45minutkz.files.wordpress.com€¦  · web viewМаксимова М.Кузьмина...

11
Салтанат Уразқызы Досаева Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы Сабақтың тақырыбы: Кестелер әлемі. Тышқан ізі. Жоспар: 1. Қол кестесінің түрлері 2. Керекті құрал-жабдықтар 3. Кеңестер 4. Тышқан ізі 5. Үлгі 6. Пайдаланған әдебиеттер Адамдар тұрмыс халдерінің үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени - тұрмыстық тілектері де өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімін қазіргі сән үлгісімен сәйкестендіре отырып, адам өзінің талғампаздығын, қайталанбас әсемдік ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне осындай өнердің бірі "кесте тігу" өнері. Кесте – қазақтың қолданбалы өнерінде кеңінен тараған және ең сүйікті түрлерінің бірі. Кестелеу (өрнек салу) - мата бетіне әшекей өрнек салу. Кестелеуге кез келген маталар және әр түрлі жіптер (мулине, жүн жіп, жібек жіп, синтетикалық жіп) пайдаланылады. Тор тігіс Айқас тігіс Таңдай тігіс Тышқан із Көркем тігіс Қабырға тігіс тігісі Түйін тігіс Жіп салып тігу Жұлдызша тігіс Моншақ кесте Әредік кесте Біз кесте

Upload: others

Post on 18-Jun-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

Салтанат Уразқызы ДосаеваҒани Мұратбаев атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі

Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы

Сабақтың тақырыбы: Кестелер әлемі. Тышқан ізі.

Жоспар:

1. Қол кестесінің түрлері2. Керекті құрал-жабдықтар3. Кеңестер4. Тышқан ізі5. Үлгі6. Пайдаланған әдебиеттер

Адамдар тұрмыс халдерінің үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени - тұрмыстық тілектері де өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімін қазіргі сән үлгісімен сәйкестендіре отырып, адам өзінің талғампаздығын, қайталанбас әсемдік ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне осындай өнердің бірі "кесте тігу" өнері. Кесте – қазақтың қолданбалы өнерінде кеңінен тараған және ең сүйікті түрлерінің бірі. Кестелеу (өрнек салу) - мата бетіне әшекей өрнек салу. Кестелеуге кез келген маталар және әр түрлі жіптер(мулине, жүн жіп, жібек жіп, синтетикалық жіп) пайдаланылады.

Тор тігіс Айқас тігіс Таңдай тігіс

Тышқан із Көркем тігіс Қабырға тігіс тігісі

Түйін тігіс Жіп салып тігу Жұлдызша тігіс

Моншақ кесте Әредік кесте Біз кесте

Айқас кесте Кесте Баспа кесте

Оюластырған кесте

Керекті құрал-жабдықтар

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

Кестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет.

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

Кеңестер

Кестелеу кезінде жіпті түйіншектеуге болмайды.

Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға бекіту тәсілдері:

бірінші тәсіл - инені бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап алу керек, ол жер артынан кестемен жабылып кететіндей болуы тиіс;

екінші тәсіл - инені бір рет шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет ине шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын қиып тастап, оның үстін кестемен бастырады;

үшінші тәсіл - екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарып, жіпті ақырына дейін тартпай, инені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған ұшын бастыра тартады.

Кестені бітірер кезде кестелеп отырған жіпті жиі шаншып, суреттің астына жіберіледі.

Солардың бірі тышқан ізі.Тышқан ізі- кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз.Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді.Тігілу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді

біріне-бірі тіркесе тігіледі.Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді.Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды.Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.Тышқан ізі шығыстың елдерінде, ежелгі Греция және Римының шеберлер 2 мың жыл бұрын жасады.Тышқан ізін әр жерде әртүрлі айтылады мысалға "қатар", "күрделі тамбур", "петля". Тышқан із тігісі – тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір – біріне тіркесе тігіледі.«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

Тышқан ізінің орындалуы

№п./п.

Жұмыстың жасалу жолы Сурет

1. Екі рет қабатталған жіпті инеге кіргізу.1.

2. Жұмыстың басында жіпті түйіншектеу. Егер екі рет қабатталған жіппен тіксе, ондай түйіншектің басы

тышқан іздің бірінші тігісі болады.

3. Сабақталған инені өрнектің сол жағынан өткізу.

4. Жіпті бас бармақпен басып ұстап,инені ішке қарай өткізу. Инені- жіпке қабаттау. Инені матаның беткі

жағына өткізу, жіп иненің астында қалуы керек. Саусақтан жіпті босатып,тарту керек.

5. Келесі тігісті иненің ұшы жіп шыққан нүктеге дәл кіретіндей қылып орындау керек.

6. Осы бағытпен бірнешеуін тігіңіз.

7. Үстіде көрсетілген бағыттардай,кішкентай көлемді тігіңіз.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

8. Жұмыстың соңында жіпті түйіншектеңіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

Барнден Б.Вышивка. Энциклопедия. М.Ниола 21 век,2006 Қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері Шыңжаң халық баспасы 2006 Максимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001

М.Сорокин Қырғыз оймолору Чиотти Д.Польный курс вышивки М.Ниола-пресс 2007

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

Досаева Салтанат УразқызыҒани Мұратбаев атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі

Жұмыскер ауылы, Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Мережка кестесі Өткерме тігісті кесте.Кестенің бұл түріне мережкалар жатады.Мережка кергіште 40, 50, 60, 80, нөмірлі арбағаш жіптермен солдан оңға қарай тігіледі.Мережка өзалдына жеке бір кесте болып қана қоймайды, сонымен бірге басқа кестелерді де толықтырып отырады. Мережканың алғашқы тігісін түміру үшін инені келесі діңгектің жіптерінің арасынан өткізіп, мережканың 2-3 жіпті аттап материалға шаншу керек. Сосын кесте тігетін жіпті оңнан солға қарай ілмек етіп салып, мережканың 4 жібін іліп алады. Егеркестелейтін бұйымның шетін мережкамен адептейтін болса оны тегіс етіп қиып алу керек. Ол үшін матаның шетінен алғашқы тұтас жіпті суырып алу керек те, соның ізімен матаны кесу қажет. Сосын тігістің енін анықтайды. Егер оның ені 2 см болатын болса онда мережканың жібін суыруды тігіске орын қалдыра отырып, шетінен 4,5 см аралықтан бастау керек. Салфетканы немесе дастарқанды кестелеген кезде матаның 4 жағынан бір-бір жіптен суырып алады да ол ушін дастарқаннның қарама –қарсы екі бұрышынан инені шаншып тесік жасайды да, оны тесіктің түскен жерінен арқаудың бір жібін қияды. Қиылған жіпті еппен суырып олардың қиылысатын келесі бұрышынан тағы қияды. Сосын матаның барлық төрт жағынан мережканың еніне байланысты тағыда 3-4 жіптен суырады.Кесте тігілетін жіптің жүрісі суреттерде көрсетілген.Қарапайым мережкаларға діңгектер «жучок», «панка», және арқау өткізу арқылы жасалатын мережкалар жатады.Ұзынынан, көлденеңінен суырылған жіптердің қиылысқан жерінде пайда болатын бос шаршыларға «өрмекші» өрнегін салады. «Діңгек мережкасы».Матаның 3-4жібін суыру керек.Кесте тігетін жіпті жібі суырылған жердің сол жағынан 2-3 жіп төмен бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарады да, осы жіппен матаның теріс жағынан тігінен жатқан 3-4жіпті алу керек. Оларды оңнан солға қарай бір орап алып инені екінші тігіс түсіру үшін астынан үстіне қарай мережканың жетінен 2-3жіп төмен шаншу керек.

Мережка «жучок». Алдымен діңгек мережкасы жасап алады.Сосын жіппен мережканың ортасына 3 діңгекті қосып, белін буады.Ол былай жасалады: жіп үш діңгектің астынан өтіп қайтар жолында оларды орап алады.Келесі 3діңгекті де осылайша орап белінен буады. 3діңгектің орнына 2діңгектен буса да болады.

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

Мережка «панка». Жалпақ мережканың ортасына суырылмаған 3-4жіп қалдыру керек.Жіп алғашқы тігіспен жаңағы суырылмай қалған жіптерді төменнен жоғары қарай үстінен баса отырып оларды астымен қиғаштап төмен түсіп матаның оң жақ бетіне шығады да алғашқы тігіс басталған жеріне қайтып оралады, яғни көлденеңінен оңынан солға қарай жүреді.Сосын, жоғарыға қиғаштай жүре отырып, онымен жіптің төменгі бөлігін тартып отырады.Жіпті оңынан солға қарай қиғаштап төмен түсіру керек.Осы мережканың негізінде басқада бір қатар, күрделі мережкаларды тігуге болады. 2қатар панканың арасында қалған матаның жібін басқа түсті жіппен өріп жіберуге болады.2қатардың арасында жалпақ жер қалса онда ол жерге тігінен түрлі кесте тігуге болады.

Мережка «полотнянка».Панканың үстіңгіқатарын тігіп болып,астыңғы қатарын тігугекірісіңіз,бір мезгілде полотнянканың жалған ілмегін де іле кетіңіз.Ол үшін жіппен панканың2 діңгегін жасайды да, жіпті сол жағына қарай жоғарыға 2 діңгекті ілмектеп орап панканың үстіңгі қатарынан ілмек жасайды, сосын оң жақтағыекі діңгектен іліп алып алғашқы жіп іліп алынған жерге қайта төмен түседі.Келесі ілмекті жасауға көшу үшін оңға қарай жылжи отырып, панканың жаңадан төрт діңгегін жасау керек, ол 4-5 діңгектердің арасынан жасалады.

Торлау арқылы жасалатын мережка.Алдымен діңгекмережкасынжасап алу керек. Сосын оңнан солға қарай діңгектерді жуан жіппен торлайсыз.

«Өрмекші»мережкасы.Кестетігетін жіпті шаршы бойымен қиғаштай тартып, сосын оны тігінен және көлденеңінен орап алу керек.Соңғы жіпті ортасына дейін ғана орайды. Барлық тартылған қиылысатын кестемен өсімдік жапырағын , гүлді сондай-ақ

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

гоеметриялық ою-өрнектер кестеленеді.Кестенің бұл түрін кез-келген матаға түсіругеболады.

Кесте тігу үшін қолданылатын құрал-саймандар

Кергіш-кесте тігушінің негізгі құралы.Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдаудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады.Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады.Оны ағаштан немесе плпстмассадан, резеңкеден және металлдан тұрады.

Ине-мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады.

Қайшы-жіптің ұшын қию үшін қайытқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады.

Жіп-кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық, және аралас жіптер, ирис, мулине т.б жіп түрлері жатады.

Канва – айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге ыңғайлы.Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады.Кейбір киімдерді кестелеген кезде немесе сурет салуға мүмкін емес маталардың беттерін кестелеген кезде жапсырма канваны пайдалануға болады.

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web viewМаксимова М.Кузьмина М.Лоскутки М.Эксмо-пресс 2001М.Сорокин Қырғыз оймолору

Пайдаланылған әдебиет

Э.Н.Баталова «Қазақтың кесте өнері» БарнденБ. «Вышивка» Чиотти Д. «Полный курс вышивки» Шоқпарұлы Д. «Қазақтың қолданбалы өнері» «Шаңырақ». Энциклопедия