаптарын орындай оты­рып, бағаланды. Жарыс болған соң бірі ілгері, бірі кейін қала­ ды, бұл – заңдылық, бұл жолы да оза шапқандар мен тартынып, желе­жортқандар болды.

Әуелгі кезеңде жігіттер қой соя білу бойынша сынға түсті. Арнайы алдырылған тоқтыны адалдап бауыздау, терісін сыпы­ рудағы әбжілдік, жіліктеп бөлу, оны түсіндіріп беру, мал жілік­терінің атауын білуі тексерілді. Мұнан әрі сахнадағы кезең өзін­өзі таныстыруы, өнер бәйгесі, күш басымдығы да сарапқа түсті.

Нәтижесінде Ақбұлақ ауыл­дық округінен келген сайыскер Мейірман Меңдіәлиев байқау­дың бас жүлдесін, белогорлық Аманер Мұханбеталиев І орын, лубендік Бейбарыс Жұмағалиев, шоқтыбайлық Дархан Ислям­беков ІІ орын, қарағаштық Әди Медеуов, белогорлық Нұрлы­хан Бекжан, полтавкалық Ринат Жүсібәлиев ІІІ орындарды ие­ленді. Ащысай ауылдық округі­ нің Амангелді ауылынан қатыс­қан Данияр Арыстанов ынта­ландыру дипломына ие болды.

Қалампыр ЖҰБАНИяЗОВА,Шыңғырлау аудандық

мәдениет үйінің әдіскері

Шалқыма Хайроллақызы Елба­сының тарих пен саясаттану, әлеу­ меттану мен философия, психо­логия, педагогика, экономика, мә­ дениеттану және филология ғы­лымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қа­ жетті жағдай жасау керектігін тапсырғанын айтты. Осы салалар бойынша аударылатын кітаптар­ды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орнынан ұсыныс жиналып, барлығы 800­ден аса оқулық ата­уы келіп түскенін, жинақталған тізімдердің негізінде бірнеше ба­ сылым көрген 100 кітаптың тізімі анықталып, биылғы жылға 18 оқу­ лық таңдалып алынып, аударыл­ғанын баяндады.

Ғалым слайдтардың көмегімен әр оқулықтың аннотациясымен таныстырып, олардың әлемнің таңдаулы университеттерінің ға­лымдары жазғанын, таңдаулы кі­ таптардың қазақ тіліне тікелей ау­дарылуының құндылығын ашып түсіндірді.

– «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру еліміздегі

Таңдаулы оқулықтармен таныстырды

Облыстық ассамблея жанындағы аналар кеңе­ сінің төрайы­мы, педаго-гика ғылым ­дарының докторы, профессор Шалқыма Құрманалина Ж. Дос мұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттеріне әлемнің үздік деп танылған оқулықтарынан аударылған 18 кітаптың таныстырылымын жасады.

жас мамандарды даярлаудың жа­ңа сапалық деңгейіне көтерілу­ге жол ашады. Сонымен қатар Қазақстанның дамыған 30 мемле­кетінің қатарына қосылуына мол ықпалын тигізеді. Жастар, студент­ тер әлемнің маңдайалды универ­ситеттері ғалымдарының еңбек­терін мемлекеттік тілде оқи алады.

Осындай таңдаулы оқулықтар­дан білім алған студенттеріміз­ дің ғаламдық бәсекелестікте озық болатынына сенімдіміз, – деді Ш. Құрманалина.

Студенттер «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология­ға кіріспе», «Әлеуметтану негіз­дері», «Менеджмент», «Тіл біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетара­лық коммуникация», «Кәсіпкер­ лік» оқулықтарына қызығушылық­тарын танытып, жуық арада кітап­ ханалардан оқуға ынта білдірді.

Гүлнәр НҰРАШЕВА,Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің

оқытушысы

дағы 397­атқыштар дивизия­сындағы жауынгерлердің шы­ғыны жөніндегі хабарламада көрсетілгеніндей, Наурыз Айт­ қалиев 1942 жылы 13 желтоқ­санда майданда қаза тауып, Ле­ нинград облысының Великое село елді мекенінің жанында­ ғы бауырластар зиратына жер­ ленген. Қазір бұл аумақ Нов­город облысына қарайды. Со­ ғыс сарбазының ұлы Сапар­ғали Айтқалиевтің айтуынша, қаза тапқан әкесінің құрметіне оның жерленген жеріне ве­нок (десте) қойып, тағзым ету жөнінде шешім қабылдаған. Новгород облысының әскери комиссары И. Скачковтың ха­ барлауынша, соғыстан кейін, яғ­ ни өткен ғасырдың 50­60­жыл­ дары Великое село аумағында­ ғы әскери қорымдар сол об­ лыстың Старорусский ауда­нындағы Залучье елді мекені жанындағы молаға көшірілген. Біздің даңқты жерлесіміз Нау­рыз Айтқалиевтің есімі Залучье маңындағы бауырластар зира­тына жерленгендердің тізімі­ не енгізілген. Таяуда батырдың ұрпақтары осы жаққа барып, оның рухына тағзым етіп қайт­пақшы.

Cерпін САяҚ

Ұлы Отан соғысы кезінде «хабар­ошарсыз кетті» деген сықылды соңынан хабар келгеннің ұрпақтары бүгінде сол атасы, әкесі хақында деректерді тауып жатыр. Сондай із­түзсіз кеткендердің бірі – соғыс сарбазы Наурыз Айтқалиев.

mádenıeT8 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл

Бейсенбі күні х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің «Рухани қазына» облыстық фести-валі өтті. Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Oral óńіrіOral óńіrі

– Бүгін маңызды іс­шарада бас қосып отырмыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ ғыру» бағдарламалық мақаласын жариялағанына бір жыл бол­ды. Осыған орай Астанада үлкен жиын өтті. Сол жерде атқарған жұмыстарды қорытындылап, ал­дағы мақсаттарды айқындадық. Мұның бәрі бір жылда жасалатын шаруа емес. Дегенмен бір жыл ішінде аз жұмыс атқарылған жоқ.

Аудандық музейлер жаңартылды, күй атасы Құрманғазы мен Дина Нұрпейісоваға, қазақтың үш ба­ тыр қызына ескерткіш қойдық. Биыл Құрманғазының 200 жыл­дығы ЮНЕСКО тізіміне енді. Бұйырса, келесі апталардан экс­педиция жұмыстарын бастай­ мыз. Өздеріңізге белгілі, Құрман­ ғазының сүйегі Астраханда жа­ тыр. Біз ол жақтағы әріптестеріміз­бен жұмыстанатын боламыз.

Биыл Исатай­Махамбет ескерт­ кішін көтереміз. Қазір мүсінші­ лерден ұсыныстар түсіп жатыр. Тарих, мәдениет саласы ардагер­лерімен, қайраткерлерімен ке­ ңесіп, Мәдениет және спорт ми­нистріне баратын боламыз. Қа­ зір қаражатты белгіледік. Сон­ дай­ақ өңір тарихынан сыр шер­тер бірнеше томдық кітап шығару жоспарда. Бұл мақсатта Қытай, Ресей, Түркия және т. б. елдерден деректер жинаудамыз. Алдағы уақытта Жайық қалашығын аспан асты ашық музейге айналдыра­мыз.

Бұдан өзге көптеген іс­шара кезегін күтіп тұр. Біз мемлекет басшысы белгілеген міндетімізді орындаймыз, алайда ел азаматы ретінде әр адам бұл іске үлес қосуы керек. Бұл бағытта өңір кәсіпкерлері тындырымды жұ­мыстар атқаруда. Кәсіпкерлердің қолдауымен Орал қаласында сал ауруымен науқастанған балалар­

ға арнап, «Бейімдеу үйінің» құ­рылысын бастаймыз. Туған жерге жанашырлық танытқан барлық азаматқа ризашылығымды біл­діремін, – деді өңір басшысы.

«Рухани қазына» байқауы ау­ дандық, қалалық, облыстық маңы­ зы бар мемлекеттік музейлер, кі­тапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар арасында өтіп, 16 аталым бойынша үздіктер анықталды. Облыстық байқаудың алғашқы

жеңімпаздарын «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерт­ теу орталығы басшысы­ ның орынбасары Батыр­ хан Жұмабаев құттықтап, «Үздік музей» аталымы

бойынша республикалық кезеңге жолдамаларды та­быс етті.

– Алты алашқа аты мәлім Ақ Жайық жұрты, облыстық «Рухани қазына» фестива­ліне өз үлесімді қосқаны­ма қуаныштымын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлері география­

сы» жобасына сіздің облыстан алты нысан жалпыұлттық, қырыққа жуық нысан өңірлік нысан тізімі­не енді. Үздік музейлерді анық­ тағанда өңірдегі музей қызмет­керлерінің биік деңгейін, ше­берлігін және ғылыми ізденісін көргенде таңғалдым, – дей келе Батырхан Ерікұлы музей саласы­ның үздіктерін арнайы диплом­ дармен және бағалы сыйлықтар­ мен марапаттады.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, еңбек арда­гері Инна Гудошникова кітапхана

ісінің үздіктерін марапаттап, «Үздік ауылдық кітапхана» аталымын­да Бөрлі ауылдық кітапханасына, «Үздік аудандық кітапхана» аталы­мында Сырым орталық кітапхана­сына дипломдар табыс етті. Бұған қоса Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми­әмбебап кі­тапхана «Үздік облыстық кітап­ хана» аталымына лайық деп та­нылды. Сондай­ақ Қазталов ауда­нына қарасты Қараоба ауылдық кітапханасының қызметкері Лаура Бердіғалиеваның «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері», Бөкей ор­ дасы ауданынан Айнагүл Ба­тырханованың «Үздік аудандық кітапхана қызметкері», Орал қала­ сындағы Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жас­өспірімдер кітапханасының қыз­меткері Сергей Быковтың «Үздік облыстық кітапхана қызметкері» аталымдарында мерейлері үстем болды.

ҚР мәдениет қайраткері Нә­ бира Халелқызы облыстық фес­тивальдің «Ең үздік мәдениет үй­лері мен клубтары» аталымының жүйріктерін марапаттады. Январ­цев ауылдық клубы «Үздік ауылдық клуб», Қазталов ауданы Жалпақтал

ауылы мәдениет үйі «Үздік ауыл­ дық мәдениет үйі», Бөрлі аудан­ дық мәдениет үйі «Үздік аудан­ дық мәдениет үйі», Орал қала­сының жастар мәдениет үйі «Үз­дік қалалық мәдениет үйі» атан­са, Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық клубының меңгерушісі Алмаш Арыстанова «Үздік ауыл­ дық клуб қызметкері», Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер ауыл­дық мәдениет үйінің директоры Марат Хасанов «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» және Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлжамал Жұ­ мағазиева «Үздік аудандық мә­ дениет үйі қызметкері» аталым­дары бойынша өзгелерден оқ бойы озық шықты.

Облыстық фестиваль жеңім­паздары 21 мамырда Астана қа­ласында өтетін «Рухани қазына» республикалық байқауында Ақ Жайық өңірінің мерейін асқақ­татпақ.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген Айбатыр НҰРАШ

«Рухани қазына» облыстық фестивалі

Нұрбек МҰхАМБЕТҚАЛИЕВ, Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінің қызметкері:

– «Рухани қазына» облыстық фестивалі жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында қазақы, ұлт­ тық өнерімізді дәріптей отырып, жаңа инновациялық бағыттағы жұмыстарымызды да көрсеттік. Сол себепті таңдау, бәлкім, бізге түскен болар. Жалпы, үздіктердің арасынан озық шыққанымызға өте қуаныштымыз. Республикалық «Рухани қазына» фестивалінде на­мысты қолдан бермеуге тырыса­мыз.

Нұргүл БАТЫРхАНОВА, январцев ауылдық клубының хореографы:

– Январцев ауыл­ дық клубының не­ гізі 1966 жылы қа­ланған. Соң­ ғы жылдар­ дағы же­ тістіктері­ мізге тоқ­ талар бол­ сам, «Ал­легро» би­ шілер тобы «Балдәурен», «Бала дауысы» байқаула­рында, әншілеріміз түрлі дең­ гейдегі өнер додаларында же­ ңімпаз атанды. Бүгін «Үздік ауыл­дық клуб» аталымын жеңіп алдық. Фестиваль ұмытылмас әсер сый­ лады. Еңбегімізді жоғары бағала­ған жандарға алғыстан басқа ай­тарым жоқ.

9Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл bUQARA

Ресей Федерациясы Волгоград облысы Волжск қаласында қандастарымыз тойлаған Наурыз мейра-мына Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев бастаған делегация ар-найы қатысты.

Oral óńіrіOral óńіrі

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы

және «Рухани қазына» кіші бағ­ дарламасы аясында шетте жүр­ ген қандастарымызға ұлттық құн­ дылықтарымыз бен салт­дәстүр­лерімізді насихаттау бағытында өткен шараға жиылған халық аз болған жоқ. Құрылған төрт киіз үйдің іші­сырты ұлттық киім­ке­шек, ата­бабаларымыз қолдан­ ған тұрмыстық заттармен жаб­дықталса, кең жайылған дастарқан ұлттық тағам түрлерімен жайнап тұрды. Шара барысында Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директо­ры Светлана Джукина бастаған аталмыш рухани ошақ ұжымы көпшілікке «Қазақстан деп жыр­лаймын» атты кітап және фото көрмелерін ұсынды.

«Волжск қазақтары» қоғамдық

лық ансамблі Құрманғазының күй­ лерін күмбірлетсе, Тамара Кафа­рова, Дана Қаратаева, Райымбек Кәрімов пен Мейрамгүл Дәу­ летқалиева ән әуелетіп, жұрт­шылықтың ыстық ықыласына ие болды. Жақсылық Бисенғалиев домбыраның сүйемелдеуімен «Бет­ ашар» айтып, аудандық мәде­ ниет үйі қызметкерлері беташар­дан көрініс көрсетті. Аудандық ба­лалар­жасөспірімдер спорт мек­ тебінің ат құлағында ойнаған ша­бандоздары теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату және көкпар ойын­дарынан көріністерді паш етті. Қазақ күресі сайысы екі ел спорт­шыларын одан әрі жақындата түскендей. Тарқатып айтар болсақ, қазақ күресінен 70 келі салмақ бойынша Сырым Байсов 1­орын (Жәнібек), Асланбек Неғыметов 2­орын (Жәнібек), Артем Пар­ фирьев 3­орын (Волжск қаласы) иеленсе, +80 келі салмақта боз кілемде белдескендерден ба­сым түсіп, алысқанын алып ұрған Аманат Хамзин 1­орын (Волжск қаласы) алса, Сырым Байсов 2­орын (Жәнібек), Данияр Әміров 3­орынға (Ленинск қаласы) ие болды.

Ахмедияр БАТЫРхАНОВ, Жәнібек ауданы

ұйымының төрағасы Ерсайын Назаров жиылған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтаған соң, көршілес Жәнібек ауда­ны әкімдігінің қолдауымен ар­найы келген делегацияға шексіз ризашылығын білдірді.

– Наурыз – түркі халықтарының ежелден бері тойлап келе жат­қан мейрамы. Бүгінгі күні осы мейрамды атап өтуге келген бар­ шаңызға құт­береке, ырыс ті­ леймін. Біздің қаланы мекен ет­ кен көп ұлт өкілдері арасында қазақ халқының еңбекқорлық және қонақжайлық қасиеттерін ерекше атап өткім келеді. Міне, көршілес Батыс Қазақстан облы­сы Жәнібек ауданының әкімі Аза­мат Сафималиев бастаған делега­ция келіп, бізді қуантуда, – деген Волжск қаласы әкімшілігінің бас­шысы Игорь Воронин баршаның амандығын тіледі.

Өз кезегінде ресейлік қандас­ тарымызды мейраммен құттық­таған Азамат Сафималиұлы Игорь Воронин мен Ерсайын Назаровқа кәдесыйлар табыстады.

Ресейлік қандастарымыз Анар Зайнуллина, Тимур Кайбалиев, Кә­ мила Сисенова, Шыңғыс Еділба­ев әннен шашу шашса, ресейлік қазақ жастары «Қара жорғаны» биледі. «Жәнібек сазы» фольклор­

Ерсайын НАЗАРОВ ,«Волжск қазақтары» қоғамдық ұйымының төрағасы: – Наурыз тойын өткізудегі мақсатымыз – шетте жүрсек те, салт­дәстүрімізді

ұмытпай, жеткіншек ұрпаққа жеткізу. Біз ұйымдастырған мәдени және спорт­ тық шараларға Жәнібек ауданы әкімдігі үнемі қолдау білдіруде. Жәнібектік өнерпаздар орындаған әндерге және ұлттық ат спорты ойындарына бәрі дән риза. Алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта біз өткізген шараларға Батыс Қазақ­стан облысының басқа аудандары осылай қолдау жасаса, құба­құп болар еді.

Қазақ халқының бай мәдениеті мен салт­дәстүрлерін осындай шараларда ұлықтау – біздің міндетіміз.

Абдулла Батта хазірет, Волгоград облыстық діни басқарма орталығының мүфтиі:

– Ресей еліне келген қазақстандық өнерпаздар мен спортшы бауырлары­ мыз жергілікті қазақ ұлты өкілдерінің мерейін тасытуда. Атажұрттан шет жүрген қандастарыңызға қамқорлық деген осы. Наурыз мейрамы – мұсылман халқы үшін ұлы мереке. Бірлік пен ынтымақ артсын.

Андрей ЖАРКОВ, Волгоград орталық мәдени демалыс саябағының директоры: – Шараның ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Мәдени бағдарлама

өте керемет. Мен жаңа достар тапқаныма қуаныштымын. Волгоград орталық мәдени демалыс саябағында «Этномир» алаңында қазақ мәдениетінің экспозиция­сын бірлесіп көрсетеміз деген сенімдемін.

Наурыз тойыӘсілінде, жасы келген жандарға әдемі қарттық тілеп жа-

тамыз. Қарттықтың әдемілігін ажырататын бір белгі болса, ол сол адамның ұрпақтары болар­ау.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, балаларының бақытты болашағы үшін бел жазбай еңбек еткен Дәния Уәлиқызымен тілдескенде осындай ой келді. Жүзінде нұр ойнаған жайдары

жан әңгімені бала күнгі бейнетті жылдардан бастады.– Мен 1933 жылғы 18 сәуірде қаратөбелік қарапайым отбасында

дүниеге келгенмін. Отбасында ата­анамыз аялап өсірген алты баланың үлкенімін. Қаратөбедегі май зауытында есепші қызметін атқарған әкем Уәли Ілиясов 1941 жылы соғысқа алынып, анам Бибінұр шиеттей ба­лалармен қалды. 1942­нің қара суық желтоқсанында қаралы хабар арқалаған хат келіп, үмітімізді біржола үзді. Әкем опат болған. Үйдің барлық тауқыметі өзіне түскен анама қолғабыс ету үшін 11 жасым­нан жұмысқа араластым. Оқуым да осылай төрт сыныппен түйінделді. Күнкөріске қарекет жасап, анамыз екеулеп өзімнен кейінгі бауырларым­ды талғажаусыз қылмадық. Мұқтаждық қамытынан құтылу оңай емес, 1947 жылы ауруханаға санитарлық жұмысқа тұрдым. Жасым жетпегенін байқатпай, бір­екі жас үлкейтіп айтуға мәжбүр болдым. Осы жерден қол үзбей алты жыл қызмет қылып, 1953 жылы Мақсым Маемиров есімді аза­матпен отау көтердік, – деп әңгімесін әрі қарай сабақтады.

Мал дәрігері мамандығын игерген Мақсым Молдағалиұлы анасы­мен Қаратөбедегі аталас ағайындары, ақын Сағынғали Сейітовтің әкесі Дүйсенғалидың шаңырағында тұрып қызмет атқарған. Бірде сырқаттанып қалған анасы Рахима ауруханада емделсе керек. Биязы мінезді болашақ келінін жазбай таныған ана жүрек сыртынан ұнатып, өмірлік адал жар болатын жанға баласын өзі бағыттаған. Анасының сөзін екі етпеген жігіт қызға келіп, анасына ұнаған адамды өмір бойы адал жар етуге бекінгенін айтып, сөз салыпты.

Сөйтіп өнер­білімнің киелі ұясы, Дүйсенғалидың шаңырағына түскен жас келін келім­кетім кісісі көп, қонақжай әулеттегі күн ұзағына шай құйған сәттерін сағына еске алды.

– Дүйсенғали ата алды ауыр, мінезді кісі еді. Көңілін аулап, қас­қабағына қарап отырамыз. Сағынғали аға демалысқа достары, отбасы­мен бірге келеді. Үлкен үйде бірер ай тұрған соң отағасының қызмет бабымен Егіндікөл, кейін Қанкөл кеңшарында тұрып, Жымпитыға ауы­сып кеттік. Сол жылдары Жымпитыда Абай кеңшары құрылып сонда бардық. Қонысымызға айналған құтты мекенде бала­шағалы болып, 40 жыл тұрдық. Балалардың бәрі Абай мектебінен тәлім алды. Өзім ауыл клубында кассир болып жұмыс жасадым. 1977 жылы «Батыр ана» ата­ нып, отағасымен 11 бала тәрбиелеп өсірдік, – деген Дәния әже 1983 жылдан зейнет демалысында екен.

Ата­анасынан тәлімді тәрбие көрген ұл­қыздың барлығы бүгінде мамандық игеріп, әр салада қызмет етуде. Бес ұлдың бірі Асхат Маемиров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (РҺD), «Болашақ» Президент стипендиясының иегері, танымал режиссер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметінде.

Бүгінде Белес мектебінің директоры қызметіндегі ұлы Азаматтың шаңырағында немере­жиен, шөберелерді қызықтап, төрде отырған ардақты ана, асыл әжеден балалары туралы сұрадық.

– Адам ұрпағымен бақытты. Балаларды өнер­білімге баулып, адалдыққа тәрбиеледік. Бірінші кезекте әкелері сабақтарын мұқият қадағалайтын. Ел аралап шыққанда Сағынғали ағайлар дастарқанымыздан дәм татып кететін. Балалардың ішінде ала­бөле Асхаттың өнер қуып өсуіне сол Сағынғали ағаның батасы дарыса керек. Асхатым журналист болуды қатты армандады. Жымпитының «Қайнар» газетімен хат алмасып, ойға алған дүниелерін тым тәуір жазып жүрді. Журналист болмаса да театр саласынан орнын тауып, ел мәдениетінің көркеюіне үлес қосуда. Қалған бала­келіндерімнің бәрі ұстаздық қызметте. Осы Зеленов ауданының Белес ауылына қоныс аударғанымызға жиырма жыл болды. Елбасының арқасында өсіп­өркендеген халқымыздың ортасында берекелі ғұмыр кешіп отырмын. Біз көрген бейнет енді қайта оралмасын. Ел іші аман, іргеміз бүтін, төңірегіміз тыныш болсын, – деп тіледі батыр ана.

Нұржан ДҮЗБАТЫР,Зеленов ауданы

Адам ұрпағымен бақытты

Еділ бойындағы

oTAndAsTAR10 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Ұлты бөлек болса да, тілі - қазақ!Тіл қай ұлтта, қай

елде болса да қастерлі, құдіретті, ол ана сүтімен санаға бірге сіңіп, қалыптасады. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ тілі – ең ұлы, ең тамаша тіл. Ұлт ақыны Қадыр Мырза Әли: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – деп жырлағандай, ұрпақ са­ уатты болу үшін алдымен ана тілін жетік меңгеріп, кейін өзге ұлттың тілінде еркін сөйлей білуі тиіс. Ал өзге ұлттың қазақ тілінде сөйлеуі, тілді құрметтеуі ерекше қуантады.

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің бір топ

студенті қазақ тілін біліп ғана қоймай, оны насихаттап, тілдің дамуына қал­қадерінше өз үлесте­ рін қосуда. Аталмыш колледж­ де болып, ұлты бөлек болса да, тілі мен тілегі бір жастармен кездесудің сәті түсті. Ұлты ук­раин болғанымен, қазақ тілін­де талай қазақты жаңылдырып, мүдірмей сөйлейтін Александр Губарь Сырым ауданы Алғабас ауылында туып­өсіп, қазақ мек­тебінде білім алған. Ата­анасы мен достарының арқасында ол қазақ тілін жетік меңгерген. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өзге ұлт арасындағы облыстық олимпиаданың бас жүлдегері, өзге ұлт өкілдері ара­сында өткен Жұбан оқуларының жеңімпазы, қазақша күрестен аудандық жарыстардың жүлдегері атанған студент жігіт мұнымен тоқтап қалмайтынын, әрі қарай қазақ тілін насихаттап, дамытуға барынша үлес қосатынын айта­ ды. Болашаққа деген жоспары көп, өзі оқып жатқан өрт қауіпсіз­

дігі мамандығы бойынша жұмыс жасап, білікті маман атанғысы келеді. Қазір гитарада ойнауды үйреніп жүрген жайы бар. «Қа­зақстан Республикасында тұрып жатқан соң әр азаматтың қазақ тілін білуі – міндет, қажеттілік деп білемін. Қазақ тілі – мем­ лекеттік тіл, қай жерде жүрсең де, туған еліңнің тілін дамы­ туға өз үлестеріңді қосып, оны дә­ріптеп жүріңдер демекпін», – де­ ді Александр.

Ал Александра Горбунова Зе­ ленов ауданының Көшім ауы­лында дүниеге келіп, аралас мек­тепте білім алған. «Құрбымның арқасында қазақ тілін үйрендім. Қазір осы тілде сөйлеп, түсінісе аламын. Араласып жүрген ор­тамда барлығының ұлты ­ қазақ, сол себепті де болар тілді тез үйрендім», – деді ол. Бала кезінен бастап қазақ тілінде түсінісіп, осы тілде сөйлей білетін бойжеткен бос уақытын тиімді іске жұмсауға тырысады. Спорттың самбо, дзю­до деген түрлерімен айналысады. Достарымен жиналып, гитарада ойнағанды ұнатады және самбо­ дан спорт шеберлігіне канди­дат. Александра әлі де көптеген жетістікке жетуге дайын екенін, алға қойган мақсатына қол жет­кізбей тыным таппайтынын айта­ ды. «Қазақ тілін білмейтін құрбы­құрдастарыма айтарым, тілді мең­ геру ешқашан кеш емес. Талпын­саң, қызығушылығың болса, алға

қойған мақсатыңды орындай ала­сың. Мемлекеттік қызметші болу үшін де мемлекеттік тілді меңгеру керек», – деді Александра.

Анатолий Щербина да Шың­ғырлау ауданының Лубен ауы­лында дүниеге келіп, аралас мек­тепте білім алды. Қазақ тілін өзінің достарының арқасында үйренген, бірақ отбасында тек ағасы екеуі қазақша сөйлейді екен. Ол қазақ тілін жаңадан үйреніп жүрсе де, өз ойын ашық жеткізе біледі. Қазақ тілінен болатын олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды ием­ деніп жүр. «Қай елдің азаматы болсаң, сол елдің мемлекеттік тілін меңгеруі керек. Қазақ тілін тек білумен, сол тілде сөйлеумен шектелмеуіміз керек. Біз, жастар мемлекеттік тілді дамытуға да өз үлесімізді қосқанымыз жөн. Осы жолда аянбай еңбек етуге тырыса­мын», – дейді Анатолий.

«Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне кө­терілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын бола­ мыз!» – деген Елбасымыздың сөзін неге ту қылып ұстап, дәріптеп жүрмеске?! Колледждегі мемле­ кетшіл, ұлтшыл жастардың пікір­ лері де осыған саяды.

Құралай МӘДИЕВА,Ж. Досмұхамедов атындағы

педагогикалықколледждің студенті

Орал қаласындағы коо­ перативтік технику­ мын аяқтаған соң Ната­

лья жолдама бойынша Жымпиты ауданына жұмысқа аттанып, есепші болып қызметке тұрады. Бір жы­лын Сырым батыр туған топыраққа арнаған ол 1992 жылы қалаға ора­лады. Сол бір алмағайып кезеңде шаһардан жұмыс табудың өзі қиын болатын. Наталья да жұмысқа тез орналаса алмайды. Кеше ғана тәуелсіздігіне қол жеткіз­ген жас мемлекеттің бұрынғы қалыптасқан экономикалық жү­йесі өзгере бастады. Нарықта еңбек биржасы деген түсінік пайда болды. Күндердің күнінде осы еңбек биржасы арқылы «Парыз» атты сауда орнына жұ­мысқа орналасады. Наталья Оралда түбегейлі қалып та қояр ма еді. Бірақ кездесіп, сөз бай­ ласқан жігітімен отбасын құрып, жұбайының туған жеріне аттана­ды.

Осылайша 1995 жылы Ната­лья Колманова Цыганов (қазіргі аты Егіндібұлақ) ауылына келеді. Ол жылдарда есепші­ревизорға жұмыс іздемесе де болатын еді. Әркім өзінше өмір сүріп жатты. Сонда да қол қусырып отырмаған Наталья мен жұбайы азын­ау­лақ мал ұстады. Жұмыс іздеп қалаға қарай кетсек деген ойла­ры да болыпты. Сөйтіп жүргенде, Натальяға ауылдағы пошта то­рабына қызметке тұру туралы ұсыныс түсті. Ұсынысты қуана қабыл алып, жаңа жұмысына бел шеше кірісіп кетеді. Халықтың газет­журналға жазылуын рә­сімдеу, зейнетақы мен жалақы үлестіру, хат­хабар қабылдау сынды қарбаластан қолы боса­майтын оны ауыл тұрғындары жақсы танып алды. Беделі де арта түсті. Осы кезде ауыл әкімі Дәулет Убаев Натальяны ауыл­ дық әкімдікке жұмысқа шақы­рады. Басында қолымнан кел­мейді­ау деп бас тартқанымен, оның білім­білігіне сенген Дәу­ лет Хайдарұлы көндіреді. Ал­дымен емтихан тапсырып, әңгі­ мелесуден өтеді. Осылайша ол ауылдық әкімдіктің табылдыры­ ғын аттайды. Бұрын бұл меке­меге өзінің арызы мен белгілі бір мәселені айта келетін жан бұл жолы өзі сол мәселелерді шешуші болып шыға келді. Сол кезде тұрғындар да әкімдік

● ҚР Мемлекеттік қызмет құрылымдарына – 20 жыл

Егіндібұлақтың Натальясы

Мемлекеттік қызмет көрсетуші құрылымдар халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған. Осы істі абыроймен атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлердің бірі – Наталья Колманова.

барлығын шеше алады деген түсінікте еді. Таусылып бітпей­тін елдің мәселесін реттей ал­маспын деген ой Натальяны мемлекеттік қызметке баруға сескендірген. Бірақ бастаған ісін соңына дейін жеткізетін мінезі табандылық танытуына зор сеп болды. Адамдармен жанасымы ерек жас маман аудан әкімдігі мен бөлімдерге, мұрағатқа, өзге округтердегі әріптестеріне те­лефон шалып та біраз нәрсені үйреніп үлгереді.

– Сол кездері келген тұр­ғындармен тілдесіп, мәселелер­ді шешу жолдарын көрсеткен, ақыл­кеңесін айтқан Л. Шмари­на, А. Жармұхамедова, А. Ілия­сова мен В. Бабатовтың көмегі көп тиді, – деген Наталья кейін ауыл әкімдігінің бас маманы қызметіне ауысып, жауапкер­шілігі арта түседі. Бұл жұмысты да дөңгелетіп алып кеткен ол өзінің мансаптық тез өсуін мемлекеттік тілге жетік болға­ нымен байланыстырады.

– Мемлекеттік қызметтің бас­қа салалардан айырмашылығы жер мен көктей. Біріншіден, үлкен жауапкершілік. Екіншіден, кей құжаттарды дайындау ба­рысында жіберілген аз ғана қа­телігің қызмет тұтынушыға да, өз болашағыңа да кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай­ақ әкім­дікке келген әр азаматты тың­дап, қажетті жауабын бере білу де – мемлекеттік қызметтің басты талабы. Мемлекеттік қызметші этикасына нұқсан келтірмей, ұда­йы қырағылық таныту тағы бар. Кей сәттерде агрессивті көңіл күймен келген азаматтарға да жай­жапсарды түсіндіре білуің керек. Түскен хаттарға да жауапты нақты әрі уақтылы бере білу де кәсіби­лікті талап етеді, – дейді ол.

Өз қызметінен бөлек қоғам­дық жұмыстарда да белсенді­лік танытып жүрген Наталья – спорттан ауданның мемлекеттік қызметшілер құрамасының мү­ шесі. Он үш жыл мемлекеттік қызметте жүрген ол – кәнігі ма­ ман. Бір кездері тәжірибелі ма­мандарға телефон шалып, көмек сұрап жүрген болса, осы күндері жас мамандар оның өзін ма­залайды. Мемқызметті мемле­кеттік тіл меңгеруден бастаған Егіндібұлақтың Натальясы: – Әр мемлекеттік қызметкер қазақ ті­ лін жетік білуі керек, – деген пікірде.

Ел ішінде өз ісінің шебері, білгір маман деген сөз бар. Дәл осы теңеу Наталья Колманова сынды мамандарға қарата ай­тылса керек­ті. Ауылдастары алдындағы құрметі мен жұмыс тәжірибесі оны білгір маман атауға жеткілікті.

Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы

– Менің ұлтым – украин. Сонау тың игеру жылдары әкем арман қуып, Украинадан көшіп келіпті. Қазақ қызына үйленген. Мен де Бота есімді қазақ қызымен шаңы­рақ құрдым. Алты баламыз бар. Әли мен Әліби есімді егіз ұлдарым қазақ мектебінің 6­сыныбында

оқиды. Олар өздерін қазақ санай­ды. Әкем: «Қазақтай бауырмал ха­ лықты еш жерден кездестірген жоқпын. Алғаш келгенде олардың үйлерінің есігіне құлып салмай­тынын көргенде, таңғалған едім. Міне, мырзалық, міне, дархандық!» – деп ризашылықпен айтып оты­

ратын. Міне, бүгінде мен ердің жа­ сы елуден астым. Мен де қазақ­ тың бір ұлымын. Ұлтым басқа бол­са да, жаным қазақ болып кеткен, – дейді ақпәтерлік Федор Гнедко.

Жұлдыз АСҚАР,Қазталов ауданы

«Қазақтың бір ұлымын»

Ақпәтер ауылының тұрғыны Федор Гнедко – көпшілікке сыйлы жан. Ол – алты баланың әкесі.

● Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші фактор

máseleСенбі, 21 сәуір 2018 жыл 11Oral óńіrіOral óńіrі

Жылқы шаруашылығы мемлекеттік қолдауға зәру

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ­да ұйымдасты­ рылған ғылыми­прак­

тикалық конференция елімізге белгілі ғалым, зоотехник­селек­ционер, ауыл шаруашылығы ғы­лымдарының кандидаты, доцент, мұғалжар, көшім тұқымдарын шы­ ғарған, қазақы жабы тұқымын зерттеуші, ет және сүт өнімдері бағытындағы жергілікті жылқы тұ­қымдарының республикалық па­ латасы кеңесінің төрағасы Се­рікбай Рзабаевтың 80 жасқа то­луына орай өткізілді.

Қытайлық ғалым қазақы жылқыны алтынға балайды

– Елбасы биылғы Жолдауын­ да аграрлық ғылымның мән­ма­ңызын атап өтті. Аграрлық уни­верситеттер рөлін баса көрсетті. Университеттер мен ғылым, жер­ гілікті атқарушы билік пен шаруа­шылық нысандары байланысын кеңейту қажет. Жаңа технология мен ғылым жетістіктерін пайда­ға асырып жатқан шаруа қожа­лықтары биік белестерге жетуде. Олардың көрсеткіші мен қызмет сапасы артты. Ал ғылымнан алыс шаруашылық нысандары арыз ға­ на айтады. БҚО­да 170 мыңдай жылқы бар. Оның асыл тұқымды­ сы 6 пайыз. Жыл сайын фермер­ лер жылқы санын көбейтуде. Кө­шім жылқы тұқымы шыққан біздің облыста аталған тұқымды және қазақтың жабы жылқысын өсіре­ тін 20 шаруа қожалығы бар. Об­ лыста жылқы еті 1000­1200 теңге. Жылқы еті жалпы ет өндірісінің 13 пайызын алады, – деді ға­лымдардың басқосуына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбаса­ры Игорь Стексов.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнімді жылқы шаруа­ шылығын ынталандыру жөнінде ҚазҰАУ­дың профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кан­ дидаты Қайрат Исхан, Қытайда­ғы жылқы шаруашылығының қа­ зіргі жағдайы және оның болаша­ ғы туралы ҚХР­ның Тарын универ­ситетінің профессоры Ғымынгүл Мұқатайқызы әңгімеледі.

Етті­сүтті өнімділік бағытында­ ғы жергілікті жылқы тұқымдары­

Таяуда Оралда «Ет және сүт өнімдері бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының қазіргі жағдайы және оның болашақтағы даму перс-пективасы» тақырыбында конференция өтті. Оған осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар мен Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың ипполог­ма-мандары, жылқы өсіретін шаруашылық иелері қатысты.

ның қазіргі жағдайы және оның болашақтағы даму жайына Жәң­гір хан атындағы БҚАТУ­дың про­фессоры, ауыл шаруашылығы ғы­ лымдарының докторы, профес­ сор Қазыбай Бозымов өз ойын ортаға салды.

Сала мамандарының баянда­маларынан ұққанымыз, жылқы етінің басқа еттен гөрі диеталық құндылығы мен сапалық артық­шылықтары, өндірісінің жоғары тиімділігі, соған қарамастан құ­нының төмендігі шетелдердің сұранысын арттырған. Мұны, әсі­ ресе, Қытайдан келген ғалым түр­ лі жағынан түсіндіріп, қазақы жыл­ қыны алтынға балады. Қытайда жылқы санын 200­ге жеткізетін фермерлер сирек екенін айтып, ал қазақ арасында бірнеше мың жылқысы бар шаруа өте көп бол­са да, тиімді өндірісті қолға алмай отырғанына қынжылыс білдірді. Қытайда қазақтың қазысына ұқса­маса да, қазы жасау кең тарап жат­қанын, тіпті буаз биенің зәрін де кәдеге жаратып отырғанын мы­салға келтірді. Қытайлар бие зә­рінен гормон алып, әйелдерді жа­ сартатын өте қымбат дәріні АҚШ­ қа сатып отырған көрінеді.

Соңғы бір жылда Қазақстанда­ғы жылқы саны 8 мыңға немесе 6 пайызға көбейген. 2018 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша Қазақ­стандағы жылқы саны – 2 млн. 395 мың. Оның арасында асыл тұқымды жылқы 7 пайыз. Негізі, асыл тұқымды жылқы саны бұл көрсеткіштен көп, алайда олардың құжаты жасалмаған, тіркелмеген.

– Мәліметті бірдейлендіру ба­засы (ИСЖ) мен ақпараттық тал­дау жүйесіне (ИАС) жету үшін малымыздың туғаннан бастап таң­ басы дұрыс болуы керек. Палата­ ның атынан облыстық ветеринар­лық сала басшылары әр ауылда таңбалауды дұрыс жолға қойса деген ұсыныс айтамын. Таңбалау қатаң тәртіппен жүзеге асырыл­са, асыл тұқымды жылқылар ИСЖ мен ИАС­қа қосылады, – дейді Ақ­төбе облысындағы «Жансая» ШҚ құрылтайшысы, ет және сүт өні­ мі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының республикалық палатасының мүшесі Әлібек Ба­зарғалиев. Шындығын айту керек, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге көп шаруа қожалық ие­

лерінің сауаттылықтары жетпей келеді.

«Иппологтарды әзірлеу жүйесі жоқ»

– Жылқы шаруашылығының экспорттық өнімдер шығаруға әлеуеті жетеді. Бұл салада елі­міздің үлкен жетістіктерге жетуі­ не мүмкіндігі зор. Әрине, мәсе­ле де аз емес. Мемлекет өнімді жылқы шаруашылығын дамыту­ды назарына алып, қолдау жасап жатқан жоқ. Алайда қолдау бола­тынына сенеміз. Бұл жиында ға­ лымдар мен бизнес өкілдері кез­дескеніне қуаныштымын. Екі та­рап бірігуі қажет деп санаймын. Салада мәселе көп те, білім, ма­ ман жетпейді, технологияны да соңғы үлгіде дей алмаймыз. Әлем ІТ технологияға өткенде біз өнді­ ріс пен селекцияның ескі тәсіл­дерінде жүрміз. Мемлекеттің мүм­кіндігін талқылай бермей, нақты не істей алатынымызды анықтап барып, биліктен көмек сұрау ке­рек. Ол тек қаржылай емес, нор­ мативтік заңдар, стандарттар, өнім­ ге қойылатын талап, өңдеу мен оған алынған шаралар жағынан болса, нұр үстіне нұр. Барлық тех­ нология гендік деңгейге ауыс­ қанда бізге де ілесу қажет. Техно­логия мен мамандарсыз ештеңе тындыра алмаймыз.

Ғылыми жақсы көрсеткіштерді тарататын орталықтар, мамандар­дың біліктілігін арттыру жүйесі жоқ. Жалпы, жылқы мамандарын әзірлеу жүйесі де жоқ. Ары қарай қалай дамимыз? Қазір осы сала­дағы мамандардың құлшынысы, ынтасы бар дейік, келесі буын қандай болады? Оларды жергі­ лікті жерлерде, тасада дайындай бере ме? Сондықтан адами ре­сурсты дамытудан бастау қажет деп білемін. Қазіргі білім беру жү­йесі өндіріске қарай бет бұруда. Нарықтың жыл сайын өзгеретіні сияқты, жыл сайын қажет маман­дарды ғана дайындауды қолға алу керек. Осы сала мамандары­мен, шаруалармен университет ынтымақтаса жұмыс жасауға әзір. Маман даярлауға өз ұсыныстарын қосып, оқу барысын қадағалай отырып, жастарды оқытуға жағ­ дай жасауға болады.

Ірі қарадан қазақтың өз тұқы­мы бар – қазақтың ақбас сиыры мен әулиекөл сиыры. Әлем мал­дың тұқымы мен өнімділігін ге­

нетикалық анықтама арқылы ба­ ғалауға көшті. Біздің тұқымдар шетел базасында әлі жоқ. Мем­ лекет тарапынан қаржы бөлінді, алдағы үш жылда генетикалық құжатын алады деп сенемін. Сон­да жаңа туған бұзаудың инвес­тициялық тиімділігін өскенше кү­ тіп жүрмейтін болады, генетика­ лық анықтамасы болады. Бұл мә­селе қазақ жылқысына да қатыс­ ты, – деген Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық­тех­никалық университетінің ректо­ры, профессор Асқар Наметов ветеринария саласының өткір мә­ селелерін де айтып өтті. «Ветери­нария жүйесі өзгерді. Түрлі ауру­ларға қауіпсіздік мәселесі туын­дады. Жылқы аурулары басқа жануарлардан өзгеше болса да, бұл бағыттағы зерттеу жасалып жатқан жоқ. Өнімді экспортқа шығарған кезде де осы мәселе көлденең шығады. Ал бұл сапа мәселесіне ұласады. Ғылым мен бизнес біріккен жобалар ғана мемлекет тарапынан қаржылан­дырылады. Бұдан екі тарап та нә­ тижеге жетеді. Қазір бірікпесе, бәрі кеш болады», – деді ректор.

«Ғылыми атақтарын жылқы тақырыбында

қорғаса да, жылқының тұқымын ажырата алмайтындар бар»

– Осы жиында сөйлегендер асылдандыру ісі кенжелеп қалға­нын дұрыс айтты. Бірақ оны суб­сидиямен байланыстыру дұрыс емес деп санаймын. 27 жылдан бері субсидияны алмай келе жат­ қан мал шаруашылығының жал­ ғыз саласы – осы жылқы шаруа­ шылығы. Жылқы шаруашылығы­ның саны да, сапасы да төмендеп келе жатқан жоқ, қазіргі асыл тұқымды жылқының азаюы өзі­ міздің фермерлердің, шаруа қо­ жалықтарының кесірінен болды. Білімсіздіктен де емес, жалқау­лықтан. Ешкім тіркеумен айна­лыспайды. Одан кейінгі кінә ма­ман дайындаудан. Ол да өзіміздің кінәміз. Мен де оқытушымын, әлі күнге үш университетте сабақ бе­ріп келемін. Қытай, Таиланд, Ин­донезия, Германияда, жалпы са­ ны 18 елде селекция бойынша дәріс оқып жүрмін. Барлық жер­ де басты бағытты мамандандыру­ға береді. Қазіргі Қазақстандағы жағдай «Ит жоқ жерде шошқа

үредіге» келеді. Анық байқалатын нәрсе – өзіміздің зоотехник ма­мандардың сапасының төмендеп кеткені. Елімізде ғылыми атақта­рын осы жылқы тақырыбынан қорғаған, алайда осы күнге дейін жылқы тұқымын ажырата алмай­тын зоотехниксымақтар бар. Сөй­ теді де селекцияға кірісіп кетеді. Айтуға ұят, биеге қатысты «Стель­ная кобыла» деп форма да бекі­тіп тастаған. «Английская чисток­ровная порода»... Ондай тұқым әлемдік реестрде – 272 жылқы тұқымының арасында жоқ. Ал біз­ де Қазақстанда бар. Оны бүкіл әлем көріп отыр. Төрт­бес рет ес­керту жасадым. Алдымен өзіміз­ді түзеп алайық. Бүгін етті­сүтті жылқы тұқымы деп санын айттық та, сапасын айтқан жоқпыз. Қа­зір асыл тұқымды жылқы басына келетін болсақ, қазақы жылқы, көшім, мұғалжар – үш тұқымнан 71 828 бас қылқұйрық бар. 2 млн. 400 мың бас жылқының ішінде асыл тұқымды ресми мәртебесі бар 71 мың бас қана! Осы конфе­ренцияда «тек асыл тұқымды ай­ ғырларды пайдалану керек» деп айтылып жатыр, олардың саны, құжаты жоқ. Айғырлар бар, жоқ емес, куәлігі жоқ. Мықты ма­манмын деп жүргендер біздің өнімді жылқылар мен зауыттық жылқыларды салыстыра береді. Мақалаларды да көріп жүрміз, бірақ ешкім ештеңе айтпайды. Ма­мандардың, сарапшылардың ті­ зімін қайта қарау керек. Әйтпесе, жағдай түзелмейді. Молекулар­ лық зерттеулерге келетін болсақ, STR тәсілі ескірді, қазір SNP­ге көшті. ДНК учаскелерінің ди­вергенттік қасиеттерін пайдала­нып, молекуларлық­генетикалық систематиканың кладограммасын құруды үйрену керек. Маман да­ йындау керек. Палата өзі қаржы­ландырып, бір адамды оқуға жі­ берсе, Қазақстанға жетер еді. Ре­ сейде бұл бағытта қозғалыс бар. Көршілеріміз Австриядан дүние жүзіне белгілі ғалымды шақы­ рып, генетикалық зерттеулер жүр­гізіп жатыр. Орыс тілін білеміз ғой, ең болмаса соған матема­тика мен генетикадан хабары бар жастардан бір маманды жі­ берген дұрыс. Бұрынғыдай «Мен ғана болуым керек» дегенді тоқ­ татып, жастарға көңіл бөлу қа­жет, – деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми инновациялық орталы­ ғы» ЖШС­ның бас директоры Әл­жан Шәмшідін.

Сала мамандары экономика­лық және климаттық жағдайға жақсы бейімделген жылқылардың жергілікті түрлерін, асыл тұқым­ды жылқылардың ішінде кеңінен таралған – қазақы жылқы, мұғал­жар және көшім жылқыларын сақ­тау, көбейту және оларды жетіл­діру мәселелерін қозғады.

Нұрлыбек РАхМАНОВ

29 аула күрделі жөнделмек

dAlA-QAlA12 Cенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ ғыру» атты бағдарламалық ма­ қаласында атап көрсеткеніндей, ерлігімен, қаһармандығымен ел есінде қалған жерлестеріміздің рухы алдында тағзым ету – бар­шамыздың басты парызымыз. Майдандағы ерлігін бейбіт май­ дандағы еселі еңбекпен ұштас­тырған батырдың рухын жас ұр­ пақ санасында жаңғыртуымыз ке­рек, – деді аудан әкімі Әділ Жо­ламанов.

Аудан әкімінің айтуынша, ба­тырдың 100 жылдығын мереке­леу еліміздің Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бекітіліп, 2018 жылы тойланатын мерейтойлар тізіміне енді. Осы­ ған орай аудандағы білім, мәде­ниет ошақтарында, қорғаныс іс­ тері жөніндегі бөлімде ірі шара­лар, танымдық конференциялар өткізу жоспарлануда. Батыр жү­ ріп өткен жорық жолдарын ұлық­ тау мақсатында Венгрия Респуб­ликасының Секешфехервар қала­ сына ауданнан арнайы делегация бармақ. Сондай­ақ жыр мүшәй­расы, фотоэтюд, мәдени шара­ лар сценарийлерінің үздіктерін анықтау мақсатында республика­лық, аймақтық байқаулар ұйым­дастырылады. Сонымен қатар «Ча­паев – Бұлан – Жамбыл – Чапаев» веложорығы ұйымдастырылады.

Орталық кітапхана залында

«Айбарлы ұлы қазақтың»Ақжайық ауданының орталығы –

Чапаевта осы аттас шара өтті. Бұл Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Михаил (Бимағанбет) Абдоловтың алда келе жатқан 100 жылдығына арналды. Ол биыл рес-публика көлемінде аталып өтетін мерейтойға байланысты ауқымды шаралардың бірі болып табылады.

еліміздің басқа да аймақтарымен онлайн режімде өткен жиында М. Абдолов жайында мол дерек­ тер айтылды. Кітапханашылар жа­ сақтаған кеңқанатты көрмеде оның майдандағы ұлы ерліктері таныстырылды. Астана қаласын­дағы Ұлттық әскери музейі, Аты­рау облысы, Индер аудандық кітапхана ұжымы, облыстық әске­ ри комиссариат, облыстық өлке­тану музейі, Жаңақала аудандық кітапхана, Тайпақ, Жаңабұлақ ауылдық модельді кітапханалары байланысқа шығып, олардың өкіл­ дері өткелі отырған ауқымды шараларға пікір қосты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, еңбек ар­дагерлері Ғибатолла Тілебалиев, Ғилаж Лұқпанов сөз сөйлеп, Бе­йіш атамен бірге өткен жылдар­дан естеліктерімен бөлісті. М. Аб­доловтың нағашы інісі Темірғали Қажығалиев, Ақтөбеден келген немересі Ізболат Абдолов мерей­тойды кең көлемде атап өткелі отырған ауданның басшы­қосшы азаматтарына, еңбек ұжымдары­ на, тұрғындарға алғыстарын арна­ды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ,Ақжайық ауданы

«Қоржын» шаруа қожалығы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС­ның «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және «Халал» өнім­дерді өндіруге, дайындауға, өң­деуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандарты бойынша тексеріліп, шығаратын өнімдері мен қыз­ меттері шариғат талаптарына сай деп танылған болатын.

Таяуда Орал орта­ лық мешітінің бас имамы Еркебұлан Құрақұлов Қаратөбе ауданы, Қоржын ауы­лындағы «Қоржын» шаруа қожалығы­ ның қасапхана басшы­ сы Құсайын Мұқанов пен қасапшы Аслан Ах-метовке «ҚМДБ халал» куәлігін табыс етті.

Жұмадағы жағымды жаңалықАталмыш шаруа қожалығының

негізгі қызметі өзіміздің күнде­лікті тұтынып жүрген төрт түлік малдың етін өңдеп сату.

«Қасапшылық – сауапты Һәм жауапты іс» атты оқу семинарын тәмамдаған Аслан Ахметовке де арнайы рұқсатнама мен мөр тап­сырылды.

Сауапты істі Орал орталық мешітінің азаншысы, ҚМДБ «Ха­

лал Даму» ЖШС­ның БҚО бойын­ша өкілі Асхат Асылбеков Орал­ да екінші рет жүзеге асырып отыр. Мұсылман қауымын ша­риғат талаптарына сәйкес са­ палы, сенімді өнімдермен қамта­масыз ету уақыт талабы. Ақжа­ йық өңірінде халал өнімдер са­ ны күн санап артып келеді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ

Форум қатысушылары алдымен аудан тұр­ғындары бүгінге дейін

сақтап келген көне жәдігерлер көрмесін тамашалады. Әрісі ХVІІІ ғасырға жататын иін ағаш, келі мен үтік, аудан аумағынан та­былған түрлі аң сүйектері мен тұрмыста пайдаланылған сан­дықтар және ескі домбыраны аудан халқы мектептерде ашыл­ған «Рухани жаңғыру» музейле­ріне өздері тапсырған көрінеді. Бұл – атадан балаға мұра болып келген ескінің көзін келешек ұр­ паққа аманаттауға мүмкіндік сый­лаған бағдарламаның игі жемісі іспетті.

Форум қатысушыларын бағ­дарламаның бір жылдығымен аудан әкімі Асхат Шахаров құт­тықтады. – Осыдан тура бір жыл бұрын Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді бағдарламасын ұсынды. Аталған бағдарламаның басты мазмұны – елімізде жүзеге асы­рылып жатырған саяси және эко­ номикалық реформалардың ру­хани жаңғырумен ұштасуы. Осы орайда, Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың қалыптасу үрдістерін атап өтіп, батыс елдерінде орын алған рухани дағдарыстың се­бептерін белгілеп берді. Бүгінгі әлемде қалыптасқан күрделі ахуал кезеңінде алдымызға қойылған басты міндеттердің бірі – ұлт­ тық кодымызды сақтай отырып, әр қазақстандықтың санасын жаң­ ғырту мақсатында бірнеше ба­сымдықтарды іске асыру, – деген ол аудан деңгейінде атқарылған жұмыстар мен болашақта іске асырылатын жобалар жайын сөз етті. Кейін бағдарламаның нәти­желі жүзеге асырылуына сүбелі үлес қосқан Дариян, Январцев, Көшім, Белес ауылдық округте­

Дамудың басты кепіліАудан орталығындағы

Достық үйінде Елба-сы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болаша­қа бағдар» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі» атты форум өтті.

рі мен бірқатар белсенді аза­маттарға, ұжым басшыларына аудан әкімінің алғысхаты табыс­талды.

Форум барысында «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­ дарламасы аясында ауданда ат­қарылған жұмыстар жайын ішкі саясат бөлімінің басшысы Ма­нарбек Әжкенов баяндап өтсе, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Елена Шушлебина Елбасымен кездес­ кен кездегі әсерімен бөлісіп, ел жастарын Ұлт көшбасшысының жиында айтқан мағыналы сөз­дерінен ғибрат алуға шақырды. Одан әрі аудандық «Ауыл тыны­ сы» газетінің директор­редакто­ ры Нұржан Дүзбатыров бағдар­ лама аясында ел тарихын тү­ гендеу ісінде қандай шаралар атқарылғандығына тоқталып, ау­ дан аумағынан табылған құлпы­тастардың тарих ақтаңдақтарын жоюға тигізер үлесі жайындағы баяндама жасады.

– Даламыздың әр қиырында елеусіз жатқан көне құлпытас­тарды зерделеу арқылы ауданы­мызды кімдердің мекендегенің нақ басып айтып, соған тұрғын­дарды шүбәсіз сендіре алсақ, есте жоқ тарихымыз қайта тіл қатпақ. Ал бұл өз кезегінде жа­лынды жастарымызға рухани күш беріп, белсенді бастамалар­ ға жұмылдырады. Ауданның әб­

ден зерттеліп болмаған бай та­ рихы бар. Володар ауылы ма­ңындағы бейіттен Б.з.д. V ғ. тие­ сілі күміс фаларлар мен құмы­ра, қола айна өзге де көне жә­ дігерлердің табылуы археоло­гиялық жұмыстарды індете түсу керектігін меңзейді. Өңірдегі ең көне балбалтастың Дариян дала­ сынан табылуы да үлкен тарих­тың дерегін ұқтырып тұр, – де­ген ол осының бәрі біздің ата­бабамыздың осы жердің иесі екендігін талассыз айғақтап тұрғандығын алға тартты. Одан әрі «Рухани жаңғыру» алаңы­ның жетекшісі Тілеген Дошанов алаң жұмысының бағыттарына тоқталып, алғашқы нәтижеле­рін айтып өтті. Сондай­ақ фо­рум барысында Белес округінің әкімі Бекзат Бадақов Елбасы ма­ қаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық код­ тан айырылып қалмай, оны әлем­дік құндылықтармен үйлестіріп, елдің игілігіне жарату жолында­ғы мақсат­мүдделер туралы ай­та келіп, бағдарламаның Белес ауылында іске асырылу жайына тоқталды.

Қабылданғаннан бері талай игі істер тындыруға себепші бол­ған бағдарлама аясында биыл да ауданда ауқымды бастамалар жүзеге аспақ.

Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы

«WorldSkills Kazakhstan» чем­пионатының мақсаты – жұмысшы және техникалық мамандықтар­дың мәртебесін арттыру, кәсіптік­техникалық білім беру саласын дамыту арқылы еңбек нарығын­да бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Өңірлік чемпионатта – болашақ кәсіп иелерінің білік­тілігі 14 құзыреттілік бойынша анықталды.

Айтулы додаға Шыңғырлау кол­ леджінен жеті құзыреттілік бо­йынша сегіз студент қатысты. Об­ лыстық додада Шыңғырлау кол­леджі студенттері төрт бірдей жүл­ делі орындарды жеңіп алды. Атап айтатын болсақ, Айдар Орынбай (кірпіш қалау жұмысшы маман­дығы) I орын, Еламан Маратов (кірпіш қалау жұмысшы маман­дығы) II орын, Қайырбек Ахмет­жанов (сылақ және гипсокартон

Студенттеріміз – чемпионат жүлдегерлері

Жақында Оралда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Oral» өңірлік чемпионаты өтті. Байқау барысында болашақ маман иелерінің өздері оқып жатқан кәсіп түрлерін қаншалықты меңгергені сарапқа түсті. Бұл байқауда 102 үміткердің жұмысын еліміздің әр өңірінен келген 42 сарапшы бағалады.

жұмысшы мамандығы) II орын, жетекшісі өндірістік оқу шебері Айман Мирманова, Санжар Але­нов (дәнекерлеуші жұмысшы ма­мандығы) III орынды иеленді.

Жеңімпаз студенттер облыс әкімі орынбасарының атынан диплом, түрлі бағалы сыйлықтар­мен марапатталды. Байқау жеңім­ паздары осы сәуір айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады. Облысы­мыздың намысын кірпіш қалау ма­ мандығы бойынша колледж шә­кірті Айдар Орынбай қорғайды. Онда еліміздің 16 өңірінен 170 шебер сынға түседі.

С. ШЫНҒОЖИЕВА,Шыңғырлау колледжі

директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі

орынбасары

«Мансап күні»

Құтқарушылар ескертеді:Жеделсатыда қалып қойған жағдайда

не істеу керек?

• Алдымен жағдайды мұқият дұрыстап, ой елегінен өткізіп алу қажет. Тұрғын үйіңіздің жеделсатыға жауапты диспетчерінің, тұрғын үй төрағасының немесе жауапты адамның телефон нөмірін жазып алыңыз. Жеделсаты сы­нып қалған жағдайда телефон шалып, арнайы бригададан көмек күте аласыз.

• Екіншіден, диспетчерге хабарласа алмаған жағдайда, «112» жедел қызметіне телефон шалыңыз. Ал егер де қолыңызда телефон болмай қалған жағдайда, айқайлап дауыстаңыз. Өтіп бара жатқан адамдар ес­ тіп, көмекке келетініне сенімді болыңыз.

Жеделсатыда қалып қойған жағдайда не істеуге болмайды?

• Бірінші, үрейленуге. Үрей тудыратындай жағдай бола қойған жоқ. Технология сіздің жағдайыңыз ту­ралы басқаларға хабарлауға мүмкіндік береді. Егер маңызды мәселе бойынша асығыс болсаңыз немесе үйде қалдырған кішкентай балаңыз болса, мәселені телефон арқылы шешуге болады.

• Екіншіден, өз бетінше жеделсатыдан шығуға тырысуға болмайды. Жеделсатының өздігінен орнынан қозғалмайтынына сенімді болсаңыз да, оның есігін ашып, одан бірден шығып кетуге болмайды. Жеделсаты кез кел­ген уақытта орнынан қозғалуы мүмкін.

• Үшіншіден, секіру арқылы жеделсатыны өз орнынан қозғалтуға тырыспаңыз! Жарық өшкен жағдайда мұндай әрекетіңіз еш нәтиже бермейді. Ал жеделсаты сынған жағдайда сіздің секіргеніңіздің кесірінен оны орнында ұстап тұратын және оның еркін құлауын болдырмайтын жүйе біржола істен шығып, өміріңізге қа­ уіп­қатер төнуі әбден ықтимал.

qulaqqaǵys 13Сенбі, 21 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі

Қазіргі таңда көпқабатты үйлер көптеп салынуда. Мұндай баспаналарда жеделсатылар басты қажеттіліктердің біріне айналып отыр. Соңғы кездері адамдардың жеделсатыда қалып қою жағдайлары жиі орын алуда. 2017 жылы БҚО ТЖД жедел құтқару жасағына жеделсатыда қалып қойған адамдарды шығару жөнінде 57 хабарлама келіп түсті. Осындай жағдайлар барысында 130 адам құт­қарылды, оның 64­і – балалар.

Көбінесе жеделсатының тұрып қалуы, оны пайдала­ ну кезінде оның ішінде се­ кіру және басқа да тәртіп­ сіздіктерге жол беру салдарынан бо­ лады. Шамамен орта есеппен көп­ қабатты үйлердің жеделсатылары­ ның жүк көтеру шамасы 350­450 келі, бұл – 5­6 адамның салмағы. Бі­ рақ көп адамдар осыған назар ау­ дармай, шамадан тыс тиеледі де, же­ делсаты ырғақты жұмысынан жаңы­ лады. Көп адамдар мұндай жағдай­ да не істеу керек екенін білмейді.

Жеделсаты тоқтап қалған кезде одан өз бетінше шығуға талпынбау керек, бұл жағдайды тек нашарлатуы мүмкін. Жеделсаты ішінде ауа тар болғандықтан, онда шылым шегуге мүлдем болмайды.

Үрей туған жағдайда мәселені

Жоспарланбаған аялдама

Сейсенбі күні «Орал» сауда ойын­са­ уық кешенінде өткен өрт­тактикалық жат­тығуы да осындай тосыннан келген апат­қа кім­кімді де сақадай сай қарсы тұруға үндегендей. Бұл тактикалық жаттығу об­лыстық ТЖД­ға қарасты Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне аталмыш сауда кешенінің 4­қабатындағы ойын бөлмесінде өрт шықты деген хабар­лама бойынша басталды. Шартты жану аумағы 40 шаршы метрді құрады.

Кешенде дабыл қағылып, іште жүрген 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дабыл бойынша келіп жеткен өрт сөндірушілер ғимарат ішіндегі «өрт құрсауында» қалған адамдарды сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына табыс­тады. Өздерінің төтенше жағдай орын ал­ ғанда сауатты да шапшаң қимылдау қа­жеттігін білетін төтеншеліктер кәсіби әрі тактикалық шеберліктерін шыңдай түсті.

– Бұл жаттығуға біздің мекемеден 10 дана арнайы, негізгі және көмекші техни­

ка, жеке құрамнан 35 адам жұмылдырыл­ ды. Өрт сөндірушілермен бірге БҚО ТЖД­ның жедел­құтқару жасағы, жедел жәр­ дем қызметкерлері атсалысты. Мұндай оқу жаттығулар ҚР ІІМ ТЖК нұсқауымен ай сайын өткізіліп тұрады. Алдағы екі ай ішін­де сауда орындары мен білім беру меке­ мелерінде 108 өрт­тактикалық жаттығу өткізу жоспарланған. Бұл оқу­жаттығу біз­ дің Орал қаласындағы 25­тактикалық са­ бағымыз, – деді БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы, азамат­тық қорғау майоры Назарали Селимов.

Ал «Орал» сауда ойын­сауық кешенінің бас инженері Юрий Парфенов мұндай оқу­тактикалық жаттығу таңсық емес екенін айтады. Бас инженердің айтуынша, сауда ойын­сауық кешеніндегі 100­ге жуық сауда нүктесінде 150 шақты қызметкер жұмыс жасайды. Күніне 2000­дай адам келеді екен.

ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

Шеберліктерін шыңдады

Ресейдің Кемерово қаласында өртке оранған «Зимняя вишня» сауда ойын­сауық орталығы талайдың жүрегіне өшпес жара салып, жанын түршіктірді. Балалар ойын залы мен кино залдар орналасқан жоғарғы қабаттан басталған өрт құрсауында бейкүнә жандардың ажал құшуы талай отбасын қара жамыл-дырды. Бұл оқиға қашанда тілсіз жаумен санасу қажеттігін санасы сергек жанға мұқият ескерткендей. Біздің елімізде құзырлы мекеме басшылары қауіпсіздікті қатайту бағытындағы тиісті шараларды ширата түсті.

Сатылатын мүлікпен танысу 2018 жыл­ ғы 23 сәуір сағат 08.00­ден 14 мамыр сағат 12.00­ге дейін демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 08.00­ден 17.00­ге дейін (түскі үзіліс сағат 12.00­ден 13.30­ға дейін) жүргізіледі.

Активтің құны сатып алу­сату туралы ке­лісімшартқа қол қойылған кезден бастап 30 (отыз) күн ішінде 100% көлемінде төле­ ну қажет. Сатылатын мүлікті орналасқан жерінен алып кету сатып алушының есебінен жүргізіледі.

Тендерге қатысу үшін банктік кепілдеме түріндегі тапсырыстың қамтамасыздығын немесе лоттың құнының 5 (бес) пайызы мөлшеріндегі кепілдік төлем енгізу қажет. Тапсырыс қамтамасыздығы 2018 жылғы 14 мамыр сағат 17.30­ға дейінгі мерзімде ке­ лесі банктік шотқа енгізіледі: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік фи­ лиалы, БСН 020440001144, ЖСК KZ3860101 31000070072 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Сатылатын мүліктің тізімі, бастапқы бағасы, тендерді өткізу шарттары мен қа­ тысушыларға қойылатын басқа да талап­ тар тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тендерлік құжаттама көшірмелерінің па­кетін 2018 жылғы 14 мамыр сағат 12.00­ге дейінгі мерзімде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда күн са­ йын сағат 08.00­ден 17.00­ге дейін (түскі үзі­ ліс сағат 12.00­ден 13.30­ға дейін) келесі ме­кенжайдан алуға болады: Орал қаласы, Гага­

рин көшесі, 29­үй, 202­бөлме (2­қабат).Тендерге қатысушылар өкілдерінің тен­

дерлік құжаттама көшірмелерінің пакетін алуға, тендерлік тапсырыс беруге, сондай­ақ тендерлік тапсырыстар конверттерін ашуға қатысуға сенімхаты және жеке басын куә­ландыратын құжатының көшірмесі болуы керек.

Тендерлік құжаттама қатысушыларға те­гін беріледі.

Ашық тендерге қатысуға тапсырыстар конверттерге салынып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалына Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29­үй, 202­бөл­меге (2­қабат) жолданады.

Тендерлік тапсырыстарды берудің соңғы мерзімі 2018 жылғы 14 мамыр сағат 17.30­ға дейін.

Тендерге қатысу туралы тапсырыстар конверттері 2018 жылғы 15 мамыр сағат 15.00­де келесі мекенжайда ашылады: Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29­үй, конферен­ ция залы.

Қатысушылар, бұқаралық ақпарат құрал­дары мен олардың өкілдері тендерге қа­ тысу туралы тапсырыстар конверттерді ашу­ ға қатыса алады. Бұқаралық ақпарат құ­ралдарының өкілдерінде тендерлік комис­сия отырысына қатысуға сенімхаты болуы қажет.

Қосымша ақпаратты: 8 (7112) 28­41­39; 8 (7112) 28­42­71 және ішкі номер 3377 ар­қылы алуға болады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы келесі активтерді сату бойынша тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды

(индекс 090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29)

шешу мүмкін болмайтындықтан, адам ең алдымен өзін­өзі тыныштан­дыру керек. Егер кабинадағы дис­ петчердің шақырту батырмасы іс­тен шыққан жағдайда «112» нөміріне хабарласып, ең алдымен кабинада науқас немесе қарт адамдар, бала­ лар барлығын ескерту керек. Мұн­ дай шақыртуларға құтқарушылар күн сайын шығады және жедел түрде көмек көрсетеді.

– Оқиға орнына келісімен жағдай­ ды бағалап аламыз, кей жағдайда жеделсаты екі қабаттың ортасында тұрып қалып жатады. Біз топпен жұ­ мыс жасаймыз, бір құтқарушы жедел­ саты ішіндегі адамдармен әңгімеле­

сіп, тыныштандырады, ал қалғанда­ ры тұйық кеңістікте тыныс алу оңай болу үшін оның есігін 5­10 см­ге ашып қояды. Авариялық­құтқару құ­ралдары арқылы жеделсаты есігін ашып, адамдарды эвакуациялаймыз. Қажет болған жағдайда алғашқы кө­ мек көрсетіп, жедел жәрдем қызме­ тін шақырамыз, – деді №4 құтқару бөлімінің басшысы Нұрболат Жетпі­сов.

А. ҚОЖАНБАЕВА,БҚО ТЖД жедел құтқару

жасағының бас құтқарушысы

TaǵzyM14 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі

Еңбекпен өткен ғұмыр

Кезінде Ақ жайық өңірінде ілкімді істердің ізашары болып, ел назарында, халықтың ортасында жүрген, талай лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған, соның арқасында бұқараның ілтипатына бөленген осынау жанның есімін ел есінде қайта бір жаңғыртып қойғанның еш артықтығы болмас. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, тірісінде айтулы азамат болған оның туғанына жақында 110 жыл толады екен. Сонымен әңгіме арқауы – Медхат Батырұлы Дәулетжанов туралы.

Ең әуелі кезінде иық түйістіріп, қатар жүрген, сырлас, қатарлас болған

тұстастары ол туралы не дей­ді? Соған құлақ түрсек. Көзінің тірісінде Ақ Жайықтың айдарлы азаматтарының бірі болған, та­лай лауазымды қызметтердің тіз­ гінін ұстаған Бижан Тілешұлы Иманғалиев төмендегідей естелік қалдырыпты.

«1948 жылы Алматының мем­лекеттік заң институтын бітіріп, Батыс Қазақстан облысына сот жұмысына жолдандым. Сол бой­да Камен ауданының халықтық сотына жұмысқа тағайындалдым. Арада екі айдай мерзім өткенде аудандық партия комитеті мені уәкіл ретінде Шежін МТС­қа күз­гі жер жырту жұмыстарының барысын тексеруге жолдады. Ди­ректоры Медхат Батырұлымен кабинетінде алғаш рет сонда та­ныстым. Қасымда аудандық пар­тия комитетінің бөлім меңгеруші­сі бар, сапарымыздың мақсатын айттық. Медхат Батырұлы қазақ­ тың сөзімен айтқанда батыр тұл­ ғалы, денесіне сай асықпай қоз­ғалатын сабырлы жан екен. Сө­зімізді байыппен тыңдап алды. Сүдігер көтерудің барысы жайлы егжей­тегжей әңгімеледі. Былай­ ша айтқанда, бізді маңызды нау­ қанның қалай жүріп жатқан­ дығымен, арасында қиыншылық­тарды да жасырмай баяндады. Тап біз келердің алдында облыс­ тық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұнайдар Салинмен те­ лефон арқылы сөйлескенін, ол азаматқа да жұмыстың барысын егжей­тегжей баяндағанын біз­ ден бүгіп қалмады. Ал, екінші рет аудандық соттың ғимаратында кездестік. Медхат Батырұлы мені МТС­қа шақырып, жұмысшы ең­беккерлермен, қызметкерлермен кездесуімді өтінді. Олардың ал­дында еңбек тәртібін сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдала­ну жайлы әңгіме өткізуімді және еңбек тәртібін бұзған бірен­са­ран азаматтардың ісін қарап бе­руімді сұрады. Мұндай өтінішпен аудандық сотқа кез келген бас­шы келе бермейді. Көбісі «Жа­булы қазанды жабулы күйінде қалдыруға» тырысады. Ал, Медхат Батырұлы болса, еңбек тәртібін бұзушыларды ұжым алдында сот талқысына салып, басқаларға са­ бақ болсын деген принцип­ті ұстанса керек. Мұның әсері мықты болды. МТС­тағы еңбек тәртібіне біз кейін мүлдем қай­та айналып соққан жоқпыз. Өйт­кені, ондай жағдай туындаған жоқ. Сол күні жұмыс аяғында Медхат Батырұлы мені кешкі ас­ қа үйіне шақырды. Қазақтың қо­нақжайлығымен барлық ниетін салып қарсы алды. Жанұясымен жақын таныстым. Медхат Батыр­ұлы мені жатырқамай, мен де

оны жатсынбай біраз сырластық. Әңгіме барысында мен оның Ташкенттің жоғары оқу орнын бітіргенін білдім. Жан жары Қамаш та қонақжай, қабағы ашық жан екен. Дәулетжановтармен менің таныстығым осылай басталып, кейін жақсы қарым­қатынасқа ұласты. Қамаш екеуінің тәрбие­леп өсірген үш ұл, үш қызы да халық алдында қалтқысыз қызмет атқарған қалаулы жандар болғаны мені қуантады», – депті Бижан аға­мыз 2011 жылы 6 маусымда жа­зып қалдырған естелігінде.

Енді, Медхат Дәулетжановтың фәнилік ғұмыр жолына, атқарған қызметтеріне шолу жасап көрсек. Ол 1908 жылы сол кезде Жымпи­

қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүреді. Сол кезде бәл­ ки, кейін бүкіл ғұмырына азық болатын көшбасшылық қасиет қа­лыптасқан шығар?! Әйтеуір, қалай болғанда да Орынборда оқыған жылдар жас жігіттің болашағына үлкен жол салып, көңіл көкжиегін кеңейткені даусыз. Сонау Ақба­қайдан білімге шөлдеп келген жас жігіт техникумда да үздік оқиды. Озат үлгеріммен оқуын 1929 жылы бітіреді. «Енді елге қайтып, жұмыс істеуім керек» деп жиналып жүргенде Қазкрайкомға шұғыл шақыртылады. Ондағылар да мұның құжаттарымен ал­дын ала танысып қойса керек, мәселені қабырғасынан қойып: –

сайлы маманды қуана қарсы алып, сол бойда Ілбішін ауданының (қазіргі Ақжайық) Волошин МТС­қа агрономдық қызметке тағайын­дайды. Араға бір жыл салып, ау­дандық атқару комитетінің шеші­ мімен аудандық жер бөлімінің бас агрономы етіп қояды. Одан әрі жас маман сол кездегі пар­ тия қайда жұмсаса, сол жерден табылып, барған жерінде ылғи да абыройлы болған. Өзіне тап­сырылған міндеттер мен тапсыр­маларды жеріне жеткізіп орын­ дауы арқасында мақтау­мара­ паттан да кенде болмапты. Қыз­ мет сатысымен тек жоғарылап отырған. 1938 жылы тамыз айы­нан бастап, облыстық атқару ко­митетінің қаулысымен облыстық жер бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымына бекіті­леді. Медхат Дәулетжанов бұл қызметін алты жыл абыроймен атқарыпты. Соның арқасы шығар, кейін облыстық партия коми­теті өзінің бюросының арнайы қаулысымен оны облыстық жер бөлімінің бастығы етіп тағайын­дайды. Ол кезде жер бөлімі деп аталғанмен бұл өте үлкен, экономикалық маңызы зор, жа­уапкершілігі батпандай мекеме. Өйткені, оған тек жер ғана емес, облыстың бүкіл ауыл шар­уашылығы саласы түгел қарай­ды. Міне, осы қызметте жүріп, ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. Бұл орден негізі­ нен әскери награда болғандық­тан, әскери ерлігі үшін беріледі. Арнайы бронмен тылда қалды­рылған Дәулетжановқа аталмыш әскери марапат сол тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін берілге­ ні даусыз. Бұдан басқа да алған медальдары мен Құрмет грамота­лары өз алдына бір төбе.

Алға озыңқырап айтсақ, аза­маттың әлі талай лауазымды қыз­ меттерді атқарып, халық алдын­дағы абыройы аспандай беруі кәміл еді. Бірақ оған денсаулығы мүмкіндік бермейді. Соған бай­ланысты 1947 жылы Медхат Ба­ тырұлы өз еркімен Сүттіген МТС­на саяси бөлім бастығының орын­басары қызметіне барады. Одан әрі яғни араға бір жыл салып, облыстық партия комитеті Дәу­летжановты Шежін МТС­на ди­ректор етіп жолдайды. Соғыстан кейінгі жылдар болғандықтан, Шежін де облыстағы ең арт­та қалған ауылдардың бірі еді. Адамдары кедейшілікте тұрмыс кешіп жатты. Ең алдымен ауыл­да мал мен егін шаруашылығын өркендету, материалдық­техника­ лық базаны нығайту, дәнді да­қылдар алқаптарын ұлғайту, ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағ­ дайын жақсарту сынды кезек күттірмейтін міндеттер тұрды. Көп­ теген ер­азаматтар соғыстан орал­мағандықтан, жұмыс қолы жетіс­

пейтін. Міне, осы қиындықтардың бәрін жеңу Медхат Дәулетжановқа жүктелген еді. Өзі де нар тұлғалы азаматқа нардың жүгінен де ауыр жүк артылды. Айта кету ке­рек, атпал азамат ол ауырлықты қайыспай көтерді. Ауылдың ажа­ ры біртіндеп кіре бастады. Алғаш рет ауылда электр жарығы жар­қырады. Мал басы өсті, егістік ал­ қабы ұлғайды. Соған орай ең­беккерлердің тұрмыстары да тү­ зелді. Дәулетжанов басқарған МТС облыста таңдаулылардың көшін бастады. Содан бері жарты ға­сырдан астам уақыт өтіп кетсе де, Дәулетжановты көре қалған, жұ­мыстас болған көнекөздер Тасқа­ ла өңірінде (Шежінде) құдайға шү­ кір, әлі бар. «Азамат еді ғой, Ме­декең!» – деп әлі күнге әңгімелеп отырады.

Тіпті, алысқа бармай­ақ, оны білетіндерді осы Орал қаласы­ нан да кездестіруге болады. Дәу­ летжановтың сол бір жұлдызды жылдары туралы қазір ортамызда жүрген қадірменді ақсақал, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР­нің еңбек сіңірген құрылыс­шысы, Орал қаласының құрметті азаматы Сафин Хамза ағамыз бы­лай деп еске алады: – Мен сонау 50­ші жылдарда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының күрделі құрылыс бөлімін басқара жүріп, МТС директоры болып жүрген Медхат ағаймен талай кездестім. Ол кісінің адамдармен жұмыс істеу тәсілі бөлек еді. Өз алдына бір мектеп еді. Мен ол ағамнан көп нәрсе үйрендім. Мен ол кезде 30­ға да толмаған жас едім. Ал, МТС­қа басшылыққа ол жылдарда ең таңдаулы адамдар­ ды, өздерін жақсы жағынан көр­сеткен тәжірибелі ұйымдастыру­шыларды тағайындайтын. Медхат ағай да сол сүзгіден, сол таңдау­дан өтіп барған басшылардың бірі еді. Шежіннің МТС­ін 7 жыл басқарғанда Медхат ағамыз оны облыстың таңдаулы шаруашылық­ тарының біріне айналдырды. Со­циалистік жарыстың алдынан кө­рініп, облыста абыройға бөленді. Мен үшін Медхат Батырұлы та­лантты басшы, мәдениеті биік, ой­өрісі кең, беделді азамат ретінде есімнен кетпейді.

* * *Иә, осынау жосын жан небәрі

53 жыл ғұмыр кешіпті. Әлі талай биіктерден көрінетін жұлдызды сәттері алда абзал азаматқа тағдыр ең болмаса зейнет жасына жетуді жазбапты. Көңілге медеті соңында халқы айта жүрер еңбегі қалды, ұрпақ көшін жалғастырар Тамара, Сәния, Серік, Баян, Болат және Аманкелді сынды алты перзенті қалды. Олар да өмірден өз орын­дарын тауып, әке салған ізбен елі­не, халқына қалтқысыз қызмет етті. Бірқатары зейнеткер, бірқатары әлі сапта. Сәния атты жоғары білімді дәрігер қызы ұзақ жылдар бойы Шыңғырлаудың денсаулық саласында еңбек етті. Сапалы қызметі үшін облыс халқы оны 1972 жылы Қазақ КССР Жоғарғы кеңесіне депутат етіп сайлады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осы ғой...

Ал, Медхат ағамыздың ең кен­ жесі Аманкелді – әке жолын жал­ ғастырып, жоғары лауазымды қыз­ меттер атқарып жүрген Ақ Жайық­тың белгілі азаматтарының бірі. «Ат тұяғын тай басар» деген де осы ғой...

Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,«Орал өңірі»

ты қисымына қараған Ақбақай жерінде (қазір Қаратөбе жерінде) дүние есігін ашыпты. Айтпақшы, Медхаттың әкесі Батыр қазақтың қадірменді ұлы әрі мақтанышы, Дума депутаты, заңгер Бақытжан Қаратаевпен бірге туған. Бәлки, тым жас болса да, Бақытжандай заңғар адамды көре қалғаны бар, оқыған адамның жерде қал­ майтынын ерте түйсінгені шығар, құйттай күнінен оқимын деп тал­ пыныпты. Бірақ Медхаттың жасы 11­ге толар­толмаста әкесі қайтыс болып, анасы екеуі қалады. Қа­зақ жетімін жылатпаған, жатқа жалтақтатпаған. Медхатты ағасы Мұхтар өзінің қамқорлығына ала­ды. Әкесінің орнын жоқтатпауға барын салған Мұхтар жас бала­ның оқимын деген арманына қар­ сы болмайды. Қайта қолдап, мүм­кіндігінше көмектесіп отырады. Сөйтіп, 15 жасында Ақбақайдан арман арқалап аттанған жас өрен 1923 жылы Орынборға сапарлап, жасөспірімдер мектебіне оқуға қабылданады. Мұнда екі жыл жақсы үлгеріммен оқып бітіріп, 1925 жылы сол Орынбордағы мал дәрігерлік­зоотехникалық техни­ кумға оқуға түседі. Мұнда да са­баққа алғыр болған жасөспірім

«Ташкентке оқуға барасың!» – дей­ді. Сөйтіп, жас жігіт 1930 жылы қаңтар айынан бастап, арнайы жолдамамен Ташкенттің ауыл шар­ уашылығы институтының агро­номия факультетіне оқуға қабыл­данады. Мұндағы оқуында да студенттердің алды болып, бар­ лық пәндерді тек «5»­ке оқыпты. Агроном­жоспарлаушы маманды­ ғы бойынша диплом алғаннан кейінгі алғашқы еңбек жолы Шым­кент қаласындағы «Қазтрактор» орталығында басталады. Мұнда да жас маман өз міндеті мен жұмысына адал қарайтындығы­ мен басшыларының бірден наза­ рына ілігеді. Жаңа ортаға жа­тырқамай үйреніп кетеді. Алай­ да, Медхат Батырұлының бір бүйі­рінде туған жерге деген сағы­ ныш ылғи бұғып жатыпты. Оның үстіне, жас күнінде оқимын деп, аш­жалаңаш шет жақта жүргенін­ де көрген қиыншылықтары да денсаулығына әсер етпей қал­мапты. Шымкенттің ми қайнатар ыстығы денсаулығындағы кінә­ратты асқындырып жіберуі мүм­ кін екен. Сондықтан үйренісіп қалған ортамен қимай­қимай қош­тасып, елге, Ақ Жайыққа маңдай түзейді. Мұндағылар оқу­тоқуы

hAbAR-oshAR 15Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 54-18-08, 24-17-08.

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай-даланылмаған хат авторларына жауап қай-тарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жария-ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады.

белгісімен жарияланған материалдар ақы-лы болып есептеледі.

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

Е-mail: [email protected]

Телефондар:

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Осы нөмірдің таралымы: 14 262, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: Г. әжІГЕРЕЕвА

А

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИНРедакция алқасы: Сырымбек ТҰяҚОВ, Сәкен ӘБіЛхАЛЫҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕВ (экономика бөлімі).

Oral óńіrіOral óńіrі

Қаратөбе ауданы Шөпті­көл ауылының тұрғындары болған, бірімізге ардақты да асқар таудай әкеміз бен мейірімді де аяулы анамыз, бірімізге сыйлы құда­құда­ ғайымыз, немере­жиендері­нің сүйікті ата­әжесі болған Алпысбай Оржанов пен Нұржамал Бисенғалиева­ ны сағынышпен еске ала­ мыз. Өмірдің қатал заңы қамқор әкеміз бен шуағы мол анамызды, сыйлы да қадірлі құда­құдағайымызды арамыздан ерте әкетті. 23 сә­ уір күні әкеміздің дүниеден озғанына 5 жыл болса, аяулы анамыз ортамызда болса, 23 сәуір күні мерейлі 70 жасқа толар еді. Тағдыр ісіне не шара?! Аяулы әке­шешеміздің мейірімді бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жатқан жерлері жарық, топырағы торқа, жандары жәннатта болсын.

Сүйікті әке­шеше ақ жүзіңді сағынамыз,Амал не, Алланың дегеніне бағынамыз.Ұрпақтарың өсіп­өніп келе жатыр,Рухтарыңа дұға оқимыз еске аламыз.

Өзегіміз өртеніп, жүрегіміз тулайды,Көңіліміз әлі сіздерді қара жерге қимайды.Өмір мәнсіз, дүние бос боп қалды өздеріңсіз,Арамызда жоқтығыңыз жанымызды қинайды.

Сағынышпен еске алушылар: ұл­қыздары, күйеу бала­келіндері, құда­құдағайлары, немере­жиендері

және барлық тума­туыстары

Жарамсыз деп танылсынЕсбол Ерболович Сакауовтың атына Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі №2 Қазталов аудан­

дық сотымен 10. 02. 2017 жылы берілген №2­322 қызметтік куәлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп та­ нылсын.

Ақжайық ауданы Базаршолан ауылының тұрғыны болған ардақты анамыз Ғалия Нұртазақызы Шекейдің бақилық болға­нына 10 жыл өтіпті. Ұрпағына жан шуағын төгіп, мейіріммен қарайтын асыл анамыз­ды сағынышпен еске аламыз.

Жаның жомарт, жақсылыққа жаршы едің,Жылдар өтті, еске алады барша елің.Нұр жүзіңді жүрегінде сақтайтын,Ұмытпайтын ұрпақтарың бар сенің.

Сағына еске алушылар: балалары, немерелері мен жиендері

Қазталов ауданының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Ғалым Темірболатұлы Мыңжасаров арамызда болса, 26 сәуір күні 54 жасқа толар еді.

Келместің мініп кеттің кемесіне,Зәру боп жүрміз біздер кеңесіңе.Орының ойсырап тұр біздер үшін,Бола ма жалған ғұмыр демесіңе.

Сағына еске алушылар: зайыбы Сәруә, баласы Оралхан, қыздары Лунара, Назым,

қыз­күйеу балалары Алмат­Ботагөз, Ернат­Ақтоты

Жолаушылардың және багаждың тұрақты ішкі су көлігімен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғалар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде су көлік құралдарын иеленуші кез келген тұлға­ лар қатысуға құқылы.

4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер “Орал қаласы­ның жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ­ға конкурсқа қатысуға өтінім беру, жазбаша өтінімді Орал қаласы Некрасов көшесі, 30/1 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.

5. Конкурсқа қатысуға өтінім беру соңғы мерзімі 2018 жылғы 23 сәуір сағат 18.00­ге дейін.

6. Анықтама алу телефоны: 50­04­02 (жолаушы көлігі сек­торы).

“Орал қаласының ЖКжАЖБ” ММ

Маршруттар лоттың нөмірі

Марш. нөмірі Су маршруттары

1 1 Орал – Учужный затон

2 2 Орал – Барбастау

1. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылғы 24 сәуірде сағат 15.00­де Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 мекенжайында жолаушыларды және багажды ішкі су көлігімен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арнал­ ған конкурс өтетіні туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа келесі маршруттар пакеті ұсынылады (маршруттар):

Тарихы тереңде жатқан Ақ Жа­ йық өңірінің мәдениеті мен өне­ рі бүгінгі күнде де өзінің аймақ­тық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сәйкес дамып келеді. Осы саланың өркендеуі­не елеулі үлес қосқан Мақсот Константинұлының есімін үлкен құрметпен атауға болады.

Мәдениет саласында көпте­ ген лауазымды қызмет атқарған оның бойындағы ерекше қасиеті­ нің бірі – өз қызметіне деген адалдық. Ол бастаған әр істі үл­

Үлкен жүректі азамат еді...Батыс Қазақстан

облысының мәдениет саласындағы биік тұлғаның бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсот Омарғалиевтің дүниеден өткеніне, міне, бір жыл болды.

кен жауапкершілікпен атқарып, өзіне, әріптестеріне және қол ас­тындағы қызметкерлерге қатаң талап қоя білетін басшы болды. Сондай ұйымшылдықтың арқа­ сында облыс өнерпаздары көп же­ тістікке жетті, еліміздің ғана емес,

алыс­жақын шетелдердің сахна­ ларында қазақ өнерін паш етті.

Мақсот Константинұлы өмірінің соңғы күніне дейін өңірдің мәде­ниет саласынан, ондағы қайнап жатқан жұмыстардан қол үзген жоқ. Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында көр­ кемдік жетекші қызметін абы­роймен атқарды.

Мәдениет майталманы Мақсот ағамыз тірі болса, облыс мәде­ниетіне қосар үлесі, атқаратын игі істері, осы саладағы жастарға үй­ретер өнегесі де көп болар еді.

Мақсот Омарғалиев қашанда әріптестерінің, шәкірттерінің, оның өнерін құрметтейтін барша қауымның есінде қалары анық.

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония

ұжымы

Түзету!

Газетіміздің 17 сәуір күнгі №42 санында жарияланған «Қыркүйек­ те барлық мектеп электронды күнделікке көшеді» тақыры­ бындағы материалда тәжірибесі аз, жас тілшінің кінәсінен қателікке жол берілген. Соған байланысты редакция оқырмандардан кеші­ рім сұрай отырып, осы материалдағы «...дарынды балаларға ар­ налған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 об­ лыстық қазақ мектеп­интернат кешенінде...» деген сөйлемнің «дарынды балаларға арналған Батыс Қазақстан маманданды­рылған мектеп­интернат кешенінде...» деп оқылуын өтінеді.

Кеңес Одағының Батыры Михаил (Бимағанбет) Абдоловтың 100 жылдығына орай асық атудан Ақжайық ауданында біріншілік өтті.

«Жігер» спорт клубының ұйым­дастырумен өткен жарысқа ауыл­дық округ құрама командалары мен мекеме қызметкерлері бел­сене қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер мен әйелдер ара­сында да аудан орталығындағы М. Әуезов атындағы орта мектеп командасы үздік деп танылып, І орынды жеңіп алды. Абай атын­

дағы мектеп­гимназия команда­ сы ІІ орынды иеленсе, аудандық балалар шығармашылығы орта­лығы командасы ІІІ орынды қана­ ғат тұтты.

Нарынбай МОЛДАШЕВ,«Жігер» спорт клубының

әдіскері,Ақжайық ауданы

Асық атудан сайысты

keRýen sARAı16 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл

Құттықтаймыз!Жәнібек ауданының тұрғыны Қалел

Салықұлы ДҮЙСЕНҒАЛИЕВТі 21 сәуір күні толған мерейлі 65 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

65 деген құтты болсын жасыңыз,Ден сау болып, аман болсын басыңыз,Асқар тау боп, ақылшы боп баршаға,Сыйлы болып, 100­ден де әрі асыңыз.

ізгі тілекпен: зайыбыңыз Светлана, бала­келіндеріңіз, қыз­күйеу балаларыңыз, немере­

жиендеріңіз

Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғыны, шаңырағымыздың тірегі, адал жар, ұл­қыздарының ұлағатты да қадірлі әкесі, немере­жиендерінің сүйікті де мейі­рімді атасы Мақсот Бәриұлы КУШАЕВ-ТЫ 22 сәуір күні 61 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Әкемізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Алдымызда ақылшы болып аман­есен жүре беріңіздер. Анамыз екеуіңіз жапы­ рағын жайған бәйтеректей ұл­қыздары­

ңыздың, немере­жиендеріңіздің қызығын көре беріңіздер.

Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,Өздеріңізді балаларыңыз арқаласын.Жасыңызға дәл осындай жас қосылып,Көңіліңіз дариядай жарқырасын.

Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,Таси берсін әманда ырысыңыз.Немереңнің келіні сәлем етіп,Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.

Игі тілекпен: зайыбыңыз Орынша, балаларыңыз Азамат­Айгүл, Тұралбек­Әсел, Ернұр­Айнұр, ізімғали­Гүлмира,

немере­жиендеріңіз Мақсат, Бекзат, Рахман, Рахим, Абдолла

Оралдағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде осы оқу орнының 3­курс студенті, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, қобызшы Гүлім Атошеваның жеке концерті өтті.

Гүлімнің кеші

Кеште сөз алған колледж оқы­тушысы Жәмила Нұрымбетованың айтуынша, оның шәкірті жақында Астана қаласында екі жылда бір өтетін колледж студенттері ара­ сындағы республикалық байқау­ да I орынды жеңіп алған. Бұған дейін де Чехия, Болгария және Германия елдерінде өткен халық­аралық конкурстардың лауреаты атанған жас талант бүгінде өңірі­ міздің мақтанышына айналып үл­герген. Шарада жас өнерпаз Ә. Ал­ пысбаевтың «Кең өлкем» мен А. Жайымовтың «Ереуіл атқа ер

салмай», скрипкада М. Сағатовтың «Күй», Е. Брусиловскийдің «Бозай­ғыр» сюитасынан романс және сол сияқты 15 шығарманы жеке қобызда нақышына келтіре орын­дады. Оны оқу орнындағы сту­денттік халық аспаптар оркестрі сүйемелдеп отырды. Мамандар­ дың сөзіне қарағанда, Гүлім, әсі­ресе, Пабло де Сарасатенің «Фауст» атты күрделі шығармасын жоғары деңгейде орындайды.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

Oral óńіrіOral óńіrі

халықаралық құстар күніне арналған «Құстар – біздің досымыз» атты байқау Орал қаласындағы оқушылар сарайында өз мәресіне жетті.

Орал қаласында ерлер арасында Қазақстанның командалық чемпионаты мәреге жетті.

Бес күнге созылған жарысқа еліміздің сегіз облысынан коман­далар құрамында елуден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың арасында талай дода­да оза шауып, бәйге алған 1 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 11 спорт шебері болды.

Тартысқа толы ақыл­ой дода­ сының қорытындысында жалпы­командалық есепте Павлодар об­ лысының тоғызқұмалақ шеберле­ рі бірінші орынды жеңіп алды. Қы­

зылордалықтар екінші, оңтүстік­қазақстандықтар үшінші орынға көтерілді.

Жарыстың жабылу рәсімінде тоғызқұмалақтан ҚР бас жаттық­тырушысы Айнұр Жақапбаева мен БҚО тоғызқұмалақ федерациясы­ның атқарушы директоры, БҚО құ­рамасының аға жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімов жеңімпаз­жүлдегерлерге диплом, кубоктар табыс етті.

Жарыстың бас төрешісі Д. Әбді­ кәрімовтің айтуынша, «Рухани жаң­ ғыру» бағдарламасы аясында ұлт­ тық спорт түрін қолдау мақсатын­да ұйымдастырылған жарыста бә­ секелестік жоғары болды. Бір атап өтетін жайт, чемпион атанған то­

Жарыс тартысты өтті

«Құстар – біздің досымыз»Halyqaralyq qustar kunine arnalgan «Qustar –bizdin

dosymyz» atty baıqay Oral qalasyndagy oqyshylar saraıynda oz maresine jetti.

– Sharaga barlyq aydan men qala mektepterinen talantty jas orendermen qosa pedagogtar da qatysty. «Zerttey jobalary», «Jas tilshi», «Anshi qus» jane «Adistemelik jumystary» atalymy boıynsha 75 oqyshy saıysqa tusti. «Zerttey jobasynda» oqyshylar osy kezge deıingi qustar tyraly zerttegen jumystaryn qorgap shyqty. Baıqayga 15 joba qatysty. Ar qorgayshyga bes mınyttan yaqyt berildi. «Jas tilshi» atalymynda bugingi kunge deıin qustar tyraly respyblıkalyq nemese oblystyq gazet-jyrnaldarga shyqqan maqalalaryn usyndy. «Anshi qus» boliminde qustar tyraly kompozıtorlardyn jazgan anderin oryndady. «Adistemelik jumystar» kezeninde mugalimder ozderinin otkizgen tarbıe sagattaryn adilqazylardyn aldynda arkim oz dengeıinde qorgap shyqty. Bundaı baıqay onirimizde birinshi ret otkizilip otyr, – deıdi oblystyq ekologıalyq-bıologıalyq ortalygy dırektorynyn orynbasary Guljaına Nuralıeva.

Saıystyn natıjesinde «Zerttey jobalary» boıynsha Janerke Matysheva (Syrym aydany, Buldyrty ayyly), «Anshi qus» atalymynan Jansayle Sısenbaeva (Qaratobe aydany, Qaldygaıty JOBBM), «Adistemelik jumystar» atalymy boıynsha E. Osınovskaıa (Zelenov aydany, Darıan ayyly JOBBM) birinshi oryndy jenip aldy. «Jas tilshi» atalymy boıynsha birinshi orynga laıyqty umitker bolmady. Saıys jenimpazdary men juldegerleri dıplomdarmen marapattaldy.

Temirbolat TOQMAMBETOV,«Oral oniri»

– Шараға барлық аудан мен қала мектептерінен талантты жас өрендермен қоса педагогтар да қатысты. «Зерттеу жобалары», «Жас тілші», «Әнші құс» және «Әдістемелік жұмыстары» аталы­мы бойынша 75 оқушы сайысқа түсті. «Зерттеу жобасында» оқу­шылар осы кезге дейінгі құстар туралы зерттеген жұмыстарын қорғап шықты. Байқауға 15 жоба қатысты. Әр қорғаушыға бес ми­нуттан уақыт берілді. «Жас тілші» аталымында бүгінгі күнге дейін құстар туралы республикалық не­месе облыстық газет­журналдарға шыққан мақалаларын ұсынды. «Әнші құс» бөлімінде құстар ту­ралы композиторлардың жазған әндерін орындады. «Әдістемелік жұмыстар» кезеңінде мұғалімдер өздерінің өткізген тәрбие сағат­

тарын әділқазылардың алдында әркім өз деңгейінде қорғап шықты. Бұндай байқау өңірімізде бірінші рет өткізіліп отыр, – дейді облыс­тық экологиялық­биологиялық ор­талығы директорының орынбаса­ры Гүлжайна Нұралиева.

Сайыстың нәтижесінде «Зерттеу жобалары» бойынша Жанерке Ма­тышева (Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы), «Әнші құс» аталымынан Жансәуле Сисенбаева (Қаратөбе

ауданы, Қалдығайты ЖОББМ), «Әдістемелік жұмыстар» аталымы бойынша Е. Осиновская (Зеленов ауданы, Дариян ауылы ЖОББМ) бірінші орынды жеңіп алды. «Жас тілші» аталымы бойынша бірін­ші орынға лайықты үміткер бол­мады. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен ма­рапатталды.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ,«Орал өңірі»

ғызқұмалақшылар спорт шебері атағына ие болады.

Елжан ЕРАЛЫ